Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет13/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32

Annotation 
     The South of Kazakhstan oblast Maktaral  region  Abai village of secondary school №25 by G.Titov The teacher of history is 
Zhumanjva Dina and her investigator 8 «Ә» form pupil is Khalmet Akhmaral with the theme «To research mediaeval cities in the 
South of Kazakhstan oblast into tourism».
      The base of the science research work is to research future of mediaeval cities in the south of Kazakhstan oblast in to tourism.
The aim of research work: 
    The main is to find out the topical problems future of mediaeval cities the South of Kazakhstan s oblasts in to tourism.In 
fulfillment were cartographical, statistical,facts and comparison of methods.To make the topical problems of tourism in our 
country as it show our historical value.
The task of research work:
    The result of science research work is to learn special course of history in addition materials in school in order to develop 
tourism in mediaeval cities in South of Kazakhstan s oblasts.
The result and news the science of research work: 
   Peculiarity to research work is «To research mediaeval cities in the South of Kazakhstan oblast in to tourism» We understand 
brat the pupil s imagined your opinion about  future old cities in the South of Kazakhstan s oblasts. 
The method and practical value of research work.
 The science of  research nork of  Khalmet Akhmaral with the theme «To
research mediaeval cities in the South of Kazakhstan oblast in to tourism» to raised various of topical  guestions.  
Мазмұны
 Кіріспе
І. Оңтүстік Қазақстан облысы 
1.1 Шымкент қаласы 
1.2 Сайрам ауданы.
70

1.3 «Қазығұртта кеме қалған» 
ІІ. Түркістан экскурсия  
2.1 Отырар мекені 
2.2 Арыстан баб кесенесі 
2.3 Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 
2.4 Арыс қаласы 
Қорытынды 
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
           Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында: «Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін 
зерттеу қажет, олар аз емес». деп көрсетілген. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ескі тарихи-географиялық 
қалалардың туризм бағытында дамуын және келешекте даму жолдарын анықтау, Шымкен қаласы, Сайрам ауданы, 
Қазығұртта кеме қалған, Отырар мекені, Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет  Иасауи кесенесі, Арыс қалаларының 
еліміздегі орны осы елді мекендерді әлемге паш ету үшін заманауи құрылыстар салу. Осы аталған қалалардың 
архитектуралық құрылыстарының бірнеше ғасырлар бойы қасиетінің жойылмауының және де тарихи жәдігерлерді 
сақтау, жөндеу жұмыстарын жетілдіре отырып, елімізді әлемге таныту үшін этножарнамаларды бұхаралық ақпарат 
құралдарын дамыту.
         «Қазақстан –газо» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі-халақтың денсаулығын сақтау ол-қоғамның 
игілігінің басты көрсеткіші; оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Рекреацияның негізгі мақсаты –еңбек ету 
процесінде жұмсалған күні қалпына келтіру. Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет. 
1.«Өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2. рекреациялық ресурс 
және; 3. рекреациялық шаруашылық болуы шарт халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді бұның өзі елімізде нағыз туризм 
дүрбелеуін туғызады. Рекреациялық ресустардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени –тарихи ресурстар 
адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, 
кесенелер, қамалдар мен храмдар тасқа қошалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар –бұлардың бәрі 
Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды. 
         Рекреациялық байлықтың шоғырланған жері-елдің Оңтүстігі. Көптеген туристер Отырар мұражай –қорықтарына « 
Кіші түрік Меккесі» Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі 
деп бағалайды. Ата-бабаларымыз айтқандай Сайрамда сансыз баб, Түркістанда Арыстан баб демекші тарихи 
ескерткіштердің бәрі біздің еліміздегі рекреациялық байлықтың тек бір кішкене бөлігі. Олар –Қазақстандықтар емес, 
сонымен бірге саны 2010 г. жылы 6 млн-нан асқан туристтердің де тамашалайтын түрі. 
Оңтүстік Қазақстан облысы.
1.
Шымкент  аласы 
қ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік –аумақтың бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған, республиканың 
оңтүстігінде, Сырдария алыбында орналасқан. Жер көлемін 117,3 мың км
2
, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін 
құрайды. Халқының саны 2282,5 мың, Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл 
облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 
ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы –
Шымкент қаласы. 
Құрылған уақыты: ХІV ғ. ортасына дейін 
Көлемі: 300 шаршы км. 
Орталығы:  Шымкент қаласы.
Аудандардың саны: 3
Халқының саны:    572,8 мың адам.
Ұлттық құрамы: қазақтар -57,5%, орыстар -18,9 %,өзбектер -14,8%, зірбайжандар -2,0%, басқа ұлттар -4,8%.
Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер ХІ-ХІІ ғ.ғ. болған 
деген тұжырымда болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған 
дәлел-археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы 
бойынша, біздің дәуірімізге дейін V –VІ ғасырларға тән. 
Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жаында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол 
зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың 
пікірлері бойынша , бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта 
қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшы 
Шараф ад-дин Али Йе (а) здидің (1425 ж) біздің жыл санауымыз бойынша 1365 -1366 жылдардағы Әмір -Темірдің 
әскери жорықтары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі. 
Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-
бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» -деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай 
деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және иранның «Кент» -қала, мекен деген сөздерден құралған. Ал басқа 
түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) (чиминь –чимень» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «Кент» 
сөзінің жалғауымен, «жасыл (гүлденген) қала деген мағынаны береді. 
    Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала 
бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабулдарына ұшырған. Шыңғысхан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы 
өтіп, ақырында Шымкент Шыңғысхан ұрпақтарының қол астында өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары 
жүргізілгенсоғыстардың нәтижесінде қала Әмір-Темірдің қол астына кіреді. ХV ғасырдың басынан Шымкент ХVІІІ 
ғасырдың жартысында дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар 
жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенмен, Сайрам оазисі –жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері 
өркендеген аймақ болып қала берді. 
71

     ХVІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхар 
хандықтары күрес жүргізді, 1810-1864 ж.ж Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы 
болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен горнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде 
пайдаланылады. 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге 
қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан облысының, ал 1867 
жылдан Түркістан генерал-
губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Европалық Ресей 
мен БатысСібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. ХІХ ғасырдың соңында қалада сауда 
–саттық дамыған: -19 мануфактуралық, 70 ұсақ түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақтандыру орны,27 ұн 
дүкені, ал ХХ ғасырдың басында -3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта 
тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға 
айналды. 
        Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалаладың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан 
аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге 
қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық құралдар және басқа да өнімдерді өндірді. 
Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Ұлы Отан соғысы 
жылдары майдан даласында ондаған мың Шымкенттіктержаумен шайқасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры 
атағы берілді. 
         Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. 
Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, 
металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті матералдарды өндіретін кәсіпорынды, «Электроаппарат» зауыты, 
ал, тамақ өнеркәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия 
өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-
Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина 
және мәдениет мекемелердің саны өсіп, спорттық сауықтыру кешендері салынды. Теңдесі жоқ жаңадан салынған 
демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар. Сонымен қатар, ҚР Туризм және спорт 
министрлігі ұйымдастырумен өткен этномұражай бар. Ағайынды Қарабдоловтар ұйымдастырылуымен. Этномұражай –
Қылует. Алғашқы ХХІ ғасыр хильветі. Онда ерекше жанның тыныштығын сезінуге болады. 7 метр тереңдікте, 4 
бөлмелі. Ол Шымкент қаласы, Тұрлан микрорайоны, Қазақстан көшесі, 41 орналасқан.
 1.2.Сайрам ауданы.
Құрылған уақыты:1928 жылы
Көлемі:  17000 шаршы км. 
Орталығы: Шымкент қаласы 
Құрамы:  17 ауыл, 73 елді мекен
Халқының саны: 241,5 мың адам. 
Ұлттық құрамы: қазақтар -9,3%, өзбектер -90%, басқа ұлттар -1,7%
    Сайрам ауылы Оңтүстік Қазақстан жерінің ежелгі қоныстарының бірі. Шымкент қаласының шығысқа қарай 10 км 
қашықтықта Сайрам –Су өзенінің баурайында орналасқан. (ІХ-ХІІ ғасырдың) ерте ортағасыр дәірінде жерінде Сайрам 
қаласының орнында Мауренахр құрамына енген бір атаулы орталық Испиджаб қаласы орналасқан болатын. Оның 
аймағына Шымкент қаласы енген болатын. 629 жылғы алғашқы Испибжаб туралы мәлімет қытай авторы Сюнь-Цзянь 
географиялық жұмысында көрінді. ХІІІ ғасырдан бастап Сайрам қаласы ретінде белгілі болған. Сайрам атауы 1221 
жылы алғашқы рет қытай саяхатшысы Чань-Чунь Шыңғыс ханның жиынтығымен сипатталатын болған. Сайрам-«Ақ 
өзеннің бойындағы қала». Орыс тарихи құжаттарда Сайрам туралы мәлімет ХVІІ ғасырдың аяғында ашыла бастайды. 
Оңтүстік Қазақстаноблыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған 
жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Облыстық  мұражайдың 3 бөлімшесі: Түркістан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-
мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкібас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы 
тарихи өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескі Икан ауылындағы Міртемір әдеби –мемориалдық мұражайы бар. 
арашаш –ана кесенесі
Қ
Қарашаш Ананың шын есімі Айша бибі сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген ХІ 
ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді. Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі 
ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болды. Қарашаш Ананы бүкіл түрік әлемі ардақ тұтады. Ол ізгі аналықтың 
символы іспеттес. Қарашаш ананың қабірстанында ол кісіге қатысты Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім  қожа және 
Дәуіт қожа сынды жандардың да қабірлері қойылған. 
Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескеріткіш ХІХ ғасырда жатады. Алғашқы кезде кесене ХІІІ ғасырда 
салынған болатын.  
М р т бе 
ә
ө
Бұдан 2600-2700 жылдар бұрын бұл төңіректі мекендеген тайпалар, негізінен отқа, күнге табынған. Олардың ішінде 
әртүрлі тайпалардың өкілдері жылына бір мәрте Мәр төбеге жиналып, діни рәсімдер өткізген. Қытайдың түркі 
халықтарының тарихына арналған «Вәйшу» кітабына оларды қалай өткізгендігі тиянақты жазылған. Оған қоса Қытай 
саяхатшысы Тауға табыну рәсімінің болғандығын баяндады. Бұл рәсім мамыр айының екінші онкүндігінде өтеді екен. 
Соған қарағанда Мәртөбенің қасиетті орын аталуы ерте замандарда болса керек. «Мамырда Мәр төбеге кел» деген 
сөздің төркіні ерте дәуірде жатыр. Кейіннен отқа, Тауға, Көкке табыну дәуірі ықпалын жойып. Ислам діні ресми түрде 
енгеннен кейін де Мәр төбенің қасиетті саналып келгенін көреміз. Ол арада мал жаюға, жол салуға немесе мал айдауға 
тыйым салынған. Бертін келе Мәр төбе Оңтүстік тайпаларының уәждесу орны болды. Яғни, тайпалар мен рулар Мәр 
төбеде бас қосып, өзара соттасып, дау жанжалдарды шешкен. 
Испиджаб
72

Испиджаб ірі қалалық орталық болған. Алғаш ол 629 жылы Сюань-Цзяннің сапарнамасында «Ақ өзен бойындағы қала» 
ретінде аталады. Кейінірек Махмұд Қашқари былай дейді: «Сайрам – Испиджаб деп аталатын ақ қаланың (әл-Мәдина әл 
–Байда) атауы. Оны Сайрам деп те атайды». 
Зерттеушілер Испиджаб топонимінің этимологиясына байланысты соғды тілінен алынған «ақ су» деген мағынасын 
ұсынды. Сайрам атты қала әлі күнге дейін бар, сондықтан оның территориясындағы қалашықтың ортағасырлық 
Испиджаб екеніне күмән жоқ. Сайрам б.з. бірінші ғасырлары мен ХІХ ғасыр аралығында өмір сүрген. Ол тарихи –
археологиялық нысандардың бірі ретінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына еніп отыр. 
Туризм Туризм табыс түсірудің көзі ғана емес, елімізді тарихи, мәдени ескерткіштерімен әлемге танытудың, әлемді 
мойындатудың, бірден-бір жолы. Сол үшін де ауданымызда 2007 жылы «Сайрамда бар сансыз бап» тақырыбында үлкен 
семинар өтті. Семинарға Түркия Республикасының Сивас қаласынан делегация келсе, көршілес Түлкібас, Төле би, 
Бәйдібек, Отырар, Түркістан аудандарынан қолөнер шеберлері, туристік агенттіктердің басшылары келді. Семинар 
барысында Оңтүстік өңірінде ішкі туризмді дамыту, туристер тамашалайтын тарихи орындары бар қалалар мен 
аудандар бірлесе жұмыс атқаруды ұйғарылды. Мысалы, Нұх пайғамбардың кемесі қалған киелі Қазғұрт жері, сансыз баб 
жатқан Сайрам елі, бабтардың бабы Арыстан баб пен түркі дүниесінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласы, басқа 
да жерлер ерекше аталады. Арнайы бағдарлама дайындалатын болды. 
1.3 «Қазығұртта кеме қалған» 
        Асан қайғы бабамыз жырлағандай «Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх 
пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екнсің... Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда 
екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен»,-деп сүйсінгендей тау. Наурыз біздің нағыз төл мерекеміз. Оған дәлел 
1970 –ші жылдары Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапханадан А.Байтұрсынов емлесімен жазылған «Наурыз» 
қолжазба жыры. Онда Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түннің теңескен күні, осы 
күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аң құс түгел қатысқан, Нұқ ғ.с. шашу шашқан. Адам да, аң да өз-
өзінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаңа жылдың басы ретінде мирас болған. Аңыздан қашқанда ақиқат туындайды. 
   ІІ.  Түркістанға экскурсия.
2. 1. Отырар мекені
 Отырар ауданы облыстық батысында орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1935 жылы құрылған. Жерінің аумағы 18,1 
мың км
2
 (облыстық 15,4%-н қамтиды) Тұрғыны 56,4 мың адам. Аудандағы 43 елді мекен 11 ауылдық округке 
біріктірілген. Аудан орталығы Шәуілдір ауылы.Осы аудан аймағында Орталық мұражай орналасқан. Мұражай 2 
қабатты ғимарат болып табылады.
Отырар -9 ғ. ірі қаласы. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд деп те аталып келген. Отырар 5-15 ғғ. Арал бойындағы 
көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық болған. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға 
қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. 1218 ж. Отырардың билеушісі Қйыр ханның әмірімен Шыңғыс 
ханның керуеніндегі көпестерді өлтіріледі. Бұл моңғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына себеп 
болады.Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. Моңғол  шапқыншылығынан Отырар 
қиратылып, қала тұрғындары қырылады. Тірі қалғандары Монғолияға айдалады. Бірақ 1218 жылғы апаттан кейін 
Отырар қайта жанданады. Жоюшы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Әмір-Темір мемлекеті құрамына енеді. Темір 
мұнда бірнеше рет болып, 1405 ж. Осында қайтыс болады. 16 ғ. екінші жартысынан кейін қала қазақтардың билігіне 
біржола көшеді. Отырар -18 ғасырдың басына дейін толыққанды өмір сүрген қала. Кейін құлдырауға ұшыраған. 
2.2. Арыстан баб кесенесі. 
     Бұл кесене ХХІ ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші 
құрылысы ХІV-ХVғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. ХVІІІ ғасырда көне мазардың 
орнына жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылады. 
ХVІІІ ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары 
деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген 
кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін 
мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. 
Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, 
пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке 
арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ.. 
2.3. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. 
Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі 
Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген Ахмет Иасауисәулет ғимараты. Ғимараттың салыну 
тарихына кіріспес бұрын Ахмет Иасауидіңөз өміріне қысқаша түсінік берейік. Ахмет Иасауи шамамен ХІ ғ. Соңында –
ХІІ ғ. Басында Сайрам қаласында дүниеге келді. Тегі жергілікті түркі тайпаларының бірі көсіннен күнелткен Ахметтің 
әкесі Ифтихар баласы Махмудтың ұлы Ибрагим және анасы Қарашаш, бұл кісілердің бейіті Сайрам қаласында Ахметтің 
тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайхы Арыстанбаб болған. Ол дүние салғаннан кейін Ахмет Бұхараға 
келіп, атақты шайқы Қожа Жүсіп Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады. Сөйтіп, «Ақиқатты хақ жолдарын» 
түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы софылық қоғамын басқарып жүреді. Бірақ көп ұзамай 
өзінің рухани дүниесін қанағаттандырмаған осынау құзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына қайта оралды. 
КЕСЕНЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Табан топырағы ылғалды жерге салынған Ахмет Иасауи комплексі 
ХІУғ. Құрылыс инженерлерінің сөзсіз озық шешімі болып табылады. Пропорциялық қатынастардың бірлігі, құрылыс 
тәжірибелері ортағасырлық шеберлердің сәулет өнерінің күрделі теорияларын меңгергендігі көрсетеді. Ахмет Иасауи 
құрылысының тағы бір ерекшелігі оның құрылысына және Көне түркі ақынының алғашқы қабырының қалдығы 
қамтылған. 
Асхана. Бөлменің тарихымен таныспас бұрын сіздерді осы асхана бөлмесінің архитектуралық ерекшеліктерімен 
таныстыра кетейік. Бұл бөлме қазандық пен дәліз арқылы байланысқан. Асхананың сәулет құрылымдық әдісі 
ұщбұрышты күмбездермен көмкерілген сегіз арқалы композиция. Бұл Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде ситек 
кездесетін нәрсе болғанымен мұнда өте көп пайдаланылған. Асхана мезгіл тауқымымен жаугершілік зардабын қой 
73

шеккен қайта қалпына келтіргенде оның күмбездерімен батыс қабырғасы жаңадан қаланып, сылақтан өткізілген. Бұрын 
мұнда осындай қазандарда туралған ет бидайдан ботқа «Әлім» дайындалатын болған.
КІТАПХАНА –төбесі алты қырлыкүмбезбен көмкерілген, шұңғыл ойықтарының әсерінен, созылыңқы болып көрінетіні 
шарпал бөлме, екінші қабаттың деңгейіндегі айналма арқылы көрші бөлмелерге шығатын есіктер бар. МЕШІТ.Мешіт 
бөлмесі Оңтүстік Батысқа қарай созылыңқы келетін дәліздер арқылы қабырқана мен қазандықпен, кітапханамен 
жалғасады. Мінажат үшін пайдалынған. Солтүстік Батыс жағында шағын бөлмеде құран жайнамаздар, шырақдандар 
сақталған. Төбеге көтерілетін баспалдақтары бар. Бөлменің он алты терезесі бар, терезелер бөлмеге ерекше жарық беріп 
тұрады. Қабырғаның төменгі жағы көкшіл қышпен өріліп, майолкалы белдеу бағаналарымен көмкерілген панельмен 
қапталған.
 ҚАБЫРХАНА.Қабырхана орта ғасырда қалыптасқан бейіт тұрғыз-тәсілмен салынған. Сыр бойында Исламды 
уағыздаумен белгілі болған көне түркі ақыны Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған жай. Бұл ойық ақын айтыс болған екі 
ғасыр кейін қойылғандығына шара байсалды болуы мүмкін. 
Есім хан бейіті Ахмет Иасауи кесенесінің оңтүстік батыс мұнарасынан 12 м. Қашықтықта орналасқан ортағасырлық 
архитек- туралық ескерткіш.Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстанның ірі саяси қайраткері 1628 жылы қайтыс болған Есім 
ханның бейіті деп жергілікті ақсақалдардың айтуы мен кейбір тарихи мағлұматтардың сәйкес келуіне байланысты 
анықталған. 
      Қорған қақпасы ХVІІІ –ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласындағы архитектуралық ескерткіштің бірі 1980 –ші 
жылдары толығымен қайта қалпына келтірілген. Қақпа қала қорғанының шығыс бетінде кейінгі ортағасырлық құрылыс 
мәнерінде салынған, оның өзі ежелгі порталды құрылыс, екі жанай айналма басқыштары бар мұналары жалпы қорған 
дуалымен жалшысын жағалы. Қорған дуалы ХVІ-ХІХ ғ. Архитектуралық ескерткіш, көне сақталып бойынша мет 
Иасауи кесенесінің шығыс жақ бөлігін қоршай 1980 –ші жылдары қайта қалпына келтірілген. Қыш кесектен 
тұрғызылған, биіктігі 10 м. Оңтүстік Шығыс және Солтүстік Шығыс бөлігінде мұнараларымен қоса 150 метрдей қорған. 
2.4. Арыс қаласының қысқаша тарихы.
Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауының тереңінде жатыр. Археологтардың қазба жұмыстарына 
сүйенсек, біздің эрамызға дейінгі 
ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найманқоңырат және басқа да тайпалар 
мекендеген. Олар мал өсіруімен, қолөнармен, сауда-саттықпен айналысқан. 
Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000 –ға жуық қорғандар орналасқан. Біздің эрамыздағы І-VІІІ 
ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта 
жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына 
сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады. 
орытынды. 
Қ
        Оңтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген ежелгі қалаларды зерттеу соңыда таяды. Мұндағы деректердің бәрі ерте 
және кейінгі ортағасырлардағы қытай, латын, араб, парсы, ежелгі түркі, орыс тілдерінде жазылған географиялық және 
тарихи шығармалардағы, дипломаттар мен саяхатшылардың, саудагерлердің қалдырып кеткен естеліктертері мен 
сапарнамаларындағы материалдарға сүйенеді. 
      Түркістан –Қазақстанның діни және идиологиялық орталығы болған қала. Базғы заманнан бері  Түркістан жерін 
халқымыз киелі мекен деп есептеген. Өйткені оның топырағына көптеген ұлы адамдарымыздың сүйегі жерленген. 
Мұнда ұлылардың ұлысы Қожа Ахмет Иасауи өмір сүрді. Қожа Ахметтің беделі ақыл -кеңес пен жұбаныш іздеген 
адамдарды өзіне тартты. Ол өз өмірін үлгі ете отырып, халықты жақсылыққа, әділдік пен әділеттікке шақырды. Ұлы 
ақын әрі философ көшпелілер мен қалалықтардың әулие, пір тұтатын адамына айналды. Ал ол өмір сүрген және уағыз 
жүргізген Түркістан қаласы әлі күнге дейін әлемдік сәулет өнерінің тамаша туындысы ретінде танылған кесенеде 
жерленген Адам туралы естеліктің куәгері іспеттес. 
        «Қазақ жерінің шежіресі қандай?» деген сауалдың халықтың тарихи сана-сезімі үшін маңызы бар. 
      Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның 
алдында тұрған маңызды міндеттерімен қатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеуімен тығыз 
байланысты. Осыған орай 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама жасалды. 
         Архиологиялық деректер негізінде Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихи жазылуда, біздің туған 
тарихымыз осылайша тірнектеп жинақталуда. 
          Ежелгі қалалар жергілікті және халықаралық туристік орындардың тізіміне де енгізілуде. 
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Каталог: 2015
2015 -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
2015 -> Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык
2015 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015 -> Реферат Скачать Во время не обращает защитники и академический в
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
2015 -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
2015 -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
2015 -> Бекітілді/утвержден


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет