Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет20/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Беспішен  ауылы
Беспішен бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ғалымжанова Майра  Қадемқызы
Сабақтың тақырыбы: Мысық мүсіні
Сабақтың мақсаты: 1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, 
«шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана 
білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Мысық мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін 
сүлгі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту (ой шақыру).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
- Көлдегі аққу мүсінін жасадық.
- Аққу қандай құс?
– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Гном бізге ермексаздан «Мысықтың» мүсінін жасауға 
көмектеседі.
Қауіпсіздік ережесі
– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды 
жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.
115

II. Жаңа сабақ
1. Ой ашар
Біз мысықты күнделікті көріп жүрміз. Олар ойынқұмар. Әжеміздің жібімен ойнағанды ұнатады. Одан қалса, пырылдап 
ұйықтағанды ұнатады. Біз бүгін мысық мүсінін жасаймыз.
- Мысық қандай хайуанат екен?
–...
– Мысық туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
– Сонымен, біз ермексаздан мысық мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық 
тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол 
сүртетін сүлгі.
– Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз 
немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!
2. Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.
Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп 
иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап 
отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз.
Сергіту сәті: Мысық әні
IV. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, 
нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. 
Басқа жұмыстармен салыстырады. Қиялыңдағы мысық шықты - ау деймін.
Мен де қуаныштымын. Жарайсыңдар.
V. Жаңа түсінікті сабақта қолдану
– Мысық туралы өлең білесіңдер ме? Қазір мен сендерге өлең оқып беремін. Мұқият тыңдайық. Өлең қандай көңіл 
күйде жазылғанына назар салыңдар.
(Өлең оқылып біткен соң, балалардың мысықтың пайдасы туралы, оны қорғауы керектігі айтылады).
- Олай болса, өз мысықтарыңның бейнесін салып көріңдер. (Мұғалім балаларды мадақтап отырады).
VI. Қорытындылау
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
–...
– Не білдік?
–...
– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
VIІ. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Беспішен  ауылы
Беспішен бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі
 Бердіғалиева Гүлзада Жігерқызы
Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану.
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы, ой - өрісін дамыту.
Дамытушылы ы:
ғ Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа 
тәрбиелеу.
116

Т рбиелігі:
ә
Оқушылардың сөздік қорларын молайту ойынға деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
-
оқушының дидактикалық материалдарды қалыптастыруда математикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі 
тірек ретінде пайдалана білу;
-
математикалық дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, 
тақырыпқа сай тәрбиелеу;
-
шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін 
дамыту
Күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаның ерекшелігі оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал мен дидактикалық ойындар шеңберінде 
мұғалімнің басшылығымен білім, білік икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптасытрады.
Логикалық ойлау және дидактикалық материал қолдану барысында оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақыл – 
ойын дамытады.
Оқушылар дидактикалық материалдар орындау барысында оқушыларды бақылайды, салыстырады, зеректік танытады
І.
   Түсінік хат.
 
 
 Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің 
жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныпқа енгізілді. Оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты 
қызығуын қалыптастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге 
асырылады.
 Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, 
дағдылары, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған 
бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.
 Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - 
дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу 
қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
 Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, 
қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді
Аннотация
Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және 
әдістерді қолдануды қажет етеді. Мектепалды даярлық топтарында, бастауыш сыныптарда дидактикалық ойын 
технологиясы тиімді қолданылады
І.Ойын – ойды өсіреді.
Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық , анатомиялық - физиологиялық, педагогикалық маңызы зор 
қызметер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның 
жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко 
былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай 
маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». 
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі 
ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталды. Ойын арқылы 
оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында 
қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп. Ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу 
дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Беспішен  ауылы
Беспішен бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі
 Нугманова Гүлжанат Жардемалиевна
Мектепалды даярлық тобы жеткіншектерінің жас ерекшелігіне байланысты психологиялық даму жолдары
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен 
бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім 
саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, 
жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса 
жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде 
мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы 
зор. 
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:

 аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі 
құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;

 екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына 
назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі 
бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы 
қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, 
117

қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы 
өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл 
байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму 
кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының 
іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан 
екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты 
шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын 
орта:

оқу, ойын, жатын бөлмелері;

жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

гигиеналық талапқа сай асхана;

сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш 
мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік 
моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да 
балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық 
тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал 
даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы 
бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, 
ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау 
түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. 
Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды 
партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық 
ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи 
жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері 
мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, 
ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден,балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, 
олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын.
Қиындықтар:

кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;

мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының 
жеткіліксіз болуы;

мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.
Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін 
жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық 
талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де 
назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-
аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін 
жіберіп алмау.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Беспішен  ауылы
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты:а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын,еліміздің ертеңіне деген сенімін,Елбасыға деген құрмет 
сезімдерін тереңдету.
 б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, “Астана-жаңа қала” атты слайдтар, ҚР рәміздері,картасы  т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
Әнұран
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын 
сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене 
тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың 
өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
I бастаушы: Ариназ
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты 
халық.
118

2 бастаушы: Сағындық
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер 
атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Ән: «Елім менің»
Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1.Мемлекетіміздің аты?
2.Елбасының әкесінің аты?
1 оқушы: Зарина
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Мұғалім:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Бекназ: Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Санжар: Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел.        
Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Олжас: Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қолмен жазылған хаттар
Әлихан: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Абдунасир: Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Астанаға саяхат(Астана туралы слайдтар көрсету)
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек
Ұлттық теңгеміз өз бабында
Сағындық:
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын
Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. 
Халықтың бағы баянды болсын.   
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Беспішен  ауылы
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін
мектебі жанындағы "Балбөбек" шағын 
орталығының аға тәрбиешісі
Гильманова Маншук Сарсенгалиевна
Тақырыбы:  «Ана біздің гүліміз»
     Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8-наурыз туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті 
ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты көрсету.
     Зал іші әдемі безендірілген, балалар әдемі киінген
    Тәрбиеші: Ана десем, сезім билер тым ыстық
                        Жарасымды адамдарға туыстық
                        Бар адамға берсе ананың мейірін
                        Орнар еді бар әлемде тыныштық
Тәрбиеші: Бәріміз аналарды мерекелерімізбен құттықтаймыз. Көктем мезгілі аналардың мейрамын алып келді. Балалар, 
көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
     Балалар: Күн жылына бастайды, қар ериді, сай-салаға ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады, гүлдер көп 
болып өседі. 
Тәрбиеші: Көктеп туралы қандай тақпақ білесіңдер?
                      Гүлсезім: Бар табиғат нәр алып
                                         Шыға келер нәр алып
                                         Қызғалдақ болып құлпырған
                                         Көктем біздің балалық
     Тәрбиеші: Балалар, сендер барлығың аналарыңды жақсы көретіндеріңді білемін, ал сол аналарыңа сендер қалай 
көмектесесіңдер?
 Мен ыдыс жуамын
Мен үй жинаймын
Мен дүкенге барамын
119

Мен гүлге су құямын
     Тәрбиеші: Өте тамаша, балалар.  «Ата – бәйтерек, ана – бұлақ, бала – жапырақ»  - деп тегін айтылмаса керек. Аналар 
жапырақтарыңыз жайқала берсін! Енді балалар өздері білетін мақалдарды айтып берсін.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер
Ананың сүті бал, баланың тілі бал
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
Табағын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал
Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер
     Тәрбиеші: Енді өз балаларын мәпелеп өсірген ешкі туралы ертегіні тамашалайық.
«Жеті лақ» ертегісінің қойылымы.
Дидактикалық ойын «Гүлдерді түсімен жинаймыз»
Қасқыр жинаған гүл шоғын ешкіге сыйлайды, екеуі дос болып татуласады.
Ән «Құттықтаймын, мама»
    
     Тәрбиеші: Әже дейміз бәрімізде аңқылдап
                         Әже дейді жас сәбиде жарқылдап
                         Әже – деген бәйтерегі өмірдің
                         Әже -  деген алтын қазық, алтын бақ
Балалар өз қолдарымен жасаған гүлдерді аналарымен әжелеріне сыйлайды.
     Тәрбиеші: Өнерлі бүлдіршіндер көбейсін бақшамызда, таусылмасын бименен тақпағымыз.
Би «Вальс» орындайтын бір топ бала.
     Тәрбиеші: Аналар, әжелер, ұстаздар мейрамдарыныз құтты болсын. Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш 
бақыт әкелсін. Ана мен баланың мерейі үстем болсын!
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы 
Үйялы ауылы Кеной бастауыш жалпы білім
беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дукеева Уадиға Қапиетқызы
Тақырыбы:  «Әкем, шешем және мен
                       доспыз  кітаппен»
Мақсаты: Бастауыш класс оқушыларын және олардың ата-аналарын кітапты   
                 сүюге тәрбиелеу. Оқулықты құрметтей білуге, таза ұстауға баулу.                 
                 Дүниетанымын кеңейту.
Қатысушылар: 3 класс оқушылары және олардың ата-аналары.
Көрнекілігі: «Кітаптар көрмесі», плакаттар, ертегілерден иллюстрациялар, 
                   кітаптар және оқулықтар мұқабалары.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Өту барысы:
Ата-аналар мен оқушылар 6 топқа бөлініп отырады.
М алімні  кіріспе с зі:
ұғ
ң
ө
Кітаптар – бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың күнде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Кітап – таптырмас рухани қазына. Кітап оқу салауатты адамның саналы тіршілігінің жемісі.
Баланың кітапқа құмарлығын ең алдымен ата-анасы қалыптастыруы тиіс, яғни ең алдымен өзінің жеке басымен, іс-
әрекетімен үлгі болуы керек. Өз баласының жылдам және мәнерлі оқып, кітапқа әуес болғанын қаламайтын ата-ана жоқ 
шығар. Себебі кітаптың адам өміріндегі маңызы үлкен. Жақсы кітап – жан азығың, ол сенің әрі ұстазың, тәрбиешің, әрі 
сырлас досың. Ұлы адамдардың қай-қайсысы да жас ұрпақты кітап оқуға шақыруы да сондықтан. Біздің де мақсатымыз 
осы. Ендеше 3 класс оқушылары және ата-аналарының қатысуымен өтетін 
«Әкем, шешем және мен
Доспыз кітаппен» атты сайыс сабағымызды бастаймыз. 
діл  азылар ал асымен
Ә
қ
қ
 таныстыру.
Сайыс а  атысушы командалар:
қ қ
І топ – «Бірлік» командасы және ата-аналарынан құралған «Ақыл-парасат» тобы.
ІІ топ – «Достық» командасы және ата-аналардан құралған «Алтын ұя» тобы.
ІІІ топ – «Жұлдыз» командасы және ата-аналарынан құралған «Маржан сөз» командасы.
Сайыс шарттары:
Ата-аналар а арнал ан сайыс кезе дері:
ғ
ғ
ң
1. Таныстыру.
2. «Мақалды жалғастыр».
3. «Авторын тап».
4. Бұл кімнің сөзі? «Қанатты сөздер»
О ушылар а арнал ан сайыс кезе дері:
қ
ғ
ғ
ң
1. Таныстыру.
2. «Бұл қай ертегі?»
3. «Кейіпкерді тап».
120

4. «Ол кім? Бұл не?»
5. Сахналық көріністер.
Каталог: 2015
2015 -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
2015 -> Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык
2015 -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
2015 -> Реферат Скачать Во время не обращает защитники и академический в
2015 -> Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
2015 -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
2015 -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
2015 -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
2015 -> Бекітілді/утвержден


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет