Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Заманова Сапура Диханбаевна
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
№132 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерді қайталау  /8-сынып/
Сабақтың мақсаты:
 1. Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін өмірге кіріктіру дағдыларын дамыту.
3. Ата-бабаларымыздың төрт түліктің ішіндегі «пір» тұтатын жылқы малын қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
Оқушылар «Құлагер», «Тайбурыл» атты екі топқа бөлінеді                    
Сабақтың эпиграфы: «Жылқы – малдың патшасы» .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ата-бабаларымыз «пір» тұтатын малы жылқы туралы не білесіңдер?
2. Жылқының пайдасы туралы не білесіңдер.
ІІІ. Талдау – табыс кілті
«Құлагер» тобына
1. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме
2. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды
3. Арық атқа қамшы ауыр
«Тайбурыл» тобына
1. Тұлпардың тұяғы бара-бара қызады
2.  Жүйрік ат аяғынан ақсайды
3. Атының сыры иесіне мәлім
Әр топ өздері айтқан сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.
IV. Лездеме
Әр топ бір-біріне тапсырма ұсынады. Тірек сөздерді қолданып, тез арада әңгіме құрап жазу.
154

«Құлагер»  тобына
Сәйгүлік, аламан бәйге, Ақан сері, Күреңбай сыншы, қанаты бар, қасиетті, дүлдүл, шырқалған ән.
«Тайбурыл» тобына
Құртқа қыз, Тайбурыл шабысы, Қазанды алу, қорамсаққа қол салды, құбылып Бурыл гуледі, күтіп, баптады.
V. Жұмбақ сөз
Әр топқа жеке-жеке мақал-мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударып, қандай 
сөйлем мүшесі екендігін сұрақ қою арқылы табу керек.
«Құлагер» тобына
1. Ер қанаты – (ат) 
(ат-лощадь horse)
2. Ат баспайтын жерін (үш) басады
(үш- три tree)
«Тайбуры» тобына
1. (Жақсы) ат жанға серік
(жақсы-хороший good)
2. Ат сүрінбей (жер) танымас
(жер-земля earth)
VI. Оқулықпен жұмыс
56-бет, 69-бет
VII. Тест
1
. Нем, нең деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі?
а. баяндауыш
ә. анықтауыш
б. толықтауыш 
в. пысықтауыш
2. Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз.
а. ала таяқ
ә. епте тұру 
б. жүк көтеру
в. таза ауа
3. Ілік септігінің дұрыс қолданылуын табыңыз.
а. бізбен
ә. оқуың
б. оның
в. бердің
4.   Зат   есім   сөйлемнің   қай   мүшесі?   Ол   бұндағы   хабарға 
қанықтұғын.
а. бастауыш
ә. анықтауыш
б. толықтауыш
в. пысықтауыш
5. Толықтауыш болып тұрған сөздерді тап.
а. жуырда келмекші
ә. жазда келдім
б. Асанда кітап бар
в. тез адымда
6.   Анықтауыш   қызметінде   тұрған   белгісіздік   есімдікті 
көрсетіңіз.
а. ананың ісі
ә. өзінің тілегі
б. қайсібір адам
в. барлық оқушы 
7. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Есімдік сөйлемде қай 
мүшенің қызметін атқарып тұр?
а. анықтауыш
ә. пысықтауыш
б. баяндауыш
в. Толықтауыш
Сабақ М.Өтешановтың:
Бір сыр ежелден-ақ далам білген,
Қазаққа ат мінбесе алаң кірген.
Алтыннан мен ескерткіш қояр едім,
Даланың тұлпарына бабам мінген, - деген өлең жолдарымен қортындыланады
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
О ңт үс т і к Қазақ с т ан  облыс ы,  Сай рам  ауд ан ы 
№28  «Ақ бай » жа лп ы   орт а  ме кт ебі н ің  
баст ауыш   с ын ып  мұғ алі мі  
Т урд ыбе к ов а Ф ат и ма  Абд аш и мов н а
 Сын ып   0-»ә »
 Білім беру аясы:   -  Қат ын ас  ҰҚІӘ:  сауат ашу
 Тақырыбы:   Вв дыбысы және әрпі
  Мақсаты:1. Балаларды В  дыбысы мен әрпімен таныстырсөз ішіндегідыбыстың дауыссыз екенін ұғындыру. В дыбысы 
бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
 2. Балалардың бойында табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамыту.  
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі –Электронды тақта,кеспе әріптер, текшелер, плакаттар,суреттер.
Іс   –   әрекет 
бөлімдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
о ырау си ыры
Қ ң
қ
Естіледі сы ыры.
ңғ
олы ды бер дейді,
Қ
ң
Ше берге кел дейді.
ң
-Балалар, бәріміз шеңбер құрайық. Бір-бірімізге жақсы 
сөздер   айтып   амандасайық.Сабағымыз   сәтті   болсын. 
Деніміз сау болсын. Бүгінгі сабағымыздың мақсатына 
жетейік 
Кел балалар к лейік ,
ү
К лкі менен т лейік.
ү
ү
аба  т йген не керек,
Қ
қ ү
К
іл   ді   боп   ж рейік
өң
ү
 
 Сен 
-сенсүйкімдісің.сен 
-қайырымдысың.сен 
-ақылдысың.сен 
-сабырлысың.сен 
-мейірімдісің.сен батылсың. 
155

Ізденістер.
Ұйымдастыру
1.Өткен сабақты қайталау. 
Д/о  “Көп ойла , тез ойла.”
Шарты: балаларға суреттер,беріледі сол суреттің атын 
айтып қай дыбыстан басталғанын табады.Сөзге сөйлем 
құрайды.
2.Жаңа сабақ 
а)  “Миға шабуыл”. 
Жұмбақ
Бір атым бар-
Құлын болып тумаған
Құнан болып өспеген.       (Велосипед)
  ә) Вв дыбыс әрпімен  таныстыру
  б)“Ой толғау”  В дыбысынан келетін сөздер айту
 в) Оқулықпен жұмыс  дыбыстарды буындап оқу
            Сергіту сәті
   3.Ертегілер еліне саяхат «Бауырсақ»ертегісі 
(Балалардан   қысқаша   ертегі   және   оның   кейіпкерлері 
жайында сұрау)
1.Қоянның тапсырмасы
    а.Суреттердің атын ата , дыбыстық талдау жаса.
    ә.Қазір қай мезгіл?
       Көктем айларын ата
       Көктемде қандай өзгерістер болады?
       Көктемде қандай мерекелер болады?
2.Қасқырдың   тапсырмасы.   Анаграмма   .Текшелермен 
жұмыс.(Сандарды ретімен орнына қойып шықса М Е К 
Т Е П, О Қ У Ш Ы деген сөз шығады)
3.Аюдың тапсырмасы Ребусты шеш  (АЙНА,АЛМАС)
   Дыбыс дегеніміз не?
   Әріп дегеніміз не?
   Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4.Түлкінің тапсырмасы.
  а. Пирамида әдісі . Әріптерден сөз құра.
   ә. Суреттер қай дыбыстан басталады?
4. Дәптермен жұмыс.
Ввәрпін жазылу улгісімен таныстыру
Дәптердегі үздік сызықтарды бастырып жазу
Балаларды тыңдайды.
Суреттердің   атын   айтып,қай 
дыбыстан   басталғанын   табады. 
Дыбыстық талдау жасайды.
Жұмбақ   шешеді.   Қай   дыбыстан 
басталғанын айтады.
Вв   дыбыс   әрпімен   танысады,в 
дыбысынан   басталатын   сөздер 
табады.  Дыбыстық талдау жасайды.
Дыбыстарды буындап оқиды.
     Сергіту сәті
Жаттығу жасайды.
Бауырсақ ертегісі туралы білгендерін 
айтады.
Қоян,   қасқыр,   аю,   түлкінің 
тапсырмаларын орындайды.
Вв   әрпінің   жазылуын   балалар 
алдымен   ауада   жазып   уйренеді,   соң 
дәптерде жазады
Қорытындылау.
Өзін – өзі бағалау
Сұрақ-жуап   арқылы   сабақты   қорытындылайды. 
Сұрақтар:
9
Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
10
Несімен ұнады?
Балаларды мадақтау
Балалар
 
сұрақтарға
 
жауап 
береді.Мысалы: 
9.
Ертегілер еліне саяхат
10.
Текшелер   мен   сөз   жазу. 
Т.б
     
            Күтілетін нәтиже: Вв дыбысы және әрпі туралы түсінік қалптастыру.
Білуі тиіс: Өтілген әріптерді  көрсетуі тиіс.
Түсінігі: Вв дауыссыз дыбыс екенін ,Сөздің басында , ортасында ,соңында келетінін түсіну.
Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Хайрушева Талшын Маруанқызы
БҚО, Казталов ауданы, Қайңды ауылы,
Қайыңды орта жалпы білім беретін 
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар. Дүниетану 4 сынып. 
Сабақтың 
тақырыбы
                                                             «Ауыл»
Сабақтың 
мақсаты
Оқушылардың ауыл туралы түсініктерін кеңейту, ежелгі қазақ ауылы мен қазіргі ауыл арасындағы 
айырмашылықтарды салыстыра отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Әнгімені талдап, 
өздіктерінен ізденуге жетелеу.
Нәтижесі
Ауыл туралы кеңірек түсінік алады.Ауылдағы мәдени – тұрмыстық құрылыстарды және ауыл 
адамдарының жұмыс түрлерін зерделей біледі.
Ежелгі және казіргі ауыл арасындағы айырмашылықтарды салыстыра біледі.
Сыни тұргысынан ойлауға дағдыланады.
Сабақтың әдіс-
тәсілі
СТО, диалогтық оқыту, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сілтеме
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 41 бет,98 бет. 
156

2.Дүниетануды оқыту әдістемесі
3.4 сыныпқа арналған дүниетану оқулығы. Авторлары:Қ.А. Аймағанбетова, Т.С. Идилова, Б.Л. 
Хаджиева.
Сабақтың 
корнекілігі
Интерактивті тақта, маркерлер,қағаздар, стикер, оқулық.
Пәнаралық 
байланысы
Өмірмен байланыс, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3-5 мин
Сабақ алдында өзімізге сәттілік тілейік.
Топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
Жүргізуші шенберде тұрган адамдардын құлағына 
сыбырлап, ешкімге естіртпей төрт түлік  түрлерінін 
атауларын айтады.
4 оқушыға «сиыр», 4 оқушыға «қой», 4 оқушыға «ешкі», 4 
оқушыға «жылқы».
Жүргізуші барлығына айтып болған соң, сол жануардың 
дыбысын шығаруды өтінеді. Дыбыс бойынша әр оқушы 
өздері сияқтыларын тауып алып топ құрады.
Тапсырма
Барлық топ мүшелері орындайды.
«Фермерлік шаруашылық» тақырыбы бойынша  сұрақтар.
Шаруа қожалықтарын кім басқарады?
Шаруашылықтар елімізге, тұрғындарға қандай пайда 
әкеледі?
Мемлекет фермерлік шаруашылықтарға қандай көмек 
корсетеді?
Фермерлік шаруашылықтар не үшін қажет?
Ой шақырту.
Сабақтың тақырыбын айқындап алып, мәтін не туралы 
екенін болжау.....
Бәрі орындарынан турып өздеріне 
сәттілік тілейді.Күн сәулесін.... шашады.
Төрт түлік түрлеріне қарай топқа 
бөлінеді.
Топ атауларына байланысты 
ерекшеліктерін айтады.
Оқушылар сұрақтарға байланысты өз 
ойларын ортаға салады.
Түсіну
Әр  бөлімді оқыта отырып, сұрақтар қою арқылы 
әнгімені талдату.
Әр топ мүшелері өзіне 
берілген мәтін бөліктерін 
оқиды, одан кейін келесі 
топқа  топтасады. Соңынан 
бастапқы топқа жиналады, 
әр топ өз мәтін бөлігінің 
мазмұнын айтады.
Бағалау.
Топтық 
жұмыс
Қолдану
«Ауыл» тақырыбына постер қорғау.
Сергіту сәті.
Топ мүшелері осы әнгіме 
бойынша топ ішінде өзара 
талқылайды. Постер 
қорғайды. Бағалау.
Топтық 
жұмыс.
Талдау
«Ауылым – әнім» эссе жазу.
Топ мүшелері тақырып 
бойынша эссе жазып топ 
ішінде өзара талқылайды.
Топтық 
жұмыс
Жинақтау
5 сұрақ стратегиясы.
Сен қайда тұрасын?
Ауылдағы мәдени –тұрмыстық құрылыстарға не 
жатады?
Ауыл адамдары қандай жұмыс түрлерімен айналысады?
Неліктен әр адамға  өз туған  жері  ыстық?
Өзіннің туған өлкең көркейе түсуі үшін сен не істей 
аласын? 
Оқушылар сұрақтарға 
жауап жазады.
Жеке 
жұмыс
Бағалау
1.Өзін-өзі бағалау
2.Критерийлер арқылы бағалау.
Қорыту,өз жұмыстарына 
баға беру.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Момышева Гульдаурен Адилбековна
Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Менің тәрбиеге көзқарасым
(Эссе)
«Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын 
да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  
тәрбиелейтін   ұстаздарды   да   сондай   ардақтауға   міндеттіміз»-деп   Бауыржан   Момышұлы   айтқандай,   біздің 
157

мамандығымыздың өзі — алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет ету. Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен 
отбасынан, сосын мектептен алатыны сөзсіз.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», бала өз отбасында әкеден-ақыл, анадан-мейірім алады. Әке-тірек, 
ана-жүрек, бала-тілек.  Осы бір ғажап тұжырым-әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. 
Ертеде бір кісі балалы болып, баласы алты ай толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай  
бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан: «Егер балаң алты айлық болса, онда сен тәрбиелеуді бастауға алты айға  
кешігіпсің»-деген екен. 
Кейде кейбір ата-аналар баласы кішкентай кезінде дегенін беріп, айтқанына көніп,  «Өскенде өзі-ақ біледіге» 
салынып, кейіннен тәрбиеде жіберген қателігін кеш түсініп, опық жеп жатады. 
Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:
Біріншісі-кәрілік, оны өзгерте алмайсың, ол-табиғи құбылыс.
Екіншісі-өлім, оны да өзгерте алмайсың, ол –Алланың бұйрығы.
Үшіншісі-жаман бала, оны өзгертуге болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.
Сондықтанда бала тәрбиесінде сынып жетекшісінің  орны үлкен. Ұстаз тәрбиесімен ата-ана тәрбиесі ұштасып 
жатуы  керек. Класс жетекші мен ата-ана арасында ынтымақтастық  жұмыс жүргізілсе, балаларға тиісті  көңіл бөліне 
білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. 
Менің ойымша, әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты, келісті азамат болып қалыптасуы  
қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек. 
Балаларды   сүйетін   және   өзінің  ісіне   берілген   сынып   жетекшісі   ғана   мейірбан  жеке   тұлғаның   қалыптасуына   көмек  
көрсетуге қабілетті. Жемісті тәрбиенің сыры-шәкіртке құрметпен қарауда деп ойлаймын.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ақтөбе қаласы № 29 орта мектебінің
 бастауыш класс мұғалімі
 Жумекенова Шынар Шуреновна
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті
Мақсаты. Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру.  
Ұлттықсалт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Слайд, сызбалар
                                                     Сабақ барысы
I - Ұйымдыстыру.
II  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
III   Жаңа сабақ
-
-слайд
Беріп тай, лақты, 
Алдым тайлақты.                                                                                                                                                    
Беріп тайлақтыАлдым тай ,лақты 
-Балалар  бұл оқығанымыз не?                                                                                                                           

Жаңылтпаш

 -Қане, қандай жаңылтпаштар білеміз ( Оқушыларға өздері білетін жаңылтпаштарын айтқызу.)
2- слайд
     Аяғы біреу, қолы жоқ,
     Шиыр- шиыр жолы көп.
    Өзі сөйлей білмейді,
    Салған  ізі  сөйлейді.  ( қалам)

Бұл не?

Жұмбақ.

 Қане бір- бірімізге жұмбақтар  жасырайық(  оқушылар 
жұмбақтар жасырып шешеді)
3 слайд 

   Батыр туса ел ырыс,
    Жаңбыр жауса жер ырысы.

 Батыр қол бастайды,
Шешен сөз бастайды.

Бұл мақалдар.  « Жалғасын тап » ойыны арқылы  мақал – мәтелдерді айтудан жарысып  көрелік. ( оқушылар 
екі- екіден мақалдарды айтып жарысады)
4- Слайд  бұл қай еретегі
Оқушылар ертегініңқалай аталатынын табады. Ертегініңмазмұнын әңгімелеп айтады.
Қорытынды:Ауыз әдебиетінің салалары
              Бұл   жанрлардың   белгілі     авторлары   жоқ   ,   Бірден   бірге     ауызша   тарап   бүгінгі   күнге     дейін  жетіп   отырған  
халқымыздың асыл қазыналары
158

Корпебаева Шынар Каликаримовна
Бастауыш сынып мұғалімі
ШҚО Үржар ауданы, Мақаншы ауылы
"Мақаншы орта мектеп-бақша" КММ 
Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен»                                                                                                         
Сабақтың мақсаты:                                                                                                                                                               
а) балалардың «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын 
түсіндіру.                                                                                                                    
ә) жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту, бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру, шығармашылық тұрғыдан 
сөйлеу тілдерін дамыту.                                                                                                   
б) өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке  жаманнан  жиреніп, жақсыдан үйренуге достыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ                                                                                                                    
 Сабақтың  өдісі:Тренингтер, топтастыру, «жан ана» сахналық көрініс, жағдаяттан шығу, мағынасын ашу 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, орыс тілі, музыка, өзін-өзі тану                                                                            
Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар                                                       
Сабақтың барысы:                                                                                                                                                                   1. 
Ұйымдастыру кезеңі                                                                                                                                              
Психологиялық дайындық; 
  Қайырлы күн балалар! Бүгін бізде сыныптан тыс сабақ. Жақсыдан үйрен: сендердің жүздеріңнен қуанғаннан бал-бұл 
жанып тұр. Сендердің әсем күлкілеріңсынып ішін нұрлы шуаққа толтыратыны анық. Сондықтан бүгінгі сабағымызды 
бір-бірімізге жымиып, күлімсіреп бастасақ қайтеді.
  Кел, балалар күлейік! 
  Күлкіменен түлейік
  Күлкі көңіл ашады! 
  Күліп өмір сүрейік!
2. Сұрақ-жауап  
Балалар, бүгін біз жақсылық туралы әңгімелесетін боламыз.        
а) адамның бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?
ә) жақсылық деген не?
б) «жақсы бала» деп қандай баланы айтамыз?
в) өздеріңнің жақсылық істеген істерің бар ма, естеріңе түсіріп көріңдер?
г) жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?   
3. Әдеби монтаж.
4. Суретпен жұмыс 
-Суреттен не көріп тұрмыз? 
- Ана тілінен қандай тарауды оқып жатырмыз?
5. Бес нәрсеге асық бол! Рөлдерде:
(Рақым, Қанағат, Терең ой, Талап, Еңбек)
6. Ән «Мен әдепті баламын»
Олжас , Мөлдір, Нұрбол
7. Мағынасын аш:
1.
Жақсы болсаң-жақын көп
2. Жақсы дос үшін жан пида.                                                                                                                                             
 3. Жақсы келді дегенше Жарық келді десейші жақсылықтың нышаны 
Алып келді десейші
8.Көрініс «Жан ана»
(Мөлдір, Эльвира, Аружан, Дана)
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»-деген Ы. Алтынсарин                                           
Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?                                                                                                   
Ауылдағылардың жасаған іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?                                                              
Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен адал ниетпен жасалған іс, 
оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. 
9.«Жақсылық тамшылары» 
-Балалар, адамның жақсы деп қандай қасиеттерін айттық (адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық т.б) 
-Балалар, әрқайсымыздың жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни, әр адамның жаны 
жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар жақсы өмір сүреді.
Шығармашылық тапсырма:                                                                                                                                                       
10. Тыныштық сәті                   
Әрқайсымыз оң қолымызды жүрегімізге ұстап көрейікші. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды 
адамдарға, достарымызға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жылы сөз тілейік. 
11. Ситуациялық жағдаят.                                                                                                                                                       
1.
Көшеде бір адамның жүгі ауыр болып жүре алмай келе жатқанын байқадың. Көмектесейін десең үйірме 
жұмысына асығып барасың, не істейсің?
2. Жұмбақ кейіпкермен ой бөлісу.                                                                                                                                        
Мен үйдегі жалғыз қызбын, еркемін. Ата-анам менің айтқанымды істеп үнемі дегенімді бұлжытпай орындайтын. Енді 
міне мен 3-сыныпта оқимын. Ата-анама күнде: «қымбат ұялы телефон алып беріңдер»-деп өтініш етудемін. Бірақ маған 
анам: «өлі к»шкентайсың, өскен соң аласың»-деп рұқсат етпей қойды. Қанша айтсам да көнер емес. Мен ұялы 
телефоным болғанын қатты қалаймын. Маған қандай ақыл айтасыңдар? 
(балалардың  жауабын тыңдау)                                                                                                                                               
159

а) өлеңді жалғастыр!                                                                                                                                                                   
12. «алтын ақыл» балалар, өмірімізге қажетті мына ақыл кеңестерге назар салайық: 
1. бір нәрсені істей білсең, оны жолдасыңа үйрет, егер досың қиналса көмектес.                                                   
2. Досың жамандық істесе, оны тоқтат, жақсы дос болу-өте жақсы қасиет.                                                       
3. Тек шындықты айтуды үйрен.                                                                                                                                     
4. Сыныптастарыңмен тату бол, болымсыз нәрсеге таласпа.                                                                                     
5. Ойын ережелерін сақта, арамдық жолмен ұтып, алға шығуға ұмтылма.                                                                 
6. Тек қана адал күресе біл. Онсыз жеңіс те қызық емес.                                                                                               
7. Басқалар жеңіліп жатса табалама. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын 
беруге, жәрдем  (беруге) етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. 
Жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі.                                                                                            
«Жақсылық» сөзіне талдау:         
Ж- жылы жүректі
А-ақылды, ар намысты 
Қ-қамқор, қайырымды
С- сабырлы, сыпайы
Ы-ыстық қайратты
Л-лайықты елімнің
Ы-ынсапты, ымырашыл
Қ-қасиеттер бойымызда көп болсын 
Сабақты қорытындылау:                                                                                                                                                      
1.
Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2.өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап айт.                                                                                                  
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек? 
Топтастыру 
         Жақсыдан         
Ән.  Прекрасное далёко
Балалар, мына үйге назар салайық . әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып, үйді гүлдендірейік. Жаманнан 
жиреніп, жақсыдан үйренейік
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет