Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 1.22 Mb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата24.12.2016
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

ОҚО, Мақтарал ауданы
«Ботақан» бөбекжай 
балабақшасының меңгерушісі 
Ботабеков Мұхтар Еркинович
«Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық менеджменті»
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
 Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті 
мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық 
технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Және осы 
барлық іс-әрекет дұрыс жүргізу үшін мектепке дейінгі ұйымды дұрыс басқару өте маңызды. 
    «Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық 
әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс – тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске 
асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
    Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, 
практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге 
енгізілген үлгіге бағытталған. 
      Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық 
динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне 
байланысты.
      Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен 
тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен 
енгізу ,балабақшаны басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу,  балабақшаның принципі жаңа білімділік бағдары 
мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді 
көздейді.
         Инновациялық процестің дамуына 2 - фактор ықпал етеді:
Объективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін 
жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері 
педагог - ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы осы саласының қызметкері болып табылады.
    Заманауи инновациялық поцестер өте күрделі. Және басқарудың барлық саласын қамтиды . Инновациялық 
менеджмент –бұл инновациялық процестердің принциптер мен әдістердің ,басқарудың түрлерінің жиынтығы . 
Менеджменттің барлық саласындағыдай , оған  мына қасиеттер тән : мақсат қою , стратегия таңдау , жоспар жасау, 
шарттарды талдау , ұйымдастыру , орындау және басқару болып табылады.
38

        Мектепке дейінгі  ұйымдардағы балалардың дамуы жүйелі түрде өтілуі тиіс.Сондықтан ондағы  білім барлық 
саласы бойынша  жан-жақты қамтуы керек. Әсіресе мектепке дейінгі білім мекемелерінде жоспарлы түрде білім 
процессі балалардың дербес дамуына септігін тигізуі міндетті.
    Заманауи мектепке дейінгі  ұйыдағы инновациялық менеджмент мынаны қамтуға тиіс:

Инновациялық қызметтің жоспары мен бағдарламасын құру;

Инновациялық өнімнің талдануын қадағалау және оны енгізуді бақылау;

Жаңадан ойлап табылған іс-әрекеттердің жобасын талдау ;

Біріңғай инновациялық саясатты жүргізу- барлық саладағы бөлімшелерін үйлестіру;

Инновациялық үдерісті қаржылық және материалдық қамсыздандыру;

Инновацияны енгізіп жатқан қызметкерлерді басқару;

Жүйелі инновациялық мәселелерді шешуге арналған мақсатты топтар құру.
5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың спектрынын кеңейту мақсатында  балаларға білім беру қызметін күшейту 
керек . Балаларға ақылы берілетін қызметтер ұсыну. Оларға уақытша аз уақытқа келген балаларға балабақша қызметін 
ұсыну.  
6. Ата-аналарға кеңес беру орталықтарын  ашу және мүмкіндігі шектеулі ,жартылай және тұл жетім балаларға 
психологиялық –педагогикалық көмек беру, отбасылық бірлік пен қоғамдағы үйлесімді тудыру қажет.Балалардың жан 
жақты дамуына жағдай жасау.
7. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру мен сауықтыру инновацияларын енгізу.
8. Бала ата-ана арасындағы қарым –қатынасты  әлеуметтік технологиялар арқылы үйлестіру.
9. Инновациялық қызмет ретінде ғылыми-методикалық өнімдер жасау: методикалық әдістемелер мен талдауларды 
жасау мен жариялау,Интернет желілерінде оларды жариялау.Мәселелік семинарларғафорумғағылыми-практикалық 
конференцияларға,Интернет қоғамдастыққа , педкеңестерге қатысу.
10. Шығармашылық пен мәселелік топтардың жұмысын қадағалау, шеберлік сыныптар өткізу.
11. Мектепке дейінгі білім беру ұйымды ақпараттандыру  процессі:мектепке дейінгі ұйымдардың сайттарының 
жұмысын ұйымдастыру. Медиабілім беру құралын  пайдалану. 
12. Мектепке дейінгі ұйымды  дербес қаржылық қамсыздандыруға өткізіп, ұйымның ақылы білім қызметтерін 
ұйымдастыру.
      Сонымен, заманауи мектепке дейінгі ұйымның дұрыс әрі нәтижелі басқару менеджер- яғни меңгеруші, директор , 
басшы міндетті үшін білімді түрде басқарудың негізін оқып,мектепке дейінгі ұйымның нәтижелі стратегиялар мен 
әдістемесін талдап, ұжыммен жұмысты жасау технологияларды біліп, келісті позитивті көшбасшылық жасауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы.  Мақтарал ауданы 
№21 Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі  КММ
бастауыш сынып мұғалімі 
Ж. Серикова
Сабақтың тақырыбы: „Түбір мен қосымша”
Сабақ мақсаты: Түбір мен қосымшаны пысықтау. Түбірді қосымшаны сөйлем ішінен таып ажрата білуге және сызып 
көрсетуге дағдыландыру. Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Оқушыларды 
ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі карта, жазба қағаз, т.б.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап.
Сабақ түрі: Қайталау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Балалар түн болды.
Балалар ұйқыға кетті
Мұғалім күнді көтеріп еді
Қораз шақырады (Нұрдәулет қораз)
Балалар оянады.
Сәлемдеседі
С лем са ан алтын к н
ә
ғ
ү
С лем са ан к к аспан
ә
ғ
ө
С лем са ан жер ана
ә
ғ
С лем са ан  рбылар.
ә
ғ құ
Алланы  н ры жаусын балалар!
ң ұ
Бүгін күн қандай тамаша мен мына гүлді досыма сыйлағым келіп тұр. Гүлдің басы жерге түсіп қалды. Мұғалім ренжіп 
балалардан көмек сұрайды. Балалар мына гүлді маған өсіруге көмектесіндерші?
-Көмектесеміз.
Олай болса қазір бізде қандай сабақ Әбу орнынан тұрып қазақ тілі туралы тақпақ айтып қазақ тілі болатынын мәлімдеді.
Мұғалім:
Г лдерге  ты тола ма?
ү
құ
Бір – бірлеп теріп алмаса
ң
Ап с тте  се  оя ма?
ә
ө қ
Екен д нін ойласа
ә
ң
Білім де сондай,  ара ым
қ
ғ
Біртіндеп сі ер бойы а
ң
ң
ып ал білім боларын
Ұғ
39

Шамшыра ы  жолында.
ғ ң
-Балалар мына гүлді өсірейік ол үшін 255 – жаттығуды орындайық. Балалар өздері оқып не істеу керектігін айтады. 
Гүлді жинау.
Сөздерге қосымша қосып көшіріп жаз, мағынасын түсіндір.
Орын – дық.
Теңіз – ші.
Үлкен – дік.
Етік – ші.
Қобыз – шы.
256 – жаттығу. Қатар берілген сөздерді қосымша арқылы бір – бірімен байланыстырып, көшіріп жаз. Тақта – жаз, дәптер 
– аш.
Тапсырманы орындаған сайын гүлдің күлтешелері жабыстырылады.
Пысықтау:
Суретті диктант.

Ал балалар осы сөздерге қосымша жалғап жазайық
Балық – шы, сәбіз – ді, бидай – дан.
Қорыту:  Біздің гүліміз әдемі боп өсті сендерге алғысым шексіз.
йге тапсырма беру: Балаларды мада тап ба алау.
Ү
қ
ғ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің  
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімң 
Асилбекова  Салима
            Наурыз туралы аңыз- әңгімелер
   Орта Азия малшылары мен егіншілерінде,әлемдегі басқа халықтар сияқты, ертеде ауылшаруашылық еңбек процесінде, 
табиғаттың  маусымдық өзгеруіне байланысты ғұрыптар мен мерекелердің дамыған жүйесі болған.Бұлар сенгіштікке 
негізделген, әсіресе өсімдіктің өнуі мен семуі, табиғат туралы діни нанымдар ерекше орын алған. Бұл рәсімдердің 
жаңғырығынауыз әдебиеті шығармаларынан аңғара аламыз.Соның бірі қазақ халқының тұрмыс- тіршілік өмірінде , әдет- 
салтында елеулі орын алған және мерекеленіп өткізілетін күннің бірі- наурыз.
  Наурыз туралы әдебиетші ғалымдардың пікірі сан алуан. Наурыз ұлт мейрамы болғандықтан оның тарихи маңызы да 
тереңнен талдауды қажет деп ауыз әдебиетінде ежелден келе жатқан аңыз-әңгімелерге тоқталуды жөн көрдік. Бірінші 
аңыз мазмұны: «Наурыз ата екі ағайынды болыпты. Өз кіндігінен ұрпақ болмапты. Ал інісінің балалары көп екен. 
Оларды Наурыздың  кемпірі бауырына тартып , жақсы көріпті. Көктемнің алғашқы айының соңында, жуанның 
жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында: ет, құрт,тары, бидай,кеспе,тұз бен суды қосқанда, кем дегенде жеті дәм т. б. 
тапқан таянғанын қосып, көже жасап, бәрін аузы- мұрнынан шығара бір тойғызады екен.
  Наурыз ата мен кемпірі дүниеден өткен соң, жыл сайын дәл сол мезгілде балалар  Наурыз атаның үйінен ішетін 
көжесін сағынады. Сөйтіп, әр үй жыл сайын атасының үйінің көжесіндей көже жасап, ағайын- туыстар бірін- бірі 
шақырып, бөлісіп ішеді. Наурыз атаны еске алады. Келесі жылғы «Наурызда» өстіп аман- есен көрісулерін, атасы 
секілді пейілі кең, ақжарқын адам болуларын тілеп, өзара мейірлесіп, ықылас білдірісіп тарасады екен. Осы салт бірте- 
бірте  «Наурыз көже» атанып , салтқа айналыпты. Бұл аңызда Наурыз ата бейнесі арқылы халқымыздың кең пейіл, 
мейірімді, қонақжай ұлттық қасиеттерімізді көрсетеді.
   «Нұх және Наурыз» атты аңызды фарсы бәйітінен 1883жылы Маусымбай Сабанұлы деген жырау қазақша жырлапты. 
Ал жыраубұл бәйітті о баста фарсы тілінде жырлаған адам туралы:
             «Фарсы тілмен Әбілқайыр жазыпты,
                   Болсаңыздар бұл тарихпен таныспақ»,----деп қысқаша дерек береді. Бәйіттің Маусымбай жырлағаносы 
нұсқасы Пекиндегі «Ұлттар » баспасынан араб әріпімен 1988жылы жарық көрген «Қазақ қиссаларының» сегізінші 
кітабында жарияланған(құрастырған:Әбдірәшәт Байболат пен Әбден Балықшыұлы). Аңыз мазмұны төмендегідей 
сипатта:
  Нұх пайғамбар жер бетін топан су қаптайтынын алдын- ала сезіп, кеме жасай бастайды. Оған мол етіп азық-түлік тиеп, 
жанды мақлұқтың бар түрінен ұрық алады. Нұхтың бұл айтқанына  көп адамдар нанбапты, ақыры бір күн жерден қайнап 
су шығып, жан-жануар суға кетеді. Су бетіне Нұхтың кемесі ғана қалқып шығады. Кеменің қанша уақыт жүргені 
мәлімсіз, азық- түлік әбден таусылуға таянған кезде кеме келіп Жида тауға(Қазығұртқа ) қонады. Осы қуаныш үстінде 
барлық асты бір қазанға тоғытып , барлығы бір емін- еркін тояды.
  Нұхтың- Хам, Сам, Яппас(Яфис –деп те айтылады) деген үш баласы болады. Яппастың кейінгі бір ұрпағы Ғажамнан: 
фарсы, араб,түркі тарайды. Осылардан Наурыз дейтін зерек ,білікті ұл туады.Ақылы артықболған соң, туыстары 
Наурызға ерік береді.Наурыз Қазығұртта қонған күнді ес ке алып, барлық жұртқа тамақ жасап беріпті. Наурыз бастап 
тілеу асын берген соң , мұны барлығы да қостайды. Сөйтіп,Ғажам ұрпағы осы күнді түгелтойлайтын болады. Тірі қалған 
елдің өмірін есепке алып, жыл санау осыдан басталыпты. Бұдан соң неше ықлым заман өтеді. Жер де,ел де сан түлеп, 
сан өзгереді. Төрт мың бір жүз жиырма төрт жыл өткен соң барып, жаңа эра, жыл санау Ғайсадан қайта басталады. Бірақ 
Наурыздың тастап кеткен үлгісі ұмытылмайды. Елін жинап, тілеу тілеп, бір қазаннан ас ішіп, жыл бойы жинаған көңіл 
кірін кетіріп, құшақтасып табысу салтқа айналады.
   Келесі тағы бір аңыз мазмұны төмендегіше сипатталады: Наурыз айдалада ауырып қалады. Дертіне ем таппай  сасқан 
ол бір суға тап болады.Әлгі судан ішеді. Су таңдайына балдай татып,терлетеді. Сөйтіп , дертіне шипа болады.Мұны ол 
осындайжерде орналасқан шипалы су таптым деп еліне айтады. Содан бастап аурулар орасанға барып 
емделеді.Төңіректің бұрышынан келген аурудың бәрі жазылып қайтады. Мұны көрген халық Наурызды ақылы асып, 
білімді боп туды деп, оның айтқанына көнгенді жөн көреді. «Әз- Наурыз» деп ат қойып, ел- жұрты түгел құрмет 
тұтады.Келе- келе орасан су «Арасан» деп аталып, әркім тасқа білгенінше өрнек салып , соңғылары  тарихының 
жалғасын толықтыра береді.
40

  Осылайша Наурыз ата арасанды көрсетіп, көп халықтың сауабын алады.Жыл сайынмерекелеп еске алып отыру, 
кейінгілерге мирас болып қалады.
  Халық аңыздарында ажалға ара тұрудың амалы алуан түрлі. Мәселен , Қорқытта, Гильгамеште,Ескендір Зұлқарнайын 
да ажалға қарсылық көрсетіп, өлмеудің қамына кіріседі. Қорқыт үшін де, Гильгамеш үшін дешалқар дала- ажалдан ара 
тұратын қорған болып, Қорқыт желмаясымен Сарыарқаның иен даласын түгел шарлап шықса, Гильгамеш те елсіз қу 
микиенге қашып кетеді.Ал Ескендір Зұлқар » найын мен Наурыз туралы сюжеттерде өмір мен ажал арасындағы қорған 
«Мәңгі суы »мен «бұлақ суы ретінде сипатталады.
   Сөйтіп, қазақ арасында тараған мифтік бейне Наурыз ата тіршіліктің, өмір сүрудің көзі болып бейнеленеді.Тегінде 
Наурыз айықыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды- жансыздың тірілуі кімнің болса да 
көңіліне шаттық беретіні анық болса керек. Қысқы ұйқыдан оянған табиғаттың көктемде құлпыруын ертеректе жансыз 
дүниеге жан бітуі деп есептеп, бұл құбылысқа ықылас қоя құрметпен қараған. Сөйтіп,оны жылма- жыл бүкілхалықтық 
көңілді мереке ретінде өткізіп, әндермен кошеметтеген, арнаулы тағам пісіріп,одан ауыз тию сауап 
саналған.Г.П.Снесарев әділ атап көрсеткендей «құнарлыққа табыну- жан- жақты құбылыс.Ол географиялық жағдайға , 
шаруашылық қызметтің түріне және әлеуметтік даму дәрежесіне тәуелді болмай, әр халыққа әр қилы болып кездеседі. 
Өйткені, өмір сүру және игіліктермен пайдалану үшін ұжымның өмірлік қажеттілігін бейнелейді. Міне ,қазақ 
Наурызында Орта Азия  халықтарының  егіншілік мерекесінің актілері ғана емес, бұл салтанатқа өзіндік бояу берген мал 
өсірумен шұғылданушы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың ғұрыптары да  кездеседі.Бұрынырақта қазақтар 
Наурызды Ұлыс күні деп атаған. Бұл туралы Ш. Құдайбердіұлы түсінік береді. «Наурыз парсы тілі: жаңа күн деген сөз. 
Мұны қазақтар Бұхар, тәшкендік қожалардан үйренген. Ескі қазақта (ескі түрікте) жаңа жыл күннің аты- Ұлыс.
  Қожа, молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, Құрбан, Ораза айттары,Ұлыс күні дегізіп, Ұлысты – Наурыз дегізген.
Ұлыс күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдар бата беріскен,
Сақтай көр деп терістен
Кел таза бақ кел десіп
  Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса , 
сонда олжалы болар.»-деген мақал бар. Демек, Ұлыстың ұлы күні қариялардан бата алуға үлкен мән берілген. Олай 
болса, ауыз әдебиетінің кез- келген мұраларынан халқымыздың ерте кездегі тұрмыс- тіршілігі, қоғамдық өмірі, 
дүниетанудағы көзқарасыт.б. жайында мол мәліметтер ала аламыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы 
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Ниязметова Барно
Тақ: Мисол масалалар ешиш
Мақсад: 
Таълимий: Ўқувчиларнингкўпайтиришвабўлишҳақидагитушунчаларинимустаҳкамлаш.     
Тарбиявий: Ўзародўстонамуносабатдабўлишга, бир-бириниҳурматқилишгаундаш. 
Ривожлантирувчи: Ноанъанавийдарстуриданфойдаланганҳолдаўқувчиларнингмантиқийфикрлаш 
,оғзакикўпайтиришвабўлиш, математик ўйинларорқалитезватўғриҳисоблашқобилиятиниривожлантириш. 
Дарс тури:  мусобақадарс.                    
Дарсусули: ўйин, савол-жавоб. 
Дарсжиҳози: кўргазмалислайдлар, саволллитопишмоқлар. 
Дарснингбориши: 
Т. Қисм.Ўқувчиларнидарсгаҳозирлаш. 
Дарс ни математикагаоидшеърларданбошлаш. 
Ўқувчилар: Ассаломсизларгабоғу-роғлардан
Ассаломсизларга гул чечаклардан
Ассаломсизларгамовийсамодан
Ассаломсизларгаёшматематиклардан
1-ўқувчи: Математика фанларподшосидир
                  Математика фанлардоносидир
                 Математика фанларгўзалидир
                 Математика фанларустунидир.        
2-ўқувчи: Оддийердан то космос фазогача
Кундаликтурмушҳаёт. 
Қуёш, ой, юлдузгача,  
Ҳисоб-китобсиз. 
Яшаббўлмасҳечқачон. 
Қудратли шу фанучун, 
                 Бош эгамизҳарқачон. 
Ўқитувчи: Дарсмавзусивамақсади б-н таништириш.Проблемаливазиятяратиш, саволларбериш. 

Болаларқаниайтинг-чиҳозирқайсифасл?                         

Баҳорфаслидатабиатдақандайўзгаришларб-ди? 

Баҳорфаслидаочиладигангуллар? 

Бугулларниюлишмумкинми ,нима у-н? 

Жавобларнитинглаш, ўқувчиларнингжавобларигаасосланибгуруҳларниномлаш.               

Гуруҳ:   Бойчечак. 
41


Гуруҳ:   Лола.  
Гулларгаизоҳбериш.
Интерактивусулданфойдаланганҳолдаҳариккалагуруҳ бри-биригатилакбилдиришади. 
Шартлар б-н таништириш. 

Шарт: “Занжирўйини”.  ( cлайд) 

Шарт:Масалаларечиминитопинг.

Шарт:”Капалактутиш” ўйини

Шарт:Р-?,S- ?

Қувноқтопишмоқлар.. 
1-шарт. 
“Занжир”ўйини.
Мисолларечиш. 
40*3=120 
42:6=7
120: 2=60                                        7*10=70
60-10=50 
 70+11=81
50:10=5                                           81:9=9
5*9=45                                            9*6=54
45+3=48                                          54+46=100
48:6= 8                                            100*2=200
8*5=40                                             200+40=240
40+40=80                                        240:8=30
80:2=40                                           30+12=42               
2-шарт:  
3-  масала
Ҳарбирида 12та дан  9 қутчяақалам -?та қалам?
Қутичалар сони  - 3 марта камайтирилса, қаламлар сони - ?та 
Ечими:9 : 3 =3    12*3=36 
Жавоб: қаламлар сони 36 та бўлади.
4-масала
Ўқувчилар сони: 20 та, бўлиндитенг 10 партага – 1 партага- ?та ў-чиўтирди? 
Агарўқувчи сони 10 та орттирилсаяна -?  парта к-к бўлади?
Ечими:20:10=2                      
           20+10=30     
            30:2=15                           
Жавоб: агарўқувчилар сони 10 тага орт-са.яна 15 та парта к-к б-ди.                                             
3-шарт:”капалак тутиш”ўйини.       
5-мисол а)
Х билан 9нинг кўпайтмасига 810 нинг 9 га бўлинмасиниқўшинг,бунда х=10 
10*9+810:9=90+90=180                  
Б)  х билан 90 нингйиғиндисидан 70 билан 10 нингкўпайтмасиниайиринг, бунда   х=700  
700+90- 70*10=790 -700=90     
4-шарт: 

Мисол. 
Томонлари 5 см бўлганиккитабир хил квадратдантўғритўртбурчакясанг,Р-? ,S-? Топинг. 
Томонлари: 5 ва10 см. 
Ечими: Р=( 5+10)*2= 30см                     
             S= 5* 10= 50 см2
5-шарт 
“қувноқтопишмоқларвамақоллар” 
10 туп дарахт бор эди, 
Қўшнибоғда
Саккизтасинкесдилар
Кузакчоғда
Чорбоғдаянақанча
Қолдидарахт?       
( жавоб: 10- 8=2 )
Мақол:Бирникессангўнни эк.         
Дарсни якунлаш:
Гуруҳларни баҳолаш, дарс давомида фаол иштирок этган  ўқувчиларни  рағбатлантириш, билимини баҳолаш. 
Уйга вазифа:2- мисол.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Бурлибаева Абибиа 
                Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Құстардың қысқа дайындығы
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға әңгімені 
түсініп оқыта отырып,негізгі ойды,идеяны 
ұғындыру.Қысқы табиғат ерекшеліктерімен 
42

       таныстыра отырып,аңдардың қысқы тіршілігі
       туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік:Экологиялық   тәрбие   беру,адамдардың   жануарларға   көрсететін   көмегін   айта   отырып,оқушыларды 
қайырымдылыққа баулу.
Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын,сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Психологиялық дайындық:
          Шырылдайды қоңырау
         Біз сабақты бастаймыз
        Партамызға отырып
        Сабырлықты өзіміз
       Саналы білім алуға 
       Алға қадам тастаймыз
Сабақтың көрнекілігі:Жануарлар бейнеленген слайдтар
Әдіс-тәсілдер:ой қозғау,сұрақ қою,әңгімелеу,салыстыру
I Ұйымдастыру:оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын сұрау
III Өткенді еске түсір:”Тиіннің азық қоры Тышқанның зиян” әңгімелеу 
 -Қоян қыста қалай тіршілік етеді
-Аю туралы не білесіңдер?
IV Мақсат қою:тақырыбын,мақсатын хабарлау.
V Жаңа сабақ
 Аңдар қалай қыстайды?
1.Тақырыпты түсіндіру 2.Тізбектеп оқыту 3.Сұрақтарға жауап алу 4.Әңгімілеу 5.Аңдар туралы жұмбақ шешу.
Сайықмазақ  құлағы бар 
Барған жерде ұрлығы бар
Бұл қандай аң
Ұғып ал
Суретке слайдтарға қарап:1 Қасқыр не істеп жүр?
2.Ал мына суретте түлкі не істеп жүр?
Сергіту сәт
Армысың,шапағатты күніміз
Табиғатқа құштар біз баламыз
Армысың,табиғат-анамыз
Алдыңызда бас иеді балаңыз
Жыл мезгілі туралы.Кубик лақтыру ойыны.
1.Жыл мезгілдерін атап шығыңдар.
2.Күзде ауа райы қандай болады?
3.Ал қазір қандай мезгіл?
4.Қыстан кейін қандай жыл мезгілі болады?
VI Жаңа білімін бекіту
    - Қысқы қор жинайтын аңдарды ата
   - Тышқанның зиянкестігі туралы не білеміз?
  - Аңдардың қысқы тіршілігін бақыла
   -Ақкіс,түлкі мен қоян ше?
  -Түлеу дегеніміз не?
  -Қыста ұйықтайтын жануарлар?
VII Сабақты қорытындылау: біз не жайында білдік?
VIII Үйге тапсырма, бағалау
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы
«Қазына» балабақшасының денетәрбие нұсқаушысы
Ж.К.Садирмекова.
Білім беру аймағы: Денсаулық. Қатынас. Таным. Қоршаған орта.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын 
нығайтуға арналған хатка – йога элементерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін 
дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды сынары: Күз – осень, доға – дуга, ұзындық – длина, секіру – прыжок, орман – лес, Мыстан кемпір – Баба 
Яга
Кіріспебөлім:
Балалар маршпен залға кіреді.
-Сәлеметсіңдерме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, спортша қонақтармен амандасайықшы «физкульт – салем!»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? – Күз мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді? Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдарма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
43

Жарайды естеріңе сақтадыңдарма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқұшынатұрамыз (аяқұшыменжүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтыңішіменжүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтыңсыртыменжүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зататтапжүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.
Негізгібөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: хатка –йога
(Әр жаттығу  3 реттен қайталанады және 5сек.)
СМС хабарлама келеді
Қане, хабарлама қайдан келгенін көрейікші.
Сәлеметсіңдерме, «Ақжелкен» балабақшасыныңбалалары!
Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап 
қалды. Мен оны жинайалмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? Ой 
балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында. Мен оған сол туралы СМС 
жолдайын. (мыстан кемпірсиқырлы сөздер жазып береді)
Мыстанға көмектесемізбе? Олай болса, жолға шығайық.
Негізгі қимыл қозғалыс:
1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, БізМыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бірнәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен 
сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңғаайналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 
3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді 
орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
- Сендер себетке не жинадыңдар? Ой, менің сүйікті саңырауқұлақтарымба? Не деген саңырауқұлақтар. Мен буданкөп 
дәрілер жасап бере аламын.
-Балалар сендер мен ойын ойнағым келеді, олай болса, шеңбер болып тұрып, «Бабка – Ёжка костяная ножка»-деп, менің 
сөзімді қайталаңдар.
Қимылды ойын: «Бабка - Ёжка»
Ойын шарты: Бабка –Ёжка костяная ножка,
С печки упала,ногу сломала.
А потом и говорит:
-«У меня нога болит!»
1, 2, 3 от Яги беги.
Қорытыңды:
Мыстан кемпір:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімді ауырды. Ой сендермен әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді 
орманда қалдырмаймын. Қазірсиқырлап сендерді өзбалабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, демалып 
алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.
«Денсаулық» технологиясы
Релаксация
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштерің еқойындар, 
сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді  шығарамыз, желін 
шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық 
ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән 
салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің бала бақшаға да келдік 
.Мыстанға көп рахмет, ол  бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз не саяхатта қандай жаңа 
жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалармына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл Мыстаның 
бізге берген сиқырлы сыйлықтары? Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісіңдер.Балалар қане сапқа тұрамыз! Ендеше 
спортша қоштасамыз «Физкульт – Сау бол!»
44
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет