Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ


І   бөлім   –   «Жырларыммен   сырласам».   Өз   шығармашылықтарыңыздан   Ана,   Адамгершілік,   Достық



жүктеу 6.96 Mb.
Pdf просмотр
бет13/30
Дата27.01.2017
өлшемі6.96 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

І   бөлім   –   «Жырларыммен   сырласам».   Өз   шығармашылықтарыңыздан   Ана,   Адамгершілік,   Достық 
туралы өлеңдеріңізді оқисыздар!
ІІ бөлім – «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап». Берілген ұйқасқа өлең шығару
ІІІ бөлім – «Өлеңмен өрілген ой». Қазіргі жас ақындардың шығармаларын талдау.
Ендігі кезекте қатысушыларды таныстырып өтейік. 
1- Мирамбекова Айнұр. Ұстанымы: «Тек қана алға» 6кл
2- Бекетова Айнұр. Ұстанымы: «Ешқашанда берілмеу» 6кл
3- Айжарыққызы Ұлжан. Ұстанымы: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға» 6кл
4- Жақсылық Жаннұр. Ұстанымы: «Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін» 6кл
5- Жақсылық Ұлпан. Ұстанымы: «Өкінбе, өкпелеме бүгініңе
                                                           Өмір, өмір болмайды түңілуге
                                                           Мәңгі сені жазбаған сүрінуге
                                                           Қайта тұрып қақың бар жүгіруге» 8кл
6 – Байшолақова Гүлсезім. Ұстанымы: «Оқы, оқы және оқы!»
7 - Өмірзақова Жұлдыз. Ұстанымы: «Өкпелеме, өмірге өкпелеме» 8кл
Сіздерге әділ баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтсем:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты маманы, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 
Құлынтаева Қалқа
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі – Бақыткелдіқызы Гүлназ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы – Набиева Сайра
Тәлімгер:  Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа- деп, Мұқағали Мақатаев жырламақшы І бөлімімізді бастаймыз.  «Толқыннан 
толқын туады, толқынды толқын қуады» демекші сайыстың бұл кезеңінде жас ақындар өздерінің  Ана, Достық, 
Адамгершілік туралы өздерінің төл тумаларын оқиды.
      (оқушылар кезекпен өз шығармашылықтарымен таныстырады)
Тәлімгер: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
 Қиыннан қиыстырар ер данасы.                                                
Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, -деп Абай данамыз өлеңге осылай талап қояды. Енді бірде «Болмасаң да 
ұқсап бақ » деп өнерге, ғылымға жақын болуға шақырады. Бұл бөлімде жас ақындарымыз өздерінің ұшқыр 
ойлылықтарын, шапшаңдықтарын көрсетеді.
Тақтада беріліп тұрған  ұйқастарға өлең жолдарын шығарасыздар!   
1.......................... көруші ем,
......................... беруші ең,
......................... көкжиектен,
......................... бір көрінсең.
2....................... өрнектелген,
...................... жан жетпеген.
...................... сен деп келем,
...................... шөлдеп келем.
3..................... аңсаған,
....................... қиям саған.
...................... қиялдаған,
..................... құяр маған.
4................. қанаттарын,
................. тағат жаным.
................. қарақтарым
................. сабақтадым.
Тәлімгер: Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдықсыр бар естілмеген. Бұл бөлімде сіздерге Қалқаман Сарин, Назира Бердалы секілді жас 
70

ақындардың өлеңін береміз. Сіздер сол өлеңнің мағынасын ашасыздар!
Кешіккен көктем. Қалқаман Сарин
Етек - жеңі жиылмай,
Жатып алды кыс мынау.
Көңіл күй де – бұйырмай,
Қоңыр күйге түстім - ау.
Қытымыр қыс тұр әлі,
Кірпігіне мұз қатып.
Ызғырық жел ұрады,
Тұла бойды сыздатып.
Бізге жеткен көктем жоқ,
Жеткенменен мезгілі.
Жырлағанмен көк тер боп,
Болмайды екен сөз құны.
Құстар... Хабар бермейді,
Кешігуде көктемім.
Күндіз… көргім келмейді,
Күнтізбенің беттерін.
Барып қайттым баққа мың,
Көктем іздеп көшеден.
Іздегенмен таппадым,
Оған куә осы өлең.
Бар бақытты... Биылғы,
Көктем алып келердей.
Көптен күткен сыйымды,
Көктен алып берердей...
Күтіп жүрмін мен оны,
Көңілге сол қуаныш.
... Жалықтырды себебі,
Жатып алған мына Қыс.
Терезелер. Назира Бердалы
Менің пердем сырылады әлемге,
Терезеден ай қарайды қияқты.
Терезелер...
Терезелер...
Түнгі Алматы үйлері,
Әрбір үйдің жүрегі бар сияқты...
Әрбір үйдің жағып отын, шырағын
Жан - аналар түнде дұға қылады.
Балапаным аман жүрсе екен деп,
Қанат қағып кетсе дағы қыраны.
Қиядағы қызын ойлап, қамығып,
Ұядағы ұлын жүрер мәпелеп,
Терезеден кенет жанған жарығы –
Сағынышын сездірмейтін әкелер...
Терезелер...
Терезесі үйлердің
Естілетін ар жағынан күйлер мың,
Ақ отаудың шымылдығын жамылып,
Жасыратын құпиясын түндердің...
Ғажап түндер...
Тәлімгер: Өлең жыр шырқалды қосыменен,
Сайысты аяқтайық осыменен,
Сау болып тұрыңыздар, қонақтарым,
Сәби де жетіледі досыменен.
Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ,
Бұл жайды айтамызба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы.
Тағы да үйренеміз аман болсақ. Сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға 
рахмет. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АҚСАҚ КИІК.  
ӘУЕЛБЕК ҚОҢЫРАТБАЕВ 
Атырау қаласы. №11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Ақсақ киік.  Әуелбек Қоңыратбаев. Ана тілі     3 сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын 
түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ой - өрістерін, тіл байлықтарын арттыру. 
Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту, жануарларды қорғап, аялай білуге, қамқорлыққа 
тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сипаттау, ой қозғау, талдау.
Көрнекілігі: Ә. Қоңыратбаев суреті, аң - жануарлардың суреті, мақал - мәтел, сөзжұмбақ, интеративті тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. М. Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтіннің мазмұнын айту. Мәтін бойынша 
71

оқушылардың білімдерін пысықтау.
Сұрақтар:
1. 
Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
2. Мектептен келе жатып қандай оқиғаға тап болды?
3. Мұхтар не үшін қуанды?
4. Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
5. Әңгіме неге қайырымдылық деп аталған?
6. Қайырымдылық дегеніміз не?
7. Балалардың әрекеті дұрыс па?
ІІІ. Сабақты бекіту. Дәптер бойынша берілген тапсырмаларды тексеру.
Тапсырмалар: 1. Кейіпкерге хат.  2. Қамқорлық  3. Мұхтарға мінездеме. ( Балалар өздерінің жазып келгенін оқып 
береді.)
- Тақтада сандар берілген. Осы сандарды ретімен қойсаңдар, бүгінгі күнгі жаңа тақырыптың аты 
шығады.
10 - к
30 - і 20 - и 70 - ң, 80 - а 130 - ы
40 - к 50 - т 60 - і 90 - й 100 - л 110 - а 120 - с
К и і к т і ң а й л а с ы
ІV. Жаңа сабақ. 1. Автор туралы мәлімет беру.
Әуелбек Қоңыратбаев

1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген
Әдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы
Педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған
«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естелік, «Қозы Көрпеш»жырын. «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне 
аударған.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргіземін.
б) Оқушыларға кезекпен оқытамын.
Қосымша мәлімет беру: Киік - жұптұяқ жануар. Киікке байланысты аңыз - әңгімелер, теңеулер жиі кездеседі. 
Мысалы: «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» (Асан - Қайғы). «Киіктің киесі бар» деген ұғымдар 
халық арасында кеңінен тараған. Киік деп халық көбінесе, ақбөкен мен қарақұйрықты айтады.
Балалар енді тапсырмаларды орындайық.
1 - нұсқаға:
1. Мәтінге сүйеніп, аң мен жануардың жауларынан сақтанатын қару - құралын, айла – 
тәсілін ата. (Қасқыр - тіс, қабан - азу, ақбөкен - аяқ. Теке өтірік ақсап, өз үйірін қорғады.)
2. «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр.(таяқ сілтем - жақын)
2 - нұсқаға:
1. Мәтіннен ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты оқы. (Теке өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын 
аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Сөйтіп ол қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті. Киіктің бір 
текесі он шақты қасқырды осылайша алдап кетті.)
2. «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап.(шаршаған, шалдыққан)
3. Суретпен жұмыс.
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрау.
4. Топтастыру. Киік
Баласын құралай дейді
Көзі әдемі, аяқтары жіңішке
Танауы үлкен
Таза су ішеді
Шөппен қоректенеді
Мүйізінен дәрі жасайды
Жауы көп
V. Сергіту сәті.
«Мақал - мәтелдер жалғасын тап» ойыны.
1. Балығы болмаған ---- көл құрысын,
Киігі болмаған ----- шөл құрысын.
2. Тауда жүрген ---- киіктің
Көзінен өзге ----- айыбы жоқ.
3. Қасқырдың ойлағаны ---- арамдық,
Қойдың ойлағаны --------- амандық.
4. Қасқыр тойғанына емес, ------ қырғанына мәз.
VІ. Сабақты қорыту. Сөзжұмбақ шешу.
1.Мәтіннің авторы кім?(Әуелбек)
2. Қасқырлар нелерге шабуыл жасады?(киік)
72

3. Қасқырлардың қаруы.(тіс)
4. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?(күз)
5. Ақбөкеннің сүйенері не?(аяқтары)
6. Ақбөкен қандай аң?(жүйрік)
7. Қасқыр, қабан ше?(аң)
8. Киіктің лағы.(құралай)
9. Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды?(қой)
10. Теке өзінің үйірін қасқырлардан несі арқылы 
құтқарды?(айла)
11. Қабанның қаруы.(азу)
12. Киіктер суатқа не үшін келді.(су)
13. Киіктердің жауы.(қасқыр)
VІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау. Табиғаттағы аң - құстардың тіршілігі туралы шағын әңгіме 
жазып келу.
VІІ. Бағалау  
* * * * *
ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ. ТУ. ЕЛТАҢБА. ӘНҰРАН
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы  №7 орта 
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Джанбирова Гүлжанның 
ана тілі пәніне арналған  қысқа мерзімді жоспары
 Сабақтың атауы
Еліміздің мемлекеттік рәміздері .Ту.Елтаңба.Әнұран.
Сілтеме
Оқулық , Бейнеүзік («САК Жебе»- анимациялық студиясы «ТУ»)бейнеүзік 
«Рәміздер», Слайд: «Ел рәміздері»
Жалпы мақсаттар
Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ,оның құрылу тарихын,мемлекеттік 
атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету. Жеке тұлғаның жағымды 
қасиеттері мен сезімдерін дамыту.Топтық жұмыс арқылы талдау, 
салыстыру ,ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.АКТ-ны пайдалану 
арқылы рәміздерге қатысты жаңа мағлұматтар беру 
Оқыту нәтиежесі
Ел рәміздері туралы түсініктері кеңейеді. Қосымша материал арқылы 
жаңа терминдермен (вексилология,геральдика) танысады.Белсенділік 
танытып, топтық  жұмысқа етене араласады. Жаңа әдіс- тәсілдермен 
жұмыс жасауға үйренеді. Ел рәміздерін қастерлейді.
Ойлау қабілеттері артады.
Эмоциялық әрекет арқылы өзін- өзі реттейді .
 Негізгі идеялар
Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде мәлімет беру.Рәміздердің 
белгілерінің мән- мағынасын түсіну және авторларымен танысу.
Тапсырмалар
1-тапсырма:Орталықтарға бөліну
І-топ -«Қазақстандағы егін 
шаруашылығы»
ІІ- топ -«Қазақстандағы мұнай-газ 
өндірісі»
ІІІ- топ –«Қазақстанда көмір өндіру»
ІV-топ- «Қазақстандағы ғарыш айлағы
Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау
2- тапсырма: Топтастыру.
І-топ -Қазақстанның 
таулары
ІІ- топ -Қазақстан өзен- 
көлдер   ІІІ- топ –
Қазақстанда өсетін 
ағаштар
ІV-топ-Қазақстанның 
атақты адамдары
Модуль:Сыни тұрғыдан 
ойлау
3- тапсырма:  Оқулықпен жұмыс.
Ту, Елтаңба,Әнұран
Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау
4-  
тапсырма.Тұжырымдамал
ық картамен жұмыс: 1-
топ:Ту, 2-топ-
елтаңба,3топ-әнұран,4 топ-
Жасырынған сөздерді табу.
Модульдер: Сыни тұрғыдан 
ойлау,Білім беру мен білім 
алудағы жаңа тәсілдер 
5- тапсырма: «Белгілер сөйлейді» Топтық жұмыс Постермен қорғау 
І-топ –Ту   ІІ- топ -Елтаңба        ІІІ- топ –Әнұран     ІV-топ-Еліміздің 
картасы
Модуль:сыни тұрғыдан ойлау- талқылау, топтастыру.Талантты және 
дарынды балаларды оқыту
Кейінгі тапсырмалар
Қорытындылау. Бағалау бетшесін , кері байланыс қағаздарын толтыру,өз 
ойларын айту.
73

Үй тапсырмасы
Еліміздің рәміздеріне -21жыл» тақырыбына эссе.
Мәтінді мәнерлеп оқу, Мазмұны 
                                        С А Б АҚ         Б А Р Ы С Ы 
Мұғалімнің жазбалары
Оқушының іс әректі
І. Ұйымдастыру бөлімі:
І. Шаттық шеңбері.
Қазақстан картасының пішінін жасау .
1-тапсырма:«Мен не білемін?»Оқушылар бір сөзбен Қазақстан туралы 
білетіндерін ортаға салады. Мысалы: Елім бақытты, пайдалы қазбаларға 
бай, Еуразия құрлығында орналасқан т.с.с.
2. Ағаш үйдің пішінін жасай отырып, кереге,шаңырақ, бақан, уық 
топтарына бөлемін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1- тапсырма:Орталықтарға бөліну
І-топ -«Қазақстандағы егін шаруашылығы»
ІІ- топ -«Қазақстандағы мұнай-газ өндірісі»
ІІІ- топ –«Қазақстанда көмір өндіру»
ІV-топ- «Қазақстандағы ғарыш айлағы»у
2- тапсырма: Топтастыру.
І-топ -Қазақстанның таулары
ІІ- топ -Қазақстан өзен- көлдер.
      ІІІ- топ –Қазақстанда өсетін ағаштар
ІV-топ-Қазақстанның атақты адамдары
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Ой қозғау.
 «Ту» Бейнеүзіктер көрсетілімі
  
 ІV. Мағынаны тану.
3- тапсырма:  Оқулықпен жұмыс.Ту, Елтаңба,Әнұран 
Сұрақ- жауап. 
4- тапсырма Тұжырымдамалық картамен жұмыс: 1-топ:Ту, 2-топ-
елтаңба,3топ-әнұран,4 топ-Жасырынған сөздерді табу.
IV.Сергіту сәті:
Керегені жазайық
Шаңырақты құрайық
Уық болып иіліп
Елтаңбадай болайық.
  Қызықты мәліметтер:
1. Рәміз авторларымен танысайық
2.Cөздік жұмысы: Геральдика[елтаңбатану] Вексилология  [тутану]
V.Қорытындылау
5- тапсырма: «Белгілер сөйлейді»Топтық жұмыс 
Постермен қорғау 
І-топ –Ту
ІІ- топ -Елтаңба
      ІІІ- топ –Әнұран
     ІV-топ-Еліміздің картасы
VІ. Үй тапсырмасы: Еліміздің рәміздеріне -21жыл» тақырыбына 
эссе.Мәтінді мәнерлеп оқу, Мазмұны
VІІ. Бағалау. Формативті бағалау
Кері байланыс: 
Оқушылар шаттық 
шеңберіне тұрып ,еліміздің 
картасының пішінін 
жасайды және алдыңғы 
сабақта өткен Қазақстан 
туралы мәліметтерін 
бірауыз сөзбен жеткізеді. 
Одан кейін ағаш үй 
сүйектері арқылы топқа 
бөлінеді.
Әр топ өздеріне берілген 
орталық тапсырмасы 
бойынша сөйлейді және 
топтастырады.
Көрсетілген бейнеүзік 
бойынша тақырыптың 
мағынасын аша отырып,әр 
топ тақырыптыры 
бойынша  мәнерлеп оқиды 
және оқығандарын, 
көргендерін 
тұжырымдамалық картаға 
түсіреді.
Сергіту сәті бойынша 
жаттығулар жасайды.
Постерге түсіреді және 
қорғайды.
Топбасшы топ мүшелерін 
бағалайды.
Жеке жұмыс жүреді 
оқушылар кері байланыс 
парағын толтырады.
74

АНИМАЦИЯ ӘСЕРЛЕРІН БАПТАУ. ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ КӨРСЕТУ
Қызылорда облысы. Қазалы ауданы. Тасарық ауылы
№238 орта мектептің информатика  пәнінің мұғалімі
Косбанбетова Гулжазира Сериковна
Тізбектелген сабақтар топтамасы  
Мұғалімнің аты – жөні
Қосбанбетова Гүлжазира
№238 орта мектеп
3-апта
4 күн
2 сабақ
 14
50
-15
35
Сабақ атауы
Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
Сілтеме 
Білім стандарты, оқулық........
Жалпы мақсаты
Анимацияларды баптауды және презентацияларды  көрсетуді үйрену
Күтілетін нәтиже
Анимация жасау мен презентацияны көрсетуді үйренеді
Негізгі идеялар
Презентация, анимация
Тапсырмалар /wiki 
материалдары
Ғаламтор,Power Point,интернет желісінен алынған материалдар,оқулықтар
Сабақ бойынша 
мұғалім жазбалары
Уақыты  Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
КІРІСПЕ
3 мин
5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Кәдімгі керемет ойыны
«Үй тапсырмасын талдау» 
әдісі
Бағалау «Екі жұлдыз, бір 
тілек»
Сәлемдеседі, сабаққа назарларын 
аударады
Үй тапсырмасы арқылы сұрақтар 
қояды,оқушылар үй 
тапсырмасын бірге талдайды
Оқушылар бір – біріне екі жақсы 
жағын, бір ұсыныстарын айтады
ТҰСАУКЕСЕР
5 мин
Жеке топтық жұмыс формасы:
Анимация мен дыбысты 
кірістіру туралы жұмысты 
талқылау
Жаңа сабақ бойынша жұмыс 
жасай алады
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
10 мин
5 мин
5 мин
Өзара оқыту әдісі:
(мәтінмен жұмыс жасау)
 Өз жартыңды тап әдісі:
(жұппен жұмыс жасау)
Практикалық жұмыс:
1.
Көктемнің суретін 
презентациямен көрсету
2.
Отбасы және мен 
тақырыбында жоба қорғау
Оқушылар білімін  бақылау 
және бағалау
Табыс критериі 9 ромб
Мәтінмен танысады
Жұппен жұмыс жасай алады
Практикалық жұмыста жұптасып 
жұмыс жасай алады. 
Компьютерді еркін меңгерген
Оқушылар өздерінің сабақты 
меңгеру дәрежесін тақтада ілулі 
тұрған 9 ромбтың ішіне 
жапсырады. Ол топтардағы 
жұмыстардың  нақты бағасын 
көрсетеді
ҚОРЫТЫНДЫ
5 мин
Пайымдау сұрақтары әдісі
1.
Сабақта не маңызды 
болды?
2.
Сабақта не үйрендіңдер?
3.
Сабақта  жаңадан не 
білдіңдер?
4.
Сабақта не қызық 
болды?
Бір сұраққа бірнеше оқушы 
жауап береді
75

Үйге тапсырма
Сабақтың жабдықтары
Электронды оқулық, компьютер.
Электронды оқулықты, 
компьютерді сабақта падалану
Келесі тапсырмалар
Анимация әсерлерін баптау. 
Презентация көрсету
Анимация әсерлерін 
баптау.Презентация көрсету 
тақырыбын үйге оқып және 
«Менің отбасым» тақырыбына 
шағын презентация жасап келу
Сабақты талдау
Тәжірибелік сабақты 
бағалау
Сабаққа өзгертулер 
енгізу
СЫН  ТҰPҒЫСЫНAН OЙЛAУ ТAПСЫPМAЛAPЫ 
APҚЫЛЫ КPEAТИВТIЛIКТI ДAМЫТУ 
Apхaбaeвa Жұпap Көпбaйқызы
Павлодар облысы, Eкiбaстұз қaлaсы 
№11 жaлпы opтa бiлiм бepeтiн мeктeбi
Жоғары санатты мaтeмaтикa пәнiнiң мұғaлiмi
Бap iзгiлiк тeк бiлiмнeн aлынap,Бiлiммeн aспaнғa жoл сaлынap. Жүсiп Бaлaсaғұн 
«Aдaм   ұpпaғымeн   мың   жaсaйды»   -   дeйдi   хaлқымыз.   Ұpпaқ   жaлғaстығымeн   aдaмзaт   бaлaсы   мың   eмeс, 
миллиoндaғaн жылдap жaсaп кeлeдi.Жaқсылыққa бaстaйтын жapық жұлдыз – oқу. «Нaдaн жұpттың күнi – қapaң, 
кeлeшeгi - тұмaн» - дeп Мipжaқып Дулaтoв aйтқaндaй, eгeмeндi eлiмiздiң тipeгi – бiлiмдi ұpпaқ. 
Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен білім берудің жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін  
айқындауды алға тартып отыр. Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең білімімен 
қатар оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық қасиеттер 
талап етілуде.
Оқушының білім алуға деген   қызығушылығын ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның 
шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы дамытуға болады.
Зерттеу   еңбектеріндегі   креативтілікке   берілген   анықтамаларға   тоқталатын   болсам.   Е.Торренс 
креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір мәселелерді шешудегі қабілеттілік деген анықтама 
береді. Ғалым креативтілік моделінің негізгі үш белгісін ұсынады:
- ой ұшқырлығы (нәтижелігі-өнімділігі);
- жағдаяттардағы икемділік;
- тұлғалық ерекшелік, өзіндік шешім [2].
Бұл   тәсілде   шығармашылық   өлшемі   нәтиже   сапасы   емес,   шығармашылық   өнімділікті   белсендіріп, 
жандандыратын сипаттар мен үрдістер ретінде көрінеді.
Интеллектуалдық   белсенділіктің   креативтілік  деңгейіндегі   адамдар   құбылыстардың   себептерін   түсінуге 
тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.
Көптеген зерттеулерде ғалымдар «креативтілік» ұғымына анықтама беруде креативтіліктің бір сипаты ретінде 
жеке   тұлғаның   жағдаяттардан   шыға   білу   қабілеті   мен   өзіндік   мақсатты   нақты   қоя   білу   қабілеттілігіне 
тоқталады.
Л.Ермолаева-Томина шетел зерттеушілерінің тәжірибесін жалпылай келе, креативтілікті әртүрлі қабілеттердің 
жиынтығы   ретінде   анықтайды,   қабілеттер   әр   адамда   жеке-дара   әр   сапада   көрінетініне   тоқталып,   келесі 
белгілерін көрсетеді:
- тәжірибеге ұмтылушылық - жаңа проблемаларға икемді, мәселені шешуге бейімділік;
- талқылауға икемділік - тапсырманың шегіне шыға алу;
- ой ұшқырлығы - тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін өзгерте алу қабілеттілігі;
- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару
Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе креативтіліктің құрылымдық 
бөліктерін   бөліп   көрсетуге   болады:   аса   сезгіштік,   ой   ұшқырлығы,   жаңаға   ұмтылушылық,   шығармашылық 
қабілеттер,   өзіндік   ой-пікірлерде   тұра   білу,   өзіне   сын   көзбен   қарау,   қисынды   ойлау,   жаңаны   сезгіштік, 
күмәншілдік,   әр   нәрсеге   күмән   келтіру,   т.б.   Креативтілік арқылы   адам   өмір   шындығында   өзін-өзі   тануға 
ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын көзбен қарай алады.
Жеке   тұлғаның   креативтілігін,   шығармашылық   дербестігін   қалыптастыру   өте   маңызды,   күрделі   және   көп 
салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның 
рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
76

Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын 
анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс 
ретінде сипатталады.
Креативтілік деген не? «Жаңа» ой - бұрынғы ой элементтерінен жаңа ойды құрастыру. Жаңа ой құрастыру - ол 
оқушының   еш   байланыспайтын   ой   элементтерінің   арасынан   жаңа   ой   құрылуын   көре   білуі,   жасай   алатын 
қасиетіне   байланысты   болып   келеді.  Креативтілік
 
    –  ол  «бұрын   байланыспайды»   деп   есептелген   ойлардың 
бірігуі. Шығармашылық   жұмыс  алдындағы  ойдың   кейіннен   шабыттануға,  нұрға  бөленуге апартын   процесс 
болып   табылады.   Ағылшын   ғалымы   Г.Уоллес   шығармашылық   процестің   үш   сатысын   анықтады,   олар: 
дайындық,   пісіп   жетілу,   нұрға   бөлену,   тексеру   кезеңдері.   Шығармашылық   сәттің   басты   сатысы   -   ізделініп 
отырған   нәтижені   сезу   арқылы   қабылдау   -   нұрға   бөлену   сәті.   Шығармашылық   процестің   психикалық 
ерекшілігін белгілей отырып, К.С. Станиславский шығармашылық жұмысының пайда болуы барысындағы жеке 
тұлғаның рухани күштері мен жоғары саналығының бірігуі екенін анықтайды. Сонымен,  креативтілік   - жеке 
тұлғаның   салыстырмалы   түрде   тұрғылықты   мінездемесін   сипаттайтын   шығармашылыққа   қабілеттілігі, 
шығармашылық   дарындылығының   деңгейі   болып   табылады.   Креативтілік  –   дағдылар,   дәлелдер,   қорлар 
синергиясы Шығармашыл түрде ойлау дағдылары -дәстүрден тыс ойлау қабілеттілігі, бұрынғы ойдың жаңа 
оймен үйлесімділігі. Креативтілік ішкі дәлелдер - креативті болуға ықыласты болу. Қорлар - қажетті ақпаратқа 
қатысты білімділік, тәжірибе Шығармашылық - бүкіл адамзат  болмысының маңызды сапаларының бірі. Ол 
жаңалыққа   жетудің   және   ізденудің,   іс-әркет   әдістерінің   қайталанбас   нәтижелерімен   сипатталады. 
Шығармашылық әрқашан қайталанбайтын болып табылады. Ол - оқушының өзін жетілдіруге, өз бетімен білім 
алуға қабілеттілігі; білімі мен интуйциясына негізделген суырып салмалылық қабілеті. [3].
          Көшбасшы мұғалім ретінде мұғалімдермен « Сын тұрғысынан ойлау тапсырмалары арқылы креативтілікті 
дамыту» тақырыбында коучинг сабақ өткіздім.
 Коучинг сабағымды оқыту мен оқудағы сыни  сын  тұрғысынан ойлау
Мақсатым: Oқушылapдың aлғaн бiлiмiн мeктeптeн тыс жepдe қoлдaнa aлу дaғдылapын жeтiлдipу  үшiн oлapдың 
кpeaтивтiлiгiн дaмытудың мaңыздылығынa тoптық жұмыс жәнe қapым-қaтынaс жaсaу apқылы   ұстaздapдың 
көзiн жeткiзу. Мұндағы міндеттерге тоқталсам:
тoптa жұмыс жaсaу үшiн жaғымды психoлoгиялық aхуaл opнaту, сeнiмдi aтмoсфepa құpу,  стaндapтты 
eмeс шығapмaшылық oйлaуғa  үйpeту;
сын тұpғысынaн oйлaу нeгiзiндe кpeaтивтiлiктi дaмытуғa apнaлғaн тaпсыpмaлap opындaу;
қoйылғaн мaқсaт пeн күтiлeтiн нәтижeгe жeту aнығыpaқ көpiнeтiн тaпсыpмaлap apқылы кoучинг сaбaқ 
қopытындысын шығapу.
Түйінді идеялар:креативтілікті дамыту.
Оқу нәтижелері: Кpeaтивтiлiктiң aнықтaмaсын бiледі, стaндapтты eмeс oйлaй алады.
Дереккөздер: флипчapттap, мapкepлep, стикepлep(түpлi түстi), түpлi-түстi кapтoчкaлap, тaпсыpмaны opындaуғa 
apнaлғaн пapaқтap, пpeзeнтaция.
Коучингке   қатысушыларды   коучингтің   мақсат-міндеттерімен     таныстырып,   сергіту   сәті   ретінде     «Құмыра» 
ойынын ойнаттым. Кoучингкe қaтысушылap дөңгeлeнiп тұpaды дa құмыpaны көpшiсiнe aсқaн eптiлiкпeн бepeдi. 
Жәнe бepу тәсiлi бipдe бip peт қaйтaлaнбaуы кepeк. Oсы жaттығу нәтижeсiндe кoучинг сaбaққa қaтысушылap 
apaсындa сeнiмгe бaғыттaлғaн жaғымды opтa қaлыптaсты. Құмыpaны бip-бipiнe бepу жәнe қaбылдaу apқылы 
oлap бip-бipiнe сeнiм бiлдipумeн қaтap, құмыpaны бepу тәсiлдepiн қaйтaлaмaу apқылы кpeaтивтiлiк дaғдысын 
көpсeттi.
«Құмыpa» тaпсыpмaсын opындaу apқылы oйлaудың қaндaй түpiн дaмыттыңыздap?  - деген сұраққа 
«шығapмaшылық», «epeкшe», «басқаша» деп жауап берді. Сонан соң «шығармашылық» және «бақаша»  деген 
сөздер бойынша топқа бөлдім. 
5.
Ой шақыру кезеңі. Топтық жұмыс.
Тапсырма : «кpeaтивтiлiк» сөзiнe клaстep құpaстыpу
Кoучинг сaбaққa  қaтысушылap «кpeaтивтiлiк» сөзіне кластер 
құрастырып, кpeaтивтiлiктiң aнықтaмaсын шығapды, 
тaныстыpды. 
6.
Мағынаны   тану   кезеңі.       «Кpeaтивтiлiк   деген   не?» 
таныстырылымын   көрсете   отырып,   креативтілікке   анықтама 
бердім. (слайд)
3.Ой қозғау кезеңі. «Кpeaтивтiлiктi қaндaй жoлмeн дaмытуғa бoлaды?» 
деген   сұрақты   ашуға   арналды.   Мұнда   қaтысушылapдың   стaндapтты   eмeс   тұpғыдa   шығapмaшылық   oйлaу 
қaбiлeттepiнiң   дaмуынa   әсep   eту   мақсатында   «Қaбыспaйтындapды   қaбыстыp»   жaттығуын   орындаттым. 
Қатысушылар жұпта жұмыс жасады.Түpлi-түстi кapтoчкaлap apқылы тoптapғa тaпсыpмaлap бepдім. Мaқсaтым: 
қaтысушылapдың стaндapтты eмeс тұpғыдa шығapмaшылық oйлaу қaбiлeттepiнiң дaмуынa әсep eту.
Каталог: 2014
2014 -> И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі
2014 -> Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға
2014 -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
2014 -> Абай Құнанбайұлы Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы
2014 -> Жастар газеті №4 (52) 30 сәуір, 2014 ж
2014 -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет