Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 
III  ЖИНАҚ
Шығармашылық еңбектердің 
іс-тәжірибелік жинағы
Редактор: Нағиев Ізгілік 
Байдрахманұлы
Алматы, 2016

УДК 37.3 (072)
ББК 74.03
H    86
     “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол”:ІІI-жинақ. Ұстаз  шығармашылығы  
                  45minut.org топтамасы. Шығармашылық  еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы  
                   /Редактор І.Б. Нағиев – Алматы,  2016. – 198 б.
H   86
ISBN   978-601-7579-17-3
«Нұрлы жол»   - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары, 
жаңа істер бастамасы. Бұл тіркестің өзінде терең ассоциациялық мән бар. Бұл — дағдарыс 
кезеңінен   шығу   жолы,   инфрақұрылымдардың   дамуы,   жаңа   жолдардың   салынуы, 
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Жер бетінде қанша ел болса, әр елдің мәдениеті, салт - дәстүрі мен білім беру жүйесі 
болады. Біздің мемлекетіміздің де білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізілуде. Жаңа 
заман – қай кәсіпте болмасын жаңашылдықты талап етеді. Басты мақсат – жас ұрпақтың 
сапалы   білімді   игеруі.   Оқушыларды   таңдандыру,   қызықтыру   үшін   әрбір   сабақ   жаңалық 
болуы   керек.   Сондықтан,   мұғалім   үнемі   ізденісте,   жаңашыл   және   әрқашан   білімін 
жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс.
Білім   саласы   мен   кәсіпорын   мамандары   арасындағы   байланыс   ғылым,   білім   және 
өндіріс ықпалдастығының арта түсуіне қызмет етеді. Ал басты басымдылық ретінде адам 
капиталы,   тәжірибелік   білім   мен   біліктілікке   инвестиция   салынатын   болады.   Өйткені, 
заманауи маманға оның білімі, кәсібилігі, оқып-білуге деген қабілеттілігі құнды қасиетке 
баланады.
УДК 37.3 (072)
ББК 74.03
ISBN  978-601-7579-17-3
© Нагиев И.Б., 2016
2

БІЛІМ АЛУ ӨМІР БОЙЫ ҚАЖЕТ
ОҚО, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы А. Байтұрсынов атындағы жалпы 
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Оралбек Манар Тұрарқызы
Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Н.Ә.Назарбаев.
Жаңа технологияның мақсаттарының бірі - жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін 
жетілдіру,   олардың   өзіне   деген   сенімін   нығайтып,   белсенді   шешім   қабылдауға   дағдыландыру.   Оқушылардың   сабақта 
шығармашылық зерттеуде мүмкіндіктерін сараптаған белгілі педагог С.Соловейчук жазған «Балаларды оқуға мәжбүр ететін 
үш   күш   бар»  тыңдау,   құмарлық,   және   мақсат.   Тыңдау  итермелейді,   мақсат   тартады,   ал   құмарлық   қозғайды.   Ең   басты  
байлығымыз,болашағымыз   оқушылардың   белсенділігі   мен   ішкі   үнін,   пікірін   өз   дәрежесінде   ескермей   келдік.   Менің 
көзқарасыммен қарағанда мектебіміздегі әрбір мұғалім жеке тұлға, өз ойлары мен ұстанымдарын ортақ мүддеге бағыттай  
отырып алар асуларымыз әлі де алда екеніне сенімім мол.
Қазіргі   осы   кезеңде   жүріп   жатқан   Кембриджді   деңгейлік   курстар   дүние   жүзінде   үздік   деп   танылған   жаңашыл 
стратегиялар мен педагогикалық тәсілдерді шешудің бірден- бір жолы болып табылды. Біліктіліктерін арттыру мақсатында  
біздің   мектебіміздің   директоры   Ә.Ә   Сатыбалдиев   және   де   бірқатар   ұстаздар   курстардың   деңгейлік   бағдарламаларын  
орындап,   сертификатқа   ие   болып   келді.   Курстан   өткен  мұғалімдер  коуч   пен   тәлімгердің   ролін   орындай  отырып,   түрлі  
тақырыптарда мұғалімдердің топтық және жекелей оқуын басқара білді. Тәжірибиесі аздау мұғалімдерге көмек көрсетіп,  
мектеп ұжымының әдістемесінің өсуіне өздерінің оң әсерін тигізуде. Менің тәлімгерден тәлім ала отырып, байқағаным  
топтық жұмыс қолайлы орта қалыптастыруға көмектесетін және мақсатқа жетудің бірден-бір құралдарының бірі болады 
екен.   «Менің   өзіме   жасатсаң   үйренемін!»   демекші   әр   сабақта   оқушылар   бұрынғыдай   көшіріп   қана   қоймай   белсенді 
әрекеттер ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, суреттеу арқылы ойын жеткізу,пікірлесу,пікір таластыруды атқаруда.
Біз жаңа терминдермен таныса отырып, мән мағынасын түсінудеміз. Ең бастысы- балаға деген жылылық қарым- қатынас  
орнату арқылы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға қалыптастыру. Және де рефлекция жасап,Блум тасономиясы, жеті  
модульді қолдану қажеттілігін үйрендім. Менің алға қойған мақсатым сабақ беретін сыныптан нысаналы АВС деңгейдегі  
үш оқушыны алдым .АВС деңгейдегі оқушылардың білім дәрежесі қаншалықты өскендігін анықтау болды.Осы әдіс тәсілді  
пайдалану   арқылы   өз   тәжірибиеме   келетін   болсам,сабақтарымды   сыни   тұрғысынан   ойлау   АКТ   модульдерін   жиі 
қолданамын.Ал   мектепте   алған   білімді   оқушылардың   қолдана   білуін,өмірмен   байланыстыра   алуын   жүзеге   асыру   көп  
жұмыстануды қажет етті.Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибиеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де,оқушыларымды 
да   өзгерте   алдым   дей   аламын.Өзгеріс-дегеніміз   жаңа   тәсілдерді   енгізу.   Өз   тәжірбиеме   енгізген   жаңа   тәсілдің   бірі-
тренинг.Тренинг оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда,қызығушылықтарын арттыруда,ынтымақтастықта қалыптастыруда 
маңызды   тәсіл.Сабақтарымда   осындай   тренинг   өткізу   оқушыларға   жағымды   оң   әсер   берді   және   ең   бастысы,оларға  
ұнады.Мысалы,сыныпта   ынтымақтастық   атмосферасын   орнату   мақсатында   “Шаттық   силаған   күн”тренингісін 
ұйымдастырғанда оқушылар күннің бойынан жылу арқылы жақсы қасиеттер қабылдап,жағымсыз қасиеттерін бұлт арқылы  
көшіріп,бір-біріне жақсы тілектер айтты. Сабақ басталарда оқушылар тарапынан «бүгін қандай тренинг өткіземіз?», “бүгін 
топқа қалай бөлінеміз?” деген сұрақтарды есту маған жақсы көңіл-күй силап,өз жұмысыма деген сенімді арттыра түсті.
Топтық жұмыс бұрын-соңды қолданбаған тәсілдерімнің бірі.Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу 
мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға,бірін-бірі үйренуге жағдай жасайды және 
көшбасшыны анықтауға мүмкіндігін береді.Ал сыни тұрғысынан ойлау-креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы.СТО-
ды ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. 
Әрине маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт кажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп,сабақты өмірмен 
байланыстырып әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқушыларда қызығушылық арта түсті.Әр 
сабақ   соңында   оқушылардың   жеткен   жетістіктерін   кемшіліктерін   талдап,түсіндіріп   отыруға   тырыстым.Бұл-менің 
тәжірибиемде енгізген ең басты жаңалық болды.
Әр сабаққа  мақсат құрып күтілетін нәтижелі  анықтап олардың сабақ барысында не  арқылы бағаланатынын көрсетіп  
отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін 
толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім-нұсқаушы,оқушы ізденуші екендігі айқындалды.
Сабақтарда   жүрген   жұмыс,топпен   жұмыс   және   жеке   жұмыстар   жасалса,сынып   бөлмесінде   топ   ережесінде   және 
рефлекция жазатын бұрыштар жасақталып,парталардың орналасуында өзгерістер болды,және оқушыларымның өз сөздерін 
“ Менің пікірім былай” “ Менің ойымша” деп бастауларын талап еттім.
Жоғарғыдағы   талаптарды   ескере   отырып,сабақтың   төрт   кезеңінде   оқушылардың   проблемасын   шешу   ақпараттың 
коммуникативтік   құзіреттіліктерін   дамыту   максатында   әртүрлі   стратегиялардың   тиімді   қолдауына   ерекше   мән  
бердім.Мысалы,бір   сабағымның   кіріспе   бөлімінде   үй   тапсырмасын   «ұяшықтар   таңдау»   әдісімен   қайталау,тұсаукесер 
бөлімінде «постер қорғау» әдісімен ой қозғау,негізгі бөлімінде топтарға тапсырма беру (плакат бет арқылы слайд арқылы) 
интербелсенді тақтада ұяшықтар арқылы кейіпкерге еніп рольдерде ойнау,,қорытынды бөлімінде (тест АВС) стратегияларды 
қолданудың тиімділігін анықтадым.
Сонымен қатар, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту іске асты.Себебі мәтін жазуда оқушылардың жүйелі 
ойлауы,түсінуі,талдауы,әңгімелесуі, диалог арқылы орындалды.
Пікір
Қазақ   тілі   пәнінің   мұғалімі   Оралбек   Манар   «Жаңаша   оқытудың   тиімді   әдістерін   пайдалана   отырып   оқушыларды 
шығармашылық жұмысқа баулу»тақырыбындағы баяндамасы жақсы жазылған.
Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу,топтастыра отырып шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру барысындағы 
жазылған баяндамасы бірлестік отырысында талқыланып, аудандық тамыз пед оқуына ұсынылады.
Пән әдіс бірлестігінің жетекшісі: Ф. Қонақбаева
* * * * * * * *
3

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫ: 
«ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
ОҚО. Шымкент қаласы №103 жалпы орта мектебінің 
физика пәнінің мұғалімі Айтбаева Мадина Жайлауқызы
Мақсатым:  қазіргі  заман  талабына   сай оқушыларға   саналы  тәрбие  мен  сапалы  білім  беруде,   өз   біліктілігімді  көтеріп, 
оқушыларды ғылыми-шығармашылыққабаулу.
Міндетім: мақсатыма жету үшін жаңа инновациялық технологиялар элеметтерін әрбір сабақта пайдаланып,пәнге 
қызығушылығынарттырып, үздіксіз ізденісте болу және мұратыма жету үшін аянбай еңбек ету, із қалдыру үшін өлшеусіз тер 
төгу.
Ұстанымым: Уақыт-өмір. Ұстазға ең қажеттілік уақытты тиімді пайдалану, «Ұстаз - ұстаз емесшәкірті үшін күймесе, 
шәкірт - шәкірт емес өз ұстазын сүймесе» шәкірт үшін аянбай жауапкершілікпенеңбек ету.
Өз басшым – ақылым, жетекшім – қатаң талап, шолушым – пікір мен ойлар,қорғаным – сабыр, қорғаушым – салмақты 
мінезім. Әрине сыншы – сіздер!
Өмір – теңіз, адам – қайық.Асау белді өмірдің сәні мен мәні – жарық жұлдыздай жарқырап өту, қамшы сабындай өте қысқа 
ғұмырда асу биіктерге өрлеу.
Білім беру жүйесінің алға қойған мақсаты – оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, 
оқушыны ізденуге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.Күнделікті өмір ағымының өзекті мәселесі оқушыларға терең де 
сапалы білім берудеәдіс – тәсілдер элементтерін заман талабына сай тиімді пайдалану, пәнге деген ынтасын ояту. 
Оқушылардың қалайда қызығушылығын арттыру үшін үйірме сабақтарының артықшылығы зор. Ол үшін оқу жылының 
басында жоспар құру қажет.
1.Физика пәнінен кіші ғылыми - зерттеу шығармашылық тобымен жұмыс жасау.
Кіші ғылыми – зерттеу шығармашылық тобының жоспары

Жасалынатын жұмыс
Мақсаты
Мерзімі
1
Дарынды оқушыны анықтау, пәнге 
қызығушылығы басым оқушыны табу
Сарапшыларды сайлап, анкета мен тест сұрақтарын 
беру арқылы оқушыларды анықтау
25.09.14.
2
Ізденушілерге тақырыптар беру, 
өмірдегіәр түрлі техникалар жайлы
Әрбір оқушы таңдайды, қолдануға әдебиеттер 
жинақтайды, интернеттегі ақпараттармен танысу
23.10.14.
3
Теориялық бөлім
Баяндамалар оқылады, қосымша толықтырулар
27.11.14.
4
Тәжірибе жасау
«Білгіштер бекеті» аясында эксперименттер көрсету 
физиканың әр түрлі құбылыстарына
25.12.14.
5
Графиктік бөлім
Тақырыптарды график, схема, кестелер бойынша 
түсіндіру, бір – бірімен байланысу
29.01.15.
6
Есеп шығару бөлімі
Жалпы практикалық маңыздылығы, өз тақырыптары 
бойынша есеп шығаруда пайдалануын түсіндіру
26.02.15.
7
Құрылымдық бөлім
Оқушылар өз қолдарымен тақырыпқа қажетті 
құралдар жасау, қорғау
26.03.15.
8
Тексеру бөлімі
Сарапшылар тексеріп, кемшілігі мен қажеттілігін 
айту, талдау.
30.04.15.
9
Ғылыми жобаны қорғау
«Жас ғалым» атты ғылыми-теориялық 
конференциясын да әрбір оқушы слайдтар арқылы 
түсіндіру, зерттеу күндері және суреттері
15.05.15.
2.«Ең үздік жас физик»атты мектепішілік зияткерлік ойыны
Іс – шара 12.03.15ж күні сағ 15.00-де АКТ залда өтеді
Мақсаты:Физика факультатив сабақтарында өтілген білімдерін жүйелеу, мектептің үздік физигін анықтау, шығармашылыққа 
баулу, пәнге қызығушылықтарын ояту.
Міндеті:физикалық шамаларды, формулаларды, заңдар мен тәжірибелерін, сапалы және сандық есептерді шығару, 
эксперимент жасай білу.
Ережелері:9-11 сыныптарынан бір оқушы қатысуға міндетті. Уақытты тиімді пайдалану мен жоспарға сәйкес жұмыс жасау.
Жоспары
1.Таныстыру, мақсаты, міндеті, ұстанымы
2.Физиканың жүйрігі кім?    3.Ұлы физиктер мен еңбектері
4.Физиканың заңдары (тұжырымдамасын айту)  5.Физика мен техниканың байланысы
6.Механика есептері
7.Графиктермен жұмыс   8.Сапалы есептер
9.Өнертапқыш, эксперимент жасау
10.Қара жәшік құпиясын тап!
4

3.«Жас ғалым» атты ғылыми - теориялық конференциясы
Іс – шара15.04.15ж күні сағ 15.00-де АКТ залында өтеді
Мақсаты:физиканың«Жас талант»атты үйірме сабақтарында өтілген білімдерін жүйелеу,қорытындылау,дарынды - талантты 
оқушыларды баллдық жүйе бойынша анықтау, ғылыми жаңалықтарын ашуға қызығушылығын ояту.
Міндеті:физикалық құбылыстар мен тәжірибелер және эксперимент жасап, өмірдегі физиканың әртүрлі тақырыптарын 
ашып, қорғай білу мен үздіксіз ғылыми – ізденісте болу.
Ережелері:9-10 сынып оқушыларының өз қалауымен, қызығушылықпен қатысу.
Ғылыми жобаны қорғау уақыты 7-10 мин аралығында болуы тиіс.
Ғылыми жоба 20-25 беттен теориясы, слайдтары қорғауына карай, практикалық зерттеу суреттері болуы міндетті.
Ғылыми жобалары баллдық жүйеде анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
«Жасғалым»аттығылыми - теориялық конференциясы

Сыныбы
Оқушының аты
Тақырыбы
1
9 «А»
Құдайберді
Механикалық энергияның түрлері, мысалдары, сақталуы.
2
9 «А»
Тойжан
Электр энергиясын өндіру жолдары
3
9 «А»
Ұлпан
ЭМ-тік толқындардың қазіргі заманда қолданыстары
4
9 «А»
Ерназар
Атомдық құбылыстар
5
9 «Ә»
Қайрат
Қолмен жұмыс жасау генераторы
6
9 «Б»
Жанар
Күнтізбе тарихы, түрлері, қазіргі күнтізбе
7
9 «Б»
Айару
Энергияның бір-біріне айналу кезіндегі мысалдары
8
9 «Б»
Айымторы
Табиғи радиоактивті ыдырауда бөлінетін атомдар
9
10«А»
Гауһар
Лазердің түрлері, жетістіктері
10 10«А»
Ақнара
Линзаның түрлері, пайдасы
11 10«А»
Әсел
Ньютонның заңдары
12 10«А»
Жания
Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері
13 10«А»
Бейбарыс
Газдардың техникада қолданылуы
14 10«А»
Ислам
Уран кенінің пайдасы мен зияндылықтары
15 10«А»
Меруерт
Сұйықтың қасиеттері
16 10 «Ә»
Мадина
Табиғаттағы күштер
17 10 «Ә»
Айжан
Газдардың техникада қалай қолданылуының мысалдары
18 10 «Ә»
Ғалия
Газдың қасиеттері
19 10 «Ә»
Назерке
Идеал және реал газдар
20 10 «Ә»
Бақберген
Радиоактивті сәулелерден қорғану жолдары
21 10 «Ә»
Гүлнұр
Линзаның зияндылықтары
4.«Өмірдегіфизика»атты дебат пікір-талас сайысы
Іс – шара 11.04.15ж.күні сағ 15.00-де физика кабинетінің интерактивті тақтада өтеді.
Мақсаты:өмірде қолданылып жүрген әр түрлі заттардың физикалық қасиеттерін меңгеріп, өз ойын жинақтап, жеткізе 
білуге,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ашуға дағдыландыру.
Міндеті:ғарыштың, ядролық энергияның, рентгеннің, радиоактивті сәулелердің, компьютердің, ұялы сымтетіктің пайдасы 
мен зияндылықтарын зерттеп, пікір-таласпен сайысу.
Ережелері:9 сынып оқушылары арасында өтеді. Әр сыныптан4 оқушыдан қатысады.
Баяндамалары, слайдтары, зерттеу суреттері болуы керек.
Баяндамасын 5 мин слайдпен көрсетіп түсіндіреді.
Қатысқан оқушылар еңбектері үшін «Алғыс хаттар» беріліп марапатталады.
«Өмірдегіфизика»атты дебат пікір-таласы

Сыныбы
Оқушының аты
Тақырыбы
1
9 «А»
Инкарова Меруерт
Компьютердің пайдасы
2
9 «Б»
БайсаловаЖансая
Компьютердің зияндылығы
3
9 «А»
Қуанышбаева Динара
Ұялы сымтетік пайдасы
4
9 «Ә»
Балтабаева Жұмагүл
Ұялы сымтетіктің зияны
5
9 «А»
Бауыржан Мағжан
Радиоактивті сәулелердің пайдасы
5

6
9 «Ә»
БолатоваАйдана
Радиоактивті сәулелердің зияны, қорғану жолдары
7
9 «А»
Мамыралы Мадина
Ғарыш саласының жетістіктері
8
9 «Б»
ӘлиасқарҚасым
Ғарыш саласының зияндары
9
9 «А»
АйтеновЕркебұлан
Рентген сәулесінің зияны
10 9 «Ә»
ШамұратНұрай
Рентген сәулесінің зияны
11 9 «А»
СалибековЕлдос
Күштердің пайдасы
12 9 «Б»
ТағабайГүлжайна
Күштердің зияндылықтары
5.«Физика мен техника»атты 10 «а, ә» сынып оқушылары арасында өтетін сайыс сабағы
Іс – шара14.05.15ж күні сағ 15.00-дефизика кабинеті, интерактивті тақтада өтеді.
Мақсаты:Сынып оқушылары физика пәнінің техникалармен байланысын, ерекшеліктері мен қолданылуын меңгеру.ІІ жарты 
жылдықта алған білімінің сапасын, үлгерімін, орта балын анықтау, өтілгенбілімдерін жүйелеу, сараптама 
жасау.Міндеті:электродинамика, электростатика, тұрақты электр тогы, электр және магнетизм, электромагниттік индукция 
заңдары мен тәжірибелерін, сапалы және сандық есептерін шығару, эксперимент жасай білу
Ережелері:жаратылыстану бағыты бойынша 10 а,ә сыныптарынан6 оқушы қатысады. Уақытты тиімді пайдалану мен 
жоспарға сәйкес жұмыс жасау.
Жоспары
1.Топтытаныстыру,ұраны, эмблемасы2-мин
2.Физиканың техникамен байланысы (баяндама)3-мин
3.Кім жылдам? (физикалық шамалар, формулалар)3-мин
4.Физикалық заңдар (Кулон, Ом, Ампер, Лоренц,Био-Савар-Лаплас заңдары)5-мин
5.Электр тарауына сандық есептер5-мин
6.Топ басшы жарысы (электр тізбектерін графикбойынша жинап көрсету)5-мин
7.Электромагниттік өріске, энергияға,индукциясына сапалы есептер5-мин
8.Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель
жалғау (тәжірибе көрсету)5-мин
9.Электр, магнитөрістеріне жұмбақтар қою3-мин
10.Құрастыр, шешуін тауып мәнін түсіндір6-мин
11.Қорытынды бағалау (смаиликтерді санау)3-мин
* * * * * * 
ОҚО  Шымкент қаласы білім беру бөлімінің
 физика және информатика пәндерін оқытудың әдіскері  Салибекова Мадина
Тақырыбы: Физика пәнін оқытуда Блум таксономия технологиясын қолданудың тиімділігі
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың  
жаңа теңнологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық – коммуникациялық желілерге шығу» 
деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына  
ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».  
Сондықтан мен сабағымда 7 модульді ықпалдастыру арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлауға 
үйрету үшін  сабақ  кезеңдерінде  орындалатын тапсырмалар мен сұрақтардың  барлығы  баланың  сыни  тұрғыда  ойланып  
жауап   беруіне   бағытталып   жасалуы   керек.   Сыни   тұрғыда   ойлау   –   бұл   жаңа   материалды   қабылдап,   ойланып,   талдап,  
жүйелеп, пікірлесіп, өмірмен байланыстыра алып, жаңа ой қосу болып табылады. Сыни ойланулар барысында  жеке, топтық  
жұмыстар нәтижесінде сабақты өздері аша біледі, қорытынды жасай алады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың 
білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана 
отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, 
шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін 
арттыру жолдарын қарастыру.  Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд 
қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы 
Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан 
ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум 
таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру./МАН-43 бет./
Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені 
зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум 
таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп 
өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда 
6

оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум 
таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін 
және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды 
пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы 
түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, 
өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша 
жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен 
ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын 
түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік 
әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде 
сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;
2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;
3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;
 4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.
Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, 
яғни когнициясы.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік 
әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, 
ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі 
қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:
 - адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
 адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
 дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
 тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
 ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет