Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі е



бет1/4
Дата20.02.2023
өлшемі77,02 Kb.
#69437
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Е.A.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Археология,этнология және


Отан тарихы кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақ орда

Орындаған: ИО-23 тобының


студенті Шайхиддин E.Д.
Тексерген: Смағұлов Н .Б

Қарағанды 2022


Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................3


I.1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
1.1 Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясы...................................6
1.2 Ақ Орданың саяси құрылымы.........................................................................8
1.3 Ақ Орданың дамуы..........................................................................................15
II.2.Ақ Орданың этникалық және саяси тарихы
2.1 Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамы...................................................19
2.2 Ақ Орданың құлдырауы.................................................................................20
III.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................26
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тарихының түрлі аспектілерін, оның нақты тарихи даму жолдарын жан - жақты, терең ғылыми тұрғыда зерттеу және белгілі бір тарихи кезеңде Қазақстан аймағында өткен этно-саяси процестердің сиппатамасын беру тарих ғылымы үшін өзекті проблема болып табылады. Осы аймақтағы тарихи процестердің кейінгі барысына негіз болған XIII-XV ғасырлардағы кезеңін ғылыми және обьективті түрде зерттеу міндеті туады. Осы кезеңдегі Шығыс Дешті Қыпшақтың аймағында орналасқан Ақ Орда тарихын жан жақты әрі терең ғылыми тұрғыда зерттеу болып табылады. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен қазақ халқының қалыптасу барысындағы этникалық кезеңді білуде-Ақ Орда тарихының маңызы өте ерекше. Осындай маңызы жоғары тақырып болса да әлі күнге дейін Ақ Орда тарихына арналған ғылыми жұмыстар жеткілікті емес. Оның себептеріне тақырыптың өте күрделілігі мен ауқымдылығы, дерек мәліметтерінің тапшылығы, қарама қайшылықты пікірлердің көптігі және т.б жатса керек. Аталған жайттар тақырыпты зерттеуге мүмкіншілік жоқ деген ой тудырмайды. Зерттеушілердің бүгінгі күнгі өкілдері болмаса да,ертеңгі күнгі ұрпақ өкілдерінен Ақ Орда тарихымен айналысатын мамандардың шығатыны сөзсіз. Жошы ұлысының тарихи жазбаларында Ақ Орда тарихын зерттейтін арнайы жұмыстар жоқ, бір жағынан Жошы ұлысының жалпы тарихы бойынша зерттеулердің көбі біржақты болып келеді.Зардыхан Қинаятұлының кітабында тарихшы Н.Н. Мингулов «Ақ Орда әуел бастан-ақ саяси-экономика тұрғысынан дербес мемлекет ретінде қалыптасқанын»айта келіп, «алғашқы қазақ мемлекеті,Қазақ халқының қалыптасуының басты ұйытқысы болғандығын» атап көрсетті. Академик М.Қ соңғы еңбектерінде Ақ Орданың мемлекеттігі тарихына байланысты тың пікірлер көтерілді.Ол 1998 жылы жасаған «Отан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері»атты баяндамасында Орыс тарихи жазылымдарында «Көк Орда» атанып келген Ақ Орда тарихына деген концептуалдық бағытты өзгертетін кез жеткендігін айта келіп, «Ақ Орда іс жүзінде Қазақ мемлекеті»деп атап көрсетті.Жоғарыда аталған еңбектердің негізінде бүгіндері Ақ Орда тарихын зерттеудің тарихнамалық мүмкіндігі қалыптасып келеді деп айтуға мүмкіндік бар. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.Осындай көкейкесті мәселелер теориялық,ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет