Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі


сипаты бар қолданылатын іс-шаралар жүйесі



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата27.04.2022
өлшемі2.24 Mb.
#32461
1   2   3   4   5   6   7   8
сипаты бар қолданылатын іс-шаралар жүйесі.

Тьютор-тәлімгер-делдал бұл өзіндік білім алу, индивидуалды білім алушылық бағыт процесін қолдаушы және

сүйемелдеуші позиция. Қазіргі отандық тәжірибеде дарынды оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеруіне

жағдай жасау мақсатында да мектептерде академиялық кеңесшілер – тьюторлар қызметі ұйымдастырылған.

Тьютор – оқушының дербес оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруда негізгі үйлестіруші рөлін

атқарушы. Бүгінгі зияткерлік мектептер тәжірибесі негізінде айтсақ, тьютор оқушылармен, пән мұғалімдерімен жеке

сұхбаттасу, кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр баланың сұранысын анықтап, оқу материалын игеру деңгейіне

сай біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қосымша, жеке сабақтар алуын ұйымдастырады. Тьютор мынадай

бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

• оқушыларға оқу-танымдық қызметтегі ұзақ және қысқа мерзімдік жоспарларын құруға, мақсаттарын анықтауға

көмектесу;

• оқушылардың жеке оқу бағдарламалары бойынша нәтижелерін талдау, мониторинг жүргізу;

• ғылыми жобалар, шығармашылық ізденіс бағыттары бойынша жұмысына қолдау көрсетіп, жетекшілік жасау.

Зияткерлік мектептерде ауқымды жұмыстан күтілетін нәтиже де үлкен: тьюторлық қызмет оқушылардың оқу

әрекетін ұтымды ұйымдастырып, олардың интеллектуалды дамуын жаңа сатыға көтеру. Демек, әлеуметтік педагог-

тьютор қызметі: педагог-кеңес беруші, тьютор-тәлімгер, тьютор-фасилитатор. Міне осындай бірқатар міндеттерді

атқаратын маман – әлеуметтік педагог, тьютор, әрі толыққанды «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, кешенді кәсіби

даярлықтан өткен білім алушымыз.



Өзге салалармен салыстырып қарағанда әлеуметтік педагогика анағұрлым кешеуілдеп дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның

ғылыми-практикалық, қоғамдық маңыздылығы әлі де болса толық ашылып болған жоқ, мүмкіндіктерін де толық пайдалана алмай да

келеміз. Күнделікті тәжірибедегі түрлі әлеуметтік-тұрмыс көріністері, мектеп, орта және жоғары оқу орындарындағы білім алушылар мен

тәрбиеленушілер арасындағы әлеуметтік–педагогикалық мәселелердің күн сайын артып отырғаны, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар

балаларды оқыту, инклюзивті білім беруді дамыту сынды сұрақтардың теориялық-практикалық (әдістемелік) тұрғыдан толық қамтамасыз

етілуінің қажеттілігі айқын. Бұл орта мектеп пен оқушылардың ата-аналары және қоғамдық орта арасында осы мәндегі жұмыстарды

жетілдіру және қоғам қойған жаңа талаптар тұрғысынан жүргізілуінің маңыздылығын аңғартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет