Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата27.04.2022
өлшемі2.24 Mb.
#32461
1   2   3   4   5   6   7   8
Мәселелер:

1. Ғылыми және практикалық айналымға «Педагог-тьютор», «Тьютор» ұғымдарын кеңінен енгізу;

2. Жаңа атау мен мазмұндағы 6B01801-Әлеуметтік педагогика және тьютор білім беру бағдарламасы, оның маңыздылығы, қажеттілігі

туралы жұртшылықты ақпараттандыру;

3. Мектептерде 6B01801-Әлеуметтік педагогика және тьютор, 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану ББ бойыныша кәсіби

даярлықтан өткен түлектердің қызметке орналасуына басымдық беру (мысалы: арнайы қысқа мерзімді даярлық курстарынан өткен

мамандардың «Өзін-өзі тану» пән бойынша ұстаздық қызмет атқаруы);

4. Мектептің «Қамқоршылық кеңесі» жұмысының ұйымдастырылуы мен жүргізілуіндегі байланыстың әлсіздігі;

5. Әлеуметтік-педагог, педагог-тьютор мамандардың құқықтық-нормативтік сауаттылығы (Педагог құқығының бұзылуы, Кәмелетке

толмаған балалардың құқығының бұзылуы);

6. Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық (профилактика) және зорлық-зомбылықтың азаймауы;

7. Оқушылар арасындағы буллингтің белең алуы (буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда қорлау, қудалау, мазалау, кибербуллинг

– әлеуметтік желідегі оқушы тұлғасының қудалауға, қорлауға ұшырауы);

8. Мамандар арасындағы электронды жүйе, әлеуметтік желілер бойынша жұмыстар жүргізудегі IT сауаттылықтың жеткіліксіздігі.




Осы және өзге де күн тәртібіндегі мәселелер бүгінгі ЖОО деңгейіндегі мынадай жұмыс бағыттарын айқындауға

және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:

1. 6B01801-Әлеуметтік педагогика және тьютор білім беру бағдарламаларының мазмұнын үздіксіз, үнемі жетілдіріп отыру;

2. Педагогикалық жоғары оқу орындары үшін 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану; 6B01801-Әлеуметтік

педагогика және тьютор білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, оқу-

әдістемелік материалдарды жетілдіру, жарыққа шығару.

3. Болашақта әлеуметтік педагогика саласынан білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр – магистратура – PhD

сатылы мамандар даярлауды жүзеге асыру.

4. ЖОО тәжірибесі негізінде қосымша Minor бағдарламасы «Білім беру ұйымдарындағы Тьютор» қосымша білім беру

бағдарламасын құру тәжірибесін тарату.

5. Педагог, педагог-тьютор мамандығына дарынды жастарды тарту.

6. Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту үдерісіне дуалды оқытуды енгізу.

7. Алыс, жақын шетелдік озық тәжірибені игеру, тарату.

8. Түрлі деңгейдегі осы саладағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен басқосулар

жүргізу.



Қорытындылай келе, бүгінгі таңдағы мектеп оқушылары мен жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға

бейімделуі күрделі, қарама-қайшылыққа толы процесс екендігін байқауға болады. Бұл қарама-қайшылықтардың шешім

табуы ең алдымен әр адамның өз болашағы үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі

басқарып, іске асыруы болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушы тұлғасының әлеуметтенуіне қатысты өзекті

мәселелердің негізгі көзі мектеп болып отыр. Бұл орайда ғылым «мектеп – оқушының әлеуметтік бейімделуіне

толыққанды жағдай жасай алып отыр ма, оқушының оқу үлгерімі мен дамуына қолдау жеткілікті ме, мектеп-баланың

социумдағы негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра ала ма», - деген сауалдарға толыққанды жауап бере алды ма?

Болашақта әлеуметтік педагог мамандығына деген қызығушылықтың артары сөзсіз, адамның тұтас

биологиялық, психикалық, әлеуметтік және рухани табиғатын есепке ала отырып, адамдардың әртүрлі

категорияларымен жұмыс жасауда жинақталған тәжірибесін толық қолдануға мүмкіндік туары күмәнсіз. Адамның

әлеуметтік базалық мәнінің бірдей болғанына қарамастан, әрбір жеке тұлға өзінің жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен,

оқытылу және тәрбиелену деңгейлерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл адамтанудағы заңдылық.

Тұжырымдай келе айтқанда бүгінгі жоғары оқу орны қабырғасында меңгертілген кәсіби білім, білік, дағды

және құзыреттіліктерін әлеуметтік педагог, педагог-тьютор өз тәжірибесі барысында ұтымды, шебер қолданса, адам



капиталын дамытудағы қоғамымыздағы орын алып отырған бірқатар мәселелер өз шешімін табады деген сенімдеміз.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет