Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Pdf көрінісі
Дата17.01.2017
өлшемі275,86 Kb.
#2104

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 141-қосымша   



 

 

 

Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін) оқушыларға 

арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін 

«Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 

 

1.  «Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау»  пәнінің  оқу  бағдарламасы 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080 

қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 

2. Көру қабілеті зақымдалған балаларды (көрмейтін және нашар көретін) 

арнайы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  «Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау» 

коррекциялық компоненттерінің негізгі пәндерінің бірі болып табылады. 

3.  Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау  –  көру  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың жас шамасы мен өзіндік ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін есепке ала 

отырып  жүргізілетін  арнайы  (коррекциялық)  сабағының  курсы.  Көрмейтін 

балаларға арналған бастауыш мектепте әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау (бұдан 

әрі  ӘТБ)  сабағы  курсын  нәтижелі  меңгеру  көруі  шектелген  жандардың 

әлеуметтік-психологиялық  бейімделуі  мен  көруі  қалыпты  адамдардың 

ортасына  шоғырлануына  мүмкіндік  туғызады.  Өз  мінез-құлықтарын,  жүріс-

тұрысын  ұйымдастыру  және  әр  түрлі  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайларда 

айналасындағы  адамдармен  араласу  көру  мүмкіндігі  шектеулі  оқушының 

оқудан тыс кездегі өмірде болатын жағдайда өз бетімен бейімделуіне, өздігінен 

өмір  сүру  жағдайында  кездесетінзаттар  мен  құбылыстар  туралы  дұрыс  түсінік 

алуларына,  қоғамда  өзін  басқа  адамдармен  теңбе-тең  ұстай  білу  дағдыларын 

меңгеруге  және  өзін  қоғамның  толыққанды,  толыққұқықты  мүшесіндей 

сезінуге мүмкіндік береді. 

4.  ӘТБ  пәнінің  мақсаты:  көру  қабілеті  зақымдалған  балалардың  қоғамда 

өзін адамдармен  теңбе-тең  ұстай  білуі  туралы  біртұтас  білім,  біліктілік,  дағды 

жүйесін  қалыптастыру  және  заманауи  жағдайға  әлеуметтік-психологиялық 

бейімделулерін қамтиды. 

5. Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу сабағының  міндеттері: 

1)  күнделікті  тұрмыста  пайдаланылатын  заттар  туралы  нақты  түсініктер 

беру, олардың міндеттері және пайдалану ережелері; 

2)  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  құралдар  мен  аспаптарды 

техникалық  қауіпсіздік  ережелерін  сақтай  отырып  пайдалану  дағдыларын 

қалыптастыру; 



      

 

3)  тұрмыста,  көзі  сау  адамдар  ортасында,  қоғамдық  орындарда,  әртүрлі 



жағдайда өзін мәдениетті ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; 

4)  балалардың  бойында  өз  мінез-құлқын,  сырт  келбетін  бақылай  білу 

тәсілдерін  тудыру,  әр  түрлі  жағдайларда  адамдармен  қарым-қатынас  жасай 

білу, әңгіме жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру; 

5) жүйке жүйесінің әр алуан түріне байланысты адамдардың өзара қарым-

қатынасындағы ерекшеліктерімен танысу. 

6. ӘТБ бағдарламасына келесі бөлімдер кіреді:  

1) «Жеке бас тазалығы», «Киім және аяқ киім», «Тамақтану», «Пәтер-үй», 

«Отбасы»,  «Көлік»,  «Байланыс»,  «Өзін-өзі  ұстау  мәдениеті»,  «Медициналық 

көмек», «Сауда»; 

2) «Жеке бас тазалығы» тақырыбы көрмейтін балалар  үшін өте маңызды, 

өйткені олар жеке бас тазалығы туралы алғашқы бастапқы ережелерін, адам көп 

жиналатын  орындарда  өздерін  ұстай  білу  ережелерін  меңгереді.  Көз  көру 

қалдығын сақтау мен теріге күтім, өз денсаулығын сақтау және нығайту;  

3)  «Киім  және  аяқ  киім»,  «Пәтер-үй»  тақырыптарын  өту  барысында 

оқушылар  киім  мен  аяқ  киімді  күтудің  дағдыларына  ие  болады.  Әр  мезгілге 

байланысты киім таңдай білуге үйренеді; 

4)  «Тамақтану»  тақырыбы  бойынша  сабақтар:  тамақ  өнімдерінің  негізгі 

түрлерімен  танысу,  оларды  сақтау  ережелері,  ас  үй  жабдықтарымен  танысу, 

қарапайым  тағамдарды  әзірлеу  дағдысы,  тамақ  ішу  мәдениеті.  Тамақ 

түрлерімен жақын таныс болу сақталған анализаторлар жұмысын белсендіреді, 

оның ішінде сипап сезу, дәм сезу; 

5)  «Отбасы»,  «Мінез-құлық  мәдениеті»  тақырыптарында  отбасындағы, 

сыныптағы,  топтағы,  қоғамдық  жерлердегі  өзара  қарым-қатынас  орнатудың 

жолдары  мен  тәсілдері  ашылады,  үстел  басында,  театрға,  киноға, 

мұражайларға,  дүкендерге  барған  уақыттағы  өзін  ұстай  білу  ережелері 

бекітіледі; 

6)  «Көлік»  тақырыптарын  өтуінде  көшеде  жүру  тәртібі  дағдылары,  жол 

жүру  ережелері  бекітіледі,  балалар  қала  көліктерінің  әр  түрімен,  метромен 

танысады; 

7) ғаламтор мен ұялы телефонның біздің өмірімізге әкелген үлкен әсеріне 

байланысты  балалардың  байланыс  құралдарын  пайдалануын  қалыптастыруға 

зор мән беріледі, сондықтан  «Байланыс құралдар» тақырыбы  4 сыныпта ӘТБ-

ның негізгі қурсы болады; 

8)  «Медициналық  көмек»,  «Сауда»  –  бұл  тақырыптар  көрмейтін  және 

нашар  көретін  балалар  бойында  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету,  сауда 

жасай  білу  дағдыларын  қалыптастырады;  ең  басты  тағам  түрлері  мен  киімнің 

бағасын  білу,  отбасы  қаржысын  үнемдеп  жұмсауға  үйретуге  мүмкіндік 

жасайды. 

7. ӘТБ-де білім, білік дағдыларын  қалыптастыру үшін келесі әдістемелік 

тәсілдер  пайдаланылады:  әңгімелер,  түсіндіру  әдісі,  табиғи  заттарды  көрсету, 

сюжеттік ойындар, экскурсиялар, практикалық сабақтар. 



      

 

8.  ӘТБ-де  бастауыш  сынып  оқушыларымен  жұмыс  істеудің  басты  әдісі  - 



оқып үйренетін затты көрсету, мұғалімнің түсіндіруімен қатар ол затты зерттеп 

қарау. Сезім түйсігі көмегімен оқушылар толық кешенді сезімге (түйсінуге) ие 

болады.  Жылылық,  суықтық,  кедір-бұдырлық,  сыңғақтық,  тегістік  және  т.б. 

Бұған  қоса  көрмейтін  балалар  бойына  зат  (нәрсе,бұйым)  туралы  түсінікті 

қалыптастыру  қажет,  түрлі  пропорцияларын,  физикалық  қасиетін сипаттайтын 

элементтерді  сақтау,  түрлі  жағдайда  орындалатын  үйреншікті  қозғалыстардың 

амалдарын бекіту. 

9.  Әңгіме,  әсіресе,  үйретудің  бастапқы  кезеңінде  көмекші  құрал  болады. 

Ол таныстыру, қорытынды сипатында, сонымен қатар әңгіме-пысықтау түрінде 

жүргізіледі.  

10.  Ойын  әдісінің  мынадай  түрлері  бар:  айқын  сюжетті  ойын,  еркін 

сюжеттік ойын, жатталып алынған рольдері бар сахнаға лайықталған ойындар, 

балалар және топтар арасындағы жарыс ойындар. 

11.  Экскурсиялар  –  таныстырмалық,  күнделікті,  қорытынды  болады. 

Көрмейтін  балалар  тобы  шағын  (6-8  адам)  болу  керек,  көз  көру  қалдығы 

сақталған  балалар  көрмейтін  баламен  жұптасып,  кірерде  және  шығарда  оларға 

сөзбен  немесе  қол  қимылымен  жолдағы  кедергілер  туралы  ескертіп  отырады. 

Есту  түйсігіне  көп  көңіл бөлу  керек,  балаларды  дыбыстың бағытын  анықтауға 

үйрету  керек,  күнделікті,  табиғи,  қала  дыбыстарын  анықтау  және  білу,  иіс 

түйсігін  дамыту-иіс  арқылы  киімнің,  төсек-орынның  тазалығын,  тағам,  азық-

түлік сапасын анықтай білу. 

12. Бастауыш сыныптарда ӘТБ бағдарламасы көрмейтін баланы өзіне-өзі 

қызмет  ету,  жеке  бас  тазалығы,  отбасындағы  және  қоғамдағы  мінез-құлық, 

жүріс-тұрысы  бастауыш  сынып  оқушылары-көз  мүгедектерін  олардың  өзіндік 

ерекшеліктерін  ескеріп,  сюжеттік-рольдік  ойын  түрінде  өмірде  болатын 

жағдайлардың үлгісін жасай отырып үйретуге бағыттайды. 

13.  ӘТБ-бағдарламасын  құрастыруда  қазақ  халқының  ұлттық  салт-

дәстүрі, қазақтың ұлттық педагогикасының негізгі пайымдаулары ескерілді.  

14. Пәннің оқу жүктемесі: 

кесте 1 


№  Оқу пәні 

Сыныптар бойынша сағаттар саны  

(1 аптада) 





Әлеуметтік-тұрмыстық 

бағдарлау 





 

15.  Көзі  көрмейтін  оқушыларды  оқытудағы  нәтижелікті  бағалау:  көру 

қабілеті  зақымдалған  оқушыларға  жеке  ыңғайда  қарау,  жеке  тұрғыдан  келу 

жағдайында  балалардың  өзіне-өзі  қызмет  ету  дағдысы  мен  көзі  көрмейтін 

бастауыш  сынып  оқушыларының  әлеуметтік  бейімделуін  дамыту  мен 

қалыптастыру нәтижелілігі мониторингке негізделген өз мүмкіндіктеріне дұрыс 

қарауын  қалыптастыра  отырып,  олардың  жетістіктері  баллдық  емес,  сапалы-

түсіндірмелі сипатта бағаланады. 



      

 

 



2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

16.  Кіріспе:  оқушыларды  бір-бірімен  таныстыру.  «Бұл  кім?»  ойыны. 

Айналасындағыларды дауысына қарап тану. 

17.  Адамдармен  қарым-қатынас  жасау  түрлері:  амандасуды  (сәлемдесу) 

үйренеміз. Өтініш (сұрау), алғыс айту, ыммен көрсету, дене қимылы. 

18. Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру:  

1)  жоғары-төмен,  оңға-солға,  алда-артта,  үстінде-астында,  аралығында, 

жанында; 

2) осы түсініктерді іс жүзінде бекіту (ойын, практикалық іс-әрекет). 

19. Қолдың ұсақ қозғалысын дамыту: қолдың білезігі мен саусақтарының 

үйлесімді  қозғалысын  дамытуға  арналған  жаттығулар  комплексі  (кешені), 

заттарды:  тарақты,  щетканы  т.б.  тұрмыста  қолдана  білуін  қалыптастыру. 

Қимылдарды көрсету, сюжеттік ойын. 

20.  Мектеп  ғимаратындағы  кеңістікті  бағдарлауға  үйрету:  сынып 

бөлмесімен таныстыру: партаны, үстелді, жұмыс орнын табу, дәлізді бағдарлау, 

баспалдақпен  көтерілу,  түсу.  Бірінші  қабаттағы  нысандар,  екінші  қабаттағы 

нысандар,  жатын  бөлмені  бағдарлау:  төсек,  тумбочка,  шкаф.  Асхана,  үстелдің 

орналасуы, үстел басындағы өз орны.  

21. Жеке бас тазалығы:  «Жеке бас тазалығы» ұғымы. Күн тәртібі. Көздің 

көру  қалдығын  сақтау  (қорғау)  үшін  жеке  бас  тазалығы  мен  күн  тәртібінің 

маңызы.  Таңертеңгі  және  кешкі  уақыттағы  баланың өзін-өзі  тазалыққа  келтіру 

дағдысының  жүйелілігін  қалыптастыру,  сабынның  түрлері,  қолды  кептіруге 

арналған электр құрғатқыш. Тісті тазалау дағдысын қалыптастыру, тіс пастасы 

мен  тіс  щеткасының  түрлері.  Шампуньмен  бас  жуу,  аяқ  жуу.  Жеке  бас 

тазалығына  арналған  заттарды  қолданудың  жеке  ерекшеліктері  және  оларды 

интернат жағдайында сақтау ережелері. 

22. Киім және аяқ киім: киім кию, шешу, оларды рет-ретімен жинап қою, 

өз  шкафтарына  салу  дағдыларын  қалыптастыру.  Иіс  түйсігі  мен  сезім  түйсігі 

арқылы киімі мен аяқ киімдерінің тазалығын анықтау.  «Іш киім», «сырт  киім» 

ұғымдары. Тұрмыстағы тазалық пен ұқыптылық ұғымдарының мағынасы.  

23.  Тамақтану:  үстел  басында  бойын  тік  ұстап  дұрыс  отыруды,  ас  үстелі 

басында дұрыс отыру дағдысын қалыптастыру. Ыдыс-шәйға арналған ыдыс, ас 

ішетін ыдыс. Ас ішетін сайман, оны қолдана білу. Үстел басындағы өзін ұстау 

мәдениеті. 

24.  Пәтер  –  үй:  үйлердің  түрлері.  Бөлмелер,  үй  бөлмелерінің  қызметі, 

жиhаз. Пәтер-үйде тазалық сақтау. Үйлердегі жарық пен жылыту. Бөлмелердің 

ішкі көрінісі. 

25. Отбасы: отбасы ұғымы. Отбасы құрамы. Туыстық қатынас, отбасылық 

қарым-қатынас.  Отбасындағы  мінез-құлық  ережелері.  Күнделікті  тұрмыста 

қолдан келгенше көрсетілетін көмек. 

26.  Дайындық  сынып  оқушысының  даярлық  денгейіне  қойылатын 

талаптар: 



      

 

1)  сынып,  жатын  бөлмелерде,  қызмет  орнына  бейімделе  білу,  өз  жұмыс 



істейтін  орнын  таба  білу,  кеңістіктік  ұғымдарды  іс  жүзінде  қолдана  білу, 

заттарды және құралдарды қолдануда қимыл үйлесімділігін сақтау; 

2)  сезім  түйсігі  көмегімен  (алақан,  саусақтар,  аяқтың  табаны,  тері) 

тұрмыстық  нысандардың  ерекшеліктері  (сипаты)  мен  олардың  пішіні, 

материалы, сыртқы бетінің ерекшеліктерін айыра білу; 

3) сақталған анализаторлар (түйсіктер) арқылы: есту, иіс сезу, дәм, көздің 

көру  қалдығы  арқылы  қоршаған  (айналадағы)  заттарды  тани  білу.  Жеке  бас 

тазалығын сақтау, өз бетімен күнделікті әрекеттерді бір жүйелілікте жасау; 

4) дұрыстап тамақ іше білу, үстел басында өзін мәдениетті (дұрыс) ұстай 

білу ережелерін сақтау; 

5)  өз  бетімен  шешіну,  киіну  дағдылары.  Заттары  мен  аяқ  киімін  арнайы 

бөлінген орындарда сақтау. Оларды күтіп ұстай білудің қарапайым ережелерін 

білу, жеке бас тазалығына керекті заттарды пайдалана білу. 

 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

27.  Кіріспе:  сынып  бөлмесіне  бейімделу,  дәлізде  жүруді  үйрену,  таныс 

оңашаланған  кеңістікте  бағдарлану:  жатын  бөлме,  ас  үй  орналасқаны  туралы. 

Күнделікті әрекетте осы түсініктерін қолдана білу. 

28. Жеке бас тазалығы: 

1)  күн  тәртібі.  Оның  орындалуы.  Жеке  бас  тазалығы  ережелерін  сақтау. 

Жеке  бас  тазалығына  арналған  заттар  арқылы  жұғатын  көз  аурулары.  Тіс 

тазалау  мерзімі  аралығы.  Шаш  күтімі  ережелері.  Бас  жуу  аралық  мерзімі, 

шампунь  түрлері,  шаш  ерекшеліктеріне  байланысты  оларды  таңдап  алу. 

Қайызғаққа  қарсы  құрал.  Жеке  бас  тазалығына  арналған  заттарды  қолдану 

ерекшеліктері; 

2) практикалық сабақ: шаштаразға бару, шаштараздық қызмет көрсету. 

29. Киім және аяқ киім: 

1) әр мезгілге байланысты киім және бас киім таңдау. Киім және бас киім 

түрлері; 

2)  киім  мен  аяқ  киімді  күнделікті  күту.  Сезу  түйсігі  және  иіс  түйсігі 

арқылы киімнің тазалығын бақылау; 

3) су киім мен аяқ киімді күтуге арналған заманауи құралдар. 

30. Тамақтану: 

1)  азық-түлік  тағамдарының  әр  түрлілігі  және  олардың  адам  өміріндегі 

маңызы.  Дәрумендер.  Мектептегі  тамақ  дайындайтын  жерге  экскурсия:  Ас  үй 

жабдықтары. Аспазшы мамандығы. Түскі ас пен кешкі  ас аралығындағы жеңіл 

асты даярлаудағы үстелдерді жабдықтауда балалардың көмегі; 

2)  практикалық  сабақ:  үстелді  шай  ішуге  жабдықтау.  Қарапайым 

бутербродтер. 

31. Пәтер-үй: 

1)  үй  түрлері,  пәтер,  бөлмелер  қызметі,  пәтер-үйді  тазалықта  ұстау.  Үйді 

тәртіпке келтіру түрлері: дымқыл және құрғақ; 



      

 

2)  практикалық  сабақ:  сынып  бөлмесін  жинастыру,  шаң  сүрту,  шкафтар 



мен парталарды ретке келтіру; 

3)  жақын  маңдағы  құрылыс  алаңына  экскурсия:  «Үйлер  қалай 

салынады?». 

32. Отбасы:  

1)  өз  отбасыңның  құрамын,  жақын  туыстарыңның  есімдері  мен  әкесінің 

атын,  олардың  жасын,  немен  айналысатынын  білу,  отбасындағы  мінез-құлық 

ережелерін  білу:  үлкенді  құрметтеу,  оларға  қолдан  келгенше  көмек  көрсету, 

отбасы  мүшелері  арасындағы  күнделікті  шаруашылық-тұрмыстық  міндеттерді 

бөліп атқару; 

2)  практикалық  сабақ:  отбасылық  мерекелер,  салт-дәстүрлер  туралы 

ойындар. 

33. Көлік:  

1)  көлік  түрлері,  қалалық  көлік,  көлікке  міну  және  түсу  ережелері. 

Қаладағы метро, метродағы жүріс-тұрыс ережелері, көз мүгедектеріне арналған 

дыбыстық бағдаршамдар. Жол жүру ережелері; 

2)  дыбыстық  бағдаршамдары  бар  көшелерге  экскурсия,  олар  арқылы 

жолдан өту. 

34. Мінез-құлық мәдениеті:  

1)  дұрыс  келбетін  (бойын  тіктеп  ұстай  білуін)  қалыптастыруда 

жүргізілетін жұмыс, әдемі жүре білу, қисынды және орынды ымдай білу; 

2) 

құрбы-құрдастарымен, 



жасы 

кішілермен 

кездескенде 

және 


қоштасқанда  мінез-құлық  ережелері.  Үлкендерге  және  құрбы-құрдастарына 

өтініш  жасаудағы  өздерін  ұстай  білуі.  Әдептілік  пен  сыпайылық  мәдениетті 

адамға тән қасиет; 

3) 


практикалық 

сабақ: 


«Мектеп 

директорының 

кабинетінде», 

«Дәрігерде», «Доспен кездесу»; 

4) ойын-драма «Әр түрлі жағдайдағы мінез-құлық». 

35. Сауда:  

1) 

дүкен  түрлері:  азық-түлік,  шаруашылық,  кітап  дүкендері, 



супермаркеттер. Олардың атаулары. Базарлар; 

2)  дүкендерден  тауар  сатып  алу,  негізгі  азық-түлік  пен  бірінші 

қажеттіліктегі тауарлар бағасын білу. 

36. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 

1) жеке бас тазалығы дағдыларын игеру, киімі мен аяқ киімін таза ұстау, 

негізгі  азық-түліктерді  білу,  дәрумендердің  денсаулыққа  тигізетін  маңызы,  ас 

үйде, ас үстелін жабдықтауда қолдарынан келгенінше көмек көрсету; 

2)  отбасы  құрамын  білу,  қарапайым  міндеттерді  орындау,  отбасылық 

мерекелер мен дәстүрлі мейрамдарға қатысу; 

3)  әр  түрлі  жастағы  адамдармен  мәдени  қарым-қатынасқа    түсу 

дағдыларын игеру; 

4) пәтер-үй түрлерін білу. Тұрғын үй ғимараттарының міндеті. Жол жүру 

ережелерін білу, қоғамдық көлікте өзін ұстай білу дағдыларын білу; 

5) дүкен түрлерін білу, қарапайым затты сатып ала білу (мысалы: нан). 



      

 

 



4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

37.  Кіріспе:  көзі  көрмейтін  оқушының  мектепте,  аулада,  қызмет 

бөлмелерінде өз бетімен еркін жүре алуы. 

38. Жеке бас тазалығы:  

1)  күн  тәртібі.  Күн  тәртібінің  денсаулық  үшін  маңызы.  Оқушылар 

бойында  уақытша  түсініктерді  қалыптастыру,  тырнақ  және  қол  терісі  күтімі 

ережелері  (тырнақ  алуға  арналған  тістеуік,  онымен  тырнақ  алу),  қолға  сипап 

сезу  түйсігін  қалыптастырудың  негізгі  құралы  ретінде  ұқыпты  қарау.  Денені 

жуудың аралық мерзімі. Душқа шомылудағы қауіпсіздік ережелері. Лас қолдан 

болатын аурулар; 

2) 

практикалық 



сабақ: 

төсек-орынды 

ауыстыру 

(тәрбиешінің 

басшылығымен және бақылауымен). 

39. Киім және аяқ киім:  

1)  әр  мезгілге  байланысты  киім  мен  аяқ  киімді  алмастыру.  Сырт  киім 

күтімі.  Су  болған  киімді  кептіру  әдісі  (киім  ілгіштер).  Сырт  киімді  тазалау. 

Киім, аяқ киім щеткалары. Аяқ киім тазалайтын крем түрлері. Кір жуатын ұнтақ 

түрлері. Ұсақ заттарды жуу: орамалдар, жағалар, носкилер; 

2) практикалық сабақ: аяқ киімді щеткамен және креммен тазалау. 

40. Тамақтану: 

1)  тамақтанудың  әр  түрлілігі,  дәрумендер,  тамақтану  гигиенасы.  Ас  үйде 

өзіне-өзі  қызмет  көрсетуге  дағдыландыру.  Ыдыс-аяқ  түрлері,  ыдыс  жуу 

(бақылау).  Азық-түлік  сақтау  (тоңазытқыш).  Үстел  басында  өзін  ұстау 

мәдениеті; 

2) практикалық сабақ: ас үстелін түскі асқа жабдықтау. 

41. Пәтер-үй: 

1)  «Әр  заттың  өз  орны  бар»  қағидасына  сәйкес  оқушының  жұмыс  орнын 

дұрыс  таңдау  ережелері.  Оқушының  жұмыс  орнын  таза  ұстауы,  сынып 

бөлмесін,  жатын  бөлмені  құрғақ  және  дымқыл  тазалаудың  бір  ізділігі  (реті). 

Гүлді  күту.  Ғимаратқа  қойылатын  санитарлық-гигиеналық  талаптар  (ауасын 

тазарту,  қажетті  температураны  ұстау,  жарықтылық).  Сынып  бөлмесі  мен 

жатын бөлмені жинастырудың күнделікті міндеттерін бөлісу; 

2) практикалық сабақ: сынып бөлмесін жинастыру (құрғақ). 

42. Отбасы: 

1)  отбасы  құрамы,  ата-анасының  аты-жөні,  олардың  жұмыс  орны, 

туыстық  қатынастарды  білу  (әке,  шеше,  аға,  әкпе,  іні,  сіңлі  және  т.б.)  жақын 

туыстары  туралы  мәліметтерді  білу  (апай,  ағай,  немере  туыстар  т.б). 

Отбасындағы жеке қарым-қатынас. Шаруашылық-тұрмыстық міндеттерді бөлу; 

2)  практикалық  сабақ:  отбасындағы  қатынасты  қалыптастыратын 

сюжеттік ойын, отбасылық-тұрмыстық міндеттерді орындау. 

43. Көлік: 

1)  қаладағы,  ауылдағы,  қала  үлгісіндегі  ауылдардағы  көлік  құралдары. 

Жер үстіндегі, ауадағы, судағы көлік түрлері. Авиация: азаматтық, әскери, жүк 


      

 

таситын.  Авиацияның  артықшылығы.  Қалалық  көлікте  жол  жүру  ақысы 



түрлері: валидаторлар, оларды пайдалана білу; 

2)  практикалық  сабақ:  қалалық электр  көлігі  мен  валидатор  арқылы  жол 

ақысын толеп жүру. 

44. Мінез-құлық мәдениеті: 

1) үстел басында, асханада өзін ұстай білу ережелерін бекіту; 

2) практикалық сабақ: тамақ ішу мәдениетін қалыптастыру; 

3)  қоғамдық орындарда:  театрға,  кинотеатрға,  мұражайларға,  көрмелерге 

барғанда өзін ұстай білу ережелері. Театрдағы үзіліс кезінде тәртіп ережелері; 

4)  практикалық  сабақ:  қалалық  театр  спектакльдеріне  бару  (Жас 

өспірімдер театры). 

45. Сауда:  

1)  арнайы  фирмалық  азық-түлік  дүкендері:  кондитерлік  бұйымдар,  теңіз 

тағамдары,  супермаркеттер,  көтерме  сауда  гипермаркеттері,  құрылыс 

материалдары.  Олардың  қызметі,  ассортименті  (тауарлар  жиынтығы), 

жұмысуақыты.  Сауда  түрі:  өзіне-өзі  қызмет  ету.  Сауда  қызметкерлерінің 

мамандығы:  сатушы-кеңесші,  кассир,  бақылаушы.  Төлем  түрлері:  төлем 

карточкалары, чектер; 

2)  практикалық  сабақ:  жақын  маңдағы  супермаркетке  бару,  кеңесшінің 

көмегімен тауардың бір түрін сатып алу. 

46. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 

1)  өз  денесін  күте  білу,  душ  қабылдау  мерзімі    аралығын  білу, 

тырнақтарын  тістеуікпен  ала  білу,  тері  күтімі  ережелерін  білу,  қолға  ұқыпты 

қараудың  басты  ережелерін  іс  жүзінде  пайдалану.  Қол-қоршаған  ортаны  сезім 

түйсігі арқылы танып білетін негізгі құрал; 

2)  дұрыс  тамақтана  білуге  қойылатын  санитарлық-гигиеналық 

нормаларды және талаптарды білу; 

3) ас үй жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін білу: 

Отбасында  және  интернатта  қарапайым  күнделікті  шаруашылық  міндеттерін 

атқара білу; 

4)  жұмыс  орнын,  ғимаратты,  гүлді  күтуде    санитарлық  -гигиеналық 

дағдыларын білу және меңгеру; 

5) негізгі көлік құралдары, оларды пайдалана білу, жол жүру ережелерін 

сақтау, жол ақысын төлеу; 

6)  қоғамдық  орындарда  өзін  ұстай  білу  ережелерін  білу  және  оларды 

қолдану; 

7)  дүкендердің  түрлерін  білу,  заманауи  төлем  түрлерін  пайдалана 

отырып, дүкенде сауда жасау. 

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

47. Жеке бас тазалығы: 

1)  2-ші  сыныпта  үйренген  жеке  бас  тазалығы  дағдыларын  бекіту. 

Сабақтарды  ұйымдастыруға  қойылатын  гигиеналық  талаптар.  Күн  тәртібінің, 



      

 

дұрыс  тамақтанудың  маңызы,  салауатты  өмір  салтын  сақтау,  зиянды  әдеттер: 



темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі шегу. Дәрігердің темекі мен ішімдіктің зияны 

туралы  әңгіме  жүргізуі.  Дәрігер-наркологтың:  «Есірткі  –  ешқайда  апармайтын 

жол»; 

2) практикалық сабақ: мектептегі дәрігер кабинетіне экскурсия. 



48. Киім және аяқ киім: 

1)  кір  жуғыш  машинасымен  табиғи  және  жасанды  маталардан  жасалған 

бұйымдарды  жуу  ережелері.  Кір  жуғыш  машинаның  жұмыс  істеу  тәртібімен 

танысу.  Ұсақ  бұйымдарды  кір  жуғыш  ұнтақтарды  қолданып  жуу:  кір  жуғыш 

ұнтақ түрлері. Кептіретін киімдерді ілу, киімдегі белгі. Су аяқ киімді кептіру; 

2) практикалық сабақ: мектептегі кір жуатын орында заттардың жуылуын 

бақылау. 

49. Тамақтану: 

1) үстел басында өзін дұрыс ұстау ережелерін, ас үй, ас үстелін түскі және 

кешкі  асқа  жабдықтау,  тамақ  ішіп  болған  соң  ыдыс  жинау  ережелерін  бекіту. 

Азық-түлікті  тоңазытқышта  сақтау  ережелері,  тоңазытқыштағы  азық-түліктің 

жеке  түрлеріне  белгі  қоюды  қадағалау.  Қазақтың  дәстүрлі  ас  үйі,  ұлтқа  тән 

азық-түліктер, қазақ қонақжайлылығы дәстүрі; 

2) практикалық сабақ: қазақша дастархан жаю. 

50. Пәтер-үй:  

1)  швабра  көмегімен  дымқыл  жинастыру.  Шаңсорғыш.  Оны  қолдану 

ережелері. Шаңсорғышпен жұмыс істеу. Жылтыр және ағаштан жасалған жиhаз 

күтімі.  Тәртіпке  келтіру  (жинастыру)  жағдайында  санитарлық-гигиеналық 

талаптарды сақтау; 

2) практикалық сабақ: кілемді шаңсорғышпен тазалау. 

51. Отбасы: 

1)  үй  шаруасында  ата-анаға  көмек  көрсету:  пәтер  жинау,  ыдыс  жуу, 

үйдегі  мерекелерге,  салтанаттарға  қатысу.  Құттықтаулар.  Отбасылық 

мерекелерде өзін-өзі ұстай білу; 

2)  практикалық  сабақ:  құттықтау  ашық  хаттарын  Брайль  әріптерімен 

әдемілеп дайындау. 

52. Көлік:  

1)  метромен  танысу.  Метрода  өзін  ұстау  тәртібі,  эскалаторлар,  метромен 

жүру. Темір жол көлігі, вокзалдар және олардың қызметі, жолаушы вагондары 

түрлері  (жалпы,  плацкарт,  купе,  жұмсақ).  Темір  жол  билеттерін  алу  тәртібі 

(кассадан алу, телефон арқылы тапсырыс беру); 

2) практикалық сабақ: темір жол вокзалына экскурсия. 

53. Мінез-құлық мәдениеті: 

1) қонақта өзін ұстай білу, әңгіме жүргізе білу, айналасындағыларға көңіл 

бөлу, кездесу және қоштасу кезіндегі өзін ұстай білу мәдениеті. Сыйлықтарды 

беру және алу ережелері.Сыйлық  таңдаудағы талаптар. Сыйлықты өз қолымен 

жасау; 

2)  практикалық  сабақ:  сыйлықтарды  тапсыру,  түрлі  салтанаттарда 



құттықтаулар ұйымдастыру. 

      

 

54. Сауда: 



1)  ақша  белгілері,  теңгелер,  әр  түрлі  елдер  валютасы  (ақша  белгілері). 

Айырбастау пункттері. Олардың шығу орындары-Алматы Теңге сарайы; 

2) практикалық сабақ: жақын маңдағы супермаркетте ақшаға сауда жасау. 

55. Медициналық көмек: 

1)  медициналық  қызмет:  ауруханалар,  клиникалар,  поликлиникалар, 

медициналық  орталықтар,  дәріханалар.  Жедел  жәрдем  көмегі  –  103.  Үй 

аптечкасы, оның қызметі, қолданылуы. Өзін-өзі емдеудің зияндылығы. Дәрілік 

шөптер. Кесік жарада, жарақат алуда көрсетілетін алғашқы көмек ережелері. 

2) практикалық сабақ: термометрді пайдалану, электрондық танометрмен 

танысу. 


56. Байланыс құралдары:  

1)  байланыстың  негізгі  түрі:  почта,  телеграф,  телефон,  ұялы  байланыс, 

спутниктік  байланыс.  Үй  телефонын  пайдалану  ережелері,  үй  телефоны  және 

ұялы  телефонда  абоненттердің  номерлерін  теру.  Телефонмен  сөйлесу 

мәдениеті; 

2) практикалық сабақ: үйге, досына телефон соғу. 

57. 3-сынып оқушысының дайындық денгейіне қойылатын талаптар: 

1)  өзіне-өзі  қызмет  ету  дағдыларын  меңгеру  (игеру),  жеке  бас 

тазалығының  барлық  ережелерін  сақтау,  қоғамдық  орындарда  өзін  ұстай  білу 

ережелері, сауда, байланыс, медицина саласы қызметін білу; 

2)  қызмет  көрсетушілермен  диалог  жүргізе  білу.  Қарапайым 

медициналық көмек көрсете білу. Кір жуғыш машинаны пайдалана білу. Үстел 

жабдықтауға және қарапайым тамақ әзірлеуге көмектесу; 

3) қарапайым заттарды сатып алуды үйрену. Көліктің әр түрін пайдалана 

білу, қажет жағдайда көзі сау адамдардан көмек сұрау; 

4) медициналық мекемелер қызметін пайдалану.  

 

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

58. Бас тазалығы:  

1) дене мүшелерін күте білу дағдыларын бекіту. Ағзаны шынықтыру. Әр 

маусымға байланысты денсаулықты және көз көру қалдығын сақтау ережелерін 

білу. Денеге түсетін ауырлық мөлшерін анықтау үшін және денсаулығы мен көз 

көру  қалдығына  зиян  келтіруді  болдырмау  үшін  өз  диагнозын,  көз  көру 

анализаторларының ауруларын білу; 

2) практикалық сабақ: көз дәрігері кабинетіне бару. 

59. Тамақтану: 

1)  скороварка  (тамақты  тез  пісіретін  ыдыс),  мультиварка  (коп 

фунционалды  ыдыс).  Оларды  дұрыс  пайдалана  білу.  Көзі  сау  адамның 

көмегімен қарапайым тағам даярлау. Мектеп асханасындағы аспаздың жұмысы. 

Ас үй электр жабдығы; 

2)  ұлттық  тағамдар.  Керек-жарақтар.  Қазақтың  көшпелі  тұрмыс-салты 

жағдайында азық-түлікті сақтау. Қазақтың ұлттық тағамдары; 


      

 

3) пәндік сабақ: Ауылдағы атамда қонақта. 



60. Пәтер-үй: 

1)  қазақтың  ұлттық  тұрғын-жайы  -  киіз  үймен  танысу,  киіз  үйдің  ішкі 

жабдығы; 

2)  практикалық  сабақ:  этнографиялық  мұражайға  экскурсия,  киіз  үйді 

қарап шығу, киіз үйдегі тұрмыстық жағдаймен танысу. 

61. Отбасы:  

1) отбасындағы психологиялық жағдай, ата-ана үлгісі мен беделі, отбасы 

мүшелері  арасындағы  қарым-қатынас.  Отбасының  әр  мүшесінің  міндеттері. 

Отбасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сақтау; 

2) практикалық сабақ: «Менің отбасым»-рольдік ойын. 

62. Көлік:  

1)  көлік  түрлері  туралы  білімдерін  бекіту.  Оларды  пайдалана  білу. 

Жүріске төлей білу; 

2)  практикалық сабақ:  метрода,  маршруттық таксиде,  қаладан  тыс  жерде 

көлікпен жүру. 

63. Сауда: 

1) дүкендердің түрлерімен ары қарай танысу; практикалық сабақ: дүкенде 

өзін  ұстай  білу  дағдысын  тәжірибе  жүзінде  бекіту.  Базардағы  сауда  жасау 

ерекшеліктерімен танысу; 

2)  практикалық  сабақ:  орталық  базарға  бару,  жеміс-жидек  пен 

көкөніскөктен (сатып алу). 

64. Мінез-құлық мәдениеті.  

1)  сырт  келбеті:  адамның  сырт  келбетін  сезім  түйсігі  (қол)  арқылы 

бақылау.  Кейбір  жағдайларда  көзі  сау  адамдардың  көмегі.  Адамның  сыртқы 

және  ішкі  мәдениеті.  Мінез-құлықта  қазақ  халқының  салт-дәстүрін  сақтау. 

Қарапайым,  таза  және  әдемі  киіне  білу.  Әр  түрлі  өмірлік  жағдайларда  өз 

тәртібін бақылай білу; 

2) практикалық сабақ: «Әжемнің туған күні». 

65. Медициналық көмек:  

1)  дәрігерге  уақытысында  қаралу,  емдік  шараларды  орындау.  Өзін-өзі 

емдеудің  зияны.  Көз  көруін  түзететін  құралдарды  білу.  Көздің  жұқпалы 

аурулары; 

2) практикалық сабақ: Көз жаттығулары. 

66.  Байланыс  құралдары:  төтенше  жағдайларда  телефон  қолдану 

(пайдалану). Өрт қызметі. Полиция. Жедел жәрдем. Газ. Телефон, оны қолдану 

ережелері, қалааралық телефон байланысы, спутниктік байланыс. 

67. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 

1) үстел жабдықтау. Ас үй саймандарын қолдана білу. Үй жұмыстарының 

түрін орындау, қоғамдық тәртіп ережелеріне бағыну; 

2) көліктің әр түрін қолдану, денсаулық пен көз көру қалдығын сақтаудың 

негізгі принциптерін білу; 

3)  дұрыс  сауда  жасай  білу,  телефонды,  таксофонды,  ұялы  байланысты 

қолдана білу. Заманауи спутниктік байланыстың мәні туралы түсініктері болу; 


      

 

4) медициналық мекеме қызметін пайдалана білу керек.  



 

7. Оқыту нәтижелері 

 

68. Пәндік нәтижелер: 



1) өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын меңгеру;  

2) 


күнделікті  үй  тұрмысында  қолданылатын  заттарды,  құрал-

жабдықтарды, заманауи байланыс құралдарын пайдалана білу; 

3)  көзі  көрмейтін  адамның  заманауи  қоғамға  бейімделуіндегі  өзін-өзі 

ұстай білу мәдениеті; 

4) қазақ халқының тұрмыстық салт-дәстүрін білу. 

69. Тұлғалық нәтижелер: 

1)  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  Қазақстанның  рухани  мұрасы  мен 

табиғи байлықтарына деген мақтаныш сезімінің оянуы; 

2)  жоғары  мәдени  адамгершілік  қатынасты  оята  отырып,  әлеуметтік 

ортаның ерекшеліктерін теңбе-тең бағалау; 

3)  өз  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарау  деңгейін  түсіну,  қоғам  

ортасына бейімделу және бірігу. 

70. Жүйелілік-әрекеттік нәтижелер: 

1) пән бойынша білім жүйесін меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана алу; 

2)  танымдық,  ой-өрістік  және  шығармашылық  қабілеттіліктерінің 

белсендіру; 

3) заманауи ақпараттық-қатынастық технологияларды меңгеру; 

4) дамыған коммуникативті қабілеттілікті және тіл мәдениетін меңгеру. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет