Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University



бет1/3
Дата06.02.2023
өлшемі84,5 Kb.
#65619
түріБағдарламасы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат:
Пәннің атауы: Әдебиет теориясы
Кредит саны:5
Курс, семестр: 2-курс, 4-семестр
Білім бағдарламасының атауы және шифры: 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті
Институт: Филология
Кафедра: Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі: А.Тамаев - п.ғ,к, доцент,
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai): alpisbai@mail.ru, 87771722896;


Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін CӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+МТ∙0,1+Емт∙0,3
3. Курстың академиялық презентациясы:
«Әдебиет теориясы» курсы студенттерді әдебиеттің негізгі теориялық мәселелерін меңгертуге бағытталған. Курс барысында білім алушыларға әдебиеттің теориялық мәселелерінің ғылыми негіздері ұсынылып, практикалық білімдерімен (көркем мәтінмен) байланыстырылады. Әдебиеттің функционалдық қызметі мен табиғатын түсіндіру мен меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Болашақ маманның кәсіби және танымдық құзіреттілігін арттыруға бағытталған білімдер – образ және образдылық, автор мен мәтін, әдебиеттегі тек пен түр, т.б. беріледі. Студенттердің көркемдік және эстетикалық білімдерін дамыту, әдебиеттің жаңа бағыттарымен таныстыру, осы саладағы ғылыми тұжырымдамаларды талдай отырып, теориялық білімін дамыту және өмірде қолдануға баулу көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет