Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті


(комиссия  алған  материалдар  комиссияға  келіп  түскен  күннен  бас-



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

(комиссия  алған  материалдар  комиссияға  келіп  түскен  күннен  бас-
тап он бес күн ішінде қарастырылуы тиіс – тұрпаттық ережелердің 
15 т.) 
4)  Комиссия  отырысының  мерзімділігі  (Комиссияның  отырысы 
қажеттілігі бойынша, бірақ айына екі мәртеден аз емес өткізіледі және 
әдетте ашық болып табылады – тұрпаттық ережелердің 17 т.); 
5)  Тұрпаттық  ережелердің 18 т.  сәйкес  Комиссия  Қаулысының 

Қосымша
71
рәсімделу  сапасы  (комиссия  қаулысында  көрсетіледі:  комиссияның 
атауы және дербес құрамы; комиссия отырысының өтетін күні және орны; 
оған қатысты материалдар қарастырылып жатқан тұлға туралы мәлімет; 
материалды қарастыру кезінде анықталған жағдайлар; 
- негізінде шешім қабылданған дәлелдер; кәмелетке толмағанның құқық 
бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін немесе құқығына кепілдік беретін 
нормативтік  құқықтық  акт;  комиссия  қабылдаған  шешім;  кәмелетке 
толмағанға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия ұсынатын шара-
лар, олар жүктелген органдар немесе тұлғалар; осы қаулының мерзімін 
түсіндіру және арыздану тәртібі туралы мәліметтер. Комиссия қаулысына 
төрағалық етуші және жауапты хат шы қол қояды, комиссия отырысында 
жарияланады және шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң заңды 
күшіне енеді);
6)  кәмелетке  толмағандардың  қылмыс  жасауына,  құқық  бұзуына, 
қоғамға  қарсы  әрекет  жасауына  және  қараусыз  қалуына  және  де 
кәмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  бұзуға 
көмектескен қарастыру барысында анықталған себептер мен жағдайлар 
туралы мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 
және оларды жою ұйымдарына Комиссия ұсынған ақпараттың сапасы;
7)  Комиссия  отырысының  хаттамаларын  рәсімдеу  сапасы  (комиссия 
отырсында  комиссияның  жауапты  хатшысы  хаттама  жүргізеді,  онда 
комиссияның  атауы  және  дербес  құрамы,  комиссия  отырысының  күні 
және  орны,  қарастырылатын  материалардың  мазмұны,  материалда-
ры  қарастырылып  жатқан  тұлғаның  тегі,  аты-жөні,  әкесінің  аты,  оның 
тұрғылықты  жері  және  материалдарды  қарастыруға  маңызы  бар  басқа 
да  мәліметтер,  комиссия  отырысына  қатысатын  тұлғалардың  келуі 
және  оларға  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіндіру  туралы  мәлімет;  ко-
миссия  отырысына  қатысқан  тұлғалардың  түсініктемелері;  материал-
дарды  қарастыру  кезінде  зерттелген  құжаттар  мен  заттай  айғақтар, 
тапсырылған  өтінімдер  және  оларды  қарастыру  нәтижелері,  комиссия 
отырысында қабылданған қаулыны немесе ұсынысты жариялау туралы 
мәліметтер, қабылданған қаулыны немесе ұсыныстың мерзімін түсіндіру 
және шағымдану тәртібі туралы мәлімет. Комиссия отырысының хатта-
масына төраға етуші мен оның жауапты хашысы қол қояды. Тұрпаттық 
ережелер 20 т.) 
8)  Комиссия  отырысында  қарастырылған  барлық  істерді  есептеуді 
және сақтауды ұйымдастыру, осы есептеудің деректерін өзінің аумақтық 
тиістілік шегінде жалпылау. 
9) комиссияның материалдық техникалық жабдықталу сапасы 
5
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметі 
жанындағы 
кәмелетке 
толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі 
мекемеаралық  комиссияның 2008 жылғы 11 желтоқсанындағы  №3 
хаттамалық шешімін орындауды бағалау, оның ішінде:
1) 2 тармақтың 1 тармақшасына сәйкес облыстың және Астана, Алматы 
қ. әкімдері 2009 жылдың 1 ақпанына дейін облыстық, аудандық білім беру 
органдарының  және  әкімдіктер  жанындағы  кәмелетке  толмағандардың 

Хатшының көмекші кітабы
72
істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық 
комиссиялардың  жалпыға  міндетті  білім  беруді  қамтамасыз  ету  және 
сәйкес  директивтік  құжаттарды  орындау  және  олардың  жұмысын 
белсенділендіру бойынша шараларды қабылдау жөніндегі қызметтерінің 
мәселелелерін қарастыру туралы. 
2) 2 тармақтың 3 тармақшасына  сәйкес 2009 жылдың 1 наурызына 
дейін мекемеаралық сарапшылық топтың мектеп тамағын, оның ішінде 
ассортиментін,  сапасын  және  білім  беру  ұйымдарының  оқушылары 
мен  тәрбиеленушілерінің  тамақтануына  арналған  шикізаттар  мен 
тамақ  өнімдерінің  қауіпсіздігін  ұйымдастыруды  қадағалау  жөнінде 
кәмелетке  толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі облыстық, Астана және Алматы қаларының ведомствоаралық 
комиссияларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау ор-
гандарымен бірлескен отырыстарында тыңдау туралы. 
6.  Қазақстан  Республикасының  Премьер-министрі  Мәсімов  К.Қ. 
2008  жылдың 1 желтоқсанында  өткізген  балалардың  міндетті  білім 
алумен қамтуды күшейту және Комиссия жұмысын белсенділендіру ту-
ралы селекторлық кеңестің Хаттамасының 2 тармағын орындауды 
бағалау (осы тармақты орындау бойынша Комиссия қандай шаралар 
қолданды).

Қосымша
73
№6-
ҚОСЫМША
. К
ОМИССИЯ
 
ҚЫЗМЕТТЕРІН
 
ЗЕРТТЕУ
  
БОЙЫНША
 
АНЫҚТАМА
Атырау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 
кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі комиссияның қызметтерін зерттеу бойынша
 АНЫҚТАМА (үзінді)
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы 
«Кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы үлгі ережесін бекіту ту-
ралы» (бұдан әрі-Ереже) № 789 қаулысын іске асыру, сонымен қатар 
2008  жылғы 1 желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  Премьер-
Министрі  К.Қ.  Мәсімовте  өткен  Селекторлық  кеңестегі 20-46/007-
713  Хаттамасының 3.2 тармақтарын  орындау  мақсатында 2009 
жылғы 16 ақпан  мен 1 наурыз  аралығында  Атырау,  Жамбыл  және 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстарындағы  кәмелетке  толмағандардың 
ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық 21 
комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) жұмыстары зерделенді. 
Зерделеу 
үшін 
Балалардың 
құқықтарын 
қорғау 
комитеті, 
білім,  ішкі  істер,  денсаулық  сақтау  органдары  мен  аймақтардағы 
балалардың  құқықтарын  қорғау  департаменттерінің  өкілдерінен  үш 
ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды (бұдан әрі - Жұмыс тобы).
Талдау 
нәтижесі 
Комиссиямен 
кәмелетке 
толмағандардың 
қараусыздығы,  панасыздығы,  құқық  бұзушылығы  және  басқа  да 
қоғамға  қарсы  басқа  да  іс-әрекеттерін  жою  мақсатында  жергілікті 
атқарушы  органдарының  ведомствоаралық  үйлестіруін  қамтамасыз 
ету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетті.
1. Жалпы білім алумен қамтылу мәселелері бойынша Комиссияның 
бірқатары мектептермен өзара іс-әрекет орнатылды. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Төлеби  аудандық  Комиссиясы 2008 
жылы  № 9 лицейіне  Кентау  қаласындағы  арнаулы  мектептен  қайтып 
келген кәмелетке толмаған А. Рябова бойынша жұмыс жүргізді. Комис-
сия  жасөспірімнің  сабаққа  жиі  келмей,  оқуға  ынтасыздығына  байла-
нысты  жұмысқа  орналасқан  баланың  әкесімен  сұхбаттасу  жұмысын 
жүргізді.  Қазіргі  уақытта  жасөспірім  мектепте  оқиды  және  сабақтан 
қалмайды. Сайрам ауданында білім беру, ішкі істер, дене шынықтыру 
және  спорт  бөлімдерімен  бекітілген  ішкі  істер  органдарында  есеп-
те  тұрған  кәмелетке  толмағандармен  алдын  алу,  тәрбие  жұмысы, 
балалардың  мектепке  келуі  мен  бос  уақыттарын  өткізуін  бақылап, 
жұмыс жүргізеді.
2.  Комиссия  ішкі  істер,  білім,  балалардың  құқықтарын  қорғау  ор-
гандарымен  бірлесіп  кәмелетке  толмағандардың  қараусыздығы  мен 
панасыздығын  анықтауда,  сондай-ақ  ұзақ  уақыт  мектепке  келмей 
жүрген, өмірдің қиын жағдайларына тап болған жасөспірімдерді анықтау 

Хатшының көмекші кітабы
74
бойынша  рейдтерді  жүргізуге  қатысады.  Мысалы,  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстық,  Шымкент  қаласы,  Түркістан  және  Төлеби  аудандарының  Ко-
миссиялары өмірдің қиын жағдайларына тап болған жасөспірімдер мен 
балалардың  қараусыздығы  және  қадағалаусыздығын  анықтау  бойынша 
бірлескен  іс-шараларды  жүргізу  кестесін  дайындады. 2008 жылы  Шым-
кент  қалалық  Комиссиясы,  Түркістан  қаласында — 17, Төлеби  ауда-
нында — 15, барлығы 32 рейд іс-шарасын жүргізуге қатысты. Түркістан 
қаласында 17 мамырда  сабақ  уақытында  компьютер  клубтарында 
жүрген 7-10 сыныптың 19 оқушысы, 12 мамырда Төлеби ауданында 6-8 
сыныптың 14 жасөспірім:  Сайрам  ауданынан — 36 оқушысы,  олардың 
12-сі бұзақылыққа бейімделгендігі анықталды.
3.  Комиссия  Кәмелетке  толмағандар  арасында  қараусыздық  пен 
панасыздық, құқық бұзушылықты алдын алу, бала құқықтарын қорғау 
жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы жұртшылықты ақпараттандыру 
мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізеді. 
4.  Кейбір  комиссиялармен  бала  құқығын  қорғауда  бірқатар 
мәселелері  жөнінде  мүдделі  органдар  және  ұйымдармен  өзара 
әрекеттер іске асырылуда. 
Мысалы,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  Комиссиясы 2008 жылы 
қарашада  нашақорлық  және  есірткі  бизнесі  мәселелерін  алдын  алу 
бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Нәтижесі бойынша осы бағыттағы 
қызметтерді  арттыру  жөнінде  барлық  органдардың  бірлестігі  туралы 
шешім  қабылданды.  Шымкент  қалалық  Комиссиясы  балалық  шақ 
құқықтарын қорғау мәселесі бойынша қаланың барлық мектептерінде 
дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу туралы 
Кестесін бекітті.
Комиссиямен  қабылданған  жоғарыда  аталған  барлық  шаралар, 
өмірдің қиын жағдайларына тап болған балалардың құқықтарын іске 
асыру  және  қорғауға  себепші  болды,  білім  алуға  бала  құқықтары 
жөніндегі жұмыстарының дәрежесін анықтады.
Сонымен  бірге,  қабылданған  шараларға  қарамастан  Комиссияның 
қызметінде  маңызды  проблемалар  мен  шешілмеген  мәселелер 
анықталды. 
1.  Комиссияның  жұмыс  жоспарын  дайындау  және  орындаудың 
төмендігі.  Барлық  зерделенген  Комиссияларды  жылдық  жоспарлары 
бар,  бірақ  ондағы  жоспарланған  іс-шарлар  жылдан  жылға  орындал-
май көшірілген. 
2. 
Комиссияның 
кәмелетке 
толмағандар 
арасында 
құқықбұзушылықтың  және  қылмыстың  алдын  алу  мәселесін 
шешудегі  ықпалы  әлсіз.  Комиссиямен  жүргізген 21 тексерісте 
кәмелетке  толмағандардың  арасында  қоғамға  қарсы  әрекеттер, 
қараусыздық пен қадағалаусыздық, құқық бұзушылықтың алдын алу 
бойынша,  оларды  әлеуметтік  оңалтуда  мемлекеттік  органдардың 
қызметтерін  іске  асыруға  бағытталған  әдістемелік  ұсынымдар  мен 

Қосымша
75
бағдарламалар дайындау бойынша шаралар қабылдамаған.
3.  Кәмелетке  толмағандар  арасында  әр  түрлі  жағымсыз  әре-
кеттердің  таралу  себептері  мен  жай-күйін  анықтау  бойынша  зерттеу-
лер,  ұсынымдар,  бағдарламалар  дайындау  немесе  ұйымдастыруда 
бастамашылықтың  жоқтығы.  Кәмелетке  толмағандардан,  ата-
аналарынан,  олардың  заңды  өкілдерінен  келіп  түскен  өтініштер  мен 
шағымдардың уақытылы қаралмауы.
4.  Комиссиялардың  жауапты  хатшыларының  кәсіптік  деңгейінің, 
құқықтық сауаттылығының төмендігі, құзыреттеріне жатпайтын функ-
цияларды  атқаруы.  Мысалы,  барлық  тексерілген  комиссияларда  ко-
миссия  отырыстарының  және  ұсынымдарының  мазмұндылығының 
сапасы  төмен.  Бұл  ретте  комиссиялар  қабылдаған  шешімдердің 
міндеттілігін және орындалу сапасын саралау жүргізілмейді.
5. Комиссия отырысын өткізу мерзімді өткізудегі Ереже нормасының 
жиі бұзылуы. Комиссия отырысының жүйелі түрде өткізілмеуі мене іс 
жүргізудегі ұқыпсыздық пен ретсіздік көрінеді. 
Атырау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық Комиссиясының 
қызметтерін зерделеу барысында жұмыс тобынан алған талдама ма-
териалдары жоғарыда аталған мәселелерді дәлелдейді.
ҚР  БҒМ  жұмыс  тобы  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  Комиссияның 
жұмыстарында жіберген кемшіліктерін анықтады. 
1. Қазіргі уақытта облыстардың және барлық өңірлерде зерделеуде 
Комиссия хатшысына босатылған қызмет орындары жоқ, нәтижесінде 
олардың  функцияналдақ  міндеті  әкімдік  бөліміндегі  мамандардың 
жұмысына  қосымша  берілуде.  Облыстық  Комиссияның  хатшысы 
қоғамдық қатынастар бөлімінің бас маманы, екі басқарманың қызметін 
үйлестіреді  (білім,  тілді  дамыту),  облыстағы  орта  және  жоғары  білім 
мекемесінің, сондай ақ ономастика бойынша комиссияның хатшылық 
қызметтерін  атқарады.  Түркістан  қалалық  Комиссиясының  хатшысы, 
Төлеби  аудандық  Комиссияның  хатшысы,  әкімдіктегі  заң  бөлімінің 
бас маманы, қосымша бірнеше бөлімдердің міндеттері қойылған. Бұл 
Комиссия уәкілетінің маңызы мен көлемі, жүргізілген жұмыстың сапа-
сы  мен  нәтижесі  хатшы  қызметін  жүзеге  асыруда  қоғамға  теріс  әсер 
беретіні белгілі. 
2.  Комиссияда  бекітілген  істер  номенклатурасы  жоқ,  іс  жүргізу 
қойылған  талаптарға  сәйкес  емес,  материалдар  жүйелендірілмеген. 
Нәтижесінде,  облыстық,  Шымкент  қаласының,  Сайрам,  Төлеби 
аудандық  Комиссияның 2007 жылғы  Комиссия  отырыстарының  хат-
тамалары  ұсынылмаған.  Тек  Сайрам  аудандық  Комиссиясында  кіріс 
және  шығыс  құжаттарды  тіркеу  журналдары  жүргізілген,  ал  басқа 
өңірлерде  әкімдік  кеңселері  арқылы  жүргізілген.  Созақ  аудандық  Ко-
миссиясы  қаулылар  мен  хаттамаларға  кіріс  және  шығыс  хат  алмасу-
лар жүргізбеген. 
3. Комиссия отырысын өткізу кезеңдері Комиссия туралы бекітілген 

Хатшының көмекші кітабы
76
Ереженің 17 тармақтарының  талаптарына  сәйкес  емес.  Облыстық 
Комиссия 4 отырыс,  Созақ  ауданы — 7, Түркістан — 12 және  Шым-
кент қаласы - 21 Комиссия отырыстарын өткізген. Үстіміздегі жылдың 
алғашқы  екі  айында  бірде-бір  комиссия  отырысын  өткізбеген. 
Облыстық  және  Созақ  ауданы,  Түркістан  қаласының  Комиссиялары 
әкімдермен бекітілген Комиссия қызметтері туралы Комиссияның Ере-
же, талаптарына сәйкес емес. Комиссияның бұл Ережесінде отырысты 
тоқсанда  бір  рет  өткізу  көрсетілген  (Үлгі  ережесі  бойынша  айына  екі 
рет  өткізілу  қажет).  Функционалдық  міндеттердің  реті  қысқартылған 
(11 функциясы-7) 
4. Комиссия өздерінің қызметтерін жоспарлау бойынша жұмыстары 
төменгі  деңгейге  қойған.  Барлық  тексерілген  аудандық  Комиссияның 
жылға  арналып  бекітілген  Жұмыс  жоспарларындағы  іс-шаралар 
жылдан  жылға  көшірілген.  Кентау  қаласында  тексеріс  жүргізген  күні 
2009  жылға  арналып  бекітілген  Жұмыс  жоспары  жоқ  болды.  Сай-
рам  аудандық  Комиссияның  қаулысында  қойылған  мәселелер  жоқ. 
Мүдделі органдардың басшылары мәліметке ала отырып көрсетілген 
жағымсыз фактілерді жою бойынша шешім қабылдамаған. 
5. Комиссия өзіне-өзі қол жұмсау, бала еңбегінің ең нашар түрлері, 
жалпы  оқу  мәселелеріне  жеткіліксіз  назар  аударуда.  Мысалы  Созақ 
ауданында соңғы 3 жылда жоғарыда аталған мәселелер қаралмаған. 
Сайрам ауданында өзіне-өзі қол жұмсау және бала еңбегін пайдала-
ну,  тамақтандыру  мәселелері  қаралмаған.  Сонымен  бірге  облыстағы 
кәмелетке  толмағандар  арасында  өзіне-өзі  қол  жұмсау  саны 2006 
жылмен  салыстырғанда 56 пайызға  ұлғайды. ( 2006 жылы 37, 2008 
жылы-57 дейін жетті).
6.  Ешқандай  Комиссия  кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық 
бұзушылықтың,  қадағалаусыздық,  қараусыздық  және  қоғамға  қарсы 
іс-әрекеттерді  алдын  алу,  оларды  әлеуметтік  оңалтуға  мемлекеттік 
органдардың  қызметін  жүзеге  асыруға  бағытталған  әдістемелік 
ұсынымдар мен бағадарламалар дайындамаған. 
7. Комиссия бала құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асырушы 
ұйымдардың  желісін  дамыту  мәселелеріне  бастамшылық  жасамаған. 
Тек  облыстық  Комиссия  мектеп  инспекторларының  штат  санын 100 
бірлікке ұлғайту туралы ұсыныстар берді.
8. Комиссия кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, 
қараусыздық, қадағалаусыздықтың жай-күйі бойынша әлеуметтік зерт-
теулер жүргізбеген. 
9.  Комиссия  баланың  құқықтарын  қорғау  мәселелері  бо-
йынша  жұмыстың  жай-күйіне  қоғамды  және  мүдделі  органдар-
ды  ақпараттандыру  бойынша  жұмыс  жүргізбеген.  Комиссияның 
қаулысының  көпшілік  бағыты  ішкі  істер,  білім  және  ауыл  әкімдеріне 
жолданады.
10. Балалар арасында құқық бұзушылықтың, жасалған қылмыстың 

Қосымша
77
жайы мен себептерін анықтауға талдама, сондай ақ оларды жою бойын-
ша шаралар қабылдау, органдар мен алдын алу жүйесі мекемелерінің 
қызметін үйлестіру сияқты ең басты міндеттеріне жауап бере алмай-
ды. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын 
алу  бойынша  мәселелерді  шешуде  комиссияның  қызметі  өте  осал. 
Сондықтан  да  облыста  балалар  жасаған  қылмыстың  санының  өсуі 
байқалуда. Мысалы, 2007 жылы кәмелетке толмағандардың қылмысы 
— 335, ал 2008 жылы — 362. Топпен жасалған, көліктерді ұрлау, тонау 
сияқты қылмыстың түрлері өскені байқалуда. 
Өкінішке  орай  қылмыс  жасаушылардың  арасында  кәмелетке 
толмаған қыздардың да фактілері тіркелген. 2008 жылы олардың саны 
40-қа жетті.
Жоғарыда  аталғандарға  байланысты  және  облыстық,  аудандық 
кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі  ведомствоаралық  комиссиялардың  жұмысын  жандандыру 
мақсатында: 
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1) 2009 жылғы 1 маусымға  дейін «2006-2008 жылдарға  арналған 
облыстық  және  аудандық  кәмелетке  толмағандардың  ісі  және 
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар 
қызметінің тиімділігін бағалау туралы» мәселені қарастыру;
2)  Комиссиялардың  құрамын  қалыптастыру  кезінде  олардың 
құрамына  талқыланатын  проблемалар  мен  оларды  шешу  үшін 
өкілеттігі бар жауапты лауазымды тұлғалардың барлығын енгізу;
3)  өзіне  қатысты  емес  функцияларды  орындаудан  босату  үшін  Ко-
миссия хатшысының босатылған қызмет орындарын қарастыру және 
Комиссияның жауапкершілігін арттыру; 
4) әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды 
және олардың отбасыларын ерте анықтау, есепке алу, оңалту, сондай-
ақ олармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізудің деңгейін көтерудің 
ведомствоаралық  бағдарламаларын  әзірлеу  бойынша  Комиссиялар 
қызметін жандандыру ұсынылады. 
2.  Атырау,  Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының 
әкімдеріне:
1) Комиссияның жұмысына:
әлеуметтік  қауіпті  жағдайға  тап  болған  кәмелетке  толмағандарды 
және  олардың  отбасыларын  ерте  анықтау  және  бірыңғай 
ведомствоаралық есепке алу;
Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуына баға беру;
кәмелетке толмағандардың мектепке бармауының, қараусыздығының, 
қадағалаусыздығының  және  құқық  бұзушылықтары  мен  қоғамға 
қарсы  әрекеттерінің,  өзіне-өзі  қол  жұмсаудың,  маскүнемдігінің, 
уытқұмарлығының  және  нашақорлығының;  отбасылар  мен  кәмелетке 
толмағандарға қарсы қылмыс жасаудың алдын алу; 

Хатшының көмекші кітабы
78
балалар арасында әртүрлі жағымсыз әдістерге ықпал ететін себеп-
тер мен жағдайлардың терең талдануын және анықталуын қамтамасыз 
ету; оларды жою бойынша шаралар қабылдау; 
кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылық  пен 
қылмыстың  алдын  алу  жүйесінің  органдары  мен  мекемелерінің 
қызметтерін  үйлестіру  мәселелері  бойынша  тиімді  ведомствоаралық 
өзара әрекеттерді ұйымдастыруға бағдар беру. 
2)  Комиссияның  анықтамасында  көрсетілген  жұмыстарды  ерекше 
бақылауға  алу,  көрсетілген  бұзушылықтарды,  олардың  жасалуы-
на  ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайларды  жою  бойынша  шаралар 
қабылдау.  Комиссия  анықтамасында  көрсетілген  төрағалар  мен  жа-
уапты  хатшыларды  тәртіптік  жауапкершілікке  тарту.  Қабылданған 
шаралар  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы 
кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі  ведомствоаралық  комиссияның  жұмыс  органына - ҚР  БҒМ 
Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2009 жылғы 1 қыркүйекке 
дейінгі мерзімде хабарлау ұсынылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың 
құқықтарын қорғау комитеті, 31.03.09.

Қосымша
79
№7-
ҚОСЫМША
. К
ОМИССИЯ
 
ҚАУЛЫСЫ
Қ
АУЛЫ
Комиссияның жеке құрамы:
Комиссия төрайымы – С. Қалдығұлова.
Төрайым орынбасары – Б. Құлтаев.
Жауапты хатшысы – С. Жұмағазина.
Комиссия мүшелері:
А.Пашкевич, Ә. Масхутова, Ж. Ерішова, А. Прихно, Б. Тілеулиева, Н. 
Бейісова, А. Уәлиев, Г. Түлкібаева, Н. Табылдинова, Ә. Көшербаев, 
Ж. Боқышева, С. Құстанова
Материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәліметтер
Аты-жөні: Надежда Юльевна Подзоркина.
Туған күні, айы, жылы: 11.09.1977 ж.т. 
Оқу/жұмыс орны: «Каратенов» жеке кәсіпкерлігі (сырлаушы)
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, М. Оспанов көшесі, 26/35
Материалды қарау кезінде белгіленген жағдайлар
Ақтөбе қалалық Сазды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі 
жөніндегі  бөлімшесінде 2007 жылдың 24 сәуірінен  бастап  кәмелетке 
толмаған  қызы  бар,  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
кодексінің 259 бабының 1-тармағымен  көзделген  қылмыс  жасағаны 
үшін 13.04.2007 ж. бас бостандығынан айыру орнынан босатылған На-
дежда  Юльевна  Подзоркинаның  қолайсыз  отбасы  профилактикалық 
есепте  тұр.  Н.Ю.  Под зоркинаның  мерзімін  өтеу  кезінде 31.12.2002 
жылы туған кәмелетке толмаған қызы Татьяна Егоровна Подзоркинаны 
оның  ата-анасы  (әкесі)  Иван  Иванович  Подзоркин  мен  (анасы)  Елена 
Петровна Подзоркина бағып-күткен. 
Н.Ю. Подзоркина 2001 жылдан бастап Ақтөбе облыстық наркологиялық 
диспансерінде есірткілік заттарды пайдаланатындығы үшін есепте тұр. 
Бүгінгі  күнге  Ақтөбе  қалалық  Сазды  полиция  бөлімінің  кәмелетке 
толмағандар ісі жөніндегі инспектордың қадағалау барысында Н.Ю. Под-
зоркина құқық бұзушылық жасамаған, тұрғылықты жері бойынша тексеріс 
кезінде спирттік және есірткілік заттарды пайдалануымен көзге түспеген. 
Шешім қабылдауға негіз болған дәлелдер
Ақтөбе қалалық Сазды полиция бөлімінің 2007 жылғы 30 маусымындағы 
№5/6221 Н.Ю. Подзоркинаны кәмелетке толмаған қызы Т.Е. Подзоркинаға 
қатысты  тәрбиелеу  жөніндегі  міндетін  атқару  бойынша  жауапкершілігін 
ескерту туралы мәлімдемесі (14 беттегі Н.Ю. Подзоркинаның қолайсыз 
отбасына қатысты №33/07 қадағалау ісі). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет