Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 5.18 Mb.
Pdf просмотр
бет13/68
Дата11.01.2017
өлшемі5.18 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68

Э. Т. Какенова 

Астана қ. 

С. Т. Какенова 

Арқалық қ. 

 

АҚПАРАТТЫҚ-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ САПАСЫ 

 

Бүгінгі  өзгермелі  әлемде  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесі  басты 



талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып,  әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс 

жасауда. 

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаев  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразия  Ұлттық  университетінде  оқыған  «Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру 

арқылы білім экономикасына» атты лекциясында осы мәселені айқындай отырып, былай 

деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны 



 

95 


дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық 

сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы 

мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» [1]. 

2011-2020  жылдарға  арналған    жалпы    білім  беруді  дамыту  бағдарламасында 

мектептерде  интеллектісі  жоғары,  дене  бітімі  түзу,  рухани  жағынан  дамыған  ҚР-дың 

азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның  табысты  болуын  қамтамасыз  ететін 

білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті   адами капиталды дамыту 

мәселесі  қарастырылады.  Бұл  тұжырымдамасында  «бастауыш  мектептің  бағдарламасы 

баланың  жеке  тұлғасын  қалыптастыруға,  жеке  қабілетін  ашуға  және  дамытуға 

бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-

өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілген [2]. 

Білім  берудің  мазмұны  оқушыларға  тек  белгілі  бір  білім,  іскерлік,  дағдылар 

жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз 

бетімен  және  тиімді  шешуге,  тұлғаның  өзін-өзі  анықтауына,  әлеуметтенуіне,  яғни  жеке 

тұлғаны дамытуға бағытталады. 

   Осылайша отандық білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ізгіліктік, тұлғалық, 

тұлғалы-бағдарлы,  іс-әрекеттік,  құзыреттілік  тұрғыдан  білім  беру  ретінде  айқындалып 

отыр.  


Мұғалімдердің  ақпараттық-кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі  шарты 

өзін-өзі  өзектендіру,  жетілдіру  болмақ.  Педагогтың    өзін-өзі  жетілдіру,  өзектендіру 

мәселесі  классикалық  педагогика  өкілдері  Дж.Дьюи,  Я.А.Коменский,  И.Г.Песталоции, 

Макареньконың  еңбектерінде,  қазақ  ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынов  т.б.,  еңбектерінде  орын  алған.  Ал  педагогикадағы    кәсіби  құзыреттілікті 

қалыптастыру мәселесі  Г.В.Вайлер, Дж Равен, А.К.Маркова, М.М.Чошанов, В.В.Сериков, 

Н.В.Кузьмина  т.б.,  қазақстандық  ғалымдар  Ү.Б.Жексенбаева,  К.С.Құдайбергенова, 

Г.Құлжанбекова, А.О.Серикова т.б. еңбектерінде қарастырылған.  Жалпы құзыреттіліктің 

мәні  және  оның  жіктелуі  мәселелерін  А.К.Маркова,  Б.Т.Кенжебеков,  Дж.Равен, 

Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя, С.Е.Шишов, М.А.Ғалымжанова, М.А.Абсатова, Н.М.Аблязимова 

және т.б. өз еңбектерінде қарастырады.  

Бүгінгі  күнге  дейін  кәсіби  құзыреттілік  туралы  ғылыми  көзқарастар  ішінде  оның 

мәнін,  құрылымын  анықтау  бойынша  бірнеше  бағыттар  қалыптасты.  Олардың  ішінде 

негізгі  екі  бағытты:  тұлғалық-профессиографиялық  және  тұлғалық  іс-әрекеттік 

бағыттарды ерекше бөліп көрсетуге болады [3].  

Ақпараттық  құзыреттілік  ең  негізгі  құзыреттілік  болып  табылады.  Ақпараттық 

құзыреттілік – ақпараттық-байланыс технологиялар (АБТ) саласындағы білім мен біліктің 

жүйелі құрылымы және оларды қолдану тәжірибесі, сондай-ақ, компьютер, принтер, факс, 

модем  т.б.  жаңа  технологиялық  құралдарды  пайдалана  отырып,  өз  білімі  мен  білігін 

жетілдіру,  өзгеріс  үстіндегі  жағдайларда  немесе  аяқ  асты  ахуалдарда  жаңа  шешім 

қабылдай алу қабілеті. 

Ақпараттық 

құзыреттілік 

мұғалімдердің 

кәсіби 

іс-әрекетінің 



мынадай 

қосылғыштарынан тұрады: 

-

 

ғылыми  пән  ретінде  информатиканың  негізгі  ұғымдары  мен  әдістері  туралы 



теориялық білім; 

-

 



компьютердің көмегімен ақпаратты ұсыну, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері; 

-

 



операциялық  жүйелерді,  операциялық  жүйелердің  қондырмаларын  және 

операциялық  қабықтарды  пайдалану  арқылы  жеке  компьютерде  жұмыс  істей  алу  білігі 

мен дағдылары; 

-

 



ақпаратты Ғаламторда тарата алу; 

-

 



телекоммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларына ие болу. 

Ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуына мыналар қажет: 

-

 

болашақ іс-әрекеттің құндылық-мәндік бөлшектерінің дамуына жағдай жасау; 



-

 

өз мамандығын жүйелі әрі тұтас көре білуге ықпал ету; 



 

96 


-

 

оқыту  барысында  білім  мен  дағдыларды  игерумен  қатар,  «тудырушы»  ойлауды 



дамытып,  қабылдаған  ақпаратты  көп  нұсқалы  іс-әрекетте  қолдана  алу  қабілетін 

қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану. 

Ақпараттық қоғамға өту адам өмірінің барлық саласына өзгерістер енгізеді. Бүгінде 

заманауи мұғалімдерге қойылатын талаптар бұрынғы талаптардан өзгеше. Олар: 

-

 

ақпараттық-байланыс  технологиялары  мен  техникалық  құралдарды  шебер 



пайдалану арқылы ақпарат көздеріне кедергісіз қол жеткізе білу

-

 



ақпараттық-байланыс  технологияларын  тиімді  таңдай  отырып,  кең  көлемдегі 

ақпаратты дер кезінде, жылдам әрі сапалы түрде өңдей білу; 

-

 

реттелген байланыс ортасына ие болу;    



-

 

игерген білімі негізінде жаңа білімді тудырып, оны кез келген іс-әрекетте қолдана 



білу; 

-

 



кәсіби оңтайлық, әлеуметтік белсенділік таныта білу; 

-

 



аралас салада құзыреттіліктерге ие болу; 

-

 



жылдам әрі тиімді шешім қабылдай алу; 

-

 



өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті болу. 

Ақпараттық құзыреттілік аса маңыздылардың бірі болып табылады, өйткені ақпарат 

адам  өмірінің  материалдық  ортасын  қалыптастырып,  тұлғааралық  қатынастарды  жүзеге 

асырудың негізгі құралы қызметін атқарады [4].  

И.Б.  Бичева  педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  құзыреттілігінің  дамуын  қарастыра 

отырып, кәсіби іс-әрекет субъектісінің кәсіби ортада өзін-өзі танытудың жеке тәсілдерінің 

қалыптасуын қамтамасыз ететін жеке-дара ерекшелігінің даму үрдісін анықтайды. 

Білімділік  қалыпты  деңгей  болып  табылады,    ал  кәсіби  құзыреттілік  бір  сәттілік 

талап  деңгейінен  жоғары,  ол  еңбекке  деген  шығармашылық  қатынастың,  қалыптың 

аясынан шығудың қажетті алғышарты болып табылады.   

В.А.Исаев  маманның  бәсекеге  қабілеттілігі  мәселесін  қарастыра  келе,  білім,  білік, 

дағдылардан  тұратын  негізгі  біліктілікті  ғана  емес,  кәсіби  қызметті  жүзеге  асыру 

барысында өз біліктілігін өзектендіре алатын шынайы дәлелденген қабілетті анықтайтын 

ұғымды енгізу қажеттігін дәлелдейді.  

Ол  үшін  өз  ісін,  орындайтын  жұмысының  мәнін,  алға  қойған  мақсатқа  жетудің 

тәсілдері  мен  құралдарын  жете  аңғару  қажет.  «Құзыреттілік»  ұғымы  арқылы  автор 

қызметкердің  өзі  қызмет  ететін  кәсіби  іс-әрекетке  және  кәсіби  өріске  қатысты  кәсіби 

біліктілігі  мен  тәжірибесін  тиімді  жүзеге  асыра  білу  қабілетіне  айналған  білімінің 

тереңдігі мен сипатын анықтайды [5].  

Жоғарыда 

айтылғандардан 

көретініміз, 

ақпараттық-кәсіби 

құзыреттіліктің 

қалыптасуын  мұғалімнің  кәсіби  негізгі  білім  мен  білікті  игеруі  деп  қарастыру  мүмкін 

емес.  Педагогикалық  үрдісті  жоспарлағанда  оны  мұғалімнің  дайындығының  мақсатына 

байланысты күрделі әрі көп жоспарлы құбылыс ретінде қарастырған жөн, оның ішінде ең 

бастысы  құндылық  бағдарларды  қалыптастыру  мақсаты,  өзін  және  кәсіби  өрісін  жете 

түсінуі,  болашақ  кәсіби  қатынастар  стилі,  жалпы  мәдениеті  мен  өзінің  шығармашылық 

әлеуетін дамыта алу қабілеті дегенді білдіреді. 

Осылайша,  жалпы  білім  беру  нәтижесінде  мұғалімдердің  бойында  ақпаратты  өз 

бетінше  іздестіру,  таңдау,  ұйымдастыру,  ұсыну,  тарата  алу,  нысандар  мен  үрдістерді 

жобалай  алу  қабілетін  көрсететін  құзыреттің  ең  маңызды  түрлерінің  бірі  –  ақпараттық-

кәсіби құзыреттілік қалыптасады. 

 

Әдебиеттер 



1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  –  2030.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына 

Жолдауы.» – Алматы: Білім, 1997. – 176 б. 

2.  Қазақстан  Республикасы  2011–2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың  

мемлекеттік бағдарламасы – Астана, 2010 ж. 



 

97 


3.  Бидайбеков  Е.Ы.    Подготовка  специалистов  совмещенного  и  информационного 

профиля в Республике Казахстан. 

– 

Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 123 с. 



4.  Зимняя  И.А.  Компетентностный  подход  в  образовании.  Проблемы  качества 

образования. – М., 2004. – С. 34-38. 

5.  Кенжебеков  Б.Т.  Маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  теориялық  негізі  //Бастауыш 

университет. – 2005,  №3. – Б. 3-7. 

 

 

 



 

А. Т. Кидирова 

Астана қ. 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІН ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ 



НҮКТЕЛЕРДІҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОРНЫ ӘДІСІМЕН ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ 

 

Геометриялық  салу  есептері  оларды  шешу  әдістерінің  көптігімен  ерекшелінеді. 



Оқушы геометриялық салу есептерін шешу барысында түрлі геометриялық фигуралардың 

пайда  болу  және  олардың    түрлену  жолдарын  ұғынады;  сонымен  қатар,  мұндай  есептер 

оқушыларды  өзіндік    зерттеу  жүргізуге  итермелейді.  Салу  есептері  мектеп  геометрия 

курсының  барлық  бөлімдерімен  байланысты  болып  келеді,  яғни,  салу  есептерін  шығару 

барысында  оқушы  жалпы  геометрия  курсынан  алған  білімдерін  еске  түсіріп,  жүйелей 

түседі.  Сондықтан  да,  геометриялық  салу  есептері  көптеген  жылдар  бойы  ғалым-

әдіскерлердің қызығушылығын арттырып келеді.  

Планиметрияны  оқыту  әдістемесінде  салу  есептерін  геометриялық  түрлендіру 

әдісімен шешуге арналған есептер жиі кездеседі, ал стереометрияны оқыту әдістемесінде 

–  проективті  сызба  әдісі  кездеседі.  Мектеп  оқулықтарында  кездесетін  нүктелердің 

геометриялық  орны  (НГО)  әдісі  жеткілікті  зерттелмеген.  Есептерді  осындай  әдіспен 

шығаруда  туындайтын  қиыншылықтар  –  ол      тақырыпты  оқыту  уақытының 

жетіспеушілігінен,    геометриялық  оқулықтардағы  есептер  санының  аздығынан  және 

тиімді оқыту әдістемесінің болмағандығынан. 

Геометриялық  салу  есептерін  жазықтықтағы  НГО  әдісімен  шешудің  жалпы 

әдістемесін  енгізе  бастаған  О.Б.Епишева  мен    В.И.Крупич  болатын.  Бұл    авторлар  салу 

есептерін  шешудің  екі  сатысын  –  талдау  және  салуды  қарастырады.  Салу  есептерін 

айтылған әдіспен шешудің толық  әдістемесін анықтау  үшін геометриялық салу есептерін 

НГО әдісімен шешудің әрбір сатысының ерекшеліктері, түрлі авторлардың осы тақырыпта 

қандай  да  бір  нақты    есептерді  шешу  жолдары  талқыланды.  Салуға  арналған 

стереометриялық  есептерді  НГО  әдісімен  шешудің  жазықтықтағы  есептерді  сол  әдіспен 

шешуден  айтарлықтай  айырмашылығы  жоқ.  Біріншіден,  стереометриялық  есептердің 

шарты  жазық  фигуралар  үшін  берілген  шарттардай  болады,  тек  жауабында  беттер 

(жазықтықтар,  сфералар  және  т.б.)  алынады;  екіншіден,  кәдімгі  салу  жұмыстары 

елестетумен  алмастырылады.  Сондықтан  да,  өзгерістер  аталған  әдіспен  шешу  жүйесінде 

емес, тек сол жүйеге кіретін кейбір ұғымдардың түсіндірмесінде: 1) «Фигура» деп жазық 

фигуралармен  қатар,  кеңістіктегі  фигураларды  да  ұғамыз,  яғни,  есептің  шарты  бойынша 

кеңістіктегі  фигура  қарастырылуы    мүмкін  немесе  салу  нәтижесінде  кеңістіктегі  фигура 

алынуы мүмкін; 2) салуды қажет ететін әрекеттерде «фигура салу» деп келесіні түсінеміз: 

есепті шешу үшін  салуды қандай ретпен және қандай салулар орындау керек, және қажет 

болса ұқсас сызбаны орындау (яғни, тура салынбаса).  

Зерттеу  нәтижесінде  жазықтықтағы  және  кеңістіктегі  салу  есептерін  НГО  әдісімен  

шешу схемасын төмендегідей  көрсетуге болады: 


 

98 


1.Есеп  шарты  бойынша  қандай  геометриялық  фигура  берілген  және  қандай 

фигураны салу кажеттігін анықтау керек;  алдын-ала орындалатын сызба көмегімен оларға 

тән қатынасты орнату керек; 

2.Ізделінді  фигураны  салу  үшін  бірінші  қай  нүктенің  орнын  міндетті  түрде  білуіміз 

қажет және сол орынды анықтайтын шартты қалыптастыру; 

3.Сол  әрбір  шартты  қанағаттандыратын  нүктелердің  геометриялық  орнын  (немесе 

фигураны) атау; және оларды салу. 

4.Аталған (салынған) фигураның ортақ  нүктелерін табу, ізделінді фигураны салу; 

5.Салынған фигураның есептің барлық шарттарын қанағаттандыратынын дәлелдеу; 

6.Зерттеу.  Зерттеу  нәтижесінде  қандай  жағдайда  есептің  шешімі  болады  және  неше 

шешімі болатындығы анықталады.  

Оқушы  есептерді  шешу  алдында  мынадай  сатылардан  өту  керек:  бірінші  сатысы  – 

дайындық. Салу есептерін аталған әдіспен шешуге қажетті білімді тексеру (яғни, алдын-

ала  алынған  білімді  еске  түсіріп,  қайталау).  Оған  геометриялық  фигуралардың  және 

жазықтықтағы  (кеңістіктегі)  нүктелердің  геометриялық  орны  анықтамасын  білу,  белгілі 

геометриялық фигураларды және нүктелердің геометриялық орнын сыза білу қабілеттілігі 

(ойша елестету және олардың схемалық суретін салу) жатады.  

Стереометриядағы салу  есептерін НГО әдісімен шешу кеңістіктік ойлау қабілетінің 

жоғарылығын  қажет  етеді.  Сондықтан  да,  осы  сатыда  фигураларды  және  беттерді 

кеңістікте  ойлауды  және  олардың  арасындағы  байланыстарды  жеңілдететін  есептерді 

қарастыру  керек.  Сонымен  қатар,  салу  есептерін  шешу  схемасын  –  талдау,  салу  және 

дәлелдеуді есте сақтау қажет.  

Екінші  саты  –  геометриялық  салу  есептерін  НГО  әдісін  қолданып    шешу  жолы 

құрылымымен  танысу.  Әдіскерлердің  зерттеуі  бойынша  оқырмандарды    есепті  шешудің 

дайын жолымен бірден таныстыру тиімсіз болып табылады. Олар есептерді шешу жолын 

өз  беттерінше  талдау  жасай  отырып  ұйымдастыруы  қажет.  Оқырман  игерілген  

теорияларды  негізге  алып,  таныс  әдістермен  салыстыру  жүргізе  отырып  салу  есептерін 

аталған әдіспен шешу жолын құрастыруы керек.  

Демек, салу есептері сол есепте берілген шарттарды қанағаттандыратын бір немесе 

бірнеше  нүктелерді  табу  есептеріне  алып  келеді.  Мысалы,  үшбұрышты  (немесе 

көпбұрышты)  салу  есебі    олардың  төбелерін  табу  есебіне  келеді;  шеңберді  салу  –  оның 

центрін  және  шеңбер  бойында  жатқан  бір  нүктені  табу  және  т.б.  Сондай-ақ,  біздің 

қолымыздағы  сызба  құралдары  (сызғыш,  циркуль,  бұрыш  және  т.б.)  сызық  сызуға 

жарамды.  Сондықтан  да,  салу  есептерін  шешуде  әрбір  нүкте,  әдетте,  екі  сызықтың 

қиылысуымен  анықталады.  Мысалы, 

b

a,   және 

  қабырғалары  арқылы  берілген  ABC   

үшбұрышын  салуда  біз      төбесін  екі  шеңбердің  қиылысу  нүктесі  ретінде  анықтаймыз: 

центрі    және  радиусы 

b

AC

  болатын  шеңбер  мен  центрі  ,  ал  радиусы 



a

BC

 



шеңбері.  

Жоғарыда  айтылғандарды  нақтылай  түсу  мақсатында  бірнеше  мысалдарды 

қарастырайық.  

1 – есеп. Берілген 



ABC   бұрышының қабырғаларын жанайтын, сонымен қатар,  бір 

қабырғасын берілген   нүктесінде жанайтын шеңбер жүргізіңіз.  

Берілген есепті шешу үшін ізделінді   шеңберінің центрін анықтасақ жеткілікті.   

шеңбері  берілген  бұрыштың  екі  қабырғасын  да  жанайтын  болғандықтан,  оның  центрі 



ABC   бұрышының  биссектрисасының  бойында  жату  керек.  Сонымен  қатар      шеңбері 

AB  қабырғасын берілген   нүктесінде жанайтындықтан, оның центрі   AB  қабырғасына 

  нүктесі  арқылы  жүргізілген  перпендикуляр  бойында  жатуы  тиіс.  Осылайша,   

шеңберінің  центрі  болатын  ізделінді    нүктесі    –        және    екі  түзуінің  қиылысу 

нүктесі. 

2  –  есеп.  Айталық,  жазықтықта 



B

A,

  және 


  үш  нүктесі  берілген.    нүктесінен 

қандай да бір  -аралықта жатқан және   және   нүктелерінен бірдей аралықта жатқан 

нүктені табыңыз.  


 

99 


Бұл  есепте  де  ізделінді  нүкте  екі  шартты  қанағаттандырады.  Біріншіден,  ізделінді 

нүкте    нүктесінен  қандай  да  бір  -аралықта  жатыр.  Осы  шартты  қанағаттандыратын  

барлық   нүктелер жиыны – центрі   нүктесі, радиусы    болатын шеңбер. Екіншіден, 

ізделінді  нүкте      және    нүктелерінен  бірдей  аралықта  жатыр.  Бұл  шартты 

қанағаттандыратын  нүктелер  жиыны  –  BC   кесіндісіне  оның  ортасы  арқылы 

жүргізілген  перпендикуляр  түзу  екендігі  түсінікті.  Ізделінді  нүкте  бірінші  жиынға  да, 

екінші  жиынға  да  тиісті  болуы  керек,  яғни,    және      сызықтарының  қиылысу 

нүктелері.    –  түзуі  мен  –  шеңберінің  орналасуына  байланысты  есептің  екі  шешімі, 

бір шешімі болуы  немесе мүлдем шешімі болмауы мүмкін.  

Яғни,  салу  есептерін  НГО  әдісімен  шешу  оқырманға    келесідей  пайдалы  септігін 

тигізеді:  өтілген  сабақтар  (материал)  нақтылана  түседі;  табылған      НГО  арқылы 

геометриялық  фигураның  формасы  анықталады;  оқырмандар  геометриялық  ұғымдардың 

жанама анықтамаларымен танысады; есептерді шығару  нәтижесінде оқырмандар есептің 

шешімі болып табылатын маңызды тұжырымдармен, теоремалармен танысады. 

Жоғарыда айтылған  салу есептерін НГО әдісімен шешу схемасы және оқырманның 

есептерді шығару  алдындағы көрсетілген дайындық сатылары  оқырманды салу есептерін 

нүктелердің  геометриялық  орны    әдісімен  шешуге  үйретуде  қолдану  тиімді  болып 

табылады. 

 

Әдебиеттер  



1.  Александров П.С., Маркушевич А.И., Хинчин А.Я. Энциклопедия элементарной 

математики. Книга четвертая. Геометрия. Часть I. М.: Просвещение, 1963. 

2.      Епишева  О.  Б.,  Крупич  В.  И.  Учить  школьников  учиться  математике: 

формирование приемов учебной деятельности: кн. для учителя. М.: Просвещение, 1990.  

3.  Погорелов  А.В.  Геометрия:  Учебник  для  7-9  классов  общеобразовательных 

учреждений. – М.: Просвещение, 2000. 

4.  Савин  А.П.  Метод  геометрических  мест  /Факультативный  курс  по  математике: 

Учебное  пособие  для  7-9  классов  средней  школы.  Сост.  И.Л.  Никольская.  –  М.: 

Просвещение, 1991. 

 

 



 

 

Ж. И. Пахрутдинова 



Астана қ.   

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ БАСШЫ ЖӘНЕ БИЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Басшылық  пен  көшбасшылық    (лидерлік)  жеке  адамдар  арасындағы  басқару 



аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар ұйымның мақсатын, әрі оған жету 

үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін [1]. 

Басшылық    –  басқару  қызметінің  белгілі  бір  тұтастай  мазмұнға  ие  болған 

оқшауланған  бөлігі,  яғни  бұл  басқару  қызметінің  мамандандырылған  бөлігі.  Басқарудың 

мамандандырылған  қызметінің  бірыңғай  тұтас  синтезделуін  және  интеграциялануын 

басшылық деп атайды.  

Әдетте  бейресми  топтарға  ұжым  мүшелері  арасында  беделі  бар,  іске  қабілетті  

адамдар  көшбасшы  етеді.  Басшы  өзіне  негізгі  екі  міндетін  жүктелетіндігін  білуі  тиіс: 

адамдармен  жұмыс  істеу  және  басқару  жүйесін  ұйымдастыру.  Басшы  еңбегін  таңдауға 

түрткі  болатын  ықпалдардың  болуы  қажет.    Екі    түсініктің  –  «басқару»    және  

«басшылық»  түсініктерінің  арақатынасын  жеке  қарастыру  талап  етіледі.   Басқару  бұл  

жүйеге    немесе  жекелеген    үдерістерге    бағытталған,    оның   күйіне    немесе    оған    жаңа  

қасиеттер  мен  сапалар  беру  мақсатында   ықпал етуді  білдіретін  кең  түсінік  болып  


 

100 


табылады.  «Басқару»  түсінігі  техникалық («машина-машина»),  әлеуметтік  техникалық 

(«адам-машина»),  және  әлеуметтік («адам-адам»)  жүйелерге  жатады. Ал,   басшылық –  

басқарудың  жеке  жағдайы.  Басшылықтың негізгі  айырмашылығына  жататындар : 

-

 



адамдар  мен  олардың  бірлігіне  ықпал  етуі  шектеледі

-

 



басшының  қарамағындағылармен  өзара  әрекетінің  болуын  білдіреді; 

-

 



әлдекімнің  қызметін  басшының  ойына  сәйкес  болдыру [2]. 

Осыдан    келіп,    басшылық  –  басқарып    отырған    адамдарына    және  олардың  

жалпысына    еркін  (мақсатты    бағытталған)    ықпал    ету,    ол    олардың    саналы    және  

белсенді  мінез-құлқы  мен  қызмет  етуіне  алып  келеді, және  де  басшының  ойы  да  

соған    сәйкес  келеді.  Сондықтан  да  басшылықты  басқару  деп  атауға  болады,  алайда  

кез келген  басқару  басшылық  бола  алмайды.  

Көшбасшылық    пен    басқарушылықтың    арасындағы    негізгі    айырмашылықтарға  

мына  төмендегілер  жатады: 

-

 

түсініктің  мазмұны: басшылық  топтың  бүкіл  қызметін 



ұйымдастыруды  қарастырады,  ал   көшбасшылық  топта   «тігінен»  пайда  болған  

психологиялық    қатынастарды    сипаттайды,    яғни,    үстем  болу    мен    бағыну    қатынасы  

жағын   білдіреді; 

-

 



пайда  болу:  басшылық  ресми  ұйымның  пайда  болу процесінің 

қажетті   заңды  атрибуты  болып  табылады,  ал  сол  кезде  көшбасшылық  ретінде  

адамдардың    өзара    әрекеті    салдары  ретінде    пайда    болады;    осыған    сәйкес    басшы  

әдетте        ресми    тағайындалады,    не    сайланады,    ал    көшбасшы    күтпеген    жағдайда  

ұсынылады; 

-

 



жұмыс  істеу:  басшылық  ұйымның  мүшелерінің  біріккен  қызметін  

басқару  мен  құқықтық  ұйымдастыру процесі  ретінде  көрінеді,  ал  көшбасшылық 

–  ішкі    әлеуметтік-психологиялық  ұйым    мен    қатынаспен    қызметті    басқару    болып 

табылады; 

-

 

басшы  мен  көшбасшының  әлеуметтік  рөлі:  басшы  әлеуметтік 



бақылау  мен    биліктің   делдалы    болса,    ал    көшбасшы-тұлғааралық    қатынастарда  

қалыптасатын  топтық  нормалар  мен  күтулердің  субъектісі  болып  табылады; 

-

 

сыртқы  байланыстар  режимі:  басшы  топты  сыртқы  ұйымдастыру 



бойынша  көрсетеді  және  одан  тыс  ресми  қатынастарға  байланысты  мәселелерді  

шешеді; 


-

 

басшылық – барынша  тұрақты  құбылыс,  ұйымның  мүшелерінің  



көңіл-күйлері  мен  пікірлерінің  құбылуына    барынша  аз  ұшырайды [3]. 

Жоғарыда  келтірілген  айырмашылықтар  бізге  «басшылық»  және  көшбасшылық» 

түсініктеріне  алып келеді.  Басшылық – басшының  мемлекет  немесе  топ  берген  билік  

негізінде  жүзеге  асыратын  құқықтық  процесі.   

Басшылық    топқа  қатысты    бәрінен  бұрын    басқару    мен  бағыну    рөлін    бөлу  

жағынан  алып қарағанда, әлеуметтік сипаттама  болып табылады. Басшылық  құқықтық 

қатынастар,    әлеуметтік    бақылау    мен    тәртіптік    тәжірибені    қолдану    принциптеріне  

негізделеді.   

Өз кезегінде,  көшбасшылық  бір  адамның  басқаларға  олардың  біріккен  өмір  сүру  

мен    қызметі    кезіндегі    психологиялық    ықпалының  процесі,    ол    бір-біріне    еліктеу,  

сендіру,    түсіну    негізінде    жүзеге    асырылады.  Көшбасшылық  –    топтың    белгілі    бір 

мүшелерінің    мінез-құлқының    таза    психологиялық    сипаттамасы.      Көшбасшылық  

бағынудың  еркін  сөйлесу,  өзара түсіністік  пен  еріктілік  принциптеріне  негізделеді.   

Сонымен,  басқарушылық  қызметті  кең  сахнада  басшы  ғана емес,  сонымен  қатар  

көшбасшы  да  жүзеге  асыра  алады. Қазіргі  жағдайда  әлеуметтік мәні  бар және  тиімдісі  

көшбасшылық  формасында жүзеге  асырылатын  адамдарды  басқару  болып  табылады. 

Шын  мәнісінде,  бұл  екі  рөлді  бір  адам  орындайды,  бірақ  та  бұлай  болу  әрдайым 

бола бермейді. 



 

101 


Функциялар    немесе    қызметтер  –  бұл  басқарудың    негізгі  категориясы,    оларда  

басқарушылық    қызметтің    мазмұны    мен    әдістері,    принциптері  бірігеді.    Жалпы  және  

әмбебап  функциялар  кез келген  саламен,  кез  келген  қызметпен   басқарылуға  бейім  

болып  келеді.    Олар    басқарушылық    қызметті    белгілі    бір  нәтижеге    қол    жеткізу  

мақсатында  олардың уақыт ішінде  орындалуының   реттік белгілері  бойынша жіктелетін  

жұмыс  түрлері мен  бірқатар кезеңдерге  мүшелейді.   

Мұндай  жалпы  қызметте   мақсатты  болжау,  жоспарлау,  ұйымдастыру,  үйлестіру,  

ынталандыру  мен  бақылау  жатады.  Мақсатты  болжау функциясы  қызметтің  негізгі,  

ағымдағы    және  алдағы    мақсаттарын    жасаудан    көрінеді.                      Өмір    бір  орнында 

тұрмайды,  сондықтан  да  әрбір   сәтте  басшы  өзінің  қызметін  қоғамдағы,  ұйымның 

бөлімшелеріндегі    нақты    жағдаймен,    «көршілерімен»,    жоғары    тұрған    басшылардың  

шешімдерімен    салыстыруы  қажет.  Бірақ    та  салыстыру  аз.  Ағымдағы  әрекет   пен  

стратегияны    түзете    білу    мен    мақсатты    қайта    қарап    шығу,    оларды    мақсаттар 

жүйесіндегі  орнын өзгерте  білуі тиіс. 

Билік  –  бұл  басқалардың  жүріс-тұрысына  ықпал  ету  мүмкіндігі.  Ұйымның  әртүрлі 

бөлімшелеріндегі басшы өзінің     шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына 

топтасқан адамдардың бір бөлігі.   

Көшбасшының екі түрі болады:  

1. Құралдық (инструменттік) көшбасшы – адамдар тобына міндет пайда болғанда топ 

мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.  

2.  Эмоционалдық  көшбасшы  –  бұл  маңдай  алды  жақсы  адам.  Өмірде  осы  екі 

ерекшелікке  ие  болатын  адамдар  сирек  кездеседі.  Бейресми  топтарда  көшбасшы  болу 

мүмкіндігінің  айқындаушы  факторы  мынадай:  жасы,  лауазымдық  орны,  кәсіптік 

біліктілігі,  жұмыс  орнының  орналасуы,  жұмыс  аймағында  еркін  әрекет  ету  және 

ықыластылығы [4]. 

Басқару  үшін  ықпал  ету  қажет,  ал  ықпал  ету  үшін  билік  керек.  Билік 

орындаушылардың  белсенді  талаптарына  Маслоу  бойынша  (физиологиялық  талабы, 

қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы ) ықпал етуге негізделген. 

Сөйтіп,  басшылық  пен  билік  жеке  адамдар  арасындағы  басқару  аспектісі  болып 

саналады,  сол  арқылы  бағыныштылар  кәсіпорынның  мақсатын,  әрі  оған  жету  үшін 

неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін. 

Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу 

және  басқару  жүйесін  ұйымдастыру.  Олар  өзара  байланысты,  әрі  күн  өткен  сайын 

күрделене түседі. 

Басшы  өз  жұмысында  ғылым  мен  техника  жетістіктерін  жаппай  қолдану  өндіріс 

технологиясына, еңбек кұралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына 

сапалық  өзгеріс  енгізетіндігін  ескеруі  тиіс.  Әрі  мұның  өзі  жұмыскерлердің  ынта-

ықыласына,  талап-тілегі  мен  мотивтеріне  терең  ықпал  етеді.  Мұның  өзі  оның  жұмысын 

қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен 

қоса, басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады. 

Басшы еңбегін тыңдауға түрткі болатын ықпалдар келтірілген. 

Басшының мақсаты – басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. 

Осы қызметін орындауы үшін, оның өзінің формальды өкілеттідігімен қоса, билігі болуы 

кажет. 


 

Әдебиеттер 

1.Туксанбаев.  Мектептегі  білім  беру  сапасын  арттырудағы  мектеп  басшыларының 

ролі.//  Материалы  международной  научно-практической  конференции  “Качество 

школьного образования в Республике Казахстан: сосотояние, тенденции и перспективы”, 

– Алматы, 2000.-98 б. 

2.Тейлор У. М.Вебер . Менеджмент / Пер. с англ. А.И.Зак.-М.: Журнал “Контролинг, 

19922.-137 с. 


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет