Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет10/27
Дата27.12.2016
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да біраз оқыған болады. 

Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабдұлжаппар деген 

татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға 

тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол 

мешіттерінің жанында медреселері болған. Оқушы шәкірттің 

көбі медреседе жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін 

сабақтары. Соның көбін араб, парсы тілдерінде оқиды. 

Жалпы медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып кел-

ген салтқа қарағанда, түркіше оқу жолшыбай ғана оқылатын 

қосымша оқу болады. 

Оқытушының бар бейіл бергені – дін діңгегі сияқты 

болған арабша, одан қала берді парсыша.

Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзімен бірге оқыған 

үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, 

ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша 

кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге ау-

дарып берген сөздерін, екінші ретте кітапқа қарамай, өзі 

жатқа айтып шыға алатындай зерек болған. Сонымен, дәріс 

ретінде оқылатын сабақтарды ұғып, білу Абайға өзге бала-

лардан сонағұрлым оңай болған. Көп уақытын да алмаған. 

Сондықтан барлық артылған уақытты Абай өз бетімен өзі 

сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп тімтінуге салынады. 

Өз бетімен оқитын кітаптары – араб, парсы, түрік жұрттары-

ның ақындары. Одан соң сол тілдерде жазылған ертегі, дас-

тан, қисса сияқты әдебиет мұралары.

Бұларды Абай бала кезіндегі құлай берілгіш мінезі 

бойынша барын салып, көп оқыған. Оқуға кірген соң-ақ 

балалық дегенді көп білмей, тез есейіп, ілім қуған кісінің 

қалпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сын-

мен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Араб, пар-

сы, түрік ақындарының ішінде өзінің әбден сүйіп, таңдап 

оқыған ірі ақындары болады. Солардың әр сөздерін оқып 

шығып, талай бәйіттерін ұзыннан-ұзақ жаттап жүреді. 

Сол бала күнінде жаттаған кей өлеңдері ұлғайып, кәрі- 

лікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытыл-



144

маған. Абайдың 30 жасында туған баласы Тұраштың айт-

уынша, балалары оқып жүрген кітаптардың ішіндегі кейбір 

сөздерді “пәлен кітаптың пәлен бетінде” деп жаңылмай 

жатқа айтып отырушы еді дейді.

Осы сияқты белгілерге қарағанда, Абайдың медреседегі 

оқуы көбінесе “Мұхтасар” сияқты дін кітаптары болмай, 

дені әдебиет мұралары болу керек. Ерте күннен әңгімелі, 

өлең сөздерге ерекше ынтық болып, қатты құмартқан та-

лапты жас шәкірт ақындық өнерін қадірлейтін мінезді сол 

балалық шағынан ала шыққан.

Медресенің тынысы ауыр тар ғаламында, қысаң 

тәрбиесінде жүрген жас шәкірттің шын сүйетін жанда-

ры – Науаи, Сағди, Қожа Хафиз, Физули сияқты ақындар 

болған. 

Бұлардың сөздерін Абай бері келіп ұлғайған уақытына 

шейін тастамаған. Әрқашан оқып, әрқашан сүйсініп еске 

алып отырған.

Медреседе оқып жүрген кездерінде, жаз болып елге 

қайтқанда қаладан ала қайтатын кітаптары тағы сол ақындар 

еңбектері. Үй ішіне оқып беріп отыратыны да солар болған.

Өзі оқымаса да, балаларын оқытып жүрген Құнанбай бір 

баласы Халиолланы орысша оқытып, Абайды мұсылманша 

оқытып жүргенде, соңғы баласына Сопы Аллаяр сияқты 

ақындарды көп оқытып, өзі де тыңдай жүреді. Сол кез-

де: “Абайдан Ысқақ артық болады”, – дегендерге: “Не 

күтсеңдер де осы жаман қарадан күтесіңдер ғой”, – дейтін 

сөзі Абайдың өз есінде қалған екен.

Ескіше оқу тәртібі шынымен “инемен құдық қазғандай” 

өнімсіз оқу болғанда, Абайдың үш-ақ жыл оқуы сырт көзге 

аз оқу болса да, өзіне көп жаңалық беріп, көп жаңа дүниенің 

шетін ашқан сияқты. Алдымен ақындарды көп оқу себепті, 

Абай араб, парсы тілін сол үш жыл ішінде жақсы біліп 

шыққан. Мұның белгісі сол заманнан қалған бірен-саран 

өлеңдерінен білінеді.

Кітап жүзінен алған тәрбие мен жазба үлгілер бойынша 

ол уақыттағы өлеңге жарайтын тіл жалғыз араб, парсы тілі 

деп біліп, Абай да алғашқы өлеңдерін араб, парсы тілдерімен 

Физули, Бабырша айтады. Балалық шағындағы өлең жаза-

мын деген талабын:



145

Физули, Шәмси, Сайхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Қожа Хафиз – бу һәммаси,

Медет бер, я шағири, фәрияд –

деп, өзі қадірлеген ескі ақындарының әруағына сиынумен 

бастайды.

Осы аталған аттардың өзіне қарағанда, Шығыстағы 

көпке белгілі болған ірі ақындардың талайымен Абайдың 

ерте күнде танысып алғандығы даусыз. 

Абай оқуды тастап, елдің жас бозбаласы, жас жігіті бо-

лып жүрген кезінде де осы ақындардан алған үлгі, әсерден 

түгел айықпай, көкейінде көп сақтап еді. Сол кезде ұнатқан 

әйеліне өлең жазса, әлгі ретпен кітапшылап жазады.

Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім,

Би-балай дәртіңа нисбәт еттім, –

деп, “әліп”, “би”-мен жазған өлеңі, одан соң “Йузи – рау-

шан, көзі – гауһар, лағилдек бет үші әхмәр…” деген өлеңдері 

жас шағында қиялына қатты әсер етіп, тіл кестесінде 

өздерінің үлгісіне тартып алған жоғарғы ақындар әсерінен 

туады.

Абайдың жас күнінен бізге жеткен өлеңдері жоққа тән, 



тіпті аз ғана. Сондықтан бұл туралы өмірбаянының ішінде 

ұзақ сөйлеуге орын аздау. Абайдың нағыз ақындық белгісін 

беріп, өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң 

басталады. Ол кезде Абай арабшыламақ, парсышыламақты 

теріс нәрсе деп түсінген.

Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта Абай 

жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы 

“Приходская школаға” түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ 

мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша 

оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. 

Жасы 13-ке толғанда ерте есейіп, ақыл-сезімі ашы-

ла бастаған, өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке 

аз да болса оқу-тәрбие беретін мектептің есігі жабылады. 

Қырдан гөрі тәуірірек үлгі беретін қалада болғанда, ақын 

болатын баланың алған жалғыз ғана нәрлі азығы – шығыс 


146

ақындарын тану, солардың сөздерін ынтасы ауып, сүйіп, 

көксеу болады.

Осындай дүние есігін енді ғана ашқалы, жаңа ғана 

саңылау көріп келе жатқан уақытта Абай аздаған біліммен 

үлкен кісінің өміріне кіріседі. 13 жасқа толғанда әкесі 

Құнанбай ел билеу жұмысына өзіне серік қылмақ болып, 

жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. 

Баласын оқудан ерте шығарып алуына себеп болған 

нәрсе: ел жұмысында өзіне серік болатын ірі баланың Абай-

дан қолайлысы болмағандығы. Бала болса да, сол кезде Абай 

әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. 

Барлық балаларына қатал, қатты сыншы болған Құнанбай 

Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген.

Баласын оқыта түспей, асығып алған себеп, жоғарыда 

Құнанбай өмірі туралы айтқан сөздерді еске алсақ, оңай 

ұғылады. Құнанбай өзі тұстас рубасылардың қақ жарты-

сын өзіне қарсы тұратын жау қып алады. Қатал мінез, қатты 

зорлық, үстем мінездерімен жау. Көп өмірін сол жаулықтың 

жолында алыс-жұлыспен өткізеді. Қарсысына шыққан 

рубасыларды үлкен тартыстың аяғында жеңіп алса да, 

сондағы ішке байланған мұз аналардың көбінің есінен кет-

пеген. Құнанбайдың өз істері, өз мінездері бір болса, екінші 

жағынан, сыртқа да, ішке де әмірі жүріп жуандап алған 

Құнанбайдың маңайында да талай зорлықшыл, озбыр, 

сотқар туысқандары болады.

Бұлар Құнанбайдың ұлықтығына мас болып, “пәлен 

ауылдың жігіті, түген жақсының туысқаны” деген атпен ша-

масы келгенінше емін-еркін пайдаланған, көп елді мазақтап, 

қорлап, орынсыз зорлық, қисынсыз жуандық істей берудің 

үстіне, тіпті Құнанбайдың дос болып жүрген рубасыларын 

да қажытып алған. Сол Құнанбай қарсысында жүрген адам-

дар Құнанбайдың өзі ғана емес, жаңағыдай жақыны, өрен-

жараны дегеннің барлығына да жауығып, жирене қарайтын 

болған. Тартыс ретінде өшпендік жөнімен Құнанбайдың 

жас баласын да өздерінің ертең алысатын жауы есепті біледі. 

Оны да дұшпан санайды. Осының бір мысалын Абай өзі де 

айтады екен.

Бір күні жас бала өзен жағасында ойнап жүргенде, ана-

дай жерде келе жатқан Байсал, Бөжей, Түсіпті көреді. Олар 



147

әкесімен араз. Бірақ Абай алдарынан көлденең шығады да, 

қол қусырып тұрып сәлем береді. Бөжей сәлемін алғанда, 

Байсал жақтырмай: “Антұрғанның баласының сәлемін алып 

неғыласың”, – депті. Бөжей тоқтап, баладан: “Бізді көрсең, 

сәлем бер деген әкеңнің үйретіндісі ме, жоқ, өзің бердің 

бе?” – деп сұрайды. “Үйретінді емес, әдейі сәлем берейін, 

батаңызды алайын дедім”, – дейді. Байсал сонда тағы да: 

“Жетпегірдің баласына тағы не бата беруші ек!” – деп жүре 

бермек болады. Бірақ Бөжей жүрмей, бата берді дейді. Бата-

сында: “жалғыз-ақ әкесінің мінезін бермесін” дегенді баса 

айтқаны Абайдың есінде қалыпты.

Осы бала оқуды тастап, әкесіне көмекке келеді. 13 

жастағы Абай әкесі берген бетпен ел сөзіне кіріседі. Әрине, 

жас бала алғашқы аяқ басқан жерден келелі кеңеске кіріп 

кеткен жоқ. Ел жұмысын шет жағалап, ептеп бастауына 

керек. Сондықтан ең алғашқы жылдарында әкесінің “ба-

рып келінде” жүреді. Кейде қасына кісі қосып беріп, кей-

де жалғыз өзіне сөз тапсырып, ұсақ істер туралы келісім 

жасауға да ерік береді.

Абай жасына жетпей ұлғая бастайды. Балалық белгісін 

ерте жоғалтып, сөйлесіп жүрген үлкендеріне бала көрінбеу, 

олқы түспеу жағын көп ойлайды. Әкенің билігі, өмір 

талқысы және араласып жүрген үлкендері болсын, барлығы 

да Абайды оқудан алыстатып әкетумен тоқтамай, табиғи 

балалық қалпынан да жырып әкеткен.

Жас күнінен-ақ Абай өмірі әлденеше қиқы-жиқы 

шиырға түскен. Ішкі балалық дүниесін оңды-солды соққыға 

алатын, теріс қалыпқа кептейтін ерекше халдерге ұшыраған. 

Өзінің дене қуаты мен ой қуатына лайық келмейтін салмағы 

зор міндеттер басына түскен соң, Абай жаратылыстағы 

зеректік, талаптылық сияқты өнерінің барлығын еріксіз 

осы жолға салған. Ел кісісімен араласқанда сөз керек, 

тапқыштық керек, кезеңді жерге келгенде айла да, ашу 

да керек. Әрбір көлденең келген істің тұсында өзгелер не 

сөйлейді, не істейді? Бұрынғы билер не айтып, не істеген? 

Өз әкесі қайтеді? Оған қарсы адамдар не тәсілде? Осының 

бәрін Абай ел сөзіне кірісе бастаған соң-ақ тесіле қарап, 

толық ұғынып, жете білуге тырысады.


148

Сонымен, балалықтан асып, бозбалалық, жігіттік ша-

ғына жеткен уақытта қазақтың ескі сөзі, ескі жол-жобасы, 

мәтел, тақпақ, ескі биліктеріне елдің маңдай кісілерімен 

қатар түскендей білім алады. Бұл уақыттарда қазақтың ескі 

ақындары, кемел шешендері, жорықшыл батырлары, ерлері 

болсын, барлығының жайындағы әңгімелер Абайға енді 

таныс дүние болады. Абай халық қазынасына ынталанады. 

Халықтың қоғамдық пікіріндегі қайшылықтарды да со-

дан білетін болды. Арызшы, мұңдыларды, зорлық, қорлық 

көргендерді көп тыңдады. Солардан ұқты. Құнанбай 

үстемдігіне қарсы әділдік ой ойлауды да сол халықтан үйрене 

бастайды. Құнанбайға көмекші Абай болмай, өзі үшін көп 

нәр алып өсіп келе жатқан Абай болады.

Қаладағы оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты 

сүюді ала келген Абайға ендігі зор тәрбиеші, ұстаз – қазақтың 

халық қазынасы болады. Осылайша ел даналығын танып, 

соны ерте қамту жас талапкерге жаңа зор мектеп болады. 

Бұл жөніндегі азық-білімді ол әкесінен алмайды, халықтан 

шыққан шешен, ділмәр ақыннан, ескі әңгімешіден, 

көпшіліктен алады. Ең алғашқы өлең жайын баяндаған жы-

рында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұхар жырауды ауызға 

алса, солардың сөзін бала күнінен естіп, танып, жаттап, тіпті 

тамашалап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық 

мұраларымен қатар, мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс, жа-

рыс сияқты өзге де неше алуан сан қазынаны әжеден, ана-

дан, қонақ жолаушылардан көп есітеді. Ол әңгімелердің, 

жырлардың көбіндегі ел зары, ел сыны, жуан әкімдер 

зорлығы, қыздың мұңы сияқтыны да көп естіп өседі. Осын-

дай мұраларды сүю Абайдың негізгі іргесін қатал суық билер 

ортасында қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп жүреді. 

Билер, әміршілер ортасын көріп, қиянаттарын танып, қатты 

сынап өсуге себеп болады.

Бір айтқанды ұғып алу, ұққанын ұмытпау, ел сөзінде 

соларды керекке жаратып, әңгіме арасына кірістіріп отыру 

“жақсы” деген шешендерге көп жайылған салт еді. Абайға 

да сол парыз сияқты болған. Жас жігіт сол білімді орнымен 

керегіне жаратып, келістіріп, көркейтіп сөйлейтін болады. Ел 

көзіне шешен боп көріне бастайды. Басында балалығының 


149

арқасында ел сөзіне қорғана кіріскен Абай, аз жылдың 

ішінде үлкен табыс тапқандай болып, адымын ұлғайта береді. 

Бірнеше рет жол жүріп, көзі қанған соң елдің “пәлен жақсы, 

түген жақсы” дегендерінің айла мен еп болмаса, өзге жалпы 

білімге, ақыл шалымға өзінен соншалық артық емес екенін 

сезеді. Абайдың өзінен үлкен кісілерден өзін кем санамауы-

на себеп болатын тағы бір нәрсе: мұның оқуы барлығы. Ел 

кісілерінің көпшілігі Құнанбай сияқты оқымаған адамдар 

болған уақытта, Абай олардың қасында өзін өзгерек көрген. 

Надан кісілердің ортасына келіп өлшескенде бұның оқуы 

дардай көрінген. Бұған халық ескілігі, қазақ фольклорының 

мол байлығы қосылған соң, Абай өз заманының ішінде өз 

қайратына сенген өршілдікпен құлаштайды.

Абай бұл кездерде үлкен-кішінің ұтымды, шешен жа-

уап айтқанын тәуір бағалап, дау, талас, тартыс, егесте өзі де 

сондайды айтып қалуды машық етеді. Бұны ылғи жай сөз 

түрінде айтпай, кейде өлеңмен айтып жіберетіні де болады. 

Осы күнге шейін бізде Абайдың сөз байлығын тексерген 

еңбек жоқ. Бірақ қазақшасын оқыған адамның барлығына 

Абай тілінің аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын емес. 

Сол байлық – Абайда бала, жігіт күнінен құралып өсіп 

келген байлық. Және шешендік өзі де тапқырлық пен 

кестелі сөзден, келісімді, ұтымды ойлардан құралғанда – 

ақындықтың бір ағайыны. Абай ақындығы оның жас кезінен 

көп мұралар қалдырмаса, “ол кезде Абай ақын емес еді” деу 

қате болады. Абай – сол уақытта да ақын. Ақындығын және 

мол қолданған, күнде сынға салып, күнде безеп отырған 

ақын. Онысы және өмір құрылысына күнбе-күн, қолма-қол 

ұштасып отырған ақындық. Ол, бір жағынан, жүйрік ше-

шен, әсем, ұшқыр сөздің ақындығы. Көбінесе қара сөзбен 

айтылған тапқырлық, алғырлық. Екінші жағынан, әрбір 

іске, тартысқа арнап, қадап айтқан өлең жарыс, өлеңді су-

ырыпсалма айтыс. Бұны Абай ойында да, шында да көп 

қолданып жүрген. Бірақ Абай онда өзін “ақынмын” деп 

санамаған. Өлеңді де дәл өлең түрінде, келелі тартыс үстінде 

аз қолданып, жәй ойын, қалжың, мысқыл түрінде көбірек 

айтып тастап жүрген. Әсіресе жігіттікке жеткен шағында 

қыз-келіншекке арналған сәлем хат, қалжыңды көбінесе 


150

өлеңмен айта беретін болған. Бірақ ол кездегі өлеңнің көбін 

өзі де ескермей, өзге де көп елемей, барлығы ұмытылып 

қалған. Есте қалғанының бізде жиылғаны: “әліп-би”-мен 

жазылған тілек хат. Сонан соң, “Сап, сап, көңілім” деген 

өлең еді. Ол Сүйіндік қызы Тоғжанға айтылған өлең екен. 

Бозбалалық шағында Абайдың қатты ынтық болған әйелінің 

бірі осы қыз. Мұның аулына көктемде бір жолы барып түнеп 

қалғанда, өз аулымен екі арадағы өзен тасып кетіп, қайда ба-

рарын білмей қатты сасады. Қыздың аулы мен өзеннің бұл 

жағасында отырған елдің бәрі ол күнде Құнанбаймен қатты 

жауласып тұрған кезі болады. Көзге көрінсе, кем қойса, 

сабалуы анық. Сөйтіп сасқалақтағанда, Сүйіндік аулының 

қызметшісі Ербол деген жігіт Абайды бір байталға мінгізіп, 

өзі өгіз мініп, тасып жатқан өзеннен өткізіп салады. Осы Ер-

болмен Абай кейін қатты достасып кетеді.

Абай жас жігіт кезінен бері ұлғайып келген уақытына 

шейін өз басынан махаббаттың көп романдарын кешірген 

адам. Сонда әсіресе жақсы көрген әйелдері Тоғай 

бойындағы Нұркен дегеннің қызы болады. Онымен Семей-

де Тінібай үйінде кездесіп, бір ай бойы барлық өзге істерін 

ұмытып, жүріп алған уақыттары болған. Сыбан ішінде 

сондайлық жақсы көріскен әйелі – Сабырбай ақынның 

қызық Қуандық. Бұл өзі де ақын қыз болған. Абай Аягөзге 

бір топ кісімен бара жатып, сол қыздың аулына қонады. 

Абайдың қасында Сүйіндік баласы Асылбек бар екен. Ол – 

Қуандықтың жездесі. Сол арқылы қалжыңдасып отырып, 

ақыры Қуандық пен Абай айтысып кетеді. Бұлардың айты-

сын Сабырбай үй сыртында тыңдап тұрады.

Ақын Абай ол кездегі қазақтың барлық басқа ақын-

дарының үлгісімен ауызша айтатын, соған машықтанған 

ақын болады. Тегінде, ақын емес кісі бұрын ақын аты бар 

жүйріктермен өлеңмен айтыспайды. Ал Абайдың жаңағы 

ісі оның бір жер емес, талай жерде жеңіл айтысқа батыл 

кірісе жүргенін дәлелдейді. Шешендік айтыстың қатарында 

ақындық айтыстың ілесе жүргенін сездіреді. Абай жазу-

шы ақын болған кезінде, бертін уақытта талай ұсақ өлеңін 

осылайша қолма-қол суырып сала айтатын. “Көкбайға”, 

“Қыздарға”, “Қара қатынға”, “Масақбайға” деген сияқты 


151

толып жатқан эпиграмма, әзіл өлеңдері жазушы Абай емес, 

фольклор көлеміндегі Дулат, Шөже сияқты ақын боп жүрген 

бір кездерін, әсіресе, жастық кездерін анық танытады.

Жаңағы айтылған әйелдер сияқты Абайдың жас күнінде 

қатты қадірлес болған әйелінің бірі – Мұрын Тананың 

қызы Тұржан сұлу екен. Бұл кейін Сыбан ішіндегі Быжы де-

ген өзбекке тиіп тұрғанда, Абай әдейілеп барып амандасып 

қайтып жүрген.

Мінеки, жігіттік шағында осындай көп жастық салтын 

қолданып, кейде ақындық өнерін ашық шығара жүрген 

Абай ел келесіне атсалысып, шешендікпен алғыр, жүйрік 

билікке де ұста болады.

Сонымен, ақыл-ойға, білгіш-сезгіштікке келгенде ерте 

ержеткен жас жігіт сол уақытта-ақ өз ортасынан иығы асып, 

оза бастағанын сезгендей болады. Озу ойы толып өсуінен 

білінеді. Өсуі заманын сынаудан, заманының әмір иесі 

мықтыларын, жуандарын, әкесі бастаған үстем таптарын 

сынаудан білінеді. Мәдениет, өнер-білімге кенжелеп, арт-

та қалған ел-жұрты бар. Қыс жұты, жаз індетімен аралас ел 

шаруасының құтын шашқан барымта шабуыл, бақталастан 

әлек лаң әкеліп, қалың ел ортасына пәле қып тастап, сол 

арқылы момын, еңбекші, есесіз көпті жеп жүрген, қанап, 

тонап, сорлатып жүрген атқамінер шонжар бар. Өздері на-

дан, өздері ел тағдыры, халық қамы дегенді ойламайтын 

дүлей қараңғы топ. Олар бастаған ел көшінің барар беті 

қараңғы, екіталай тығырық. Енді жыңғырып өзгеретін за-

ман керек, сол заманға қарай халық мұңын өз мұңы етіп, 

адал азаматтық жолымен бастайтын қайраткер керек. Міне, 

Абай өскенде, ортасынан асқанда, осы сияқты тарихтық, 

қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып, танып барып 

өседі. Әке мен сол әкедей бар жуандардан торығып, бөлек 

жол іздеу қажет деп өседі. Әуелде барлық ақыл-ойын мы-

нау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға 

жұмсайды. Жалпы ақылмен болжайтын ой-пікірге келген-

де, олардың айтып тоқтаған жерінің ар жағынан жаңа өріс, 

тың жол табамын деп талаптанған.

Олардың “таптым, білдім, шештім” дегеніне сынмен 

қарап, “жеттім” дегенін қанағат қылмай, өз ойын асырып 

түсіруге тырысады. Осы әдет Абайдың жігіттік шағындағы 



152

көптен бөлек ерекше мінезі бола бастайды. Бұның 

дұрыстығын дәлелдеу үшін ел есінде қалған екі-үш мысал-

ды айтайық: Абай ол күндегі “жақсы” дегенде ескі бектік, 

паңдық, қара күш болмаса, нағыз адамгершілік, шыны та-

лант қасиет аз екенін әшкерелей бастайды. Және, әсіресе 

бұлардан елдің күйзелуі күшті екенін халықтың сыншыла-

ры айтқан сөздерден әбден танып біледі. Ел мұңынан, жұрт 

жадаулығынан соны таниды. Өз әкесі бір алуан озбыр күш 

иесі болса, соның қарсысындағы жуандар да ешбір жағынан 

әбзел әулие емес екенін біледі. Зорлық, пара, бәлеқорлық 

оларда да сықып жатады. Жалғыз-ақ баларақ шағында бұның 

әкесі өзін бұған танытқанда, “сол елдің телісі, тентегімен 

алысамын” деп өз жағын дұрыс қып сипаттап еді.

Енді Абай бертін кеп танығанда сол әкесінің достары 

мен өзіне ең алдымен сын жасайды. Оларды әуелі өздерінің 

“күштіміз” деген жағынан – жүйрік, шешендік, озғындық 

жағынан жеңіп, тонамақ боп соқтығады. Өз қайратына 

сенімді көзбен қарап, өз ойына өзі ие бола бастаған соң-ақ 

ел ішінде кез келген шешеннің қайсысын болса да әңгіме 

ішінде бір сөзбен мүдіртіп кетпесе, ырза болмайтын бола-

ды. 


Балалық шағынан жаңа өтер-өтпесте, әкесінің жұм-

сауымен барып, сөйлескендердің барлығына да Абай осы 

мінезді істей бастаған.

Абайдың жас кезінде Құнанбайдың Көкше ішіндегі 

тұрғылас дос кісісі Қаратай болған. Көп елдің сынынша – 

шешен, жүйрік атанған кісі. Сол Қаратай бір күні Абайдың 

өз құрбы жас жігіттермен жиналып отырған үстіне келіп, 

жастардың заманын жамандап, өз заманын мақтай бастайды. 

Абай бұл сөздерге көп дау айтып келіп, ақырында: “Сіздің 

заманыңызда көрші елдің арасында бір қол кісі болып, жи-

налып түн қатып жүрмесе, жалғыз-жарым кісі қатынаса ал-

маушы еді. Ұрлық, барымта, бұзықтық көп болғандықтан, 

“әне алып кетті, міне алып кетті!” деп, кемпір-шал, қатын-

қалаш, жас бала тыныштықпен асын іше алмаушы еді. Сол 

заман да жақсы ма?” – дегенде, Қаратай дау айтып келіп: 

“Менің заманым пайғамбар заманына жақын”, – депті. 

Бұған қарсы Абай: “Алатаудың басы күнге жақын, бірақ 


153

басында мәңгілік қар жатады. Сайында неше түрлі өсімдік, 

неше алуан жеміс шығады. Рақым, жақсылыққа алыс жер, 

алыс заман жоқ. Қайда болса да жетеді. Сіз пайғамбарға 

Әзірет Әлінің әкесінен жақын емессіз, ол кәпір болған”, – 

депті.


Осы сөзді Қаратай Құнанбайға келіп айтқан соң, әкесі 

Абай келгенде әдеттегі қаттылық, суықтығына салып, көп 

сөз айтып ұрсыпты. Абай үндемей тыңдап алып, сыртқа 

шығады. Сонда Қаратай келіп: “Бала, қалай, қайсымыз 

жақсы екенбіз?” – дегенде, Абай: “Бәсе, қайсымыз жақсы 

екенбіз? Біздің тобымыздың ортамызға жалғыз өзің келіп, 

ойдағыңның бәрін айтқанда, құп тыңдағаннан басқамыз жоқ 

еді. Сендердің ортаңа келсек, қыруар жанды жалғыз шалың 

ауызға ұрып сөйлетпейді”, – депті. Осы қағысудың тұсында 


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет