Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата27.12.2016
өлшемі1,71 Mb.
#593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

АҚЫН ЕЛІНДЕ

Алыс ғасыр ішінде, алыс белдің ар жағында өмір кеш-

кен жан ол емес. Жүріп өткен жылы ізі суымаған Абай өз 

атындағы ауданда күні бүгін тірі жандай. Әңгімесінде болған 

кәрілер, көзі көрген мосқалдар, көп әңгімеде боп, көпке 

қанған орта жастылар, жігіт азаматтар, бала жеткіншектер 

көп.

Аягөзден шығып, аудан орталығы Қарауылға қарай жүр-



генде “Жаңа арна”, “Жүрекадыр” сияқты колхоздарға кіре 

бере ақын жайындағы естегі мен кеңестің кеніне кіргендей 

боласың. Осы елдердің ішіне кеше ғана өзі келіп қонып, 

аралап, әңгіме-аңыз тастап кеткендей.

Қазіргі Құндызды, Мұқыр сельсоветтері отырған Шет, 

Құндызды, Сарықорық, Мұқыр-Тақыр дейтұғын өзен, 

өлкелер ол күндерде Сыбан, Тобықты, Мырза-Жөкең, 

Мамай, Көкше деген сыбайлас елдердің мекені болған. 

Солардың талас шабысының, тартыс-керісінің, келіс 

бітімінің де көп куәлары осы жерде болған, Абайдың да 

бала кезінен өлер шағына шейін талай келіп өткен, кезіп 

өткен жерлер осы. Күліп те жүрген, күңіреніп те жүрген күн, 

түндерін біледі. Абай айтты деген сөз, істеді деген іс, көрді 

деген хал, Абай болды деген той, ас, сияз, құс салған Арқат, 

Байжандай тастары, Қан мен Қарақойтас сияқты шат-

шатқалдары – бәрі-бәрі де ақын асып өткен бел-белестей 

аңыз сияқты әңгіме шертіп тұр.

Әңгіме айтатын ата-аналар, әлі мығым қарт колхозшы-

лар: егде тартқан ферма бастығы, бригада бастығы, колхоз 

бастығы сияқты көзкөргендер... Балаларын, іні-бауырларын 

Отан соғысына жіберіп, өздері мұнда нелер үлкен істерді 

ауыр демей, арқалы азамат болып атқарып отырған әкелер, 

шеше, жеңгелер... Бұлар – бір алуан әңгімеші.


71

Көңіл күңгірт кезінде өсиет, қайрат даналық сөзді Абай-

дан табады. Көңілденген, әзіл-ажуа тілеген кездерінде Абай-

дан қалған қалжың, мысқыл өткір тілді еске алады. Сайран-

сауық қызықты айтқысы келсе, тағы да сан рет Абайды атап 

өтеді... Өнер-білім талабы мен табысын айтса, тағы содан 

нәр алады... Өр көңілдің өжетін, ез көңілдің керенауын, 

бойкүйезін айтам десе, онда да Абай таңба соғып, тап басып 

айтып кеткен болады. Сондайлық Абай үлгісін өсиет етіп 

айтып отырған ірі әңгімешілер бар. Оның бірі – “Жүрек-

адырдағы” қарт колхозшы Оразалы. Ол кісіден көп сөз есітіп, 

көп тоқыған баласы Кәмен. Бұның өзі оқыған, өзі жазушы. 

Отан соғысынан жаралы боп қайтқан жас жігіт әкесі білген 

әңгіменің көбін зор ынтамен айтады. Мұқыр-Тақыр бойын-

да “Бірлік” колхозына бастық боп отырған Ермұса да үлкен 

әңгімеші. Бапты сабадан құйылған сары қымызын сапыра 

отырып, бір күн, бір түн нелер қызық әңгімелер шерткен-

де, бір айтқанын қайта айтпайды. Абаймен өзі тілдеспесе де, 

ұққан мен қанғаны көп, ірі әңгімешінің бірі – осы Ермұса.

Кейін кездескен “Қасқабұлақ” колхозындағы Абайдың 

інісі Әрхам да ақын жайынан нелер қымбат әңгімелер айта-

ды. Ол – әңгімеші ғана емес, өзі де білгір зерттеуші.

Дәл бұлардай болмаса да, өзге талай колхозшы да толып 

жатқан әңгіме толғайды.

Қысқасы, бүгінгі колхоз елі кешегі Абайды бек табысқан 

дос, жақын Абайы етіп алған. Қуаныш-шаттығында, күлкі- 

әзілінде, тапқан табыс, шеккен қазасында үнемі ортақ серігі 

боп отырған жан-жақыны болмасқа, қимасы, қадірлісі 

болмасқа мүмкін емес.

Абайға орнатылған ескерткіштің үлкені де, өшпесі біздің 

жұртшылық жасаған жаңалық – ол осы ауданға ақын атын 

қоюда. Абай аты кең Қазақстанның қай түпкіріне барсаң да, 

белгілі ат, қастерлі ат екені рас. Ал мынау өзі туып-өскен, 

еңбек, еткен данышпан ақындыққа жеткен өз атындағы ау-

данда жаңағы белгілілік, қастерлілік өзгеше бір молайып, 

ұлғайып кетеді.

Сол жай ауданға, Қарауыл бойына жеткенде әсіресе 

айқындайды. Бұнда ақын атын, әңгімесін айтушылар жалғыз 

колхозшы емес, аудан басшылығындағы партия-совет 


72

жұртшылығы, ақынның жүз жылдығына қарсы істелетін ау-

дан алдындағы міндет не, аудан қолынан келетін істер қайсы, 

неден бастап, қалай істеу керек, облыс пен орталықтан 

қандай көмек, басшылық қажет, осы мәселелерге келгенде 

үлкен жауаптылықпен нық ойланатын адамдар көп.

Райком хатшысы жолдас Мұхамедиев Харистан бас-

тап райсовет басшылары, аудандық газет редакторы, оқу 

бөлімінің бастығы, тіпті туралай қатынасы болмаса да, 

шаруашылық саласында істесе де, Балтақай Толғанбаев 

сияқты ауданның жергілікті қызметкерлері – бәрі де 

жаңағыша ойлану, қамдануға қатты көңіл бөледі.

Абайдың өмірбаянынан, өлең сөздерінен, жай ұсақ 

әңгімелерінен жаңағы аталған жолдастардың бәрі де нелер 

елеулі қызық кеңестер айта алады.

Аудан көлеміндегі кең дала, қалың тау, көп өзен, бұлақ- 

бастаулар ішінде ақын қонысы, өрісі не болғанын білмейтіні 

жоқ. Өздерінің жерлесі, сүйікті ақыны жайында бұл 

жұртшылықтың бәрі де ерікті зерттеуші, сапалы әңгімеші, 

көп білуші өзгеше бір орта сияқты. Абай жөнінде колхоз-

шылардан, бұлардан бір қансаң, сол аудандағы жастардан, 

оқушы балалардан да бірталай елеулі, мағыналы белгілер 

көресің. Қарауыл жұртшылығының көркемөнер жолындағы 

тәрбие-тәжірибесіне көп көңіл бөлетін, өзі әсем әнші, рай-

комол секретары Тұрсынхан жолдас, райком қызметкерлері 

әнші жастар Әнуар, Әсімәлар, райсоветтің хатшысы Жамал, 

оқытушы Ырыскүл, оқушы Бақыш, Үмітжан сияқты жас-

тар жасап тұратын сауық кештері болады. Осы кештермен 

жалпы күнделікті ән-музыка аралас ойын-жиында Абай 

әндерінің орны тіпті өзгеше. Бұрынғы-соңғы композитор, 

әнші-күйшілердің ішінде бұл жастар үшін ең жақыны, сөз 

белгісі, үлгілісі, сапалық сезімдісі – Абай сияқты.

Рас, әлі ауданда Абайдың қорасы, үйі қалпына келтіріл-

ген жоқ. Аудан Абай зиратын күткен, қолынан келген ісін 

істеп, күмбез тұрғызған. Бірақ суретті, салтанат белгілерін, 

ескерткіштерін алсақ, оның бірде-бірі орнамаған, тумаған. 

Бұл істер аудан күшімен істелетін де істер емес, ол республи-

ка көлеміндегі міндет. Ал одан басқа, ақын Абайдың атын 

сақтаған ауданда ақынның жәйінен білім-дерек, естегі-


73

кеңес, баға-құрмет бар ма десек, ол – мол, ол – өзгеше. Бұл 

жөнінде аудан көлемінде үлкен сапалы басшылық та бар. 

Жақсы ақын, ұлы азамат жөнінде жақсы ескерткіш істер 

туса екен деген бейіл де зор. Сондықтан бұл ауданда ақын 

жәйінен әлі талай-талай тың мағлұмат мол-мол сақталып 

отыр. Неше алуан айтушының аузынан, халықтың өз аузы-

нан Абай туралы көп деректер жию оңай... Абай жәйін орта-

ша білген кісілер емес, ақынның өмірін, заманын зерттеп 

жүрген әдебиетші-тарихшының өздері де әлі осы ауданнан 

қап-қап дерек қазына жиып алып қайтатыны даусыз.

Жер әңгімеші

Жер анасы, ел баласы деуге болады. Ел айтқан әңгімені 

ел мекені, ер бесігі жер де айтады. Көз жіберсең, көңіл 

тоқтатсаң, тыңдап көрсең, көпті айтады.

Біз Шыңғыс тауының сыртындамыз. Бұл өлке бұрын да 

жайлау болған, қазірде де Абай ауданының көп колхозы мал 

фермаларын көшіріп, мол су, кең жерді иен өріс етеді. Сол 

көп жайлауды “сырт” дейді. Біз Шыңғыс асқалы “Еңбектен” 

колхозында бөгелдік. Бұның бастығы, бала күнінен Абай 

аулында өскен, тәлім-тәрбиені Абай шығармаларын жат-

тап ұғынудан бастаған, бүгінде үш азамат баласын Отан 

соғысына жіберіп отырған Рахымжан Мамырқазов. Ол 

байсалды, байыпты әңгімеші, көз жеткен дәлін ғана айта-

ды. Ол – колхоздың сиыр фермасының бастығы, мықты 

мығым, жас әйел Алтын... Алтын фермасынан шығып, 

көршілес “Бақанас” колхозының сиыр фермасында 

болдық. Ол ферманың бастығы – жас әйел Сайран. Алтын 

сияқты мұның да күйеуі Ұлы Отан соғысында. Сайранның 

қайнағасы – өткен қыста қайтыс болған Қатпа. Ол Абайдың 

қолында өскен әңгімеші, күлдіргі, әзіл сөздің ақыны, анық 

думан адам еді. Бүгінгі үй іші, көрші, досы бәрінің аузын-

да да Қатпа айтқан Абай жайындағы әңгімелері, әндер көп. 

Аягөзден шыға бере Жаңаарқадан басталған ақын әңгіме-

лері бұл жерде әні молайып, өрбіп келеді. Енді басқа тың, 

көп қызық ертегілер айтылады. Бұл тұста ол әңгімелердің 


74

өзгеше көп болатын жөні де бар. Біз Абайдың анық ортасы-

на, өз қоныстарына жаңа жетіп отырмыз.

Сайранның сиыр фермасы Суықбұлақта. Ол Жігітек 

қонысы болатын. Осыдан оңтүстік жақта жотасы көрініп 

тұрған Бақанас биігі бар. Сол Бақанастың өзеніне ауыл 

қонып жатқанда атақты “Жаздыгүн шілде болғанда” деген 

өлең жазылған.

Ендігі алдымыздағы, айналадағы көп өзен, өлке, қойтас, 

қырқа, бұлақ, шалғын – барлығы да қазақ халқына сүйікті, 

қымбат болған көп-көп өлеңнің туған ұя толған бесігіндей. 

Бұл жерлер, әсіресе, әңгімеші жерлердей көрінеді.

Жолаушы боп шыққан төрт жазушы еріксіз екі айрыла 

жүретін болдық. Алдымызда, алыста, 70-80 шақырым ша-

масында Сарғалдақ сельсоветі, “Қызылту” колхозы бар. 

Соған жеткенге шейін жолдағы жердің бәрі әңгіме. Біздің 

екі жолдасымыз Есмағамбет, Қайым қасына бәріміздің 

қымбат жолдасымыз, әңгімеші басшымыз Балтақайды 

алып арбамен кетті. Шыңғыс тауын кенерелеп, жазық 

өлкелерді көрмек болысты. Біз, екі жолаушы қасымызға 

ерген Қабышпен тау қырқалап, төтелеп жүрмек болдық. 

Суықбұлақтан ерте шықтық... Алдымыз алыс... Жүргеніміз 

жолсыз. Қасымыздағы елден ерген басшымыз Қабыш болса, 

оның білмейтіні жоқ, тек білмегені осы бізді бастайтын жол 

ғана. Қабыш – әнші, домбырашы, күлдіргі ойыншы, өзі мер-

ген, ит жүгіртіп, құс салатын аңшы, колхоздың пішеншісі. 

Шыңғыс сыртының әрі думан-сауығы, әрі берік, пысық 

қайраткері. Жол білмегенін уайым ететін Қабыш емес. Ол 

бізге шыға бере жұбату айтты... “Ауылдың тек төбесін гәнә 

көрсетіңдер, ар жағын өзім басшылық етемін. Бұлжытпай 

дәл үстінен түсірем” дейді. Біз Аққойтасқа кеп кірдік. Ал-

дымызда Пұшантай, сол жақта Керегетас, Шақпақ, Бала- 

шақпақ, алыста Ботақан, Дөңгелек қоныс, Байқошқар сілемі 

көрінеді – бәрі Абай қоныстары. Оң жақта, Шыңғыс бетінде 

Саркөл, Шоттың аузы, Тоңаша, Барлыбай жазығы... сияқты 

кең қоныс, мол су, қалың шалғынды өлкелер қатарласып 

келеді. Сырттың осы соңғы тұстары көп фермалар қоныс ет-

кен жерлер. Бұларда Абай ауданының бірнеше колхозының 

мыңдаған қойлары, қалың сиырлары, сүт фермалары мекен 


75

етеді. Және көше жайлауы үшін осы ауданға келіп, үш жыл-

дан бері орнаған Белағаш, Ново-Шульба аудандарының 53 

мың бас малы да кенерелерде жайлау мекен етеді.

Тек біздің жолымыз ғана ол өлкелерден қиысырақ. Біз 

елсізбен келеміз. Аралап келе жатқанымыз арқарлы, түлкісі 

мол Аққойтас биік қиын тау емес, бірақ қалың қырқа, 

сұлу жалдар көп. Анда-санда оқыс кездескендей көз тар-

татын сергек тастар, қорым тастар көп. Сала-саласы ұзақ 

көгал, селдір тоғай да боп кетеді. Күн қызғанша жайылыста 

жүрген, әлі жусамаған ақтаңлақ, иір мүйіз арқарлар көрініп 

қалады. Биік тастың иығына шығып, алыстан бізге қарап, 

таңырқағандай қадалып тұрған құлжаларға біз де қызығып, 

тамашалай қараймыз. Бұрынғы-соңғы талай аңшылық көңіл 

тартып, дегбірін алып қызықтырған тағылар... Түнгі жор-

туылдан қайтқан түлкінің де жатағына қарай, қорым тасқа 

қарай жаңа оралып жатқан кезі екен. Осы Аққойтастан біз 

әншейінде іздеп таппастай, естен кетпестей аса бір қызық 

оқиғалар көрдік.

Қабыш қасына ере шыққан ақ тазы бар еді. Тау ішіне кіре 

бере сол тазы өзі қағып, өзі айдай шығып түлкі қуды. Бізге 

қарай қайыра қуып, айқаса шалып, айдап кепті. Көз алды-

мызда биік бетте ұйқы-тұйқы боп талай шалды. Қу құйрық 

кәрі түлкінің істемеген айласы жоқ. Талай аңшының тал 

бойы құрып, ынтыға тілейтін көрінісін жолаушы жүріп тегін 

көргендей болдық. Жер әңгімесінің бір қызығы осы еді. 

Бірақ бұл басы ғана екен. Түлкі әңгімесін лаулап сөйлеп келе 

жатып, бір кішкене шалғынды өзекке кіре беріп ек, тағы бір 

оқиға оралды. Бұл аға Сапарғалидың дәл атының аяғының 

астынан шықты... Қалың шалғын ішінде күжірейген көк 

борсық ат тұяғына басыла жаздап күйбіжіңдеп жүр. Түлкі 

болмағанымен, бұның да аты аң еді... Осыны атқылап, 

қалың шалғын мен ұсақ талдың арасында көп жоғалтып, 

көп тауып жүріп зорға дегенде өлтіріп болғанымыз сол еді. 

Қарасақ, дәл осы бір ғана сайда тағы бір оқиға тап бопты. Ат 

үстінде дабырлап сөйлеп тұрған жұрттың дәл бауырына кіре

бір қоян қашып келеді. Оны бізге қарай қуып тыққан аспан 

тағысы, Шыңғыстың бір сарбалақ қыраны жайын бүркіт 

екен. Қанды көз қомағай қыран сыпырып төніп, тұяғына 

іліндіре алмай жүрген қоянды біздің тазы қағып алды...



76

Осындай бірінің соңынан бірі келіп ілескен тау оқиға-

лары біздің күні бойғы жолымызды көп қысқартқандай боп 

еді.


Бірақ сонда да жол алыс екен. Біз Сырттағы елдің 

көп бәйгесіне көмбе болған оқшау биік Пұшантайдан 

өттік. Жақын жерде, сол жағымызда Абай қайтыс болған 

қоныс “Жыланды” қалды. Түс болды. Талай жолаушы, 

жорықшыларға мекен болған ұры адыр – Айдарлы, Қойтасқа 

келдік. Әлі ел жоқ, әлі жол алыс...

Түс ауа бастағанда Есболаттың Қарасуына жеттік. Бұл 

ұзын өзен, кең шалғын Оразбай қонысы. Абай басына көп 

жаулық, қастық еткен Оразбай еді. Дәл осы Қарасудан сотқар 

жуан Оразбай Ержігіттің Бейсенбайы деген кісіге ашуланып, 

аса бір қатал, қорлық жазасын орындаған. Ызасын келтірген 

Бейсембайды тірідей көрге салған... Соған намыстанған 

Сақ-Тоғалақ руы Бейсенбайдың арын жоқтап, дәл осы 

Қарасуда отырған Оразбай аулын талқан қып шауып, үш 

мың жылқысын тиіп әкеткен. Сондай-сондай Абай тұсында 

болған көп-көп оқиғалардың куәлары Бұғылы, Бестамақ, 

Мәйімбет сияқты биік тау, қалың адыр, көп қырқалар жа-

тыр... Екінді болды, ел тапқанымыз жоқ. Күн батты, әлі ер 

қарасын көргеніміз жоқ. Ымырт жабыла бастады, сонда 

ғана алдымызда алыста тұрған жалғыз биік Мырзашоқының 

бойын көрдік. Бірақ кеш көріппіз, әлі жол алыс. Ат қажыған, 

өзіміз де талған едік... “Қызылту” колхозы Мырзашоқының 

қай жағында, тың қонысқа көшіп кеткен жоқ па, онысын 

білмейміз. Тек әйтеуір алдымызда ел болуы керек дейміз. 

Колхозға жету сонша үлкен тілек, мұратқа айналғанына 

көп болған. Шөлдеген, қарын ашқан, шалдыққан қонақтың 

өзеурейтін шағы да әлдеқашан болған-ды. Сондықтан әлі де 

тоқтамадық... Іңір қараңғысымен де көп жүрдік. Жалғыз-

ақ, ендігі жүрісіміз соншалық ақырын, сылбыр еді. Жер 

өндімеді. Ит те үрмейді. Түнгі жүргіншінің алдынан оқыс 

жалт ететін алыс ауыл оты, үміт оты да елес бермейді. Енді 

Сапарғали екеуіміз де қажыдық... Қабыш болса әлдеқашан 

бізді бастаудан қалып, біздің артымызға түскен-ді. Байқасақ, 

енді қалғуға кірісіпті. Сонысын айтқанымызда, “ұйықтап 

келе жатқан өзім емес, көзім ғой әншейін” деп, бізді толық 

тыныштандырып қояды.



77

Шаршап-шалдыққан үшеуімізге де еріншектің серігі 

түңілу келеді.

– Тіпті бұл маңда ел жоқ!

– Ел түгіл, мал жүргені білінбейді...

– Еккен егін, орған пішен, үйген мая да жоқ! – десіп, 

қараңғыда қарыс жерді көре алмағанымызға қарамай, “бүгін 

бізге колхоз жоқ” дегенге байладық. Сүйтіп, сағат 11-де ат-

тан түсіп, ер жастанып, далада ұйықтадық.

Таң атып, күн шыға көзімізді ашсақ, айналамыз жы-

пырлап тұрған мая, әр жерде қоралар, ауылдар көрініп тұр... 

Алыста жайылған мал жүр... Еріншектің жазасы ол ғана 

емес. Дәл түбіне келіп біз жетіп жатқан Мырзашоқы биігінің 

арғы астында, екі-ақ шақырым жерде қалың колхоз аулы бар 

екен. Сол ауылда, дәл сол түні біз аттан түскен сағат 11-де 

колхозшылардың тамаша қызық сауық кеші басталыпты.

Алматыдан барған Жамбыл атындағы филармонияның 

Жүсіпбек бастаған әнші-бишілер тобы әсем сұлу ән шырқап 

жатыпты. Бірақ ол қызық бізге бұйырмапты. Қиуадан 

алыстан шығып, қақ қасымызға кеп шақырып тұрған 

“Қанатталдыны” да танымаппыз, сезбеппіз.

Басы соншалық қызық басталған жолдың ақырын өзіміз 

бұзыппыз. Бұзбағанда, біз күні бойғы құлан елсізден келген 

бойымызда көркем филармонияның сахнасына тура жетеді 

екенбіз.

Колхоз әнші

“Қызылту” колхозына жете бере, бел астынан шыққан 

ән есіттік. Кеше таңертеңнен бері адам қарасын көрген жоқ 

ек. Ең алғашқы үн ән болғаны сирек сыйдай болды. Ән соға 

кет деп шақырып тұрғандай. Күздік егіп жүрген бес әйел, 

бір қарт екен. Бізбен амандасып болмастан түнде көрген ән-

сауықтың жәйін айтысты. Көргеніне дән риза. Ұзақ еңбек 

арасында көрік аралына шығып, қуана тынығып қайтқандай. 

Соқалары да жерге күндегіден терең батып, өгіздері де жіті 

басып, еңбек қанаттанып қалғандай. “Қызылту” колхозы 

Жүсіпбектер келгелі базаршысы келіп, базарлыққа қарық 

боп қалған ел сияқты. Майдан сәлемі де, астана өнері де, 



78

әсем әнші, сергек биші, шебер күйшілер арқылы қадірлі 

қонақ боп жетіп жатқан сияқты. Үй сыртында жас бала-

лар, мал шетінде ересектер, жұмыс басында еңбек озаттары 

– бәрі де әнмен тыныс алғандай. “Қызылтуда”, тағы басқа 

бірнеше колхозда кей түндерде қой күзеткен әйелдердің 

Ахмет Жұбанов шығарған жаңа ән “Қарлығашты” қалқыта 

жырлап отырғанын талай есіттім. “Қызылтуда” үй айналып 

жүгірген бармақтай балалар да түндегі өзгеше қонақтардың 

қызық әндерін қиралақтап айтқанымсып жүр. Соның өзінде 

де ән сүйген елдің ырымы жүр.

Анығында, бұл ауданның біз болған орталығы мен 

колхозының бәрінде де жаңа ән жақсы, аса қадірлі қонақ 

екені сезіледі.

Аудандағы жас жұртшылық осы Алматының өзінде, 

үлкен концерт операда айтылатын халық әнінің бәрін де 

біледі. Бәрін де құмарлана үйреніседі. Майданнан жаңа ғана 

Жүсіпбек әкелген “Жас қазақ” әнін аудан орталығында 

ұйып тыңдаған бір топ жастар концерттен кейін Жүсіпбекке 

ере шығып, сол түнде қасынан қалмай, бірнешеуінің үйреніп 

кеткенін көріп ек. Үлгі апарсаң үйреніп, өрбітіп ап кетейін 

деп тұрған ынта менен құмарлық бар.

Аудан, әсіресе, колхоздар күнде радио тыңдап отырған 

жұрт емес, радио мұнда осы күнде жоққа тән... Бірақ сонда 

да аудан жастары ән сауық өнерінің бірде-бір жаңалығынан 

кейін қалғысы келмейді. Сол жастардың колхоз-колхозға 

өкіл боп, оқытушы боп, үгітші боп шығулары арқылы бүгін 

“Қызылтудың” балаларына шейін филормония репертуа-

рын жат көрмей, жабыса қызығып жүр.

Жалпы, колхоз көпшілігіне біздің барлық көркемөнер 

ішінен анық, айқын көп қызмет етіп жүрген филармония 

бригадалары екен. Осылар жүріп өткен жерлерде қазақ 

халқының өнер, өлең мәдениетінің тұрғылары Біржан, 

Ақан, Балуан Шолақ, Жаяу, Жарылғап, Абай, Әсет – бәрі 

де сөздерімен, әндерімен қайта бір жаңғырып, қайта бір 

қызықты бола түсетіндей.

Абай әндерін келістіре айтатын Қуан, Жүсіпбек жүріп 

өткелі халық аузындағы Абай мұраларының ырғағы толып, 

нақысы кербез тартқандай.


79

Бірақ колхоздың айтқаны ескі әндер ғана емес. Бүгінгі 

Отан соғысымен, азамат жорығымен, сол жорық жолындағы 

ел тілегімен байланысты әсерлі әнді де ұғымтал жаңашыл 

жұртшылық зор ілтипатпен тыңдайды. Оңай, күйлісін 

жақсы ұғып, аса қызығып айтады. Бұл қазірдегі көркемөнер 

үгітінің аса бір қонымды қымбат жағы. Ол елдік, отандық 

тілекті айтады, ерлік мұратты айтады, аталық-аналықтың, 

жар-жолдастықтың міндетін, қасиетін айтады. Ол қайратқа 

баулиды, әзірлікке шақырады. Соның бәрі Мырзашоқының 

сыртында күздік айдап жүрген әйелдердің еңбегін өндіре 

түскен филармония концертіндей болып, өз мүддесін орын-

дап, барарына барып жатады... Соның айқын белгісін біз 

“Қызылту” колхозына келген күні оқыс шыққан өрт үстінде 

анық көрдік. Түндегі әннің есте қалған, қызықтырған 

қайырмасын өзді-өзі жұмысының үстінде ыңыранып айтып 

жүрген колхозшылар түске тақай берген кезде, Мырзашоқы 

биігінің батыс жақтағы иығынан асып жоғарылап, булығып 

шыққан қалың түтін көрдік. Өрт екенін біліп, ауылдағы біз 

де ұйқы-тұйқы едік. Лаулап шыққан өртпен бірге әр жерден 

даурыққан үн шыққан. Ұшқындаған үзік-үзік айғай сөздер 

бар.


– Қой фермасының үсті ме?

– Сиыр фермасынан шықты ма?

– Япыр-ай, егін жазым болмаса игі еді?

– Бар маяның тап ортасы ма, қайдан шықты? Не бол-

ды бұл? – деген үлкен-үлкен күдік пен қауіп бар. Өрт ен 

далада болса бір сәрі еді. Үйді-үйден үрке шыққан жұрттың 

аузындағы жаңағы үндер халдің үлкен қатер екенін әбден 

танытты. Дәл осы кезде жел де қатайып, колхоздың жаңағы 

бар шаруасы, бар қазынасы жақтан шыққан қара будақ 

түтінді енді қалың колхоз аулының өзі жаққа қарай сұлатып 

ұйытқытып келеді. Соны аңғара салысымен, ауыл бір сәтте 

танымастай өзгерді... Жау тиген, қауіп төнген кездегі қайрат- 

қажыр пішіні қазір барлық жас пен кәрі, ер мен әйел ажа-

рында жүр.

Бұл уақыттағы колхоз күшінің басшылығын ауыл со-

вет бастығы Мәженова өз қолына алған. Бар киімін шал-

барланып, екі білегін сыбанып, жарау көк атқа мініп апты. 


80

Әбігерсіз, айғайсыз барлық адамын асықтыра ат мінгізіп, 

өртке қарсы жосыта жөнелтіп жатыр.

– Егін, пішен, мал дүние – бәрі сонда... Алты ай жазғы 

еңбегің арамға кетпесін. Ал, жаның барың қимылда, – деп 

барып, бір-ақ шолақ сөзбен айтты. Колхозда ер-азамат күші 

аз еді. Колхозшылар тобымен қатар іле-шала ауылдағы бар 

әнші, биші, артист, жазушы да түгел жөнелді. Мәженова – 

осы аудан-аудан болғалы совет қызметін үздіксіз атқарып 

келе жатқан, іс пен еңбекте өскен адам. Келбетті, қайратты 

жүзінде аса берік адамның қызу қуат белгісі бар. Өзіндей 

денелі, қайратты мығым әйел колхозшылар бар екен. Көп 

әйел. Қатты қайратқа әбден пісіп-қатқан, шыныққан 

әйелдер. “Қызылту” колхозының бастығы пішінді, ісі 

орнықты, мінезі байсал Мұқаш өз маңындағы әйел 

қайраткерлеріне қатты сенеді, зор бағалайды. Сонысын осы 

өртте көпшілік әйел азамат әбден ақтады. Қатты жел күні 

қалыңнан шыққан бой бермес өртті, ен даланың өртін жұрт 

әбден жеңіп, өшіріп қайтты. Ферманың бәрі аман, егін бүтін, 

пішен орынша, барлық мал қорасы өртке берілмеген – кол-

хоз дін аман қалды. Ымырт жабыла бергенде, Мәженованың 

өзі бастаған қалың колхозшы тобы көген сайын құлдилап

жауын жеңіп ауылға қайтты.

Аяңшыл жүрдек аттары кеш самалына сүйсіне түсіп, 

бас шұлғи тастап, лепіре басып келе жатқанда, талай 

колхозшының аузында ән, тағы да ән келді. Бұл жеңіс, жігер 

әні еді.

Сарғалдақ сельсоветінде де біз Абай әнін, әңгімесін көп 

есіттік.

Мұндағы керектің көбіне өзгеше бір жаңалық боп 

қосылған “Қоңырәулие” деген қызық жартас болды. Шаған 

өзеніне қатарласа кеп тірелетін биік жал бар. Атыраптағы 

өзге таудан реңі бөлек, ақтасты тақыр биік. Осының шағын 

суына төніп кеп құлай біткен бір тұйығында Шақа қыстауы 

деген қыстау тұр. Бұл қыстау – Абайдың соңғы әйелі, сүйікті 

досы Еркежанның туып-өскен мекені.

Дәл осы қыстаудың қасында, жаңағы қалың тастың ара-

сында “Қоңырәулие” деген тас үңгір бар. Өзге бір кең орам-

ды молырақ етіп жазуға тұратын бұл үңгір де Абай жайынан 

әңгіме айтады.



81

Кірер жері жалғыз адам қырындап кіретін босағадай 

үңгір ішіне кіріп алған соң, шексіз кең сарайдай боп кеңейіп 

ұзап, төбесі зәулім қараңғы тартып, биіктеп кетеді. Қараңғы 

салқын үңгірді ұзақ бойлап барған соң төрінен көл шығады. 

“Бестамақ” колхозынан қасымызға еріп, басшы боп барған 

әңгімеші Шыңғыспайдың айтуынша, бұл көл біреу емес. 

Артындап барғанда, бір аралдың ар жағынан тағы бір көл 

шығады, оның төріне, жиегіне жеткен кісі жоқ дейді.

Дәл осы бергі көлдің жағасы толған жазу екен... Сол 

көп жазу арасында 1887 жылы 30 июльде “Қоңырәулиеге” 

келіп кеткен Абай балалары Мағауия, Әбдірахман, Ақылбай 

қолдары тұр. Осылар ертіп келген Абай досы Долгополовтың 

да қолы бар. Сексен жетінші жыл – қазақтың поэзия тари-

хына аса көп асыл қазына қосқан төлі көп жыл еді. Абайдың 

ең көп жазған жылы сол. Дәл сол жақсы шабыт жылының 

бір куәсі “Қоңырәулие” болыпты.

“Қоңырәулиенің” сыртында да қазақ тарихының тағы 

бір белгісіз оқиғасының үлкен бір дерегі тұр. Жартас жанын-

дағы жазықта екі жерге үйірілген көп-көп тас бейіттер бар. 

Тобықты бейіті емес және бәрі бір ғана мезгілде туған 

бейіттер сияқты. Сол бейіттердің бірталайындағы тастарға 

қазақтың көп руларының таңбасы соғылған деседі. Ел 

долбары бойынша, осы арада ерте күннің әлдебір қырғын 

соғысы болып, сондағы қаза тапқан ер-азаматты қойған жер 

болса керек.

Қоңыр күңгірт кәрі үңгір бергі Абай, арғы аламан 

өмірінің де, бәрінің де үнсіз жым-жырт куәсі боп тұр. Бірақ 

сол мәңгі тыныштық, үнсіздігінің өзінде де көп әңгіме ай-

тып, көп сарынды сақтап тұр.



82


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет