Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет8/27
Дата27.12.2016
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

2

Абайдың шығармалары, оның өлеңдері, поэмалары, ау-

дармалары, ғақлия (нақыл) сөздері соңғы жылдарда басыл-


117

ған жинақтарында үлкен екі кітап болып шықты. Абайдың 

көп жылдар бойына дамылсыз еңбек етіп, алдағы күнге 

сәулелі үмітпен қарап жазған кең өрісті, терең мағыналы, алу-

ан салалы, баға жетпес асыл шығармалары қазақ әдебиетінің 

бүкіл тарихында теңдесі жоқ алтын мұра болып табыла-

ды. Абай өзіне дейінгі ауыз әдебиеттің асыл шұрайларын 

жасаған халық ақындарының шығармаларын ақындық 

мәдениетінің жоғарғы сатысына көтерді, оны дүниежүзілік 

классиктердің шығармаларымен тығыз ұштастыра отырып, 

қазақ халқының рухани мәдениетінің биік шыңына айнал-

дырды.


Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол 

арна данышпан ақынның творчестволық ісіне рухани азық 

болды.

Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне 



дем беріп, шапағатты нәр алған арнаның бірі – халықтың өзі 

жасаған, ауыздан-ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып 

келген қазақтың бағы замандағы халық мәдениетіиің бай 

мұрасы. Абай өзінің ақындық творчествосында өз халқының 

осындай асыл қазынасын толық пайдаланды, оған жаңа түр 

енгізіп, жаңа бағыт беріп, осының арқасында өз поэзиясын 

байытып, дамыта түсті.

Абайдың ақындығына рухани дем беріп, азық болған 

екінші арна – шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, араб-

иран және түрік халықтарының классикалық поэзиясы. Абай 

заманындағы қазақ әдебиетінің даму дәрежесі тұрғысынан 

қарағанда, шығыс әдебиетінің асыл мұраларын пайдала-

ну зор жаңалық болды, өйткені шығыс әдебиеті мен қазақ 

әдебиеті тек XIX ғасырда ғана бір-бірімен тығыз ұштаса 

бастаған болатын. Сондықтан да қазақ халқына онша таныс 

болмай келген шығыс әдебиетін кеңінен пайдалана отырып, 

онымен өзінің ақындық шығармаларын байыту Абай үшін 

зор жаңалық, прогресшіл іс болды.

Үшінші арна – орыс мәдениеті, Европа мәдениеті. 

Қазақ халқы бұл мәдениетті Абайға дейін мүлде білмейтін. 

Сондықтан да данышпан Абайдың орыс халқының 

асқан гуманист классиктерінің, ал олар арқылы Европа 

классиктерінің шексіз бай асыл мұраларын кеңінен пайда-


118

лануы және өз халқын бұл мәдениетпен ана тілінде танысты-

руды аса зор маңызды жаңалық болды. Осының арқасында 

Абай өз халқының ұлт мәдениетінің алдағы уақытта еркін 

гүлденіп, дами беруіне берік негіз қалады, оның болашағына 

тура жол салып берді.

Мәдениеттің бұл айтылған үш саласын өзінің 

творчестволық ісіне пайдаланғанда, Абай оларға тек еліктеп 

қана қойған жоқ немесе кесек шығарманы ұсақтап, көшіріп 

алған жоқ. Ол өзінің сүйегіне біткен қасиеті, дарындылығы, 

даналығы, тілге бай, көркем сөзге шеберлігі арқасында 

өткен дәуірдің әрбір шығармасына сын көзімен қарап, ең 

жақсыларын ғана іріктеп алды, өзінің идеялық-көркем 

шығармаларын, поэзиясын осылармен байыта отырып, 

оған жаңа түр, жаңа мазмұн берді.

Жоғарыда мәдениеттің осындай түрлерімен танысуы 

Абайға рухани азық болды, оның ой-өрісін кеңейтті, дүниеге 

көзқарасын өзгертті, ақындық өнеріне жаңа жол ашты дедік. 

Шынында да, Пушкин өз тұсында бағы заманның, орта 

ғасырдың, өз заманындағы Батыс Европаның мәдениет 

мұраларымен танысқанда өзіне қандай әсер алған болса, 

өз халқының көне замандағы мәдениетімен, Шығыстың, 

орыстың және Европаның мәдениет мұраларымен танысқан 

Абай да сондай әсер алды деуге болады. Өз халқын шексіз 

сүйген Абайға орыстың, батыстың, шығыстың саналы 

жақсы адамдығының бәрі бірдей жақын бауыр болды.

Енді сол үш түрлі мәдениет мұралары Абайдың ақындық 

творчествосына қандай әсер еткенін байқап көрелік. Өзінің 

дарындылығы арқасында көркем сөздің шыңына жеткен 

шебері Абайдың шығармаларында мәдениеттің бұл үш түрі 

бірдей кездесіп, бір-бірімен тығыз ұштасып, араласып оты-

рады. Бұл Абай сияқты кесек ақындардың творчествосында 

кездесіп отыратын табиғи нәрсе.

Абайдың сексенінші жылдарда жазған өлеңдерінің 

көпшілігі қазақ елінің сол кездегі салт-санасы мен тұрмыс 

күйінің ерекшелігіне, өз заманындағы қоғам құрылысына 

арналған. Сонымен қатар бұл өлеңдерде өз халқының ру-

хани байлықтарының бәрі көркем сөзбен терең зерттеліп, 

сыннан өткізілген. Өз халқының қоғам құрылысы мен 


119

бүкіл тарихын қайта жасауды көксеген Абай сонымен 

қатар ақындық өнерінің жаңа түрін жасады. Осы айтылған 

шығармаларын Абай халық творчествосының мұраларымен 

тығыз ұштастырды.

Бірақ Абай шығармалары халық творчествосынан мүлде 

өзгеше. Абай өлеңдерінің қай-қайсысында болса да халық 

шығармаларының сөзі, өлең құрылысы ешбір кездеспейді, 

демек, Абай ескі шығармалардың сөзін, тіл байлықтарын 

ескі салт бойынша сол күйінде өз өлеңіне косып, жап-

сыра салмайды. Керісінше, халықтың ауыз әдебиетіндегі 

сөздіктерді, атауларды, олардың өлеңді көркемдей сурет-

теп жазу әдістерін Абай өз заманының, жаңа дүниенің 

ерекшелігіне қарап өзгертіп отырған, оған жаңа түр, жаңа мән 

тереңдете түсіп, дүниеге жаңа көзқарас тудырған. Ол халық 

поэзиясының қоғам тіршілік әсерін күшейтіп, оны жоғары 

сатыға көтерді. Абай өлеңдерінің әрқайсысы жаңалықты, 

жаңа идеяны көксеген. Ол өлеңдерінде, ең алдымен, сол 

кездегі қазақ елінің қоғам құрылысын, ескішіл шіріген 

салт-сананы, әдет-ғұрыпты, надандықты қатты сынайды, 

бай-манаптардың, ақсақал-бектердің, атқамінер қулардың 

озбырлықтарын, бақсы-балгер, қожа-молдалардың айла-

сұмдықтарын аяусыз түйрейді, бұқара халықтың теңсіздігін, 

ауыр қасіретін жырлайды. Мәселен, ол “Қартайдық, қайғы 

ойладық, ұйқы сергек”, “Қалың елім, қазағым, қайран 

жұртым”, “Күлембайға”, “Көжекбайға” деген өлеңдерінде 

надандықты, дау-жанжалдықты, парақорлықты, арам- 

тамақ арсыздықты, қанаушылықты қатты сөгеді, халықтың 

білімсіз артта қалғандығына қынжылып, қайғырады. Абай  

өз өлеңдерінде қазақ әдебиетінде тұңғыш рет семья мәселе-

сін, ата-ана борышын, жас ұрпақты тәрбиелеу және ең бас-

тысы – әйел мәселесін жаңаша қойып, бұл мәселелерді 

бәрінен де жоғары санады.

Халық поэмаларында, үй тұрмысы өлеңдерінде жырлан-

ған қазақ әйелінің теңсіздігі, мал орнына сатылып, күң 

ретінде жүргендігі Абай шығармаларында да үлкен орын 

алды, бірақ ол әйелдің теңсіздігін құр жырлап қана қойған 

жоқ, қайта ол бұл мәселеге жаңа мән беріп, оны жалпы 

адамгершілік мәселесінің дәрежесіне көтерді. Ол қазақ 


120

әйелдері мен қыздарының ішкі жүрек сырларын ашты: 

әйелдердің бас бостандығын, еркіндігін, махаббатын, ерлер-

мен бірдей теңдік алуын жырлады. Ал ескі өлең-жырларда 

мәселенің бұл жақтары тұңғиық қалып, әйелдердің тек 

бақытсыздығы, қорлықта жүргені ғана айтылатын. Абай 

өлеңдерінде өз теңін өзі тауып, өз сүйгеніне өзі тиген 

әйелдің арманы жоқ бақытты екені, оның сүйген жарына 

махаббаты, семьяға деген сүйіспеншілігі кіршіксіз таза бо-

латыны, әйелдердің осындай шын бақытқа жету жолындағы 

күресі жырланады. Абай жақсы тату семьяның тірегі әйел 

екенін, ана болған әйелдің қандай жанқиярлық іске бас 

байлауға әзір екенін жырлайды. Қызды қалыңмалға сату, 

көп әйел алу, әйелді күңдікте ұстау адамгершілікке жатпай-

тын нағыз айуандық қылық екенін айтып, әйелдердің қоғам 

тіршілігінде тең праволы болатын жолдарын өлеңдерінде 

үнемі көрсетіп отырады.

Еріншек, жалқау, шаруаға қырсыз, талапсыз әдеттердің 

бәрін де Абай мейлінше жек көріп, өзінің өткір тілімен 

мысқылдап қатты сынады. Абай өз шығармаларында пай-

далы еңбек етуге, еңбекті сүюге шақырды, еңбек адамның 

тіршілік арқауы екенін, тек адал, өнімді еңбек қана қоғамды 

дұрыс жолға жеткізетінін айтып жырлады. Ол өзіне дейінгі 

ақын-жыраулардың еңбек жөнінде тек жалпылама ай-

тып келгенін көрсетіп, өз шығармаларында оларға қарсы 

шығады. Ақын “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, 

“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” деген өлеңдерінде өз 

заманындағы Бұхар жырау, Шортанбай, Дулат ақындарды 

қатты сынайды, олардың шығармалары – “жамау-жасқау 

өлеңдер”, өйткені олар ғасырлар бойы келе жатқан 

надандыққа, қараңғылыққа қарсы батыл күреспейді, қайта 

сол ескілікті қайталап, дәріптейді дейді. Олар болашақ 

ұрпаққа рухани азық болатын жаңа жол көрсетпейді, қоғам 

құрылысын өзгерту жолында белсенді күрес ашудан тайып 

шығады деп сынайды Халыққа қызмет ету, оны жаңа санада 

тәрбиелеу, жаңа дүниеге бастау, қоғамды қайта құру – жаңа 

поэзияның ең жоғарғы мақсаты, оның тарихи орны, міне, 

осы дейді Абай. Тек еңбек қана, адамгершілік правосы үшін 

күрес қана қазақ кедейлеріне теңдік әпереді, олар сонда ғана 


121

байлардан тәуелсіз бола алады. Тек қараңғылықтан серпіліп, 

өнер-білімге ұмтылғанда ғана, оқып білім алғанда ғана за-

мана жастары, талапты жас жеткіншектер еркін өмірге, шат 

тұрмысқа жетеді. Абай, міне, осыған шақырып жар сала-

ды. Ол тек шақырып қана қойған жоқ. Ақын Абай өзінің 

даналығы, болашақты болжағыштығы арқасында қараңғы 

қазақ аулының өнерлі, білімді, мәдениетті ел болуының 

айқын жолдарын көрсетіп берді. Европаның, бүкіл адам 

баласының жетілген бай мәдениетін кең пайдалана оты-

рып, жаңа қоғам құруды, оны дамыту жолдарын нұсқады. 

Ол сонымен қатар ислам дінінің түк пайдасы жоқ зиянды 

екенін, “медреселерде” оқығандардың халыққа, қоғамға түк 

пайда келтірмейтінін, қайта қараңғы елдің надандылығын 

онан сайын ұлғайтатынын, халық санасын дін уымен 

тұншықтыратынын әшкереледі. Адамның өмір тұлғасы – 

ескі шіріген әдет-ғұрыптың, салт-сананың құлы болуда, 

соқыр сенімде емес, ол саналы қайрат-жігерде, адалдықта, 

пайдалы еңбекте, бүкіл қоғам мүддесін қара басының 

мүддесінен жоғары санауда. Абай өлеңдерінде, міне, осыны 

айтады.

Творчестволық шығармаларында Абай адамның 



табиғатқа көзқарасы, еңбек етуі, тұрмысты жақсарту үшін 

күрес мәселелеріне де терең мән береді, адамның дүниеде 

тіршілік етіп, өмір сүруі осыларға байланысты деп үйретеді.

Абайдың өз тұсындағы әлеуметтік қарым-қатынастың, 

салт-сананың барлық негіздерін терең зерттеп, ақиқатына 

жеткеннен кейін осыған арнап шығарған көп өлеңдері бар. 

Абай творчествосында өмірдің қамтылмай қалған жағы жоқ. 

Адамның ой-мақсаты, арман-талабы, қиян-қайғысы ақыл-

ойдың иесі, данышпан Абайдың көркем сөзбен жазылған 

өлеңдерінде үнемі айқын көрініп отырады. Бірақ Абай бұл 

мәселелерді өзінше түсініп, өз жанынан мүлде жаңа идеялар 

айтып, ескілік біткеннің бәрін бұзып-жарып, жаңа дүниеге 

апаратын соны жолдар нұсқайды. Сондықтан да ол өз зама-

нында теңдесі болмаған данышпан ақын.

Абай творчествосының өзіне дейінгі ақын-жазушы-

лардан зор айырмашылығы сол, ол халықты мәдениетке, 

білімге шақырғанда әсіресе орыс мәдениетінен, бүкіл 


122

алдыңғы қатарлы адам баласы мәдениетінен үлгі алып, 

үйренуге шақырды. Абай өз халқының прогрестік жолмен 

өсіп-дамуына алдыңғы қатарлы халықтардың салт-санасы, 

тіл өзгешеліктері, дін басқалығы ешбір кедергі бола ал-

майды деп түсінді. Мәдениеті өсіп жетілген халықтардың 

бәрінен де үлгі алып, сол мәдениеттен оқып, үйрену керек! 

Міне, өз халқын осындай білімді ету, мәдениетті ету сияқты 

ұлы тарихи мақсатты алдына қойған Абай ескілік біткеннің 

бәріне қарсы аяусыз күрес жариялайды, дәурені өткен, 

іріп-шіріген ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты өткір тілімен 

мысқылдап сөгеді. Соқыр сезімді, ескілікті мақтайтын би-

болыстарды, рубасы ақсақалдарды, дүмше молдаларды, 

бақсы-балгерлерді, талапсыз шенқұмар жастарды, еріншек-

жалқауларды, жатыпішер арамтамақтарды қатты сынап, 

мысқылдады. Абайдай еркін жырлап, шындықты, замана 

жайын тура көрсеткен, көркем сөздің дәрежесін жоғары 

көтеріп, оны ескілік біткеннің бәріне қарсы күреске құрал 

еткен ешбір ақын болған жоқ.

Абай Шығыс елдерінің поэзиясымен, Таяудағы Шығыс-

тың өткендегі мен өз тұсындағы мәдениетімен жете таныс-

қан ақын.

Абай жас кезінің өзінде-ақ Шығыс әдебиетіне зор 

көңіл бөлген. Ол араб, иран тілдерінде шыққан батыр-

лар жырының, діни кітаптардың бәрін қолжазбасынан 

(кейбіреулерін шағатай тілінде жазылған аудармасынан) 

оқып танысқан. Ол Шығыстың атақты классиктері – 

 

Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Ба-



быр шығармаларын оқыған. Жас кезінде ол осы ақындарға 

еліктеп, өлең жаза бастады, тұңғыш рет “ғаруз” түрімен жа-

зуды қолданып, өлеңдеріне араб, иран тілдерінеи көптеген 

сөздер енгізді. Бертін келе ол халық творчествосының 

өмірге ең керекті, тұрақты жақтарын пайдалану мақсатын 

көздеп, Шығыс әдебиетінің ішінде әсіресе “Мың бір түн” 

қиссасын, иран, түрік халықтарының әңгіме-жырларын 

сүйіп оқитын болды. Ол “Шаһнама”, “Ләйлі – Мәжнүн”, 

“Көроғлы” поэ маларын жаттап алып, ел арасына таратты.

Абай араб-мұсылман мәдениетін кең зерттей отырып, 

Табари, Рабғузи, Рашид ад-Дин, Бабыр, Абылғазы Баһадур 


123

хан және басқалары сияқты шығыс ғалымдарының тари-

хи еңбектерімен де танысты, мұсылман дінінің барлық 

шариғат негіздерін біліп алды. Абай Шығыс елдерінің бағы 

замандағы тарихымен ғана танысып қойған жоқ, ол соны-

мен қатар Таяудағы Шығыс өз тұсындағы мәдениетін де 

өте жақсы білді. Татардың тұңғыш просветитель-ғалымы 

Шиһабуддин Маржанидің еңбектері де оған жақсы таныс 

еді. Абай сол кезде туа бастаған панисламшыл, пантүрікшіл 

жалған діни-саясат ағымының ықпалы қалай күшейе 

бастағанын сезіп, біліп отырды.

Египет жазушысы Мұхаммед Ғабдуһу, Жалалледдин 

Афганский таратқан панисламизм ағымының идеясы бірте-

бірте өршіп, бұл ағым Ресейдегі мұсылмандар арасына да 

жайылды. Алланың құлы болу, айға табыну, халфелер-

ге бағыну сияқты жалған саясат ұстаған бұл ағымды казақ 

елінің қажы-молдалары, феодал-бектері де жақтады. Бұл 

ағымды жақтаушылардың газеттері, журналдары да болды. 

Соның бірі – әйгілі пантүрікшіл Исмаил Гаспринскийдің 

басшылығымен Бахшасарайында шығатын “Таржиман” 

газеті Абай заманының өзінде-ақ қазақ даласына көп тара-

ды. Бірақ Абай бұл ағымның ауанына түскен жоқ, оның алда- 

уыш саясатына ермей, қайта оған қарсы шықты, қараңғы-

лық үстін басқан халықты онан сайын тұншықтырып, 

надандықта ұстайтынын әшкереледі. Орыс халқының ұлы 

мәдениетінен үлгі алып, соған арқа сүйегенде ғана халықтың 

салт-санасын, қоғамдық тұрмысын қайта құруға болатынын 

бірден сезген Абай өмірінің ақырына дейін осы жолынан 

ешбір таймады.

Ислам дінін дәріптеген ағымнан үзілді-кесілді бас 

тартқан Абай өзінің ой-өрісінің аса кеңдігін, ешкімге, еш 

нәрсеге бойұсынбайтын тәуелсіз жан екенін, ұстаған жо-

лына берік, әрбір қадамын батыл басатын адам екенін 

көрсетті, өйткені ол адамгершілікті, адалдықты жырлаған, 

бүкіл езілген адам баласының бостандық алып, ерікті өмір 

сүруі үшін халыққа, Отанға адал қызмет етуді даттаған орыс 

пен Европа әдебиетінің классиктерінің асыл шығармаларын 

оқып тәрбиеленген, жоғары саналы мәдениет қайраткері 

болды.


124

Осындай сезімде дүние таныған Абай ислам дінінің 

жалғандығын, реакцияшылдығын дұрыс сезе білді, оның 

зиянды екенін қырағылықпен көрді.

Данышпан ақынның бұл көрегендігін қоғам тіршілігінің 

бұған кейінгі даму жолдары айқын ыспаттады. Елімізде 

болған Ұлы Октябрь революциясы, Маркстің-Лениннің 

ғылымы Абайдың алған бағыты, ұстаған жолы дұрыс екенін 

көрсетіп берді, бұл ғылым исламшылдық, түрікшілдік 

ағымның және буржуазиялық-реакцияшыл ұлтшылдықтың 

барлық түрінің көз бояушы бет пердесін жұлып тастап, 

олардың халыққа қарсы ағым екенін әшкереледі.

Абай өзінің ақындық творчествосында шығыс 

мәдениетінің бұл “жаңалығына” сүйенген жоқ. Оның ар-

тына қалдырып кеткен ақындық мұраларында шығыстың 

бағы замандағы классиктік поэзиясына еліктегені, 

солардың жақсы дәстүрлерін қолданғаны байқалады. Оның 

ғашықтыққа жазған өлеңдерінде (“Көзімнің қарасы”), ли-

рикалы толғауларында (“Аманту оқымаған кісі бар ма”), 

пәлсафалық-моральдық поэмаларында (“Масғұт”) шығыс 

классиктерінің ықпалы бар екені көрінеді. Бірақ бұл сырт 

үйлестігі ғана. Ал шығарманың ішкі идеялық-көркемдік 

мазмұны, ой-қиялының ақиқаттығы, өмірді терең бойлай 

сезу, қоғам тіршілігі мен адамдардың қарым-қатынасын 

нақты дәлме-дәл айтып беру Абай шығармаларында мүлде 

басқаша, өте шебер суреттеледі, бұл жағына келгенде оның 

шығармалары шығыс классиктерінен мүлде тәуелсіз деуге 

болады.


Дін жөнінде жазған өлеңдерінде де ақын соқыр сезімге 

берілмейді. Абай дін мәселесінде рационалист. Ол құдайды 

барша халық таныды деп танымайды, өз ақылына, өз миына 

салып тануды көздейді, кейде ислам шариғаттарына тікелей 

қарсы шығады. Қожа, молда, сопыларға, ислам дінінің 

шариғатын дәріптеушілерге, құранды бетке ұстап, қараңғы 

халықты арбаушыларға арналған өлеңдерінде Абай олардың 

қара ниет пиғылдарын, арам құлқыны үшін құдайшыл бола 

қалып, жұртты алдайтынын әшкерелеп, қатты жерледі, 

тіпті оларды “өлімтікке таласқан аш құзғындай аранын кең 

ашқан” қан сорғыш жалмауыздар деп атаудан да тайынба-

ды.


125

Сөйтіп, Абай өзінің творчествосында араб мұсыл-

мандарының мәдениетімен де араласқан, бірақ ол бұл 

мәдениетті әбден сұрыптап, жеке пайдалы жақтарын ғана 

алған, оның өзін де тек сол күйінде ала салмай, өзінің 

дүниеге көзқарасы негізінде қайта өңдеген.

Абай Европа әдебиетіне де терең зер салып, көп оқыған. 

Шығыс елдерінен гөрі батыс елдерінің мәдениетін әлдеқайда 

жоғары санап, орыс мәдениетін және сол арқылы батыс 

мәдениетін зерттеу-үйрену жолында ол ұзақ уақыт өздігінен 

оқып, білімін арттырды. Пушкиннен, Лермонтовтан, Кры-

ловтан бастап, ол алпысыншы, сексенінші жылдардың 

әдебиетіне дейін оқып танысты. Соның өзінде де оның сүйіп 

оқитыны тек ақындар шығармалары ғана болған жоқ, соны-

мен қатар орыс халқынын, ұлы жазушылары (прозаиктері) 

Лев Толстойдың, Салтыков-Щедриннің шығармаларын да 

оқыды. Абай орыс тіліне аударылған шығармалар арқылы 

Гетені, Байронды және басқа көптеген батыс классиктерін 

білді, батыс елдердің бағы замандағы әдебиеттерімен де жете 

танысты. Абайдың жер ауып келген достары Леонтьев және 

басқаларының айтуына қарағанда, Абай батыс пәлсафасын, 

Спенсердің, Спинозаның ғылыми шығармаларын үнемі 

оқыған, сонымен қатар Дарвиннің ғылымына да зор көңіл 

бөлген.


Орыс классиктерінің шығармаларын Абай әр уақытта 

әртүрлі пайдаланған. Мәселен, Крылов шығармаларын 

аударғанда оның мысалдарының дидактикалық жақтарын 

(ақыл айту, суреттеу жақтары) өзгерте отырып, өз 

халқының тұрмысына бейімдеп қайта өндеген, қазақ 

халқына түсінікті етіп аударған. Ол әсіресе Лермонтовтың 

өлеңдерін  өте сүйсініп, зор ұқыптылықпен аударған. 

Лермонтовтың “Қанжар”, “Жолға шықтым бір жым-жырт 

түнде жалғыз”, “Теректің сыйы”, “Желкен” деген өлеңдері, 

“Демон” поэмасынан алған үзінділері орыс классиктерінің 

шығармаларын қазақ тіліне асқан шеберлікпен, қазақ 

халқының тума өлеңдері құсап өте тамаша аударылған. 

Ал Абайдың Пушкинге көзқарасы мүлде басқаша болды. 

Оның “Евгений Онегин” поэмасынан аударған үзінділері 

шынында аударма ғана деуге сыймайды, ол Пушкиннің 


126

бүкіл романын түгел баяндап шыққан зор хикая деуге бо-

лады. Татьяна мен Онегиннің арасындағы жүрек сырының 

кіршіксіз тазалығына, бір-біріне шексіз ғашықтығына таң 

қалған Абай олардың бүкіл өмірін баяндайды; екі адамның 

арасындағы мұндай ғашықтык сезімінің кімге болса да зор 

әсері бар екенін түсініп, оны қазақ жастарына өнеге етеді. 

Мұның өзінде Абай шығыс поэзиясының бағы заман-

нан келе жатқан өлең жазу дәстүрін (“нәзира”) қолданып, 

өзінің ұлы ұстазының бұл тамаша шығармасының бүкіл 

сюжетін (мазмұнын) өз сөзімен, өз тілімен қайта жазып 

шығады. Ал араб-үнді, иран-түрік елдерінің ақындары 

“Ләйлі – Мәжнүн”, “Фархад және Шырын” қиссаларының 

сюжеттерін, “Ескендір-наме” поэмасын өз тілдерінде өңдеп 

жырлап, ғасырдан ғасырға жеткізгені мәлім. Абайдың өзі 

де азербайжан классигі Низами мен өзбек классигі Науаи-

ден кейін солардың үлгісі бойынша Александр (Ескендір) 

мен Аристотель жөнінде поэма жазды. Өткен дәуірдің ұлы 

мұраларын тек аудармай, қайта жырлау салтын Абай осы 

“Евгений Онегин” поэмасына да қолданды. Бірақ ол орыс 

қызы Татьянаның образын ешбір өзгертпей, романның 

бітетін жерін сюжет жағынан Онегиннің мінезі жөнінен 

өзгерткен. Пушкиннің бүкіл романы Абай аудармасында 

қыз бен жігіттің арасындағы үлкен хат сияқты болып шықты. 

Абай ақындығымен қатар ән-күй жазатын композитор да 

болды. Сондықтан да ол Татьяна мен Онегиннің хаттарына 

ән жазып, екі асыл ғашықтың тамаша өлеңдері Абай әнімен 

бірге бүкіл елге тарады, халықтың тума өлеңі мен әні болып 

кетті. Татьяна мен Онегиннің бір-біріне жазған ғашықтық 

хаттарын, өлеңдерін бүкіл ел жастары жаттап алып, тіпті 

өздерінің сүйген ғашықтарына осы өлеңмен хат жазатын 

болды.


Пушкин, Лермонтов шығармаларымен қатар, Абай 

Лермонтовтың аудармаларын пайдалана отырып, Байрон 

мен Гетенің де бірқатар жеке өлеңдерін қазақ тіліне аудар-

ды.


Абайдың осы айтылған аудармаларының бәрі қазақ 

әдебиетінің дамуына зор әсер етумен қатар, ақынның Ев-

ропа әдебиетімен тікелей байланысы болғандығын да 


127

көрсетеді, Орыстың тілге бай ақындық әдебиетін жақсы 

пайдалана білетіндігінің арқасында Абай қазақ поэзиясына 

жаңа түр енгізіп (Абай қазақша өлең жазудың өзіне дейін 

болмаған жаңа 11 түрін енгізді), оны жаңа тақырыптармен, 

жаңа әлеуметтік мазмұнмен байытты. Мұның өзі қазақ 

поэзиясының сапалылығын әлдеқайда арттыра түсті. Абай 

орыстың басқа классиктерінен гөрі Пушкин шығармаларын 

өте аз аударған. Бірақ солай бола тұрса да, оның лирикалық 

толғауы, табиғатты тамылжытып жырлауы, әйел жүрегін, 

әйел махаббатын терең түсініп, өте көркем суреттеуі, 

әлеуметтік маңызы зор кесек мәселелерді өлеңмен жа-

зуы Пушкинге көп жақын, ұқсас келеді. Бүкіл дүние жүзі 

әдебиетінің барша классиктері адамгершілік қасиеті, ой-

өрісі, ақындық даналығы жағынан бір-біріне қандай ұқсас, 

қандай жақын болған болса, Абай да Пушкинге сондай 

жақын. Қазақ әдебиетінің атасы, өнегелі классигі Абайға ба-

тыс классиктері де жақын еді, өйткені олардың дүниежүзілік 

әдебиетте қалдырған тамаша бай мұралары оған рухани 

азық болды. Бүкіл адам баласының ғасырлар бойғы рухани 

мәдениетінің асқар шыңы болып, атағы әлемге жайылған 

асқан зор таланттар, әдебиет классиктері бір-біріне ежелден 

жақын болатын, бір-бірімен рухани дос болатын.

Абайдың дүние жүзі мәдениетімен осындай терең та-

нысып, тығыз байланысты болуы оның жылдың төрт 

мезгілі туралы өлеңдер жазуына, тереңнен толғап, бойды 

алған лирикалық шығармалар жасауына, ақынның қоғам 

өміріндегі орнын көрсетуіне, Александр Македонский мен 

Аристотель туралы үлкен поэма жазуына мүмкіндік берді.

Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдерінде ақын қазақ 

даласының жаратылысын, көшпелі қазақ аулының тұрмыс 

салтын суреттейді, өзінің ақындық шеберлігі арқасында ол 

табиғат сипатына, ел тұрмысының жайына терең сыр, зор 

мән береді, жаңа пікірлер айтып суреттейді.

Ақынға арнаған өлеңдерінде Абай ақын сөзі асыл 

сөз, оны ұсақ кәсіп етуге болмайды, ақын әрі сыншы, әрі 

тәрбиеші, ол шындықты жырлаушы, өз ісінде ешкімге 

мойынсұнбайтын еркін жыршы деп көрсетті. Міне, бұл 

жағынан алғанда да Абай творчествосы Пушкин творче-


128

ствосына өте жақын екенін көреміз. Сол сияқты Абай мен 

Салтыков-Щедрин де тақырып жағынан бір-біріне өте 

жақын. Абай көркем проза (қара сөзбен) жазбаған адам. 

Алайда, патшалы Ресейдің қоғам құрылысын, ондағы то-

пас, зорлықшыл, өктем әкімдердің мінез-құлықтарын, 

қулық-сұмдықтарын батыл әшкерелеген Салтыков-Щедрин 

сияқты, Абай да қазақ халқын ауыр қасіретке ұшыратқан, 

арбап-алдаған, қараңғылықта ұстаған би-болыстарды, пат-

ша әкімдерін, атқамінер қуларды, рубасы ақсақалдарды 

зілді мысқыл өлеңдерімен батыл мінеп, қатты сөкті, өткір 

қаламының ұшымен түйреді. Міне, бұған қарағанда, Абай 

шығармаларының көркемдік және саяси мазмұны жағынан 

Салтыков-Щедринмен бір сапқа қосылады, бір тілекті, бір 

мақсатты болып шығады. Өзінің шығармаларын тыңдаушы 

шәкірттерімен бір әңгімесінде Абай Салтыков-Щедринді 

мақтап, ол халыққа зорлық көрсеткен әкімдердің кейпін 

дұрыс көрсетіп берген жазушы еді дейді. Бұл оның тек 

орны келгенде айта салған сөзі ғана емес, ол өзінің барлық 

шығармаларында да өз заманындағы қоғам құрылысына, 

патша үкіметінің әкімшілік саясатына қарсы шықты. 

Сондықтан да оның патша үкіметіне наразылық білдіріп, 

қарсы болған орыс классиктерін жақтауы, олардың ісін 

мақұлдап қостауы тегін емес...

Абайдың Европа әдебиетімен араласып, терең танысуы 

оның творчестволық ой-өрісін едәуір кеңейтті. Осының 

нәтижесінде де ол Александр Македонский мен Аристотель 

жөнінде жеке поэма жазып, ол еңбегі соңғы ұрпаққа асыл 

мұра болып қалды. Ол өзінің жай әңгімелерінде (ғақлия) ол 

бағы заманның асқан білімпазы Сократты үнемі аузынан та-

стамайтын.

Абай бізге тек поэзиясын (өлеңдерін) ғана қалдырып 

кеткен жоқ. Ақынның пәлсафалық-сын, салт-сана, мінез-

құлық мәселелері жөніндегі “ғақлия” әңгімелерінде 

көптеген нақыл сөздері бар. Оның бұл терең мағыналы, 

көрегендікпен айтылған нақыл сөздері ел арасына кең та-

рап, халықтың көркем әдебиет тіліне берік сіңіп алады.

Осы жинаққа Абайдың көп әңгіме “ғақлия” сөздері 

кіргізіліп отыр. Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл 


129

әңгімелерінің түр, мазмұн жағынан қандай жанрға жата-

тын да кесіп айту өте қиын. Ақынның бұл әңгімелерінде 

пәлсафалық-мораль, қоғамдық-публицистикалық, мысқыл-

сын мәселелері бірдей кездеседі. Шебер қиыстырып, 

мейлінше тапқырлықпен айтылған бұл нақыл сөздерде 

кейде күнбе-күнгі тіршілік жайы, кейде кекті мысқыл не-

месе жабырқап-қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл 

сөздері аз айтып, көп мағына беретін өткір тілді, өнегелі 

өсиет болып табылады.

Ақынның шығармалары қолжазба түрінде тұңғыш рет 

жарыққа шығып, ел арасына тарай бастаған кезде, оның 

нақыл қара сөздері де өлеңдерімен бірге жеке кітап болып 

басылып шығып жүрді. Оны әсіресе жасы үлкен адамдар зор 

ынтамен оқып, жаттап алып, ол сөздердің терең мазмұнын, 

өнегелі өсиетін жете түсінуге құштар болатын. Өзінің нақыл 

сөздерін осы қатарлы адамдар оқитынына көзі жеткен Абай 

бұл “ғақлия” сөздерін көбінесе осындай адамдардың сана-

сезіміне бейімдеп жазады. Мұндай жағдайда ол өмір шын-

дығы мынадай, ислам шариғатының діни көз бояушылығы 

мынадай деп, екеуін қатар көрсетеді. Сондықтан да Абай 

әр уақытта ислам дінінің жалған өсиеттеріне рационалдық 

пәлсафа шындығын қарсы қояды.

Ақыл-ойдың кемеңгері әрі ақын Абай өте талантты, 

әрі композитор да болды. Өлең мен әнге арнап жазған көп 

өлеңдерімен қатар жиырма шақты ән-күй ойлап шығарды.

Абай поэзияда қандай жаңашыл, тапқыр болса, ән-күйде 

де сондай жаңашыл болды. Ол ән-күйді жаңа мазмұнда, тың 

әдіспен байытып, әннің өзіне дейінгі халық күйлерінен мүлде 

басқаша мәдениетті түрлерін жасады. Кемеңгер ақын бұл 

жағынан да өзінің творчестволық талантының күшті екенін, 

рухани мәдениеттің кең салалы дарқан екенін көрсетті.

Әділетті жақтаған, өнер-білімге жетілген, өз халқының 

мәдениетін дамыту үшін бар пәрменімен күрескен, 

қараңғы халықты сүліктей сорған арамзалардың, кертартпа 

ақсақалдардың, би-болыстардың, феодал-бектердің орта-

сында жалғыздық қасіретін шеккен Абай тек өз халқының 

тарихында ғана емес, сонымен бірге бүкіл Таяудағы 

Шығыстың тарихында да өз заманының асқан дана, ұлы 

қайраткері болды.



130

Абай алдағы “жұмаққа” жету үшін бүкіл Таяудағы 

Шығыстың дінге сиынған панисламшылары мен пантү-

рікшілері сияқты ислам жолына түспей, бүкіл Шығысты 

баса отырып, Батысқа қарай қол созды, өз тұсындағы кер-

тартпа заманның қара түнегін қақ жара, елден дара жалғыз 

өзі жалғызаяқ сүрлеумен алға ұмтылды. Осы ұлы іздену са-

парында ол жарық дүниеге, бақытқа жетті. Оның жалғыз 

аяқ сүрлеуі адастырмай тура бастап, халықтың ешуақытта 

өшпейтін даңғыл жолына барып қосылды, зор талапты 

ақынды орыс халқының асқан кемеңгері Александр Сергее-

вич Пушкиннің кейінгі ұрпаққа қалдырған асқар Алатаудай 

зор ескерткішіне апарып жеткізді.

Кемеңгер ақынның сонау қияда мұнартқан зәулім тама-

ша шапағатты ескерткішіне Шығыстан тұңғыш рет барып 

жеткендердің бірі осы Абай болуға тиіс.

Қазақтың халық шығармалары мен орыстың классика-

лық поэзиясын тығыз ұштастырып жырлаған Абай және 

оның ғасырлар бойы өшпейтін баға жетпес шығармалары, 

біздің ойлауымызша, өткен дәуірдің үздік шыққан тамаша 

бір саңдағы сияқты. Абайдың өзі де, оның шығармалары 

да жапан-түзге жалғыз шығып, жапырағын кең жайған 

бәйтерекке ұқсап, өз халқының тарихынан ерекше орын 

алды. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің 

асыл мұраларының бәрін алып, оны орыс халқының есей-

ген, алдыңғы қатарлы мәдениетімен байытты.

Абай орыс халқының рухани мәдениетінің бай мұра-

ларын барлық жағынан толық пайдалана отырып, өз 

халқының мәдениеті тарихында тұңғыш рет нағыз прогрес-

шіл қозғалысты бастап берді. Өз халқының тарихында 

тұңғыш рет жарыққа шыққан оқыған қайраткерлердің бірі 

болған Абай жаңа қоғамның алдыңғы қатарлы мәдениеттен 

неғұрлым тез үйреніп, өнеге алуына кедергі жасаған 

өз заманындағы тарихи бөгеттердің бәрін еркін бұзып, 

талқандады. Сөйтіп, ол орыс халқы мен қазақ халқының 

жарық нұрлы болашақ үшін, сол кездегі қоғамның әр 

түкпірге тығылып, мәдениеттен мешеу қалғанына қарсы 

жүргізген күресіндегі рухани қаруларының бір-бірімен 

қосылуына себепші болды. Міне, сондықтан да Абай 


131

есімі жұрттың бәріне өте қымбатты есім болып отыр, ал 

оның тамаша жалынды өлеңдері социалистік Отанның 

қаһарман қорғаушылары – қазақ жауынгерлері мен қазақ 

командирлеріне рухани күш болды, олар қан майданда жауға 

қарсы ерлік күресімен, ұлы жеңісімен, төгілген қанымен 

Ұлы Одақтың барлык халықтары арасындағы туысқандық 

достықты бұрынғыдан да бетер нығайта түсті. Абай өз 

халқының асыл қазынасының бәрін орыс халқының дана 

адамдары жасап кеткен ұлы мұраларымен жақындастырып, 

тығыз байланыстыруға шақырды, осы жолда күресті. Оның 

кейінгі ұрпақты осындай күреске шақырған жалынды сөздері 

қазіргі совет отаншылдарының, Абайды ұлы мәртебе тұтып 

құрметтейтін қазіргі ұрпақтың қайтпас қажырлы күшін тасы-

тып, жүрегіне ыстық леп қосты. Өзі арман етіп, зор үмітпен 

күткен ерікті Отанының сүйікті ұл-қыздарымен бірге Абай 

да рухани күш-қуаттың, қайрат-жігердің бәрі қатал сынға 

түскен ауыр жылдардан сүрінбей өтіп, оның ұлы есімі 

қазіргі бақытты социалистік заманымызға бұрынғысынан 

да қымбат, бұрынғысынан да жақын болып отыр деп айта 

аламыз.

Ал мұның өзі қазақтың жаңа мәдениетінің негізін 



қалаған, қазақ халқының классикалық поэзиясының жарық 

жұлдызы болған Абайдың өшпес даңқын мәңгі арттыра бер-

мек.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет