Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі498,64 Kb.
#5907
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

12 жылдық мектеп оқушыларының  

қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын  

қалыптастыру әдістемесі 

 

Әдістемелік құрал



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 


2013 

 



      

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама). 

 

 



12  жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен  функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесі.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 42 б. 

 

 



Әдістемелік  құралда  12  жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесінің  теориялық  және 

практикалық  негіздерін анықтау мәселелері қарастырылады. 

Әдістемелік  құрал  білім  беру  саласы  мамандарына,  мұғалімдерге, 

әдіскерлер мен осы саланы зерттеушілерге арналған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   © 

Ы.Алтынсарин атындағы                        

                                                                        

Ұлттық білім академиясы, 2013 

 


Кіріспе 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-

экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауында  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды [1]. 

Аталған  міндет  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 

кіруі  барысында  маңызды  қадам  болып  табылады.  Мұндай  стратегиялық 

міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға 

және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы 

білім  алуға  дайын  тұратын  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапаларын 

қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр [2].  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен 

өмірге  келген  функционалдық  сауаттылықтың  мақсаты  –  оқушылардың 

білімдерін  өмірде  тиімді  қолдануға  үйрету.  Сонымен  қатар,  ол  орта  білім 

жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. 

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  зияткерлік, 

дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  ел  азаматын  қалыптастыру,  оның 

өзгермелі  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы 

қажеттіліктерін қанағаттандыру деп айқын көрсетілген [3]. 

 

Бұл  –  дәстүрлі  мектеп  моделінен  рационалды  модельге,  әрі  қарай 



феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау дегенді білдіреді. Осы мақсатқа 

қол  жеткізу  арқылы  Қазақстан  оқыту  деңгейі  мен  сапасы  жағынан  жетекші 

елдер  тобына  қосылады  деп  күтіледі.  Бұл  жолда  атқарылатын  сан  жұмыстың 

бағдары төмендегідей:   

 

оқушылардың тұлғалық қабілеттерінің дамуындағы функционалдық;  



 

сауаттылықтың мәні мен маңызын оқыту үдерісінде саралай түсу; 



 

қазақ  тілі  пәнін  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын 

мәдениеттанымдық, 

коммуникативтік, 

ақпараттық- 

технологиялық,  оқу-танымдық  құзыреттіліктер  негізінде  дамыту  әдістемесін 

басшылыққа алу; 

 

қазақ 



тілінен 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау; 

 



оқушылардың 

қазақ 


тілінен 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға  ұсынылған  әдістемелік  жүйелердің  тиімділігін  практикада 

сабақтың нәтижелері арқылы дәйектеу. 

Осындай  алға  қойылған  бағыт-бағдарды  айқындау  негізінде  әзірленіп 

отырған  әдістемелік  құралдың  мақсаты:  12  жылдық  мектеп  оқушыларының 

қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу.  

Әдістемелік  құралдың  міндеттері:  12  жылдық  мектеп  оқушыларының 

қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістері 

мен амалдарының теориялық және практикалық негіздерін анықтау.  

 



1  12 

жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері 

 

Қазақстан  Республикасының  орта  білім  беру  саласындағы  басым 

бағыттарын  әлемдік  білім  беруді  дамыту  үдерістерімен  сәйкестендірілуі 

мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын (ОФС) дамыту өзекті 

мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. 

Қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында 

жүйелі ойлауын  дамытып,  мектепте  алған  білімінің өмірдің  қай  саласында да 

тірек  болуын  қамтамасыз  ететін  тиімді  әдістемелік  жүйе  жасауға  және 

қолдануға мүмкіндік береді.  

Қазақ  тілін  оқыту  барысында  қалыптастырылуы  тиіс  деп  күтілетін 

«функционалдық  сауаттылықтың»  белгілерін  төмендегі  модельден  көруге 

болады (1-сурет). 

 

 

 

 

1-



сурет ‒ Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықтың (ФС) белгілері 

 

Бұл белгілерді бір аяға жинақтап модель ретінде көрсетуде функционалдық 



сауаттылыққа  берілген  анықтаманың  құрамындағы  белгілер  негізге  алынып 

отыр. 


Функционалдық  сауаттылыққа  қол  жеткізген  оқушы  дегеніміз  -  мектепте 

білім  алуы  барысында  өмірдің  қалыпты  жағдайларында  кездесетін  түрлі 



ФС 

белгілері 

Сауатсыздықты 

қарқындылықпен 

жою тәсілдерін іздеу 

мәселелері аясында 

маңызды орын алады 

Ересек тұрғындардың 

бағалауы ретінде 

қолданылады 

Қалыпты, 

үйреншікті 

міндеттерді шешуге  

арналған 

Жеке тұлғаның 

жағдаятқа қатысты 

танылуы 

Өмірдің күнделікті 

мәселелерін шешуге 

бағытталған 

 

Оқу мен жазудың 



базалық қарапайым 

деңгейі 

 



жағдаяттардың  шешімдерін  таба  алатын  қабілетке  ие  болған,  негізінен, 

қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. 

 

Жинақтай  алғанда,  функционалдық  сауаттылық  оқушының  жеке 



тұлғасының әлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.  

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудың  теориялық  негіздері  жүйесінің  моделі  төменде  көрсетілді  

(2-


сурет). 

 

 



 

 

2-



сурет ‒ Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 

теориялық негіздері 

 

 

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын 



қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология және педагогика ілімдері, 

жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамытуға  бағдарланған  жаңа  оқыту 

технологиялары,  қазақ  тілінің  функционалдық  грамматикасы,  мектепте  қазақ 

тілін  оқытуды  ұйымдастыру  тәсілдері,  мектеп  оқушыларының  білімін 

құзыреттілік негізде бағалау жүйесі алынып отыр. 

 

 

1.1 

Қазақ  тілінен  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудың психологиялық негіздері 

 

Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын 



дамыту  –  олардың  психологиялық  қырынан  даму  мәселесін  де  қарастыруды 

қажет етеді.  

Оқушының  дамуы  дегеніміз  –  оның  өмірлік  күш-қуаты 

мүмкіндіктерінің  жүзеге  асырылуы.  Сондықтан  сол  дамытатын  қабілеттерді 

және  олардың  оқу-танымдық  үдерістегі  қызметі  ерекше  қажет.  Ал  оқушыны 

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазақ тілінің 



функционалдық-

коммуникативтік 

грамматикасы 

 

Психологиялық 

негіздері 

Қазақ тілін сапалы 

оқытуды 

ұйымдастырудың 

тиімді жүйесі 

 

Педагогикалық 

негіздері 

Оқушылар білімін 

құзыреттілік негізінде 

бағалау 

 

Жаңа оқыту 

технологиялары 

 

Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты 

қалыптастыру

 



 

белгілі  бір  психикалық  алғышарттарға  ие  болып  келетін,  танып-білу 

мүмкіншіліктері  мол  жеке  тұлға  деп  қарастыру  –  теориялық  ұғым  жасаушы 

субъектінің болмысын анықтау болып табылады [1]. 

Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі 

– 

баланың дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі – баланың дамуын 



табиғи күйінде қалдыру керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Өйткені, 

қоғам  баланы  ертерек  есейтуге  әрдайым  бейім  тұратындықтан  оның  өмірлік 

күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін. 

Қоғам  дамуы  барысында  балаға  әсер  ететін  ықпалы  зор  күштер  болады. 

Бала  соның  негізінде  белгілі  бір  даму  жетістіктеріне  ие  болып,  қалыптасады. 

Бірақ, оқу-танымдық процесс білім беру мен тәрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын 

болғандықтан,  баланың  сыртқы  және  ішкі  даму  барысындағы  тепе-теңдікті 

бұзып алмау жағына сақ болу керек. 

Ол  үшін  оқушы  тіл  туралы  алған  білімін  интериоризациялауы  тиіс.  Бұл 

жерде  қазақ  тілін  функционалдық  мақсатта  оқыту  маңызды  рөл  атқарады. 

Әрине,  оқушылар  тілдің  грамматикалық  ережелерін  есте  сақтап,  жатқа 

қайталап айта алады. Осы тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік 

мақсатта  еркін  пайдалану  қабілеті  болмайды,  кейбір  кездері  тілдің 

грамматикасын  игермеген  оқушы  сабақтан  тыс  кездерде  сол  тілде  жақсы 

сөйлей алуы мүмкін. Қазақ тілін оқыту сабақтарында тілді жылдам және сапалы 

игеру  үшін  міндетті  шынайы  түрдегі  қарым-қатынастар  жағдаяттары 

ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу-тілдік жағдаяттары арқылы оқушылар 

қазақ тілін саналы түрде меңгере алады.  

Тілдің  саналы  түрде  игерілуі  баланың  танымдық  қабілеті  мен  таным 

күштерінің  бірігуі  арқылы  іске  асып  отырады.  Баланың  дамуға  бейім  таным 



күштерін  байқаған  мұғалім  арнайы  жұмыс  арқылы  оны  ұштай  түсуі  тиіс. 

Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты жазуын қамтамасыз 

ету  барысында  міндетті  түрде  оның  танымдық  қабілеттерінің  де  дамуын  да 

ескеріп  отырғаны  жөн.  Әрине,  даму  барысы  оның  физиологиялық  даму 

мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді.  

Мұғалім  оқу-танымдық  процестің  жетекшісі  мен  ұйымдастырушысы 

ретінде оқушының биологиялық және әлеуметтік  дамуын үйлестіріп отыруды 

баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі ерекше 

белсенділік-  пен  өтеді.  Абайдың  7-қара  сөзінде  айтылған  танымдық 

қызығушылық  енді  мектепте  және  орта  сыныптарда  түрлі  салаларды  меңгере 

бастауымен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі коммуникативтік 

құзіреттілігінің  оны  белгілі  бір  шынайы  ситуацияларға  түсіре  отырып, 

төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек. 

Осы  кезеңдегі оқушының  қабылдауы,  зейіні,  қиялдауы  туралы  мәліметтер 

алуы  қиын  болғанымен,  ес  пен  жады,  сөйлеу  мен  ойлау  сияқты  таным 

процестерін тану мүмкіндіктері мол. 

М.Мұқанов  білім  мағынасының  бәрі  де  ақпараттан  тұратынын  атап 

көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың шығатын көзі, келетін мекенжайы болады. 

Ақпарат  шығатын  жерінен  келетін  мекенжайына  канал  байланыстары/радио, 

 



телеграф  немесе  хабар  адамның  рецепторларына  берілсе,  онда  шетке  және 

ортаға  тебетін  нервтер  арқылы  жіберіледі.  Нысандардан  рецепторлар  арқылы 

адамға  келген  ақпарат  оның  басында  сан  алуан  өзгерістерге  ұшырап,  белгілі 

жүйеге  келтіріледі  де,  осының  нәтижесінде  келген  хабарлар  әр  түрлі  білім 

дәрежесіне айналады.  

Оқушының  білім  алу  және  танымдық  үдерісі  төмендегі  суретте 

көрсетілгендей реттеліп отырады [4]. 

 

 



 

Байланыс  

каналы

 

 



(

ауа  

толқындары)  

 

Оқушы  тиісті  оқу  нысандарынан  білімдік  ақпарат  алғанда,  көп 

мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Адамның басында 

осындай іріктегіш, селективтік аспап бар. Егер оқушы рецепторларына жеткен 

мағлұматтарды  іріктеп  алмай,  оған  не  әсер  етсе,  соны  түгел  қабылдаса, 

мақсатына  жете  алмас  еді.  Ол  көп  хабардың  ішінен  ненің  қажет, ненің  қажет 

емес екендігін ажырата алмай, оқи алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың 

ішінен  өзіне  керегін  ғана  іріктеп  таңдап  алу  оқу  тапсырмасын  орындаудың 

негізгі шартының бірі.  

М.Мұқанов  таным  үдерісінің  элементтерін  мыналар  деп  көрсетеді: 

қабылдау; зейін; ес пен жады. М.Мұқанов жеткіншектердің таным үдерістерін 

былайша  сипаттайды.  Күнделікте  оқу  материалын  ұғыну  қабылдаудан 

басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау, не соны тыңдау  ғана емес, баста бар 

бейнелермен  объектілерді  салыстырып  түсіну.  Сондықтан  қабылдау  оқу 

үдерісінде  ойлануды  талап  етеді.  Қабылдау  дегеніміз  -мағлұматтарды 

тұтастығымен  бейнелу.  Егер  қамтылатын  материал  қызықты  болса,  онда 

оқушылар  осыған  ғана  көңіл  бөліп,  қиын  материалдарды  оқығысы 

келмейтіндігі  кездеседі.  Нәтижесінде,  жеткіншек  материалды  тұтас  қабылдай 

алмай,  ақпараттың  қандай  да  бір  кесіндісі  сияқты  етіп,  есінде  сақтай  алмауы 

мүмкін. Жеткіншектің зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір нысаннан 

екінші нысанға аударып отыруға толық мүмкіндігі бар. Жеткіншектің жады мен 

есі  едәуір  дамыған  және  де  білім  мазмұнын  мағынасына  қарай  есінде 

қалдыруды  ұнатады.  Сонымен  қатар  ол  естігенін  көпке  дейін  есінде  сақтап, 

қажет мезгілде есіне жақсы түсіре алады [5].  



 

1

.2  Қазақ  тілінен  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудың педагогикалық негіздері 

 

Қазақ 



тілінен 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастырудың  педагогикалық  негіздері  дегенде,  ең  алдымен,  оқушылар 

Хабардың 

келетін 

мекенжайы

 (

ми 


орталығы



Өзгерткіш а



 

аспабы

 

Хабардыңш

ығатын 

жері

 

Қайта өзгеру 

аспабы

 

Білім, 

таным 

 



меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен берілетін білім мазмұны, қазақ тілін 

ана  тілі  ретінде  оқуы  арқылы  оқушылардың  тілдің  кумулятивтік  қызметін 

меңгеруі  арқылы  өзін-өзі  тануы,  тілдік  санасы  жетіліп,  тілдік  тұлға  ретінде 

қалыптасуына игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады. 

Қазақ  тілінен  берілетін  білім  мазмұны  11-жылдық  мектеп  бойынша  және 

12-


жылдық білім беру моделі бойынша, түптеп келгенде, қазақ тілінің жүйесіне 

және  тіл  жүйесінен  әр  сыныптағы  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес 

білім  мазмұнын  іріктеу  мен  сұрыптаудан өткізу  талаптарына  және білім  беру 

үдерісін сапалы ұйымдастыру заңдылықтарына тығыз байланысты болады. 

Қазақ  тілін  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  бағытында  оқытуда 

педагогиканың,  дидактиканың  жаңашыл  идеяларын  қолдану  керек.  Бұл  ретте 

оқу  бағдарламасы,  оқулық,  оқу  құралдары  мен  оқыту  формалары,  оқушының 

білімін тексеру мен бағалаудың жаңа формалары, жаңа оқыту технологиялары, 

білім мазмұнын сұрыптаудағы жаңашыл әдістер т.б. мәселелер аса өзекті болып 

табылады. 

Қазақ  тілін  функционалдық  бағытта  оқытуда  дәстүрлі  дидактикалық  және 

қазақ тілін оқыту ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық 

ұстанымдар басшыллықа алынғаны дұрыс деп санаймыз: когнитивтік ұстаным, 

креативтік  ұстаным,  рефлексивтік  ұстаным.  Көрсетілген  ұстанымдардың 

оқушының ой операцияларының логикалық-сабақтастық желісін құрап, ауызекі 

сөйлеу  мен  жазу  сауаттылығын  қалыптастырып,  дамытуда  орны  ерекше 

екендігін  соңғы  жылдардағы  көптеген  педагогикалық  зерттеулер  мен 

еңбектерде дәлелденіп келеді. 



 

1

.3  Қазақ  тілінен  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану 

 

Қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  сауаттылығын  қалыптастыра  отырып, 

тіл  үйрену  белсенділігін  арттыру  үшін  интернет-технологияны  қазақ  тілін 

оқыту әдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің 

бүгін үшін де, болашақ үшін де маңызы зор. Интернет-технологияны енгізудің 

қаншалықты  маңызды  екендігін  соңғы  5-7  жылда  барлық  білім  алушылар  да, 

білім берушілер де анық түсінді деп айтуға болады. 

Интернеттік  коммуникацияның  көптеген  түрі  қазіргі  кезде  еркін  және 

үйреншікті түрде қолданысқа еніп кетті.  

Олар: 


-

 

электрондық пошта; 



-

 

чат; 



-

 

форум; 



-

 

веб-конференция т.б. 



Интерннеттен  тікелей  алынатын  мәліметтер  немесе  интернет  ресурстар  – 

қазақ тілін түрлі бағытта, түрлі салаға үйрету үшін мол әрі құнды мәліметтер 

бере  алады-дағы,  соның  негізінде  заманға  сай  оқу  материалдарын  жүйелеуге 

бастау көзі ретінде сенімді тірек болады. 

 


Интернет-технология  негізінде  қазақ  тілін  үйрету/үйренуге  арналған 

ақпараттық-визуалды орта қалыптастырып, оны қазақ тілін үйренушінің, қазақ 

тілін  теориялық  дәрежеде  меңгеріп  отырған  оқушының  тұрақты  оқу  серігіне 

айналдыру мүмкіндігі қазіргі кезде өте мүмкін. 

Мұндай  виртуалды  орта  оқушыға  қазақ  тілін  оқып-меңгеруге  мұғалімнің 

жетекшілігімен және өз бетімен үйренуіне ерекше жағдай жасайтын орта болып 

табылады.  Ондай  виртуалды  орта  оқушылардың  жеке  танымдық 

қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  «қазақы  кәсіби  виртуалды  ортасын» 

жасайтын ерекше «әлемге» айналады. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технология  (АКТ)  –  күн  өткен  сайын 

адамдардың  өзара  қарым-қатынас  жасайтын  қажетті  де  қолжетімді  құралына 

айналып  келеді.  Әлемдік  Интернет-статистика  орталығының  2008  жылғы 

желтоқсан  айындағы  мәліметінше,  қазіргі  кезде  1,5  млрд  адам,  немесе  Жер 

бетіндегі әрбір төртінші адам ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу, 

кәсіби, тұрмыстық, ғылым т.б. салаларда кең қолданып отыр. 

Осылай  ақпараттық-коммуникациялық  Интернет-технология  орасан  зор 

жүйеге,  үлкен  ортаға  айналып,  болашақтың  ажырамас  та  табиғи  реуішті 

компонентіне айналып келеді. Сондықтан да осындай ғаламат күшке, керемет 

мүмкіндікке айналып отырған заманымыздың ең күшті байланыс және ақпарат 

беру құралына айналған Интернет-технологияны қазақ тілін дамытудағы, қазақ 

тілін жан-жақты оқытудың ерекше де сенімді ортасына айналдыруға бар қолдан 

келген қайранды дер кезінде салу керек. 

Интернет-технологияның  қазіргі  кездегі  даму  барысын  қадағалай  отырып, 

онда  әлеуметтік  сервистер  мен  қызметтердің  кең  тарап  келе  жатқанын  көре 

аламыз.  

Олар: 


блог; уики; покаст; твиттер; ютюб; қыстырма (закладки) т.б.  

Оларды  кең  арналы  жүйеде  қолдануға  қазақ  тілін  оқытудың  кейс-стади, 

квест-сабақтар, электрондық-виртуалдық сабақтар, қашықтан оқыту т.б. сияқты 

заманауи жүйелерді қолдану әдістемелері арнайы зерттелуі керек. 



 

1

.4  Қазақ  тілінің  функционалдық-коммуникативтік  грамматикасы  - 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі 

 

Қазақ  тілі  жүйесінен  білім  алу,  қазақша  тіл  мәдениетін  қалыптастыру, 



қазақша  тіл  және  сөйлеу  сауаттылығын  қалыптастыру  және  дамыту  арқылы 

қазақша 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет