Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#205
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

4.4 «Адам және қоғам» білім саласы  
 
Қазақстан тарихы  
«Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  білімі  мен 
дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының 
ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.  
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері,  базалық  мазмұны,  оқушылардың 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында анықталған.  
Пәнді  оқытуда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  
23  шілдедегі  №961  қаулысымен  бекітілген  Мемлекет  басшысының 
«Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  
20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі  іс-
шаралар жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек.  
«Қазақстан  –  2050»  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
сратегиясының  негізгі  бағыттарын,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  2014  жылғы  
11  қарашадағы  Жолдауын  іске  асыру  және  Қазақстан  Республикасының 

97 
 
Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ұлттық  тарихты  дамытудағы  және 
тарихи  сананы  жаңғыртудағы  рөлін  айқындау  және  Қазақстан  Республикасы 
Білім және ғылым министрінің  «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу 
бағдарламаларын,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  материалдарын  жетілдіру 
туралы»  2014  жылғы  30  желтоқсандағы  №554  бұйрығы    мен  «Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің    2014  жылғы  30  желтоқсандағы 
№554 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 26 
қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 
5-9-сыныптарға 
арналған  «Қазақстан  тарихы»  пәнінен  үлгілік  оқу 
бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  
Оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнына  Елбасының  2014  жылғы  
15  желтоқсандағы  «Тәуелсіздік  толғауы»  атты  сөйлеген  сөзі,  Қазақ 
хандығының  550  жылдығы,  Ұлы  Отан  Соғысындағы  Жеңістің  70  жылдығы, 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  20  жылдығы,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының 20 жылдығына орай материалдар қосылды. 
Осыған 
орай, 
пәнді 
оқыту 
барысында 
«Ұлы 
Отан 
соғысы 
қаһармандарының  естеліктеріндегі  отты  жылдар  жаңғырығы»,  «Ата  заң  – 
болашақ  кепілі»,  «Ұлт  бірлігі  және  ұрпақтар  сабақтастығы»    тақырыптарына 
ерекше назар аудару керек. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.  
5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»  
Пәнді  оқытуда  бастапқы  кезең  пропедевтикалық,  яғни  кіріспе  курс 
маңызды рөл атқарады. Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны 
оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  психологиялық  деңгейіне  сәйкес  болу 
керек.  
Пропедевтикалық курстың негізгі міндеттері:  
-
 
оқушы  бойында  тарих  туралы  қарапайым  ұғымдар  мен  түсініктерді 
қалыптастыру;  
-
 
Отан  тарихына  деген  қызығушылықты  ояту,  отандық  және  әлемдік 
тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;  
-
 
танымдық  қызметтің  қарапайым  тәсілдерін  игеру,  тарихтың  жүйелі 
курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.  
Бұл  кіріспе  курста  барлық  материалды  жүйелі  түрде  сипаттау  талабы 
қойылмайды, алайда уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.  
Тарихтың  пропедевтикалық  курсын  оқыту  процесінде  оқиғалардың 
хронологиясын  жасау,  кезеңдестіру,  тарихи  оқиғалардың  сабақтастығы  мен 
ұзақтығын  анықтау,  әңгімеде  қосымша  материалдарды  қолдану,  салыстыру 
және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  

98 
 
26  қаңтардағы  №32  бұйрығын  орындау  мақсатында  5-9-сыныптарға  арналған 
«Қазақстан  тарихы»  пәнінен  үлгілік  оқу  бағдарламасының  «Оқу  пәнінің  
5-сынып  базалық  білім  мазмұны»  бөліміне  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілді. 
6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  тарихтың  жүйелі  курсы  тарихи  білім  беру 
құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.  
Ежелгі  Қазақстан  жеріндегі  алғашқы  адамдардың  қоршаған  ортасы,  қола 
және  ерте  темір  дәуіріндегі  шаруашылықта,  қоғамдық-мәдени  өміріндегі 
өзгерістер,  көшпелі  мал  шаруашылығының  пайда  болуы,  ежелгі  адамдардың 
антропологиялық  бейнесі  туралы  түсініктер  беріледі.  Оқушылар  бұл  сыныпта 
тарихи  таным  негіздері,  негізгі  ұғымдар,  категориялар,  тарихи  үдерістің 
заңдары  туралы  түсініктерімен  танысады.  Оқыту  барысында  тарихи  мәтіннің 
қысқаша жоспарларын жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан 
ертедегі  адамдар  мекендеген  аймақтарды,  олардың  қоныстанған  орындарын 
көрсете білу дағдылары қалыптасады.  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  
26  қаңтардағы  №32  бұйрығын  орындау  мақсатында  5-9-сыныптарға  арналған 
«Қазақстан  тарихы»  пәнінен  үлгілік  оқу  бағдарламасының  «Оқу  пәнінің  
6-сынып  базалық  білім  мазмұны»  бөліміне  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілді. 
7-сыныпта  «Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы»  бойынша  орта 
ғасыр  кезеңдерінің ерекшеліктері,  түркі  кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін  Ұлы 
Жібек  жолының  қалалық  мәдениеттің  дамуына  әсері  мен  ортағасырлық 
Шығыстың  ұлы  ғұламалар  тарихы,  моңғол,  жоңғар  шапқыншылықтарының 
зардаптары,  біртұтас  қазақ  мемлекетінің  құрылуы  мен  оның  дербес  саяси 
бірлестікке,  орталықтанған  мемлекетке  айналуы  туралы  білім  алады. 
Мемлекеттердің  құрылуы,  олардың  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  даму 
ерекшеліктері  туралы  тақырыптарды  қарастыруда  ұқсас  тарихи  оқиғаларды 
салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет 
өнері ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің мемлекет 
қалыптастырудағы  тарихтағы  рөлін  ашып  көрсету  біліктері  мен  дағдылары 
тереңдетіледі.  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  
26  қаңтардағы  №32  бұйрығын  орындау  мақсатында  5-9-сыныптарға  арналған 
«Қазақстан  тарихы»  пәнінен  үлгілік  оқу  бағдарламасының  «Оқу  пәнінің  
7-сынып  базалық  білім  мазмұны»  бөліміне  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілді. 
8-сыныпта 
«Қазақстан 
тарихы» 
бойынша 
XVIII 
ғасырдағы 
Қазақстанның 
саяси, 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуы, 
қазақ-жоңғар 
соғыстары,  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  және  тәуелсіздік  үшін  күрес, 
отаршылдық  саясатқа  қарсы  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы,  ХІХ  ғасырдағы 
әкімшілік  реформалар,  патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  күшеюі, 
жұмысшылар  қозғалысының  басталуы,  қоғамдық  және  саяси  қайраткерлер 
қызметі, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.  

99 
 
8-сыныпта  оқушыларың  саяси  тарихтағы  өзгерістерді  талдауына,  тарихи 
құбылыстар 
арасындағы 
себеп-салдарлық 
байланысты 
анықтауына, 
хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи оқиғаларға 
өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.  
9-сыныптағы  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқушылар  бірінші 
дүниежүзілік  соғыс,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс,  1917  жылғы  ақпан, 
қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері, саяси партиялардың 
құрылуы,  Ұлттық  Алашорда  үкіметінің  қызметі,  Қазақ  Кеңес  мемлекетінің 
құрылуы,  азамат  соғысының  негізгі  оқиғалары,  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы  Қазақстан,  ағарту  ісі  мен  ғылымның  дамуы,  «қайта  құру»  мен 
тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.  
Мемлекет  басшысының  «Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту:  жалпыға 
ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  мақаласында  берілген 
тапсырмаларын  іске  асыру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарының  27-тармағын 
орындау  мақсатында  9-сынып  оқу  бағдарламасы  мазмұнында  келесідей 
тақырыптарды оқыту жүзеге асырылады. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа 
енуі;  Қазақстан  Республикасын  халықаралық  аренада  тануы;  Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саясатындағы  негізгі  басым  бағыттары;  саясаттағы 
көп  векторлық  және  стратегиялық  одақтастық;  Қазақстан  және  халықаралық 
ұйымдар және т.б.  
Мәтін  мазмұны  қазақстандық  қоғамның  негізгі  құндылықтарына- 
«Mәңгілік Ел» патриоттық актіге бағытталуы керек.  
Осы  сыныпта  оқушыларда  тарихи  ақпараттарды  жүйелеп  іздеу, 
зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары 
қалыптасады.  Тарих  сабағында  оқушыларды  ойландыратын  және  өздігінен 
жұмыс 
жүргізуге 
ынталандыратын 
оқыту 
әдіс-тәсілдерін 
қолдану 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады.  Оқушылардың  өзара 
мағлұмат  алмасу  белсенділігін  арттыруға,  зерттеліп  отырған  тақырыпқа 
ғылыми  дұрыс  бағыт  ұстануына,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға 
бағытталған  интерактивті  әдістер,  жаңа  педагогикалық  технологиялармен 
қатар,  тарихи  анықтамалық,  тапсырмалар  жинағы,  ғаламтор  материалдары, 
мультимедиялық құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.  
Тарихи  білімді  зерделеу  кезінде  оқушылар  шығармашылық  жұмыстарды 
жазуға  үйренеді  (жобалар,  рефераттар,  эссе).  Пәннің  негізгі  мазмұнына: 
тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын 
жасауға  ықпал  ету;  оқушылардың  зерттеулері  мен  зерттеу  тәсілдеріне 
негізделген  белсенді  оқытуды  қолдау;  оқушылардың  сыни  ойлау  дағдыларын 
дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.  
 
Дүниежүзі тарихы  
«Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқытудың  мақсаты:  оқушыларды  ежелгі 
дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  адамзат  тарихындағы  маңызды  тарихи 
оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру. 
Оқу  пәнін  оқытудың  міндеттері,  базалық  мазмұны,  оқушылардың 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

100 
 
ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген 
пәннің оқу бағдарламасында анықталған.  
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
Деректер  мен  материалдарды  таңдау  кезінде,  оқиғаларды,  тарихи 
үрдістерді  сипаттауда,  ғылыми  ұғымдарды  қолдануда  жас  ерекшеліктері  мен 
оқушылардың  дайындық  деңгейі  ескеріледі.  6-9  –  сыныптарда  тарих  білімінің 
мазмұнын  құрайтын  адамзат  қоғамының  даму  тарихы  бойынша  білімді  толық 
игеруге  мүмкіндік  береді.  «Дүниежүзі  тарихы»  пәні  пәнаралық  байланыстар 
(математикалық 
сауаттылық, 
жаратылыстану 
ғылыми 
сауаттылығы) 
оқушыларға ақпаратты зерттеу мен талдауға, сабақ материалдарын игеру үшін 
мұғалімнің сол және басқа да міндеттерді өздігінен шешімін іздеуіне мүмкіндік 
береді.  Алған  білімін  оқушылар  өз  бетінше  және  шығармашылықпен 
практикада  қолдана  алады  (эссе  жазу,  шығармашылық  жұмыс,  рефераттар, 
жобалар және т.б.).  
6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»  
Мектепте  тарихтың  жүйелі  курсы  тарихи  білім  беру  құрылымы  мен 
мазмұнына  сәйкес  6-сыныптағы  «Ежелгі  дүние  тарихы»  курсынан  басталады. 
Ежелгі  мемлекеттердің  тарихымен  танысу  барысында  оқушылар  табиғаттың 
адам  өміріне  ықпалы,  оттың  маңызы,  мемлекеттердің  пайда  болу 
алғышарттары, алғашқы діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи 
оқиғаларды  салыстыру,  сипаттама  бере  білу,  тарихи  картаны  оқи  білу 
дағдылары қалыптасады.  
7-сыныптағы  «Орта  ғасырлар  тарихы»  бойынша  орта  ғасырлық 
кезеңдердің  ерекшеліктері,  ерте  ортағасырлық  мемлекеттердің  пайда  болуы, 
феодалдық құрылыстың белгілері, орталықтанған мемлекеттер, Еуропада білім 
мен  ғылымның  дамуы  туралы  оқытқанда  тарихи  білім  аясын  кеңейту 
қарастырылады.  Бұл  сыныпта  ортағасырлық  тарихи  ұғымдар  мен  оқиғаларды 
талдауға ерекше назар аударылады.  
8-сыныптағы  «Дүниежүзі  тарихы»  бойынша  оқушылар  аграрлық 
өркениеттен индустриалдық  өркениетке  өту  кезеңдерімен,  өнеркәсіп  пен  ауыл 
шаруашылығында  капиталистік  қатынастардың  дамуымен,  буржуазиялық 
революциялар тарихымен танысады. Бұл оқушылардың жаңа замандағы тарихи 
оқиғалар  мен  үдерістердің  мәнін  анықтауына,  халықтың  өткені  мен  бүгінін 
салыстырып,  ой  елегінен  өткізе  алуына  және  тарихи  мұраларды  пайдалана 
алуына көмектеседі.  
9-сыныпта «Қазіргі дүниежүзі тарихын» оқыту барысында Еуропа және 
Америка,  Азия  және  Африка  елдерінің  1914-1918  жылдардағы  бірінші 
дүниежүзілік  соғыстан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім беріледі. 
Бұл  сыныпта  осы  кезең  тарихындағы  маңызды  оқиғалардағы  жеке 
жетекшілердің,  көрнекті  тұлғалардың  және  халық  бұқарасының  мақсаты  мен 

101 
 
орнын айқындау оқушылардың өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді.  
Мектепте  тарихты  оқыту  әдістемелік  тәсілдердің  көп  түрлілігі  негізінде 
іске  асырылады.  Педагогтің  басты  міндеті  -  оқушылардың  өздігінен  жұмыс 
жасауын  ұйымдастыру.  Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  ұжымдық  жұмыс 
түрінде,  брэйнсторлинг,  рөлдік  ойындар,  дебат,  жоба  қорғау,  портфолио, 
коллоквиум, сөздік пинг-понгтар, жазба жұмыстар (эссе, шығармалар, реферат 
және  т.б.)  ұйымдастырылады.  Тапсырмалар  жиынтығы  оқушылардың  қажетті 
білім  деңгейін,  білік  пен  дағдыларды  игеруге  мүмкіншілік  береді.  Мысалы, 
хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар сабақтастығы мен уақыт 
шеңберін  анықтау,  уақыттың  әртүрлі  категорияларын  ажырату  қабілеттерін, 
«тарихи  география»  тапсырма-  карталарды  қолдана  білу,  тарихи  кеңістік 
туралы 
түсініктерінің 
қалыптасуын 
тексереді, 
«Тарихи 
тұлғалар» 
тапсырмалары  Отан  тарихындағы  тұлғалар  туралы  білімін  анықтайды.  Пәнді 
оқытуда  оқушының  тарихи  танымын,  шығармашылық  ойлауын  дамытуға  оң 
ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.  
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Алғашқы діни 
түсініктер»,  «Жазудың  пайда  болуы»,  «Әлемнің  ежелгі  дүниедегі  жеті 
кереметі», «Саяхатшылар естелігінен» және т.б. тақырыптағы таңдау бойынша 
курстарын оқыту ұсынылады. 
 
Адам. Қоғам. Құқық.  
Пәнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен 
құбылыстардың,  оларды  реттеп  отыратын  заңдардың  өзара  байланысы,  адам 
мен  қоғам  дамуы  үдерісі  туралы  ғылыми  білімді  жүйелендіру.  Азаматтық 
позицияны,  жоғары  адамгершілік  қасиеттер  мен  отанға  деген  сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу.  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқытудың  міндеттері,  базалық  мазмұны, 
оқушылардың 
дайындық 
деңгейіне 
қойылатын 
талаптар 
Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115 
бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында анықталған.  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқыту  барысында  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Елбасының 
«Қазақстанды  әлеуметтік  жаңғырту  бағытындағы  «Жалпыға  ортақ  Еңбек 
қоғамына  қарай  20  қадам»  мақаласында  берілген  тапсырмаларды  іске  асыру 
бойынша іс-шаралар жоспарындағы 28-тармағын басшылыққа алу қажет.  
Білім алушылардың қазақстандық құқық жүйесі туралы тұтастай түсінігін 
қалыптастыру,  құқықтық  білімін  өмірлік  жағдаяттарда  және  болашақ  кәсіби 
қызметтерінде  тиімді  қолдануды  күшейту  керек.  Аталған  пәнді  оқыту  кезінде 
оқушылар  тез  өзгеретін  әлем  жағдайында  барлық  нақты  жағдаяттар 
проблемасын  шешу  дағдыларын  игеретін  болады,  онда  қызметтің  жаңа 
салалары  мен  жаңа  жағдаяттар  пайда  болады.  «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін 
оқыту  үрдісінде  сыни  тұрғыдан  ойлау,  зерттеу,  қарым-қатынас  жасау  мен  IT-
технологияларды  қолдану  дағдылары  дамитын  болады.  Мәтін  мазмұны 
коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыруға,  басқа  адамдармен  қарым-
қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.  

102 
 
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнінің  мазмұнын  іріктеу  іс-әрекеттік,  тұлғалық-
бағдарлы  және  құзыреттілік  тәсілдерге  негізделген.  «Адам.  Қоғам.  Құқық.» 
пәнінің 
мазмұны 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарға, 
демократизм 
принциптеріне,  гуманизм  мен  ғылымилыққа  негізделген.  Бұл  пәнді  оқытуда 
оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  оқыту  үдерісінің  әдістемесі  мен 
ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.  
Оқу  пәнінің  негізгі  ерекшелігі  –  аталған  пәннің  алдыңғы  сыныптарда 
оқытылған  басқа  да  қоғамдық  –  гуманитарлық  пәндермен  тығыз  байланысы 
болып  табылады.  «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәні  шеңберінде  бұрын  алынған 
білімге жүйелеу мен жалпылау жасалады.  
Оқушылардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  деңгейін 
қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясы  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2014  жылғы  26  желтоқсандағы  №986  Жарлығын  орындау 
мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  
2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  «Адам.  Қоғам.  Құқық» 
пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
«Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін 
келесі ұғымдар енгізілді: 

 
сатылмайтындық; 

 
жемқорлыққа қарсы заңнама; 

 
жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік; 

 
жемқорлық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік. 
Өзгертулер  енгізілгеніне  байланысты  оқушылар  оқуды  аяқтағанда  білуі 
және меңгеруі тиіс: 

 
кәсіби этика ұстанымдарын; 

 
жемқорлыққа қарсы нормаларды

 
жемқорлыққа қарсы құбылыстарға қарсы тұру тәсілдерін. 
Осыған  орай,  пәнді  оқыту  барысында  тұлғаны  қазақстандық  париотизм 
және  сыбайлас  жемқорлықты  қабылдамау  рухында  тәрбиелеу,  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  деңгейін  қалыптастыруға  ерекше  назар  аудару 
керек. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
Өзін-өзі тану  
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері:  

 
адамның  өзіндік  бейімділіктерін  ашу  және  оның  темпераментін,  мінез-
құлқын,  қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;  

 
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын  айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарының,  әлеуметтік 
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;  

 
қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді  шешуде  жеке  тұлға 

103 
 
құндылықтарын,  алған  білімдерін  іс  жүзінде  шығармашылықпен  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру.  
Оқытудың міндеттері:  

 
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;  

 
түрлі  мәселелерді  адамгершілік  қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде 
шешу;  

 
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;  

 
адамдарға  көмек  көрсету,  туыстарына  және  жақындарына  мейірімді, 
қамқор болу;  

 
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы 
болу;  

 
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;  

 
өз  ойын,  сөзі  мен  ісін  адамгершілік  тұрғысынан  таңдауға  дайын  болу 
және оған жауапты болу;  

 
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.  
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудағы маңызды мәселе 
«Тыныштық  сәті»,  «Өзіммен  өзім»,  «Сергіту  сәті»,  «Достар,  ән  салайық» 
сияқты  әдістемелік  тәсілдер  арқылы  сабақтарда  салауатты  орта  құру  болып 
табылады.  
«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  білім  беру  үдерісі  арнайы  жабдықталған 
кабинетте  жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-
көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;  
6-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;  
7-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;  
8-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;  
9-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.  
 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы  
«Жалпы  білім  беретін  ұйымдар  үшін  жалпы  білім  берудің,  таңдау 
курстары  мен  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  Министрінің  2013  жылғы  
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім  және  ғылым  Министрінің  2014  жылғы  15  шілдедегі  №281  бұйрығына 
сәйкес  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  оқу  үдерісіне  «Дінтану  негіздері» 
факультативтік  курсының  орнына  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 
факультативтік курсы енгізіледі. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарын  жаңа  оқу  курсын 
енгізуге дайындау мақсатында және «Негізгі орта білім деңгейіндегі 9-сыныпқа 
арналған  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  оқулықтарын 
сынақтан  өткізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
Министрінің  2015  жылғы  9  шілдедегі  №448  бұйрығына  сәйкес  2015  жылғы  
1  қыркүйектен  бастап  республиканың  4  облысындағы  (Атырау,  Шығыс 

104 
 
Қазақстан,  Қарағанды,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары)  8  мектепте 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  оқу  бағдарламасы  мен 
оқулықтарын сынақтан өткізу басталады.  Оқу бағдарламасы мен оқулықтарды 
сынақтан өткізу жөніндегі мектептердің тізімі қоса берілген (4-қосымша). 
9-сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  есебінен 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті  түрде 
оқыту  үшін  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 
біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және 
маңызы  оның  қазіргі  қоғамдағы    қажеттілігімен    және  тұрақтылықтың 
тұғырнамасы  ретіндегі  өзектілігімен,  қоғам  тарихы,  мәдениеті  мен  рухани 
құндылықтық бастауларына әсерімен анықталады.  Курс орта білім жүйесіндегі 
қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып 
табылады.  
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты: 
-  оқушыларды  «зайырлылық»  ұстанымын  құндылық,  яғни  мемлекет 
баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 
аясында тануға үйрету;  
-  діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 
тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;  

оқушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 
идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 
дүниетанымын қалыптастыру. 
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері: 
1)  оқушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы  рөлі 
жөнінде жүйелі мәлімет беру; 
2)  зайырлылық  ұстанымдарын  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі 
ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру; 
3)  зайырлылық  тұрғысынан  діни  сана,  діни  сенім,  діни  таным  және  діни 
тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;  
4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдениеттанымдық  және  адамгершілік  мәнін 
түсіндіру; 
5)  оқушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге,  толеранттылыққа 
баулу  арқылы  қазіргі  қоғамдағы  діни  ағымдарға  зайырлылық  ұстанымы 
негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру; 
6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 
ұстанымдарының  нәтижесі  ретінде  таныта  отырып,  оқушылардың  бойында 
азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу
7)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 
құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 
ұстанымдарына,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерін  түсіндіре 
отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу; 

105 
 
8)  оқушылардың  бойында  діни  әдебиеттер,  электрондық  ресурстар  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарын  салыстыра  білу  және  сыни 
тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру; 
9) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын  түсіндіре отырып, 
осы  тұрғыдағы  білімін  арттыруға,  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен 
еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу. 
Бағдарламада  ұсынылған  материалды  игеру  барысында  «Қазақстан 
тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті», 
«География»  сияқты  пәндермен  және  «Абайтану»  курсымен  пәнаралық 
байланыс пен сабақтастықты орнату қарастырылған. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының  мазмұнында дін тарихын 
оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз  
мәнділігі бар білім алмайды.  
Бағдарламада  діни  нанымдар  мен  діндердің  пайда  болуы,  нығаюы  және 
дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық 
этикасы  негіздері,  адамның  рухани    өмірі  мен  қоғамдағы  діннің  рөлі,  діни  
бірлестіктер  мен  ағымдар,жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі  діни  жүйелердің 
танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-қайшылықтар  
диллемасы тақырыптары қамтылған.  
Білім 
алушылардың 
жоғары 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 
сияқты    көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 
мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 
Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың  белгілерін 
танып  білуіне,  діни  экстремизм  мен  терроризмнің    ұлттың      қауіпсіздігі  үшін 
қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аудару керек.  
«Қазақстан-дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі»,  «Зайырлылық- 
мемлекеттік жүйе мен  ұлттық қауіпсіздіктің  іргетасы»   тақырыптары  курстың 
басты желілерінің бірі болуы тиіс.   
Курстың  мазмұнында    оқушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 
ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Курстың мазмұнын 
жүйелі  және  толық  игерген  жағдайда  оқушылар  өмірге  қажетті  Қазақстан 
аумағындағы  діндер    мен  діни  бірлестіктердің  мақсаты  мен  ерекшеліктері, 
Қазақстан  Республикасының    дінге  қатысты  саясатының  мақсаты  мен  мәнін 
түсінетіндей  мағлұматтар мен білім алады. 
Осылайша,  жүйелі  түрде  игерілген  білім  оқушыға  Қазақстан 
Республикасының  толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының 
рухани  мәдениетін  деструктивтік,  радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды 
әрекетінен    сақтау  және  қорғау  мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау,  діни сана-
сезім,    басқа  діндерге    көзқарас    және    ізгілікті  қарым-қатынас    мәдениетін  
қалыптастырады.  
Оқушылар бойында   өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі  
қалыптасуы  тиісті,  олар  гуманистік  дүниетанымға,    жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  және  толеранттыққа    қайшы  келетін  ұстанымдар  туралы 

106 
 
ұғымдарды білуі тиіс.  
Курстың  құрамы  мен  мазмұны    оның  бағдарламасына  орай  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру  кезінде  сақталатын  төмендегідей  дидактикалық  ұстанымдарға 
сәйкес келуі тиіс:  

 
ғылыми негізділік және қолжетімділік; 

 
жүйелілік және сабақтастық; 

 
көрнекілік және абстарктілік

 
саналы танымдық белсенділік; 

 
білімнің тиянақтылығы; 

 
пәнаралық және пәнішілік байланыс; 

 
табиғи сәйкестік; 

 
проблемалық; 

 
саралау және даралау; 

 
тапсырмалардың әр деңгейлігі.  
Оқу үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының    оқу 
үдерістерін  ұйымдастыру  барысында  пікірталас,  дөңгелек  үстел,  шағын 
жиналыс,  топпен  талқылау,  шағын  жобаларды  қорғау  және  т.б.  формаларын 
қолдану тиімді.   
Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  орындай  алады.  Олардың  саны  келесі 
бағыттарды қамту  және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:   

 
дін  мәселелері  бойынша  ғылыми-көпшілік  басылымдар,  журналдар, 
газет  мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша 
ауызша және жазбаша хабарлама дайындау;  

 
діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;  

 
дәстүрлі 
діндердің 
біртұтас 
платформалары 
мен 
жалпы 
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

 
елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;  

 
толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі  нақты 
жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;  
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:  

 
мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;   

 
пәнді  оқыту  барысында  қандай  да  бір  діни  бағыттарға  артықшылықтар 
бермеу;  

 
жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

 
ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 
заңнамалар талаптарын сақтау;  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 
бекіту  мақсатында  оқушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 
шығармашылық-жобалық жұмыстар жасау ыңғайлы.   
Осыған  сәйкес  бағдарламада  көрсетілген  жұмыстарды  жүзеге  асыруға 
уақыт 
бөлінген. 
Жобаларды 
орындау 
барысында 
оқушылардың 

107 
 
белсенділіктерін  қалыптастыру  және  әртүрлі  бағыттарда  оларға  танымдық 
ізденістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген.    
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:   

 
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; 

 
зайырлылық және дін  ұғымдары ара-қатынасын; 

 
мемлекет,  дін  бірлестіктері  және  мәдениет  арасындағы  қарым-қатынас 
мәнін;  

 
әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын; 

 
Қазақстан  Республикасы  Ата  Заңының  ар-ождан  еркіндігі  туралы 
ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын; 

 
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай 
Алтынсариннің  мәдени-ағартушылық  рухани мұраларын; 

 
республикадағы  мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы 
қарым-қатынастың жайын; 

 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 
сақтау,  елдегі  және  халықаралық  қауымдастықтағы  адамдардың  шынайы  діни 
сенімдеріне деген сыйластық көрсету  саясатын; 

 
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, 
қауіптілігін біледі
сонымен бірге: 

 
зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана  
ұғымдарының ара жігін ажырату, 

 
ақпаратты    сыни  тұрғыда  талдау,  оны  оқу  барысында  және    әртүрлі  
қоғамдық  құбылыстарды түсінуде, жобалар орындауда, зерттеу жұмыстарында 
қолдана білу; 

 
экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни    топтар  мен  ағымдар 
идеологиясы мен практикасына  қарсы тұра білу иммунитеті; 

 
білімді басқа пәндермен үйлестіре  отырып қолдана білу

 
заманауи ақпаратттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу; 

 
діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 
пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты  жеткізе білу; 

 
өз бетімен зайырлық және діни шығармаларды тауып, сараптай отырып 
қолдана білу, 

 
ақпаратты сыни тұрғыда талдау жасайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет