Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


  Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

14  Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері 
 
ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  (бұдан  әрі  –  БДМБ)  орта  білім  беру  ұйымдарын  (шағын 
жиынтықты  мектептерден  басқа)  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруға 
көшіру көзделген.  
Жан басына нормативтік қаржыландырудың мақсаттары:  
–  балалардың  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  орта  білім  алуына  базалық 
шығыстарды анықтаудың бірыңғай тәсілімін қалыптастыру;  
–  аймақтар бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;  
–  мекемелерді емес, балаларды сүйемелдеудің атаулы жүйесіне көшу және 
мемлекеттік шығыстарды мектепке емес оқушы басына жоспарлау;  
–  мектептер  арасындағы  бәсекені  дамытудың  арқасында  білім  беру 
сапасын көтеру; 
–  мектептерге  қаржылық  дербестік  беру  және  менеджмент  деңгейін 
арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;  
– бюджет қаражатының ашық және әділ жұмсалуы, мектептерге бюджеттік 
қаражатты  бөлу  кезінде  ЖАО  тарапынан  сыбайлас  жемқорлық  факторын 
болдырмау;  
–  мектептердің  педагогикалық  қызметкерлеріне  сараланған  жалақы  төлеу 
(лауазымдық қызметақы және нәтижелер үшін ынталандыру үстемақысы), орта 
білім беру жүйесінің педагогикалық әлеуетін нығайту.  
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  білім  беру 
процесіне  (МЖМБС-ны  іске  асыруға)  шығыстарды  республикалық  деңгейде 
орталықтандыруға  және  мектептерге  бюджет  қаражатын  жылына  1  оқушыға 
шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.  
Бөлінетін  бюджеттік  қаражаттың  көлемі  мектептерде  білім  алатын 
оқушылардың санына байланысты.  
Білім  беру  процесіне  шығыстар  мектеп  қызметкерлерінің  жалақысымен, 
оқу  шығыстарымен  байланысты  шығындарды,  сондай-ақ  мектептердің 
педагогикалық  қызметкерлеріне  олардың  жұмыс  нәтижелері  мен  көрсететін 
білім  беру  қызметтерінің  сапасына  қарай  төленетін  сыйлықақылар  мен 
ынталандыру үстемеақыларын қамтиды.  
Мектептердің  білім  беру  ортасын  қамтамасыз  ету  бойынша  қызметтер 
(коммуналдық  қызметтер,  ағымдағы  жөндеу,  ғимаратты  ұстау  және  күту, 
оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) өңірлердегі 
орта  білім  беру  ұйымдары  желісінің  жағдайы  мен  дамуына  жауапкершілікті 
сақтау,  мектептердің  материалдық  базасы  мен  инфрақұрылымын  қолдау 
мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.   
Жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  еңбекақы  төлеудің  жаңа  нысаны 
емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын 
бөлудің  тетігі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу 
саласындағы  барлық  кепілдіктер  сақталады.  Мектеп  қызметкеріне  жалақыны 
есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты 

210 
 
есебінен 
ұсталатын 
ұйымдардың 
қызметкерлеріне, 
қазыналық 
кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2007  жылғы  29  желтоқсандағы  №  1400  қаулысына 
сәйкес жүргізіледі.    
Білім  беру  процесін  қаржыландырудың  жан  басына  шаққандағы 
нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым 
министрлігі  (бұдан  әрі  –  ҚР  БҒМ)  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013 
жылғы  30  қазандағы  №440  бұйрығымен  бекітілген  Орта  білім  беруді  жан 
басына  нормативтік  қаржыландыру  әдістемесінің  негізінде  бір  оқу  жылына 
есептейді.  
1 оқушыны оқыту құны мыналар бойынша ажыратылады:  
–  іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламаларының  түріне  қарай:  жалпы 
білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары, үйде 
жеке оқыту;  
– білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық 
жер. 
Мектептердің  білім  беру  процесін  қаржыландырудың  жан  басына 
шаққандағы нормативі мен жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды 
ескереді:  
– мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшін барлық қосымша ақылары 
мен үстемеақылары;  
–  қалалық  және  ауылдық  мектептердегі  сыныптардың  нормативтік 
толымдылығы (қалада - 24 адам, ауылда - 20 адам);   
–  сыныптардың  шекті  толымдылығы  (25  адам).  Сыныптың  шекті 
толымдылығынан тыс, яғни асып түскен оқушыларды оқыту құны азаяды.  
Жан  басына  шаққандағы  нормативтің  мөлшеріне  сүйене  отырып  және 
жергілікті  атқарушы  органдары  ұсынған  сыныптар  бойынша  оқушылардың 
саны  туралы  деректердің  негізінде,  БҒМ  жан  басына  шаққандағы  нормативті 
нақты мектептің оқушылар санына көбейту арқылы (білім беру деңгейіне, білім 
беру  бағдарламасының  түріне  байланысты)  әр  мектепте  жан  басына 
қаржыландыруды  іске  асыруға  (білім  беру  процесін  қаржыландыруға) 
республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді.   
Мектеп  деңгейінде  жан  басына  нормативтік  қаржыландырудың  сынағын 
өткізуді  ұйымдастыру  және  мониторингілеу  «Қаржы  ортлығы»  АҚ-ға 
тапсырылды.  
2013  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  орта  білім  беруді  жан  басына 
қаржыландыру  сынақтан  өткізілуде.  Оған  5  облыстан  (Ақмола,  Ақтөбе, 
Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық 
мектеп қатысуда. 2015 жылға дейін сынақ 1-11 сыныптарда өткізілді.  
2013-2014  оқу  жылына  сынақтан  өткізудің  аралық  нәтижесі  пилоттық 
мектептердің  білім  беру 
қызметінің 
сапасын  сипаттайтын 
негізгі 
көрсеткіштердің  оң  динамикасын  көрсетті.  Осыған  қарап,  қаржыландыру 
принципін  өзгерту  мен  білім  беру  деңгейінің  жоғарылауы  арасындағы  өзара 
тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға болады (9-кесте).  
 

211 
 
9-кесте. Сынақтан өткізудің аралық нәтижесі 
№ 
Көрсеткіш 
2012/2013 
оқу жылы 
2013/2014 
оқу жылы 

Біліктілігін арттырған қызметкерлер  
21% 
26% 

Дәрежесі бар педагогикалық қызметкерлер 
58% 
60% 

 Мектептерде ашылған және жұмыс істейтін  балаларға 
арналған үйірмелер мен секциялар саны 
780 
953 

 Оқушылар үшін өткізілген танымдық және тәрбиелік іс-
шаралардың, оқытушылар үшін өткізілген 
треннингтердің саны 
445 
651 

 Педагогикалық қызметкерлердің шығарылған 
жарияланымдары (газеттерде, конференциялардың 
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында), 
әдістемелік құралдары (жинақтар, кітапшалар, 
электрондық құралдар). 
1 251 
2 492 

Байқаулар мен сайыстарда (спорттық, пәндік, ғылыми, 
зияткерлік) жеңімпаз атанған оқушылар   
17% 
22% 

ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші (балдары) 
71 
76 

Педагогтардың орташа айлық жалақысы (мың теңге) 
72 
105 
 
2013-2014  оқу  жылы  сынақтан  өткізу  барысында  Үлгілік  қағидаларға 
сәйкес (19.01.2012ж. № 127 ҚР ҮҚ) 1-9 сынып оқушыларын мектепке қабылдау 
аймақтық  принцип  бойынша  жүзеге  асырылатындығы  мектептер  арасындағы 
оқушылар  үшін  бәсекенің  дамуына  кедергі  келтіретіндігі  анықталды.  Яғни, 
аталған  мектепте  бос  орын  болған  жағдайда  ғана  аймағы  жағынан  басқа 
мектепке жататын өзге оқушылар қабылдануы мүмкін, 10-11 сыныптарға ғана 
қабылдау  кезінде  оқушының  тұрғылықты  орны  ескерілмейді  және  мектеп 
жоғары сыныптарға оқушыларды өз өлшемдері бойынша қабылдай алады.    
Осыған  байланысты,  ҚР  Үкіметі  орта  білім  беруді  жан  басына 
қаржыландырудың  сынағын  2015  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  63  пилоттық 
мектептің 10-11 сыныптарында ғана (5 295 оқушы) жалғастыру туралы шешім 
қабылдады.  Өйткені,  мектептер  арасындағы  оқушылар  үшін  бәсекелестік 
принципі жоғары мектепте әсіресе тиімді жұмыс істейді деп жорамалдануда.     
Пилоттық  мектептерде  жан  басына  қаржыландыруды  енгізумен  қатар 
мектептерде  мектеп  қызметінің  мәселелері  бойынша  шешімдердің  жекедара 
директор  тарапынан  емес,  алқаластық  қабылдануын  қамтамасыз  ететін 
басқарудың  корпоративтік  нысанын  енгізуге  негізделген  қамқоршылық 
кеңестерінің  қызмет  етуін  сынақтан  өткізу  жүргізілуде.  Бұл  пилоттық 
мектептердегі жалпы ұйымдастыру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға 
оң  ықпал  етеді.  Қамқоршылық  кеңестерінің  негізгі  қызметтеріне  мыналар 
жатады:  

212 
 
– білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары, мектептің оқу-тәрбие, 
ғылыми-зерттеу және шаруашылық мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;  
– демеушілік, қайырымдылық және басқа да көмекті үлестіру; 
–  білім  беру  ұйымының  бюджетін  қалыптастыру  бойынша  ұсыныстар 
енгізу және оның жобасын алдын ала келісу;  
– 
жан 
басына 
қаржыландырылатын 
білім 
беру 
ұйымының 
қызметкерлеріне, басшысына, оның орынбасарларына олардың жұмыстарының 
нәтижелері  бойынша  ынталандыру  қорының  қаражатынан  лауазымдық 
жалақыға  сыйлықақылар  және  ынталандыратын  үстемеақылар  белгілеуге 
қатысты шешім қабылдау. 
Қамқоршылық  кеңестерінің  құрылуы  мектептерде  ішінара  дербестіктің 
дамуына  әкелді.  Пилоттық  мектептердің  педагогикалық  қызметкерлерін 
олардың  қызметінің  нәтижелері  бойынша  тәуелсіз  және  алқалы  бағалаудың, 
сондай-ақ  мектептің  білім  беру  процесімен  байланысты  мұқтаждықтарын 
қамтамасыз  ету  мүмкіндігінің  пайда  болуына  байланысты  мектеп 
қызметкерлерінің  арасында  олар  ұсынатын  білім  беру  қызметтерінің  сапасын 
арттыруға қызығушылықтың күшейгендігі байқалып отыр.    
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландырудың  сынағын 
өткізуге дайындау және кейін оны іске асыру мақсатында мынадай нормативтік 
құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:  
1)  «Білім  беру  ұйымдарындағы  қамқорлық  кеңестердің  жұмыс  істеуін 
сынақтан  өткізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2012  жылғы  27  желтоқсандағы  №  573  бұйрығына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 
жылғы 19 тамыздағы №350); 
2)  Орта  білім  беруді  жан  басына  қаржыландыру  қағидаларын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  бұйрығы 
(2013 жылғы 30 қазандағы № 439) – пилоттық мектептерге бөлінетін қаражатты 
жоспарлау,  жұмсау  және  есебін  жүргізу  процестерін  реттеу  бөлігінде 
өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде;  
3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін 
бекіту  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  бұйрығы  (2013  жылғы  30 
қазандағы  №  440)    –  қайта  қарау,  есептеу  формуласына  қосымша 
коэффициенттерді  енгізу  және  басқа  да  мәселелер  бөлігінде  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізілуде;  
4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын 
өткізу  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  бұйрығы  (2013  жылғы  4 
қарашадағы № 447);  
5)  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен 
ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың 
қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу 
туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 598 қаулысы.  
Пилоттық  мектептерде  білім  беру  процесін  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру  республикалық  бюджеттен  берілетін  ағымдағы  нысаналы 

213 
 
трансферттердің есебінен іске асырылады.  
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыруды  іске 
асырудағы негізді қиындықтар:  
1)  бір  пилоттық  елді  мекенде  оқушылар  саны  шектеулі  болғандықтан 
пилоттық мектептердің арасында оқушылар үшін бәсекенің жоқтығы;   
2)  жан  басына  қаржыландыру  формуласы  сыныптарының  толымдылығы 
төмен  (ШЖМ  емес)  және  сыныптары  шектен  тыс  толы  мектептерге  қатысты 
жетілдірілмеген. 
Мұның 
салдары 
шағын 
мектептердің 
жеткілікті 
қаржыландырылмауына және сыныптары шектен тыс толы мектептердің артық 
қаржыландырылуына  әкеп  соғады.  Жан  басына  қаржыландырудың  іске 
асырылуын тәуелсіз бағалаудың жоқтығы;  
3)  пилоттық  мектептер  директорларында  басқарушылық  білімнің, 
икемділіктің  және  дағдының,  ал  бухгалтерлерде  бюджеттік  заңнамадан 
білімдерінің жеткіліксіздігі. Пилоттық мектептерде қамқоршылық кеңестерінің 
жұмысы жеткілікті деңгейде ашық емес;   
4) 
мектептердегі 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
лауазымдық 
жалақысының мөлшерлері қолданыстағы еңбекақы төлеу  жүйесімен реттелген 
және  шектелген.  «Мемлекеттік  мекеме»  ретінде  белгіленген  мектептердің 
қолданыстағы  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысаны  мектептердің  бюджет 
қаражатын  игеруін  қиындатады,  мектептердің  бюджет  қаражатын  айлар 
бойынша  жылжыту  және  қажеттілігіне  қарай  ресурстармен  өз  бетінше 
операциялар жүргізу мүмкіндігін шектейді. Жеке мектептерді орта білім беруді 
жан  басына  қаржыландыру  жобасына  қосу  оларда  мемлекеттік  тапсырысты 
бөлудің заңнамалық түрде белгіленген тетігі болмағандықтан мүмкін емес.  
Жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  тетігінің  тиімділігін  арттыру 
мәселелерін  қараумен  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  жанынан  арнайы 
құрылған  Жұмыс  тобы  айналысады.  Оның  құрамына  мүдделі  мемлекеттік 
органдарының,  жергілікті  атқарушы  органдарының  және  үкіметтік  емес 
ұйымдарының өкілдері кіреді.   
Қалыптасқан  мәселелерді  шешу  үшін  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  бастаған  бес  институттық  реформаны  іске  асыру 
бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:  
1)  2016-2018  жылдары  орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік 
қаржыландырудың  сынағын  әу  бастан  сынақ  өткізіліп  жатқан  63  пилоттық 
мектептің және республиканың 2 қаласындағы сынаққа жаңадан қосылатын 63 
пилоттық мектептің (Қарағанды қ.– 44 мектеп, Түркістан қ.– 19 мектеп)    10-11 
сыныптары негізінде жалғастыру;   
2)  2015-2018  жылдары  жан  басына  қаржыландыру  сынағының  өткізілуін 
және тетігін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту, сондай-ақ жан басына 
қаржыландыру формуласын жетілдіру;  
3)  2016-2019  жылдары  мектеп  әкімшілігі  мен  қамқоршылық  кеңес 
мүшелерін жан басына қаржыландыруға оқыту;  
4) 2018 жылдың соңына дейін – заңнаманы мына бөліктерде жетілдіру:  
–  жоғары  мектептің  (10-11  сыныптар)  ұйымдастырушылық  құқықтық 
нысанын  өзгерту  және  байқау  кеңестерін  құрумен  жоғары  мектепті  бастауыш 

214 
 
және негізгі мектептен бөліп алу;  
–  2019  жылғы  1  қаңтардан  бастап  (2019  жылғы  1  қыркүйектен  бастап) 
барлық  мектептерде  (ШЖМ-дан  басқа)  10-11  сыныптарда  (жоғары  мектепте) 
жан басына қаржыландыруды толық ауқымда енгізу.  
Жан басына ноомативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан 
жүреді»  принципіне  негізделген.  Мектептерде  жан  басына  нормативтік 
қаржыландырудың тетігін енгізуден күтілетін нәтиже мынадай болмақ:  
–  оқу  орындары  арасында  бәсекелестік  дамиды,  өйткені  оқушылар  мен 
олардың  ата-аналары  ең  жақсы  мектепті  таңдау  мүмкіндігіне  ие  болады,  ал 
ақша мектепке оқушымен бірге келеді;  
– білім беру  үдерісінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың кетіп 
қалу  қауіпі  мектептердің  әкімшіліктері  мен  жергілікті  билік  органдары  үшін 
мектептегі  мұғалімдер  құрамын,  материалдық  базаны  және  оқу  жағдайларын 
жақсартуға түрткі болады.  
Мектептер арасындағы оқушылар мен педагогтар үшін «талас» білім беру 
сапасын  арттырудың  маңызды  шарты  болмақ.  Жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру  жағдайында  мектеп  білім  беру  сапасын  арттыру  үшін 
мыналарды ұсынады:  
–  педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және біліктілігін арттыруға, кәсіби 
өсуге  мүмкіндіктер;  жұмыс  нәтижелері  мен  білім  беру  қызметтерінің  сапалық 
көрсеткіштеріне  қол  жеткізуі  бойынша  сыйлықақылар  мен  ынтландыру 
үстемеақылары;  
–  оқушыларға: сан түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға 
және  жарыстарға  қатысуға  мүмкіндік;  сапалы  педагогикалық  құраммен,  оқу 
материалдарымен,  оқу  құрал-жабдықтарымен  және  жаңартылған  материалдық 
техникалық базамен қамтамасыз ету.   
 
 
 
 
 

215 
 
15  Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  бастауыш  мектептің  оқу 
бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы 
 
Қазақстан  Республикасындағы  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  және  Білім  мен  ғылымды  
дамытудың  2014-2016  жылдарға  арналған  басым  бағыттарын  іске  асыру 
аясында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда 
алдымен  «НЗМ»  ДББҰ  тәжірибесін  республиканың  жалпы  білім  беретін 
мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын  (бұдан  әрі  – 
МЖМБС)  жаңарту  «өмірлік  білім  алу»  тұжырымдамасынан  «өмір  бойы  білім 
алу»  тұжырымдамасына  қарай  өтуге;  білімді  үнсіз  тыңдаудан  ынталылыққа, 
білімнен құзыреттілікке бағытталған.  
Бүгінгі  таңда  бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарты  (бұдан  әрі  –  ББ  МЖМС)  әзірленіп,  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілді. 
ББ  МЖМС-ның  инновациялық  сипаты  оның  тек  білімді  меңгертуден  
алған  білімді  өмірде  қолдана  алу  парадигмасына  ауысуымен  танылады.  Оның 
түп  мәні  оқытудың  мақсаттары  кең  ауқымды  дағдыларды  қалыптастыру 
арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында.  
ББ МЖМС тұжырымдамалық негіздері: 
–  қоғамның  даму  үрдісі  мен  заманауи  шынайылығы  көрініс  табатын 
мектептегі білім берудің құндылығы, мақсаты мен міндеттері анықталған;  
– тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік 
аспекті күшейтілген;   
–  Қазақстанның  тұтас  ұлтты ұйыстырушы  «Мәңгілік  ел»  ұлттық идеясын 
қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік,  құрмет  көрсету, 
ынтымақтастық,  еңбек  пен  шығармашылық,  ашықтық,  өмір  бойы  білім  алу 
тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі;     
–  кең  ауқымды  дағдылар  түрінде  ұсынылған  күтілетін  нәтижелері 
анықталған  (білімін  функционалдық  тұрғыдан  қолдану,  АКТ  дағдысы, 
зерттеушілік, коммуникативтік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, 
топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары); 
–    қоршаған  ортаны  біртұтас  қабылдау  үшін  пәндер  мен  мазмұнның 
кіріктірілуі қарастырылған;  
–  пән бағдарламалары нақты күтілетін нәтижемен  қамтамасыз  етілген, ол 
білімін  практикада  қолдана  алуға,  зерттеушілік  және  жобалау  жұмыстарын 
жүргізуге мүмкіндік береді;   
–  білім  беру  саласында  күтілетін  нәтиже  қызметтік  әрекет,  яғни, 
оқушылардың  «білуі»,  «түсінуі»,  «қолдануы»,  «талдауы»,  «жинақтауы», 
«бағалауы» арқылы көрініс табады;   
–  бастауыш  сыныптар  бағдарламасына  дұрыс  және  қауіпсіз  қолдануға 
басымдық  беріле  отырып,  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар 
бойынша пәндер енгізілген, сонымен қатар ерте жастан қоршаған орта туралы 

216 
 
бүтін  түсінік  қалыптастыру  үшін    жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  да 
пәндер енгізілген; 
 –  үштілді  білім  беруді  енгізу,  тілді  оқытуда  коммуникативтік  аспект 
күшейеді (тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);  
–  оқушының  дамуына,  оның  оқуға  деген  ынта-жігерін,  қызығушылығын 
арттыруға  бағытталған  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу. 
Қазіргі заман мектептеріне бес балдық бағалау жүйесі бағаның шынайылығын 
анықтауға мүмкіндік бермейді.   
ББ МЖМС негізінде «НЗМ» ДББҰ жаңашыл тәжірибелерін есепке алумен 
бастауыш  білім  берудің  жаңартылған  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламалары әзірленді. 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері
–  пән  мазмұнын  жобалаудың  күрделілік  ұстанымы,  яғни  білім  мен 
біліктердің  білім  мазұнының  тақырыптары  мен  сыныптар  бойынша  тігінен 
және көлденеңнен біртіндеп күрделенуі; 
 –  таным  заңдылығы  мен  пәндік  операциялардың  неғұрлым  маңызды 
түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген 
Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 
– білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беруі; 
– білім саласындағы пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» пәнаралық 
байланыстарды жүзеге асыру барысында болуы; 
– пәннің  білім мазмұндары мен  тақырыптарының уақыт талабына  сәйкес 
болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аударуы; 
– ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін 
технологияландыруы. 
«Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  пилоттық  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014  жылғы  6  қарашадағы 
№455  бұйрығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім 
және  ғылым  министрлігінің  2015  жылғы  3  сәуірдегі  №159  бұйрығына  сәйкес 
2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде 
(бірінші  сыныптарда)  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларын, 
оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешендерін  апробациядан  өткізу  басталады. 
Орта  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнын  апробациялау  бойынша  30 
пилоттық мектептердің тізімі қоса берілген (5-қосымша). 
2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың барлық бірінші сыныптары 
жаңартылған білім мазмұнына өтеді, екінші сыныпта апробация  жалғасады. 
Эксперименттік  пилоттық  мектептер  апробация  және  жаңартылған  оқу 
бағдарламалары  мен  жоспарларын  енгізу  кезінде  «Білім  туралы»  ҚР  Заңын,  
ҚР  Үкіметінің  2015  жылғы  25    сәуірдегі  №327  қаулысымен  бекітілген 
«Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген 
«Бастауыш  мектептің  оқу  бағдарламаларын  апробациялау  жөніндегі  ережені» 
және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп 
педагогіне  консультативтік  қолдау  көрсету  үшін  Үйлестіру  кеңесін  құру 

217 
 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  
3 сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.  
Эксперимент барысында: 
–  жаңартылған  мазмұнды  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламаларын апробациялау; 
– сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау; 
– оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін апробациялау; 
–  мектеп  басшыларын,  мұғалімдер  мен  әдіскерлердің  біліктілігін 
арттыруды ұйымдастыру; 
–  эксперимент  режиміндегі  оқыту  сапасына  тұрақты  мониторинг  жүргізу 
жоспарланған. 
ББ МЖМС-ға сәйкес әзірленген үлгілік оқу жоспарына «Жаратылыстану» 
(жаратылыстану  ғылымдар  негіздері)  (1-4-сынып),  «Дүние  тану»  (қоғамдық-
гуманитарлық 
ғылымдар 
негіздері) 
(1-4-сынып), 
«Ақпараттық-
коммуникациялық технология» (3-4-сынып), «Қазақ тілі (Т2)» «Орыс тілі (Я2)» 
«Ағылшын тілін» (1-4-сынып) деңгейлік оқыту оқу пәндері енгізілді.  
Бастауыш мектеп үшін оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшелігі:  
1)  Қазақ  тілді  емес  мектептерде  қазақ  тілін,  орыс  тілді  емес 
мектептерде  орыс  тілін  және  ағылшын  тілін  бірінші  сыныптан  деңгейлік 
оқыту.    Тілдерді  оқыту  барысында  сөйлеу  қызметінің  -  тыңдалым,  айтылым, 
оқылым  және  жазылым  төрт  дағдысын  дамытуға  арналған  коммуникативтік 
тәсіл күшейтілген. Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың  оңтайлы тұстары 
сөздік  қорын  кеңейтуге,  кіріктірілген  тілдік  тақырыптардың  аясында 
коммуникативтік дағдыларды  пысықтауға  мүмкіндік беретін бірыңғай  сөйлеу-
тақырыптық режимін енгізу  болып  табылады.  Пәндерді оқыту  CEFR  (тілдерді 
меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады
2) «Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесінде оқушылардың 
қарапайым  ғылыми  білім  деңгейін  қалыптастыруға  бағытталған.    Ол  – 
«Биология»,  «Физика»  және  «Химия»  оқу  пәндерін  өз  бетімен  меңгеруге 
бағытталған  кіріспе  курс.  Бұл  курс  оқудың  келесі  деңгейлерінде  кез  келген 
білім  саласында  маңызды  болып  табылатын  зерттеушілік  дағдыны 
қалыптастырады; 
3)  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар»  оқу  пәні  ақпараттық-
коммуникациялық технологияның қарапайым құралдарын – іздеп табу, таңдау, 
ақпарат  беру,  нысандар  мен  үдерістерді  жобалау,  мәліметтерді  көрсету, 
интерпретациялау  және  талдау  үшін  кесте,  сызба,  график,  диаграммалармен 
жұмыс  істеудің  қарапайым  тәсілдерін  қолдану  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағытталған;  
4)  «Дүниетану»  пәнінің  мазмұны  өзгертілді.  Аталған  оқу  пәні  қоғамдық-
гуманитарлық  ғылымдар  курсының  кіріспесі  болып  табылады.  Ол  Қазақстан 
тұрғындары  өмірінің  жалпы  әлеуметтік,  моральдік,  шығармашылық  және 
коммуникативтік  жағын  көрсетеді,  оқушылардың  өзі,  үйі,  отбасы  туралы 
сұрақтар негізінде қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді;   
5)  «Музыка»  оқу  пәні  музыкалық  білім  негіздерін  қалыптастыруға, 
қарапайым орындаушылық дағдыларын және оқушылардың жеке шығармашыл 

218 
 
тұлғалық қабілетін көрсететін  музыкалық мәдениетін дамытуға  бағытталған.   
6)  «Бейнелеу  өнері»  оқу  пәні  оқушының  шығармашылық,  кеңістікте 
образды  ойлау,  рухани-адамгершілік  құндылығы  және  қоршаған  ортаны 
эмоционалды-эстетикалық  тұрғыдан  қабылдау  қабілетін  қалыптастыруға 
бағытталған; 
7)  «Еңбекке  баулу»  оқу  пәні  технологиялық  білім  мен  дағды  негіздерін 
қалыптастыруға  бағытталған.  Еңбектенуге,  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеп, 
оқушылардың  технологиялық  мәдениеті  мен  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыруға  жағдай  жасалған.  Сурет  салу,  т.б.  қатысты  материалдарды, 
құралдарды, техникаларды қолдану оқушылардың көз өлшемінің нақтылығын, 
қолмен жұмыс істеу қабілетін, сезінуін дамытады.   
Оқу  бағдарламасына  ұзақ  мерзімді  және    орта  мерзімді  жоспарлардан  
тұратын  ұсынымдық  сипаттағы  оқу  жоспары  қоса  беріледі.  Оқытудың 
мақсаттары  мен  тәсілдеріне  негізделген  жоспарларда  мұғалімдер  үшін  әрбір 
бөлім  мен  тақырыптарды  өткізу,  оқушылардың  сабақта  білім  алуын 
ұйымдастыру  бойынша  ұсынымдар  берілген,  сонымен  бірге  оқу  ресурстары 
енгізілген  (интернет,  мәтіндер,  жаттығулар,  бейне  және  аудио  материалдары 
т.б.). 
Қысқа  мерзімді  жоспар  немесе  сабақ  жоспарын  мұғалім  орта  мерзімді 
жоспардың  соңында  ұсынылған  үлгіге  сай  өзі  әзірлейді.  Мұғалім  қысқа 
мерзімді  жоспар  дайындағанда  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 
отырып  саралай  оқыту  тәсіліне  ерекше  назар  аударғаны  жөн.  Қысқа  мерзімді 
жоспар  мұғалімге  сабақты  тиімді  құруға  көмектеседі.  Ол  үшін  мұғалім  оқу 
материалы  мен  сабақтағы  әрекетті  мұқият  іріктеп  алуы  керек.  Әр  сабақтан 
кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау 
мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.   
Қысқа  мерзімді  жоспарды  құрғанда,  мұғалім  төмендегі  ұсыныстарды 
басшылыққа алуына болады:    
–  сабақты  ұйымдастырғанда  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарындағы 
мақсатты басшылыққа алуы керек;  
–  сабақ  мақсатының  анық  болуы  (S.M.A.R.T.  принципі  бойынша),  яғни 
анық, өлшенген, қол жетімді, шынайы мақсаттың қойылуы;  
–  орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  барлық  іс-әрекеттерді,  әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият танып білу;  
–  мұғалімнің  қалауы  бойынша  іс-әрекеттер  түрі  қажеттілігіне  қарай 
толықтырылып отырады.  
Әр  оқу  пәні  бойынша  мазмұнды  жобалаудың  ұстанымдары  өзгерді: 
сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасты, яғни білім мен 
біліктің  бірте-бірте  тігінен  және  көлденеңінен  (сынып,  тақырып  бойынша 
дағдыларының 
күрделенуі) 
ұлғайтылуы. 
Осыған 
байланысты, 
оқу 
бағдарламасы  мазмұнының  құрылымына  негіз  болған  спиральдік  (шиыршық) 
принципін  ұстанған  жөн.  Меңгерілетін  оқу  материалының,  құрылымының, 
сынып  және  тоқсан  бойынша  ұсынылған  пәнаралық  ортақ  тақырыптардың  
спиральдік (шиыршық) принципімен  берілуін ескеру қажет. 
Сабақты  жоспарлаудағы  барлық  жұмыс  оқытудың  жаңа  әдістері  мен 

219 
 
тәсілдерін  ескере  отырып  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  жаңартылған  білім 
беруді  жүзеге  асыруда  озық  іс-тәжірибелер,  оқыту  мен  үйретудегі  жаңа 
технологиялар  мен  тәсілдер,  бағалаудың  жаңа  жүйесі  енгізіледі,  ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту (бұдан 
әрі  –  АКТ)  және  оқытуда  әртүрлі  сандық  білім  беру  ресурстарын  қолдануды 
кеңейту,  мектепаралық  желілік  өзара  әрекеттестік,  мектепаралық  оқу 
жоспарлары мен бағдарламалары, «мұғалімдермен алмасу», мектепте оқытудың 
жаңа технологияларын қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізу.    
Мұғалім  білім  беруші  ретінде  емес,  оқушының  белсенді  оқу-танымдық 
әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.  
Мұғалімдерді  қолдау  үшін  ББ  МЖМС,  оқу  бағдарламалары,  оқу 
жоспарлары  (ұзақ  мерзімді  жоспар,  орта  мерзімді  жоспар,  қысқа  мерзімді 
жоспар үлгісі), критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар, сандық 
білім  беру  ресурстары  ұсынылады.  Зияткерлік  мектептердің  ресурстық 
орталықтары  арқылы  мұғалімдерді  оқыту  жүзеге  асырылады,  сонымен  қатар 
мұғалімдерге  арналған  онлайн  платформалар  дайындалады.  Білім  беру 
мазмұнын  жаңартуды  жүзеге  асыру  барысында  әдістемелігімен  бірге 
мониторинг жасау жоспарлануда.  
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында жаңартылған білім 
мазмұнынын  апробациялау  мониторингісін  жүргізу  бойынша  «Тіл  және 
әдебиет»  білім  саласы  пәндерінен,  «Математика»,  «Дүние  тану», 
«Жаратылыстану»  пәндерінен  қысқа  мерзімді  жоспар  әзірлеу  бойынша 
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік 
құралдар  мен  ұсынымдар  әзірленді.  Аталған  құралдар  Академия  сайтында 
орналастырылған (www.nao.kz). 
Мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдірудің  жаңа  жүйесін  енгізу  аясында 
Педагогикалық  шеберлік  орталығы  (бұдан  әрі  –  Орталық)  және  «Өрлеу» 
біліктілікті  арттырудың  ұлттық  орталығы»  АҚ  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  4  қаңтардағы  №1  бұйрығымен  бекітілген    Педагог 
кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 
Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып 
әзірлеген  ҚР  педагог  кадрларының  біліктілігін  арттырудың  деңгейлік 
бағдарламалары  бойынша  біліктілікті  арттыру  курстарын  (3  айлық  деңгейлік 
курстар)  өтікізуде.  2011  жылдан  бастап  қазіргі  заманғы  технологиялар  мен 
оқыту әдістемелері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған 
кең  ауқымды  жобалар  басталды.  Берілген  бағдарлама  аясында  «НЗМ»  ДББҰ-
ның  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен  «Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың 
ұлттық  орталығы»  АҚ  базасында  Республикамыздың  39,3  мың  мұғалімі  
3 деңгейлік оқу курсынан  өтті. Мектеп басшыларынан 916 адам өтті.  
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  пилоттық  мектептердің 
педагогтерін  оқыту  курсынан  90  мектеп  басшысы,  116  бастауыш  мектеп 
мұғалімдері,  1890  пән  мұғалімдері  өтті.  2015-2017  жылдары  205  мың  педагог 
курстан  (орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  педагог  кадрлар 
біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары) өтеді.  
Осыған байланысты, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау мен  

220 
 
енгізу мақсатында деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдер  
өз  жұмысында  жаңа  оқыту  әдістерін  қолданып,  осы  бағытта    әріптестеріне  де 
көмектесулері  ұсынылады,  яғни  мұғалімдердің  пәндерді  оқытуда  сөйлеу 
қызметінің  барлық  түрлері,  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуы,  өз  бетімен 
ізденіс    жүргізіп,  ақпаратты  жан-жақты  іздей  алуы,  пәндерді  оқыта  отырып 
функционалдық 
сауаттылықты 
(оқу, 
математикалық, 
жаратылыстану 
сауаттылықтары) дамытуы, пән аясында зерттеу дағдыларын дамытуы, жобалау 
қызметін  қарқынды  меңгеруі,  АКТ-ны  қолдануы,  оқу  үшін  және  оқыту  үшін 
бағалауы,  балалардың  жас  ерекшелігіне  сай  оқытуы,  оқытуды  басқару  мен 
көшбасшылығын дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс. 
Жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу үдерісі мониторингпен 
қолдау  көрсетілуі  қажет,  себебі  бұдан  кейінгі  жалпы  орта  білім  беру 
мектептеріне  аталмыш  үдерісті  енгізу  жаңа  бағдарламаның  тиімділігінің 
анықталуы  негізінде  жүзеге  асатын  болады.  Апробациялау  үдерісін 
мониторингілеу  барысында  жыл  бойы  жинақталған  ақпараттар  түйінді 
мәселелерді  анықтауға,  оны  дереу  шешуге  қажетті  шараларды  қарастыруға 
пайдаланылады, сонымен қатар шешіміне көп уақыт және ақпараттарды қажет 
ететін (білім берудің белгілі деңгейі аяқталғанға дейін) мәлелелерді шешу үшін 
аса  қажет.  Мониторинг  ақпараттары  білім  беру  үдерісін,  оның  құрылымын 
және  оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының мазмұнын, бағалау жүйесін, 
оқу-әдістемелік  кешендерін,  мұғалімдердің  және  мектеп  басшыларының 
біліктілік арттыру курстары мазмұнын жетілдіру мақсатындағы ұсынымдардың  
негіздемесі ретінде қолданылатын болады. 
Апробациялау мониторингісі жаңартылған білім мазмұнының жетістіктері 
мен оны енгізудің тиімділігіне тәуекелдің ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. 
Ең ықтимал тәуекелділіктерге төмендегілерді жатқызуға болады: 
– заманауи педагогикалық әдістерді пайдалануды қажет ететін жаңа білім 
беру  бағдарламасымен  жұмыс  жасауға  педагог  мамандардың  жеткіліксіз 
даярлығы; 
–  жаңа  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  келетін  білім  беру 
ресурстарының төмен болуы; 
–  БАҚ беттерінде  апробация нәтижелерінің  көлеңкелі  тұстарын жариялау 
мүмкіндігіне  байланысты  жаңа  білім  мазмұнын  еліміздегі  қоғамның  дұрыс 
қабылдамауы. 
ББ  МЖМС  апробациялау  мониторингісінің  мақсаты  30  пилоттық 
мектептің  білім  беру  үдерісіне  жаңартылған  білім  мазмұнындағы  оқу 
бағдарламаларын, ОӘК және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігі 
мен  сапасына  баға  беру  және  ары  қарай  еліміздегі  барлық  білім  беру 
ұйымдарына енгізу үшін барлық элементтерін  жетілдіре түсу болып табылады.  
ББ МЖМС апробациялау мониторингісінің міндеттері: 
1)  әзірленген  оқу  бағдарламаларын,  ОӘК  және  критериалды  бағалау 
жүйесін енгізудің тиімділігін  іс-тәжірибе жүзінде тексеру: 
– мұғалімдер үшін оқу бағдарламалары мен жоспарлардың қолжетімділігі 
(жарамдылығы, ыңғайлылығы, қарапайымдылығы, түсінікті болуы және т.б.); 
–  оқыту  мақсаттарының  сапалы  болуы  (ОМ  нақтылығы,  бір  тоқсандағы 

221 
 
ОМ санының оңтайлылығы, ОМ өлшемділілігі); 
–  оқу  жоспарларындағы  тақырыптардың  бірізділігі  (қисындылығы,  өзара 
байланысы және т.б.); 
–  ОӘК  сапасы  (әзірленген  оқу-әдістемелік  кешен  мазмұнының  оқу 
бағдарламасына сәйкестігі, ОӘК оқыту мақсаттарына жетуге бағытталғандығы, 
дизайн); 
–  критериалды  бағалау  жүйесінің  тиімділігі  (оқыту  мақсаттарына  сәйкес 
келуі, формативті бағалаудың қолданбалылығы, табысқа жету критерийлерінің 
жарамдылығы); 
–  білім  беру  үдерісіне  оқушылардың  эмоционалдық  қарым-қатынасы 
(қабылдаулары, қызығушылықтары, мотивациялары, белсенділігі); 
–  мұғалімдердің,  мектеп  әкімшілігінің  және  ата-аналардың  білім  беру 
үдерісіне қанағаттануы (жетістікке жету, бейімделу, тұрақты сұраныс); 
  2)  оқу  материалдары  мазмұнының  және  оның  жүзеге  асырылуының 
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеяның  құндылықтарына  сәйкестігі  деңгейін 
анықтау: 
–  оқушылардың,  мұғалімдердің  және  ата-аналардың  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық идеяның құндылықтарын түсінуі; 
–  сабақ  беру,  білім  алушылардың  жобалау-зерттеу  және  сабақтан  тыс  іс-
әрекеттері  арқылы  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеяның  құндылықтарын 
жүзеге асырудың әдістері, құралдары, формалары; 
3)  апробациядан  өтетін  оқу  бағдарламалары  және  оқу-әдістемелік 
кешендердің  ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестігі деңгейін анықтау
4)  оқыту  әдістері  мен  бағалаудың  (түсіну  және  қолдану)  ұсынылған  оқу 
бағдарламаларына сәйкестігі деңгейін анықтау; 
5) жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың оқу нәтижелеріне 
талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқыту мақсатына жетістіктері, 
білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісінің оқушылар денсаулығына әсер 
етуі); 
6)  білім  мазмұны  жаңартылған  оқу  бағдарламаларын,  ОӘК  пысықтау 
бойынша ұсынымдарды әзірлеу (қажеттілігіне қарай); 
7)  30  пилоттық  мектептердің  оқу  үдерісіндегі  мұғалімдерге  әдістемелік 
қолдау көрсету; 
8)  еліміздегі  мектептерде  білім  беру  үдерісіндегі  жаңа  оқу 
бағдарламаларын  пайдаланудағы  келешегін,  мүмкінді  тәуекелділіктерін 
анықтау. 
ББ МЖМС апробациялау мониторингісін «НЗМ» ДББҰ-мен келісе отырып 
ҰБА өткізеді.  
Мониторингке 
қатысушылар
жаңа 
білім 
беру 
бағдарламасын 
апробациялауға  жетекшілік  жасайтын  эксперименттік  және  бақылау 
сыныптарының  мұғалімдері,  пилоттық  мектептің  директоры  мен  оның 
орынбасары. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  бастаған  бес 
институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы 
шеңберінде мыналар жоспарлануда: 

222 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  білім  саласы 
бойынша бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» 
бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда: 
12  жылдық  білім  беруді  енгізу,  функционалдық  сауаттылықты  дамыту 
үшін мектептік білім беру стандарттарын жаңарту бойынша:  
1)  12  жылдық  білім  беруді  2015-2016  оқу  жылынан  бастап  2021-2022  оқу 
жылдарына  дейін  кесте  бойынша  кезеңмен  енгізу  (2022  жылдан  бастап  ҚР 
барлық мектептері 12 жылдық оқыту моделіне көшеді); 
2)  Қарастырылған  бюджет  аясында  инфрақұрылымды  дамыту  (2015-2018 
жылдары); 
3)  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  ескерілген  жаңа  МЖМБС,  оқу 
бағдарламалары мен оқулықтары (2015-2022 жылдары); 
4)  Қарастырылған  бюджет  аясында  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 
(2016-2020 жылдары); 
5)  Жаңартылған  білім  мазмұнын  енгізуді  мониторингілеу  (2016-2020 
жылдары). 
Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға көшу бойынша: 
1)  2017-2018  оқу  жылы  5  сыныпта,  2018-2019  оқу  жылы  6  сыныпта 
«Информатика», «Жаратылыстану» пәндерінен терминологияны оқып білу; 
 2) 2019-2020 оқу жылы  7 сыныпта «Информатика» пәнінен сыныптан тыс 
іс-шаралар  ұйымдастыру  мен  өткізу  және  «Биология»,  «Физика»,  «Химия» 
пәндерінен терминологияны оқып білу; 
3)  2020-2021  оқу  жылы  8  сыныпта  «Информатика»  пәнінен  элективтік 
курстар  жүргізу  және  «Биология»,  «Физика»,  «Химия»  пәндерінен  сыныптан 
тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу; 
4)  2021-2022  оқу  жылы  9  сыныпта  «Биология»,  «Физика»,  «Химия» 
пәндерінен элективтік курстар жүргізу; 
5)  2022-2023  және  2023-2024  оқу  жылдары  10-11  сыныптарда  ағылшын 
тілінде оқытуға толығымен көшу. 
 
 
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет