Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Сауат ашу (оқу, жазу) (оқыту тәжік тілінде)



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата22.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сауат ашу (оқу, жазу) (оқыту тәжік тілінде)  
Мувофиқи стандарти умумитаълимии давлатӣ, ки бо қарори тасдиқшудаи 
Ҷумҳурии  Қазоқистон  аз  23  августи  соли  2012  №1080,  барномаи  музкур  дар 
асоси  принсипҳои  инкишоф  ва  таълиму  тарбия,  давомоти  муттасилӣ  сохта 
шудааст.  
Алифбо  (саводомӯзӣ)  дар  таълими  ибтидои  заминаи  муҳимтарини 
ташаккули  шахсият  ва  таҳкурсии  устувори  минбаъдаи  омўзиш  буда,  ҳамчун 
баёнгари  самти  дастовардҳои  мактабиёни  хурдсол  дар  фаолияти  ояндаи  онҳо 
нақши  муҳим  мебозад.  Хурдсолон  дар  ин  давра  на  танҳо  хондан,  навиштан 
балки  бо  ҳодисаҳои  муҳиту  атроф  шинос  мешаванд  ва  шавқу  ҳаваси  онҳо  ба 
мактаб,  таълим,  муаллим  ва  китоб  ҳамчун  яке  аз  сарчашмаи  маърифат 
меафзояд.  
Мақсад: дар давраи таълими  алифбо хурдсолон бо овозҳои нутқ, таҳлили 
овозии  калима;  овозҳои  садонок  ва  ҳамсадо.  таълими  дурусти  талаффузи 
овозҳо. Нақшаи; калима ҳиҷо ва ҷумлаҳо шинос мешаванд.  
Ба  қоидаҳои  дуруст  нишастан  ва  дуруст  навиштан  риоя  карданро 
меомўзанд.  Хондану  навиштанро  ёд  мегиранд.  Дар  давраи  тайёрӣ  –  ташкил 
кардани ҷамоаи синф, дар онҳо мустаҳкам кардани муносибати дўстӣ. Худдорӣ 
дар синф ва мактаб. Риоя намудан ба одобу ахлоқ. Тайёрӣ ба давраи навиштан: 
хонандагон  ба  навиштан  руҳан  тайёр  кардан,  шиносоӣ  бо  ашёҳои  хониш, 
омўзиши  навиштан  дар  ҳаво,  тарбияи  психологӣ  ба  монанди  дидан,  тахмин 
кардан,  муқоиса  кардан,  нигоҳ  доштан  дар  хотир,  диққат  ва  ирода,  кашидани 
хатҳои рост, каҷ ва мавҷнок:  
Вазифаҳоиасосии омўзиши Алифбо: ба бачагон хондан ва навиштанро ёд 
додан,  барои  бо  муваффақият  аз  худ  кунонидани  имло  шароити  заруриро  ба, 
вуҷуд овардан, дар просесси мушоҳидаҳо ва экскурсияҳо кўшиш кардан лозим, 
ки, бачаҳо аз муҳити воқеӣ ҳар чӣ бештар маълумот гиранд, чунки боиси, бой 
гардонидани  захираҳои  луғавии  онҳо  мегардад,  хониш  бо  тарзи  таҳлилу 

43 
 
таркибӣ  овозӣ  ёд  дода  мешавад,  дар  маркази  диққати  омўзгорон  бояд  инҳо 
бошанд,  инкишоф  додани  нутқи  овозӣ  ва  талаффузи  адабӣ  дар  кўдакон, 
омўзондани  тарзи  дуруст  ва  бошуурона  хондани  калимаҳо,  ҳиҷо  ба  ҳиҷо 
хондани калимаҳо, тасаввуроти шогирдонро оид ба табиати ватани худ, оид ба 
зиндагӣ  ва,  меҳнати  мардуми  ватани  худ  аниқтар  ва  васеътар  гардонидан, 
инкишофи нутқи даҳонии хонандагон, дуруст талаффуз кардани овоз, дар вақти 
сайру гашт бой гардондани, захираи луғавии онҳо.  
Фанни – 231 соат, дар як ҳафта 7 соат омўзонда мешавад:  
давраи тайёрӣ –14 соат.  
давраи «Алифбо» – 98 соат.  
давраи баъди «Алифбо» –119 соат.  
 
Шетел (ағылшын) тілі  
Шетел тілі кіші жастағы оқушыларды қазіргі әлемдегі көпмәденилік және 
көптілділікке дайындау жүйесінде маңызды пәндердің бірі болып табылады. 
Бастауыш  сыныптарда  шетел  тілінің  оқыту  мақсаты  –  оқушыларға 
қарапайым  коммуникативтік  құзыреттілігін  тыңдалым,  айтылым,  оқылым, 
жазылым дағдылары арқылы оқыту және қалыптастыру. 
Қарапайым 
қоммуникативтік 
құзыреттілік 
деп 
төменгі 
сынып 
оқушысының  күнделікті  жағдайдағы  шектеулі  ортада  және  қарым-қатынас 
саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша 
түрде  тұлғааралық  және  мәдениаралық  қарым-қатынасын  іске  асырудағы 
төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы ретінде түсіндіріледі.  
Бастауыш мектептерде шетел тілін меңгеру: ағылшын тілін қарым-қатынас 
тілі ретінде меңгерудің маңыздылығын танытуға, басқа халықтар мәдениетімен 
салыстырғанда  ана  тілі  мен  мәдениетінің  рөлін  сезінуге,  қарапайым  деңгейде 
сөйлесу  мүмкіндіктерін  ескеріп,  шетел  тілінде  сөйлесу  дағдысы  мен  төменгі 
сынып оқушыларының ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқу 
және  жазу)  тілін  қалыптастыруға;  ағылшын  тілін  әрі  қарай  игеру  уәждемесін 
дамытуға;  игеретін  тіл  елінің  мәдениеті,  тарихы  мен  дәстүрлері,  қолжетімді 
үлгіде  көркем  әдебиеті  туралы  танымын  қалыптастыруға;  алға  қарай 
психологиялық  тосқауылдарды  жеңу  үшін  шетел  тілін  қарым-қатынас  құралы 
ретінде  қолдануда  балаларды  жаңа  тілдік  әлемге  психологиялық  жақтан 
бейімделуін  қамтамасыз  етуге;
 
оқу-әдістемелік  кешендердің  әртүрлі 
компоненттерімен  (оқулықпен,  жұмыс  дәптерімен,  аудиодискілермен, 
мультимедиялық  қосымшалармен,  т.б.)  жұпта  және  топта  жұмыс  істей  білу 
дағдысын игеруге бағытталуы тиіс.  
Шетел  (ағылшын)  тілі  пәні  оқушы  бойында  өз  халқының  мәдениеті  мен 
рухани  құндылықтары,  азаматтылық,  моральдік  нормалар  мен  сөйлесу  әдебі 
туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді.  
Бастауыш  сыныптарға  арналған  шетел  тілін  оқыту  курсы  қарапайым 
деңгейін  меңгеруге  бағытталған  және  А1  -  (ауызекі  қолданыс  деңгейі  - 
Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.  
Бастауыш  мектепте  ағылшын  тілін  оқыту  кезінде  оқытудың  мақсатын, 
тақырыбын,  мазмұны  мен  түрін  анықтауды  баланың  өмірлік  әлемімен,  іс-

44 
 
әрекетімен байланыстыру қажет.  
Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  іске 
асыру  шеңберінде  оқушыны  өз  отбасының  дәстүріне,  туыстық  сүйіспеншілік 
сезімге,  үлкенге  құрмет  көрсетіп,  кішіге  қамқор  болуға  ұмтылуға,сондай-ақ 
басқа  да  халықтар  өкілдеріне  достық  қарым-қатынаста  төзімділік  танытуға, 
рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аудару қажет.  
Ағылшын  тілін  меңгеру  үдерісін  шынайы  қарым-қатынас  жағдайына 
жақындату  мақсатында  шынайы  тілдік  орта  болмаған  кезде  оқу  материалын 
азайту,  коммуникативтік  және  функционалдық,  кешендік,  тәрбиелік,  
белсенділік,  көрнекілік,  оқиғалық-тақырыптық  ұсынылуы,  жүйелілік  және 
дәйектілік,  игеру  беріктігі,  қолжетімділік  және  даралану  принциптері  сияқты 
дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.  
Коммуникативтік  принцип  арнайы  мақсат  етілген  тілдік  құралдар  – 
белсенді  лексика  және  белсенді  грамматикалық  материал  арқылы 
коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  бағытталған,  күнделікті  жағдайдағы 
рөлдік  ойындарды  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Басқаша  айтқанда, 
төменгі  сынып  оқушыларының  жаңа  әлеуметтік  тәжірибеге  араласуы  шетел 
тілінде  әртүрлі  ойын  жағдайында,  отбасыға  тән,  тұрмыстық,  оқу  іс-әрекеті 
есебінен жүргізіледі.  
Бастауыш  мектеп  оқушыларына  ағылшын  тілін  оқытуда  функционалдық 
принципке  ерекше  назар  аудару  қажет.  Тілдік  жүйе  ағылшын  тілінің  әртүрлі 
деңгейлік  құралдары  –  лексикалық  және  синтаксистік  (фонетикалық, 
сөзжасаушы,  морфологиялық  шеңберде  де)  құралдары  жиынтығының  нақты 
тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.  
Кешендік 
принципі 
ағылшын 
тілі 
бойынша 
тілдік 
емес 
(экстралингвистикалық)  және  тілдік  (лингвистикалық)  оқу  материалдарының 
өзара байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін 
өзара  байланысқан  аспектіде  оқытуда:  1-сыныпта  –  тыңдалым  және  айтылым 
(ауызша  алға  озу  принципі  бойынша;  ағылшын  әліпбиімен  танысу  2-
жартыжылдықтан  басталады),  тыңдау,  сөйлеу,  оқу  және  жазу  2-сыныптан 
бастап жүзеге асырылады.  
Саралаушылық  принципі  оқушының  бастапқы  кезеңдегі  сөздік  қорын 
байыту  үшін  шағын  мәтіндер  бойынша  бөлінген  бір  мәтіндегі  жаңа  сөздердің 
функционалдық-семантикалық  берілу  тәсілдерін,  көрнекілік  құралдарына 
арналған  тіректерді,  оқушылардың  сөйлеуіндегі  жаңа  сөздерді  белсендіруді 
(белгілі  бір  тақырыптық  кеңістік  аясындағы  олардың  белсенді  түрі)  ұсынады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу  және  коммуникативтік  қабілеттерін 
қалыптастыру  кезінде  ағылшын  грамматикасы  баланың  әр  ойын  қамтамасыз 
ететін  жүйе  ретінде  бекітілуі  тиіс.  Сөйлеудің  грамматикалық  қатарын  дамыту 
қарапайым  ой  айтудың  белсенді  түрлерін  оқиғаны  пайдалану  тәсілдерімен, 
сөйлемдер  негізін  нақтыландырғыш  құрамдас  бөліктермен  тарату  (екінші 
деңгейлі  мүшелермен),  екі  қарапайым  сөйлемді  бір  күрделіге  біріктіру 
тәсілдерімен сипатталады.  
Бастапқы  кезеңде  бала  дамуының  деңгейіне  сәйкес  басты  назарда  үйрену 
пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын) 

45 
 
орын  алады.  Оқу  және  жазуды  2-сыныптан  бастап  оқыту  қажет,  себебі  тіл 
дыбыс  арқылы  қабылданады,  сөйлеу  арқылы  түсініледі,  сөйлеу  арқылы 
жазылады.  
Тілдік  білімді  спираль  түріндегі  алға  жылжу  түрінде,  яғни  біртіндеп 
күрделендіре отырып беру қажет.  
Тыңдалымға  үйретуде  төменгі  сынып  оқушыларының  білім  деңгейі, 
қызығушылықтары  мен  қажеттіліктері  ескерілуі  (мысалы,  қысқа  ертегілер, 
шағын  әңгімелер,  жануарлардың  сипаттамасы,  атаулы  оқиғалар  қысқа  туралы 
мәтіндер  және  т.с.с.  тыңдату)  тиіс.  Мәтіннің  дыбысталу  ұзақтығы  1  минутқа 
дейін, қайталау саны – 2-3 рет.  
Өз  ойын  айтуға  үйрету  диалогтық  және  монологтық  сөйлеу  қабілетін 
дамытуды  көздейді:  этикеттік  сипатта  диалог,  сұрақ-диалог,  оқиғаға  араласу 
диалогы,  пікір  алмасу  диалогтарын  жүргізу  арқылы  оқушыларды  сөйлеуге,  өз 
ойын айтуға үйретуге болады.  
Білім  берудің  осы  деңгейінде  монологтық  сөйлеуді  дамыту  нақты 
тақырыптық  жағдайлар  шеңберінде  (мысалы:  өзі  туралы,  отбасы  мүшелері, 
достары  туралы,  өз  елінің  жануарлары  мен  өсімдіктер  әлемі  туралы,  жұмыс 
күні, жұмыс түрі, мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру, қарапайым ой айту 
қабілетін қалыптастыруға бағытталады.  
Оқуға  үйрету  кезінде  балалардың  қалауына  иек  арту  арқылы  таныс 
сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазғызуға; өз киіміндегі, шоколад және 
кәмпит сыртындағы т.с.с. ағылшынша жазуларды оқытудан бастауға болады.  
Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта қатар жүреді, алайда жазу түсінігіне 
карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз 
құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.  
Бастауыш  мектепте  шетел  тілін  оқытуда  оқытудың  түрлі  әдістері  мен 
тәсілдерін қолдану керек, сабақта оқу әрекеттерінің алуан түрлерін: сыныптық, 
жұптық,  топтық  және  жекелей  жұмыс  түрлерін,  кіші  жастағы  оқушылардың 
жас  және  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ойындар,  әндер, 
санамақтар  белсенді  түрде  қолданылуы  керек;  оқу  тапсырмаларын  орындау 
кезінде  оқушыларды  ынталандырудың  әртүрлі  тәсілдері:  ым,  ишара,  эмоция 
және тартымды көрнекі құралдарды қолдануы қажет; бұл оқушылардың зейінін 
аударуға ықпал етеді. 
«Шетел  тілі»  пәні  қызметтік  сипатқа  ие,  сондықтан  ол  әлемді  тұтастай, 
эмоционалды  және  белсенді  қабылдайтын  төменгі  сынып  оқушысының 
табиғатына  сәйкес  келеді.  Бұл  осы  жастағы  балаларға  тән  басқа  да  қызмет 
түрлеріне  (ойындық,  танымдық,  көркем,  эстетикалық  және  т.с.с.)  өзге  тілдік 
сөйлеу  қызметін  қосуға  және  бастауыш  мектепте  оқытылатын  пәндермен 
әртүрлі  байланыс  орнатуға  және  жалпы  оқу  қабілеті  мен  дағдыларын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Ағылшын тілі оқу пәні ретінде басқа пәндермен пәндік байланыста жүзеге 
асады,  яғни  ағылшын  тілі  сабағында  тақырып  мазмұнына  сәйкес  басқа 
пәндерден  (мысалы,  әдебиеттік  оқу,  музыка,  еңбекке  баулу,  бейнелеу  өнері, 
математика, 
дүниетану) 
алған 
білімдерімен 
байланыстырып 
отыру 
оқушылардың білімін берік ете түседі.  

46 
 
Бірінші сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді. 
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бастауыш мектепте «Шетел тілі» пәнінің 
оқу жүктемесінің көлемі: 
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат. 
 
 
3.2 «Математика» білім саласы  
 
Тұлғаның  білім,  білік  және  дағдылары  негізінде  әлеуметтік  қатынастар 
жүйесінде  ойдағыдай  іс-әрекет  ету,  нақты  мәдени  ортада  барынша  тез 
бейімделу қабілеті ретінде анықталатын функционалдық сауаттылығы, сондай-
ақ  оқушылардың  математикалық  сауаттылығы  білім  беру 
сапасы 
көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Сол  себепті  математика  пәнін  оқыту 
барысында оқушылардың математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; әр түрлі 
формада  берілген  сандық  ақпаратты  оқу,  талдау;  есептерді  шығарудың 
ыңғайлы  тәсілдерін  табу,  орындау,  өзін-өзі  тексеру,  өмірмен  байланыстыру; 
математикалық  білімін  өмірлік  жағдаяттарда  кездесетін  түрлі  мәселелерді 
шешуде еркін қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделеді.  
Білім алушылардың білім және білік сапасының деңгейін білім беру жүйесі 
дамуының нәтижесі ретінде соңғы кездері тәуелсіз халықаралық мониторингтік 
зерттеулер  анықтайды.  Солардың  бірі  –  TIMSS  халықаралық  мониторингтік 
зерттеуі.  1995  жылдан  бері  төрт  жылдық  кезеңмен  жүргізіліп  келе  жатқан 
халықаралық  TIMSS  зерттеуінің  кезекті  циклі  2015  жылы  өткізілгені  белгілі. 
TIMSS-2015 халықаралық зерттеу нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында 
жария етіледі. 
Халықаралық  TIMSS  зерттеуі  бойынша  оқу  жетістіктерінен  алда  келе 
жатқан  кейбір  елдердің  4-сынып  оқушылары  (мысалы,  Оңтүстік  Корея, 
Жапония,  Сингапур,  Қытай)  математикадан  өте  жоғары  көрсеткіштерге  қол 
жеткізген.  Халықаралық  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study
зерттеуі оқушылардың математика бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін 
анықтауды  мақсат  етеді.  Зерттеу  оқушылардың  қабілеттерін  емес,  ол  оқу 
барысында  меңгерген  білімдері  мен дағдыларын өмірлік жағдайларда  қолдана 
білу  қабілеттерін  бағалауға  бағытталған.  Яғни  бұл  зерттеудің  мақсаты  – 
математика  оқыту  үрдістерін  дамыту  үшін  зерттеуге  қатысушы  елдерді 
оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз 
ету.  
Зерттеудің  негізгі  әдіс-тәсілі  –  сауалнамалар  жүргізу  және  тестілер  алу. 
Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.  
Зерттеу  тұжырымдамасына  сәйкес,  әрбір  тапсырма  математиканың 
мазмұнды  бөліктерінің  біріне  сәйкес  келеді.  Атап  айтсақ,  4-сыныпқа 
арналған тапсырмалар сандар (50%), геометриялық фигуралар мен өлшеулер 
(35%), мәліметтерді беру (15%) бөлімдері бойынша дайындалады.  

47 
 
Аталған  мазмұндық  бөліктерді  ашып  қарастырар  болсақ,  олар  мынадай 
тақырыптарды қамтиды: 
Сандар:  натурал  сандар;  жай  және  ондық  бөлшектер;  сандық 
көрсеткіштер және теңдеу; тізбектер мен тәуелділіктер.  
Геометриялық  фигуралар  мен  өлшемдер:  нүктелер,  кесінділер  және 
бұрыштар; фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі. 
Мәліметтердің  берілуі:  мәліметтерді  үйлестіру  және  оқып-түсіну; 
мәліметтерді үйлестіру және беру. 
Зерттеуде  оқушылардың  математикалық  сауаттылығының  деңгейі  білу 
(еске  түсіру),  қолдану  (байланыстарды  орнату),  ойлау  (пайымдау, 
тұжырымдау) деңгейлерi бойынша анықталады.  
Білу  деңгейі  бойынша  оқушылардың  терминдерді,  сандарды  қасиеттері 
бойынша  суреттеу  және  есептеу;  график  пен  кестеден  мәліметтерді  алу; 
құралдарды  қолдану;  классификациалау,  математикалық  объектілерді  танып 
білу қабілеттері бағаланады.  
Қолдану  деңгейі  бойынша  нәтижелі  шешу  тәсілін  таңдау;  математикалық 
ақпаратты  талдау  және  көрсету;  модельдеу;  тізбекке  байланысты 
тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.  
Ойлау  деңгейі  бойынша  объектілердің  арасындағы  тәуелділікке  талдау 
жасау;  қорытындылау,  әртүрлі  шешу  жолдарын  синтездеу;  дұрыс/бұрыс 
айтылғандарды  дәлелдеу;  стандартты  емес  есептерді  шешу  қабілеттері 
бағаланады.  
Сондықтан  оқушылардың  математикалық  сауаттылығының  нәтижесін 
жақсарту  және  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  математика  сабағында 
меңгерген  білім,  біліктілігін  тәжірибеде  және  күнделiктi  өмiрде  пайдалана 
білуге  негізделген  практикаға  бағдарланған  тапсырмаларды  пайдалану 
ұсынылады.  
Бұл  тапсырмаларды  әзiрлеу  және  қолдану  кезінде  TIMSS  халықаралық 
салыстырмалы  зерттеулердiң  тапсырмаларының  жүйесіне  негіздеу  керек.  Осы 
тұрғыда  мұғалімдерге  көмек  ретінде  «PISA,  TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  математикалық  сауаттылықтарын 
дамыту»  әдістемелік  құралы  әзірленді  және  ол  Академияның  сайтында 
орналастырылған  (www.nao.kz).  Бұл  әдістемелік  құралда  TIMSS  зерттеулерінің 
тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  дамыту 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  берілген.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін 
зерттеуде қолданылған тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.  
 
Математика  
Бастауыш 
сыныптардағы 
(1-4-сыныптар) 
математика 
пәні 
– 
«Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні.  
Оны  игеруде  1 000  000-ға  дейінгі  натурал  сандар  және  нөл  санының 
арифметикасы,  негізгі  шамалар,  алгебра  мен  геометрия  элементтерін  негізгі 
орта мектепте білімді жалғастыру үшін  құрылған.  
Пәнді  оқыту  мақсаты  –  ұлттық  және  жалпыазаматтық  құндылықтар 
негізінде  тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  қажетті  деңгейін  қамтамасыз 

48 
 
етуге  бағытталған  математиканың  базистік  негізін  сапалы  игеруді  қамтамасыз 
ету;  көрнекі-бейнелі,  логикалық  және  абстрактылы  ойлауды  қалыптастыру, 
негізгі  орта  білім  деңгейінде  алгебра  мен  геометрияны  игеруге  практикалық 
негіз жасау деп белгіленген.  
Оқытудың міндеттері:  

 
тұлғаның  зейін,  қабылдау,  есте  сақтау,  ойлау,  ауызша  және  жазбаша, 
сонымен  қатар  математика  тілінде  сөйлеу,  т.б.  функционалдық  қасиеттерін 
дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;  

 
бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу-танымдық  қызметін  (жоспарлау, 
жоспар  бойынша  әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның  ішінде  ойлау  қызметін 
(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі 
бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;  

 
оқытуды  білімнің  келесі  деңгейлерінде  жалғастыру  үшін  оқушыға 
қажетті  математикалық  білім  мен  білікті,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 
дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты 
дайындық жүргізу;  

 
оқуға  деген  ынтасын,  математикаға  деген  қызығушылығын,  танымдық 
қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;  

 
стандартты  емес  және  қызықтылық  сипаттағы  тапсырмалар  негізінде 
жобалау  қызметі  және  өмірлік  жағдайлардағы  мәселелерді  шешу  арқылы 
математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;  

 
баланың  тұлғалық  қасиеттерін,  яғни  жауапкершілік,  белсенділік, 
мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;  

 
қарым-қатынас  мәдениетін,  үлкендерге  құрмет  көрсету  мен  кішілерге 
қамқор  болуға,  қоршаған  ортаны  қорғауда  өз  белсенділігін  көрсетуге  баулу, 
патриоттық  сезімді  тәрбиелеу,  қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп  жатқан 
этностардың  тарихына,  мәдениетіне,  әдет-ғұрпына  құрмет  көрсетуге  үйрету, 
математика  ғылымының  дамуы  барысында  жинақталған  құндылықтарға 
қатыстыру кіреді.  
Математиканы оқыту ерекшелігі.  
1-сыныпта 0 санынан 10 санына дейінгі сандармен, 10-ға дейінгі сандарды 
қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен, толық ондықтармен таныстыру 
басталады; «10-нан 20-ға дейінгі сандар» жаңа материалы енгізілген; 2-сыныпта 
қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.  
«10-нан  20-ға  дейінгі  сандар»  жаңа  тақырыбына  6  сағат  бөлінген.  4-
тоқсанның  қалған  сағаттары  игерілген  материалды  пысықтау  мен  қайталауға 
арналған.  Сондықтан  математика  сабағындағы  жұмыстар  жаңа  тақырыптарды 
енгізе отырып, қолданыстағы оқулықтар бойынша жүргізіледі.  
2-сыныптағы  математика  пәнінің  мазмұны  1-сынып  бағдарламасы  мен 
оқулық мазмұнына бейімделе жазылған.  
2-сыныптың алғашқы сабақтарындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған 
білімдерін  пысықтауға  бағытталған.  Осы  сыныпта  100-ге  дейінгі  сандар 
игеріледі;  10-нан  20-ға  дейінгі  сандарын  игеру  тарауының  сағат  саны 
арттырылған;  көбейту  және  бөлу  арифметикалық  амалдарымен  таныстыру 

49 
 
басталады.  «Көбейту  мен  бөлу  амалдары»  тақырыбын  игертуге  20  сағат 
бөлінген.  
3-сыныптағы  математика  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  өзгеруіне 
және көбейту мен бөлудің 2-сыныпта қарастырылуына байланысты 3-сыныпта 
қайталауға  берілген  сағаттар  саны  4  сағаттан  14  сағатқа  дейін  көбейтілді. 
Осыған  қатысты  3-сыныптағы  алғашқы  14  сабақтың  мазмұны  толығымен 
өзгертілді.  
Жаңа  бағдарламаға  сәйкес  3-сыныптың  оқулығына  жаңа  тақырыптар 
енгізілді:  

 
ұзындық бірлігі – миллиметр (1 мм). 1 см = 10 мм қатынасы;  

 
геометриялық  фигуралардың  аудандарын  «көзбен»  және  беттестіру 
арқылы салыстыру;  

 
аудан  бірліктері  –  1  м
2
,  1  дм
2
,  ар  (1  а).  Аудан  бірліктері  арасындағы 
қатынастар: 1 м
2
 = 100 дм
2
, 1 дм
2
 = 100 см
2
1см
2
 = 100 мм
2
,
 
1 а = 100 м
2
;  

 
қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км / сағ, 1 м / мин, 1 см 
/ с және т.б.;  

 
теңдеулерде  a,  b,  c,  d  латын  әріптерінің  (бұл  әріптер  математикада 
тұрақты  шамаларды  белгілеу  үшін  қолданылады)  орнына  x,  y,  z  әріптерін 
қолданылған;  

 
х + 4 

 2  =  24  түрдегі  күрделі  теңдеулер.  Оларды  шешу  арифметикалық 
амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелеріне негізделген;  

 
екі әрпі бар әріпті өрнектер: а + 3 + b. Әріптердің берілген мәндерінде 
осындай әріпті өрнектің мәнін табу;  

 
тарихи мағлұматтар, математикалық фактілер.  
Оқушыларды  отандық  және  әлемдік  жетістіктерге  тарту,  оқушыларда 
математиканы мәдениеттің бір бөлігі ретінде түсінік қалыптастыру мақсатында 
оқулыққа  қысқаша  тарихи  мағлұматтар  және  математикалық  тапсырмалар 
(оларды игеру бақылауды қажет етпейді) кірістірілген (мысалы, арифметикалық 
амалдардың  белгілерін,  жақшаны,  санның  орнына  әріпті,  теңдеуде  белгісізді 
енгізген  ғалым-математиктермен  таныстыру;  қазақ  халқының  сыйымдылыққа 
қатысты ежелгі өлшемдерімен таныстыру).  
Оқушылардың логикалық ойлауы мен математика тілінде сөйлеуін дамыту 
және  олардың  математиканы  игеруге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында күрделі есептер (барлық оқушыларға міндетті емес) ретінде келесі 
тапсырмалар енгізілген:  

 
кестемен берілген логикалық есептер;  

 
сөзжұмбақтар  (олар  ең  алдымен  математикалық  терминологияны 
меңгеруге,  математика  тілінде  сөйлеуге,  ғалым-математиктермен  таныстыруға 
бағытталған);  

 
«сиқырлы» шаршылар;  

 
математикалық  ребустар,  оларды  шешу  нәтижесінде  оқушылар  ғалым-
математиктер (Пифагор, Рекорд, Лейбниц, Виет, Евклид) жайлы біледі;  

 
мазмұны экономикаға қатысты есептер;  

 
салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған есептер.  

50 
 
4-сыныпта  1 000 000  дейінгі  сандар,  миллион  көлемінде  осы  сандарға 
қолданылатын  арифметикалық  амалдар,  жылдамдық,  текше,  тікбұрышты 
параллелепипед оқытылады.  
Бастауыш  білім  мазмұнын  меңгерудің  пәндік  нәтижелері  бес  балдық 
бағалау жүйесімен бағаланады.  
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ғылыми 
жобаларды қорғау, ауызша сұрақ-жауап түрінде өткізу ұсынылады.  
«Математика»  пәнінен  ағымдық  бақылау  нысандары  жазбаша,  ауызша 
түрде  ұйымдастырылады.  Ағымдық  бақылау  жұмыстары  аптасына  1  реттен 
артық өткізілмейді.  
Тақырыптық  бақылау  жұмыстарын  жазбаша  түрде  ұйымдастыру 
ұсынылады.  Математика  пәнінен  ұйымдастырылатын  қорытынды  бақылауды 
бақылау  жұмыстары  мен  кешенді  тестік  тапсырмалар  арқылы  ұйымдастыруға 
болады.  
1-4-сыныптарға  арналған  «Математика»  пәнінен  бақылау  жұмыстарының 
тоқсандар бойынша бөлінуі төмендегіше (4-кесте) ұсынылады.  
 
4-кесте  –  1-4  сыныптарға  арналған  математика  пәнінен  бақылау 
жұмыстарының түрлері мен сандары 
 
 
 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
1 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




2 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




3 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Барлығы: 




4 - сынып 
Бақылау жұмысы 




Өздік жұмысы 




Тестік тапсырмалар  




Барлығы: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет