Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1.64 Mb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата22.12.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

 
Алгебра  
Алгебра  –  математиканың  негізгі  бөлімдерінің  бірі.  Ол  ғылым  мен 
техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда 
болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады 
және  бейнеленеді.  Алгебра  пәні  мектепте  оқытылатын  көптеген  пәндерді,  ең 
алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, 
информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.  
Оқыту мақсаты: оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда 
тұлғааралық  және  этносаралық  мәдениетті,  өз  тағдырына  немқұрайлы 
қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.  
Оқытудың  міндеттері:  нақты  сандар  түсінігін  қалыптастыру;  бөлшек-
рационал және тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру, функциялар 
графиктерімен  жұмыс  жасау  біліктілігін  қалыптастыру;  теңдеулер  мен 
теңсіздіктерді  және  теңдеулер  мен  теңсіздіктер  жүйелерін  шешуді  үйрету; 
теңдеулер  мен  теңсіздіктер  және  олардың  жүйелерінің  көмегімен  мәтіндік 
есептерді  шығаруды  үйрету;  статистикалық  мәліметтерді  талдау  және 
көрсетудің негізгі тәсілдерімен таныстыру, қарапайым ықтималдық түсініктерді 
қалыптастыру.  
7-9-сыныптардағы  алгебра  курсын  оқыту  теорияны  дедуктивті  жолмен 
баяндауға  көшумен  ерекшеленеді.  Алгебра  курсын  оқып-білуде  оқушылар 
математикалық  аппараттың  негізін  құрайтын  біліктіліктер  мен  дағдыларды 
меңгеретін  болады  және  оларды  әртүрлі  есептерді  шығаруда  белсенді  түрде 
қолданады.  Алгебра  курсы  төрт  мазмұндық  бағытта  құрылады:  сандар  және 
өрнектер,  тепе-тең  түрлендірулер,  теңдеулер  мен  теңсіздіктер,  функциялар. 
Барлық  осы  бағыттар  жекелей  дамытылмайды,  олар  тығыз  байланысып,  өзара 
әрекеттесумен 
қарастырылады. 
Ықтималдықтар 
теориясы 
бойынша 
материалдар 8-сыныптан бастап оқытылады.  
Математикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  мақсатында  оқушыларға 
келесі іскерліктерді үйрету ұсынылады:  

 
анықтамалықтарды  қолдану,  оқу,  әдістемелік  және  анықтамалық 
әдебиеттерден  анықтамаларды,  формулалар  және  басқа  да  тұжырымдарды 
іздеу;  

 
әртүрлі  өмірлік  жағдайларда  алгебралық  білім,  білік  және  графиктік 
дағдыларды қолдану;  

 
ақпаратты табу, талдау, өңдеу және жинақтау;  

 
математикалық  формулаларды  қолдану,  дербес  жағдайларды  жалпылау 
негізінде  шамалар  арасындағы  тәуелділіктің  формулаларын  өздігінен 
құрастыру;  

 
қоршаған  орта  мен  саралас  пәндердегі  заңдылықтарды  суреттеу  және 
талдау үшін игерілген алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік 

79 
 
кескіндеуді қолдану;  

 
дәлелдемелі  пайымдау  жүргізу,  талқылауға  қатысу  және  логикалық 
негізделген қорытындылар жасау;  

 
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), 
математикалық  терминология  мен  символдарды  қолдана  отырып,  өз  ойын 
ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру;  

 
қажеттілігіне  қарай  анықтамалықтар  мен  қарапайым  есептеу 
құрылғыларын пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;  

 
кестелер,  диаграммалар,  графиктер  түрінде  берілген  шынайы  сандық 
мәліметтерді, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау;  

 
қолданбалы  сипаттағы  математикалық  есептерді  шешу  құралы  ретінде 
заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.  
Мұғалімдерге  көмек  ретінде  «7-9-сыныптары  оқушыларына  арналған 
алгебрадан  деңгейлік  тапсырмалар»  дидактикалық  материалдар  әзірленіп, 
Академия  сайтында  орналастырылған  (
www.nao.kz
).  7-9-сынып  оқушыларына 
арналған  алгебрадан  деңгейлік  тапсырмалар  осы  сыныптардағы  алгебра 
курсының негізгі тарауларын қамтиды. Тапсырмалар оқушылардың білімдерін 
жүйелеуге, жалпылау мен тексеруге арналған.  
«Алгебра»  пәні  бойынша  7-9-сыныптардағы  сағат  саны  аптасына  
3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.  
 
Геометрия  
Негізгі мектептегі геометрия курсы – жаратылыстану-ғылыми пәндері мен 
формальді-логикалық теорияның ерекшеліктерін үйлестіретін оқу пәні.  
7-9-сыныптарда  геометрияны  оқу  барысында  оқушылардың  бойында 
жазықтықтағы  геометриялық  фигуралар  туралы  білімдері  қалыптасып, 
тереңдетіледі  және  жүйеленеді,  логикалық  және  бейнелік  ойлауы  дамиды. 
Оқушылардың  геометриялық  білім  мен  біліктер  жүйесін  басқа  да 
жаратылыстану-ғылыми  пәндерімен  бірге  кешенді  түрде  меңгеруі  олардың 
ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыруға  және  қоршаған  әлемді  танып  білуге 
мүмкіндік жасайды.  
Пәнді  оқытудың  мақсаты:  барлық  оқушыларды  одан  әрі  оқуға  қажетті 
геометрия  облысындағы  математикалық  дайындықтың  базалық  деңгейімен 
қамтамасыз  ету;  сабақтас  пәндер  мен  жоғары  сыныпта  стереометрия  курсын 
игеруге  қажетті  дайындық  жүргізу;  оқушылардың  кеңістіктік  түсініктерін, 
бейнелік ойлауды қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту; геометриялық 
салуларды  орындау  және  оның  дұрыстығын  негіздей  білу  біліктігі  мен 
дағдыларын қалыптастыру және дамыту; геометриялық білім мен математикалық 
іс-әрекет  дағдылары  негізінде  практикалық  қызмет  дағдыларын  қалыптастыру 
және дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, 
эстетикалық талғамды дамыту.  
Оқыту  міндеттері:  оқушылардың  геометриялық  фигуралар  туралы 
түсініктерін,  бір  немесе  бірнеше  геометриялық  фигуралар  элементтерінің 
арасындағы  сандық  және  сапалық  қатыстарды  қалыптастыру;  дедукциялық 
ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын қалыптастыру және дамыту; 

80 
 
қарапайым сызбаларды салу, өлшеу дағдыларын қалыптастыру; өздігінен білім 
алу  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту;  нақтылы  объектіні  бір  немесе 
бірнеше  геометриялық  фигуралар  түрінде  беру  біліктігін  қалыптастыру  және 
дамыту; жазық фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білімдерін кеңейту 
және  жүйелеу;  есептеуге,  дәлелдеуге  және  салуға  арналған  геометриялық 
есептерді  шешу  біліктігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту; 
күрделілігі  әртүрлі  сызбалардағы  геометриялық  фигураларды  тану,  есептерді 
шешу  кезінде  қосымша  салулар  мен  көмекші  сызбаларды  пайдалану  біліктігі 
мен дағдыларын ұлғайту; жазықтықтағы түрлендірулер арқылы алынған жазық 
фигуралардың  бейнелерін  салу  біліктігін  қалыптастыру  және  дамыту; 
геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешу біліктігі мен дағдыларын 
қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кеңістік және кеңістіктік фигуралар 
туралы  түсініктерін  қалыптастыру;  оқушыларды  кеңістіктік  фигуралардың 
кескіндерімен  және  олардың  элементтерімен  таныстыру;  геометриялық 
шамаларды  табуға  арналған  практикалық  есептерді  құрастыру  және  шешу 
(қажет  болған  жағдайда  анықтамалықтарды  және  техникалық  құралдарды 
пайдаланып)  біліктігін  қалыптастыру  және  дамыту;  жазық  және  кеңістіктік 
геометриялық  фигуралардың  қасиеттері  туралы  ғылыми  ақпараттарды 
жинақтай,  талдай,  өңдей  және  пайдалана  білу  біліктігін  қалыптастыру  және 
дамыту.  
7-сыныпта  оқушылар  геометриялық  фигуралармен  (нүкте,  түзу,  сәуле, 
кесінді,  бұрыш,  жазықтық,  үшбұрыш,  шеңбер),  олардың  қасиеттерімен; 
геометриялық 
қатынастармен 
(тиістілік, 
қиылысу, 
параллельдік, 
перпендикулярлық,  теңдік);  геометриялық  шамалармен  (кесіндінің  ұзындығы, 
бұрыштың  өлшемі)  танысады.  Оқушылар  геометриялық  фигуралар  мен 
қатынастардың  қасиеттерін  оқып  біледі,  есептер  шығарады,  теоремаларды 
дәлелдейді, циркуль және сызғыштың көмегімен негізгі салуларды орындайды. 
Сызбаларды  орындау  дағдылары  геометриялық  түсініктерді  қалыптастырумен 
қатар дамиды.  
8-сыныпта  оқушылардың  жазықтықтағы  геометриялық  фигуралар  туралы 
білімдері; геометриялық фигураларды салу және дедукциялық ойлау (тура әдіс, 
қарсы  ұйғару  әдісі)  дағдылары;  игерген  қасиеттер  мен  формулаларды 
қолданып,  геометриялық  шамалардың  (ұзындықтар,  бұрыштар,  аудандар) 
мәндерін  есептеу  біліктігі  қалыптасады,  тереңдетіледі  және  жүйеленеді. 
Оқушылар  сүйір  бұрыштың  тригонометриялық  функцияларымен  және 
жазықтықтағы 
координаталар 
әдісімен 
танысады; 
тригонометриялық 
өрнектерді  түрлендірудің  алғашқы  дағдыларын  және  геометриялық  есептерді 
шешуде координаталар әдісін қолдану дағдыларын меңгереді.  
9-сыныпта 
оқылатын  материалдың  теориялық  маңыздылығының, 
дедукциялық  рөлінің  және  қарастырылатын  объектілердің  абстракциялық 
дәрежесінің  артуымен  сипатталады.  Оқушылардың  білім  қоры  векторлық-
координаталық әдіс және түрлендірулер (қозғалыс және ұқсастық) әдісі сияқты 
геометриялық  фигуралардың  қасиеттерін  игерудің  жаңа  әдістерімен 
толықтырылады,  сонымен  қатар  стереометрия  элементтерімен  танысады. 
Басқадай  пәндермен  пәнаралық  байланыстар  тереңдетіледі.  Оқылған 

81 
 
фигуралардың  қасиеттеріне,  олардың  арасындағы  қатынастарға  сүйеніп, 
қосымша  салуларды,  алгебралық  және  тригонометриялық  аппаратты, 
симметрияны  қолданып  геометриялық  және  практикалық  мазмұнды  есептерді 
шешу  біліктігі  кеңейтіледі.  Практикалық  мазмұнды  мысалдарды  қарастыру 
оқушылардың  қоршаған  әлемдегі  геометриялық  формалар  мен  қатынастарды 
айыра білу және оларды геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамытады.  
Геометрияны  оқытудың  әдістемелік  ерекшелігі  –  планиметрия  курсын 
оқытуда  кеңістіктік  денелерді  пайдалану.  7-9-сыныптардағы  геометрия 
курсында  теорияны  дедуктивті  жолмен  баяндауға  көшу,  геометрияны 
оқытудың  алғашқы  кезеңдерінен  бастап  (7–сыныптан),  стереометрияны 
оқытуға дайындау жүзеге асырылады.  
Мұғалімдерге  көмек  ретінде  «Кеңістіктегі  планиметрия  есептері»  оқу-
әдістемелік  құралы  әзірленіп,  Академияның  сайтында  орналастырылған 
(
www.nao.kz
). Оқу-әдістемелік құралы планиметрия мен стереометрия курстары 
мазмұнының  сабақтастығын  қамтамасыз  етеді,  көрсетілген  бөлімдер  бойынша 
материалдардың кіріктірілу механизмін суреттейді, стереометриялық ортадағы 
планиметриялық  есептердің  кешенін  қамтиды.  Бұл  оқу-әдістемелік  құрал 
оқушылардың  геометриялық  білімдері  деңгейін  көтеріп,  кеңістіктік  ойлауын 
дамытқысы келген мұғалімдерге арналады.  
Математикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  мақсатында  оқушыларға 
келесі іскерліктерді үйрету ұсынылады:  

 
анықтамалықтарды  қолдану,  оқу,  әдістемелік  және  анықтамалық 
әдебиеттерден  анықтамаларды,  формулалар  және  басқа  да  тұжырымдарды 
іздеу;  

 
математикалық  формулаларды  қолдану,  дербес  жағдайларды  жалпылау 
негізінде  шамалар  арасындағы  тәуелділіктің  формулаларын  өздігінен 
құрастыру;  

 
индукциялық 
және 
дедукциялық 
ойлау 
тәсілдерін 
қолдану, 
геометриялық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын көре білу;  

 
геометриялық  шамаларды  табуға  байланысты  (қажеттілігіне  қарай 
анықтамалықтарды  және  техникалық  құралдарды  пайдаланып)  практикалық 
есептерді құрастыра және шығара білу;  

 
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), 
математикалық  терминология  мен  символдарды  қолдана  отырып,  өз  ойын 
ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру;  

 
қолданбалы  сипаттағы  математикалық  есептерді  шешу,  жазық  және 
кеңістіктік  фигуралардың  қасиеттерін  зерттеу  құралы  ретінде  заманауи 
ақпараттық технологияларды қолдану.  
«Геометрия»  пәні  бойынша  7,  8,  9-сыныптардағы  сағат  саны  аптасына  2 
сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
 
Информатика 
5-9-сыныптарда  «Информатика»  пәнін  оқыту  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  3  сәуірде  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу 
бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.  

82 
 
«Информатика» пәнін оқытуда абстракция, модельдеу және программалау 
жолдары арқылы ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып оқу 
үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді. 
«Информатика» оқу пәнін меңгеруде жүзеге асатын маңызды міндеттер:  

 
информатика, 
алгоритмдеу, 
программалау, 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар,  ақпараттық  модельдеу  салаларында 
теориялық білімді және практикалық білік пен дағдыны қалыптастыру; 

 
 алгоритмдік, 
операциялық  және  сындарлы  ойлау  қабілеттерін, 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  құралдары  арқылы  оқушылардың 
логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;  

 
жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру

 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануда  этикалық 
және  құқықтық  нормаларды  сақтауда  жауапкершілікпен  қарауға,  ақпараттық 
мәдениетке тәрбиелеу; 

 
өзіндік ізденіс пен түрлі ақпарат түрлерін терең талдау машығын игеру 
болып табылады. 
Бұл  қойылған  міндеттер  негізінде  пәннің  оқу  бағдарламасында 
информатиканы оқытудың дидактикалық міндеттері айқын көрсетілген. 
Әрбір  сыныпта  информатиканың  бірінші  сабағы,  есептеуіш  техника 
кабинетінде  қауіпсіздік  техниканың  ережелерін  және  жұмыс  орнын 
ұйымдастыруына  қайталауға  арналады.  Интернет  желісіндегі  жұмыстармен 
байланысты  практикалық  тапсырмаларды  орындау  барысында  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  ақпараттармен  бірге  этикалық  және 
құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді. 
Информатика пәнінің әдістемелік ерекшелігі қарқынды дамып келе жатқан 
әлем шартында оқушылардың АКТ құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. 
Пәнді оқыту ақпараттық сауаттылық деңгейді көтеруге,  АКТ квалификациясы 
негіздерін білу және түсінуге, алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттеріне 
меңгеруге бағытталу керек. 
Оқушылардың  информатика  пәніне  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында жобалық іс-әрекеттер ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық 
іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану 
информатика  пәні  бойынша  ғана  оқу  сапасын  көтеріп  қоймайды,  пәнаралық 
байланысты  жасайды.  Жобалық  іс-әрекеттерге  тақырыптарды  мұғалім  өз 
қалауы  бойынша  өткен  тараулардан  алуына  болады.  Жобамен  жұмыс  істеу 
барысында  оқушылар  топтасып  немесе  жеке  жұмыстарын  жоспарлау,  мақсат 
қою,  қажетті  ақпаратты  іздеу,  гипотезаны  ұсыну  және  дәлелдеу, 
эксперименттер жүргізу, өз жобаларын қорғаулары тиіс.   
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 

83 
 
4.3 «Жаратылыстану» білім саласы  
 
Ұзақ  мерзімді  «Қазақстан-2050»  стратегиясының  басты  мақсаты  тиімді 
экономика, мықты мемлекет негізінде экологиялық қауіп-қатер болдырмайтын 
және  өз  аумағының  табиғатын  сақтау  мәселелерін  шеше  алатын  салауатты 
азаматтық қоғам құру болып табылады. Ел Президенті анықтаған ғаламдық он 
сын-қатерінің  бесеуі  «Адам-қоғам-табиғат»  арасындағы  тепе-теңдікті  сақтауға 
қатысты. 
Ғылыми-жаратылыстану білім беру саласы оқушылардың бойында табиғат 
құбылыстары  және  заңдылықтары  жайлы  ұғым  қалыптастырады;  табиғатты 
танып-білудің  ғылыми  әдістерімен  таныстырады.  Ол  адамға  табиғаттың  бір 
бөлігі  ретінде  тек  табиғат  әлемін  түсінуге  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұл 
құбылмалы  әлемде  дүниетанымдық,  мәдени  және  білікті  тұлғаның 
қалыптасуына, жүйелі-құнды жеке тұлғалық тәрбие беруге бағытталған. 
«Жаратылыстану»  білім  саласының  пәндерін  оқытудағы  басты 
компоненттерінің  бірі  ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығы,  яғни  тұлғаның 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Халықаралық 
зерттеулердің  нәтижелері  бойынша  қазақстандық  мектеп  оқушыларының 
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы деңгейінің төмендігі анықталды. Осыған 
байланысты  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерін  оқыту  барысында 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жұмысын күшейту қажет. 
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны кіріктірілген, оның құрамына 
енгізілген пәндер: жаратылыстану, география, биология, химия, физика.  
Негізгі орта білім деңгейінде географиялық білім қалыптастыру төмендегі 
пәндер бойынша жүзеге асырылады: 
-
 
5-сыныпта – «Жаратылыстану» пәні; 
-
 
6-9 сыныптарда – «География» пәні. 
 
Жаратылыстану  
«Жаратылыстану»  оқу  пәнінің  мазмұны  табиғатты  ғылыми  тұрғыдан 
танудың  әдістерін  ашады;  Ғалам,  Күн  жүйесі,  Жер  ғаламшары,  оның 
қозғалысы,  пішіні,  беткі  қабаты,  магниттік  қасиеттері  жайлы,  атмосфера, 
гидросфера, литосфера және Жер ғаламшарындағы адам туралы түсінік береді; 
денелер мен заттар, олардың қасиеттері; Жердің тірі қабаты туралы; қоршаған 
орта және адамның ондағы орны туралы білім қалыптастырады. 
Жаратылыстану  курсын  оқытудың  мақсаты  оқушылардың  бойында 
ғылыми-жаратылыстану  білімдерін,  түсініктерін  және  саналы  қоғамдастығы 
бар  бірегей  ғаламшар  ретіндегі  Жер  туралы  біртұтас  көзқарастарын,  табиғат 
пен  қоғамның  өзара  жүйелі  байланысын,  жүйелі-кешенді  ойлау  мен 
функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады. 
Оқытудың  міндеттері:  курс  бастауыш  мектепте  алған  білім,  біліктілік 
және  дағдынының  сабақтастығын  әрі  қарай  жалғастырады,  сонымен  қатар 
Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және 
жеке 
тұлғаның 
жалпы 
мәдениеттілігін 
тәрбиелеуді 
жалғастырумен  
ұштастырылады; экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат 

84 
 
құбылыстарын  жоғары  деңгейде  түсіндіре  білу  және  өз  іс-әрекетінің 
қорытындыларын 
алдын-ала 
болжауды 
жүзеге 
асыру 
дағдыларын 
қалыптастыру,  табиғат  ресурстарын  қалпына  келтіру,  өзгерту,  зерттеу 
барысында 
қолданылатын 
жаратылыстану 
ғылымдары 
әдістерімен 
оқушыларды  таныстыру  жалғастырылады;  қоршаған  ортаны  танудың  ғылыми 
жаратылыстану  тәсілдерін  пайдалану  дағдылары  (бақылау,  өлшеулер, 
тәжірибелер,  зерттеу  жұмыстарының  жоспарын  жасау,  нәтижелерді  талдау 
және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады. 
5-сыныптағы  жаратылыстанымдық  білім  мазмұны  келесі  принциптер 
бойынша  құрылған:  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  келу; 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  болу;  оқу  пәні  мазмұнының 
«Дүниетану»  курсы  мазмұнымен  сабақтастығы;  ғылыми-жаратылыстанымдық 
білім 
берудің 
практикалық-қолданбалы 
бағытын, 
функционалдық 
сауаттылықты және өлкетану аспектілерін жүзеге асыру. 
Жаратылыстануды  оқыту  жалпы  қажетті  құралдар  және  арнайы 
аспаптармен,  географиялық  карталармен,  атластармен,  баспа  құралдарымен, 
аудио  және  бейне  материалдармен,  басқа  да  техникалық  оқыту  құралдарымен 
арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде жүзеге асырылады. 
 
Қарастырылатын  сұрақтардың  алуан  түрлілігіне  және  оқушылардың 
бойында  табиғат,  табиғи  үдерістердің  біртұтастығы  жайлы  көзқарасты 
қалыптастыру  себебіне  байланысты  географиялық  циклдің  құрамына  кіреді, 
өзінің мағынасы мен мазмұнына қарай кіріктірілген курс болып табылады. 
Бақылаулар  және  практикалық  жұмыстар  мектептің  оқу-тәжірибелік
 
үлескісінде  өткізіледі.
 
Міндетті  түрде  бағаланатын  (екі)  практикалық  жұмыс 
нөмірмен белгіленген. 
5-сыныпта  «Жаратылыстану»  пәні  бойынша  сағат  саны  аптасына  1  сағат, 
оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
География  
Мектептiң  бiлiм  беру  жүйесiнде  жас  ұрпақты  жан-жақты  дамыту  мен 
тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және географиялық 
мәдениет,  қоршаған  ортаға  деген  саналы  қарым-қатынас  қалыптастыруда, 
функционалды  сауатты,  шығармашыл  тұлға  тәрбиелеуде,  Жер  бетiндегі 
тiршiлiктi  сақтауда,  табиғат  пен  қоғам  алдындағы  жауапкершiлiкті  сезiнуде, 
қазіргі  әлемде  Қазақстанның  орнын  түсінуде  және  ел  әлеуетін  көтерудегі  өз 
үлесін ұғынуда география пәнi үлкен рөл атқарады. 
Білім  берудің  негізгі  орта  деңгейінде  географияны  оқытудың  мақсаты  – 
оқушылардың  бойында  ғылыми  жаратылыстану  білімін,  саналы  бірлестігі  бар 
ғажайып  ғаламшар  ретіндегі  Жер  туралы  түсініктері  пен  көзқарастарын 
дамыту, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы туралы;  қазіргі 
география  ғылымы,  оның  жетістіктері  мен  адамзат  алдында  тұрған  маңызды 
проблемаларды  шешудегі  рөлі  туралы  түсінік  қалыптастыру;  географиялық 
ойын  қалыптастыру;  Қазақстандағы  және  дүниежүзіндегі  табиғи,  әлеуметтік-
экономикалық  және  экологиялық  үдерістердің  географиялық  аспектілерін 
анықтау  үшін  қажет  табиғат  дамуының  заңдылықтары,  халықтың  және 

85 
 
шаруашылықтың  орналасуы,  географиялық  кеңістікте  болып  жатқан 
үдерістердің  динамикасы  мен  аумақтық  ерекшеліктері  туралы  кешенді 
әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыру. 
Оқыту  мақсаттарына  сәйкес  «География»  пәнін  оқытудың  келесі 
міндеттері  анықталды:  география  ғылымы  және  Жер  туралы  серіктес 
ғылымдардың  негізін  меңгерту;  планета  табиғатының  дамуы  туралы 
ғылымикөзқарас  дамыту;  табиғат  ресурстарын  үнемді  де  тиімді  пайдалануға 
және  қоршаған  ортаны  қорғауға,  табиғи  және  экологиялық  жағдайды  бағалау 
мен  болжауға  қажетті  білім  мен  біліктілікті  меңгерту;  оқу  еңбегіне  қажетті 
біліктілік  пен  дағдыларды  қалыптастыру,  зерттеушілікке  құштарлықты,  зейін 
және  байқағыштықты,  логикалық  ойлауды,  есте  сақтау  қабілетін,  сөз 
шеберлігін  және  көптілділікті,  қиялдауды  дамыту;  географиялық,  саяси, 
экономикалық,  басқа  да  ғылыми  және  әдістемелік  ақпаратты,  карталарды, 
мерзімді  баспасөз  басылымдарын,  ғаламторды,  білім  берудің  цифрлық 
ресурстарын  қолдана  білу  дағдыларын  дамыту;  өз  өмірі  және  әрекеті 
барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және 
шеберлікті 
меңгерту; 
жоғары 
отансүйгіштік 
сезімге, 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясын
 
сыйлауға  тәрбиелеу,  белсенді  өмірлік 
көзқарас қалыптастыру. 
География  курсының  құрылымы  мен  мазмұнын  іріктеу  барысында  оқу 
материалын  оқудағы  бірізділік  принципі  және  пәнаралық  байланысты 
жалғастыру  тәсілі  негізге  алынған,  6–9-сынып  оқушыларының  жас 
ерекшеліктері  ескерілген,  оқыту  үдерісінің  тұлғалық-бағдарлану  тәсілі 
қарастырылған.  
6-7-сыныптардағы  «География»  оқу  пәнінің  мазмұны  оқушылардың 
бойында  Жер  туралы  жалпы  түсінік  қалыптастыруға;  жергілікті  жерде,  план, 
карта  бойынша  бағдарлау  тәсілдерін;  Жер  қабықтары;  жалпы  географиялық 
заңдылықтар;  материктер  және  мұхиттар  табиғат  кешендерінің    қалыптасу 
тарихы мен географиялық ерекшеліктері туралы түсінік беруге бағытталған.
 
8-9-сыныптардағы  «География»  оқу  пәні  оқушыларды  Қазақстанның 
физикалық  және  экономикалық-географиялық  жағдайымен,  елдің  табиғи  және 
шаруашылық  ерекшеліктерімен,  оның  табиғи  және  экономикалық  аймақтары, 
Қазақстан  Республикасының  сыртқы  экономикалық  байланыстары  және 
Қазақстанның 
дүниежүзілік 
экономикадағы 
орны 
туралы 
білім 
қалыптастырады.  «Ел  шаруашылығы»,  «Тұрақты  даму»,  «Даму  стратегиясы», 
«Жасыл  экономика»  терминдерінің  ғылыми-теориялық  және  практикалық 
мәнін зерделеу, сонымен қатар олардың аймақтық және жергілікті мәнін түсіну, 
Қазақстан  Республикасы  жаһандық  геоэкономикалық  кеңістікте  ұлттық 
«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыру  аясында  тұрақты  дамып  келе  жатқан  ел 
туралы  ғылыми  негізделген  көзқарасты  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды 
болып табылады.  
Пәнді  оқытуда  сыныптан  тыс,  экскурсиялық-экспедициялық  жұмыстар 
ұйымдастыру,  қолданбалы  курстар  өткізу  және  сабақ  барысында  өлкетану 
аспектісі  қамтылуы  қажет.  Оқушылар  картографиялық  жұмыстар,  далалық 
зерттеулер  мен  практикалық  жұмыстар  орындау,  түрлі  диаграммалар  мен 

86 
 
кестелер  құрастыру,  экономикалық,  тарихи-географиялық  нысандар  мен 
оқиғаларды  суреттеу,  табиғи  және  экономикалық  құбылыстар  мен  үдерістерді 
бақылау барысында алған білімдерін дамытады. 
Сабақ  барысында  орындалатын  практикалық  жұмыстар,  географиялық 
құбылыстарды  бағалауға,  болжауға,  түсіндіруге,  сипаттауға,  анықтауға, 
сонымен  қатар  картамен,  оның  өлшеуіш  ресурстарымен  жұмыс  істеуге 
бағытталған.  Міндетті  түрде  бағаланатын  практикалық  жұмыстар  нөмірмен 
белгіленген. 
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру аясында сабақтарда 
практикалық  бағытта  ойлауды,  география  пәнінен  алған  білімді  сабақта, 
сабақтан  тыс  және  өмірлік  түрлі  жағдайларда  қолдану  біліктілігін 
қалыптастыратын  тапсырмалар  қолдану  ұсынылады.  Оқу  тапсырмаларын 
әзірлеу барысында халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің үлгі тапсырмалар 
жүйесіне сүйену қажет. 
Бақылау  түрлері:  бақылау,  өздік  жұмыстары,  тест  тапсырмалары,  ауызша 
сұрақ-жауап.  
Ағымдық бақылау жұмыстарын жазбаша және ауызша түрде жүзеге асыруға 
болады.  Ағымдық  жазбаша  бақылау  жұмыстарын  өздік  жұмыс  немесе  тест 
тапсырмалары арқылы өткізуге болады. 
Тақырыптық 
бақылау 
бағдарламаның 
жекелеген 
бөлімдері 
мен 
тақырыптарының  негізгі  сұрақтарын  таңдау  арқылы  жазбаша  түрде  өткізуге 
болады. 
Қорытынды  бақылау  жұмысын  аралас  сипаттағы  жұмыстар  немесе  кешенді 
тестілеу арқылы өткізуге болады. 
Оқушылардың 
ғылыми 
жаратылыстану 
сауаттылығын 
дамытуда 
мұғалімдерге  көмек  көрсету  мақсатында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы:  
1)  «PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың 
ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  дамыту»  әдістемелік  құралын 
әзірледі.  Әдістемелік  құралда  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары 
негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту 
бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  және  оқушылардың  білім  жетістігін 
халықаралық зерттеуде қолданылған тапсырмаларының үлгілері қамтылған. 
2)  халықаралық  зерттеу  тапсырмаларын  орындау  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар  мен  нұсқаулар:  халықаралық  зерттеу  тапсырмаларын  орындау 
бойынша  практикум.  Практикумда  халықаралық  зерттеу  тапсырмаларының 
ерекшеліктері  көрсетілген,  тапсырмаларды  орындау  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар  мен  нұсқаулар,  сонымен  қатар  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың нұсқалары берілген. 
3)  «PISA-2015  халықаралық  зерттеулерге  дайындықты  әдістемелік  және 
ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету»  әдістемелік  жинағы.  Жинақта  PISA 
зерттеулері тапсырмаларының негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану 
сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырма үлгілері берілген. 
Аталған құралдар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. 
«География» пәнінің сағат саны: 

87 
 
6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;  
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
 
Каталог: files -> blog
blog -> А. Райымбергенов
blog -> «Абайтану»
blog -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blog -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blog -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blog -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blog -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blog -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blog -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет