Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата18.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#10020
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы
стандартқа 
 сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
2-қосымшаға
      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні жыл сайын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Осы стандартқа 
 уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне
2-қосымшада
(әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін

лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы
алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік
қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының
«сұрақ-жауап» бөліміне;
      2) www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы
бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен
ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы
бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы
жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік
қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 21-тармағының 
 мекенжайы мен телефондары көрсетілген
3) тармақшасында
уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының
заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды
тұлғаның атына жіберілуі керек.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда),
пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы
тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі
мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке
алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы 
 белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш
Заңында
берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон
беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық
өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш
туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас
тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру  
бағдарламалары бойынша бiлiм беру    
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік қызмет стандартына     
1-қосымша                 
Уәкілетті органдардың мекенжайы

Департаменттің атауы
Мекенжайы
Байланыс телефоны
1
2
3
4

1
«Ақмола облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
020000, Ақмола облысы,
Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 76
8 (716 2) 25-55-95.
2
«Ақтөбе облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ.
030000, Ақтөбе қаласы, Әлия
Молдағұлова даңғылы,34.
8 (7132) 95-46-03.
3
«Алматы облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
040000, Алматы облысы,
Талдықорған қаласы, Каблиса
Жырау к-сі, 202.
8 (7282) 22-21-22.
4
«Атырау облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
060011, Атырау қаласы,
Студенттер даңғылы, 212,
8 (7122)27-63-14.
5
«Шығыс Қазақстан облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
070020, Шығыс Қазақстан
облысы, Өскемен қаласы,
Амурская к-сі, 18 А.
8 (7232) 52-60-80,
тел/факс 78-52-65.
6
«Батыс Қазақстан облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
090000, Батыс Қазақстан
облысы, Орал қаласы,
Студенттер к-сі, 1
8 (7112) 26-03-80.
7
«Жамбыл облысының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
080000, Жамбыл облысы, Тараз
қаласы, Сүлейманов к-сі, 7
8 (7262) 45-46-97.
8
«Қарағанды облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
100028, Қарағанды қаласы,
Сәбит Мұқанов к-сі, 1
8 (7212) 79-39-96.
9
«Қостанай облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
110000, Қостанай қаласы, Абай
даңғылы, 32
8 (7142) 12-00-14.
10
«Қызылорда облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
120014, Қызылорда қаласы, Төле
би к-сі, 36
8 (7242) 27-05-47.
11
«Маңғыстау облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
130000, Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы, 14-шағын аудан,
50
8 (7292) 43-84-63.
12
«Павлодар облысының Білім
саласындағы бақылау
департаменті» ММ
140000, Павлодар қаласы,
Толстой к-сі, 99
8 (7182) 62-26-44,
62-64-89
13
«Солтүстік Қазақстан облысының
Білім саласындағы бақылау
департаменті» ММ
150000, Солтүстік Қазақстан
облысы, Петропавловск қаласы,
Пушкин к-сі, 85
8 (7152) 46-13-35.
14
«Оңтүстік Қазақстан облысының
Білім саласындағы бақылау
департаменті» ММ
160012, Оңтүстік Қазақстан
облысы, Шымкент қаласы, Тәуке
хан даңғылы, 5
8 (7252) 21-46-77.
15
«Астана қаласының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
010000 Астана қаласы, 19
Магистраль, 29
16
«Алматы қаласының Білім
саласындағы бақылау департаменті»
ММ
050010, Алматы қаласы, Жамбыл
к-сі, 25
8 (7272) 91-13-14.

«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру  
бағдарламалары бойынша бiлiм беру    
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік қызмет стандартына     
2-қосымша                 
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік
көрсеткіштері
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
Келесі жылдағы
көрсеткіштің
нысаналы мәні
Есеп жылындағы
көрсеткіштің ағымдағы
мәні
1
2
3
4
1. Уақытылық
1.1. құжат тапсырылған кезден
белгіленген мерзімде қызмет
көрсету жағдайларының %
(үлесі)
2. Сапа
2.1. қызмет көрсету барысының
сапасына қанағат болған
тұтынушылар % (үлесі)
3. Қолжетімділік
3.1. қызмет көрсету сапасы
және қызмет көрсету туралы
ақпаратқа қанағат болған
тұтынушылар % (үлесі)
3.2. ол туралы ақпарат
электрондық түрде қол жетімді
қызметтер % (үлесі)
4. Шағымдану барысы
4.1. осы қызмет бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)
5. Сыпайылылық
5.1.персоналдың сыпайылылығына
қанағат болған тұтынушылардың
% (үлесі)
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру  
бағдарламалары бойынша бiлiм беру    
қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, 
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттік қызмет стандартына     
3-қосымша                 

Лауазымды тұлғалардың байланыс деректері

Аты-жөні
Лауазымы
Мекенжай
Телефон
1
2
3
4
5
1
Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы
ҚР БҒМ білім және
ғылым саласындағы
бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
841-каб.
74-15-43
2
Бөлебаева Ләззат
Кайдирбекқызы
ҚР БҒМ білім және
ғылым саласындағы
бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
946-каб.
74-22-14
3
Гаипов Зұлфұхар Сұлтанұлы
ҚР БҒМ білім және
ғылым саласындағы
бақылау комитеті
төрағасының орынбасары
Астана қаласы
Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі
11-кіреберіс,
837-каб.
74-23-75
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу»
мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайы
бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу
орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу
орталығы» РМҚК) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Құжаттарды қабылдау және қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу
мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының  
;
7
93-баптары
      2) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11
шілдедегі Заңының  , 
.
4
23-баптары
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ҚАЗТЕСТ жүйесінің www.kazakhtest.kz
ресми сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты міндетті түрде
орналастырылатын орын: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК,
3-қабат, 15-кабинет.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат (тестіленуші қажетті
балды жинай алмаған жағдайда, жүйенің блоктары бойынша нәтижелері көрсетілген ведомость
беріледі) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы)

көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген (тіркелу,
талон алу сәтінен бастап және т.б.) уақыттан бастап – 30 минут;
      1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызмет түрін
алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      2) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің рұқсат
берілген ең ұзақ уақыты – 3 сағат.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Аталған қызмет түрінің құны ҚР БҒМ
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның білім беру ұйымдарында білім деңгейін тестілік бақылау
жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің баға көрсеткішіне сай келеді.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет алу үшін келесі тәсілдердің біреуі арқылы
ақы төлей алады:
      1) 1-тәсіл – Ұлттық тестілеу орталығында;
      2) 2-тәсіл – екінші деңгейлі Банкте (филиалында).
      9. Мемлекеттік қызмет Ұлттық тестілеу орталығының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 8
(7172) 518306, 8 (7172) 518310 телефондары бойынша алдын ала жазылу арқылы көрсетіледі.
      10. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, 3-қабат, 14-кабинет. Мемлекеттік қызмет «Тыңдалым» бөлігі
бойынша аудиоматериалдарды тыңдауға мүмкіндік қарастырылған мәжіліс залында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Ұлттық тестілеу орталығына
(Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, № 14-кабинет, байланыс телефоны 51-83-06) мынадай құжаттарды
ұсынуы қажет:
      1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы;
      2) Ұлттық тестілеу орталығы берген қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгергендігін
растайтын сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);
      3) төлем туралы түбіртек;
      4) толтырылған өтініш бланкісі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті өтініш бланкісін Астана қаласы, Жеңіс
даңғылы, 67, № 14 кабинеттен алуға болады, байланыс телефоны: 51-83-06.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініш бланкісін, төлем жасалғанын растайтын
түбіртекті қабылдап алуға жауапты қызметкерлер болып Астана қ., Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайында
орналасқан Ұлттық тестілеу орталығы «Тестілеуді ұйымдастыру» ғылыми-әдістемелік зертханасының
қызметкерлері саналады.
      14. Ұлттық тестілеу орталығына өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы осы
стандарттың 
 көрсетілген құжаттарды ұсынады және өтініш бланкісін келесі
11-тармағында
ақпараттарды көрсете отырып толтырады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы туралы деректер;
      2) тестілеуден өту мерзімі;
      3) тестілеу түрі:
      деңгейді анықтау (жалпы меңгеру);
      деңгейді бағалау (қарапайым, база, орта, ортадан жоғары және жоғары);
      4) өтінішті қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә.;
      5) өтініш толтырылған күн;
      6) басқа да қажетті ақпарат.
      15. Қолхат мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғандығын
растайтын құжат болып табылады.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі Ғ– мемлекеттік қызметті алушының (заңды
өкілінің) өзі келіп алуы.

      17. Осы стандарттың 
 қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда
11-тармағында
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
      18. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік ұйым басшылыққа алатын қағидалар:
      1) тестіленуші құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялығын сақтау;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөнінде толық ақпарат беру;
      3) белгіленген уақытта ала алмаған мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын сақтауды
қамтамасыз ету;
      4) қызмет көрсету үдерісінің айқындылығы;
      5) емтихан материалдарының құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің сыпайылығы;
      7) емтихан өткізу орындарында ыңғайлылық және қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
      19. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 
 сай сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
қосымшасына
      20. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет
көрсетудің сапалық және қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана
қаласы, Жеңіс даңғылы, 67 мекенжайында орналасқан ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы түсіндіреді.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетіне жүгіне алады, байланыс телефондары 8-7172-74-23-69, 74-23-72, Астана қаласы,
Орынбор к-сі, 8, Министрліктер үйі, № 11 кіреберіс, 8-қабат, № 835 кабинет.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті
алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағымдану кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысанда өтініш береді, өзімен бірге
жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.
      25. Қабылданған шағым жоғары оқу орнының кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12
қаңтардағы 
 белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау
Заңында
мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы
хабарланады.
«Қазақ тілін білу деңгейін   
бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды 
қабылдау және қатысу»      
мемлекеттік қызмет стандартына 
қосымша             

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштері
Сапа мен тиімділік көрсеткіштері
Нормативті
көрсеткіштер
Келесі жылға
қойылған
мақсатты
көрсеткіштер
Есеп беру
жылдағы ағымдық
көрсеткіштер
1
2
3
4
1. Уақытылығы
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап
белгіленген мерзімде қызметті ұсыну
жағдайларының %-ы (үлесі)
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызмет көрсету үрдісінің сапасына
қанағаттанған пайдаланушылардың %-ы (үлесі)
2.2. Дұрыс ресімделген құжаттардың (шығарылған
есептердің) %-ы (үлесі)
3. Қол жетімділігі
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну
тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Пайдаланушылар дұрыс толтырған және
бірден тапсырған құжаттардың %-ы (үлесі)
3.3. Интернет арқылы ақпарат алынған
қызметтердің %-ы (үлесі)
4. Шағымдану үрдісі
4.1. Пайдаланушылардың аталған қызмет
көрсетілген жалпы санынан негізделген
шағымдардың %-ы (үлесі)
4.2. Бекітілген мерзімде қарастырылған және
қанағаттандырылған шағымдардың %-ы (үлесі)
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың
%-ы (үлесі)
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған
пайдаланушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Қызметшілердің сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың %-ы (үлесі)
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     

«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 
 қаулысымен (алғашқы
№ 544
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     
«Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік
қызмет) жоғары оқу орындары көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 
 негізінде жүзеге асырылады.
қаулысы
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының
(бұдан әрі – ЖОО) интернет-ресурстарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ЖОО ректорының білім алушылар қатарына
қабылдағандығы туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын
ұлты қазақ тұлғаларға және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік
азаматтарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және құқық қорғау органдарына
ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және
оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында
айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсетіледі.
      
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 
№ 699
 қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қабылдау комиссиясы жоғары оқу орындарында кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер
қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізеді;
      2) қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдауды 20 маусым мен 1
шілде аралығында жүргізеді;
      3) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы сертификаттары бар бітірушілер үшін
құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 10 тамыз аралығы;
      4) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы студенттер қатарына қабылдауды 10 - 25 тамыз
аралығында жүргізеді.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымы белгілеген жұмыс уақыты режиміне сәйкес
көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет жоо-ларда көрсетіледі. ЖОО ғимаратында күтуге арналған жұмсақ
орындықтар, ақпарат тақталары, жұмыс үстелдері, құжаттардың ресімдеу үлгілері орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз
қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарының ғимараттарында арнайы
жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды
ұсынады:
      1) ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш;
      2) жалпы орта (орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік,
ортадан кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
      3) 3x4 көлеміндегі 6 (алты) дана фотосурет;
      4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      5) ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары ЖОО-ның
интернет-ресурстарына орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 
 сәйкес құжаттардың
11-тармағына
қабылданғандығы туралы қолхат беріледі, онда:
      1) конкурстық іріктеуге жіберілгендігі туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ
байланыс деректері;
      4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды
өкілінің) жеке өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас
тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:
      1) осы стандарттың 
 көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық
11-тармағында
ұсынылмауы;
      2) ҰБТ тапсырған, кешенді тестілеуге қатысқан ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру
ұйымдары бітірушілерінің тестілеу нәтижесінде ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне білім
алушылар қатарына қабылдану үшін төмендегі пәндерден 70 балдан төмен, басқа жоғары оқу
орындарына 50 балдан төмен, «Жалпы медицина» мамандығына 55 балдан төмен балл жинауы:
мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тіліне қарай), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні,
оның ішінде, таңдау пәні бойынша 7 балдан төмен балл алуы (әрбір шығармашылық емтиханы бойынша
10 балдан төмен), ал басқа пәндердің әрқайсысынан 4 балдан төмен бал жинауы;
      3) ҰБТ немесе кешенді тестілеу аясында тест тапсырған пәндердің бірінен 4 балдан төмен
балл жинауы (бұл тұлғалар ақылы негізде білім алушылар қатарына қабылдануға немесе мемлекеттік
білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберілмейді).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет