Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ



жүктеу 436.44 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.01.2017
өлшемі436.44 Kb.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША 6-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК РЕСУРСТАРДЫ 

ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ  

САРАПТАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012 

 

 

Ұлттық ақпараттандыру орталығының 



Ғылыми кеңесі ұсынған 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Пікір айтушылар: 

 

С.Т. Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент 



К.А.Ахметов, техника ғылымдарының кандидатык, профессор ҚАЗ ҰБА 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақстан  тарихы  бойынша  6-сыныпқа  арналған  қазақ  тіліндегі 

цифрлық  білімдік  ресурстарды  пилоттық  мектептерде  сынақтан  өткізу 

сараптамасы. – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2012. – 20 б. 

 

 

 



 

 

 

 

 

Осы  сараптамалық  шолу  «Білім  беру  жүйесін  әдіснамалық  жасақтау»  008 

бағдарламасы  «Білім  беру  жүйесін  әдіснамалық  жасақтау  мен  білімдік  қызмет  көрсету 

сапасын талдау» 101 ішкі бағдарламасы ауқымында дайындалынған.  

Цифрлық  білімдік  ресурстарды  сынақтан  өткізу  сараптамасы  электрондық  оқыту 

жүйесін  енгізу  бойынша  жобаға  қатысатындарды  қазақ  тілінде  оқытатын  пилоттық 

мектептердің  6-сынып  оқушылары  мен  мұғалімдеріне  сауалнама  жүргізу  нәтижелерін 

талдауды  енгізеді.  Сауалнама  жүргізу  оқу  процесіне  цифрлық  білімдік  ресурстарды 

пайдаланудың тиімділігін ашатын мәселелерді қамтиды.  

 

 



 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 



 

2011–2012  жж.  Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беруді жаңартудың түйінді 

бағыттарының  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  мен  электрондық  оқыту 

болып  саналатыныны  көрсетіледі.  «...Біз  барлық  ел  бойынша  әлемдік 

деңгейде  білім  берудің  сапалы  қызметтерін  көрсетуге  қол  жеткізуге 

тиіспіз...» («Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» 2007 ж. 28 ақпан ел басшысының 

Қазақстан халқына Жолдауынан).  

Білім  беруді  ақпараттандыру  –  қоғамды  ақпараттандыру  жағдайында 

мектеп  оқушыларының  тұлғалығын  тиімді  әлеуметтендіруді  қамтамасыз 

ететін  оқытудың  мазмұнын,  формалары  мен  әдістерін,  оқыту  жұмысын 

ұйымдастыру  формаларын  өзгертетін  кең  масштабты  процесс.  Білім  беруді 

ақпараттандыру, оны іске асырудың бағытынан тәуелсіз түрде, білім берудің 

барлық  жүйесінің  жұмыс  істеуіне,  асыра  айтусыз,  тұтастай  барлық  қоғам 

өміріне  ықпал  ететін  адамның  іс-әрекетінің  кең,  көп  жай-жапсарлы  саласы 

болып саналады. 

Қазіргі  заманғы  қоғамды  дамыту  үрдісі,  оны  айқын  өрнектелген 

ақпараттандыру  білім  беру  саласында  ақпараттық  технологияларды  барған 

сайын аса кең пайдалану қажеттілігін түсіндіреді. Қазіргі заманда мәдениетті 

адамға,  оның  кәсібінен  және  іс-әрекетінің  ерекшелігінен  тәуелсіз  түрде, 

ақпаратты  өңдеу  мен  жеткізудің  электрондық  құралдарымен  жұмыс  істеу 

біліктерін  меңгеруі  қажет.  Қол  жетерлік  ақпаратты  аса  толық  пайдалану 

арқылы  оқыту  сапасын  жақсартуды;  оны  тұлғаландыру  мен  қарқынын 

күшейту  негізінде  оқу  процесінің  тиімділігін  арттыруды;  дамытатын, 

оздыратын  және  дараланған  бағдары  бар  оқытудың  келешек  құралдарын, 

әдістері  мен  технологияларын  дайындауды;  информатика  мен  есептегіш 

техниканы  меңгеруді  қажетті  кәсіби  деңгейге  жеткізуді;  ақпараттық 

технологияларға  негізделген  біртұтас  әдіснаманың  ауқымында  іс-әрекеттің 

алуан 

түрін 


(оқу, 

оқу-зерттеушілік, 

әдістемелік, 

ғылыми, 


ұйымдастырушылық)  кіріктіруді;  ақпараттық  қоғам  жағдайында  білімдік 

процеске  қатысушыларды  жігерлілікке  дайындауды;  әр  түрлі  салалардың 

болашақ  мамандарының  кәсіби  біліктіліктерін  және  бәсекеге  қабілеттерін 

арттыруды;  білім  беру  жүйесіндегі  дағдарыстық  құбылыстарды  жеңуді  іске 

асыруды  ұйғаратын  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  ақпараттық 

қоғам  жағдайында  білім  беруді  ақпараттандыру  процесінің  негізі  болып 

саналады.  

Білімдік  процеске  қазіргі  заманғы  ақпараттық  пен  қатынастық 

технологияларды кешенді енгізу оқытуды қарқындататын факторларды: оқу 

іс-әрекетін  ұйымдастыру  формаларын  жетілдіруді,  оқытушылардың 

біліктілігін арттыруға ұмтылысты белсенді етуді, сабақтардың ақпараттығын, 

ырғағын және тартымдылығын арттыруды,  оқушылардың оқу-танымдық іс-

әрекетін  белсенді  етуге  әкелетін  және  тұтастай  білімдік  орта  мектепте 


 

оқытудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу процесіне құлшыныс 



пен қызығушылықты арттыруды өзекті етуге мүмкіндік береді.  

Қазақстан  Республикасы,  әлемнің  дамыған  елдері  сияқты,  орта  білім 

беру  жүйесін  ақпараттаныру  –  біртұтас  ақпараттық-білімдік  желіге 

негізделген біртұтас ақпараттық-білімдік кеңістікті дайындау жолына түсті. 

 «Дайындықтың  барлық  деңгейін  қозғайтын  маңызды  аспект  – 

электрондық  оқытуды  –  e-learning-ті  кеңінен  енгізу.  Дамыған  елдерде  – 

Жапонияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Финляндияда, Оңтүстік Кореяда және 

басқаларда  –  электрондық  оқыту  бойынша  әлдеқашан  ұлттық  бағдарлама 

орындалып  жатыр.  Қазақстан  мұндай  үрдістен  артта  қалғысы  келмейді»  - 

деп, ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты. Ол 2015 ж. 

білім беру ұйымдарының 50%-ын электрондық оқытумен қамту, ал 2020 ж. 

бұл  көрсеткішті  90%-ға  жеткізу,  және  де  дайындықтың  барлық  деңгейінде, 

жоспарланғанын  атап  өтті.  Ведомство  2011  жылы  Алматы,  Астана, 

Қарағанды  және  Қарағанды  облысының  44  мектебінде  E-learning-ті  іске 

қосты.  Келесі  жылы  бұл  сан  537-ге  артады,  2013  ж.  –  926  мектепке  дейін. 

Үшжылдық кезеңге, атап айтқанда 2011–2013 жылдарға – жүйені іске асыру 

үшін 39,5 млрд. теңге қарастырылған.  

Осы бағытты іске асыру ауқымында барлық мектеп цифрлық білімдік 

ресурстармен,  жылдамдығы  4–10  Мбит/сек  кеңжолақты  ғаламтормен 

қамтамасыз  етілетін  болады.  Білім  беру  жүйесінде  оқу  процесін 

автоматтандыру  –  электрондық  журналдар,  кітапханалар,  сабақтардың 

кестесі,  күнделіктер,  sms-ата-аналарды  хабарландыру  енгізілетін  болады. 

Мұғалімдер  мен  оқушылар  жақсы  әлемдік  білімдік  ресурстарға  қатынас 

құратын  болады.  Білім  беру  ұйымдарының  материалдық  базасы  ең  жаңа 

жабдықтармен нығайтылады. 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Қазақстан тарихы бойынша қазақ тілінде оқытатын метептердің 



 6-сыныптарында цифрлық білімдік ресурстарды сынақтан  

өткізудің нәтижелерін талдау  

 

Қазақстан  тарихы  бойынша  дайындалынған  цифрлық  білімдік 

ресурстардың  (ЦБР-дың)  өзектілігі,  олардың  танымдық  және  тәрбиелік 

әлуеті  көзқарасы  тұрғысынан,  күмәнсіз.  6-сынып  үшін  қазақ  тілінде 

дайындалынған ЦБР Мемлекеттік стандарттар мен «Қазақстан тарихы» пәні 

бойынша оқу бағдарламасына сәйкес дайындалынған (№1 қосымша). 

Әрбір  ЦБР  4  бөліктен  тұрады:  мультимедиалық  таныстырылым; 

тақырып  бойынша  мәтіндер  мен  қосымша  материалдар;  интерактивтік 

тапсырмалар;  тестілік  материал.  Осы  жаста  ие  болатын  назарды  еріксіз 

аударуға  мүмкіндік  туғызатын  мультимедиалық  таныстырылымдардың 

безендірілуі  алуан  түрлі:  белгілі  философтардың,  ғалымдардың,  тарихи 

қайраткерлердің бояулы портреттері берілген; ертедегі және қазіргі заманғы 

тарихшылардың  шығармаларының  кескіндері  бар;  тарихи  карталардың 

жасалу  тарихы  көрсетілген  (ертедегі  қытайлар  мен  гректердің  картасы,  ұлы 

географиялық жаңалықтар ашу дәуіріндегі карталардың жетілдірілуі, тарихи 

карталардағы қазақтың жерлерінің сипаттамасы) және т.б.  

Кәсіби қойылған дикторлық дауыспен түсініктеме берілген тұрмыс пен 

мәдениеттің  тарихи  заттарының  фотографиясы  мен  суреттерін  пайдалану 

маңызды  болып  саналады  және  қазргі  заманғы  балалардың  тарихи 

құбылыстар  мен  процестердің  шынайы  бейнесін  жаңадан  жасауына 

мүмкіндік  береді.  Бағдарламада  өткен  оқиғаларға  уақыт  таспасы  көрнекі 

түрде  ұсынылған.  Өткен  дәуірлердің  реңкін  жаңадан  жасауға  мүмкіндік 

беретін 

құжаттық 

фильмдерден 

үзінділер 

келтірілген. 

Мектеп 


оқушыларының  көз  алдында  карта  «тірілгендей»  –  атты  әскер  қозғалады, 

қалалар  құрылады,  мемлекет  пайда  болады.  ЦБР-да  келтірілген  мәтіндерде 

оқу  материалдарын  кеңейту  мен  тереңдетуге  мұмкіндік  беретін  қосымша 

материалдар  бар.  Бұл  тарихи  құжаттардан,  көркем  және  ақындық 

шығармалардан үзінділер, нормативтік көздерден үзінділер. 

Құрастырылған  тапсырмалар  айтарлықтай  алуан  түрлілігімен 

ерекшеленеді де топтық, жеке және жұптық жұмыс істегенде оларды сабаққа 

енгізуге  және  оқудан  тыс  іс-әрекетке  енгізуге  мүмкіндік  береді. 

Тапсырмаларды  орындауға  тек  балалардың  өздері  ғана  емес,  және  де 

олардың отбасы мүшелері де тартылады. Тапсырмалар репродуктив те (еске 

түсір,  ата,  белгіле,  қайталап  айт)  және  шығармашылық  та  (ұсын,  ойлан, 

салыстыр) сипатқа ие. 

ЦБР-дың  мазмұны  6-сынып  оқушыларының  жас  шамасы  ескеріліп 

дайындалынған  және  материалды  игеру  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік 

береді.  

Жасөспірімдік  жасты  балалықтан  есейгендікке  өтудің  жедел  түрде 

өтетін  кезеңі  деп  санайды.  11–12  жастағы  балаларды  оқытудың  өзгеретін 

жағдайы  парасаттық  та  және  тұлғалық  та  дамуға,  олардың  белгілі  бір  оқу 



 

білімдерінің  де,  оқу  әрекеттерінің  де  қалыптасушылық  дәрежесіне  аса 



жоғары  талаптар  қояды.  Бұл  кезең  танымдық  процестердің  жемісті  түрде 

даму  уақыты.  11–15  жас  кезеңі  талғампаздықтың,  қабылдаудың  мақсатты 

бағытталушылығымен,  орнықты,  еркін  назардың  және  логикалық  жадтың 

қалыптасуымен,  теориялық  ойлауға  нақты  түсініктерді  бекітуге  негізделген 

ойлаудан  өту  уақытының  қалыптасуымен  сипатталады.  Ойлаудың  жаңа 

деңгейінің дамуының арқасында басқа барлық психологиялық процестердің 

қайта  құрылуы  болады,  яғни  оқушылардың  кіші  мектеп  жасының  соңында 

жаңа түзілімдердің: еркіндіктің, өзіндік реттеуге қабілеттіліктің қалыптасуы 

болуы  тиіс.  6-сыныптағы  балалардың  барлығынан  жиірек  оқу  қиындығы 

олардың даму деңгейінің жеткіліксіздігінен туындайды. Осы кезеңді жұмыс 

істеудің  өзіндік  формаларына  ие  болу  уақыты  ретінде,  оқушылардың 

парасаттық,  танымдық  белсенділігінің  даму  уақыты  ретінде  сипаттауға 

болады. 

Оқытудың 

бастапқы 

кезеңінің 

қалай 

өтуінен 


көбінесе 

жеткіншектердің  сапалы  басқа  оқу  құлшынысына  өтуінің  табыстылығы 

тәуелді болады.  

Жасөспірімдер  мен  бозбалалар  енді  логикалық  түрде  ойлай  алады, 

теориялық  пайымдау  мен  өзіндік  талдауға  қабілетті  болады.  Олар 

салыстырмалы  түрде  кіші  мектеп  оқушыларының  парасатының  іс  жүзінде 

қолы  жетпейтін  адамгершілік,  саяси  және  басқа  тақырыптарға  еркін  түрде 

ойланады.  Жасөспірім  жастағы  маңызды  парасаттық  жетістік  – 

болжамдармен  жұмыс  істеу  білігі.  Жасөспірімдердің  теориялық,  немесе 

ауызша-логикалық  ойлауының  қалыптасушылығы  туралы  айтуға  болады. 

Барлық  басқа  танымдық  процестердің  парасаттануы  бақыланады.  Сана  мен 

өзіндік  сананың  өсуі,  өзі  туралы,  адамдар  туралы,  қоршаған  әлем  туралы 

білімдердің тереңдеуі байқалады. Өзіндік сананың дамуы іс-әрекеттің негізгі 

түрлеріне:  ілімге,  қарым-қатынасқа  және  еңбекке  құлшыныстың  өзгеруінен 

көрініс табады. Бұрындары жетекші рөл атқарған іс-әрекеттер түрі, мысалы, 

ойын,  біртіндеп  екінші  қатарға  ығысады.  Психологиялық  дамудың  жаңа 

кезеңі  басталады.  Жасөспірім  жаста  іс-әрекеттің  өзіндік  бақылауы  белсенді 

түрде жетілдіріледі. Бозбалалық жасқа шейін көптеген жасөспірімдерде әліде 

іс-әрекетті  алдынала  жоспарлауға  қабілеттері  жоқ  болады,  бірақ  оның 

орнына өзіндік реттеуге талаптану байқалып тұрады. 

Осы  жұмыстың  мақсаты  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердің  6-

сыныптарындағы  Қазақстан  тарихы  сабақтарында  цифрлық  білімдік 

ресурстарды қолданудың тәжрибелерін қорыту болып саналады.  

«Қазақстан  тарихы»  оқу  пәні  «Адам  және  қоғам»  білімдік  саласына 

жатады. Пәнді оқушылар 5-сыныптан бастап оқып біледі. Өз елінің тарихын 

оқып білу оқушылардың тұлғалығының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. 

Сондықтан «Қазақстан тарихы» оқу пәнін оқыту мақсаты негізделген түрде 

тұжырымдалады - өз елінің тарихын оқыту арқылы 6-сынып оқушыларының 

белсенді азаматтық тұлғалық ұстанымын қалыптастыру.  

Бағдарламада  мақсатқа  сәйкес  оқу  пәнін  оқытудың  келесі  міндеттері 

қойылады:  


 

-  әлемдік  тарихи  процестің  құрамды  бөлігі  ретінде  Қазақстандағы 



адамзаттық қоғамның даму тарихы туралы білімді қалыптастыру;  

-  оқушылардың  өмірде  алған  білімдерді  пайдалану,  себеп-салдардың 

байланыстарын  өзіндік  қорыту,  талдау,  тағайындау  білігін  дамыту,  сол 

немесе басқа тарихи құбылыстарға тұлғалық қатынасын қалыптастыру; 

-  адамгершілікті  және  адам  құқықтарын  құрметтеудің  жақсы 

дәстүрлерін игерген құндылық-бағдарланған тұлғаны тәрбиелеу;  

-  оқушылардың 

тарихи 


білімдерді 

шығармашылық 

қолдану 

машықтарын, тарихи ақпарат көздерімен жұмыс істеу, салыстырмалы талдау 

негізінде  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды  ұғыну  біліктерін 

қалыптастыру;  

-  өз  Отаны  мен  халқы  алдында  жауапты  жас  ұрпақтың  азаматтық 

ұстанымын қалыптастыру; 

-  оқушылардың  патриоттық  сезімін,  белсенді  азаматтық  ұстанымын, 

қазақ халқының, сондай-ақ Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тарихы 

мен мәдениетіне құрметті тәрбиелеу; 

-  қазақстандық  діл  негізінде  тұлғаның  әлеуметтену  процесіне 

мүмкіндік туғызу. 

Бағдарламаға сәйке оқушылар:  

- тарих пәнін, басты тарихи тұлғаларды;  

- мемлекет ұғымын, мемлекеттік рәміздерді;  

- тарихи отанды; 

- тәуелсіз Қазақстанды; 

- ерте дүние тарихы пәнін

- адамдардың өміріне климаттың әсерін;  

- ертедегі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды; 

- алғашқы адамдардың ертедегі тұрақтарын; 

- Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірігулерді білуі тиіс 

- тарихтағы жыл мен ғасырдың байланысын, жыл санаудағы тізбектілік 

пен ұзақтықты қолдана; 

-  картадағы  тарихи  объектілерді  көрсете,  географиялық  орынды 

сипаттай; 

- ертедегі адамдардың жұмысын, өмірін және тұрмысын сипаттай; 

-  ертедегі  архитектуралық  ескерткіштерді  және  өнер  ескерткіштерін 

сипаттай; 

- экономикалық пен әлеуметтік өзгерістер туралы айта;  

- тарихи терминдерді пайдалана және оларды түсіндіре; 

- Қазақстан жеріндегі тайпалардың өзара қатынасын талдай; 

- оқулық мәтініндегі бастыларды атап көрсете; 

- тақырыптың мазмұны бойынша қысқаша жоспар құра;  

-  оқу  материалының  мазмұнын  өз  сөздерімен  айта,  тарихи  оқиғаларға 

өзінің жеке бағасын бере;  

- сыныптастарының жауабының себебі бойынша пікір алуы тиіс



 

Типтік оқу жоспары бойынша пән бойынша оқу жүктемесі 6-сыныпта 



аптасына – 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағатты құрайды.  

Мектептердің  оқу  процесінде  Қазақстан  тарихы  бойынша  цифрлық 

білімдік  ресурстарды  сынақтан  өткізуге  мына  аймақтар  қатысты:  Астана, 

Алматы,  Қарағанды  және  Қарағанды  облысы  –  қазақ  тілінде  оқитын  16 

мектептен барлығы 1045 оқушы, 43 сынып, 21 мұғалім. Автоматтандырылған 

сауалнамаға 375 алтыншы сыныптықтар қатысты, бұл жалпы санның 35,9%-

ын  құрайды  да  статикалық  мәліметтердің  сәйкестілігі  пен  қайта 

таныстырылымдылығының талаптарына жауап береді.  

Мәліметтер № 1 кестеде бейнеленді. 

 

№ 1 кесте 



Қазақстан тарихы бойынша 6-сыныпқа арналған қазақ тіліндегі цифрлық білімдік 

ресурстарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу сараптамасы ауқымында сауалнамаға 

қатысушылардың саны 

 

 Аймақ, қала 

Мектептердің 

саны 


Сыныптардың 

саны  


Мұғалімдердің 

саны 


Сұрақтарға жауап 

берген оқушылар-

дың саны 

БАРЛЫҒЫ 


16 

43 


21 

375 


Астана 

19 



184 


Алматы  

11 



 80 


Қарағанды, 

Қарағанды облысы 

13 


111 


 

Сынақтан  өткізу  сараптамасы  мынадай  әдістердің  көмегімен 

жүргізілді: 

сауалнама 

жүргізу, 

сұқбаттасу, 

мұғалімдермен 

және 


оқушылармен  автоматтандырылған  пікіртерім,  педагогикалық  бақылауды 

енгізу, мәліметтерді статикалық өңдеу әдісі. 

Сауал-сұрақ 

көмегімен 

мына 

мәселелерге 



жауап 

алынды: 


оқушылардың ЦБР-ды сабақтарда және үйде пайдалануы. Қазақстан тарихы 

сабақтарында  оқушыларға  көбінесе  не  істеу  ұнайтыны  анықталды: 

мұғалімнің  ЦБР-ды  пайдаланып  немесе  онсыз  түсіндіруін  тыңдау,  мүмкін 

оларды  үйлестіріп  пайдалану  жақсы  болар.  6-сыныптың  оқушылары  мына 

сұрақтарға  жауап  берді:  өзіндік  жұмыспен  қалай  айналысу  көбірек  ұнайды: 

ЦБР-мен,  оқулықтармен  немесе  ЦБР-мен  әрі  оқулықтармен.  Тарих 

сабақтарында  қалай  ЦБР  пайдаланыла  бастады,  содан  кейін  қандай 

өзгерістер  болды.  Егерде  олардың  ЦБР  тапсырмасын  орындауды  немесе 

тестіге  дұрыс  жауап  беруді  бірінші  ретте  істей  алмаса,  оқушылар  не  істеді, 

олар тағыда байқап қөруге әрекет етті ме. ЦБР-мен жұмыс істегеннен кейін 

«Қазақстан  тарихы»  пәніне  оқушылардың  қатынасы  өзгерді  ме.  ЦБР-ды 

қолданғаннан  кейін  оқушылар  тарихи  оқиғалардың  маңызын  жақсы  түсіне 

алды  ма  және  тарихи  даталарды  жақсы  еске  сақтай  алды  ма.  ЦБР-ды 

пайдаланғанға  дейінгі  және  пайдаланғаннан  кейінгі  сабақтарда  оқушылар 

барлығынан жиірек қандай бағаларды алды.  


 

Эксперименттік  мектептердің  қазақ  тілінде  оқитын  сыныптарында 



Қазақстан тарихы бойынша цифрлық білімдік ресурстарды оқушылар қалай 

пайдаланды,  сауалнаманың  нәтижелері  №  2  кестеде  берілді.  Осы 

мәліметтерді  талдау  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді:  ЦБР-ды 

барлығынан  көбірек  сабақтарда  пайдалануды  қажет  етеді  –  93,7  %  және 

жауап бергендердің 41,1 % үйде пайдаланғанды ұнатады. 

 

№ 2 кесте 



Қазақстан тарихы бойынша цифрлық білімдік ресурстарды оқушылардың пайдалануы 

 

Аймақ, қала 



Мектеп-

тердің 


саны  

 Сұраққа жауап 

бергендердің 

саны 


Сабақтарда 

Үйде 


иә 

иә 



БАРЛЫҒЫ 


16 

375 


299 

93,7 


131 

41, 1 


Астана  

4  


184 

165  


89,7 

85  


46,2 

Алматы  


80 


79 

98,8 


11 

13,8 


Қарағанды, 

Қарағанды облысы 

7  

111 


55 

100 


35 

63,6 


 

Аймақ  бойынша  мәліметтерді  талдау  келесіні  көрсетті:  Астана 

мектептерінде  оқушылар  ЦБР-ды  сабақтарда  пайдалануға  89,7%  ізет 

білдіреді,  сондай-ақ  оқушылардың  46,  2%  ЦБР-ды  үйде  де  пайдалануға 

болады  деп  санайды.  Алматы  мектептерінде  оқушылардың  98,8%  ЦБР-ды 

сабақта,  ал  13,8%  –  ұйде  пайдалану  керек  деп  санайды.  Қарағанды  мен 

Қарағанды облысында Қазақстан тарихының сабақтарына пайдалануға 100% 

ізет  білдіреді,  сұралған  оқушылардың  63,6%  ЦБР-ды  үйде  де  пайдалануға 

қарсылық  білдірмейді.  Аймақ  бойынша  мәліметтер  №  1  диаграммада 

бейнеленген. 

 

№ 1 диаграмма 



Қазақстан тарихы бойынша 6-сынып оқушыларының ЦБР-ды пайдалануы 

 

0



20

40

60



80

100


120

Астана 


Алматы 

Караганда, 

Карагандинская обл.

На уроках

Дома 

 

 



Қазақстан тарихы сабақтарында мұғалімнің сабақты қалай түсіндіруін 

тыңдау  оқушыларға  көбірек  ұнайтыны  туралы  сұраққа  жауап  №  3  жинақ 

кестесінде көрсетілген. Кестеден 5-сынып оқушыларына мұғалімнің ЦБР-ды 

да  және  оқулықты  да  пайдаланып  түсіндіруін  тыңдау  ұнайтыны  да  көрініп 



10 

 

тұрғанын атап өтуге болады  – 42,4 %. Кейбір оқушыларға (35,7 %) ЦБР-ды 



пайдаланып  түсіндіру  ұнайды,  ал  21,9  %  оқушыларға  ЦБР-ды 

пайдаланбастан түсіндіру ұнайды. 

 

№ 3 кесте  



Қазақстан тарихы сабағында не істеу оқушыларға көбірек ұнайды 

 

 



 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 

бергенде

рдің 

саны 

ЦБР-ды 

пайдаланбастан 

мұғалімнің 

түсіндіруін 

тыңдау 

ЦБР-ды 

пайдаланып 

мұғалімнің 

түсіндіруін 

тыңдау 

Жақсы, олда 

және басқа да 

бар болғанда 

 

саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

82 


21,9 

135 


35,7 

158 


42, 4 

Астана  


184 

62 


33,7 

72 


39,1 

50 


27,2 

Алматы  


80 

14 


17,5 

11 


13,7 

55 


68,8 

Қарағанды, Қарағанды 

облысы 

111 


5,4 


52 

46,8 


53 

47,8 


 

№2  диаграммада  жеке  аймақтар  бойынша  оқушылар  жауабының 

нәтижелері аса көрнекі түрде көрінеді. 

 

№ 2 диаграмма 



 

0

10



20

30

40



50

60

70



80

слушать


объяснения

учителя  без

использования

ЦОР


слушать

объяснения

учителя с

использованием

ЦОР

хорошо, когда есть



и то, и другое

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

 



Аймақ  бойынша  талдау  келесіні  көрсетті:  Астана  мектептерінде 

оқушылардың  27,2%-ы  ЦБР-ды  және  оқулықты  да  пайдаланып  түсіндіруді 

тыңдауды ұнататынын атап өтеді. Оқушылардың 39,1% ЦБР-ды пайдаланып 

түсіндіруді  тыңдауды  ұнатады,  ал  оқушылардың  33,7%-на  ЦБР-ды 

пайдаланбастан  түсіндіруді  тыңдау  ұнайды.  Диаграммада  көрсетілгендей 

Алматы  мектептерінде:  оқушылардың  17,5%-ы  ЦБР-ды  пайдаланбастан 

түсіндіруді  тыңдауды  барлығынан  жақсы  деп  санайды;  13,7%  оқушыларға 

мұғалімнің  ЦБР-ды  пайдаланып  түсіндіруін  тыңдау  ұнайды  және  6-сынып 

оқушыларының  көпшілігі  олда  және  олда  (екеуі  де)  бар  болғанда,  жақсы 

дегенге  дауыс  береді  –  68,  8  %.  Қарағанды  мен  Қарағанды  облысында 

сұралған  оқушылардың  47,8%  мұғалімнің  түсіндіруі  кезінде  ол  да  және 

екіншісі де бар болғаны жақсы деп санайды. Сондай-ақ оқушылардың 46,8 % 



11 

 

ЦБР-ды пайдаланып түсіндіруді тыңдауды қалайды Бірақ оқушылардың  тек 



5,4%-ы  ғана  мұғалімнің  ЦБР-ды  пайдаланбастан  түсіндіруін  тыңдауды 

барлығынан да жақсы деп санайды. 

Сабақта  өзіндік  жұмыс  істеу  оқушыларға  қалай  көбірек  ұнайтыны 

туралы  сұраққа жауап  № 4 кестеде бейнеленген.  Оқушылар  сабақта өзіндік 

жұмысты ЦБР-мен де және оқулықпен де орындауды қалайды екен – 50,7 %. 

ЦБР-мен жұмыс істеуді көбірек ұнататындар – 41,3 % және өзіндік жұмысты 

орындауда  оқулықтармен  жұмыс  істеуді  8%  оқушылар  ұнатады.  Бұл  6-

сынып  оқушыларының  көбінесе  өзіндікке  ұмтылатындығын  көрсетеді.  Бұл 

тұлғалық  өзін-өзі  жетілдіруге  белсенді  талаптанумен  байланысты  жас 

шамасы  кезеңіндегі  басты  құлшыныстық  бағыт  –  бұл  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі 

білдіру және өзін-өзі таныту.  

 

№ 4 кесте 



Сабақта оқушыларға өзіндік жұмыста қалай істеу көбірек ұнайды? 

 

 



Аймақ, қала 

Сұраққа 

жауап 

бергендер

дің саны

 

ЦБР-мен 

оқулықтармен 

Жақсы, олда 

және басқа да 

бар болғанда 

саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

155 


41,3 

30 


190 


50,7 

Астана  


184 

119 


64,7 

17 


9,2 

48 


26,1 

Алматы  


80 

18 


22,5 

8,8 



55 

68,7 


Қарағанды, Қарағанды 

облысы 


111 

18 


16,2 

5,4 



87 

78,4 


 

Аймақ  бойынша  нәтижелер  көрнекі  түрде  №  3  диаграммада  берілген. 

Алматы  мен  Қарағанды  облысы  мектептерінің  6-сынып  оқушылары  өзіндік 

жұмысты  оқулықтармен  де,  ЦБР-мен  де  жұмыс  істеуді  қалайды:  Алматы  – 

68,7%,  Қарағанды  облысы  –  78,4%.  Ал  Астанада  –  26,1%.  Сондай-ақ 

оқушыларға  өзіндік  жұмысты  ЦБР-мен  істеу  де  ұнады:  Астана  -  64,7%, 

Алматы  –  22,5%,  Қарағанды  және  Қарағанды  облысы  –  16,2%.  Кейбір 

оқушыларға  өзіндік  жұмысты  оқулықтармен  істеу  ұнады:  Астана  –  9,2%, 

Алматы – 8,8%, Қарағанды және Қарағанды облысы – 5,4%  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


12 

 

№ 3 диаграмма 



0

10

20



30

40

50



60

70

80



90

с ЦОР


с учебником

хорошо, когда есть

и то, и другое

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

 



 «Тарих  сабақтарында  ЦБР-ды  пайдалануды  қалай  бастадық,  содан 

кейін  қандай  өзгерістер  болды?»  деген  сұраққа  оқушылардың  жауаптарын 

талдау  мынаны  көрсетті:  Тарих  сабақтарында  ЦБР-ды  пайдалануды  қалай 

бастадық,  содан  кейін  оқушылардың  93,6%-ы  оқудың  көбірек  қызықты 

болғанын  көрсетті,  оқу  қызықсыз  болды  –  1,3  %.  Және  5,1%  оқушы 

ешнәрсенің өзгермегенін атап өтті (№ 5 кесте).  

 

№ 5-кесте 



Тарих сабақтарына қалай ЦБР-ды қолдана бастадық, содан кейін болған өзгерістер 

 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 


бергендердің 

саны 


оқу едәуір 

қызықты 


болды 

оқу қызықты 

емес болды 

ешнәрсе 


өзгерген жоқ 

Саны  


Саны  


Саны  


БАРЛЫҒЫ 


375 

351 


93,6 

1,3 



19 

5,1 


Астана  

184 


181 

98,4 


1,1 


0,5 


Алматы  

80 


78 

97,4 


1,3 


1,3 


Қарағанды, 

Қарағанды облысы 

111 

92 


82,9 

1,8 



17 

15,3 


 

№  4  диаграммада  жеке  аймақ  бойынша  оқушылар  жауабының 

нәтижелері  берілген.  Барлық  аймақтағы  барлық  оқушылар  тарих 

сабақтарында  ЦБР-ды  пайдалануды  қалай  бастадық,  содан  кейін  оқу 

айтарлықтай көбірек қызықты болғанын атап өтеді: Астана – 98,4% , Алматы 

– 97,4%, Қарағанды мен Қарағанды обласы – 82,9%. 

Бұл  оқу  іс-әрекетіндегі  ЦБР-дың  рөлі  мен  маңызын  көптеген 

оқушылардың  бағалағанын  көрсетеді.  Алуан  түрлі  безендіру  материалдары, 

мультимедиалық пен интерактивтік модельдер оқыту процесін сапалы түрде 

жаңа  деңгейге  көтереді.  6-сынып  оқушыларына  психологиялық  түрде, 

статикалық  дыбысталмаған  картинка  емес,  динамикалық  бейне  мен 

дыбысқатары  ақпаратын  қабылдау  аса  қызықты,  бұл  материалды  игеру 

тиімділігі мен пәнеге танымдық қызығушылықты айтарлықтай арттырады.  

 

 



13 

 

№ 4 диаграмма 



 

0

20



40

60

80



100

120


учиться стало

намного


интереснее 

учиться стало

неинтересно

ничего не

изменилось

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

 



«Егерде сен ЦБР тапсырмасын орындауды немесе тестіге дұрыс жауап 

беруді  бірінші  ретте  істей  алмасаң,  онда  сен  тағыда  байқап  қөруге 

әрекеттендің бе?» деген сұраққа – 89,9% «иә, әрине» деп жауап берген, бұл 

сұралғандардың  үлкен  бөлігін  құрайды.  Бірнеше  оқушы  «кейбір  жағдайда» 

деп  жауап  берген  –  7,7  %  және  2,4%  оқушы  қайталауға  мүлдем  талпыныс 

жасамаған. Мұны № 6 кестеден көрнекі түрде көруге болады.  

 

№ 6 кесте



 

Егерде олар ЦБР тапсырмасын орындауды немесе тестіге дұрыс жауап беруді бірінші ретте істей алмаса, 

тағыда байқап қөруге әрекеттенудегі оқушылардың әрекеті 

 

 



 

 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 


бергендердің 

саны 


иә, әрине 

жоқ 


кейбір 

жағдайда 



саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

337 


89,9 

2,4 



29 

7,7 


Астана  

184 


177 

96,2 


1,6 


2,2 


Алматы  

80 


79 

98,7 


1,3 


Қарағанды, Қарағанды 



облысы 

111 


81 

73 


4,5 


25 

22,5 


 

Аймақтарда  берілген  сұраққа  оқушылар  қалай  жауап  бергені  көрнекі 

түрде  №  5  диаграммада  бейнеленген.  Мәселен  Астанада  оқушылардың 

96,2%-ы тағыда байқап көруге әрекет етуден бас тарпаған, ал оқушылардың 

2,2%-ы  кейбір  жағдайда  тағы  да  байқап  көруді  пайдаланған.  1,6%  байқап 

көруден  бастартқан.  Алматының  оқушылары,  егерде  олардың  ЦБР 

тапсырмасын  орындауды  немесе  тестіге  дұрыс  жауап  беруді  бірінші  ретте 

істей  алмаса,  онда  олардың  98,7%-ы  тағыда  байқап  қөруге  әрекеттенген. 

1,3% «жоқ» деп жауап берген. Қарағанды мен Қарағанды облысында келесі 

жауаптар  алынды:  «егерде  сізде  ЦБР  тапсырмасын  орындау  немесе  тестіге 

дұрыс  жауап  беру  бірінші  ретте  іске  аспаса,  тағыда  байқап  көруге  әрекет 


14 

 

еттің бе?» деген сұраққа оқушылардың – 73% «иә, әрине», 22,5% – «кейбір 



жағдайда» және 4,5% – «жоқ» деп жауап берген.  

 

№ 5 диаграмма 



 

0

20



40

60

80



100

120


да, конечно

нет


когда как

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

«ЦБР-мен жұмыс істегеннен кейін «Қазақстан тарихы» пәніне олардың 



қатынасы қалай өзгерді?» деген сұраққа оқушылар жауабының нәтижесі № 7 

кестеде бейнеленген. 

Мектептің  көпшілігінде  бұл  өзгерістер  жақсы  жаққа  қарай  өзгергенін 

(93,3%) атап көрсетеді, онша көп еместері барлығы өзгерместен өз орнында 

қалды  (5,6%)  деп  санайды,  ал  1,1%  жаман  жаққа  қарай  өзгерді  деп  жауап 

берген. 


 

Астанада  №40  МЛ-дің  6-сынып  оқушылары  сабақтарда  ЦБР-мен 

жұмыс  істеу  есебінен  «Қазақстан  тарихы»  пәніне  олардың  қатынасы  100% 

жақсарғанын  атап  өтеді.  Алматы  қаласында  №  32  мектепте  оқушылардың 

пәнге  қатынасы  100%-ға  жақсарғанын  атап  өтеді.  Қарағанды  облысындағы 

Атасу  ауылындағы  №132  ОМ-тің  оқушылары  ЦБР-мен  жұмыс  істегеннен 

кейін «Қазақстан тарихы» пәніне олардың қатынасының 100%-ға өзгергенін 

атап өтеді. 

 

№ 7 кесте 



ЦБР-мен жұмыс істегеннен кейін «Қазақстан тарихы» пәніне  

оқушылардың қатынасы қалай өзгерді 

 

 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 

бергендер 

саны 

иә, жақсы 

жаққа 

иә, жаман 

жаққа 

 

өзгеріссіз 

қалды 

саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

350 


93,3 

1,1 



21 

5,6 


Астана  

184 


178 

96,8 


1,6 


1,6 


Алматы  

80 


76 

95 


1,3 


3,7 


Қарағанды, Қарағанды 

облысы 


111 

96 


86,5 



15 

13,5 


 

15 

 

 



Көрнекі түрде картинаны № 6 диаграммадан көруге болады. Астанада 

мектеп  оқушылары  ЦБР-мен  жұмыс  істегеннен  кейін  олардың  пәнге 

қатынасы 96,8%-ға, жақсы жаққа қарай өзгергенін атап өтеді. Алматы қаласы 

бойынша ЦБР-мен жұмыс істегеннен кейін олардың пәнге қатынасы 95%-ға 

жақсарғанын  айтады.  Қарағанды  мен  Қарағанды  облысында  оқушылардың 

86,5%-ның тарих пәніне қатынасы жақсы жаққа қарай өзгергені атап өтіледі. 

 

№ 6 диаграмма 



 

0

20



40

60

80



100

120


да, в лучшую

сторону


да, в худшую

сторону


осталось без

изменений

Астана 

Алматы 


Караганда,  Карагандинская

обл.


 

 

«ЦБР-ды  пайдалану  есебінен  тарихи  оқиғалардың  тарихи  маңызын 



оқушылар түсіне алды ма?» деген сұраққа сұралғандардың жалпы санының 

негізгі көпшілігі «иә» деп жауап берді – 85,1%. Жауап берушілердің біршама 

бөлігі – 12,8% сұраққа жауап бере алмады. Аз бөлігі «жоқ» деп жауап берді – 

2,1%. Нәтижелер № 8 кестеде берілді. 

 

 

№ 8 кесте 



Тарихи оқиғалардың маңызын оқушылар жақсы түсіне алды ма? 

 

 



 

 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 

бергендердің 

саны 

иә 

жоқ 

білмеймін 

саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

319 


85,1 

2,1 



48 

12,8 


Астана  

184 


171 

93 


1,1 


11 

5,9 


Алматы  

80 


79 

98,7 




1,3 

Қарағанды, Қарағанды 

облысы 

111 


69 

62,2 


5,4 


36 

32,4 


 

 ЦБР-ды  пайдаланған  кезде  көрнекіліктің  деңгейі  артады.  7-

диаграммадағы  жеке  аймақтар  бойынша  алынған  нәтижелер  6-сынып 

оқушыларының  ЦБР-ды  пайдалану  есебінен  тарихи  оқиғалардың  маңызын 

жақсы түсінгенін растайды: Астана – 93%, Алматы – 98,7%, Қарағанда және 

Қарағанды  облысы  –  62,2%  оқушылары  «иә»  деп  жауап  берді.  Астанда  – 

5,9%,  Алматыда  –  1,3%  оқушы  «білмеймін»  деген  жауап  берді  және  осы 


16 

 

сұраққа  бәріненде  көп  Қарағанды  мен  Қарағанды  облысының  оқушылары 



жауап бере алмады – 32,4%. 

№ 7 диаграмма 

 

0

20



40

60

80



100

120


да

нет


не знаю

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

 



«ЦБР-ды қолданғаннан кейін оқушылар тарихи даталарды

 

есте жақсы 



сақтай  алды  ма?»  деген  сұраққа  жауаптарды  талдау  келесіні  көрсетті: 

сұралған  оқушылар  санының  82,1%-ы  ЦБР-ды  сабақтарда  қолданғаннан 

кейін материалды есте жақсы сақтайтын болған;  7,2% – «жоқ» деген жауап 

берген, 10,7% – сұраққа жауап бере алмаған (№ 9 кесте).  

 

№ 9 кесте  



ЦБР-ды қолданғаннан кейін тарихи даталарды оқушылар есте жақсы сақтай алды ма? 

  

 



 

 

Аймақ, қала 



Сұраққа 

жауап 

бергендердің 

саны 

иә 

жоқ 

білмеймін 

саны 



саны 



саны 

БАРЛЫҒЫ 


375 

308 


82,1 

27 


7,2 

40 


10,7 

Астана  


184 

167 


90,8 

3,8 



10 

5,4 


Алматы  

80 


72 

90 


2,5 


7,5 


Қарағанды, Қарағанды 

облысы 


111 

69 


62,2 

18 


16,2 

24 


21,6 

 

Цифрлық  білімдік  ресурстар:  оқыту  процесінде  оқушылардың 



белсенділігін  ынталандырады;  оқып  білетін  тақырыптардың  арасында  тірі 

өзарабайланысты ұйымдастырады; бақылау мен өзіндік бақылауды енгізеді; 

өзі  оқытушылар  мен  оқушылардың  арасында  делдал  болып  табылады. 

Сондай-ақ  олар  көру  мен  есту,  логикалық  пен  бейнелік  жадты  пайдалануға 

бағытталған.  Жеке  алынған  аймақтарда  оқушылар  ЦБР-ды  қолданғаннан 

кейін тарихи даталарды есте жақсы сақтайтынын атап өтті:  Астана – 90,8%, 

Алматы – 90%, Қарағанды мен Қарағанды облысы – 62,2% (№ 8 диаграмма).  

 

 



17 

 

№ 8 диаграмма 



 

0

10



20

30

40



50

60

70



80

90

100



да

нет


не знаю

Астана 


Алматы 

Караганда,  Карагандинская

обл.

 

 



Цифрлық  білімдік  ресурстарды  сынақтан  өткізу  сараптамасы 

электрондық  оқыту  жүйесін  енгізу  бойынша  жобаға  қатысқан  қазақ  тілінде 

оқытатын  пилоттық  мектептердің  6-сынып  оқушыларына  жүргізілген 

сауалнама 

нәтижелерін 

талдауды 

енгізді. 

«ЦБР-ды 


сабақтарда 

пайдаланбағанға  дейін  және  пайдаланғаннан  кейін  оқушылар  көбінесе 

жиірек  қандай  бағаларды  алды?»  деген  сұраққа  жауап  №  10  кестеде 

бейнеленді.  Бағалар  бойынша  мәліметтерді  талдау  жалпы  барлық  аймақ 

бойынша ЦБР-ды пайдаланғаннан кейін «5» пен «4» бағалары «3» бағаларын 

жеңіп  шығады  деген  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Егерде  ЦБР-ды 

пайдаланбағанға  дейін  «5»  бағасы  –  137  болса,  енді  олар  пайдаланғаннан 

кейін 226-ға дейін артты, сәйкес түрде «4» пен «3» бағалары 187-ден 118-ге 

және  44-тен  26-ға  дейін  төмендеді.  Бұл  экспериментальдық  сыныптарда 

оқушылардың білім сапасының артқанын көрсетеді, «5» бағасы көп болды.

 

№ 10 кесте 



ЦБР-ды пайдаланбағанға дейін және пайдаланғаннан кейін оқушылар сабақтарда 

барлығынан жиірек қандай бағаларды алды? 

 

 

 



Аймақ, 

қала 


 

Сұраққа 

жауап 

бергендерді

ң саны 

дей

ін 

кейін  дейін 

кейін 

дейін  кейін  дейін  кейін 

дей

ін 

кейін 



















БАРЛЫҒЫ 


375 

137 


226 

187 


118 

44 


26 



Астана  



184 

87 


132 

78 


47 

15 




Алматы  



80 

10 


45 

64 


32 





Қарағанды, 

Қарағанды 

облысы 


111 

40 


49 

45 


39 

24 


21 



 



Пән  бойынша  оқушылар  үлгерімінің  артқаны  кестеде  көрнекі  түрде 

көрініп  тұр.  «5»  бағасысының  саны  Астанада  45-ке,  Алматыда  35-ке  артты, 

Қарағанды  мен  Қарағанды  облысында  да  сондай  картина,  «5»  бағасының 

саны 9-ға артты, бұл «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақтарда 

ЦБР-ды пайдалану ЦБР-дың пайдасына шешілгенін көрсетеді. 


18 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Сонымен,  ұсынылған  цифрлық  білімдік  ресурстар  оқушылардың 



танымдық  қызығушылығын  белсенді  етуге,  Қазақстан  тарихының  түйінді 

сәттері  туралы  айқын  түсінік  беруге,  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды 

оқып  білуді  жалғастырудың  орнықты  мүддесін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

береді.  Олар  біздің  Отан  тарихының  даму  кезеңдері,  негізгі  тарихи  көздер, 

тарихи өлкетану, тарихи уақыт, тарих пен кеңістіктің ара қатынасы, тарихи 

карталар,  мемлекет  сияқты  тарихи  құбылыс  туралы  тарихи  түсініктерді 

қалыптастырады. Сабақтарда ЦБР-ды пайдалану халықтың мәдени мұрасын 

сақтау мен көбейту мүддесін дамытады, отансүйгіштікке тәрбиелейді, өз елі 

үшін мақтаныш сезімін тудырады.  

 Цифрлық білімдік ресурстарды пайдалану республиканың қалалық та 

және  ауылдық  та  мектептерінің  оқушыларының  білім  сапасын  айтарлықтай 

арттыруға мүмкіндік береді. 

ЦБР  оқушылардың  ойланушылық  іс-әрекеттерін  белсенді  етудің  әр 

түрлі  тәсілдерін  қолдануды,  оларды  ізденіс  жұмысына,  оқытуды  өзіндік 

ұйымдастыруға енгізуді қамтамасыз етеді. 

Мұғалімдер  мен  оқушылардың  пікірі  бойынша  Қазақстан  тарихы 

бойынша  6-сынып  үшін  ҰАО  дайындаған  цифрлық  білімдік  ресурстарды 

Қазақстан  Республикасының  барлық  мектептерінде  кеңінен  пайдалануға 

ұсыну мақсатқа сай келеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


19 

 

Қосымша 



 

Қазақстан тарихы бойынша 6-сыныпқа арналған қазақ тіліндегі  

цифрлық білімдік ресурстардың (ЦБР)  

Т І З І М І 

 

 № 



Тақырыптың ЦБР-ы  

1.  


Кіріспе  6  сыныпта  Қазақтан  тарихы  нені  үйретеді.Ертедегі  аңшылық  пен  терімшілік  Алғашқы 

адамдардың  пайда  болуы.  Адамның  шығу  тегі.  Ежелгі  адамдардың  іс-әрекеттері.  Аңшылық. 

Терімшілік. 

2.  


Алғашқы 

адамдардың 

Қазақстанда 

пайда 


болуы. 

Алғашқы 


тастан 

жасалған 

еңбек 

құралдары.Адамдардың үйірі – алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы. 



Алғашқы  адамдардың  өмірі.  Еңбек  құралдарын  жетілдіру.  Палеолитттен  неолитке  дейінгі  еңбек 

құралдарындағы өзгерістер. Ұлы мұздақтар. Отты қолдану. 

3.  

Ерте  тас  дәуірі  Қазақстан  территориясында  (палеолит).  Төменгі  және  жоғарғы  палеолит. 

Қазақстан жерінде палеолит дәуірінің тұрақтары. Еңбек құралдары. «Саналы адамның» пайда болуы. 

Рулық қауымның пайда болуы. Көсемдер. Ақсақалдар. Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде. 

(мезолит)  Орта  тас  дәуіріндегі  ерекшеліктер.  Микролиттердің  пайда  болуы.  Садақ  пен  жебе 

жасаудағы  өнертабыстар.  Алғашқы  адамдардың  қоғамдық  өміріндегі  өзгерістер.  Рулық  қауымның 

нығаюы.  Тайпалардың  бірігуі.  Жер  өңдеу  және  мал  шаруашылығының  тууы.  Еңбек  бөлінісінің 

басталуы. 

4.  

Қазақстан  территориясы  жаңа  тас  дәуірінде.  (неолит)  Неолит  төңкерісі.  Жер  өңдеу  мен  мал 

шаруашылығына  көшу.  Гончарлық  кәсіптің  пайда  болуы.  Балшықтан  жасалған  ыдыстар  заманы. 

Тоқыма  өнері.  Тастан,  сүйектен  жасалған  жасалған  еңбек  құралдары.  Қазақстан  территориясында 

неолит  дәуірінің  тұрақтары.  Неолит  дәуірінің  ескерткіштері.  Рулық  қауымның  аналықтан  аталыққа 

көшуінің  басталуы.  Мыстытас  дәуірі  (энеолит).  Алғашқы  металларды  өңдеу.  Мыс.  Қалайы.  Еңбек 

құралдарын  жетілдіру.  Энеолиттің  ерекшеліктері.  Еңбек  бөліністері.  Патриархаттың  бекітілуі. 

Қазақстан территориясында энеолит дәуірінің тұрақтары.  

5.  


Алғашқы  адамдардың  өздерін  қоршаған  орта  туралы  айтқан  (ой-пікірлері).  Діннің  пайда  болуы. 

Анимизм.  Тотемизм.  Фетишизм,  Магия  –  алғашқы  діни  ұғымдар.  Тілдердің  дамуы.  Құдай  мен 

әруақтарға сену. Өнердің тууы. Бейнелеу өнері. 

6.  


Қола  дәуірінің  негізгі  ерекшеліктері.  Қола  –  мыс  мен  қалайының  қоспасы.  Қолдан  жасалған  еңбек 

құралдары.  Қазақстан  территориясындағы  мыстың  табылған  жерлері.  Андронов  мәдениетінің 

қоныстары. Андроновтардың шаруашылығы мен тұрмысы. Андроновтардың үйлері. 

7.  


Қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өмірлеріндегі шаруашылық өзгерістер. 

Климаттың өзгеруі.  Отырықшы және  жартылай  көшпелі мал  шаруашылығы. Отырықшы жер өңдеу. 

Адамдардың қоныстары. 

Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Жеке меншіктің пайда болуы. Зергерлік өнер.Қайталау 

8.  

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы. Отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу. 

Малдың  түрлері.  Киіз  үй  –  көшпелілердің  баспанасы.  Отырықшы  мен  көшпелі  өмір  арасындағы 

айырмашылықтар.Көшпелі  мал  шаруашылығы.  Мал  шаруашылығымен  айналысатын  көшпелілердің 

салт-дәстүрлері.  Жайылым  түрлері  –  көктеу,  жайлау,  күздеу,  қыстау.  Наурыз  мейрамы. 

Көшпелілердің мәдениеті. 

9.  


Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемелекеттер.  

10.  


Сақтар.  Сақтардың  қоныстануы.  Сақ  қоғамы.  Сақтар  туралы  алғашқы  деректер.  Сақтар  туралы 

Геродоттың айтқандары. 

Сақтар  туралы  парсылардың  мәліметтері.  Сақ  тайпаларының  қоныстануы.  Сақтар  –  Тиграхауда, 

парадарайя, хаомаварга. 

Сақтар  қоғамының  құрылымы.Сақтардың  шаруашылығы,  тұрмысы.  Сақтардың  шаруашылығы, 

тұрмысы  туралы  Геродоттың  жазбасы.  Мал  шаруашылығы  және  егін  шаруашылығы.  Темірді 

пайдалану. 

11.  


Тәуелсіздік үшін сақтардың күресі. Қазақстан жеріне парсы әскерлерінің басып кіруі. Сақ патшасы – 

Томиристің  парсы  патшасы  Кирге  қарсы  күресі.  Шырақтың  ерлігі.  Александр  Макендонскийдің 

әскеріне  қарсы  күрестер.  Сақ  мәдениеті.  Сақ  ескерткіштері.  Есік  және  Бесшатыр  қорғаны.  «Алтын 

адам».  Сақтардың  зергерлік  өнері.  «Аң  стилі».  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  негізінде  сақтардың 

астанасы болған Шірік-Рабат, Қызыл Уықтағы обалар, Берел, Шіліктідегі қорымдар мен патшалардың 

мәйіттеріне жүргізілген зерттеулер. 

12.  

Үйсіндер.  Үйсін  тайпалары.  Үйсіндердің  қоныстанған  жерлері.  Үйсіндер  туралы  жазба  мәліметтер, 

деректер. Үйсіндердіің қоғамдық орналасуы. Ғұн – үйсіндердің билеушісі.  

13.  

Үйсіндердің  тұрмысы,  шаруашылығы.  Мал  шаруашылығы.  Жер  өңдеу.  Отырықшылық.  Кәсіп. 

Зергерлік өнер. Қарғалы тәтісі. Салт-дәстүрлері, дінге сенімділіктері. 



20 

 

14.  



Қаңлы.  Қаңлылар  туралы  жазбаша  деректер.  Қаңлылардың  тарихы  туралы  қытай  және  иран 

жазбалары.  Қаңлылардың  археологиялық  ескерткіштері.  Қостөбе,  Көк-Мардан,  Пұшық-мардан. 

Қаңлылардың қоныстануы. Қоғамдық құрылуы.  

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Жер өңдеу. Мал шаруашылығы және кәсіптері. 

Металдарды өңдеу. Сауда. Қаңлы мәдениеті және діншілдік. 

15.  

Ғұндар. Ертеді ғұндардың тарихы жайлы қытай жазбалары. Шаньюй. Мөде – ғұн мемлекетінің негізін 

салушы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұн тайпаларының бірігуі. 

16.  

Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Ғұндардың батысқа қоныс аударуы. Ұлы әскербасы Аттила (Еділ) 

және  оның  жорықтары.  Ғұн  жорықтарының  маңызы.  Тарихи  әдебиеттердегі  ғұн  образы. 



Шаруашылығы.  Ғұн  қоғамының  құрылуы.  Ғұн  мәдениеті.  Мал  шаруашылығы.  Жер  өңдеу. 

Қоныстануы, кәсіптері. Қоғамдық құрылу. Ғұн мәдениеті. Зергерлік өнер. «Полихром стилі». 

17.  

Сарматтар.  Сармат  тайпасының  қоныстануы.  Савромат,  дай,  каспий,  гиркон  тайпалары. 

Сарматтардың  қоғамдық  құрылысы.  Әскери  демократия.  Әлеуметтік  теңсіздік.  Сарматтардың 



тұрмысы.  Шаруашылығы.  Мал  шарауашылығы.  Егін  шаруашылығы.  Сарматтардың  материалдық 

мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер. Сынтас. 

18.  

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Сарыарқа – 



ұлы  дала. Сарыарқа  тұрғындары  –  аргипейлер, исседондар.  Шаруашылығы.  Маусымдық жайлаулар. 

Ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер. Тасмола археологиялық мәдениеті. «Мұртты» обалар. 



Ерте  темір  дәуіріндегі  Солтүстік  Қазақстан.  Табиғи-климаттық  ерекшеліктер.  Савроматтар  мен 

аргиппейлер  –  Солтүстік  Қазақстан  тұрғындары.  Шаруашылығы.  Мал  шаруашылығы  және  оның 

ерекшеліктері.  Археологиялық  ескерткіштер.  Металл  өңдеу.  Ерте  темір  дәуіріндегі  Шығыс 

Қазақстан.  Табиғи  климаттық  жағдай  және  елді  мекендер.  Шілікті  даласынан  табылған  Патша 

қорғандары.  Берел  қорымдары.  Шығыс  Қазақстан  мәдениеті.  Полихром  стилі.  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасы негізінде ежелгі қалашықтар мен қорымдарға археологиялық зерттеулер.  

19.  


Дін  және  мәдениет.  Ежелгі  Қазақстанның  мәдениеті.Сақтардың  имандылық  әдептегі  ережелері. 

Өмірдің адамгершілік формалары және басқару әкімшілігінің қатал жүйесі. Ғұндардың тұрғын үйлері. 

Көшпелілердің  киімдері.  Шалбар  –  көшпелілердің  өнертабысы.  Аттарды  баппау.  Көшпелілердің 

әскери жетістіктері. 

20.  

Көшпелілердің салттары мен дінге сенушілігі. Көк Тәңірі. Әруақтарға сиыну. Жерлеу рәсімдері. 

Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты. Антропология деген не? Қола кезеңіндегі адамдардың 

антропологиялық  сипаттамасы.  Ерте  дәуір  кезеңіндегі  адамдардың  бейнесі.  Жылдық  қорытынды 



қайталау 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: sites -> default -> files -> zip rar pdf doc
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
zip rar pdf doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
zip rar pdf doc -> Ҕазаҕстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ҧлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
zip rar pdf doc -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
zip rar pdf doc -> Ҕазаҕстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ҧлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
zip rar pdf doc -> Ҕазаҕстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
zip rar pdf doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
zip rar pdf doc -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет