Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ



жүктеу 9.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/18
Дата10.01.2017
өлшемі9.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІМЕН КІРІККЕН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 
ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША 9-СЫНЫП ҮШІН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ 
(қазақ және орыс тілдерінде) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2014  
 
 


 
УДК 373 
ББК 74.262.4 
Э46  
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ  ғылыми  Кеңесі  ұсынған 
(2013 жылғы 7 қарашадағы № 11 хаттама) 
 
 
 
 
 
Пікір берушілер:  
Мұхамбетжанова С.Т., педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
Саматокина Г.М., педагогика  ғылымдарының  кандидаты 
 
 
 
 
Э46 
Нұрғалиева  Г.Қ.,  Тәжіғұлова  Ә.І.,  Артықбаева  Е.В.,  Әбдрахманова  Ә., 
Изенбаева  С.Б.,  Далбаева  Р.С.      Электрондық  оқыту  жүйесімен  кіріккен 
оқу  процесінде  физика  пәні  бойынша  9-сынып  үшін  цифрлық  білім  беру 
ресурстарын  пайдаланудың  оқу-әдістемелік  құралы.  –  Алматы:    «ҰАО» 
АҚ, 2014.  – 185 б. (қазақ және орыс тілдерінде) 
 
 
ISBN 978-601-7522-32-2 
 
 
 
        
Осы  әдістемелік  құрал  «Білім  беру  жүйесін  әдіснамалық  жасақтау»  –  «Білім  беруді 
ақпараттандыру  саласындағы  оқу-әдістемелік  құралдарды  дайындау  бойынша  қызметтер 
көрсету»  008  бағдарламасы  бойынша  ҚР  БжҒМ-нің  мемлекеттік  тапсырысына  сәйкес 
әзірленген.   
        
Пайдаланушылардың  басшылық  құралында  пайдаланушыны  авторландыруды, 
электрондық  оқытудың  ақпараттық  жүйесінің  электрондық  кітапханасындағы  керек 
ресурстарды іздестіруді, мультимедиалық түсініктемелермен, интерактивтік тапсырмалармен 
және тестілермен жұмыс істеуді, сондай-ақ 9-сыныптың «Физика» пәні бойынша  цифрлық 
білімдік  ресурстар  тізімін  енгізе  отырып,  цифрлық  білімдік  ресурстармен  жұмыс  істеу 
бойынша пайдаланушыларға арналған нұсқау бар.  
 
 
 
УДК 373 
ББК 74.262.4 
 
 
 
 
ISBN 978-601-7522-32-2 
© «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ, 2014. 
 
 


 
МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе ………………………………………………………………………………………   4  
Глоссарий .....………………………………………………………………………………. 

Физика пәні бойынша 9-сынып үшін қазақ тіліндегі цифрлық білімдік ресурстардың 
тізімі ……………………………………………………………………………………….. 
 

Физика пәні бойынша 9-сынып үшін электрондық оқыту жүйесінің мазмұны 
(контенті) ретінде ЦБР-ды құрастыру технологиясы ..........….......................................... 
10 
9-
сыныптағы «Физика» пәнінен цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып 
өткізілетін сабақ жоспарлары (қазақ тілінде). .................................................................... 
 
14 
«
Қозғалыс  материяның ажырамас бөлігі. Материалдық нүкте.   Санақ жүйесі. 
Қозғалыстың салыстырмалылығы» тақырыбына  №  2259 ЦБР-ды пайдаланып 
өткізілетін  сабақ жоспары. ........................................................................................ 
 
 
14 
«Векторлар  және  оларға  амалдар  қолдану.  Вектордың          координаталар 
осьтеріндегі  проекциялары»  тақырыбына  №    2260  ЦБР-ды  пайдаланып 
өткізілетін  сабақ жоспары.......................................................................................... 
 
 
22 
«Түзусызықты  теңайнымалы  қозғалыс.  Үдеу»  тақырыбына  №    2261  ЦБР-  ды 
пайдаланып өткізілетін  сабақ жоспары...................................................................... 
 
28 
«Түзусызықты  теңайнымалы  қозғалыс  кезіндегі    жылдамдық  және 
орынауыстыру»  тақырыбына  №    2262  ЦБР-ды  пайдаланып  өткізілетін    сабақ 
жоспары.....................................................................................................................   
 
 
35 
«Денелердің  еркін  түсуі.    Еркін    түсу  үдеуі»  тақырыбына  №    2263  ЦБР-  ды 
пайдаланып өткізілетін  сабақ жоспары..................................................................  
 
43 
«Қисықсызықты қозғалыс. Материалық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты 
қозғалысы»  тақырыбына    №№    2264,    2265  ЦБР-ды  пайдаланып  өткізілетін  
сабақ жоспары.............................................................................................................  
 
 
51 
«Сызықтық  және  бұрыштық  жылдамдықтар.  Центрге  тартқыш  үдеу.  Толық 
үдеу» тақырыбына   №№  2266, 2267  ЦБР- ды пайдаланып өткізілетін  сабақ 
жоспары........................................................................................................................   
 
 
60 
«Дене  импульсі.    Импульстің  сақталу  заңы»  тақырыбына  №№    2277,  2278  
ЦБР- ды пайдаланып өткізілетін  сабақ жоспары.................................................. 
 
68 
«Энергия»  тақырыбына  №    2280  ЦБР-ды  пайдаланып  өткізілетін    сабақ 
жоспары... .................................................................................................................... 
 
75 
«Энергияның сақталу  және бір түрден екінші түрге айналу заңы» тақырыбына 
№  2281  ЦБР-ды пайдаланып өткізілетін  сабақ жоспары....... ............................ 
 
82 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ  
 
Физика  пәні  бойынша  цифрлық  білімдік  ресурстар  2012-жылы  Білім  және  ғылым 
министрлігінің 052 «Орта және кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін 
енгізу» бағдарламасы ауқымында дайындалынды. Физика пәні бойынша 7-11-сыныптар үшін 
цифрлық  білімдік  ресурстарды  «Siveco»  (Румыния)  бірлестігінің  қатысуымен  Ұлттық 
ақпараттандыру орталығы (ҰАО) дайындады.  
Электрондық  оқыту  жүйесінде  (e-learning) 9-сынып  үшін  76  цифрлық  білімдік 
ресурстар ұсынылған, олар жыл ішіндегі физика бойынша барлық мектеп курсын қамтиды. 
ЦБР-дың  мазмұны  Мемлекеттік  білім  берудің  жалпы  міндетті  стандартына  сәйкес  келеді 
және «Физика» пәнінің типтік оқу бағдарламасында қойылған негізгі мақсат пен оқу-тәрбие 
беру  міндеттерін,  оның  ішінде:  ғылым  негіздерін,  маңызды  факторларды,  ұғымдарды, 
физикалық  заңдар  мен  теорияларды  оқып  білуді,  физикалық  құбылыстарды    бақылау  мен 
түсіндіру біліктіліктерін дамытуды, оқылған материалдағы маңыздыларды салыстыру мен  
жіктеу  біліктіліктерін  дамытуды,  себеп-салдар  байланыстарын  тағайындауды  және  т.б. 
жүзеге асыруға көмектеседі. 
ЦБР-дың  міндеті  –  сабақтағы  мұғалімді  алмастыру  емес,  сабақты  ұйымдастыру  мен 
жүргізу  үшін  оған  қосымша  материал  ұсыну,  сабақтың  мазмұнын  жаратылыстану  ғылыми 
цикл пәндерін оқытудың ерекшеліктерін ескеріп ақпараттық қатынастық технологиялардың 
жаңа мультимедиалық мүмкіндіктерімен байыту, оқу материалын аудиалдық және көріністік 
сүйемелдеу,  оқушылардың  ой-өрісін  дамытуға  бағытталған  физикалық  эксперименттерді 
көріністік ету, оқушылардың ойшылдық пен практикалық іс-әрекеттерін кіріктіру. 
Оқу-әдістемелік  құралдың  мақсаты  –  электрондық  оқыту  жүйесімен  кіріккен  оқу 
процесіндегі  цифрлық  білімдік  ресурстарды  пайдалануда  мұғалімдерге  көмек  көрсету, 
сабақтың  әрбір  типінің  немесе  кезеңінің:  жаңа  материалды  түсіндіру  кезінде,  материалды 
бекіту немесе оның меңгерілу дәрежесін тексеру кезінде нақты дидактикалық міндеттерінен 
шыға  отырып,  нақты  сабақтарда  цифрлық  білімдік  ресурстарды  пайдалану  тәжірибесімен 
таныстыру.  
Осы  оқу-әдістемелік  құралда  қазақ  тілінде  және  орыс  тілінде  9-сынып  үшін  сөздік 
(глоссарий), физика пәні бойынша 20 сабақтың қысқаша жазбашасы (конспектісі) бар және 
физика  бойынша  электрондық  оқыту  жүйесі  мазмұнының  (контентін)  цифрлық  білімдік 
ресурстарын  құрастыру  технологиясын  ашады,  цифрлық  білімдік  ресурстарды  сынақтан 
өткізу сараптамасының нәтижелерімен таныстырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ГЛОССАРИЙ 
Автоматтандыру  
– 
адамзат  еңбегінің  формасын  ығыстыру  мен  жеңілдету, 
процестердің  өнімділігі  мен  мөлдірлігін  арттыру  мақсатымен  
ақпаратты  өңдеу,  жүйелеу,  сақтау  мен  беру  үшін  ақпараттық 
қатынастық технологияларды қолдану  
 
Авторландыру 
–  
көрсетілген  рөлге  сәйкес  белгілі  бір  әрекеттерді  орындауға 
белгілі бір тұлғаға немесе тұлғалар тобына құқық беру, сондай-ақ 
осы  әрекеттерді  орындауға  талаптану  кезінде  осы  құқықтарды 
тексеру (растау) процесі  
 
Айналу жиілігі 
– 
периодқа кері шама 
Айналу периоды 
– 
нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты 
 
Ауырлық күші  
– 
денелердің Жерге тартылу күші 
Білім берудің 
біртұтас 
ақпараттық жүйесі 
(ББАЖ) 
 

 
2011-
жылдың 1- желтоқсанынан № 503 «Білім берудің біртұтас 
жүйесін ұйымдастыру мен жұмыс істеу Ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 
м.а.Бұйрығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  білім 
беру сферасын ақпараттандыру жобасы. ББАЖ мектепке дейінгі, 
негізгі  орта,  жалпы  орта,  орта  кәсіптік,  жоғары  және  жоо-нан 
кейінгі  білім  беруді  ақпараттандыру  бойынша  өзіне  әр  түрлі 
жобаларды қамтиды   
 
Вектор 
– 
өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де 
сипатталатын шама 
Виртуальдық 
зертхана 
– 
оқу-зерттеушілік жабдықтың компьютерлік симуляторы  
Электрондық 
оқытудың 
ақпараттық 
жүйесінің 
басқарушысы 
 
  
электрондық  оқытудың  ақпараттық  жүйесіндегі  (ары  қарай  – 
ЭО АЖ) есепке алу жазбаларын әзірлеу мен жоюға, ЭО АЖ-ндегі 
модульге  қатынас  құру  үшін  өкілеттікті  өзгертуге  жауап  беретін 
тұлға  
Дене импульсі 
– 
дененің  массасы  мен  оның  қозғалыс  жылдамдығының 
көбейтіндісіне тең болатын шама 
 
Динамика 
– 
денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың 
бөлімі 
 
е-Learning  
(электрондық оқыту 
жүйесі -  ЭОЖ) 
жобасы 
 
 – 2020-
жылға дейін электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша 
Мемлекеттік жоба. Басымдық түрде жалпы орта, техникалық және 
кәсіптік орта білім беру үшін Қазақстан Республикасы білім беру 
сферасының оқу-педагогикалық іс-әрекетінің міндеттерін 
қамтиды  
 
Еркін түсу 
– 
ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі 
Импульстің сақталу  – тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің 


 
заңы 
қосындысы өзара өзгермейді (сақталады 
Интерактивтік 
тапсырма 
– 
тапсырманы  орындау  кезінде  оқушының  іс-әрекеттерін  және 
кері  байланысын  автоматтық  тексеруді  қамтамасыз  ететін 
бақыланатын  жаттығу  іс-әрекетінің  алуан  түрлілігі  есебінен 
оқушылардың  іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға  бағытталған 
тапсырма 
 
Мультимедиа 
– 
мәтін, дыбыс, кескін, анимация, бейне және интерактивтік өзара 
әрекеттесу  амалдары  сияқты  ақпаратты  ұсыну  мен  берудің  әр 
түрлі  формаларын  біріктіретін  ақпаратты  беру  амалдары 
және/немесе ақпаратты беру тәсілдері мен ақпарат 
 
Мультимедиалық 
түсіндіру 
– 
білімдерді 
көрінерлік 
етуге 
мүмкіндік 
туғызатын 
анимацияланған  оқиғалар  желісі,  безендірулер,  тарихи  карталар, 
мұрағаттық  құжаттар,  виртуальдық  тәжірибелер  және  т.б. 
көмегімен  сабақ  тақырыбының  мазмұнын  көрнекі  түрде 
деменстрациялайтын дыбысталған таныстырылым 
 
Ньютонның екінші 
заңы 
– 
денеде  туындайтын  үдеу  оған  әрекет  етуші  күшке  тура 
пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал 
Пайдаланушы 
 
– 
лауазымдық міндеттерді орындау үшін ақпараттық ресурстарды 
пайдаланатын білім беру ұйымының қызметкері, оқушылары 
және олардың ата-аналары 
 
Ұлттық біртұтас 
тестілеу 
 
  – 
ортадан  кейінгі  немесе  жоғары  білім  беретін  білім  беру 
ұйымдарына  оқуға  түсу  емтихандарымен  үйлестірілген  жалпы 
орта  білім  беру  ұйымдарында  оқитындарды  қорытынды 
аттестаттау формаларының бірі 
 
Ұлттық білімдік 
желі 
– 
Қазақстан  Республикасының  білім  беретін  және  оқытатын 
барлық  деңгейлері  мен  бағыттарының  білімдік  мекемелер 
жүйесінде білімдік пен ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсынатын 
мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелердің кешені 
 
Цифрлық білімдік 
контент 
 
– 
оқу-танымдық  процесті  және  білімдік  процесс  субъектілерінің 
ара  қашықтық  өзара  әрекеттесуін  автоматтандаруды  қамтамасыз 
ететін  педагогикалық  пен  ақпарқатынастық  технологиялардың 
кірігуі  негізінде  қолданбалы  компьютерлік  бағдарламалар 
формасында 
ұйымдастырылған 
электрондық 
оқытудың 
мазмұндық құрауышы 
 
Цифрлық білімдік 
ресурстар 
– 
қолданбалы  компьютерлік  бағдарламалар:  мультимедиалық 
таңыстырылымдар,  интерактивтік  тапсырмалар  мен  тестілейтін 
бағдарламалар  формасында  мемлекеттік  оқу  бағдарламаларына 
сәйкес оқу пәндерінің әрбір тақырыбы бойынша дайындалынған, 
әлденеше  рет  пайдаланудың  виртуальдық  оқу  нысандары  болып 
табылатын  оқытудың  сыныптық-сабақтық  жүйесі  үшін  цифрлық 
форматтағы дидактикалық материалдар  
 
Электрондық 
– 
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде (жалпы 


 
оқытудың 
ақпараттық жүйесі  
 
орта білім беру жүйесінде де, техникалық және кәсіптік орта білім 
беру 
жүйесінде 
де) 
e-Learning 
жобасы 
ауқымында 
дайындалынатын кіріккен бағдарламалар жүйесінің кешені    
 
Электрондық 
кітапхана 
  
– 
мәліметтер  берілісінің  ауқымды  желілері  арқылы  электрондық 
құжаттардың  алуан  түрлі  жинақтарында  ақпаратты  сақтауға, 
өңдеуге,  таратуға,  талдауға,  сондай-ақ  іздестіруге  мүмкіндік 
беретін үлестірілген каталогтандырылған ақпараттық жүйе  
 
Энергияның 
сақталу және айналу 
заңы 
– 
тұйықталған  және  жылулық  оқшауланған  денелер  жүйесінің 
толық  энергиясы  осы  жүйеде  болатын  кез  келген  өзгерістер 
кезінде сақталады 
 
Энергияның сақталу 
және айналу заңы 
– 
тұйықталған  және  жылулық  оқшауланған  денелер  жүйесінің 
толық  энергиясы  осы  жүйеде  болатын  кез  келген  өзгерістер 
кезінде сақталады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
9-
СЫНЫП «ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША  
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК РЕСУРСТАРДЫҢ ТІЗІМІ 
(
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ)  
 
№ 
ЦБР   № 
 
 
ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ АТАУЫ 

2259 
Қозғалыс – материяның басты қасиеті  

2260 
Векторлар және оларға амалдар қолдану  

2261 
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс 

2262 
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезiндегi жылдамдық және орын 
ауыстыру 

2263 
Дененiң еркiн түсуi. Еркiн түсу үдеуi 

2264 
Қисықсызықты қозғалыс  

2265 
Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы 

2266 
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар 

2267 
Центрге тартқыш үдеу 
10 
2268 
Ньютонның бiрiншi заңы. Инерциялық санақ жүйелерi 
11 
2269 
Күш. Ньютонның екiншi заңы 
12 
2270 
Масса. Ньютонның үшінші заңы  
13 
2271 
Салыстырмалылық принципi 
14 
2272 
Бүкiләлемдiк тартылыс заңы 
15 
2273 
Дененiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы 
16 
2274 
Жасанды серiктердiң қозғалысы 
17 
2275 
Дененің салмағы  
18 
2276 
Салмақсыздық 
19 
2277 
Дене импульсі  
20 
2278 
Импульстiң сақталу заңы 
21 
2279 
Реактивтi қозғалыс 
22 
2280 
Энергия 
23 
2281 
Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы 
24 
2282 
Теңайнымалы қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуi  (өтілген тақырыптар 
бойынша материалды бекіту) 
25 
2283 
Дененiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы (өтілген тақырыптар 
бойынша материалды бекіту) 
26 
2284 
Тербелмелі қозғалыс 
27 
2285 
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар 
28 
2286 
Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі  
29 
2287 
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі 
30 
2288 
Еркін және еріксіз тербелістер 
31 
2289 
Резонанс 
32 
2290 
Толқындық қозғалыс 
33 
2291 
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары 
34 
2292 
Акустикалық резонанс. Жаңғырық  
35 
2293 
Ультрадыбыс 
36 
2294 
Электромагниттік тербелістер. Электромагниттік өріс туралы түсінік 
37 
2295 
Электромагниттік толқындар  


 
38 
2296 
Электромагниттік толқындардың дифракциясы, интерференциясы және 
поляризациясы 
39 
2297 
Радиобайланыс 
40 
2298 
Маятниктің тербелісі (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту) 
41 
2299 
Беттік толқындардың таралу жылдамдығы (өтілген тақырыптар бойынша 
материалды бекіту) 
42 
2300 
Жұлдызды аспан. Аспан сферасы 
43 
2301 
Аспан координаталарының жүйесі 
44 
2302 
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы  
45 
2303 
Аспан сферасының әртүрлі географиялық ендіктердегі қозғалысы 
46 
2304 
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт 
47 
2305 
Күнтізбе 
48 
2306 
Кеплер заңдары 
49 
2307 
Күн жүйесінің денелеріне дейінгі қашықтық 
50 
2308 
Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы 
51 
2309 
Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі қиындықтар 
52 
2310 
Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы  
53 
2311 
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы 
54 
2312 
Фотоэффектті техникада пайдалану  
55 
2313 
Рентген сәулелері  
56 
2314 
Радиактивтілік  
57 
2315 
Резерфорд тәжірибесі. Атом және оның ядросының құрамы  
58 
2316 
Атом шығару және жұту спектрлері. Бор постулаттары 
59 
2317 
Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер 
60 
2318 
Физикалық шамалардың ядролық физикада қолданылатын өлшем бірліктері. 
Массалар ақауы 
61 
2319 
Ядроның байланыс энергиясы 
62 
2320 
Радиактивті сәулеленудің табиғаты. Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр 
ядролардың бөлінуі 
63 
2321 
Тізбекті реакция. Кризистік масса 
64 
2322 
Ядролық реактордың жұмыс принципі. Атом электр станциялары 
65 
2323 
Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздардың энергиясы 
66 
2324 
Радиактивтi изотоптар және оларды қолдану 
67 
2325 
Радиактивті сәулеленуден қорғану 
68 
2326 
Физика мен астрономияның дүниетанымдық маңызы 
69 
2327 
Ғаламның дамуы және элементар бөлшектер туралы мағлұматтар 
70 
2328 
Ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера. Экологиялық мәдениет 
71 
2329 
Дененiң еркiн түсу үдеуi (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту) 
72 
2330 
Серпiмдi деформация (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту) 
73 
2331 
Ньютонның екiншi заңы (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту) 
74 
2332 
Механикалық энергияның сақталу заңы (өтілген тақырыптар бойынша 
материалды бекіту) 
75 
2333 
Денелердiң соқтығысуы кезiндегi импульстiң сақталу заңы (өтілген 
тақырыптар бойынша материалды бекіту) 
76 
2334 
Еркiн және ерiксiз тербелiстер (өтілген тақырыптар бойынша материалды 
бекіту) 

10 
 
ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША 9-СЫНЫП ҮШІН  
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
 
Цифрлық  білім  беру  ресурстарын  пән  бойынша  типтік  оқу  бағдарламасына  сәйкес 
нақты  оқу  тақырыбына  арналған  дидактикалық  материалдар  болып  табылады.  Олар  оқу 
пәнінің  белгілі  бір  тақырыбы  бойынша  мультимедиалық  түсіндіруді,  интерактивті 
тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды. 
ЦБР-ды  құрастыруда  оқу  процесінің  барлық  құрауыштары:  мақсаттылығы, 
мазмұндылығы, іс-әрекеттестігі мен нәтижелігі жүзеге асырылады. 
Мақсат  тұлғаның  іс-әрекеттік  педагогикалық  жүйесінің  жүйе  түзетін  құрауышы, 
орталығы болып саналады, сондықтан оқыту нәтижелері оқушылардың оқыту мақсаттарын 
жете түсінуден тұра пропорционал тәуелділікте тұрады. Оқуда оң құлшыну себептерінің бар 
болуы  –  оның  табыстылығының  маңызды  шарты.  Іс-әрекетке  құлшыныс  сол  немесе  басқа 
мақсат бала үшін жете түсінілген, тұлғалық-маңызды болғанда пайда болады. Сондықтан кез 
келген  оқыту  процесінде  оқушының  осы  материалды  не  үшін  және  неге  оқып  білу,  атап 
айтқанда оған алда оқып білу мен меңгеру тұрғанын, оқу міндеті және алда тұған жұмыстың 
ақырғы мақсаты қандай екендігін айқын жете түсінуі қажет.  
Физика пәні бойынша ЦБР-дағы мақсатты құрауыш әрбір бетте бар және оқып білетін 
тақырып бойынша оқушылардың алдына нақты оқу мақсаттарын қоятын Басшылық арқылы 
іске  асырылады.  Оқушыларға  сабақтың  басында  оқу  материалын  оқып  білудің  айқын 
алгоритмі  беріледі,  оқу  материалын  оқып  білу  бойынша  әрекеттердің  логикалық  тізбегі 
анықталады.  Оқытудың  мақсатты  нұсқаулары  оқушылар  үшін  оқу-танымдық  іс-әрекетті 
ұйымдастырудың  мағынасы  мен  тәсілдерін  түсінікті  етеді  әрі  оның  белсенді  етілуіне 
айтарлықтай ықпал жасайды. 
Психодидактикалық  көзқарастан  шыға  отырып,  оқыту  процесінің  мазмұны,  типі 
әртүрлі  (ақпараттық,  түсініктемелік,  пайымдайтын,  мәселелік,  т.б.)  мәтіндерді,  оқу 
ақпаратын  (сөздік-символикалық,  көрінерлік,  пәндік-практикалық,  эмоциональдық-
бағалаушылық)  ұсынудың  әртүрлі  формаларын,  оқу  материалының  күрделілік  көзқарасы 
тұрғысынан оқу материалын саралаудың әртүрлі нұсқаларын қамтуы тиіс. 
Сондықтан цифрлық білімдік ресурстардың гипермәтіні сөздің кең мағынасында оқу 
материалының  тасуышы  ретінде  түсініледі,  бұл  тек  жазба  түрдегі  вербальдық  мәтін  ғана 
емес, «ақпарат базасы» және оқу материалын, бейне үзінділерді және т. б. мультимедиалық 
түсіндіруді  қамтитын  сондай  ақпараттық  білімдік  кеңістік  болып  табылады.  Осының 
барлығы оқушыға пәндік білімдер саласына бойлай енуге, білімдер алуға қатынасы бойынша 
объект  емес  субъект  болуға  мүмкіндік  береді.  ЦБР-дың  мазмұнын  тым  толық  ашу  үшін 
кейбір  беттерде  бірнеше  анимация  немесе  бейне  бар,  ал  беттердің  саны  1-ден  10-ға  дейін 
ауытқып отырады. Бұл физика  пәні бойынша қаныққан ақпараттық білімдік ортаны құруды 
қамтамасыз етеді. 
Теориялық  материалды  көзге  көрнекі  бейнеде,  кәсіпқой  диктордың  дыбыстауымен 
анимациялық  ұсыну  әртүрлі  сезім  мүшелеріне  әрекет  етуді  қамтамасыз  етеді,  материалды 
бейнелік  қабылдауға,  жете  түсінуге  және  аса  терең  есте  сақтауға,  пәнге  қызығушылықты 
арттыруға мүмкіндік туғызады.    
ЦБР-ды кәсіби дыбыстау мектеп оқушыларына оқу материалын тек көру арқылы ғана 
емес, есту арқылы қабылдауға мүмкіндік береді де, оқу материалын аса тиімді қабылдауын, 
түсінуі мен жете ұғынуын, сондай-ақ оқушылардың сауатты сөйлеуіне мүмкіндік туғызуын 
қамтамасыз етеді. 
Мұғалімдердің  міндеті  –  мектеп  оқушыларының  ақпараттық  білімдік  орта  секілді 
гипермәтіндермен  жұмыс  істеуін  ұйымдастыру,  осы  ортада  оларды  бағдарлануға  үйрету. 
Ақпаратты  игеру  оқытудың  ұжымдық,  топтық,  дербес  те  әдістерін  қолданумен  жүзеге 
асырылады. Оқушыларға белгілі бір білімдердің жинағын беру ғана маңызды емес, одан да 
маңыздысы – қойылған оқу міндеттерін шешу үшін қажетті ақпаратты өз беттерімен таңдай, 

11 
 
өңдей, талдай және жинақтай білу біліктерін қалыптастыру. Әр кезеңдегі жұмыс нәтижелерін 
мұғалім қойған сұрақтарға жауап ретінде дәптерге толтырылған кесте немесе схема түрінде 
бекіту мүддеге сай.  
– 
Салыстыру, теңестіру жолымен түсіндіру. Тірек оқушылардың өткендегі танымдық 
тәжірибесі  (біз  бұрын  не  көрдік,  не  білдік?).  Бейнеқатарды/анимацияны  қарап  шығып, 
оқушылар өткен материалмен салыстыра, теңестіре алады.  
– 
Оқып 
білетіннің 
айтарлықтай 
белгілерін 
ерекшелеу. 
Анимациялық 
демонстрацияларды  қарап  шығудың  алдында  оқушыларға  оқылатын  материалдың 
айтарлықтай  сапаларын,  қасиеттерін  немесе  белгілерін  ерекшелеуге  тапсырма  береді. 
Оқушылар тақырыпты оқып білу үшін айтарлықтай бастыларын: анықтамаларын және жаңа 
ұғымдарын дәптерге жазады. 
– 
Сұрақтарға  жауап.  Мәтінді  тағы  да  бір  рет  тыңдап,  қарап  шығып,  алдын  ала 
қойылған  сұрақтарға  жауап  береді.  Осы  тәсілдің  нұсқасы  ретінде,  оқушылардың  назарын 
шоғырландыру  үшін  бейнеқатарды  тыңдау  кезінде  назарға  сұрақтар  мен  тапсырма  беруге 
болады  (мысалы,  бейнеқатарда  қандай  да  бір  физикалық  термин  еске  түсірілді  ме  және 
қанша рет анықтау). Егерде бірнеше компьютермен жұмыс істелінсе және оқушылар сәйкес 
түрде шағын топтарға бөлінсе, онда ұқыптылыққа жарыс секілді ұйымдастыруға болады. 
– 
Бекіту  тәсілі  –  кадрды  тоқтату  және  мұғалімнің  пікірі  бойынша  игеру  кезінде 
оқушыларға  қиындық  тудырады  деген  белгілі  бір  схемаға,  белгілі  бір  ұғымға  мектеп 
оқушыларының назарын аудару, сол бойынша әңгіме құру.  
– 
Бейнеқатардың  мәтінін  қайталап  айтып  беру.  Бейнеқатарларды  тағы  да  қарап 
шығып  және  тыңдап  оқушылар  материалдың  мазмұнын  қайталап  айтады.  Электрондық 
оқыту  жағдайларында  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекеттерін  жетілдіруде  ерекше 
орында  сөйлеу  іс-әрекеті  алады.  Сөздік  материалды  өз  сөздерімен  қайталап  айту  мәтіндегі 
негізгі  ойды  екшелей  білу  түсіну  критерийлерінің  бірі  болып  саналады.  Осы  кезде 
аудиожазбалардағы  жауапты  сақтауға  және  түп  нұсқамен  салыстыруға  болады.  Мұндай 
жағдаяттарды енгізу балалардың барлығын, ешқандай бөліп жармастан, жадын да, сөйлеуін 
де, ойлауын да ерекше белсенді етеді. 
– 
Өзін-өзі  тексеру.  Бейнеқатар  тыңдалынады  және  өзін-өзі  тексеру  үшін  қарап 
шығарылады.  
– 
Оқушылармен әңгімелесу. Сұрақ бере білу – ойлау жұмысының сенімді көрсеткіші. 
Осыған оқушыларды үйрету керек. Егерде өз білімдеріне сенімді болмаса, егерде тыңдаған, 
басқалардан  нашар  түсінген  болса,  онда  тағы  да  анимацияны  қарап  шығу  қажет  және 
оқушының өз сұрағына өзі жауап беруіне мүмкіндік беру керек. 
– 
Қорыту тәсілі. Сабақ тақырыбының мақсатына сәйкес, алдымен жеке, ал олардың 
негізінде  жалпы  сол  немесе  басқа  ғылыми  қорытындыға  оқушыларды  келтіру  мақсатымен 
бейнеқатарды  қарап  шығу.  Осында  материалдың  өткен  бөлігін  бекіту  қажет:  «Міне,  біз 
қорытынды  жасадық  (қорытындының  тұжырымы  беріледі).  Келіңдер,  енді  еске  түсірелік, 
осы сұраққа біз қалай келдік». Бейне/анимацияны қайталап қарап шығу керек. Содан кейін 
сол  қорытындының  өзі  қайтадан  тұжырымдалады.  Тақырыптың  әрбір  сұрағы  бойынша 
осылай қайталау. 
Осы  техникалық  тәсілді  бейнеқатарда  дыбысталғанды  өздерінің  айтып  шығуын 
ұсынып, бейнеқатарда берілген материалды оқушылардың қалай жақсы меңгергенін тексеру 
үшін  пайдалануға  болады.  ЦБР-мен  жұмыс  істеуде  мақсаттылықпен  ауызша  сөйлеу  іс-
әрекетін қосу өзіндік монологиялық сөйлеуге қатынасын және саналы қабылдауын білдіретін 
оқушылардың  жалпы  мәдениетін  қарқынды  дамытуды;  өз  ойларын  (жағдайлар  мен 
жағдаяттарға  сәйкес)  тұжырымды  және  жылдам  жеткізуді  қамтамасыз  етеді.  Ауызша 
жауапты  жаңғырту  тапсырмасының  күрделігі  және  оқытудың  әртүрлі  кезеңінде  қолдану 
алуан түрлі бола алады – материалмен алғашқы танысу кезінде де, ақпараттың қандай да бір 
блогын қорытындылау кезінде.   

12 
 
ЦБР-дың мәтінімен жұмыс істеу кезінде қағаз тасуыштағы мәтінмен жұмыс істеудің 
барлық  әдістемелік  тәсілдерін:  оқушылардан  түйінді  сөздерді,  терминдер  мен  ұғымдарды 
дәптерге жазу, мәтін бойынша сұрақтар қою және т.б. қолданылатын болады. 
ЦБР-да  іс-әрекеттік  құрауыш  нәтижелері  лездік  автоматтық  тексеру  мен 
демонстрациялаудың интерактивтік тапсырмалары түрінде берілген. Дәстүрлі оқыту кезінде 
оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  оқытушы  немесе  мұғалім  басқаратын.  Электрондық 
оқытуды  пайдалану  кезінде  оқушының  өзі  танымдық  іс-әрекеттің  субъектісі  болады,  осы 
кезде ілім алу тұтастай оның қайраткерлік, белсенділік ұстанымына байланысты болады, ал 
оқу  іс-әрекеті  тұтастай  әрқашанда  аса  табысты  нәтижелер  береді.  Сондықтан  танымда 
оқушының  қайраткерлік,  белсенділік  ұстанымын  қалыптастыру  және  оны  танымдық  іс-
әрекеттің алуан түніне тарту – ЦБР негізінде барлық оқу процесіндегі басты міндет. 
Интерактивті  тапсырмалар  пән  бойынша  оқушылардың  біліктіліктері  мен 
машықтарын  қалыптастыруға,  сондай-ақ  өзіндік  танымын  және  тұлғалық  өсуін,  олардың 
өмір  сүруінің  әртүрлі  сферасындағы  стандарттық  емес  міндеттерді,  мәселелерді  және 
жағдаяттарды шешуге дайындығын қамтамасыз ету үшін арналған. Тапсырмалардың алуан 
түрі  оқытуда  екпінді  физика  пәні  бойынша  білімдерді  меңгеруден  біліктілікті 
қалыптастыруға қарай ығыстыруға мүмкіндік береді. 9-сынып үшін ЦБР-да тапсырмалардың 
бірнеше типі енгізілген: сәйкестікті тағайындауға; сөйлемдерді толықтыруға; дұрыс жауапты 
анықтауға және т. б. 
Оқыту процесін қарқынды ету тапсырма типтерінің алуан түрлігі есебінен іс-әрекеттің 
максималь  мүмкін  болатын  түрлеріне  мектеп  оқушыларының  максималь  санын  қатыстыру 
арқылы  қол  жетеді.  Осы  кезде  тілектестік  атмосфера  жасалады:  оқушы  дұрыс  емес  жауап 
беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзетуге 
мүмкіндік береді. 
Интерактивті  тапсырмалармен  жұмыс  істеу  кезінде  психологиялық  түрде  қолайлы 
ахуал туғызу өте маңызды: оқушыға тапсырманы дұрыс орындаудың міндетті қатал шарты 
берілмейді.  Сол  уақытта  оған  бірден  дайын  шешімнің  немесе  дұрыс  жауаптың  кілті 
берілмейді,  мектеп  оқушысын  өз  бетімен  дұрыс  жауапты  табуға  итермелейтін  жол 
көрсетудің  икемді  жүйесі  беріледі.  Және  тек  бірнеше  дұрыс  емес  талаптанудан  кейін  ғана 
жауаптары бар кілтке қатынауға болады. 
Теориялық мәліметтерді немқұрайды меңгеруге жол берместен, оқушылардың алған 
білімдерін, біліктері мен машықтарын қолданудың шынайы мүмкіндіктері жасалады. 
Жақсы  ұйымдастырылғын  бекіту  кезінде  оқушылар  жақ-жақты  ойлауға  мәжбүр 
болады,  зерігуге  және  алаңдауға  себеп  жоқ,  материал  бекітілді,  меңгеру  немқұрайды  емес 
(тек  жадпен),  жеткілікті  түрде  жете  түсінілген.  Оқушыларда  дұрыс  ойлаудың  машықтары 
бекітіледі және дамиды.   
ЦБР-дың интерактивті тапсырмаларын пайдаланудың педагогикалық тәсілдері: 
– 
Интерактивті тақтадағы  оқушының  жеке  жұмыс  істеуі.  Тақтаға  бір-бірден  оқушы 
шақырылады  және  әрқайсысы  электрондық  оқулықтан  бір-бірден  интерактивті  тапсырма 
орындайды. 
– 
Сабақта  топтық  жұмыс  істеу.  Алдымен  сынып  бірнеше  оқушы  бойынша  шағын 
топқа  бөлінеді,  содан  кейін  оларға  интерактивті  тапсырма  ұсынылады  да,  шағын  топқа 
ойлану  және  талқылау  үшін  уақыт  беріледі.  Берілген  тапсырманы  топта  талқылағаннан 
кейін,  оны  топтың  өкілі  интерактивтік  тақтада  орындайды.  Әрбір  топқа  жеке  тапсырма 
беріледі. Осы уақытта басқа топтар да тапсырманы талқылауға қатыса алады, жауап дұрыс 
болмаған жағдайда, кез келген басқа топ осы тапсырманы қайтадан орындай алады. 
– 
Сабақта  интерактивті  тапсырмамен  жаппай  жұмыс  істеу.  Сыныптың  барлық 
оқушыларына  сол  бір  тапсырма  беріледі.  Алдымен  оқушылар  оны  өз  дәптерлерінде 
орындайды,  содан  кейін  мұғалімнің  шақыруы  бойынша  бір  оқушы  интерактивті  тақтаға 
шығады  да  оны  орындайды,  осы  кезде  барлық  сынып  оқушылары  тапсырманың  орындалу 
дұрыстығын  қадағалайды.  Жауап  дұрыс  болмаған  жағдайда  келесі  оқушы  шақырылады. 
Осындай тәсілмен оқушылардың жеткілікті санын сұрап шығуға болады. 

13 
 
ЦБР-мен  мұндай  іс-әрекет  оқушылардың  ойлауын  дамытуға,  ойлаушылық  пен 
практикалық  іс-әрекетті  ұштастыруға,  зерттеудің  эксперименттік  әдістерін  (нәтижелерді 
бақылау,  өлшеу  және  ресімдеу,  өз  әрекетін  жоспарлау  біліктерін)  меңгеруге  бағытталған. 
ЦБР  көмегімен  оқушылардың  танымдық  қызығушылығы,  ілімге  саналы  қатынасы 
ынталандырылады. 
Мектеп  оқушыларының  сабақта  тапсырмаларды  орындау  уақытында  мұғалімнің 
нашар  оқитындармен  жұмыс  істеуіне,  жеке  сұрақтарға  жауап  беруге,  сабақтың  келесі 
кезеңіне дайындалуға және т. б. уақыт босайды. 
Бастысы  сол,  ақпараттық-білімдік  орта  жағдайларында  мұғалімнің шығармашылығы 
үшін  сыныпқа  және  оқушылардың  шынайы  мұқтаждығына  байланысты  толықтырылатын 
тәсілдер банкі ашылады.  
Электрондық  оқытудың  технологиялық  кезеңдерінің  жиынтығын  оқыту  процесінің 
міндетті  құрауышы  болып  саналатын  бағалау-нәтижелік  құрауыш  аяқтайды.  Оның  оқыту 
процесінің барлық сатысында орны бар және автоматтандырылған тестілерді енгізу арқылы 
ЦБР-да іске асырылады. ЦБР-дың тестілейтін бағдарламасында әрбір тақырып бойынша он 
сұрақ бар және оқушылардың білімін нысаналы бақылауды қамтамасыз етеді. 
Электрондық оқытудың ақпараттық-білімдік орта жағдайларында мұғалім тарапынан 
бақылауды  алмастыруға  педагогикалық  түрде  маңызды  оқушының  өзін-өзі  тексеруі, 
ақпарқатынастық тұлғаның өзекті сапасы ретінде оқушы өзін-өзі баламалы өзіндік бағалауы 
қалыптасады. Компьютерлік тестілеуді пайдаланудың мәнісі соған саяды, нәтижелер жедел 
түрде,  тез  арада,  тестілеудің  аяқталуы  бойынша  бірден  ұсынылады.  Соңында  оқушы 
орындалған  тестінің  нәтижесін  өзі  көре  алады:  тестіге  жауаптан  кейін  диаграмма  түрінде 
берілген  білімді  меңгерудің  жалпы  картинасы  шығарылады,  бұл  мектеп  оқушысының 
үлгерім деңгейінің бағасы болып саналады. 
Өзіндік дамыту нәтижелеріне қатысты бағалаушылық әрекеттерді жүргізуге оқушыны 
жүйелі  ояту,  оқу  және  шынайы  мәселелердің  оңтайлы  шешіміне  қол  жеткізу  үшін 
пайдаланылған  «құралдар  бағасы»  рефлексиясы  оның  нысанға  енуіне  дайындығын 
қалыптастырады. Осы кезде сұрау кезіндегі білімдерді субъективтік бағалау туралы мәселе 
алынып  тасталады.  Өйткені,  дұрыс  орындалған  тапсырмалар  санын  санай  отырып,  бағаны 
компьютер қояды; жауапты лездік талдау болады, бұл сұралушының өз білімдеріне немесе 
бекітілуіне,  не  дұрыс  емес  енгізілген  жауабын  түзетуіне,  не  мұғалім  көмегіне  жүгінуіне 
мүмкіндік береді. 
Автоматтандырылған  тестілеуді  пайдалану  кезінде  уақыт  өте  ғаламат  үнемделетін 
болады. ЦБР-ды пайдаланусыз бір сабақтың ішінде орташа үлгеретін 5, 6 оқушыны бағалай 
аласың.  Осы  уақыт  ішінде,  бірақ  ЦБР  тестілерін  пайдаланып,  барлық  оқушылардың 
білімдерін  жаппай  тексеруді  ұйымдастыруға  болады.  Жарысушылық  элементі  тексеру 
процесіне қосымша қызығушылықты алып келеді. 
Сонымен,  физика    пәні  бойынша  ЦБР-ды  пайдалану  кезінде  жүзеге  асырылатын 
ақпараттық білімдік ортаның ең маңызды ерекшеліктері болып мыналар саналады:   
– 
бүкіл сабақ бойы әрбір оқушының мақсатты оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; 
– 
мұғалімнің  ұстанымын  жалғыз  білімдер  көзінен  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
бақылау  мен  түзетуді  жүзеге  асыратын  дербес  кеңес  беруші  ұстанымына  өзгерту,  яғни 
педагогтың міндеттерін ақпараттықтан кеңесші-үйлестірушіге түрлендіру. Сабақта оның іс-
әрекетін  өзгерту  нәтижесінде  оның  оған  дайындық  сипаты  мен  мазмұны  өзгереді:  енді  ол 
жаңаны  түсіндіруді  қалай  жақсы  өткізуге  дайындалмайды,  мектеп  оқушыларының  іс-
әрекеттерін қалай жақсы басқаруға дайындалады. 
Бұл методикалық құралда пән бойынша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып 
өткізілетін сабақ жоспарлары берілген . 
 
 
 

Каталог: sites -> default -> files -> zip rar pdf doc -> ump
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
ump -> Ҕазаҕстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ҧлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
ump -> Ҕазаҕстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ҧлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
zip rar pdf doc -> Ҕазаҕстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттыҕ аҕпараттандыру орталығы» АҔ
zip rar pdf doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
ump -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет