Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет6/91
Дата21.02.2023
өлшемі0.6 Mb.
#69755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
пед
Шынарбек Ерсайын мөж3 ММок 214
Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар

  1. «Менің идеям мұғалімдік» деген тақырыпта әңгіме құрастырып айт Жоспары:

а). Мұғалімдер өмірі мен қызметі жөнінде баяндайтын кино,
телефильмдер жөнінде әңгіме.
ә). Өзің білетін, өзің үлгі ететін мұғалімдердің, педагогтардың
шығармашылық сапасы жөнінде айт, не шығарма жазып кел.
б). Идеалды мұғалімнің сапасы көрсететін мысалдарды айтып
ауызша талдау, бағалау.

  1. «Мен және мамандық» атты тақырыпта қысқаша студенттерге баяндату Жоспары:

а). Мен мұғалімдік мамандықты неге тандап алдым?
ә). Мен өзімді мұғалімдік мамандыққа қалай дайындаймын?
б). Мен қазір балаларга не бере аламын?
г. Жоғарғы оқу орындары, кәсіптік дайындық бағытындабізден
қазір не талап етеді?

  1. Ұлы педагогтар жөнінде әңгіме

1. Тақырыбы А.С.Макаренко педагогикалық еңбектің шебері.
1) А.С.Макаренконың өмірі мен қызметімен танысқаннан кейінгі менің ой-толғанысым атты тақырыпта әңгіме құрастырып айт.
а)Макаренко жөнінде сен қай уақыттан бастап,кімнен не білдің?
ә)Макаренко өмір қызметінен саған үлгі-өнегеболатын қандай
оқиғалар есте қалды?
б) «Сіздің тамаша таңғаларлықтап педагогикалық эксперимен-
тіңіздің дүние жүзілік маңызы бар» - деген М.Горькийдің сөзін сіз қуаттайсыз ба? Неліктен?
4.А.С.Макаренконың педагогикалық қызметіндегі педагогикалық шеберлік элементтеріне талдау жаса.
а) Макаренконың пікірі бойынша педагогикалық шеберліктің
негізіне не жатады?
ә) Педагогикалық техника проблемасы, оның өзектілігі жөнінде,
тәрбиелік функциясы жөнінде Макаренко не айтты?
б)Жоғарғы оқу орындарында келешек мұғалімдерді дайындау жөніңдегі идеясын ұға отырып, сіз өзіңіздің кәсіптік өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаңызға нені басшылыққа аласыз?
в)А.С.Макаренконың «Ұстаздық дастан» атты романын оқи отырып, белгілі педагогикалық ситуацияға оның педагогикалық техникасының нақты жағдайда дұрыс қолдануын атап көрсет.
5. Тақырыбы: Педагогикалық еңбектің көрнекті шебері В.А.Сухомлинский
1.В.А.Сухомлинскийдің қандай шығармаларын оқыдың, қандай әсер алдың?
2.В.А.Сухомлинский мұғалімдерге қандай талап қояды. Жақсы мұғалім деп қандай мұғалімдерді атаған?
3.В.А.Сухомлинский түсінігі бойынша «мұғалімдік мамандықадам тану» деген сөздің мәнін аш.
4.А.С.Макаренко мен Сухомлинскийдің қызметі мен өмірін салғастыратын синхроникалық таблица жаса. Көрнекті педагогтардың кәсіптік білгірлігі қалай қалыптасқандығына анализ жасап көрсет.
6.В.А.Сухомлинскийдің «Балаларға жүрек жылуы» атты кітабын талда:
1. Кітаптың атына байланысты мәні.
2.Автор қандай педагогикалық міндеттерді шешеді?

  1. Кітап бойынша автор тәрбие жөнінде қандай маңызды, көкейтесті мәселелер көтереді?

  2. В.А.Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» атты кітаптың жеке бөлімдерін оқуға байланысты пайда болған ситуация, оны сен қалай шешесің?

7.Нақты мұғалімнің өз мамандығына көзқарасын өзгертуге ықпал еткен нақты педагогикалық ситуацияны келтірейік.
Ситуация 1.Мұғалім сабақ түсіндіру барысында. Оқушылар сабақты тыңдамай шулап, бір-біріне қағаз лақтырып, сыбырласып отыр. Бұл әрекеттерге мұғалім назар аудармай, сабақты жалғастыруда. Кей кезде артта отырған оқушыларға екі қоямын, сабақтан шығарып жіберемін, ата-анаңды шақырамын деген ескертулерді, қорқытуларды айтып қояды.
Мұғалім өтілген материалды оқушылардан сұрай бастады. Кезек өте тынымсыз оқушыға да жетті.

  • «Мен мәтіннің бірінші сөйлемін ғана айтып бере аламын»

  • «Онда «екі» қоямын»

  • «Онда толық жауап беруге тырысамын» - «Кешіктің, ертерек ойлану керек еді» - «Жоқ, жауап беремін».

Мұғалім «екіні» қойды, нәтижесінде оқушы ызаланып, есікті тарс жауып, шығып кетті. Ситуацияны талдап,баға беріңіз.
8.Ситуция 2. Балалармен төбелесіп жәбір көрген Марат ызаға булығып ашумен түрі өзгерген бойы сынып жетекшінің кабинетіне келді. Келсе, сынып жетекші қабырғаға сурет ілейін деп дайындап жатыр екен. Мараттың ашуға булығып келе жатқанын бірден біледі. Маратты көреді де салқын дауыспен: «Марат ана балғаны әперіп жіберші!» дейді. Одан кейін Маратқа мына сурет дұрыс ілінді ме? Қарашы! деп, көрсетеді де, суретті түзейді. Содан кейін Маратқа сен екеуіміз суретті жақсылап орналастырдық, енді әңгімеңді айт не үшін келдің - дейді. Марат ашу-ызасыз байыпты түрде болған уақиғаны айтып шықты. Сынып жетекші бұл оқиғаны тақауда сыныпта талқылайтынын, жолсыздыққа бұдан былай жол бермейтіндігін Маратқа айтып түсіндірді. Марат сынып жетекшісіне риза болып, «мені қажет болса шақырыңыз, мен ылғи көмектесіп тұрам!» деді.
Сынып жетекшісі Маратты неге бірден жұмсады?
9.Кәсіптік мамандықты жетілдіру бағытында өзін-өзі тәрбиелеу программасы
1. Бір жетіге, не бір күнге арналған өзін-өзі тәрбиелеуде ерікті жетілдіру программасы:
-Өзіңнің жетістігіне сену, кері әсер ететін ұнамсыз эмоцияларды жою.
-Өзін-өзі сендіру.
-Өмірде болатын тосқауылдарды жою.
- Өзін-өзі сендіру формаларын қолдану.
«Мен өзіме өзім сенемін». «Мен оны істей аламын». «Мен оны істеймін».
10. Зейінді тәрбиелеу:
-Зейінді болуға талаптану, ұзақ уақыт зейінін бір нәрсеге шоғырландыру.

  • Ұзақ, уақыт, бүкіл сабақ бойы өзін-өзі ұстап отыру, бөгде істермен шұғылданбау.

  • Өзіне-өзі сенім арту «Мен өзімді-өзім ұстап отыра аламын».

-Мен зейін қойып тындаймын. Осы сияқты мақсаткерлік, батылдық, оптимизм сияқты сапаларға қалыптастыру үшін бағдарлама жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет