Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 488.8 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі488.8 Kb.
1   2   3

-    Сұрақтар  беруге  бейімдеңіз.  Өз  сұрақтарына  жауап  алу  үшін  балаңызға 

кітаптар немесе басқа да ақпарат көздерін табуға көмектесіңіз. 

-  Балаңызға  өмірлік  тәжірибелерді  көбірек  алуға  мүмкіндік  беріңіз.  Ең 

алуан 


салалар 

бойынша 


қызығушылықтары 

мен 


алған 

әсерлерін 

ынталандырыңыз. 

-  Бала үнемі және барлық салада өз дарындылығын танытады (қажет) деп 

күтпеңіз. 

-  Баланы түзетіп отырыңыз, сақ болғайсыз. Артық сынау шығармашылық 

қуатын және өзін қадірлеу сезімдерін аяқ асты етуі мүмкін. 

-  Барлық  отбасымен  қарым-қатынас  жасауға  уақыт  табыңыз.  Балаға  өз 

ойын білдіруге көмектесіңіз. 

-  Дарынды  балалар  болған  оқиғалар  мен  құбылыстарды  тым  терең 

қабылдайды,  көбірек  ұғады  және  түсінеді.  Айналасындағылардың  тәртіп 

үлгілері,  қимылдары,  интонациясы  олардың  назарынан  тыс  қалмайды. 

Сондықтанда,  олардың  жаны  тез  жараланады  және  сезімтал  келеді.  Үнемі 

барлығын  тікелей  өзіне  қабылдайды.  Айтылған  барлық  комментариилер  мен 

ескертулердің балаға қатысы жоқтығын түсінуге балаға көмектесіңіз. Адамдар 

кейде ренжіткісі келмеседе, ойланбай сөйлейді және әрекет етеді. 

-  Өз  балаңыздың  бағалауына  мұқият  болыңыз.Балаңыздың  талантына 

шамадан  тыс  таңқалудың  қажеті  шамалы,  өйткені  балаңыз  өз  қабілетін  ең 

маңызды,  сондықтан  оны  жақсы  көреді  және  бағалайды  деп  ойлап  қалуы 

мүмкін. 


- Баланың дамуы мен өзіндегі және басқа адамдардағы қасиеттерді бағалай 

білу  біліктілігіне:  жанының  жомарттығына,  жауапкершілігіне,  адалдығына, 

қайырымдылығына ата - ана жауапкершілігі болатынын еске сақтаңыз. 


20 

 

Біздің  балаларымыз  −  бұл  біздің  ақылымыздың  және  әрекеттеріміздің, 



ойымыздың және сезімдеріміздің айнасы іспеттес. 

-  Өз  қызығушылығыңызды  және  орындалмаған  өз  армандарыңызды 

балаңызға  таңуға  тырыспаңыз.  Әр  адамның  өз  несібесі,  өзіндік  өмір  жолы 

бар.Сіздің  міндетіңіз  −  осы  жолды  табуға  көмектесу  немесе  кедергі  жасамай, 

арқасынан  итермей,  қиын  сәттерде  қолдау  жасау  үшін  жай  ғана  қасында 

болу.Бала дана, себебі өзіне не қажет екенін біледі. 

-    Кешегі  күнмен,  өткен  апта,  аймен  салыстырғанда  бүгінгі  тамаша 

табысын , жеткен жетістіктерін қайталаудан жалықпаңыз, мақтау жасаңыз. Ол 

сізге сенеді, өзіне сенеді және сіздің сеніміңізді ақтайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


21 

 

Дарындылықты анықтау сауалнамасы 



 

№ 1сауалнама 

Арнайы қабілеттердің көрінуі (А.И. Савенков бойынша)

А.И.Савенков  балалар  дарындылығын  анықтауда  мына  тұлғалық 

қасиеттер  мен  мінездемелерді  қарастыруды  ұсынады(сұрақтарға  «ия», 

«жоқ» деп жауап береді): 

1. Көркем-бейнелеу саласындағы дарындылық: 

суреттерде 

ұқсастық 

болмайды. 

Мазмұн 

таңдауда 



бала 

қайталамайды.Суреттерінде әртүрлі заттар, адамдар және жағдаяттар көп; 

-  жақсы  суреттерді  көргенде,  жақсы  музыканы  естігенде,  тамаша 

орындалған  мүсіндер  мен  заттарды  көргенде  өте  салмақты  және  ойланып 

қалады; 

-  суреттерден,  тастардан,  маркалардан,  ашық  хаттардан,  гүлдерден 

қайталанбас композиция құрастыруға қабілетті;  

-    жаңа  материалдарды  ойыншықтар,  коллаж,  суреттер,  ойын  алаңындағы 

балалар үйінің құрылысына пайдаланғанды жақсы көреді; 

-  ынтасымен  сурет  салады,  мүсіндейді,  көркемдік  мақсатта  (үйді,  киімді 

безендіру үшін) композиция құрады; 

-    өз  сеімі  мен  көңіл-  күйін  білдіру  үшін  сурет  салады  немесе  мүсіндеуге 

отырады; 

-  көлемді бейнелер құруды, сазбен, ермексазбен, қағазбен және желіммен 

жұмыс жасағанды жақсы көреді; 

-  өнер  шығармаларына  өз  бағасын  бере  алады,  өз  суретінде  немесе  өзі 

құрастырған ойыншықта, мүсінде ұнағанын жасауға тырысады. 

2. Музыкалық дарындылық саласында: 

- музыкалық әрекеттерге, ән айтуға жоғары қызығушылық танытады

- музыканың сипатына және көңіл-күйіне өте сезімтал; 

- әнді жақсы айтады; 

-  аспапта  ойнауға,  әнге  немесе  биге  барынша  сезімдері  мен  күш  -  жігерін 

салады; 


- музыкалық жазбаларды жақсы көреді; 

- концертке немесе музыка тыңдауға болатын жерлерге баруға тырысады; 

- қандай да бір аспапта жақсы ойнайды

- ән айтқанда және музыка ойнағанда өз сезімі мен көңіл-күйін бейнелеуге 

тырысады; 

- өзінің қайталанбас әуенін құрастырады. 



3. Әбеби дарындылық саласында: 

әңгімелер мен өлеңдер жазады; 

-  мазмұны  шиеленісіп  басталған  және  қандай  да  бір  жанжал  шешімін 

тапқанға дейінгі мазмұны бар әңгімені жеңіл құрастырады; 

-  негізгі  ойды  жоғатпай,  таңдаған  мазмұнды  сақтай  отырып  әңгімелей 

алады; 


22 

 

-  оқиға  туралы  әңгімелегенде  қажетті  бөлшектерді  ғана  ұстануға 



тырысады; Ең маңыздыларын қалдырады; 

-  өз  әңгімелерінде  оқиғаны  ұғынуға  қажетті  ең  маңызды  бөлшектерін 

таңдап  алады  (ол  әдетте  құрдастарының  қолынан  келмейді),  және  сонымен 

қатар әңгімелеп отырған оқиғаның негізгі шебін назарда ұстайды; 

-  қиялдауға  шебер,  барлығына  таныс  және  белгілі  оқиғаларды  айтқанда 

жаңадан, ерекше нәрселерді қосуға тырысады; 

-  өз  кейіпкерлерін  сипаттағанда  тірілтіп,  мінезін,  сезімін,  көңіл  -  күйін 

жеткізе біледі. 



4. Әртістік дарындылық саласында: 

- қандай да бір кейіпкер: адамның, жануардың және басқалардың бейнесіне 

жеңіл енеді; 

- актерлік ойындарға қызығады; 

- басқа адамдарды ойнағанда, дауысын және ырғағын өзгертеді; 

-  драмалық  сахналауды  ойнай  отырып,  жанжалдарды  түсінеді  және 

бейнелей алады;  

- қимылдармен, ыммен, ишарамен сезімдерді бере білуге бейім; 

-  бар  ынтасымен  әңгімелегенде  басқа  адамдардың  эмоциясын  тудыруға 

тырысады; 

-  сезімдер  мен  эмоциялық  аяушылықты  бере  біледі,  үлкен  жеңілдікпен 

драмалайды; 

- драмалық ойындарды сүйеді. 

5. Техникалық дарындылық саласында: 

- механизмдер мен машиналарға қызығады; 

-  шамалы  бүлінген  құралдарды  жөндей  алады,  жаңа  жабдық,  машина, 

механизмдер құрастырғанда ескі бөлшектерді қолданады; 

-  механизмдерді  бөлшектегенді  жақсы  көреді,  жұмбақ  сынықтарды  және 

«ізденіс» сұрақтарын жақсы көреді; 

- сызбалар мен механизм сұлбаларын сызуды, түсінгеді жақсы көреді; 

-  жаңа  жабдықтар,  машина,  механизм  құрастыру  туралы  мақалалар  мен 

журналдар оқығанды (өзіне оқып бергенді сүйеді) ұнатады; 

-  пайдалы  оқиғаларды,  құрастыруларды  талқылағанды  сүйеді,  ол  туралы 

көп ойланады; 

-  құрастыру  және  өз  «жобаларын»  (ұшу  аппараттары,  автомобиль,  кеме 

үлгілері) жүзеге асыруға көп уақыт жұмсайды; 

- компьютерді шапшаң және жеңіл  меңгереді. 



6. Көшбасшылық дарындылық саласында: 

- құрдастарымен қарам-қатынаста бастамашы; 

- бөтен адамдар арасында өзіне сенімді; 

- балалармен және ересектермен жеңіл тілдесе алады; 

-  басқа  адамдардың  мінез-құлқы  мен  ниеттерінің  себептерін  ұғады. 

Айтылмаған ойларды түсінеді; 

- басқа балалардың әректтерін және ойындарын жиі басқарады

- өз жасына сәйкес келмейтін, жауапкершіліктерді мойнына алуға бейім; 



23 

 

-  ойындар  мен  әрекеттер  кезінде  басқа  балалар  онымен  серіктес  болуды 



қалайды; 

- өз ойын басқаларға мойындатуға қабілетті, сендіре алады. 



7.  Зияткерлік  дарындылық  саласында  (А.да  Хаан  және  Г.  Каф 

бойынша): 

- жақсы пікір айтады, анық ойлайды,айтылмағанды түсінеді, басқа адамдар 

әрекеттерінің себептері мен салдарын ұғады; 

- есте жақсы сақтайды

- жаңа «оқу» материалын жеңіл және шапшаң түсінеді; 

-  ойластырылған  және  ақталған  жағдаяттар  бойынша  өте  көп  сұрақтар 

қояды; 

- өзінің жеке «бағдарламасы» бойынша кітаптар оқығанды жақсы көреді; 



-  «озат»  болу  міндетті  болмаса  да  өз  құрдастарынан  озады,  ресми 

әрекеттерден жалығып кетеді; 

-  өзіне  қатысы  жоқ  оқиғалар  мен  мәселелер  (әлемдік  саясат,  экономика, 

ғылым және т.б. туралы) туралы құрбыларына қарағанда көбірек біледі;  

- өз қадірі туралы және салауатты ойлау сезімдеріне ие, есепке мығым; 

-  өте  сезімтал,  байқағыш,  шапшаң  бірақ  оған  өмірдің  кездейсоқ  және 

барлық жаңа жағдайларын өткір қабылдау міндетті емес. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет