Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



жүктеу 2.42 Mb.
Pdf просмотр
бет22/30
Дата22.12.2016
өлшемі2.42 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);  
2)
 
Қазақ  батыры,  әскербасы  Жалаңтөс  Баһадүр  Сейітқұлұлы  440  жыл 
(1576-1656); 
3)
 
Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек 
би Келдібекұлы 350 жылдығы (1667-1764);  
4)
 
Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күресте  әйгілі 
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлы 350 жылдығы (1667-1749);  
5)
 
Қазақтың  батыры,  талантты  қолбасшы  Қабанбай  батыр  Қожақұлұлы 
325 жылдығы (1692–1770);  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
171 
6)
 
Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісінің  көрнекті  басшысы,  атақты  батыр, 
әйгілі шешен Сырым Датұлы 275 жылдығы (1753—1802); 
7)
 
Бөкей  Ордасындағы  халық  көтерілісінің  саяси  көсемі,  қайсар 
қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы 225 жылдығы (1791-1838);   
8)
 
Қазақтың  аса  көрнекті  ағартушы-педагогы,  ұлттық  мектебінің  негізін 
қалаушы Ы. Алтынсарин 175 жылдығы (1841—1889); 
9)
 
Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебінің ашылғанына 175 жыл 
(1841-2016);   
10)
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  Ұлт  көшбасшысы,  көрнекті  қоғам  және 
мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937); 
11)
 
Қазақтың  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  шығыстанушы,  білімді 
заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-2016);  
12)
 
Тұңғыш  қазақ  бейресми  Конституциясы  «Қазақ  елінің  Уставына» 
105 жыл (1912-2017); 
13)
 
«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл; 
14)
 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016); 
15)
 
Алаш Орда үкіметі құрылғанына 100 жыл (1917-2017);  
16)
 
Қазақтың  қаһарман  батыры,  ақын,  жазушы  Баубек  Бұлқышевтың 
100 жылдығы (1916–1944); 
17)
 
1986 
жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016) 
18)
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).  
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 

базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б. 
2016-20
17 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі 
міндеттері: 
-
 
тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін 
жүзеге асыру; 
-
 
мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктерін  жетілдіру:  тарихты  оқытудың 
тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру; 
-
 
тарихты  оқытудың  базалық  және  жоғары  деңгейінде  зерделеу,  тиімді 
білім беру тәжірибесін тарату;  
-
 
оқушылардың  тарихты  бейіналды,  бейінді  оқыту  жағдайында  негізгі 
құзыретімен,  тарихтан  жаңартылған  оқу  бағдарламаларымен,  білім  беру 
стандарттарына  сәйкес  мұғалімдерге  білімді-әрекеттік  компоненттерін  игеру 
бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру; 
-
 
білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.   
Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің оқу жылы бойы 
4 отырыстарын өткізу ұсынылады: 
-
 
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
172 
бағалау»; 
-
 
«Тарих  сабағында инновациялық  технологияларды қолдану»;  
-
 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Қазақстан тарихын оқыту 
мазмұнын жаңартудың негізі ретінде»;  
-
 
«Дарынды балалармен жұмысты жетілдіру» т.б.  
 
Дүниежүзі тарихы  
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын 
жүзеге асыру оқушылардың Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам 
құқықтары  мен  бостандықтарына,  қоғамдық  өмірдің  демократиялық 
принциптеріне құрметпен қарау, өз халқының және әлемнің басқа халықтардың 
тарихын,  рухани  мұрасын  құрметтеу,  көпмәдениетті  және  көпконфессиялы 
ортада  басқа  адамдармен  өзара  қарым-қатынас  жасай  білу,  басқа  ұлттардың 
салт-дәстүрін  құрметтеу  және  түсіністікпен  қарау,  тұлға  аралық  қатынастағы 
тіл табысушылықты көрсете білуге бағытталады. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастыру  оқушылардың  қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
және  мәдени  процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу, 
көпмәдениетті  қоғамда  өмір  сүру  мен  қарым-қатынас  жасау,  өздігінен оқу,  өз 
мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау,алған білімін өмірде кез 
келген  жағдайда,  қажетті  жерде  оңтайлы  қолдана  алу  қабілеттерімен 
анықталады. 
«Дүниежүзі тарихы» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген.   
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі:  
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:  
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;  
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.  
жаратылыстану -математикалық бағытта:  
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;  
11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:  
10-
11  сыныпта    «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқыту  ХХ  ғасыр  мен  ХХІ 
ғасырдың  негізгі оқиғалары, құбылыстары мен тарихи даму процестерінің мәні 
туралы  түсінік  қалыптастыра  отырып,  тарихи  оқиғаларды,  құбылыстар  мен 
процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде 
сын  тұрғысынан  талдау  және  баға  беру  дағдыларын  дамытуға  бағыттайды. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 
процестерде  бағдарлану  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білуге 
дағдыландырады.  
Пәнді  оқытуда  сұрақтарды  қою  маңызды  орын  алады,  дұрыс  әрі  нақты 
құрастырылған  сұрақтарға  ғана  орынды  жауап  алуға  болады.  Сондықтан 
мұғалімдерге  «сатылап  сұрақ  қою»  әдісін  қолдану  ұсынылады.  Бұл  әдісте 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
173 
дерекке  немесе  белгілі  бір  иллюстрацияға  қойылатын  сұрақтар  жеңілден 
қиынға қарай күрделенеді. 
Үй  жұмысының  мақсаты  –  сабақта  меңгерген  тақырыпты  тереңдету, 
қайталау,  бекіту  және  ой  елегінен  өткізу,  оқушының  дағдылары  мен 
құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, 
танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. 
Үй  жұмысы  сынып  деңгейіне  және  тақырыптың  ауқымына  қарай әртүрлі 
болуы мүмкін:  

ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 
пікірсайысқа дайындық, т.б.);  

қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 
тарихи шығарма, т.б.);  

тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест,  реттік  тест,  сәйкестендіру 
тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  альтернативті  тест, 
көпжауапты тест);  

шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 
дайындық);  

өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы. 
Оқушыларға  шығармашылық  (хабарлама,  презентация,  жобалар, 
коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын мұғалім алдын ала 
беруі  тиіс.  Ол  үшін  осы  шығармашылық  жұмыс  түрінің  талаптарымен 
таныстыруы қажет. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, 
хабарлама  (презентация)  дайындайтын  кейіпкерге  қатынасын,  өз  сезімдерін, 
күйзелісін білдіруі тиіс.  
Құзыреттілікке  бағытталған  үй  тапсырмалардың  4  түрі  қолданылады: 
ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.  
Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:  
-
 
терминология  мен  ақпарат  күрделілігі  оқушының  жас  ерекшеліктеріне 
сай болуы;  
-
 
әдебиет пен деректер тізімін беру; 
-
 
ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.   
Тапсырмаларды  дайындау  кезінде  мұғалімдер  толық  сипатталмаған  
оқиғалар  берілген  ақпарат  көздерін  іріктеу  ұсынылады.  Осындай  ақпарат 
көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, 
тарихи  оқиғалар  туралы),  статистикалық  материалдар  (кестелерде  немесе 
мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін.   
Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие    жұмыстары    білім  алушыларды  қоғамдық  
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым 
-
қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік  ортаның бір бөлігі болып табылады.  
Тарихи  ойлау  дағдылары  бірте-бірте  прогрессия  мен  олардың  кеңеюін 
есепке  ала  отырып,  әр  сабақтың  үстінде  дамытылуы  тиіс.  Белгілі  бір  тарихи 
тұжырымдарға  сүйене  отырып,  нақты  оқу  материалының  негізінде 
оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға  және 
дамытуға мүмкіндік береді.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
174 
Дүниежүзі тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 
және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
Американ  мемлекет  қайраткері  Бенджамин  (Вениамин)  Франклиннің 
310 жылдығы (1706-1790);  
Түркия  Республикасының  негізін  қалаушы,  тұңғыш  президенті  Мұстафа 
Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-2016) және т.б. 
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 

базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

оқушыларды  дамыта  оқыту  үшін  әртүрлі  жастағы  дарынды  балалар 
топтарын құру; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б. 
Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып,  алған  білімдерін  тереңдетіп,  өздігінен  іздене  білуге  үйретеді. 
Сонымен  қатар,  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және 
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
Дүниежүзі тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың 
білімді  өз  бетінше  игеруі  болып  табылады.  Соған  сәйкес  мұғалімнің  басты 
міндеті  –  білімнің  жаңа  мазмұнынан  туындайтын  сабақтың  маңызды 
ерекшеліктерін  анықтап,  сабақтың  үлгісін  құру  және  сабақты  жетілдірудің 
жолдарын  тауып,  оның  сапасын  арттыру.  Ол  үшін  оқушылардың  әрбіреуі 
тарихи  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп,  олардың  сабақтастық 
байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: 
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
 
қосымша  ресурстар  ретінде  жоғарыда 
келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады. 
 
Адам. Қоғам. Құқық  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11  сыныптарда  оқыту  -  дүниетаным 
құрылымы, негізгі элементтері және  тарихи  түрлері, философияның  адам  мен 
қоғам  өміріндегі  рөлі,  адамның  әлемге  деген  танымдық  қатынасы,  қоғамдық 
қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі 
білімге негізделген. 
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11-  сыныптарда  оқытуда  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  оқушылардың  қазіргі  заманғы 
өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт 
бағдарлар,  наным  сенімдерді,  халықтар  арасындағы  өзара  түсінісудің 
демократиялық  құндылықтарын,  гумнизм  идеяларын  қалыптастыруға,  өз 
халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
175 
дамытуға,  өз  елінің  мәдени  мұраларын  сақтау  және  оны  көбейтуге, 
қазақстандық  патриотизмді  және  толеранттылықты,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  мәдениет  деңгейін,  азаматтық  жауапкершілікті  дамытуға,  оқушыларға 
экономикалық,  саяси,  құқықтық,  эстетикалық,  экологиялық  тәрбие  беруге 
бағытталады. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  олардың  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы,  тәртіп  сақтау 
ережелері мен заңдарына құрмет көрсету, адамдармен қарым-қатынаста жоғары 
мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің 
кәсіби  бағытын  анықтау,  заманауи  ақпараттық  технологияларды  жеткілікті 
меңгеру,  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуына,  қоғамға 
жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  және  заңды  бұзушылық 
әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.  
10-1
1  сыныптарда  пәнді  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  үшін  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  және 
құқықтық  мәселелер  бойынша  жеке  көзқарасын  білдіре  білуге  және  оны 
дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, 
кесте,  схема  т.б.)  ақпараттарды  талдауға  арналған  шығармашылық 
тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  «Жалпы  білім 
беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау 
курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 
сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18 
маусымдағы № 393 бұйрығы бекітілген .   
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

10-
сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты; 

11-
сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты 
құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар: 
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа 
педагогикалық  технологияларды  қолдану,  оқушылардың  дербес  танымдық 
қызметін  ұйымдастыру,  практикалық  және  шығармашылық  тапсырмалар, 
конференция,  дебат,  дискуссия,  рөлдік  ойындар,  кейс  әдісі,  іскерлік  ойындар, 
пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.  
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді практикада қолдану тез 
өзгермелі  әлемде  табысқа  қол  жеткізетін,  өз  елінің  игілігі  үшін  жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», 
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
176 
және  т.б.  алған  білімдеріне  сүйену,  оқу  материалдарын  тарихи  фактілермен, 
әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б.  нақтылау ұсынылады. 
10-
сыныпта  пәнді  оқытуда  адам  мен  қоғам  арасындағы  қатынастардың 
құқықтық  реттелуіне,  отбасылық  құндылықтар,  адам  құқықтары,  оның 
қорғалуы,  еңбек  құқығы  негіздеріне,  мәдени  құндылықтарды  оқытуда 
оқушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами 
құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады. 
11-
сыныпта  білім  алушыларды  адам  өмірінің  мәні,  құқықтық  мемлекет 
дамуының    ерекшеліктері,  қазіргі  өркениеттік  әлемде  құқықтық  сананы 
қалыптастыру,  қоғам  мәселесін  түсіну,  этномәдени  құндылықтарды 
құрметтеуді  қалыптастыру,  көшбасшылықтарын  дамытуға  (экономиканың 
негізгі принциптері мен адами капиталдың рөлін) бағыттау ұсынылады. 
Пәнді  оқытуда  оқытылған  материалдарды  ашу  мен  нақтылауға,  оны 
оқушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесімен,  жеке  бақылауымен,  олардың 
адамдардың  қоғамдағы  тәлімі  мен  әлеуметтік  өмірі  туралы  қалыптасқан 
түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады. 
Оқыту  процесінде  дәстүрлі  әдіспен  сәйкестендіре,  оны  қолдану  шегін 
айқын  анықтай  отырып,  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды 
белсенді қолдану ұсынылады.  
 
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сыныптан  тыс 
жұмыстар: 
1) пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға  
ұсынылатын тапсырмалар:  

«Қазақ болмысының ерекшелігі. (пікір сайыс); 

Тәуелсіздік идеясының тарихи және рухани сабақтастығы. (ой толғау); 

Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жадысы. (сипаттама); 

Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым. (эссе); 

Ұлттық идея –ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. (шолу жасау

Зайырлы қоғам және жоғары рух. (дебат) 

Мәңгілік  Ел  ұғымының  бағдары  –  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы. 
(
негіздеу) 

Мәңгілік  елмен  бірге-мәңгілік  тіл,  діл,  ел  және  бірегейлік.(  зерттеу 
жұмысы) және т.б. 
2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:  

«Тәуелсіздік елімнің-ерлік жолы»; 

«Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»; 

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»; 

«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;  

«Мен және менің құқығым»; 

«Ұлы дала заңдары»;  

«Заң және заман»;  

«Қоғам және экономика»; 

«Нарық және нарықтық қатынастар»;  

«Экономикалық білім беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»; 

«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
177 
Өзін-өзі тану  
Адамның  жеке  тұлғалық  әлеуетін  мақсатты  түрде  және  кеңінен  ашуға 
бағытталған  рухани-адамгершілік  білім  беру  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, 
тәндік,  әлеуметтік  және  шығармашылық  дамуының  үйлесімділігіне  қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде 
өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.  
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы 
және  өзіндік  қайталанбас  жеке  даралығын  пайымдауы  арқылы  табиғи 
қабілеттіліктері  мен  жасампаздық  әлеуетін  ашуға  бағытталған  мақсатты  білім 
беру процесін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік 
құралдары  оқушылардың  қоғамға  және  өз-өзіне  қызмет  етуіне  бағытталып, 
олардың  жасампаздық  белсенділігін  танытуға  мүмкіндік  беретін  өмірлік 
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.  
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:  
1)
 
адамның  өзіндік  бейімділіктерін  ашу  және  оның  темпераментін,  мінез-
құлқын,  қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;  
2)
 
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын  айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарының,  әлеуметтік 
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;  
3)
 
қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді  шешуде  жеке  тұлға 
құндылықтарын,  алған  білімдерін  іс  жүзінде  шығармашылықпен  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру.  
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:  

түрлі  мәселелерді  адамгершілік  қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде 
шешу;  

өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;  

адамдарға  көмек  көрсету,  туыстарына  және  жақындарына  мейірімді, 
қамқор болу;  

өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы 
болу;  

жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;  

өз  ойын,  сөзі  мен  ісін  адамгершілік  тұрғысынан  таңдауға  дайын  болу 
және оған жауапты болу;  

қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.  
Өзін-өзі  тану  пәнінің  құрамы  мен  құрылымы  аталған  міндеттерді 
орындауға  бағытталып,  10-11-сыныптарға  білім  берудің  базалық  мазмұнын 
анықтайды.  
Өзін-өзі  тануды  жеке  міндетті  пән  ретінде  оқыту  оқу  жоспарының 
инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта 
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.  
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
 
 
178 
 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Технология  
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, 
олардың жасампаз және қайта құрылу  саласына байланысты, кәсіби тұрғыдан 
өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды. 
10-11-
сыныптарда  пәнді  оқытудың  мақсаты  –  техника  мен  технология 
саласында  оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білім  жүйесінің 
нәтижелілігіне  бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру, 
сонымен  қатар,  технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  (оқу, 
зияткерлік, кәсіби) шығармашылық көзқарасын дамыту. 
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 

техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 

құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін 
іске  асыру  бойынша  жалпы  еңбектік,  жалпы  өндірістік  және  арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру; 

технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 

оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар  әлемі,  еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 

еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті  үрдісінде  эстетикалық,  адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 

оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
«Технология»  пәнін  оқыту  барысына  барлық  төрт  компонент  кіреді 
азаматтардың  әлеуметтік  тәжірибесі:  біліп  тану  саласының  тәжірибесі  (түрлі 
облыстағы  ақиқат  туралы  білімі),  танымал  әдістер  саласында  тәжірибе 
орындау,  шығармашылық  қызмет  тәжірибесі  мен  эмоционалды-құндылықтар 
қатынас объектілеріне және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл 
барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар. 
Соған  байланысты  10-11-сынып  материалдарында  ер  балаларға  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (12-кесте). 
«Қазіргі  заман  өндірісі  және  жоғарғы  білім»  жаңа  бөлім,  оған  оқу 
барысында  тұлғалық  қасиеттер  және  мамандық  таңдау,  қазіргі  заман  талабы, 
кәсіптік  саласы,  жоғарғы  оқу  орындары  және  жоғарғы  білімді  алып  меңгеру 
жолдарын  оқыту  кіреді.  Ұйымдастыру  пішіндерін  технологиялық  дайындау 
оқушының дамыту деңгейін анықтау және әдістерді қолдану, олардың оқуына 
еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы. 
 
 
 
 
 
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет