Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



жүктеу 2.43 Mb.
Pdf просмотр
бет20/30
Дата22.12.2016
өлшемі2.43 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
155 
нұсқаларының  саны-5.  Бұл  жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша  бағалау 
ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген 
баға – 1-13 балл. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының  
бірінші  күндерінен  бастап  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  уәжін  
төмендетуі мүмкін. 
Ағылшын  тілі  бойынша  №2  бақылау  жұмысы  –  1-тоқсан  қорытындысы 
бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  граматика 
бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 
тапсырма.  Бағалау  ҰБТ  жүйесі  бойынша  ұсынылады.  «5»  деген  баға  –  21-25 
балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады. 
Ағылшын  тілі  бойынша  №3  бақылау  жұмысы  –  2-тоқсан  қорытындысы 
бойыша.  Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  грамматика 
бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 
тапсырма.  Бағалау  ҰБТ  жүйесі  бойынша  ұсынылады.  «5»  деген  баға  –  21-25 
балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады. 
№4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің 
бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектісін 
қамтиды.  Тест  тапсырмаларының  саны  -  25,  жауаптар  нұсқаларының  саны-5. 
Бұл  жұмыс  түрін  ҰБТ  жүйесі  бойынша  бағалау  ұсынылады.  «5»  деген  баға  – 
21-
25 балл,  «4» деген баға  -14-20 балл,  «3»  деген  баға – 1-13  балл.  «2»  деген 
бағаны  қою  ұсынылмайды,  өйткені  оқу  жылының    бірінші  күндерінен  бастап 
оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін  төмендетуі мүмкін. 
Ағылшын  тілі  бойынша  №5  бақылау  жұмысы  –  3-тоқсан  қорытындысы 
бойыша.  Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  грамматика 
бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 
тапсырма.  Бағалау  ҰБТ  жүйесі  бойынша  ұсынылады.  «5»  деген  баға  –  21-25 
балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады. 
Ағылшын  тілі  бойынша  №6  бақылау  жұмысы  –  4-тоқсан  қорытындысы 
бойыша.  Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,1-ші  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика,  грамматика 
бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 
тапсырма.  Бағалау  ҰБТ  жүйесі  бойынша  ұсынылады.  «5»  деген  баға  –  21-25 
балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады. 
Ұсынылатын жазба жұмыстадың  нормалары: 
Оқушылардың  функционалды  сауаттылығын  дамыту  үшін  жазба 
жұмыстарын,  соның  ішінде  эссе  жазу  ұсынылады.  Жұмыстың  бұл  түрі 
оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  және  жазылым  дағдыларын 
дамытуына  мүмкіндік  береді.  Эссе  жазуда  келесі  сөздердің  нормаларын 
ұсынамыз  (барлық  артикль  сөздерді,есімдіктер  мен  қосымшаларды  ескере 
отырып): 
- 10-11-
сыныпта 140-150 сөз  
Оқытылатын  пәнге  деген  уәж  бен  қызығушылықты  арттыру  үшін  пән 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
156 
бойынша  үйірме  жұмсының  бір  түрін  ұйымдастыруға  болады,  мысалы 
мәнерлеп  оқу  клубын.  Бұл  клубтың  мақсаты  -  шетел  әдебиетіне  деген 
қызығушылықты арттыру. «Полиглот» клубы – көптілдікті дамытады  және т.б. 
Клуб мүшелерінің жиыны  ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп 
беру. 
Мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттау 
Шет  тілі  бойынша  мектеп  бітірілушілер  білімін  қорытынды 
аттестаттаудың негізгі ережелері: 

шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 11- сынып түлектері қорытынды 
аттестаттауды емтихан түрінде өтеді; 

емтихан  шет  тілінде  алған  білімдерін,  біліктері  мен  дағдыларын 
қорытынды бақылау ретінде қарастырады. 
Шет  тілі  бойынша  емтихан  үш  кезеңнен  тұрады:  лексика-грамматикалық 
тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау. 
Лексика-грамматикалық  тест  25  сұрақтан  тұрады,  оның  11  меңгерілген 
лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан 
тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі бойынша 
бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балл.  
Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға 
қою  ұсынылмайды.  Лексика-грамматикалық  тесті  орындауға  25-30  минут 
беріледі. 
«Айтылым»  кезеңі.  Бұл  кезеңге  тақырып  оқып  жатқан  шетел  тілінің  оқу 
бағдарламасынан  алынады.  Тақырыптар  саны  «шетел  тілін»  таңдап  алған 
оқушылар  санына  байланысты,  яғни    бір  оқушы  -  бір  тақырып.  Емтихан 
тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал саны көп 
болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады. 
«5»  деген  жоғары  балды  айтылымы  2-3  минуттан  кем  емес,  сөйлемдері 
арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестер мен мақал-мәтелдерді 
қолданатын,  сөздерді  дұрыс  айтатын,  емтихан  алушының  сұрақтарына  еркін 
жауап  бере  алатын,  салалас  және  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  қолданатын 
емтихан тапсырушы ала алады. 
«4» деген бағаны тақырыпты толық ашқан, айтылымында кідіріс бар, тіл 
құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді 
қолданатын,  идиомалық  тіркестерді  қолданатын,  емтихан  алушының 
қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады. 
Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда  логикалық байланыс болмаса, 
тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді  дұрыс айтқанмен, емтихан алушының 
сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға  «3» деген 
баға қойылады. 
«Мазмұндау»  кезеңі.  Мазмұндауға  арналған  мәтіндер,  оқытылатын  тіл 
бойынша    оқу  бағдарламасын  толық  қамтитын  қосымша  дереккөздерден 
алынады.Мәтін  көлемі  500-700  сөзден  аспау  керек.  Мазмұндауға  арналған 
мәтін  әдеби  үзінді  –  әңгіме,  тарихи  дерек,  мақала,  өмірбаян  және  т.б. 
Мазмұндауға  дайындалуға  10  минут  беріледі.  Емтихан  тапсырушы  мәтінді 
кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
157 
бағалармен бағаланады. 
Жоғары  балл  мәтінді  логикалық  тәртіпте,  мәтіндегі  уақытқа,  деректерге, 
цифрларға  ерекше  мән  беріп,  жаңаша  айтып  берген  емтихан  тапсырушыға 
қойылады.  Емтихан  тапсырушы  мәтінді  дайын  үлгі  бойынша  ғана  айтып 
бермей,  перифраз  қолданады, кейбір  сөздерге  анықтама береді,сөздерді нақты 
айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді. 
Мәтінді  толық  мазмұндап,  сөздерді  анық  айтып,  бірақ  дайын  үлгідегі 
мәтіннен  алшақтамай,  яғни  мәтіндегі  лексиканы  ғана  қолданып,  емтихан 
алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» 
деген баға қойылады. 
Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір 
сөздерді  қиындықпен  айтатын,  мәтіндегі  маңызды  кезеңдеріне  тоқталмайтын, 
емтихан  алушының  сұрақтарына  қиындықпен  жауап  беретін  оқушыларға 
қойылады. 
Үш  кезең  қорытындысы  бойынша  ортақ  балл  шығарылады.  Барлық  үш 
кезеңнің  бағалары  хаттаманың  қосымшасына  қойылады.Қосымшасыз  хаттама 
жарамсыз болып есептеледі.Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар 
парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.  
Емтихан бағалары журналға қойылады. 
Бұл ережелер барлық оқытылатын шет тілдеріне міндетті болып саналады. 
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері 
Кемінде 3 шет тілі мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің 
әдістемелік  бірлестігі  болып  табылады.  2016-2017  оқу  жылында  әдістемелік 
бірлестік жұмысының негізгі бағыттары: 
-
 
мемлекеттік стандартты орындау; 
-
 
жаңа  нормативті  құқықтық  құжаттарды  зерделеу  (79-шы  қадам,  2016-
2017  оқу  жылына  жаңа  мемлекеттік  стандарт,  балалар  құқықтары  туралы 
конвенция, Білім туралы заң, Еңбек туралы заң); 
-
 
2016-
2017 оқу жылына әдістемелік нұсқаулық хатпен танысу; 
-
 
мұғалім-кеңесшінің,  көмекшінің  негізгі  міндеттерін  атқаруда 
шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау; 
-
 
оқытуда жаңа технологияларды қолдану; 
-
 
шет  тілі  мұғалімдерінің  жеке  біліктерін  арттыру  және  өздігінен  білім 
алуы; 
-
 
шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу; 
-
 
оқушылардың білім сапасын артыру үшін шет тілі бойынша оқытудағы 
электронды дереккөздерді пайдалану. 
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі, оқу жылы басында жұмыс 
жоспарында  көрсетілген  бірқатар  міндеттер  қояды.  Әдістемелік  бірлестіктің 
жоспары  барлық  мүшелерімен  келісіліп  құрылады,  міндеттер  өзара  тең 
бөлінеді.Жоспар  оқу  жылының  әр  айына  құрылып,оқу  мекемесінің  басты 
міндеттерімен  тығыз  байланысады.Әдістемелік  бірлестіктің  жоспары  
мектептің 
ғылыми-әдістемелік 
кеңесімен, 
әдістемелік 
бірлестіктің 
жетекшісімен  бекітіледі.  Жоспарда  әдістемелік  бірлестік  мұғалімдері 
жұмыстарының және барлық  білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта) 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
158 
негізгі  кезеңдері  қарастырылады.  Оқу  жылына  6  әдістемелік  бірлестіктің 
отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы ақпараттық-
танымдық сипатта болу керек:баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен 
коучингтер және олар келесі тақырыптарды қарастыру керек: 
1.
 
Ашық  сабақтармен  қатар  оқу  мекемесінде  өткізілген  ашық 
ісшараларды(әдістемелік  бірлестіктің  барлық  мүшелері  қатысқан)  қамтыған  
әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі;  
2.
 
Пән  бойынша  олимпиада  (олимпиаданың  мектепішіндегі  өткізілген 
кезеңінің күні көрсетіледі); 
3.
 
Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс; 
4.
 
Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;  
5.
 
Жас  мамандармен  жұмыс,  тәлімгерді  тағайындау.  Тәлімгер  мен  жас 
маманның жұмысы; 
6.
 
Бірлестік  мұғалімдерінің  өзара  тәжірибе  алмасуы  (өзара  сабақтарға 
қатысуы); 
7.
 
Емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық; 
8.
 
Кіріс құжаттарымен жұмыс; 
9.
 
Мектепшілік бақылау; 
10.
 
Әкімшілік бақылау; 
11.
 
Біліктілік  санатын  жоғарлататын  немесе  растайтын  мұғалімдермен 
жұмыс; 
12.
 
Әр  тоқсан  және  жыл  қорытындысы  бойынша  оқушылардың 
үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі; 
13.
 
Бірлестік мұғалімдерінің рейтингі; 
14.
 
Мұғалімдердің  атқарған  жұмыстары  бойынша  шығармашылық  есебі 
(жыл соңында); 
15.
 
Оқушылар білімдерінің қорытынды аттестаттауы бойынша есеп. 
Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілу керек және әдістемелік 
бірлестіктің отырысында көрініс табуы қажет. Жыл соңында  толық жан-жақты 
есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен). 
 
 
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 
  
Жалпы  орта  білім  деңгейінде  «Математика  және  информатика»  білім 
саласы  бойынша  «Алгебра  және  анализ  бастамалары»,  «Геометрия»,  
«Информатика» пәндері екі бағытта (жаратылыстану-математика бағыты және 
қоғамдық гуманитарлық бағыт)  оқытылады. 
Жаратылыстану-математика  бағыты  бойынша  математикадан  білім  беру 
мазмұны  оқушылардың  бойында  қоршаған  әлем  туралы  біртұтас  түсініктің 
қалыптасуына,  оқушылардың  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  ықпал 
ететін  жалпы  ғылыми  біліктерді  меңгеруіне  бағытталған.  Кейбір  нақты 
математикалық  жағдаяттардың  математикалық  моделін  интерпретациялауда 
және  құрастыруда  қалыптасатын  біліктілік  жаратылыстану-математикалық 
бағытта  шынайы  процестер  мен  құбылыстарды,  теориялық  мәселелерді 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
159 
зерттеуде  және  қолданбалы  есептер  шығаруда  қолданылады.  Математиканы 
оқытуда  қалыптасқан  теориялық  сұрақтар  мен  есептерді  шешудің  зерттеу 
аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. 
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту 
математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық 
бойынша  оқу  орнында  оқушының  оқуын  жалғастыру  мүмкіндігін  қамтамасыз 
етуі тиіс.  
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  сыныптарда  математика  курсын 
оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика 
заңдарымен  таныстыру  және  қазіргі  өмірде  еркін  бағдар  алуға  қажетті  адам 
қызметімен  байланысты  математикалық  білім  мен  біліктілікті  қалыптастыру 
болып  табылады.  Берілген  курс  үшін  көптеген  дәлелдеулері  бар  теориялық 
деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, 
негізінен,  нақтылы  пайымдаулардың  үлгілері  ретінде  беріледі,  түсіндірулер 
көрнекіліктермен  негізделеді,  жаттығулардың  күрделілігі  қарапайым 
деңгейімен  шектеледі.  Курстың  кейбір  дәстүрлі  бөлімдері  жалпыланған  түрде 
(дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады. 
Информатика  пәнін  оқытудың  әдістемелік  ерекшелігі  қажетті  нақты 
міндеттерді  шешу  үшін  визуалды  программалау  және  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы 
теориялық  білім  мазмұнын  қалыптастыру  болып  табылады.  Жаратылыстану-
математикалық  бағыттағы  10-11  сыныптарға  арналған  информатика  курсында 
есептерді  шешу  негізінде  жүйелік  және  алгоритмдік  ойлауды  дамыту 
жалғасады, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика 
курсының 
ерекшелігі 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
тереңдете оқыту болып табылады. 
Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру 
мақсатында  келесі  педагогикалық  тәсілдерді  қолдану  ұсынылады:  саралап 
оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту. 
Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында 
жобалық іс-әрекеттерді дамыту жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Жобалау 
технологияларын  қолдану  пәні  бойынша  оқу  сапасын  көтеріп  қоймайды, 
пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырады  және  оқу  пәнін  игерудің  тиімділігін 
арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке 
жұмыстарын  жоспарлау,  мақсат  қою,  қажетті  ақпаратты  іздеуді,  гипотезаны 
ұсыну  және  дәлелдеу,  тәжірибелер  жүргізу,  орындалған  жұмыстың 
нәтижелерінін  көрсету,  талдау  мен  бағалау,  сонымен  қатар  өз  жобаларын 
қорғау бойынша біліктіліктерін дамытады. 
2016-
2017  оқу  жылындағы  10-11  сыныптарда  математика  және 
информатика  пәндерінен  өткізілетін  бақылау  жұмыстарының  үлгілік  нормасы 
келесі кестеде берілген. Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық 
және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді. 
 
Сынып 
Пәннің атауы 
Аптадағы 
сағат саны 
Оқу 
жылындағы 
Бақылау 
жұмыстарының 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
160 
сағат саны 
нормасы 
10 
ЖМБ 
Алгебра және анализ 
бастамалары 

102 
7-8 
Геометрия 

68 
7-8 
Информатика 

34 
3-4 
10 ҚГБ  Алгебра және анализ 
бастамалары 

102 
7-8 
Геометрия 

34 
3-4 
Информатика 

34 
2-3 
11 
ЖМБ 
Алгебра және анализ 
бастамалары 

102 
5-6 
Геометрия 

68 
4-5 
Информатика 

34 
2-3 
11 ҚГБ  Алгебра
 
және анализ 
бастамалары 

102 
6-7 
Геометрия 

34 
3-4 
Информатика 

34 
4-5 
 
 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Жалпы  орта  білім  деңгейіндегі  «Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  оқу 
пәндерінің  мазмұны  дүниетанымдық сипатымен  ерекшеленеді,  сонымен қатар 
оқушылардың  бойында  табиғат,  табиғи  құбылыстар,  процестер,  заңдылықтар 
туралы,  Жер  адам  өмір  сүретін  планета  ретінде,  әлемнің  ғылыми  бейнесінің 
астрономиялық  құрамы  туралы  кешенді,  жүйелі  және  әлеуметтік-бағытталған 
көзқарас қалыптастырады. 
Оқу 
пәндерінің 
мазмұны 
оқушылардың 
жалпы 
мәдениетін 
қалыптастыруда,  сонымен  қатар  жалпы  білім  берудің  тәрбиелік  және 
дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда 
үлкен рөл атқарады. 
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері: 
– 
жаратылыстану  ғылымдарының  қоршаған  ортаға,  экономикалық, 
технологиялық,  әлеуметтік  және  адам  қызметінің  этикалық  ортасына  әсерін 
түсінуді қалыптастыру; 
– 
оқу,  жобалау-зерттеушілік,  шығармашылық  іс-әрекетке,  білім 
алушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау; 
– 
оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-
әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып 
табылады. 
 
«Жаратылыстану»  білім  беру  саласының  құрамына:  география, 
физика,  химия  және  биология,  яғни  ғылыми-жаратылыстану  циклы  пәндері 
кіреді.  
Оқу  пәндері  бағдарламаларының  құрылымы  мен  мазмұнын  таңдау  оқу 
материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған. 
1.  Оқушы  тұлғасының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
161 
табылады.  
Оқушылардың:  
– 
ғылыми-жаратылыстану  процестері  мен  құбылыстарын  сипаттау, 
түсіндіру және болжау; 
– 
дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін; 
– 
зерттеу  әдістерін  түсіну,  ғылыми  әдістердің  көмегімен  шешілетін 
сұрақтар  мен  мәселелерді  анықтауды  дамытуға  қажетті  жағдайлар  жасалуы 
тиіс. 
Жалпы орта білім деңгейіндегі бейіндер бойынша ғылыми жаратылыстану 
циклі  пәндерінің  сабақтарында  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру 
бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны келтірілген (1-кесте). 
1-
кесте.  Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  бойынша 
ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны 
 
Іс-әрекет түрлері (жобалаудың 
параметрлері) 
Білім беру бейіндер бойынша 
ЖМБ 
ҚГБ 

Оқылатын тақырыптар 
бойынша шағын зерттеулер 
Негізгі бөлімдер және 
тақырыптар бойынша 
жүйелі, сабақ барысында 
презентация жасау   
Жекелеген сабақтарда 
презентациямен, 
жекелеген тақырыптар 

Карталар, кестелер, сызба-
нұсқалар, көрнекі 
құралдармен жұмыс 
Талдау, өз бетінше 
шешімдер әзірлеу, жаңа 
сызбалар, жаңа білім 
Талдау, 
қорытындылау 

Түрлі күрделілік деңгейіндегі 
практикалық, зертханалық 
жұмыстар  
Жоспарлы, жаттықтырушы, 
дамытушылық, іс-әрекеттік 
Жоспарланған, іс-
әрекеттік 

Статистикалық 
материалдармен жұмыс  
Әрдайым, негізгі бөлімдер 
және тақырыптар бойынша, 
міндетті түрде көрнекі-
графикалық бейнелеу  
Әрдайым, негізгі 
тақырыптар бойынша 

Мерзімді баспасөз 
материалдарын, қосымша 
материалдарды зерделеу 
Әрдайым, жаңа білім 
сабақтарындағы 
презентация, олардың 
функционалдық маңызы 
оқушы үшін жаңа 
білім сабақтарындағы 
презентация, олардың 
функционалдық 
маңызы 

Үй тапсырмасының 
тәжірибелік бағыттылығы 
Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, 
өзін-өзі тәрбиелеу, 
өздігінен даму міндеттері 
Жүйелі, жүйелі іс-
әрекет, өзін-өзі 
тәрбиелеу міндеттері 
 
2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде 
қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған 
білім беру. 
«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндерінің  практикалық  бөлімі  бұл 
мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін 
практикалық  және  зертханалық  жұмыстарды  талдау,  жинақтау,  бағалау, 
болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық 
сипаттарын  анықтау,  жобалық  тапсырмалар  орындау,  тәжірибелер  және 
эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 
Сабақтарда  білім  берудің  заманауи  технологияларын  белсенді  қолдану 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
162 
ұсынылады.  География,  физика,  химия  және  биология  сабақтарындағы 
компьютерлік технологиялар: 
– 
оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 
пайдалануды; 
– 
оқушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды; 
– 
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды; 
– 
оқу  телекоммуникациялық  жобаларды  орындау  барысында 
оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді; 
– 
Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу 
және өңдеуді; 
– 
есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды; 
– 
виртуалды  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  жүргізуді 
қарастырады. 
Сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақытта,  оқу-зерттеушілік  және  өмірлік 
жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 
білімдерін  қолдану  біліктерін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 
жаттығуларды  кеңінен  қолдану  ұсынылады.  Оқу  тапсырмаларын  әзірлеу 
барысында  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  басылымдарында  ұсынылған, 
халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде  қолданылатын 
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет (www.nao.kz).  
«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндері  аясында  сыныптан  тыс, 
экскурсиялық-экспедициялық  түрлі  жұмыстар  ұйымдастыру  ұсынылады. 
Сабақтарда  міндетті  түрде  өлкетану  аспектісі  қарастырылуы  тиіс.  Сабақ 
барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу 
дағдылары  мен  біліктерін  дамытуға  жағдай  жасалуы  тәжірибеге  бағытталған 
оқытуға тиімді әсер етеді. 
3.  Мектеп  оқушыларының  зерттеушілік  қабілетін,  зейінін  және 
байқағыштығын,  логикалық  ойлауын  және  шығармашылық  қиялын,  есте 
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді 
баспасөз  басылымдардың,  интернеттің,  білім  берудің  сандық  ресурстарының 
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды. 
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде 
жүзеге  асырылатын  зерттеушілік  дағдыларды  дамыту  барысында,  тұлғаның 
жеке  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған  оқытудың  мақсаттары  жүзеге 
асырылады. 
Практикалық  және  зерттеушілік  жұмыстар,  зертханалық  тәжірибелер 
орындау,  эксперименттер  және  эксперименттік  есептер  шығару,  жобалар 
орындау,  модельдер  құрастыру  барысында  табиғи  және  әлеуметтік-
экономикалық  процестердің,  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  мәнін  түсіну 
тереңдетіледі.  Оқушылар  себеп-салдарлық  байланыстарды  көре  білулері, 
қоршаған  ортадағы  өзгерістерді  анықтай  алулары,  нақты  жағдаяттардың 
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары 
тиіс. 
Физика,  химия  және  биология  мұғалімдері  кабинеттердің  жабдықталуын 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет