Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата30.12.2016
өлшемі471,85 Kb.
#800
  1   2   3

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА  

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ  

МЕН ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ 

_______________________________________ 

 

Әдістемелік ұсынымдар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 

2013 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА 

 АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ  

МЕН ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ 

_______________________________________ 

 

Әдістемелік ұсынымдар 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана 

2013 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген 

   

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

А. Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

Г. Керімбаева, Астана қ. №1 «Байтерек» балабақшасының меңгерушісі  

 

 



 

 

 



 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-аналармен  жұмыс  формалары  мен 

заманауи модельдері: әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2013. –26 б. 



 

Әдістемелік  құралда  мектепке  дейінгі  білім  жүйесіндегі  танымал  модельдер 

қарастырылады,  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-аналармен  жұмыстың  заманауи  әдістері 

ашылады.  

Аталған жұмыс ата-аналармен жұмыс формасының мазмұнын жаңартуға және баланы 

тәрбиелеу  мен  оқытуда  мектепке  дейінгі  ұйым  мен  отбасы  арасындағы  тиімді  әріптестік 

механизмін құруға арналған.  

Құрал мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға, ЖОО  студенттеріне, сондай-ақ, 

жас ата-аналарға арналған.   

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ»  

республикалық орталығы, 2013 

 


 

КІРІСПЕ 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жаңарту,  ондағы  гуманизациялау 

және  демократияландыру  үрдістері  мектепке  дейінгі  ұйымның  отбасымен 

қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.   

Отбасы  –  балаға  «эмоционалдық  тылда»  психологиялық  қорғау  беретін 

бірден-бір  алғашқы  социум.  Отбасының  маңызы  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалар  үшін  ерекше.  Отбасы  жүйесіндегі  ғалымдар  мен  мамандар  арасында 

(Т.А.Маркова,  О.Л.Зверева,  Е.П.Арнаутова,  В.П.Дуброва,  И.В.Лапицкая  және 

т.б.)  отбасылық  институт  -  эмоционалдық  қатынастар  институты  деп  бекер 

саналмаған.  Әрбір  бала  өз  ата-анасынан,  әжесі  мен  атасынан,  бауырларынан 

ерекше  сүйіспеншілік  күтеді:  яғни  оны  үлгілі  тәртібі  мен  қылығы  үшін  емес, 

қандай болса солай сүйгенін қалайды.   

Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол 

өзі  еліктейтін  үлгілер  табады,  мұнда  ол  әлеуметтік  туылады.  Егер  біз 

адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе,  онда бұл мәселені «бүкіл 

әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  басты  мақсаты  –  отбасында  баланы 

тәрбиелеуге  кәсіптік  көмек  беру,  оны  ауыстырмай,  тәрбиелік  функцияларын 

жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. 

«Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-аналармен  жұмыстың  формалары  мен 

заманауи  моделдері»  атты  әдістемелік  ұсынымда  мектепке  дейінгі  білім 

жүйесіндегі  танымал  моделдер  ұсынылады  және  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 

ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ ЗАҢДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ 



 

  Әдістемелік құралдың құқықты негізі болып табылады: 

-

 

Бала құқықтары Декларациясы және бала құқықтары туралы Конвенция; 



-

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы; 



-

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2007 шілдедегі «Білім туралы» 



Заңы; 

-

 



Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-

2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»    атты 

Қазақстан халқына Жолдауы; 

-

 



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 

қаулысымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарты

-

 



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылы  7  желтоқсандағы     

№  1118  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  білімді  дамытудың 

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 

-

 



Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылы    28  мамырдағы            

№ 488 [5] қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және 

оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі  2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» 

бағдарламасы;  

-

 

Қазақстан Республикасының 2011жылғы 30 желтоқсандағы санитарлық 



ережелері мен нормалары.  

 

Әдістемелік  құралдың  мақсаты  -  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуда 

мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында тиімді әріптестік механизмін құру 

болып табылады.  

Мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру  үрдісінде  ата-аналармен  тиімді 

әріптестіктің заманауи формаларын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдың 

міндеттері:  

 



Тәрбиешілерге мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмысының 

заманауи моделдерін ұсыну; 

 

Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формаларымен,  педагогикалық 



тұрғыда балалармен қарым-қатынастың жаңа құралдарымен таныстыру; 

 



Балаларына білім беруде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу;   

 



Біріккен  шығармашылық  жұмыстарға  ата-аналар  мен  балалар 

күштерін біріктіру;    

 

Педагогикалық үрдіске ата-аналарды жүйелеп тарту; 



Педагогтар құзырлығының деңгейін көтеру; 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру жағдайларына тапсырыс беруші 

ретінде ата-аналарды педагогикалық ағартуды жалғастыру. 

 

 



 

 


 

Күтілетін нәтиже:  

     -   Кәсіптік құзырлықтың деңгейі, сонымен бірге көрсетілетін 

жағдайлардың деңгейі де көтеріледі; 

- Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының позициясы өзгереді; 

- Ата-аналар мектепке дейінгі ұйым қызметіне қатыса алатын болады

-  Педагогтар  ғылыми-әдістемелік  деңгейде  отбасындағы  балаларды 

тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелерін зерттеп біледі;  

-  Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтар беделі 

көтеріледі.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ  

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЛАРЫ 

 

Білім  беру  жүйесін  дамыту  Қазақстан  Республикасының  басымдық 



бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»    атты  Қазақстан 

халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру 

жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер  -  педагогтар алдына күрделі 

мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.  

Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жаңарту,  ондағы  гуманизациялау 

және  демократияландыру  үрдістері  мектепке  дейінгі  ұйымның  отбасымен 

қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.   

Отбасы  –  балаға  «эмоционалдық  тылда»  психологиялық  қорғау  беретін 

бірден-бір  алғашқы  социум.  Отбасының  маңызы  мектепке  дейінгі  жастағы 

балалар  үшін  ерекше.  Әрбір  бала  өз  ата-анасынан,  әжесі  мен  атасынан, 

бауырларынан  ерекше  сүйіспеншілік  күтеді:  яғни  оны  үлгілі  тәртібі  мен 

қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.   

Бала  үшін  отбасы  –  бұл  қоғамдық  тәжірибенің  көзі.  Отбасында  ол  өзі 

еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі 

зор,  дені  сау  ұрпақ  тәрбиелегіміз  келсе,    онда  бұл  мәселені  «бүкіл  әлеммен»: 

балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  басты  мақсаты  –  отбасында  баланы 

тәрбиелеуге  кәсіптік  көмек  беру,  оны  ауыстырмай,  тәрбиелік  функцияларын 

жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл: 

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту; 

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы 

міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;  

-  отбасындағы  әртүрлі  ұрпақ  арасындағы  қарым-қатынастың  ашықтығына 

қолдау көрсету;  

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;  

-  баланың  жекелігін  қабылдау  және  түсіну,  балаға  бірден-бір  жеке  тұлға 

ретінде сену және сыйлау.  

Жоғарыда  айтылған  отбасылық  қатынастарды  жүзеге  асыру  үшін  келесі 

тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет: 

-

 



біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;  

-

 



екіншіден,  ата-аналармен  олардың  отбасылық  шағын  ортасын  зерттеу 

үшін біріге әрекет жасау.  

Одан  кейін  отбасының  ортақ  мәдениетін  көтеруге  және  ата-аналардың 

психологиялық  –  педагогикалық  құзырлығына  ықпал  ету,  оларға  балалармен 

жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда  теориялық және практикалық  көмек 

көрсету,  отбасына  жеке-дифференциалды  тәсіл  нәтижесінде  ата-аналармен 



 

жұмыста  әріптестіктің  әртүрлі  формалары  мен  біріккен  шығармашылығын 



қолдану.  

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру 

үшін  педагогтың  бала  отбасына  үнемі  зерттеу  жүргізгені  жөн.  Бұл  үшін  ата-

аналар  жасындағы  айырмашылықты,  олардың  білімін,  ортақ  мәдени 

деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге 

көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.   

Сонымен  бірге,  балабақшаның  отбасына  үнемі  ашық,  яғни  олар  қалаған 

кезінде өздерінің  мәселелерін  талқылауға,  консультация мен  көмек  алатындай 

болғаны жөн.   

Педагогтың  жұмысы  ата-анамен  және  балалармен  жұмысқа  үйлестірілген 

болуы міндетті. 

Мектепке  дейінгі  ұйым  педагогы  ата-аналармен  сенімді  шағын  орта  құру 

үшін    олармен  жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыруы  міндетті.  

Мысалы,  олардың  қажеттілігі  зерттеу  және  алынған  мәліметтерді  келешек 

жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.   

Тәрбиешілер  мен  ата-аналар  арасында  іскер  әріптестік  үшін  жағымды 

қарым-қатынас  орнағаны  жөн.    Педагог  ата-аналармен  жұмыста  олар  қызыға 

қатыса  алатын,  бала  бейнесінің  жағымдылығын  қалыптастыратын  жұмыстар 

өткізуі қажет.  

Ата-аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында 

айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. 

Бұл  баланың  құрбыларымен  тіл  табысудағы  ерекшелігі,  оның  еңбекке  деген 

қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.    

Педагогты  бала  тәрбиесіндегі  отбасы  мәселелерімен  таныстыру  өте 

маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді,  отбасымен 

сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, 

кедергілер туралы да айтады. 

Ата-аналармен 

біріккен 

зерттеулерде 

қызметтің 

нақты 


түрлері 

жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.  

Республикамызда  ата-аналармен  жұмысты  ұйымдастырудың  төмендегі 

түрлері енгізіледі: 

-

 

нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар); 



-

 

ұйымдастырушылық-әдістемелік  (ойындық  және  имитациялық  ойындар, 



сабақтар); 

-

 



психологиялық – медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер); 

-

 



практикалық  дағдыларды  жетілдіру  (практикалық  сабақтар,  тәжірибе 

алмасу, үйірмелер, клубтар). 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды 

қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады: 

-

 

білім  беру  жағдайларына  ата-аналардың  қажеттілігін,  қызығушылығын 



зерттеу; 

-

 



әлеуметтік  тапсырысты  әзірлеуге  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі 

ұйым  миссиясын  анықтау,  білім  беру  мазмұнын  таңдау  (білім  беру 



 

бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек 



моделін құру; 

-

 



жоспарды  әзірлеудің  барлық  деңгейіне  ата-аналарды  тарту:  мектепке 

дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың 

жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.  

Ата-аналармен жұмыс формалары: 

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру 

жүйесі.  

Бүгінгі  күні  ата-аналар  педагогикалық  білімін  ағартудың  дәстүрлі  емес, 

жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді: 

- көрнекі насихаттау; 

- оn-line бақылау; 

- отбасына қатынау; 

- консультациялық пункттер; 

- ата-аналар жиналысы; 

- әңгімелесу мен консультациялар; 

- ата-аналар конференциялары; 

- ауызша журналдар; 

- сауалнама жүргізу; 

- ашық есіктер күні; 

- дөңгелек үстелдер; 

- клубтар ұйымдастыру; 

-біріккен бос уақыттар

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б. 

  Мектепке  дейінгі  ұйымның  ата-аналармен  жұмыс  қабылдауы  әртүрлі: 

жанды  сөз,  тәрбие  жұмыстарын  көрсету,  ата-аналар  үлгісі  және  т.б.  Ата-

аналармен  жұмыстың  барлық  түрлері  ұжымдық,  жекелік  және  көрнекі-

ақпараттық болып бөлінеді.    

Ата-аналармен  ұжымдық  жұмыс  түріне  өздеріңізге  таныс  белгілі  іс-

шаралар жатады.    

Біріншіден,  бұл  -  ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формасы  болып 

табылатын  ата-аналар  жиналысы.  Ата-аналар  жиналысында  топтың  тіршілік 

әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде 

келесі ережелерді ұстану қажет:  

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;  

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;  

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;  

- диалог түрінде өткізілуі;  

-жиналыста  бала  кемшілігін  және  бала  тәрбиесіндегі  ата-аналардың 

қателіктерін жарияламау керек. 

Ата-аналармен  жұмыстың  дәстүрлі  емес,тиімді  формаларының  бірі  - 

шағын  жиналыс.  Қызықты  отбасы  анықталып,  оның  тәрбиелеу  тәжірибесі 

зерттеледі.  Одан  кейін  шағын  жиналысқа  екі-үш  отбасы  шақырылады,  онда 



 

отбасы  тәрбиесіндегі  позицияларымен,  отбасының  дәстүрлі  тәрбиесі  туралы 



бөліседі. 

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады: 

-  Ата-аналармен    жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыру.  Олардың 

қажеттілігі  зерттеу  мақсатында  экспресс-сұрақ  жүргізу  және  алынған 

мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.   

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін 

жағымды  қарым-қатынас  орнату.    Ата-аналарға  олар  қызыға  қатыса  алатын, 

бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.  

-  Ата-аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында 

айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл 

баланың  құрбыларымен  тіл  табысудағы  ерекшелігі,  оның  еңбекке  деген 

қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.    

-  Педагогты  бала  тәрбиесіндегі  отбасы  мәселелерімен  таныстыру.  Бұл 

кезеңде  тәрбиешілер  ата-аналармен  диалог  жүргізеді,    отбасымен  сөйлескенде 

тек  жағымды  жақтарын  емес,  бала  қылығындағы  қиыншылықтар,  кедергілер 

туралы да айтады. 

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу.  Ата-

аналармен  біріккен  мұндай  зерттеулерде  жұмыстың  нақты  мазмұны 

жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.   

Ата-аналармен  жұмыста  педагогикалық  консилиумдарды  қолдану 

керек.  Консилиум  құрамына  меңгеруші,  негізгі қызмет  бойынша  меңгерішінің 

орынбасары,  тәрбиеші,  педагог-психолог,  мұғалім-логопед,  бас  медбике,  ата-

аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, 

оның  материалдық  жағдайы  және  отбасындағы  бала  статусы  талқыланады. 

Консилиум  жұмысының  қорытындысы  бала  тәрбиесінде  ата-аналарға  көмек 

мөлшерін  анықтау,  ата-аналар  әрекетінің  жеке  коррекциясына  қарай 

бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.   

Бүгінгі күні зерттеу  – жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар 

сияқты      ата-аналармен    жұмыс  формаларына  көп  мән  берілуде.  Бұл  ойындар 

үрдісінде  белгілі  бір  білімді  меңгеріп  қана  қоймайды,  әрекеттің,  қатынастың 

жаңа  моделдерін  құрастырады.  Талқылау  үрдісінде  ойынға  қатысушылар 

мамандардың  көмегімен  жағдайларды  бар  жағынан  сараптауға  және  тиімді 

шешім қабылдауға тырысады.  

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі – 



ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен 

бірге  қоғамдастық  та  қатысады.  Конференцияға  педагогтар,  аудандық  білім 

бөлімінің  қызметкерлері,  медициналық  қызмет  өкілдері,  бастауыш  сынып 

мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.  

Ата-аналармен  жұмыстың  бір  формасы  -  тренингтер.  Тренингтік  ойын 

жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға 

беруге,  жағымсыз  формаларды  конструкциялыққа  ауыстыруға    көмектеседі. 

Ойын  тренингіне  тартылған  ата-ана  баламен  сөйлесуді  бастайды,  жаңа 

шындыққа жетеді.  


10 

 

Заманауи  кезеңдегі  тағы  бір  қызықты  формалардың  бірі  –  әртүрлі 



конкурстарды  –  сұрақтар  мен  жауаптар  кештерін  өткізу  болып  табылады. 

Бұл  форма  өзінің  педагогикалық  білімін  нақтылауға,  оларды  практикада 

қолдануға,  жаңалықты  білуге,  бір-бірімен  білімін  толықтыруға,  бала 

дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.  

Ата-аналармен  жұмыста    олардың  қажеттілігі  бойынша  жұмыстанатын 

әртүрлі  кафедралары  бар  «Ата-аналар    университеті»  сияқты  форманы  да 

қолдануға болады:  

- «Жас аналар кафедрасы» (Ана болу – менің жаңа мамандығым).  

- «Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана–алғашқы және басты ұстаздар).  

-  «Отбасылық  дәстүрлер  кафедрасы»  (Аталар  мен  әжелер  –  отбасылық 

дәстүрлер қорғаушысы).  

 «Ата-аналар  университетінің»  жұмысы  өнімді  болуы  үшін  мектепке 

дейінгі  ұйым  ата-аналармен  қызметін  әртүрлі  деңгейде  ұйымдастыруына 

болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.  

Ата-аналармен  жұмыстың  маңызды  сәті  –  үй  педкеңестері,  лекциялар, 

ауызша  журналдар,  ашық  есік  күндері,  әкелер,  әжелер,  аталар  клубы, 

практикумдар және т.б. болуы қажет.  

Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет