Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата30.12.2016
өлшемі471,85 Kb.
#800
1   2   3

 Еуропалық елдер тәжірибесі 

Еуропаның  кейбір  елдерінде  мектепке  дейінгі  білім  беруді  қолдаумен 

шіркеу  айналысуы  мүмкін.  Францияда  католикалық  шіркеуге  жататын  ақылы 

мектепке  дейінгі  ұйымдар  бар.  Мұндай  мектепке  дейінгі  мекемелерге 

балалардың 10 %  жуығы барады.  

Европалық  елдер  қатарында  мектепке  дейінгі  білім  беру  кезеңіне 

дамуында  мәселелері  бар  балаларды  қалыпты  дамудағы  құрбылары  арасында 

интеграциялау сұрақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Олар мектепке дейінгі білім 

беру орындарына бірге барады. Балалықтың ерте жасынан жағымды сау ортаға 

түскен  дамуында  мәселелері  бар  балалар  оңай  әлеуметтенеді.  Ал  олардың 

қалыпты  дамудағы  құрдастары  бала  кезден  толерантты  болуға,  дамуында 

ерекшелігі бар адамдарды қабылдауға және бағалауға үйренеді.   

  

 Кипрдегі мектепке дейінгі білім беру 

Мектепке дейінгі білім беру (балабақшаға бару) міндетті емес және 3-тен 5 

жас 8 айға дейінгі балаларға білім беру жағдайларын ұсынады. Бұл білім беру 

балабақшалар (nipiagogeia) мен бастауыш мектепті (dimotikascholeia) қамтитын 

Негізгі Білім берудің бөлігі болып табылады. 

Мектепке  дейінгі  білімді  мемлекеттік  және  жеке  меншік  балабақшалар 

және  бастауыш  мектептің  жұмысын  реттейтін  заңнамалық  актілер  реттейді.  

Мемлекет ұсынған мектепке дейінгі білім балабақшадағы тәрбиешілердің еңбек 

ақысын  қамтиды.  Мемлекет  сонымен  бірге  оқулықтардың  және  басқа  да 

қажетті  оқу  материалдарының  шығынын  төлейді.  Басқа  шығындарды  ата-

аналар төлейді. 

Бүгінгі күні Кипрдегі балабақшалардыүш топқа бөледі: 

• мемлекеттік 

• қауымдық 

• жеке меншік 

Мұндай  балабақшаларда  бір  (monothesia)  немесе  бірнеше  педагогтар 

(polythesia) жұмыс жасауы мүмкін.  

Мемлекеттік  балабақшалар  Ата-аналар  ассоциациясы  және  жергілікті 

әкімдіктермен бірге Білім мен мәдениет министрлігінен негізделеді. Білім мен 

мәдениет  министрлігі  бұл  балабақшаларға  мұғалімдерді  тағайындайды  және 

барлық  қажетті  құралдарды  ұсынады.  Ал  Ата-аналар  ассоциациясы  және 

жергілікті  әкімдіктер  ғимараттың  құрылысына  және  негізгі  құралдарға 

жауапты.  Жұмысқа  сонымен  бірге  жинақтаушылар  немесе  мұғалімнің 

көмекшісі  ретінде  қызмет  ететін  жоғары  мектептердің  түлектері  де 

қабылданады.  Бұл  қызметкерлердің  еңбек  ақысын  Ата-аналар  ассоциациясы 

төлейді. 

 


19 

 

 Финляндиядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі 

Финляндияда  ауру  мен  сау  балалар,  ұлттары  мен  әлеуметтік  шығуы 

әртүрлі  балалар  тәрбиеленетін  интегрициялық  тәрбие  идеясы  үлкен 

танымалдықпен қолданылады. Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелер де бар. 

Олардың  бірі  дамуында  физикалық,  психикалық,  когнитивті  және  әлеуметтік 

кемшілігі  бар  балаларға  (бұл  балабақшада  8  бала  және  4  тәрбиеші  болуы 

мүмкін) арналған.  Басқалары жетекші «профиль» алады. Онда, мысалы, өнерге, 

шетел тілдеріне және футболға да өте көп уақыт бөлуі мүмкін.  

  «Кішкентай балаларға күндізгі күтімнің» басты міндеті (Финляндияда дәл 

осындай формамен мектепке дейінгі тәрбие туралы заң қабылданған болатын) 

бала  тәрбиесінде  ата-ананың  қолдауы  болып  табылады.  Ал  балабақшаға 

қойылатын  талап  -  сенімді,  жағымды  қарым-қатынас  және  оқытудың    жан-

жақты даму ортасын орнату. 

Финляндияда  балалармен  шұғылданатын,  ойнайтын,  серуендейтін,  бірақ 

тамақтандырмайтын  төрт  сағаттық  топтар  болады.  Толық  күнге  арналған 

балабақшалар  да  бар.  Балаларды  түнге  қалдыруға  болатын  балабақшалар  да 

кездеседі,  бірақ  олар  аз,  өйткені  мұндай  балабақшалар  ата-анасы  іссапарға 

кеткен немесе түнгі кезекте жұмыс істеген жағдайларға арналған.  

Мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды қамтуды ауқымды деуге болмайды. 

Балалардың шамамен  60% үш жастан бастап мектепке дейін мектепке дейінгі 

мекемелерге  барады.    Алайда  Финляндияда  барлық  алты  жастағы  балалар 

балабақшаның  даярлық  тобына  немесе  мектептің  дайындық  сыныбына  баруға 

құқығы бар екендігі бойынша заң қабылданған.  

Әрбір  топта  жасына  байланысты  12  -  ден  21  –  дейін  бала  болуы  мүмкін. 

Үш жастан кіші әрбір бала екі баланың орнын «алады», себебі екі есе көңілді 

талап етеді деп есептелінеді.  

  Егер  балалар  үш  жасқа  жетпесе,  онда  олармен  бір  немесе  екі  тәрбиеші 

және үш күтуші жұмыс  істейді. Егер барлық бала төрт жастан жоғары болса, 

онда  топта  екі  тәрбиеші  және  бір  көмекші  болғаны  жөн.  Егер  топ  күніне  5 

сағаттан  аз  жұмыс  істесе,  онда  бір  тәрбиеші  мен  бір  күтуші  болуы  керек. 

Ауырып қалған тәрбиешілерді күтуші немесе арнайы шақырылған штаттан тыс 

тәрбиеші  ауыстырады.  дәрігер,  медбике,  музыкалық  қызметкер,  логопед 

лауазымдары жоқ. Тек қана тіс дәрігерінің қарауы болып тұрады.  

Балабақша  таңғы  6.30  не  7.00  –ден    17.00  не  18.00  –ге  дейін  ашық; 

балалардың  ерте  келуі  мен  кейін  қалуы  ұжым  мүшелері  арасында  келісіледі 

(әрқайсысына жылына бір рет келеді). Барлық ересектер үш ауысыммен жұмыс 

істейді, кезекпен өз топтарына 7.30, 8.00 немесе 10.00 келеді. Бұл кесте күннің 

жауапты бөлігінде барлық  ересектердің бір  мезгілде  топта  болуына  мүмкіндік 

береді. Тәрбиешінің жұмыс уақыты жеті сағат, ал тәрбиешінің көмекшісі - сегіз 

сағатқа тең (ол ортаңғы ауысымға келеді). 

Әрбір  балабақшаның  ішкі  саясаты  тәрбиеленушілердің  ата-аналарымен 

келісіледі.  Финляндияда  бала  тәрбиесіне  ата-аналар  ғана  жауап  береді  

(олардың құқығы мен міндеттері заңмен бекітілген). Бала-ата-аналар жобасына 

ата-аналардың қатысуы марапатталады. 

 


20 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Шет  елдердегі  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  ата-аналармен  жұмыс 



түрлері  мен  модельдеріне  жасаған  мониторинг  және  сараптаманы 

қорытындылай келе, баланы бірлесіп тәрбиелеуде ата-ананың қатысуы әр елде 

әртүрлі  екеніне  көз  жеткіздік.  Ата-аналармен  бірлесіп  жұмыс  істеуде  АҚШ 

және Финляндияның мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысы жаман емес. Көп 

елдерде  ата-ананың  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  жұмысына  және  бірлескен 

қызметті  жоспарлауда  айқын  емес.  Бұл  ата-ана  және  мектепке  дейінгі  ұйым 

немесе  ата-ана  мен  мемлекет  арасындағы  экономикалық  мәселенің  шешілуі, 

немесе  мекемеде  баланың  болу  ұзақтығының  шешімі  болуы  мүмкін.  Ұлттық 

өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің 

мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» 

мемлекеттік  бағдарламасы).  Біздің  жасаған  қорытындымыз  бойынша, 

қазақстандық  балалардың  ата-аналары  мен  еліміздің  мектепке  дейінгі 

ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді. 

Балабақшадағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  үрдісіне  отбасыны  тарту 

қажетті,  өйткені  ата-аналар  бала  тәрбиесіне  жауап  береді,  олар  баланы 

тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.  

Әртүрлі  елдегі  мектепке  дейінгі  ұйымдар  модельдерін  қысқаша  талдау 

әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі 

жүйе  біршама  артықшылығымен  сипатталады.  Сонымен  қатар,  жаңа 

экономикалық  жағдайларға  сәйкес  болу  үшін  шетелдік  тәжірибе  тәрбиешілер 

мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім 

беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


21 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



ҚР  «Білім туралы»Заңы (27 шілде  2007 жыл) 

2.

 



ҚР Мемлекеттік жалпыға  міндетті білім беру стандарты 20.08.2013 

3.

 



Давыдова  О.И.,  Богославец  Л.Г.,  Майер  А.А.  Балабақшада  ата-

аналармен  

жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ 

басқару» журналына қосымша). 

4.  Зверева  О.Л.  МДҰ  ата-аналар  жиналысы:  әдістемелік  құрал  /О.Л. 

Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі 

тәрбие мен дамыту) 

5. Балабақша және отбасы/ Т.А. Маркова, М.В. Загик, В.М. Иванова және 

т.б. 1981 ж.  

6.  Агавелян  М.Г.,  Данилова  Е.Ю.,  Чечулина  О.Г.  МДҰ  педагогтардың  ата-

аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.  

7.  Скоролупова  О.А.  МДҰ  тәрбие  -  білім  беру  үрдісін    тақырыптық 

жоспарлау.   I бөлім – М.: ООО «Скрипторий 2003» баспасы, 2008. 

8.  Скоролупова  О.А.  МДҰ  тәрбие  -  білім  беру  үрдісін    тақырыптық 

жоспарлау.  II бөлім  – М.: ООО Издательство «Скрипторий 2003», 2008. 

9.  Отбасы  мен  балабақша  жағдайында    балаларды  ерте  жастан  тәрбиелеу. 

Мақала мен құжаттар жинағы / Т.И. Оверчук ред. Құрастырғандар: Р.А. Горб, 

И.М. Исаченкова. – СПб.: «БАЛАЛЫҚ-ПРЕСС», 2004. 

10.  Доронова,  Т.Н.  Мектепке  дейінгі  мекеме  және  отбасы  –  бірыңғай 

дамыту  кеңістігі:  мектепке  дейінгі  мекеме  қызметкерлеріне  арналған 

әдістемелік  нұсқаулық  /  Т.Н.  Доронова,  Е.В.  Соловьева,  А.Е.  Жичкина,  С.И. 

Мусиенко. – М.: ЛИНКА – ПРЕСС, 2001 

11.  Козлова,  С.А.  Мектепке  дейінгі    педагогика  /  С.А.  Козлова,  Т.А. 

Куликова.-  3-  шығарылым.,  өзгерткен  және  толықтырған  –  М.:  «Академия» 

баспа орталығы, 2001. 

12.  Макаренко  А.С.  Ата-аналарға  арналған  кітап  /  А.С.  Макаренко.  –  М.: 

Просвещение, 1968. 

13.  Маркова,  Т.А.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  отбасындағы 

тәрбиесі / Т.А. Маркова. -М.1979. 

14. Мухина, В. Жас ерекшелік психологиясы/ В. Мухина. – М.: 1998. 

15.  Новиков,  Н.И.  Из  трактата  «О  воспитании  и  наставлении  детей»  // 

Ақылмен және жүрекпен / Н.И. Новиков. – М.: 1989. 

16. Оклендер, В. Окна в мир ребенка / В. Оклендер.-М.: 1997. 

17. Скинер, Р. Семья и как в ней уцелеть / Р. Скинер, Д. Клиз. – М.: 1995. 

18.  Спок,  Б.  Разговор  с  матерью:  Тәрбие  туралы  кітап.  Ағылшын  тілінен 

аударған / Б. Спок. – М.: Политиздат. 1991. 



 

 

 

 

 

22 

 

МАЗМҰНЫ 



 

Кіріспе......................................................................................................  3 

 

Әдістемелік құралдың заңды–құқықты қамтамасыз етілуі ...............  5 



 

МДҰ білім беру үрдісінде ата-аналармен жұмыстың  

ұйымдастырушы-педагогикалық жағдайлары ..................................... 6 

 

Шет елдегі мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи  



модельдері мен негізгі тенденциялары................................................. 15 

 

Қорытынды.............................................................................................. 24 



 

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................... 25 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет