Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата30.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#814
1   2   3

Бірінші 

заңдылық 

      Тілді  ұғыну  барысында  адам  фонологиялық,  грамматикалық  және 

лексикалық    мағыналарды  меңгереді,.  Балалар  тілдің  фонологиялық 

мағынынасын,  әдеби  тілдің  орфоэпиясын  мектепке  дейін  меңгереді.  Ана 

тілінің  грамматикалық  мағынасымен  де  балалар  мектепке  дейін  танысады. 

Тілді  ұғыну  дегеніміз  –  ана  тілінің  фонологиялық,  грамматикалық  және 

лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру. 

Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді. 

1.

 

Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру; 



2.

 

Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету; 



3.

 

Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру; 



Екінші 

заңдылық 

Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті 

сәби  кезінен  болатынын  зерттеушілер  айтып  жүр.  Бұл  принцип  төмендегі 

ережелерді сақтауды талап етеді. 

1.

 

Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру. 



2.

 

Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен 



салыстыра алатындай материалдар іріктеу.  

3.

 



Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану. 

Үшінші 

заңдылық 

Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу 

мәнері  сезімге  бөлене  сөйлеуді  меңгереді.  Мұндағы  әдістемелік  принцип: 

сөйлеу мәнеріне назар аудару. 



Төртіші 

заңдылық 

Жазбаша  сөйлеу  ауызекі  сөйлеудің  таңбалау  жүйесіне  аудару  ретінде 

ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы 

мынадай әдістемелік принципке негізделеді: 

1.

 

Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру



2.

 

Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 



3.

 

Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру. 



Бесінші 

заңдылық 

    Фонетикалық  грамматикалық  және  лексикалық  мағыналардың  барлығы 

және тиісті жазбаша таңабалар ұғыну барысында меңгеріледі. 

Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай: 

1.

 

Көрнекілікті пайдалану; 



2.

 

Есту құралдарын пайдалану; 



3.

 

Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар; 



4.

 

Балалардың  басқа  пәндерді  өту  барысындағы  сөйлеу  практикасы 



пайдаланылады.  

     Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана 

аңғарады. 

Алтыншы 

заңдылық 

Тілге  үйрену  сөйлеу  органдарының,  жазатын  қолдың  жаттығулары,  қимыл 

қозғалыстарының  тәртіптелуі,  дағдының  қалыптасуы  арқылы  іске  асады. 

Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір бала өзі оқып 



20 

 

жазып  сөйлемдер  құрастырып,  сөйлемдерді  сан  салаға  өзгертіп,  өзі  әрекет 



еткенде ғана нәтижеге жетеді. 

Жетінші 

заңдылық 

Тілге  жүйелі  түрде  сатылап  үйрету.  Тіл  лексика  және  грамматикалық 

формалар  арқылы  ғана  дамиды,  ал  екінші  тіл  неғұрлым  бай  болса,  тілдік 

деректер  де  соғұрлым  ұғынады.  Сондықтан  балалар  үйренгендерін  ұмытып 

қалмау  үшін  тілдік  материалдарды  көбірек  беріп,  сөйлегенде  қолданып 

отыруына  жағдай  жасалады.  Мұнда  қайталаудың  алатын  орны  ерекше  және 

бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану 

қажет: 


Салыстыру,  анализ,  синтез,  жалпылау,  нақтылау,  дедуктивтік  ой 

қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс. 

 

 

Балалар  тіліндегі  ерекшеліктер  –  сөздің  дыбысталу  жағын  дұрыс  айтуға 



қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл 

жағдайда жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады. 

Екінші  ерекшелігі  –  олар  өзінің  сөйлеу  тіліндегі  мүкістікті  байқамайды, 

сөйлеу  органдарын  дұрыс  пайдалану  керектігін  ескермейді,  артикуляциялық 

аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды 

қате  айтады.  Сондықтан,  оларды  сөздің  дыбыстық  жағынан  дұрыс  айтуға 

жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол 

үшін  педагог  өзі  жұмыс  істейтін  топтағы  балалардың  сөйлеу  дәрежесін,  әр 

баланың өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс 

тілді  үйретудің  алғаш  күнінен  басталады.  Сабақ  үстінде,  сабақтан  тыс 

уақыттарда  педагог  түрлі  суреттер  мен  ойыншықтарды  пайдалана  отырып,  әр 

баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы кемшіліктерді анықтайды. Баланы 

толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Балаларға 

күрделі дыбыстар жиі қатысатын сөздер, суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін 

әзірлеп беруге болады. 

Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше 

бөлімнен  құралады.  Сабақтың  бірінші  бөлімінде  үйрету  мақсаты  қойылады. 

Педагог мысалы, «Ү дыбысын дұрыс айтып үйренеміз» - деп түсіндіреді. Сонан 

соң,  жеке  дыбыстарды  айтқанда  сөйлеу  мүшелерінің  қандай  жағдайда 

болатынын көрсетеді. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді 

айтқызып  жаттықтырады.  Педагог  өзі  бірнеше  суретті  (р  не  л  дыбысы 

қатысатын)  көрсетеді,  балалар  ондағы  затты  айтады.  Балаларға  өз  ойларынан 

бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ 

соңында сол дыбыстар жиі қатысатын өлең, тақпақ не жаңылтпаш оқылады. Ал 

сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, сахналау, драматизация 

жасатуға болады. 

Түрлі  жаттығу  жұмыстарын  бағдарлама  талабын  ескере  отырып,  басқа 

сабақтарға  қосымша  жоспарлауға  болады.  Күнделікті  тәрбие  жұмысы  кезінде 

таңертең  сабаққа  дейін  яғни  режимдік  сәттерде  түскі  ұйқыдан  соң  әртүрлі 

жұмыспен байланыстыра өткізуге де болады. 

Балаларды сөздің дыбыстық құрамына талдау жасай білуге үйрету үшін де 

жаттығу жұмыстары өтіледі. Балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл 



21 

 

нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, 



тақпақ,  мақал-мәтел  оқу,  жаңылтпаш  айттырып,  жұмбақ  шештіру,  әңгімелеп 

айтқызу.  Суреттерге  сипаттама  жасату,  ұқсас  дыбыстарды  ажырата  білуге 

үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына – шұлық, жәшік чемодан, 

щетка: р,л,с,з дыбыстарына – радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс 

қолдануға үйрету. Ондайла: «жасырын сыр» «сөзді бірінен-біріне ақырын айту, 

жаңғырық  (сөзді  әр  түрлі  дауысты  қатты,  баяу,  орташа  қолдану)  алыс-жақын 

(дауыс тонын көтере және төмендете оқу). Мұндай сөздер жақын және алыс, өте 

әріректе  отырған  балалар  еститіндей  дәрежеде  айтылады.  (ызың-ызың,  сырт-

сырт)  Дыбыс  сөз  деген  ұғымдарды  меңгере  отырып,  сөздің  дыбыстан 

құралатындығын түсіндіру қажет. 

Балабақшалардың  ересектер  тобында  балаларға  оқып  беретін  мәтіндердің 

мағынасы  ауқымды,  тілі  жеңіл,  көркем,  ойы  орамды,  тәрбиелік  маңызы  зор, 

балаларға айтары да, үйретеді де көп болуы қажет. 

Балаларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын 

принцип-көрнекілік  принципі.  Бұл  принцип  балалардың  дыбыс  жүйесіндегі 

білімі  мен  дағдыларын  әрі  қарай  нығайту  үшін  және оны  жете  меңгерту  үшін 

қолданылады.  Әр  сабақ  сайын  көрнекі  құралдар  пайдаланылады.  Көрнекілік 

принципі  деп  бала  тікелей  қабылдайтын  нақты  образдарға  құрылған  оқуды 

айтады.  Көрнекілік  баланың  зат,  құбылыс  туралы  түсінігін  нақтылай  түсінеді, 

бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты 

етеді. 

Көрнекілікті пайдалану арқылы балаларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі 



жеңіл,  бала  қиялына  әсер  ете  отырып,  оның  түсінігіне  сай  әр  түрлі  заттарды 

немесе  плакаттарды  қолданып,  сабақты  тиімді  өткізуге  болады.  Көрнекілік 

балаға  жан-жақты  әсер  етеді.  Балалар  бірінші  педагогтан  сабақты  тыңдайды, 

екінші  көрнекілік  арқылы  оны  көз  алдына  елестетіп  немесе  нақтылы  заттар 

арқылы  көреді.  Балалар,  әсіресе  көзбен  көрген,  қолмен  ұстаған нәрселерін  тез 

естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану педагог үшін де, бала үшін 

де тиімді.  

Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін 

төрт топқа топтастырады. Олар: 

1)

 



Нақты көрнекілік (затты немесе құбылысты тікелей көрсету) 

2)

 



Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б.) 

3)

 



Дыбыстық құралдар (магнитофон, компьютер, диафильмдер т.б.) 

4)

 



Көркем  сөз  арқылы  бейнелеу  (педагогтың  балаларға  заттар  мен 

құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы) 

Көрнекі  құралдың  түрлері  әдіскерлік,  педагогикалық  тұрғыдан  дұрыс 

жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады: 

1.

 

Көрнекі 



құралда 

берілген 

материалдың 

мазмұны 


балабақша 

бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек. 

Егер  балалардың  түсінуіне  ауыр  материалдар  берілсе,  оның  көрнекілігі  де 

шамалы болады. 



22 

 

2.



 

Көрнекі  құрал  белгілі  бір  тілдік  материалға  арналып,  соның  негізгі 

белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек. 

3.

 



Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы топқа түгел көрінетіндей анық 

болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер) 

4.

 

Материалдың  негізгі  белгілері  (әріптер  мен  сөздер)  қызыл  сиямен 



жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі 

сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады. 

5.

 

Көрнекі  құралдарда  шартты  белгілерді  орынсыз  көп  бере  беруге 



болмайды. 

6.

 



Ондағы  берілген  мәтіндер  мен  мысалдардың  тәрбиелік  маңызы  күшті, 

тақырыптық  ғылыми  өзгешеліктеріне  лайық  болғаны  дұрыс.  Қайшы  пікір 

туғызатын мысалдар берілмеуі керек. 

7.

 



Балаларға  тартымды  және  көрнекті  болуы  үшін  оны  көлемі  кішкентай 

қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 

см болғаны дұрыс. 

Көрнекілік әдісі қазақ тілін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің 

түрі.  Ол  жаңа  материалды  түсіндіру  сабақтарында  да,  өткен  материалды 

қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланылады. Педагогтың сөзі мен 

көрнекілікті  ұштастыру  –  қазақ  тілінің  теориялық  материалын  балалардың 

сапалы  әрі  берік  меңгеруінің,  практикалық  дағдыларды  игеріп,  іскерлікке 

үйренудің негізгі шарты болып табылады. 

Қазақ тілінде қолданылатын көрнекілік құралдардың бір түрі – техникалық 

құралдар. 

Ғылыми-техникалық процесс, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына  ғылым 

негіздерінің бойлап кіруі балаларға  берілетін білім деңгейін көтеріп, оқу-тәрбие 

процесін барынша жақсартуды талап етеді. 

Осыған  орай  оқыту  ісіне  қойылатын  талап-тілектің  өсуі,  балалардың  көп 

нәрседен  хабардар  болуы  педагогтың  өзі  оқытатын  пәнін  де,  жалпы  ғылым 

негіздерін  терең  білуін  және  сол  мол  білімді  балаларға  шебер  жеткізуін  талап 

етеді.  Демек,  мұндай  шеберлік-оқыту  тәсілдерін  жетілдіру,  техникалық 

құралдарды, бағдарламамен оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты тиімді, 

ұдайы ізденуі арқылы қол жеткізуге болады.  

Оқу  пәндерінің  ғылыми-теориялық  дәрежесін  көтеру,  оқыту  тәсілдерін 

жетілдіру,  балаларға  кең  көлемде  білім  беру  жолдарын  қарастыру,  оқу-тәрбие 

процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, 

әр  педагогты  оқытудың  тиімді  әдістерімен  қаруландыру,терең  білім  беруге 

жағдай туғызу, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды 

кеңірек  қолданып  ұйымдастыру,  әсіресе  әр  топтағы  үйретілетін  материалдың 

ерекшелігіне  қарай  орынды  жерде  проекциялық  дыбысты  жазып  алатын  және 

оны  қайталап  естіртетін  аппараттар,  радио  мен  теледидар,  кинопроектор, 

эпифильм,  диафильм,  кинофильмдердің  фраменттерін  пайдаланып,  сабақты 

мазмұнды әрі тартымды жүргізу талап етілуде. 

Психология-педагогикалық 

зерттеу 


жұмыстарының 

нәтижелеріне 

қарағанда,  техникалық  құралдарды  пайдаланып  өткізілген  сабақта  балалар 


23 

 

жалықпайтындығын, жаңа оқу материалын қабылдау процесіне  балалардың әр 



түрлі  сезім  мүшелері  қатысатындығын,  соның  нәтижесінде,  балалардың  оқуға 

қызығушылығы  артып,  түсіндірілген  материалды  олардың  берік  қабылдауына 

мүмкіндік туғызатыны дәлелденді.  

Демек, оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды пайдалану әрбір мектепке 

дейінгі ұйымдар тәжірибесінен лайықты орын алуы керек. 

Сабақта  балаларды  сөйлеуге  дағдыландыру  барысында  қолданылған 

жаттығулар,  тапсырмалар  жүйесі,  көрнекіліктер,  тестілер,  қойылған  өзекті 

сұрақтар,  еңбекке  қатысты  мақал-мәтелдердің  мән-мағынасы  балаларды  ақыл-

ойын  дамытуды  көздейді.  Балалардың  ақыл-ойын,  тілін,  сөйлеу  дағдысын 

өрістетуді тәрбиелеуде пікірсайыс түрінде өткен сабақтардың рөлі ерекше.  

Білімді  меңгеру  процесінде  балалардың  ойларын  жандандырып,  оларды 

ауызша сөйлеуге дағдыландыра түсуге қолданылатын жұмыстар да ұтымды әдіс- 

тәсілді пайдалануды керек етеді.  

Бұл  баланың  жалпы  жетілуіне,  өмір  тәжірибесіне  де  байланысты.  Бұл 

орайда,  тағы  да  оқу  процесінің  рөлі  зор.  Бала  кітапты  немесе  қосымша 

пайдаланған  мәтіндерді  тыңдай  отырып,  өмірмен,  табиғатпен,  адамдардың 

еңбегімен танысады.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру 

жұмыстарында  халықтық  інжу-маржандары  мақал-мәтелдерді  ұғындыру, 

түсіндіру  халқымыздың  еңбексүйгіштігін  дәлелдеу,  халқына  құрметпен  қарау, 

сыйлау сезімін тудырады. 

Қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, әдіс-тәсілдерді 

таңдап, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлерін қою қажет. 

Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлеуге құлшындыратын 

айналасындағы  зат,  құбылыстардың  қазақша  атауларын  үйрету  үшін 

қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық 

ойындар  арнайы  мақсатты  көздейді  және  нақты  міндеттерді  шешеді.  Әр  түрлі 

топтағы  балалардың  шамасына  қарай  берілетін  бағдарлама  материалдарын 

меңгертуді,  үйренген  білім  дағдыларын  бекіту  жұмыстарын  дидактикалық 

ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. Ойынның пайдасы – баланың ой-өрісін 

қалыптастырып, дамытады. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, 

белсенділігін арттырады. 

Дидактикалық  ойындардың  түрлерін  балалардың  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес    қолдану  қажет.  Баланың  ауызекі  тілде  сөйлеуін,  тілдің  дыбысталу 

мәдениетін, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және 

үйде  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор.  Дидактикалық 

ойындардың  мақсатына  сәйкес  шарты нақты  көрсетіледі. Ойын  шарттары мен 

көрнекіліктерді пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға 

болады. 

Арнаулы қазақ тілі құралдарының қатарында ерекше орын берілетін ойын 

түрлері  –  қазақ  тіліне  тән  ә,ү,ұ,қ,ң,ғ,і,һ  дыбыстардың  дұрыс  айтуға  арналған 

дидактикалық  ойындар  болуы  керек,  яғни  дыбыстық  жаттығулар,  аударма 

сөздіктер, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақтар қамтылған ойындар. 


24 

 

Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын дидактикалық ойындар: балалардың 



сабақ  үстінде  алған  білімдерін  бекітуге,  бір-бірімен  қарым-қатынасқа  түсуге, 

қазақша  сөйлеу  үлгілерін  еркін  қолдануына  бағыт  береді,  ұйымшылдыққа 

үйретеді.  Дидактикалық  ойындар  мектеп  жасына  дейінгі  ұлт  балаларының  да, 

өзге ұлттың балаларының да тілдерін дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Әр 

сабақта 

ойынды 


тиімді 

пайдалану 

арқылы 

сабақтың 



әсерлілігін, 

тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын арттыруға болады. Сонымен 

қатар  бұл  сол  сабақтағы  өтілетін  жаңа  тақырыпты  баланың  жақсы  меңгеруіне 

ықпал  етеді.  Дидактикалық  ойын  барысында  балалардың  зейінін, 

жылдамдықтарын, тапқырлықтарын, байқағыштық қасиеттерін дамыта отырып, 

дыбыстарды ажырата білу мен сөздік қорын молайтуды жүзеге асыруға болады. 

Дидактикалық ойын арқылы тіл үйрету тиімді әрі нәтижелі болары сөзсіз.  

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны 

танып білуге құштарлығын арттырады. 

Балаларды  қажетті білім дағдыларымен қамтамасыз ету үшін педагог  әр 

сабақта жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Ол үшін педагогтың әдіскерлік шеберлігі, 

теориялық  білімі,  ұйымдастырушылық  қасиетінің  жоғары  деңгейде  болуымен 

қатар, 

құнды 


жасалған 

көрнекілік, 

электрондық 

оқулық, 


аудио, 

бейнетаспалардың  болуы  да  қажет.  Осыған  байланысты  бір  ғана  электрондық 

оқулықтардың тиімділігін айта кетсек, олар: 

- әртүрлі жұмысты тез және қысқа мерзімде орындауды қамтамасыз ету;

 

- тілді үйрену уақытын үнемдеу; 



 

- көрнекілік және түсініктілік принципін пайдалану мүмкіндігі;

 

- бейнелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;



 

- дидактикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейлігі;

 

- баланың өз бетімен жұмыс істей алуы;



 

- тілді білу деңгейін бақылау және бағалау.

 

Сондай-ақ,  электронды  оқулықтағы  оқыту,  модельдеу,  тестілеу  т.б. 



бағдарламалар  жиынтығы  тіл  үйретуде  жай  оқулықтарға  қарағанда  өте  тиімді 

қосымша мүмкіндіктер береді. Олар жинақы, ыңғайлы түрде алынады, өйткені 

электрондық  оқулық  –  бұл  дидактикалық  әдіс-тәсілдер  мен  ақпараттық 

тенологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Оны пайдалану барысында 

төмендегі мақсаттар жүзеге асырылады:

 

-  тыңдалым  арқылы  екпін,  қазақ  тілінің  төл  дыбыстарына  назар  аударту; 



тыңдау арқылы қабылдауға, есте сақтауға, дұрыс оқуға дағдыландыру;

 

-  оқылым  арқылы  мазмұндап,  өз  ойын  айтуға  үйрету;  оқу  жылдамдығын 



арттыру; оқу арқылы мазмұнын меңгерту;

 

- жазылым арқылы берілген түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тіл 



үйренушінің  сауаттылығын  арттыру;  қойылған  сұрақтарға  жауапты  жазбаша 

жазуға үйрету;

 

- көру арқылы берілген тақырып бойынша материалды пысықтау;



 

- әртүрлі тапсырмалар, тест арқылы баланың білімдерін тексеру.

 

Толассыз  ақпараттар  ағымын  бүкіләлемдік  Интернет  жүйесі,  спутниктік 



каналдар,  теледидар,  ұялы  байланыс  арқылы  көріп,  естіп  қабылдауға 

25 

 

машықтанған  ХХІ  ғасырдың  өкіліне  нағыз  керегі  –  сандық  бейне,  анимация, 



компьютерлік  оқыту  ойындары,  дыбысты  жаңғырту  т.б.  компьютерлік 

технологиялар.  Осылардың  бәрін  қолдануға  мүмкіндік  беретін  қазіргі 

мультимедиалық  бағдарламалар  тіл  үйретуді  жеделдетуге,  оқу  уәждемесін 

көтеруге, сөйлесім әрекетін дамытуға зор әсерін тигізеді. 

Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке 

тұлғаны тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның 

ойы  да  кең  болады.  Сондықтан  оның  тілін  байытып,  ойын  кеңейте  түсу  үшін 

өлең,  ертегі,  әңгіме,  мақал  мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  әдеби  шығармалардан 

үзінділер  оқытып,  таныстырудың  маңызы  зор.  Сол  арқылы  олардың  ойлау 

қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді. 

Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағалары мен апалары, тәрбиеші 

ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын 

жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, 

тілі  көркем,  оқуға  жеңіл,  үзінділер  оқып  үйрену,  үйренгендерін  өз  сөздерінде 

қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын 

дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.  

Жеткіншек ұрпақтың жан жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге 

қарай,  яғни  жеке  тұлғаны  дамытудың,  баланың  тілін  дамытудың,  оның  жеке 

қасиеттерін  ашып,  білімі  мен  біліктілігін  күшейте  отырып,  өзара  қарым 

қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

26 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Инновациялық  технологиялар  –  заманауи  әлеуметтік  мәдени  жағдайда 

баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен оң нәтижелерге 

жетуге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбие құралдарының жүйесі.  

Қазіргі  уақытта  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  ұжымдары 

отандық  және  шетел  тәжірибелерін  зерттеу  негізінде  өз  жұмыстарында 

инновациялық технологияларды ендіруде.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  іс-әрекеттің  мақсаты  –  білім 

беру  үрдісін  заманауи  тиімділігі  жоғары  технологиялармен  және  балалардың 

негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастырып,  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету.  

Инновациялық  технологиялардың  педагогикалық  негізгі  қағидалары: 

балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық 

күшін  қалыптастыру  және  дамыту;  баланың  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін 

меңгерту;  баланың  танымдылық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр 

баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; баланың дамуы үшін 

жүйелі жұмыс істеу. 

Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. 

Мұндағы  негізгі  мақсат  –  жаһандану  заманында  білімнің  бүкіләлемдік 

кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да 

өзгереді. Сол себепті, қазір жалпы барлық білім беру ұйымдарында  оқытудың 

инновациялық  технологиялары  қолданыла  бастады.  Сондықтан  жаңашылдық 

керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде баланың белсенділігін арттыру, өзіне 

сенімділігін  қалыптастыру,  танымдық-шығармашылық  қабілетін  дамыту, 

олардың  белсенділік-сенімділік  сапаларын  диагностикалық  әдіс-тәсілдермен 

анықтауға, ұйымдастырылған іс-әрекетте өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, 

қоғамда  болып  жатқан  оқиғаларға  қатысты  көзқарастарының  болуына, 

инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін 

тигізеді. 

Ұсынылып  отырған  инновациялық  технологиялар  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы  педагогтар  қауымына  білім  беру  үдерісін  дамытуда,  заманауи 

ғылыми  деңгейде  ұйымдастыруға  көмектеседі.  Сондықтан  мектепке  дейінгі 

ересек  жастағы  балаларға  инновациялық  технологиялар  арқылы  мемлекеттік 

тілді  меңгерту  өте  тиімді.  Қазіргі  қоғамдағы  ғылыми-техникалық    үдерістен   

қалыспай,      жаңа    педагогикалық      инновацияларды    дер    кезінде  қабылдап,   

өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті. 

 

 

 



 

 

 



 

 

27 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан 



халқына жолдауы. - Алматы. «Білім баспасы», 1998. 

2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту 

құралы ретінде. - Алматы, 2002. 

3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –

Алматы. 2005. 

4. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –

Астана. 1997. 

5. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. 

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция. – Алматы, 2011. 

6.  Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-

Семипалатинск, 2006 

7 . Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту 

методикасы-Алматы: «Рауан»1991 

8.  Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде  

оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік  

тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет 

9.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына  дейінгі балаларды ойын арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992 

10. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002 

11. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991 

12.  Қ.Ж. Бұзаубақова.  Жаңа  педагогикалық технология.  А., 2004 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

28 

 

 



МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 



 

 

 



 

Түсіндірме жазба ............................................................................ 

   



Инновация туралы түсінік ............................................................. 



 

Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар   10 



 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға қазақ тілін 

оқытудың инновациялық әдістері .................................................. 

 

18 



 

Қорытынды ...................................................................................... 

 

26 


 

Пайдаланған әдебиеттер ................................................................. 



 

27 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет