Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

Адам. Қоғам. Құқық  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11  сыныптарда  оқыту  -  дүниетаным 
құрылымы,  негізгі  элементтері  және  тарихи  түрлері,  философияның  адам  мен 
қоғам  өміріндегі  рөлі,  адамның  әлемге  деген  танымдық  қатынасы,  қоғамдық 
қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі 
білімге негізделген. 
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  10-11-  сыныптарда  оқытуда  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  оқушылардың  қазіргі  заманғы 
өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт 
бағдарлар,  наным  сенімдерді,  халықтар  арасындағы  өзара  түсінісудің 
демократиялық  құндылықтарын,гумнизм  идеяларын  қалыптастыруға,  өз 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
177 
халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін 
дамытуға,  өз  елінің  мәдени  мұраларын  сақтау  және  оны  көбейтуге, 
қазақстандық  патриотизмді  және  толеранттылықты,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  мәдениет  деңгейін,  азаматтық  жауапкершілікті  дамытуға,  оқушыларға 
экономикалық,  саяси,  құқықтық,  эстетикалық,  экологиялық  тәрбие  беруге 
бағытталады. 
Пән  мазмұнына  сәйкес  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  олардың  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы,  тәртіп  сақтау 
ережелері мен заңдарына құрмет көрсету, адамдармен қарым-қатынаста жоғары 
мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің 
кәсіби  бағытын  анықтау,  заманауи  ақпараттық  технологияларды  жеткілікті 
меңгеру,  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуына,  қоғамға 
жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  және  заңды  бұзушылық 
әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.  
10-11 
сыныптарда  пәнді  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  үшін  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  және 
құқықтық  мәселелер  бойынша  жеке  көзқарасын  білдіре  білуге  және  оны 
дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, 
кесте,  схема  т.б.)  ақпараттарды  талдауға  арналған  шығармашылық 
тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» білім саласы пәндерін оқыту міндеттері мен базалық 
мазмұны,  білім  алушылардың  дайындық  деңгейінің  талаптары  «Жалпы  білім 
беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау 
курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 
сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18 
маусымдағы № 393 бұйрығы бекітілген .   
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

10-сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты; 

11-сыныпта 
(қоғамдық-гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-
математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты 
құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар: 
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа 
педагогикалық  технологияларды  қолдану,  оқушылардың  дербес  танымдық 
қызметін  ұйымдастыру,  практикалық  және  шығармашылық  тапсырмалар, 
конференция,  дебат,  дискуссия,  рөлдік  ойындар,  кейс  әдісі,  іскерлік  ойындар, 
пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.  
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді практикада қолдану тез 
өзгермелі  әлемде  табысқа  қол  жеткізетін,  өз  елінің  игілігі  үшін  жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
178 
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» 
және  т.б.  алған  білімдеріне  сүйену,  оқу  материалдарын  тарихи  фактілермен, 
әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б.  нақтылау ұсынылады. 
10-сыныпта  пәнді  оқытуда  адам  мен  қоғам  арасындағы  қатынастардың 
құқықтық  реттелуіне,  отбасылық  құндылықтар,  адам  құқықтары,  оның 
қорғалуы,  еңбек  құқығы  негіздеріне,  мәдени  құндылықтарды  оқытуда 
оқушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами 
құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады. 
11-сыныпта  білім  алушыларды  адам  өмірінің  мәні,  құқықтық  мемлекет 
дамуының    ерекшеліктері,  қазіргі  өркениеттік  әлемде  құқықтық  сананы 
қалыптастыру,  қоғам  мәселесін  түсіну,  этномәдени  құндылықтарды 
құрметтеуді  қалыптастыру,  көшбасшылықтарын  дамытуға  (экономиканың 
негізгі принциптері мен адами капиталдың рөлін) бағыттау ұсынылады. 
Пәнді  оқытуда  оқытылған  материалдарды  ашу  мен  нақтылауға,  оны 
оқушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесімен,  жеке  бақылауымен,  олардың 
адамдардың  қоғамдағы  тәлімі  мен  әлеуметтік  өмірі  туралы  қалыптасқан 
түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады. 
Оқыту  процесінде  дәстүрлі  әдіспен  сәйкестендіре,  оны  қолдану  шегін 
айқын  анықтай  отырып,  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды 
белсенді қолдану ұсынылады.  
 «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сыныптан  тыс 
жұмыстар: 
1) пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға  
ұсынылатын тапсырмалар:  
- «Қазақ болмысының ерекшелігі. (пікір сайыс); 
- Тәуелсіздік идеясының тарихи және рухани сабақтастығы. (ой толғау); 
- Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жадысы. (сипаттама); 
- Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым. (эссе); 
- Ұлттық идея –ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. (шолу жасау
- Зайырлы қоғам және жоғары рух. (дебат) 
-  Мәңгілік  Ел  ұғымының  бағдары  –  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы. 
(негіздеу) 
-  Мәңгілік  елмен  бірге-мәңгілік  тіл,  діл,  ел  және  бірегейлік.(  зерттеу 
жұмысы) және т.б. 
2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:  
- «Тәуелсіздік елімнің-ерлік жолы»; 
- «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»; 
- «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»; 
- «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;  
- «Мен және менің құқығым»; 
- «Ұлы дала заңдары»;  
- «Заң және заман»;  
- «Қоғам және экономика»; 
- «Нарық және нарықтық қатынастар»;  
- «Экономикалық білім беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
179 
- «Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б. 
 
Өзін-өзі тану  
Адамның  жеке  тұлғалық  әлеуетін  мақсатты  түрде  және  кеңінен  ашуға 
бағытталған  рухани-адамгершілік  білім  беру  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, 
тәндік,  әлеуметтік  және  шығармашылық  дамуының  үйлесімділігіне  қол 
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде 
өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.  
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы 
және  өзіндік  қайталанбас  жеке  даралығын  пайымдауы  арқылы  табиғи 
қабілеттіліктері  мен  жасампаздық  әлеуетін  ашуға  бағытталған  мақсатты  білім 
беру  процесін  ұйымдастыруды  көздейді.  Өзін-өзі  тану  пәнінің оқу-әдістемелік 
құралдары  оқушылардың  қоғамға  және  өз-өзіне  қызмет  етуіне  бағытталып, 
олардың  жасампаздық  белсенділігін  танытуға  мүмкіндік  беретін  өмірлік 
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.  
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:  
1)
 
адамның  өзіндік  бейімділіктерін  ашу  және  оның  темпераментін,  мінез-
құлқын,  қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;  
2)
 
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын  айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарының,  әлеуметтік 
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;  
3)
 
қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді  шешуде  жеке  тұлға 
құндылықтарын,  алған  білімдерін  іс  жүзінде  шығармашылықпен  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру.  
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:  
-  түрлі  мәселелерді  адамгершілік  қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде 
шешу;  
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;  
-  адамдарға  көмек  көрсету,  туыстарына  және  жақындарына  мейірімді, 
қамқор болу;  
- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы 
болу;  
- жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;  
-  өз  ойын,  сөзі  мен  ісін  адамгершілік  тұрғысынан  таңдауға  дайын  болу 
және оған жауапты болу;  
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.  
Өзін-өзі  тану  пәнінің  құрамы  мен  құрылымы  аталған  міндеттерді 
орындауға  бағытталып,  10-11-сыныптарға  білім  берудің  базалық  мазмұнын 
анықтайды.  
Өзін-өзі  тануды  жеке  міндетті  пән  ретінде  оқыту  оқу  жоспарының 
инвариантты бөлімінде  10-11-сыныптарда  аптасына 1  сағаттан,  әрбір  сыныпта 
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.  
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
180 
 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Технология  
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, 
олардың  жасампаз  және  қайта  құрылу  саласына  байланысты,  кәсіби  тұрғыдан 
өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды. 
10-11-сыныптарда  пәнді  оқытудың  мақсаты  –  техника  мен  технология 
саласында  оқушылардың  заманауи  өндірісінде  алған  білім  жүйесінің 
нәтижелілігіне  бағытталған  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру, 
сонымен  қатар,  технологиялық  ойлау  қабілетін,  болмысқа  деген  (оқу, 
зияткерлік, кәсіби) шығармашылық көзқарасын дамыту. 
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 
-  техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 
- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін 
іске  асыру  бойынша  жалпы  еңбектік,  жалпы  өндірістік  және  арнайы 
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру; 
-  технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 
-  оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар  әлемі,  еңбек 
нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 
-  еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті  үрдісінде  эстетикалық,  адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру
-  оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
«Технология»  пәнін  оқыту  барысына  барлық  төрт  компонент  кіреді 
азаматтардың  әлеуметтік  тәжірибесі:  біліп  тану  саласының  тәжірибесі  (түрлі 
облыстағы  ақиқат  туралы  білімі),  танымал  әдістер  саласында  тәжірибе 
орындау,  шығармашылық  қызмет  тәжірибесі  мен  эмоционалды-құндылықтар 
қатынас объектілеріне және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл 
барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар. 
Соған  байланысты  10-11-сынып  материалдарында  ер  балаларға  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (34-кесте). 
«Қазіргі  заман  өндірісі  және  жоғарғы  білім»  жаңа  бөлім,  оған  оқу 
барысында  тұлғалық  қасиеттер  және  мамандық  таңдау,  қазіргі  заман  талабы, 
кәсіптік  саласы,  жоғарғы  оқу  орындары  және  жоғарғы  білімді  алып  меңгеру 
жолдарын  оқыту  кіреді.  Ұйымдастыру  пішіндерін  технологиялық  дайындау 
оқушының дамыту деңгейін анықтау және әдістерді қолдану, олардың оқуына 
еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы. 
 
34-кесте. 10-11-сынып ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары  
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
181 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. 
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника 
және технология.  
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен 
және механикалық өңдеу технологиясы. 
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы.  
5. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементтерімен көркем материалдарды өңдеу 
технологиясы. 
6. Электротехника және электроника 
негіздері.  
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстар.  
8. Шығармашылық жобалау саласы.  
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім. 
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті 
қорғау. 
2. Ағашты және ағаш материалдарды 
қолмен және механикалық өңдеу 
технологиясы. 
3. Металды қолмен және механикалық 
өңдеу технологиясы.  
4. Сәндік қолданбалы өнерінің 
элементтерімен көркем материалдарды 
өңдеу технологиясы. 
5. Электротехника және электроника 
негіздері.  
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы 
жөндеу жұмыстар.  
7. Шығармашылық жобалау саласы.  
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық 
кәсіби білім. 
 
Технологиялық  дайындықты  ұйымдастырудың  әдістері  мен  түрлерін 
қолдану  оқушылардың  дайындық  деңгейіне,  олардың  оқу-еңбек,  қызмет 
көрсету  іс-әрекеттеріне  араласуға  дайындығының  деңгейіне  байланысты 
анықталады. 
Сабақ  өткізу  барысында  қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларын 
қолданады,  пішіндер,  ұйымдастыру  әдістері  және  оқу  процестерін  қадағалау 
және  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  «Технология»  пәнін  оқыту 
барысында ерекше сапалыларын іске асыруға арналған  дидактикалық талаптар.  
Басым  әдістер  –  жаттығу,  практикалық-оқу  жұмыстары,  жобалау  әдістері 
болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жобаларын жасауы және 
қорғау. Жобалар жеке, сондай-ақ, топ оқушыларының орындауымен де болуы 
мүмкін. 
10-11-сынып  оқушыларымен  кәсіби  бағытты  апталық  өткізу  барысында 
мақсатқа  лайықтылық,  қалыптастыруға  дайындық  кәсіби  шешім  қабылдау, 
тренинг  сабақтар  өткізу,  сонымен  қатар,  сана-сезімімен  қажетті  негізгі  және 
қосымша  (ықтималды)  варианттарды  таңдау  үшін  жұмысқа  тұру  немесе  білім 
беру  саласының  траекториясы,  әмбебап  қабілеттерінің  дамуы,  керекті кәсіптік 
ұтқырлық үшін және бәсекелестік қабілеттілік. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Қоғам және адамның іс-әрекеті негізінде еңбек ең басты құндылық болып 
саналады, 
жалпыадамзаттық 
және 
ұлттық 
мәдени 
құндылықтарды 
қалыптастыру  үшін  «Технология»  пәнінің  мәдениеттің  бастапқы  қағидаларға 
сәйкес болу мүмкіндігі қарастырылған. 
Соған  байланысты  10-11-сынып  материалдарында  қыз  балаларға  келесі 
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (35-кесте).  
35-кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары  
Ауыл мектептерінде 
Қала мектептерінде 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
182 
1. Тағам әзірлеу технологиясы.  
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім 
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін 
тігіп дайындау.  
3. Жобаны қорғау. 
1. Тағам әзірлеу технологиясы.  
2. Құрастыру, моделдеу және иық киім 
өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін 
тігіп дацйындау.  
3. Жобаны қорғау. 
 
Қолөнер 
кәсібі 
әрбір 
халықтың 
мәдениетінің 
материалдық 
тасымалдаушысы  болып  табылады.  Сондықтан  оқушылардың  еңбек  пен 
технологиялық  мәдениетін  қалыптастыру,  оның  тұлға  ретіндегі  еңбекқорлық, 
азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің 
еңбек  нарығы  жағдайында  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  мақсатында  технология 
сабағында  көпғасырлық  халықтық  және  ұлттық  қолөнерлерді  міндетті  түрде 
оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.  
Қаладағы,  ауылдағы  және  шағын  жинақты  мектептерде  сыныптардың 
толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады. 
Оқушылардың  технология  бойынша  үй  тапсырмасын  орындаулары  оқу 
процесінің 
қажетті 
элементтерінің 
бірі 
болып 
саналады. 
Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
10-11-сыныптарда  «Технология»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі 
әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Дене шынықтыру  
Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды 
рөль 
атқарады, 
жалпыадамзаттық 
мәдениет 
саласында 
белсенді 
шығармашылық  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Оқыту мақсаты:  
қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін 
қалыптастыру; 
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 
-  салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
-
 
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 
-
 
базалық  спорт  түрлерінің  техникалық-тактикалық  іс-қимыл  әдістерін 
жетілдіру; 
-
 
өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу; 
-
 
дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудағы  рөлі  туралы  білімдерін 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
183 
шыңдау; 
-
 
тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық  компонент),  «Денені  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік 
компонент). 
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан 
түрлерін  қолдануға  және  оқытудың  заманауи  әдістері  мен  педагогикалық 
технологияларын  енгізуге  бағдарлайды.  Вариативті  компонент  мектептің 
тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың  орналасу  ерекшеліктерін, 
мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының  қызығушылықтарын  ескеру 
қажеттілігіне  негізделгендіктен,  оқу  материалдарын  жергілікті  білім  беру 
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 
Бағдарламалық  талаптарды  ескеріп,  әрбір  оқушының  жеке  мүмкіндіктері 
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке 
талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын 
құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың  жылдық  үлгерімдерін  бағалауына 
болады.  Осындай  өзіндік  жол  дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің 
барлық  кезеңдерінде  оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  сабақ  үлгерімдерін  шынайы  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 
-  мұғалім  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс 
дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  қай  бөлімін 
болмасын  өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге) 
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында; 
-  мұғалім  апта  кестесіндегі  сабақ  санына  сәйкес  оқушылардың  даярлығы 
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
-    оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 
-  дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  а)  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  ә)  мұғалімнің 
таңдауы 
бойынша 
(Президент 
сынамалары 
нормативтерін 
орындау 
нәтижелері). 
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында  оларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін.  
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
184 
тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  
 «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-
практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың 
сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz). 
Типтік  оқу  жоспарына  (ҚР  БҒМ  2013  жылғы  25  шілдедегі  №  296 
бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;  
11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет