Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



жүктеу 3.01 Mb.
Pdf просмотр
бет25/32
Дата22.12.2016
өлшемі3.01 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

2017 оқу жылы
 
 
192 
Биологияны  оқыту  кезінде  зертханалық  жұмыстарды  тақырыптары 
бойынша  біріктіру  ұсынылады  (мысалы,  6-сыныптағы  35  зертханалық 
жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; 
«Тамыр»,  «Өркен»,  «Гүл,  жеміс »,  «Гүлді  немесе  жабықтұқымды  өсімдіктер», 
«Даражарнақтылар  класы»  тараулары  бойынша,  «Саңырауқұлақтар  дүниесі» 
бөлімі бойынша біріктіруге болады). 
Сессияаралық  кезеңде  шағын  жинақты  мектеп  оқушыларының  оқу-
танымдық  әрекеті  тірек  мектебі  (ресурстық  орталық)  мұғалімдерінің 
қатысуымен және қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, 
сессияаралық  кезеңде  оқу  қиындықтар  аймағын  жоюға  жеке  нұсқаулар 
беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін 
айқын  көруі  үшін  салыстырмалы  талдау,  мониторинг,  графиктер  салынады, 
шағын  жинақты  мектеп  оқушыларының  оқу  қиындықтар  аймағын  жою 
бойынша  дербестігін  белсендету  мақсатында  түзету  жұмыстары  жүргізіледі. 
Жеке  оқыту  маршрутын  жүзеге  асыру  бойынша  қорытынды  сессияда  білім 
алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары 
анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады. 
Тірек  мектебінде  (ресурстық  орталық)  қазақ,  орыс,  шет  тілдерін, 
информатика  пәндерін  оқытқанда,  ырғақ,  музыка,  дене  шынықтыру,  алғашқы 
әскери  дайындық,  технология  сабақтарында,  сондай-ақ,  бейінді  пәндер 
бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу 
рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 
адам,  ал  8-11-сыныптарда  –  15-20  адам  болғанда  тірек  мектебі  (ресурстық 
орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі. 
Магнитті  мектептердің  оқушыларының  тірек  мектебінде  оқыту 
деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:  
Магниттімектептердің1-4-сыныптары 
сырттай 
оқиды, 
яғни 
шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады 
және  т.с.с.  Жылына  бір  рет  тірек  мектебіндегі  конкурстар  мен 
конференцияларға қатысу үшін бара алады.  
5-7-сыныптар  магнитті  және  тірек  мектептеріндегі  пән  мұғалімдерінің 
жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ 
жеткілікті,  интернет  болған  жағдайда).  Бұл  үшін  кафедралар  немесе  МӘБ 
отырысында  жұмыс  жоспарлары,  тесттік  тапсырмалар  әзірленеді.  Сонымен 
қатар,  магниттік  мектептің  мұғалімдеріне,  оқушыларына  арналған  онлайн 
семинарлар ұйымдастырылады. 
8-11-сыныптар  тікелей  оқытылады  және  сессияларға  шығады  (бейіналды 
және  бейінді  дайындықтың  ұйымдастырылуымен).  Сессияаралық  кезеңді 
сессиялық  кезеңмен  сабақтастықты  сақтай  отырып  жүргізу  қажет.  Берілген 
жұмыс  тірек  және  магнитті  мектептердің  даму  бағдарламасы  мен  шаралар 
жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек. 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
193 
 
7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУҰЙЫМДАРЫНДА  
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  тілдерді,  ғылым  негіздерін, 
мәдениет,  өнерді    терең  меңгерген  парасатты  тұлға    әлеуетін  дамытуға 
бағытталған  элитарлық  білім  беру  іс-әрекеті  қызметін  ұйымдастыруда  «Білім 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы,  ҚР  ҚР  МЖМБС-2012,    Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499  қаулысымен 
бекітілген  Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік 
қағидалары,  сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  27  қарашадағы  №472  бұйрығымен  бекітілген 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгілік 
қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алады. 
Мамандандырылған 
мектептер 
(мамандандырылған 
мектеп, 
мамандандырылған 
лицей 
(мамандандырылған 
мектеп-лицей), 
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі 
– 
мамандандырылған 
мектептер) 
іс-әрекет 
қызметін 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңына,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ,  осы  Қағидаларға 
және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 
Мамандандырылған  мектептер  элитарлық  білімді  жалпы  орта  білім 
берудің  бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін  оқу бағдарламалары және  
олардың    негізінде  әзірленетін  мамандандырылған  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламалары арқылы және оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін 
инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыруы тиіс. 
Үлгілік  қағидаларға  бойынша    мамандандырылған  мектептер  білім  беру 
процесін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш 
деңгейі бойынша жүзеге асырады: 
1) бірінші деңгей - бастауыш білім беру
2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру; 
3) үшінші деңгей - жалпы орта білім беру. 
Мамандандырылған  мектептерде  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  оқу 
жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. 
Мамандандырылған  мектептердің  оқу  жұмыс  жоспарларын  білім  беру 
ұйымдарының  әкімдігі  бекітеді  және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым 
министрлігінің 
«Дарын»  республикалық 
ғылыми-практикалық 
орталығымен,  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдармен 
келіседі. 
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, 
жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  негізінде 
әзірленеді  және  білім  алушылардың  тілдерді,  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт 
негіздерін  терең  игеруіне,  олардың  шығармашылық  әлеуеттері  мен  дарын-
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Мамандандырылған  мектептер  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігі 
құрамына  кіретін  және  бағыт  ерекшелігін  сипаттайтын  оқу  пәндері  бойынша 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
194 
жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады. 
Дарынды  балалармен  жұмыс  бағдарламалары  бойынша  негізгі  көңіл 
аударылатын ерекшеліктер: 
1.
 
Бағдарламаны  бұдан  әрі  жетілдіруге  арналған  тұрақты  мониторинг 
жасау  және  олардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып  дарынды  балалармен 
кешенді,  жеке  жұмыс  жүйесін  әзірлеуді  қамтитын    жеке  тұлғаға  бағытталған 
бағдарламаны құру. 
2.
 
Жаратылыстану  және  гуманитарлық  ғылым,  математика,  физика 
саласында дарындылықты дамыту бағдарламаларын енгізу. 
3.
 
Бағдарламаның  маңызды  ерекшелігі  эмоциональды  интеллект 
қалыптастыру жүйесі бойынша болу керек. 
4.
 
Метакогнитивтік оқыту, сонымен қатар, мәселені шығармашылықпен 
шешу  және  стратегияларды  таңдауда  барынша  сын  тұрғысынан  ойлауды 
дамытуға   шоғырландыру. 
5.
 
Оқу  бағдарламалары  зерттеу  дағдыларын  дамытуға,  тәуелсіз  және 
өзіндік  оқытуға  бағытталған  когнитивтік  және    метакогнитивтік  дағдыларды 
дамытуға жағдай жасауы керек.  
Гимназияда,  лицейде  және  бейіндік  мектепте  оқу  жоспарларын,  сабақ 
кестелерін  жасау  кезінде  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика 
министрінің  2014  жылғы  29  желтоқсандағы  №179  бұйрығымен  бекітілген 
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитарлық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы 
мен оны ұстау бойынша санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау қажет. 
Біріктірілген  білім  беру  бағдарламалары  пәнаралық,  деңгейаралық, 
халықаралық  болып  бөлінеді.  Біріктірілген  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары 
тартылады. 
Саралап  және  жекелеп  оқыту  міндеттерін  шешу,  оқушылардың 
зерттеушілік  қызығушылығын  дамыту  үшін  әрбір  бейіндік  пән  бойынша  әр 
сыныпқа  аптасына  4  сағат  есебінен  қаражат,  оқушылардың  шығармашылық 
және  зерттеушілік  қызметін  дамыту  бойынша  жеке  сабақтан  тыс  жұмыстар 
үшін әр сыныпқа 0,25 жүктеме бөлінеді. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары 
білікті  мамандармен  шарттық  негізде  жекелеген  курстар  мен  дәрістерге  ақы 
төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды 
жеделдетіп  өткізуді  ұйымдастырған  жағдайда  әр  міндетті  пән  бойынша  0,25 
жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді. 
Таңдау  бойынша  факультативтік  сабақтар және  курстар  топтарда кемінде 
10 адам болғанда жүргізіледі. 
Мамандандырылған  мектептер  олардың  жарғысында  белгіленген 
нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады. 
Мамандандырылған  мектептер  ішкі  бейіндік  пәндер,  сондай-ақ,  білім 
алушылардың  сұрауы  және  кадр  әлеуеті  мүмкіндіктеріне  сәйкес  қолданбалы 
курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
195 
Мамандандырылған  мектептерде  сыныптарды  қосымша  бөлу  жүйесі, 
икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп бөлу жүйесі, кеңес беру және таңдау 
пәндері  бойынша  жұмыс  жасауды  жүзеге  асыру  толық  күн  тәртібінде  жұмыс 
істеуді талап етеді. 
Мамандандырылған  мектептердегі  сынып-комплектісінің  саны  әрбір 
деңгейде және сыныптарда білім алушылардың санына қарай  тиісті жағдайлар 
бар болғанда қалыптасады. 
Мемлекеттік  және  орыс  тілін,  ақпараттық-есептеу  техника,  ритмика, 
хореография,  музыка,  дене  шынықтыру,  технологияны  зерделеу,  сондай-ақ,  
зертханалық  жұмыстарды  жүргізу,  бейінді  пәндер  бойынша  практикалық 
жұмыстарды  жүргізу  барысында  сыныптар  2    топқа  бөлінеді;  шет  тілін  және 
шет тіліндегі  пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді. 
Оқушылардың  оқу-тәрбие  іс-әрекетін    тиімді  ұйымдастыру  үшін  10 
сынып-комплектісіне  1  жалақы  мөлшерінде    психологтің  психологиялық 
қызметі  құрылады,  егер  сынып-комплектісі  көбейсе  психологтің  жалақы 
мөлшерінің  саны  тиісті  жылға  қарастырылған  жалақы  қорына  байланысты 
көбейтіледі. 
Мамандандырылған  мектептер    өзінің  бейініне  сәйкес  жоғары  оқу 
орындарымен  және  басқа  да  ғылыми  мекемелермен  ынтымақтастықты  жүзеге 
асырады.  Вариативті  және  кәсіби  бағдарланған  арнайы  курс  оқу 
бағдарламалары жоғары оқу орнының тиісті кафедралармен келісіледі.  
Мамандандырылған  мектептер  ақылы  қосымша  білім  беру  қызметтерін 
көрсетеді.  Ақылы  білім  беру  қызметтерінің  орнына  және  бюджеттен 
қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады. 
Интернаттық 
мекемелері 
(мамандандырылған 
мектеп-интернат, 
мамандандырылған  мектеп-лицей-интернат,  мамандандырылған  мектеп-
гимназия-интернат, 
мамандандырылған 
музыкалық 
мектеп-интернат, 
мамандандырылған  спорттық  мектеп-интернат,  мамандандырылған  әскери 
мектеп-интернат,  қазақ-түрік  лицейі)  бар  мамандандырылған  білім  беру 
ұйымдары 
(бұдан 
әрі 
– 
мектеп-интернаттар) 
қызметін 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңына,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ,  осы  Қағидаларға 
және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 
Мектеп-интернаттар  дарынды  балалардың  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт, 
әскери  іс  негіздерін  терең  игеруіне  бағытталған,  элитарлық  білім  беруді 
қамтамасыз  ететін,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  жалпы 
білім  беретін  оқу  бағдарламалары  мен  олардың  негізінде  әзірленетін 
мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 
Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына 
сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады: 
1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру
2) екінші деңгей – негізгі білім беру; 
3) үшінші деңгей – жалпы орта білім беру. 
Мектеп-интернатта  білім  беру  үдерісін  оқу  жұмыс  жоспарлары  бойынша 
жүзеге асырылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
196 
Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының 
әкімдігі  бекітеді  және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық  орталығымен, 
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі. 
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, 
жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  негізінде 
әзірленеді  және  білім  алушылардың  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт  негіздерін 
терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін 
дамытуға бағытталған. 
Мектеп-интернаты  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігі  құрамына  кіретін 
және  бағыт  ерекшелігін  сипаттайтын  оқу  пәндері  бойынша  жұмыстың  оқу 
жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады. 
Біріктірілген  білім  беру  бағдарламалары  пәнаралық,  деңгейаралық, 
халықаралық  болып  бөлінеді.  Біріктірілген  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары 
тартылады. 
Саралап  және  жекелеп  оқыту  міндеттерін  шешу,  оқушылардың 
зерттеушілік  қызығушылығын  дамыту  үшін  әрбір  бейіндік  пән  бойынша  әр 
сыныпқа  аптасына  4  сағат  есебінен  қаражат,  оқушылырдың  шығармашылық 
және  зерттеушілік  қызметін  дамыту  бойынша  жеке  сабақтан  тыс  жұмыстар 
үшін әр сыныпқа 0,25 жүтеме бөлінеді. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары 
білікті  мамандармен  шарттық  негізде  жекелеген  курстар  мен  дәрістерге  ақы 
төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды 
жеделдетіп  өткізуді  ұйымдастырған  жағдайда  әр  міндетті  пән  бойынша  0,25 
жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді. 
Таңдау  бойынша  факультативтік  сабақтар және  курстар  топтарда кемінде 
10 адам болғанда жүргізіледі. 
Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар 
және оқу әдісін дербес белгілейді. 
Мектеп-интернаттар  ішкі  бейін  пәндері,  сондай-ақ  оқушылардың 
сұранысы  және  кадр  әлеуеті  мүмкіндіктеріне  сәйкес  қолданбалы  курстар  мен 
факультативтер саласындағы білімін анықтайды. 
Сыныптарды  қосымша  бөлу  жүйесі,  икемді  вариативті  сабақ  кестесі, 
деңгейлеп  оқыту  жүйесі,  кеңес  беру  және  таңдау  бойынша  пәндер  арқылы 
жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  бейінді  саралауды  жүзеге  асыру  мектеп-
интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді. 
Мектеп-интернаттардағы  сынып-комплектілер    саны  әрбір  деңгейде  және 
сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады. 
Мемлекеттік  және  орыс  тілін,  ақпараттық-есептеу  техника,  ритмика, 
хореография,  музыка,  дене  шынықтыру,  технологияны  зерделеу,  сондай-ақ 
зертханалық  жұмыстарды  жүргізу,  бейінді  пәндер  бойынша  практикалық 
жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет 
тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
197 
Оқушылардың  оқу-тәрбие  іс-әрекетін    тиімді  ұйымдастыру  үшін  10 
сынып-комплектісіне  1  жалақы  мөлшерінде    психологтің  психологиялық 
қызметі  құрылады,  егер  сынып-комплектісі  көбейсе  психологтің  жалақы 
мөлшерінің  саны  тиісті  жылға  қарастырылған  жалақы  қорына  байланысты 
көбейтіледі. 
Мектеп-интернат  өзінің  бейініне  сәйкес  жоғары  оқу  орындарымен  және 
басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 
Мектеп-интернат  ақылы  қосымша  білім  беру  қызметтерін  көрсетеді. 
Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын 
негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
198 
8 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ  
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Арнайы  мектеп,  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбие  жұмысы  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №499  Қаулысымен 
бекітілген  Арнайы  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  типтік  ережелерімен, 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  
4 шілдедегі №258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға 
арналған  арнайы  білім  беру  ұйымдары  түрлерінің  қызметінің  Типтік 
ережелерімен,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014 
жылғы  25  ақпандағы  №61  бұйрығымен  бекітілген  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушыларға  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  білім  берудің  үлгілік  оқу 
жоспарларымен, ал 1-сыныптарда ҚР БҒМ № 233 бұйрығымен реттеледі.  
Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму 
бұзылыстары түрлері бойынша сараланады: 

 
есту қабілеті бұзылған балалар үшін;  

 
көру қабілеті бұзылған балалар үшін; 

 
сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;  

 
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;  

 
психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты 
психикалық даму қарқыны бұзылған

 
зияты  бұзылған  балалар  үшін  (жеңіл  және  орташа  деңгейдегі  ақыл-ой 
кемістігі).  
Үлгілік  оқу  жоспары  оқу  жүктемесін  жалпы  білім  беретін  пәндер,  түзету 
курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында 
бөледі.  
Есту  қабілеті,  көру  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  сөйлеу 
тілінің  күрделі  бұзылыстары  бар  және  психикалық  дамуы  тежелген  білім 
алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы 
білім  беретін  пәндердің  тізімі  және  олардың  негізгі  мазмұны  ҚР  МЖМС 
1.4.002-2012  талаптарына  сәйкес.  Оқыту  білім  алушылардың  психофизикалық 
ерекшеліктері  мен танымдық  мүмкіндіктерін  ескере отырып бастауыш,  негізгі 
орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім 
беру  бағдарламаларын  да  және  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  да 
пайдалану арқылы іске асырылады.  
2014  жылы  бастауыш  білім  беру  деңгейінің  арнайы  білім  беру 
бағдарламалары  келесідей  бағыттарда  әзірленіп,  Академияның  сайтына 
орналастырылды (
www.nao.kz
): 
1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін; 
2)  есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін,  кейіннен  естімей  қалған) 
оқушылар үшін; 
3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін; 
4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін; 
5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
199 
6) жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін; 
7) орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін. 
Оқу  процесінде  арнайы  оқулықтар  мен  ОӘК,  сонымен  қатар,  жалпы 
бағыттағы  мектептерге  арналған  оқулықтар  мен  ОӘК  пайдаланылады.  0 
(дайындық)  және  10  сыныптар  есебінен  мектептегі  оқу  ұзақтығын  арттыру 
білім  алушылардың  даму  ауытқушылықтарымен  байланысты  оқу  процесінде 
бағдарламалық  материалды  игерудің  қиындығын  ескеру  қажеттілігімен, 
сондай-ақ,  оқу  процесінде  түзету-оңалту  іс-шараларына  арнайы  уақыт  бөлу 
қажеттілігімен байланысты.  
Зияты  зақымдалған  оқушыларға  арналған  Үлгілік  оқу  жоспарындағы 
бөлімдер  мен  оқу  пәндерінің  тізімі,  сонымен  қатар,  оқу  бағдарламалардың 
мазмұны  мен  оқулықтар  ҚР  МЖМС  1.4.002-2012  талаптарына  бағытталмаған. 
Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды 
оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады. 
Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала 
отырып,  оқулық,  оқу  құралдарын,  дидактикалық,  түзету-дамытушылық 
материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген 
оқулықтар  мен  ОӘК  болмаған  жағдайда  РФ  әзірленген  және  шығарылған 
оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  оқытатын  білім  беру  ұйымдары  білім 
мазмұнының  ерекшелігін  және  білім  алушылардың  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі 
мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.  
Үлгілік  оқу  жоспарының  негізінде  білім  беру  ұйымы  әрбір  сынып  үшін 
олардың  мүмкіндіктері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып  Оқу  жұмыс 
жоспарын  құрады.  Үлгілік  оқу  жоспарының  15-20%  сағаты  оқушылардың 
ерекше  оқытуды  қажет  етуіне  сәйкес  қайта  бөлуге  болады  (үлгілік  оқу 
жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).  
Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе 
оларды  алмастыратын  тұлғалармен)  бірге  зерделенетін  пәндер  тізімін 
анықтайды,  сыныптар  бойынша  олардың  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  үйде 
оқытудың  Үлгілік  оқу  жоспарында  бөлінген  сағат  шегіндегі  пәндер  бойынша 
сағаттарды бөледі. 
Арнайы  мектептегі  және  арнайы  сыныптардағы  оқу-тәрбиелік  процесс 
мектеп  штатындағы  мамандардың  (арнайы  психолог,  логопед,  арнайы 
педагогтар 
(тифлопедагог, 
сурдопедагог, 
олигофренопедагог, 
ЕДШ 
нұсқаушысы)  психологиялық-педагогикалық  қолдауымен  іске  асырылатын 
баланы зерделеудің психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне 
негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.  
Мамандардың  өзара  іс-әрекет  нысаны  мектептегі  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  консилиум  болып  табылады.  Психологиялық-
педагогикалық  көмек  көрсететін  мамандардың  жұмысы  мектеп  директорымен 
бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.  
Арнайы  мектептер  мен  арнайы  сыныптардың  оқушылары  түзету-
педагогикалық  көмекті  Үлгілік  оқу  жоспарының  бөлімдеріне  сәйкес  бөлінген 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет