Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет31/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
241 
-  қисынды  ойлауды,  ден  қоюды,  өз  бетінше  әрекет  етуді  және  т.б. 
дамытуға арналған шахматтық үйірмелер
Бұл  өз  кезегінде  қызмет  түрін  ауыстыруды  қамтамасыз  етіп  қоймай, 
сондай-ақ  стилін,  араласу  ортасын,  қоршаған  жағдайды  өзгертуді  қамтамасыз 
етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және 
дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады. 
Мұғалімдерге  арналған  ісшаралар:  кәсіби  байқаулар,  сынып 
жетекшілерінің  шығармашылық  есеп  берулері,  мұғалімдердің  әдістемелік 
бірлестіктерінң  презентациялары  мен  есептері,  тренингтер,  көркемдік  қолдан 
жасалған  бұйымдардың  байқаулары,  мектептің  психологиялық  қызметінің 
кеңестері,  мектеп  жобалары:  «Сенбілік  қарқын»,  «Қосымша  білім  күні»,  «Бос 
уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылы және дамыту 
күні» және т.б. 
Ата-аналарға  арналған  ісшаралар:  ата-аналардың  құқықтық  жаппай 
оқуы,  мектептің  психологиялық  қызметінің  кеңесі,  спорттық  жарыстар, 
психолог  және  пән  мұғалімдерімен  бірге  өткізілетін  бейіндік  іс-шаралар, 
дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу. 
Алтыншы  күнді  (сенбі)  ұйымдастыру  барысында  педагогтер  білім 
алушылармен  бос  уақытты  өткізу  және  дамыту  қызметтері  үшін  қаланың, 
ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады. 
Сынып 
жетекшілерінің 
әдістемелік 
бірлестіктерінің 
пән 
мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, 
мектептің  алтыншы  күнінің  жоспарын  әртоқсан  сайын  әзірлеп  отырғандары 
жөн.  Осы  күннің  барлық  іс-шаралары  педагог-ұйымдастырушы  немесе  сынып 
жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы 
қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау  мектеп әкімшілігіне, яғни директордың 
тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына  жүктеледі.  Алтыншы  күннің  (сенбі) 
қорытындысы  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының  қатысуымен 
өтетін жиналыстарда апта сайын  қарастырылуы қажет. 
Осылайша,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім 
беру  ресурстарын  қолдану  біртұтас  білім  беру  кеңістігі  аясында  білім 
алушылардың  әлемді  тұтас  қабылдауын  қалыптастыруға,  тұлғаның  жеке 
қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  дамытуға  жағдай  жасауға  мүмкіндік 
береді.

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
242 
14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ 
 
Мектеп  кітапханалары  Қазақстанның  кітапханалық  жүйесінде  ерекше 
орын  алады.  Өскелең  ұрпақтың  талаптарын  қанағаттандыру,  рухани  байлығы 
мен  жалпы  қабілетін  дамыту  тұрғысында  мектеп  кітапханасының  қосар  үлесі 
бар.  Мектеп  кітапханасының  қызмет  аясын  кеңейту,  қорын  пайдалану,  соның 
ішінде  мектеп  кітапханасы  –  оқушыға  әдебиет  таңдау,  оқырмандық 
қызығушылығын  кеңейту,  мұғалімге  кәсіби өсуге  көмектесуші,  оқуға,  дүниені 
тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі 
түрлерімен  қатар  инновациялық  формалары  де  енгізілуде.  Мектеп 
кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана 
болатын.  Білім  беру  жүйесіне  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 
енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға 
негізделген,  қазіргі  қоғам  өміріне  ойдағыдай  қатысу  үшін  ең  маңызды  болып 
табылатын,  ақпараттарды  алу  және  идеялармен  танысуға  мүмкіндік  береді. 
Оқытуға  байланысты  қызмет  көрсетіп,  кітаптар  мен  материалдар,  мектеп 
қоғамдастығының  барлық  мүшелеріне  сыни  тұрғыдан  ойлауға,  дағдылануға 
мүмкіндік  береді  және  барлық  тасымалдағыштар  мен  әртүрлі  форматтағы 
ақпараттарды  қолдануға  тиімді  болып  табылады.  Әр  кітапхана  өзінің  даму 
стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да 
рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа 
технологиялар 
саласындағы 
маман, 
оқу 
процесін 
ұйымдастыруда 
мұғалімдермен  бірлесіп  жүйелі  тәсіл  әзірлеуші.  Мектеп  кітапханасы  тек  қана 
оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және 
мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға 
мүмкіндігі  бар.  Балалармен  жұмыс  жасаудың  басты  бағыты  –  білім 
алушылардың  тұлғалық  әлеуметтенуі  мен  дамуы,  рухани-адамгершілік 
мәдениеті,  ақпараттық  ресурстардың  барлық  түрлері  мен  деңгейлерін 
пайдалануға  үйрету,  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру,  кітапхананы 
пайдалануға дағдыландыру. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  мектеп  кітапханасы 
жұмысының  мақсаты  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәсілдерді,  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  қарқынды  енгізу  көрініс  табады.  Осы  негізде 
мектеп кітапханасы:  
– пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар 
мен  педагогтерге  қолда  бар  барлық  оқу-әдістемелік  және  қосымша 
қолданыстағы  немесе  медиа  ресурстармен  тегін  және  еркін  қолдану  құқығын 
қамтамасыз етеді;  
–  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізу  негізінде  кітапхана  ұсынған 
қызметтер  номенклатурасын  жетілдіру,  оқушылар  мен  педагогтар  үшін 
қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;  
– экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге 
тәрбиелеу;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
243 
–  қолданушының  шығармашылық  әлеуетін  дамыту,  оқушылар  мен 
мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;  
– білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас 
ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.  
Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:  
1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген 
білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту. 
2.  Анықтамалық-библиографиялық,  кітапханалық  қызмет  көрсету  арқылы 
білім алушылар мен педагогтерге  өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін 
қамтамасыз  ету.  Білім  беру  жобаларында  білім  алушылар  мен  оқушыларға 
көмек көрсету. 
3.  Оқырмандарға  тәуелсіз  кітапханалық  пайдаланушы  дағдысын 
қалыптастыру:  кітапты  және  басқа  да  ақпараттық  тасымалдағыштарды 
пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.  
4.  Жаңа  кітапханалық  технологияны  игеру  және  дәстүрлі  технологияны 
жетілдіру.  Құжаттарға  неғұрлым  толық  және  тез  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
жасау.  Ақпараттарды  алуда  білім  алушылар,  ата-аналар,  педагогтарға 
әдістемелік консультациялық көмек беру.  
5.  Оқушыларға  шығармашылық  ойлау,  кітапхананы пайдалана  білу,  кітап 
оқу  мәдениеті,  кітапқұмарлық,  ақпараттық  мәдинетін  дамытуға  тәрбиелеу. 
Балаларға  оқуға  әдеттенуін  қолдау  және  дамыту,  оқу  және  одан  қанағаттану. 
Өздігінен оқуына ықпал ету. 
6.  Барлық  білім  алушыларға  коммуникацияның  әртүрлі  түрлерін  қоса, 
тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану 
мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру. 
7.  Ақпаратты  өңдеу  мен  жинақтау,  жинау  және  оны  пайдаланушыға 
жеткізу.  Кітапханада  бар  ақпараттық  деректер  базасында  кітапханалық  іс-
шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу. 
8. 
Оқу-тәрбие 
процесін 
қамтамасыз 
ету 
мақсатында 
мектеп 
кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;. 
9.  Қарым-қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу,  пайдаланушылар  арасында 
мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.  
10.  Қазақстан  Республикасында  тұрып  жатқан  басқа  халықтардың  тілінде 
және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау. 
11. Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру. 
12.  Әлеуметтілік  және  мәдени  қабілеттілік  пен  білгірлігін  жетілдіруге 
мүмкіндік  беру,  іс-шараларды  ұйымдастыру.  Мектеп  іс-шараларын  өткізуде 
АКТ пайдалану болып табылады.  
Бүгінгі  таңдағы  мектеп  кітапханашысының  қызметі  мен  болашақтағы 
мектеп  кітапханасы  рөлінің  тәжірибесі  мен  педагогика  ғылымындағы  үш 
көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.  
Бірінші  тәсіл  –  мектеп  кітапханасы  базасында  жаңа  медиатека-
бөлімшесін  жасау  қажеттілігін  негіздеу  немесе  мектептің  кітапханалық 
медиаорталығына,  кітапханашыға  қосымша  функция  медиамаман  міндетін 
атқару.  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
244 
Екінші тәсіл – кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал 
кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.  
Үшінші  тәсіл  –  білім  беру  мекемелерінің  өзіндік  міндеттерімен 
педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.  
Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері  – басқа әлеуметтік жүйелер 
аясында  оны  әлеуметтік  жүйе  ретінде  жұмыс  істету.  Жаңартылған  білім 
мазмұны  контексінде  білім  беру  ұйымдарын  олардың  алдына  мынадай 
міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. 
Кітапхана 
оқу-тәрбие 
процесінде 
көмек 
беретін, 
шығармашылық, 
интеллектуалдық  әлеуетін  тиімді  жандандыруға  қабілетті  және  осы  жерден 
барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының 
элементі болып табылады.  
Қазіргі  заманғы  кітапхана  пайдаланушыларына  барлық  оқу  және  оқу-
әдістемелік  әдебиеттер,  оқу  бағдарламалары,  әртүрлі  баспа  шығармалары, 
аудио,  бейне  материалдары,  электрондық  тасымалдағышта  ақпараттар  (сонын 
ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың 
барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.  
Мектеп  кітапханасын  жаңғырту  мектеп  кітапханасы  функциясын 
күрделендіру  мен  кеңейту,  кітапханалық-ақпараттық  қызметтерін  өзгертумен 
бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының 
кітап  оқуына  жетекшілігін  қамтамасыз  етпейді,  енді  ол  жаңартылған  білім 
мазмұнының  ресурстық  базасы,  мұғалімдердің  ақпараттық  орталығы  болып 
табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық 
ресурстар арасында делдал болады. 
Кітапханашы  мен  мұғалімнің  бірлестігі  білім  алушылардың  сауаттылық 
деңгейін 
көтеруге 
мүмкіндік 
беріп, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларын  пайдалана  білуге  дағдылану,  есте  сақтау,  оқу  дағдыларын, 
дамытуға  көмектеседі.  Оқу  бағдарламаларына  ақпараттық  қолдау  білім  беру 
мекемелерінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  мектеп  кітапханасы  үшін  басымдық 
болып  табылады.  Кітапханаға  ақпараттық-библиографиялық,  кітапханалық 
қызмет  көрсету  жолымен  мектептің  оқу-тәрбие  процесін  қамтамасыз  ету 
міндеттері 
қойылған. 
Сонын 
ішінде 
кітапхананың 
анықтамалық-
библиографиялық  аппаратын  тиімді  жүргізе  отырып,  кітапхана  қорын  сапалы 
жинақтау  негізінде  білім  беру  процесінің  вариативті  әртүрлі  мазмұнын 
қамтамасыз ету т.б.  
Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға 
көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың 
мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында 
орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары 
ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
245 
 
1-қосымша 
 
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша 
пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі 
 
 
№ 
Облыстардың, 
Астана және 
Алматы 
қалаларының 
атауы 
Білім беру ұйымының атауы 
Білім беру 
ұйымының 
түрі 
Оқыту тілі 
1. 
 
Ақтөбе  облысы, 
Ақтөбе қаласы 
«Арман» мектепке дейінгі ұйым 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№39 балабақша 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№32 мектеп-гимназия 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
Ақтөбе  көлік,  телекоммуникация 
және жаңа технологиялар  колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
Ақтөбе гуманитарлық колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
2. 
 
Қарағанды 
облысы,  
Қарағанды 
қаласы 
«Мерей» балабақшасы 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
«Бәйтерек» балабақшасы 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№53  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№92 гимназия 
қалалық 
қазақша, 
Қарағанды  гуманитарлық колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
3. 
 
Астана қаласы 
 №29    балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
қалалық 
қазақша 
 №9    балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
қалалық 
орысша 
 №59 мектеп-лицей  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
 № 22 мектеп-гимназия  
қалалық 
орысша 
 Гуманитарлық колледж 
қалалық 
қазақша, 
орысша 
4. 
 
Алматы қаласы 
№27     балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
қалалық 
орысша 
№156   балабақша                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  
қалалық 
қазақша 
№35 гимназия 
қалалық 
орысша 
№131 мектеп-лицей  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
№172  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп 
қалалық 
қазақша 
№55  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп  
қалалық 
орысша 
№1 
Алматы 
қазақ-мемлекеттік 
гуманитарлық-педагогикалық 
колледжі 
қалалық 
қазақша 

 
246 
№2 
Алматы 
қазақ-мемлекеттік 
гуманитарлық-педагогикалық 
колледжі  
қалалық 
қазақша, 
орысша 
5. 
Алматы  облысы, 
Есік қаласы 
Есік 
гуманитарлық-экономикалық 
колледжі 
қалалық 
қазақша, 
орысша 

 
247 
2-қосымша 
 
Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже 
  
1.   Жалпы ережелер 
1.1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты. 
1.2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі. 
1.3.  Күнделіктің  негізгі  міндеті  –  ата-аналарды  және  оқушыларды  келесі 
мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады: 
- мектеп әкімшілігінің құрамы; 
- сыныпта сабақ беретін педагогтер
- аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі; 
- үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі; 
- үйге берілген тапсырмалар; 
- оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі; 
- босатылған сабақтар және кешігулер; 
- ескертулер мен марапаттар. 
 2. Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі 
 2.1.  Күнделік  көк  түсті  сиямен  анық,  ұқыпты,  уақытылы,  сауатты 
толтырылуы тиіс. 
2.2. Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі, 
І тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және 
консультациялар)  алғашқы  екі  апта  ішінде,  яғни  15  қыркүйекке  дейін 
толтырылуы тиіс. 
2.3. Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, 
мектеп  каникулдары  кезінде  –  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  шаралар 
жоспарын жазады. 
2.4. Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді. 
2.5.  Оқушылар  алған  бағасын  естігеннен  кейін  күнделікті  пән  мұғаліміне 
береді.  
2.6.  Оқушылар  әкімшіліктің,  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшісінің  талабы 
бойынша күнделікті ұсынады. 
 3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру 
 3.1.  Пән  мұғаліміоқушының  жауабын  бағалағаннан  кейін  бағаны  сынып 
журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды. 
3.2.  Пән  мұғалімі  оқушының  күнделігіне  оның  оқу  әрекеті  бойынша 
ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы 
тиіс. 
 4. Сынып 
жетекшісінің 
күнделікпен 
жүргізетін 
жұмысын 
ұйымдастыру 
4.1. Сынып  жетекшісі  осы  Ережеде  берілген  күнделік  жүргізуге  қойылған 
талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.  
4.2.  Оқушының  апта  ішінде  алған  бағаларының  күнделікке  қойылуын 
қадағалайды;  қажет  болған  жағдайда  қойылмаған  бағаларды  қойып,  өзінің 
қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.  

 
248 
4.3. Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді.  
4.4.  Сынып  жетекшісі  ата-аналар  тарапынан  оқушы  күнделігіне  бақылау 
жасауын қатаң қадағалайды. 
4.5.  Тоқсан  аяқталғаннан  кейін  сынып  жетекшісі  күнделіктің  жинақ 
ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.   
4.6.  Каникулдан  кейінгі  бірінші  аптада  сынып  жетекшісі  тоқсандық 
бағалардың  төменгі  жағында  ата-аналардың  танысқанын  растайтын  қойған 
қолдарын тексереді. 
4.7.  Сынып  жетекшісі  күнделікте  оқушының  сынып  және  мектеп  өміріне 
қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет