Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы



бет1/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Республикасы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназия

Жалпы орта білім беретін мектептің

қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы

филология бейіні бойынша

«Бауыржантану» қолданбалы курсынан

10 – сыныпқа арналған

Б А Ғ Д А Р Л А М А


Автор: Жолдасова Г.

Көксу ауылы
2014-2015 оқу жылы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Республикасы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектеп


БАҒДАРЛАМА

Филология бағдарының

«Бауыржантану»

қолданбалы курсы

Көксу ауылы
2014-2015 оқу жылы
Түсінік хат

Бауыржан Момышұлының өмірі мен жауынгерлік тұлғасы жайында мектеп бағдарламасында көп қамтылмаған, тек қана 6-сыныптың әдебиет оқулығында «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінен үзінді берілген. Тек әдебиетші мұғалімдердің шеберлігі нәтижесінде өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылар біраз мағлұматтар алуы мүмкін.

Бауыржантану деп аталатын арнаулы курс оқушыларға жан-жақты әрі терең мағлұмат беріп, Бауыржандай ұлы тұлғаны танытуға мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриот-тық рухтың аяқ асты қалуы біздерді жаңаша бағдар алуымызға бағыттап отыр.

Бауыржан Момышұлы – көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға. Ол қазақ әдебиетіне әскери тақырыптың негізін қалаған алғашқы қаламгерлердің бірі. Қару мен қаламды қатар ұстаған Бауыржан Момышұлы қазақтың бұрынғының әрі шешен, әрі батыр боп келетін көп батырларының заңды жалғасы іспетті. Алайда, қазақта өткен батырлар даңқы алты алашқа ғана танымал болса, Бауыржан Момышұлының даңқы төрткүл дүниеге тарады. Оның соғыстағы тәжірибелерін әлі күнге дейін әлем елдері мойындап, әскери оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылады.Олар әсіресе соғыс жүріп жатқан елдерде үлкен қызығушылыққа ие болды.

Соғыста әскери таланты мен тапқырлығы, көзсіз батырлығы мен Мәскеу түбіндегі шайқастарда көзге түскен ерекше дарын иесі өз қарулас-тарының қатарында үлкен беделге ие болды. Қоршауда қалып өліммен бетпе-бет келген сәттерінің барлығында да негізгі жауынгерлік құрамымен қоршау-дан аман-сау шығып, өз дивизиясына қосылып отырған. Бұл оның терең ойлап, батыл шешім қабылдай алатын талантты әскери маман екендігінің айғағы.

Бұл курс – Б.Момышұлының батырлығынан басқа да қырларымен таныстыру арқылы оқушыларға шыншылдық, Отанды, өз елін, жалпы адамзатты сүю қасиеттерін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелей білу міндетін алға қояды.



Курстың мақсаты:

1.Б.Момышұлының өнегелі ерлік істері арқылы келер ұрпаққа патриоттық

тәрбие беру.

2.Қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысы түгілі, КСРО кезеңі деген қандай

кезең екендігін білмейтін, көз алдына келтіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатыр.Ондай ұрпаққа, әрине, патриоттық сүйіспеншілігі сезімін қалыптастыру өте қиын. Сондықтан да мектепте Бауыржан Момышұлы шығармаларын оқыту өте қажет.

3.Біз қазір әдебиет оқулықтарының бағдарламасында соғыс, Отанды

қорғау, сүю тақырыбында «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» т.б.

жырлардан басқа Махамбет өлеңдерін, М.Шахановтың «Отырар» дастанын оқытудамыз. Бірақ ондағы кейіпкерлердің өмір сүрген дәуірлері бірнеше ғасырлардан асып, кететіндіктен, ол кездегі түсініктер, сөздер, образдар оқушыларға басқаша бір ертегі немесе аңыз кейіпкерлеріндей ғана әсер етіп, қазіргі заман бейнесімен оншалықты астаса бермейді.Ал Бауыржан Момышұлы қатысқан Ұлы Отан соғысының өткеніне 70 жылдай уақыт болыпты. Демек, соғыс бейнесін қазіргі заманымызбен салыстыруға келеді.Яғни біздің әкелеріміздің әкесі немесе атасы өмір сүрген кезең. Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай қарсылас екі жақ та «басынан бақайшағына дейін қаруланып», техниканың сол кездегі жаңа түрлерін қолданып, жан алысып, жан беріскен сәтте көрсеткен ерлігін біз қазіргі ұрпаққа өнеге етіп көрсете аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет