Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар қаласының №12 жалпы орта білім беру мектебі,



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі191,58 Kb.
#5994

ҚАЗАҚСТАН

 РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ

 

Павлодар қаласының №12 жалпы орта білім беру мектебі, «Жас дарын» 

мамандандырылған мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ

 тілі пәнінен  

Құрмалас

 сөйлем 

Тақырыбына оқу материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторлары: Сырттанова Айнаш Тоқтарханқызы                                   

Бабажанова Оразгүл Дауылбайқызы

 

 

 

ҚҰРМАЛАС

 СӨЙЛЕМ 

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, 

күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас 

сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды 

екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай 

үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б) аралас. Құрмалас сөйлемнің 

белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) 

құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда 

бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас 

құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай 

сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар 

арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер 

мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды 

білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда 

интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, 

ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты 

интонацияда келеді. 

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

 

Салалас құрмалас сөйлем

 - құрамындағы жай сөйлемдердің 

баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде 

байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір 

– бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты 

келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.  

Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі 

түрлі жолмен байланысады.  

1. Интонация арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелесе 

байланысады.  

2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара 

жалғаулықты  щылаулар арқылы байланысады.  

Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.  

Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал 

тәрізді жалғаулық шылаулар.  

Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз 

тәрізді жалғаулық шылаулар;  

Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде 

тәрізді жалғаулық шылаулар.  

Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.  



 

 САЛАЛАСТЫҢ ТҮРЛЕРІ 

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара 

белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-

қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге 

бөлінеді :  

1. Ыңғайлас салалас.  

2. Қарсылықты салалас.  

3. Себеп – салдар салалас.  

4. Ілектес салалас.  

5. Талғаулы салалас.  

6. Кезектес салалас.

 

1.Ыңғайлас салалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін 



ой өзара мезгілдес, бағыттас , ыңғайлас мәнде, қарым – қатынаста айтылған 

салаластың түрі.  

Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен 

жалғайлық , жалғаулықсыз да байланыса береді.  

Мысалы: Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын 

бағылады. Және, да, де, әрі – жалғаулықтар. 

2. Қарсылықты салалас құрмаластың құрамындағы жай 

сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін 

салаластың түрі.  

Қарсылықты салалас құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер 

жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді.  

Мысалы: Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. Әрі 

түртінектеді, бері түртініктеді, түк таппады. Жалғаулықсыз қарсылықты 

салалс құрмалстағы жай сөйлемдердің араына үтір және сызықша қойылады.  

Жалғаулықтар: бірақ , сонда да, дегенмен , алайда , әйтсе де , сөйткенмен 

3.Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай 

сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін 

салаластың түрі.  

Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – 

бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) 

арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.  

Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол 

қазақ, орыс тідін жақсы біледі.  

4. Талғаулы саластың құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана 

іс- әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін 


саластың түрі.  

Талғаулы саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, 

немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде шылаулары 

арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки , әлде шылаулары 

бір – ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсалады.  

Кейде талғаулы салас үш жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы 

екеуі – ма, - ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы жай сөйлем 

алғашқыларында болжам, тұспал жасалған ойдың , іс әрекеттің 

қорытындысын, түсінік білдіреді.  

Мысалы: Сіз менің жалақымды беренің , әйтпесе біз қамтамасыз 

5.Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің 

алдыңғысы жалпы мәнді білдіріп, соңғысы оны аша түсетін, түсінік 

беретіндей қарым – қатынасты білдіретін саластың түрі.  

Мұндағы жай сөйлемдер іргелес орналасып, интонация арқылы 

байланысады. Мағыналық қарым – қатынасты білдіретін сонша, сондай, 

соншалық, сол, мынау, мынадай сияқты сілтеу есіңмдіктері көбіне бірінші 

жай сөйлемнің баяндаушы қызметін атқарады.  

Мысалы: Ашуланғаны сонша - өңінде ызаның ұшқындары шаршып тұрды. 

6. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін 

ойдың кезектесіп келуін көрсетеді.  

Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер әдетте бір – бірімен кейде, 

бірде, біресе деген кезектес мәнді шылаулардың қайталанып қолданылуы 

арқылы құрмаласады. Аққу біресе төмен, біресе жоғары ұшады. 

Көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем

 

Көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем - құрамында екі немесе 

одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас сөйлем.  

Бұл екіге бөлінеді.  

а) Бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей 

байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас дейміз.  

Мысалы: Уайым ойламаса да, қаланың ыстық шағында тұншығып 

булыққандай боп жатқандықтан, Абай тамақ іше алмады.  

ә) Бағыныңқы сөйлемдер басыңқыментікелей байланыспай, өзара бір-біріне 

бағынып барып құрмаласқан сабақтасты сатылы көп бағыныңқылы сабақтас 

дейміз.  

Мысалы: Екі – үш жыл кісіге жалданып, інісі ер жеткен соң, жалдануды 

тастап үйінде отырды. 


САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

 

 Құрамындағы 

жай 

с

өйлемнің 



біреуінің 

көбіне 


алғашқысының 

баяндауышы  тиянақсыз  тұлғада  келіп,  екіншісіне  ба

ғына  байланысқан 

құрмаластың 

түрін 

саба


қтас 

құрмалас 

дейміз.

 

Сабақтас  құрмаластың  құрамындағы  бірінші  сөйлем  баяндауышы  тиянақсыз 



тұлғада  келетіндіктен,  ол өз  бетімен  жеке  тұрып  сөйлем  бола  алмай,  келесі 

жай сөйлемге бағына байланысады. 

Мысалы, Айнаштың  жіңішке  саусақтары  жығылып  жатқан  күріштің 

сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ 

сол  қолдың  уысындағы  сабактарды  қырқып  та  үлгірді.  (С.  М.)  деген 

құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — 

саусақтары  (несі?)  да,  баяндауышы —  жинап  үлгіргенше  (саусақтары  не 

істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — 

қырқып  та  үлгірді  (орақ  не  істеді?).  Бұл  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  жай 

сөйлемін  өз  алдына  бөлек  айтуға  келмейді,  өйткені  оның  баяндауышы 

тиянақсыз  тұлғада  айтылған:  Айнаштың  жіңішке  саусақтары  жығылып 

жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше… Құрмаластың 

құрамындағы 

мұндай 


жай 

с

өйлемді 



бағыныңқы 

сөйлем 


дейміз. 

Ал 


құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен 

дербес  айтыла  алады:  оң  қолына  ұстаған  өткір  орақ  сол  қолдың  уысындағы 

сабақтарды  қырқып  та  үлгірді.  Құрмаластың  құрамындағы  мұндай  жай 

сөйлемдерді  басыңқы  сөйлем  дейміз.  Сөйтіп,  сабақтас  құрмалас  сөйлем 

бағыныңқы (шартты белгісі /—–/) және басыңқы) (шартты белгісі І—–І ) жай 

сөйлемдерден құралады. 

Сабақтас  құрмаластың  жасалу  жолдары  бағыныңқы  жай  сөйлемнің 

баяндауыш 

тұлғаларына 

қарай 


белгіленеді. 

Бағыныңқы 

сөйлемнің 

баяндауыштары  етістіктің  көсемше,  шартты  рай  т

ұлғалары  мен  есімше 

тұлғаларына  кейбір  жалғау,  жұрнақ  үстеліп,  немесе  септеулік  шылаулар 

тіркескен түрінен болады.  

 

 



САБАҚТАСТЫҢ

 ТҮРЛЕРІ. 

 

1.    Шартты  бағыныңқылы  сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқыда 

айтылғанның  шартын  көрсетеді,  мұндай  сөйлемдер  шартты  райлы  етістіктің 

дәнекер болып келуін керек қылады. Мысалы: Сәулең болса кеудеңде, Мына 

сөзге көңіл сал. 

-       Шартты бағыныңқының баяндауышы көсемшенің болымсыз түріне, 

есімшенің  жатыс  септіктегі  түрінде  айтылады.  Мысалы:  Алты  м

алта  ас 

болмай, Тебінгі терге шірімей, Ерлердің ісі бітер ме? 

-        Кейде  өткен  шақта  есімшеге  соң,  кейін  шылауы  тіркесіп  келіп, 

шарт мәнін айқын береді. Мысалы: Омар айтқан соң, іс орындалады. 

-        Шартты  райлы  етістіктің  артынан  -да,  -де  шылауы  қосылса 

шарттық  мағынасын  жояды.  Мысалы:  Д

әркембай  екі  мықты  мырзаның 


сығымында  отырса  да, Құнанбайдың  сыртынан  соңғы  сөзін  қатты  айтып 

салды. [1; 202б ] 



2.    Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас – кейде бағыныңқы сөйлем 

басыңқының мағынасына, ісіне, қимылына қарсы қойылып айтылады. 

Қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас  көбінесе  шартты  райлы  етістікке -

да,  -де  шылауының  жалғас  келуі  арқылы,  есімшеге  көмектес  жалғауының 

жалғануы  арқылы,  -мақ  тұлғалы  етістік  есімге  түгіл  шылауы  қосылуы 

арқылы т.б. жолдар арқылы жасалады. Мысалы: Барып сырттан құлақ салсақ 

та, ешбір дыбыс естілмейді. 

3.   Себеп-салдар  бағыныңқылы  сабақтас  –  мұнда  бағыныңқы  сөйлем 

басыңқыда  айтылатын  ойдың,  істің,  оқиғаның,  болмыстың  себеп-

салдарын көрсетеді. 

Жасалуы:

 

-   Есімшеге -дықтан деген  күрделі қосымша  жалғану  арқылы  есімшеге 



үшін шылауы қосалқылану арқылы, есімшеге соң, кейін деген шылаулардың 

бірі  қосылуы  арқылы,  көсемше  арқылы.  Мысалы:  Осы  кісіні

ң  жәрдемі 

болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық. 



4.  Мезгіл 

бағыныңқылы 

сабақтас

  –  басыңқыдағы  қимыл 

мен 

бағыныңқыдағы  қимылдың  болуы  бір  мезгілге  байланысты болып  келген 



құрмалас сөйлем. 

Жасалуы:

 

1.



 

Жатыс  септіктегі  есімшенің  бағыныңқыға  баяндауыш  болып 

келуі  арқылы.  Мысалы:  Аттылар  жал

-жалт  қарасқанда,  жақын  жерде 

дөңгелене отырған көп адамның жиыны көрінді. 

2.

 



Соңынан соң шылауы келген есімшенің бағыныңқыда баяндауыш 

болып келуі арқылы. Мысалы: Күн көтерілген соң, ол қалаға жетті. 

3.

 

Бағыныңқының баяндауышы  шығыс  септіктіктегі  есімше  болады 



да,  соңынан  бері  шылауы  тіркеседі.  Мысалы:  Жаз шыққаннан  бері,  біздің 

отряд өсімдік өмірін бақылауға кірісті. 

4.

 

Бағыныңқының  баяндауышы  шығыс  септіктегі  есімшеге  я  тұйық 



райлы  етістікке  бұрын  шылауы  тіркесу  арқылы.  Мысалы:  Күн  шықпастан, 

біреу тау жақтан желдіріп келеді. 

5.

 

Есімшеге  сайын  шылауы  қосылу  арқылы  жасалады.  Мысалы: 



Жонылған темір шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның да көзі жалт-

жұлт етеді. [1; 203, 204б ]                      

  5. Қимыл-сын 

бағыныңқылы 

сабақтас 

–  бұл 


сабақтастардың 

бағыныңқыларында  көсемшенің  -п,  -а,  -е,  -й –ға біткен  баяндауыштары 

және ашық райлы жіктік жалғауы етістіктен соң да, де, те шылауы келуі 

арқылы 


жасалады.Қимыл-сын 

бағыныңқы  сөйлемдер 

басыңқының 

етістіктен  болған  баяндауышын  пысықтайды.  Мысалы:  Жігіт ұшып 

тұрып, келген кісіге есік ашты.  

Басыңқы 


сөйлемдегі 

іс 


есімшеден 

баяндауы


шы 

бар 


ба

ғыныңқы 


сөйлемдегі  іспен  салыстырылса,  с

оңғысының  баяндауышына  -дай,  -дей 

жұрнағы  қосылады,  мұндай  да  бағыныңқы  болады.  Мысалы:  Көзге  қамшы 

тигендей, Шыр айналды артқы жас. (Абай). 



6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы 

ойдың, істің мақсатын білдіріп келген құрмалас сөйлем. 

Мұндай  бағыныңқылар  не  мақсатпен?  неге?  не үшін?  не  етпек  болып? 

деген 


сұраудың 

біріне 


жауап 

береді. 


Ма

қсат 


бағыныңқылардың 

баяндауыштары  мына  тұлғаларда  келеді.  Мұндай  сөйлемдерде  есімшенің 

тұйық етістіктің артынан үшін шылауы жалғанады, кейде тұйық етістіктерге 

барыс  жалғауы  да  жалғанады.  Мысалы:  Арыстан  өзінің  сөзінен  шығу  үшін, 

үш  күнде  бір  кітап  оқып  шығады.  Ысқақ  жылқы  суаруға  құдық  басына 

барды. 


 

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

 

Аралас құрмалас сөйлем

 — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай 

сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — 

аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, 

үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл 

— тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас 

құрмалас

 сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып 

келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы 

тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында 

жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың 

бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы 

сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. 

мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, 

дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу 

ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз 

ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-

тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық 

топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай 

қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы 

түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен 

өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың 

белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен 

алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы 

мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес 

келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін 

көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, 

түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар 

аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар 

екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем 

болып қосақталған түрде белгіленеді.  

 

 



 

 

 



Шартты 

бағыныңқы

  

Қарсылықты

 

бағыныңқы

 

Себеп 

бағыныңқы

 

Мезгіл 

бағыныңқы

 

Қимыл

-сын 

бағыныңқы

 

Мақсат

 

баңыныңқы

 

1. -са(-се) 

-маса 

(-месе)

6

 

2. –май 


(-мей)

6

 



3. –майынша 

(-мейінше)



4.-ғанда  

(-генде)

4

 

1.



-са(-се) 

+ да,де

 

-маса(-месе)



+да,де

 

2.-ғанмен 

(-генмен)

4

 



3.-а,-е,-й  

+ тұра 


4.-ғанына 

(-геніне)

 + қарамай, 



қарамастан 

5.-ғаны 


(-гені)

4



болмаса 

6.-ғанша 

(-генше)

4

 

1.-ғандықтан 



(-гендіктен)



2.-ғаны 



(-гені)

4

+үшін 

3.-й, 


-май(-мей)

4.-ып,-іп,-п 



5.ашық рай

 

 +деп 

6.-ған 

(-ген)



+ соң

 

 



1.-ғанда  

(-генде)

2.-ғанға 

 (-генге)

4

 



+дейін, 

шейін 


3.-ғаннан 

(-геннен)

4  

+ кейін,соң

 

4.-ған(-ген) + 



сайын 

5.-ған(-ген) 

+кезде,сәтте, 

уақытта 


6.-ғанша 

(-генше)

7.-ма(-ме)

6

 

+с +бұрын 



8.-ысымен, 

-ісімен, 

-сымен, 

-сімен 


9.-арда,-ерде 

-рда 


10.-ғалы 

(-гелі)


4       

 

11.-ғаннан 



(-геннен)

 + бері 



12.-са,-се

 

1.-а,-е,-й 

-ып,-іп,-п 

2.-мастан 

(-местен)

3.-ған(-ген)



+ күйі, 


 күйінде, 

бойы, 


бойында, 

қалпы, 


қалпында, 

бетте 


4.-ғандай 

(-гендей)

4

 

+ болып

 

 



 

1.-мақ(-мек)

6

 

+ -шы,-ші 

+болып

 

2.тұйық 

етістік + 

үшін

 

3.шартты,

 

бұйрық,

 

қалау

 

райлар+деп, 

екен деп

 

4.қалау рай (-

қы,кі) 

+ тәуелдік 



жалғау  

+ келіп 


 

Сабақтас

 құрмалас сөйлем модулі 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет