Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Қ,  к,  п  дыбыстарының  біріне  біткен  сөздерге  жалғанатын  қосымшаның  бас  дыбысы  дауысты

болса, бұл үшеуі ұяңдап кетеді: тарақ + ы – тарағы. Мұндай үрдіс барлық сөздерге қатысты емес.

Мыс.: қазақы, көркі, типі т.б.

Түбірдің  соңғы  н  дыбысы  б,  п  дыбыстарының  алдынан  келсе,  н  дыбысы  айтылуда  өзгеріп,  м

дыбысына айналады, жазуда бұл ескерілмейді: сенбе (айтылуда сембе), Жанпейіс (Жампейіс).

Түбірдің  соңғы  дыбысы  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарының  алдынан  келсе,  айтылуда  н  дыбысы  өзгеріп,  ң

дыбысына айналады, бірақ жазуда ескермейміз: сəнқой (сəңқой), Дүйсенғали (Дүйсеңғали).

Түбірдің  соңғы  с,  з  дыбыстарының  бірі  ш  дыбысының  алдынан  келсе,  ол  екеуі  айтылуда  ш

дыбысына айналады: Оразша (Орашша), сөзшең (сөшшең).

Түбірдің соңғы з дыбысы с дыбысының алдынан келсе, з дыбысы өзгеріп, с дыбысына айналады:



көз сал (көссал), жазса (жасса).

Алғашқы  сөздің  соңғы  дыбысы  з  болып,  одан  кейінгі  сөз  ж  дыбысынан  басталса,  з  дыбысы

өзгеріп, ж дыбысына айналады: Бозжігіт (Божжігіт).

Алғашқы сөздің соңғы дыбысы да, одан кейінгі сөздің бас дыбысы да дауысты болса, айтуда бұл

қатар келген екі дауыстының алдыңғысы түсіп қалады. Жазуда сөздің түбірін сақтаймыз: торы ат –

торат, торы ала ат – торалат, келе алмады – келалмады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет