Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты


Ы,  і  дыбыстарының  біріне  біткен  түбірге  и,  у,  ау,  еу



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Ы,  і  дыбыстарының  біріне  біткен  түбірге  и,  у,  ау,  еу  қосымшалары  қосылса,  жазуда  ы,  і

дыбыстары түсіп қалады: оқы+у – оқу, алты+ау – алтау.

Түбірдің соңғы дыбысы п болып, оған –ып (іп) қосымшасы жалғанса, айтылуда п дыбысы үнді у

дыбысына айналады. Мұны айтылуы бойынша жазамыз: қап + ып – қауып, сеп + іп – сеуіп.

Алғашқы сөздің соңғы дыбысы қ, к, п дыбыстарының бірі болып, одан кейінгі сөздің бас дыбысы

ұяң не дауысты, үнді дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңдап кетеді. Бірақ сөздің түбірін сақтап жазамыз: көк



дөнен (көгдөнен), керек екен (керегекен).

Морфемалар  аралығында  қатар  келген  дауыссыздардың  алдыңғысының  өзінен  кейінгі  дыбысқа

акустикалық  жақтан,  ал  кейінгі  дыбыстың  алдыңғы  дыбысқа  артикуляциялық  жақтан  ықпал  етуінің

нəтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз.

Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ не к қатаңдарынан басталса, онда нқ жəне нк

түріндегі  дыбыс  тіркесі  ңғ,  ңг  дыбыстарына  алмасады:  жаңгешті  (жан  кешті),  қаңғызыл  (қан



қызыл).

Алдынғы  сөз  с  дыбысына  бітіп,  кейінгі  сөз  ж  дыбысынан  басталса,  онда  бұлардың  екеуі  де  ш

дыбысымен алмасады: ташшол – тас жол, Дошшан – Досжан, ешшоқ – ес жоқ.

 

9-дəріс. Игерусіз (спонтандық) өзгерістер



1. Қазіргі қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстар

2. Транскрипция, транслитерация

ӨЗГЕРІСТЕР

СПОНТАНДЫҚ

КОМБИНАТОРЛЫҚ

Бұл  құбылыс  бойынша  бір  дыбыс

екінші  дыбысқа  тəуелді  болмайды,  бір

дыбысты  өзге  дыбыс  игере  алмайды:



Нүсіп – Жүсіп – Түсіп.

Бұл  құбылыс  бойынша  бір  дыбыс  екінші  дыбысқа

тəуелді  болып  тұрады,  бір  дыбыс  екінші  дыбысқа

игеріліп  тұрады:  ассимиляция,  диссимиляция,



аккомодация, эпентеза, эпитеза, протеза, диэреза,

гаплология, метатеза, элизия т.б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет