Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
(В)А – ВА – ВА(В)

Мысалы: дəр(і)гер, мағ(ы)на, тəж(і)рибе, о-ры-ны – орны.

Қазақ  (түркі)  тіліндегі  редукциялану  құбылысы  сөйлеу  қарқынына  байланысты  қалыптасқан

процесс  болғандықтан,  олар  жеке  сөз  бойынан  асып,  синтаксистік  байланыстағы  сөз  тіркестері

жағдайында да болады: сары май (сармай), ары жақ (аржақ) бері кел (бергел), бері жақ (бержақ), əрі

кет (əргет).

А.Айғабылов  қысаң  дауысты  дыбыстардай  көп  болмағанмен  ашық  дауысты  дыбыстардың

редукциялануына да мысал келтіреді: мына жер – мінжер, ана жер – анжер, ана жақ – анжақ, апеке

– əпке.

Қазақ  тіліндегі  дауысты  дыбыс  редукциясының  себебін  түсіну  үшін  үш  мəселені  еске  алуымыз

керек:

1) буындардың сөзде қатарласа ашық түрде келуі;



2)  түсіріліп  айтылатын  дауысты  дыбыстың  алды-артындағы  дауыссыздардың  өзара  тіркесу

мүмкіндігі;




3)  дауысты  дыбыс  редукциясының  мағынаға  нұқсан  келтірмейтіндігі:  балық  –  балығы,  салық  –

салығы; халық – халқы, сілік – сілкі, бөрік – бөркі.

Метатеза  –  сөз  ішіндегі  дыбыстардың  не  буындардың  өзара  орын  ауысуы.  Бұл  –  айтуды

жеңілдетуден туатын құбылыс.

Қазақ тілінде қатар келген пк, пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады. Бұл

жағдайды  ертеде  В.В.Радлов  еріндік  п  дыбысын  айтудан  гөрі  тіл  арты  к,  қ  дыбыстарын  айту  жеңіл,

сондықтан п – к, п – қ тіпкесімдері к – п, қ – п түрінде дыбысталуға бейім келеді деген пікір айтқан.

Метатеза құбылысына ұшырайтын сөздер.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет