Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
жазылуы

айтылуы

жазылуы

айтылуы

əпке əкпе секпіл сепкіл

тепкі текпі қақпанқапқан

түпкі түкпі кəкпір кəпкір

шапқыла

шақпылаөкпе өпке

 

С.Мырзабеков айналу сөзінің айлану болып айтылуын да метатеза құбылысына жатқызады.



Гаплология  –  сөз  ішіндегі  біркелкі  (ұқсас)  буындардың  бірінің  түсіп  қалуы:  балдар  (балалар),

арластыр  (араластыр).  А.Айғабылов  оны  кірігу  деп  алады:  түтүндік  –  түндік,  түнеугігүні  –

түнеугүні,  кешқұрым  –  кешкі  тұрым,  Махамет,  Махмет  –  Мəмет/  Мəмəт  +  жан,  əлі  –  Мəделі,

Мəтжан. Бірлен / білен – менен, бенен, пенен – мен, бен, пен.

Диэреза  көп  жағдайда  ассимиляцияға  негізделеді.  Орыс  тіліндегі  т,  д  шұғыл  дауыссыздары  екі

созылыңқы дауыссыздың арасында ығыстырылады: честный – чэснэй, праздный – празнэй, повестка



– повэска, қалмады – қамады.

Диэреза  ассимиляцияның  негізінде  де  болуы  мүмкін.  Орыс  тілінде  чт,  чн  дыбыс  тіркестері

сөйлеуде шт, шн түрде айтылады: что (што), скучно (скушно). Мұнда екі жабысыңқы дыбыстың (ч

жəне т) қатарласпауы үшін ч дыбысы фрикативті ш дыбысы болып айтылады.



Апокопа:  Тіл-тілде  кейбір  сөздердің  соңындағы  дыбыстардың  түсіп  қалуы  (қысқартылып

ықшамдау)  құбылысын  апокопа  дейміз.  Апокопа  құбылысына  ұшырайтындар  көбінесе  кірме

сөздердің  соңындағы  элементтер:  иран  тілінен  енген  тахт  деген  сөзінің  соңғы  дауыссызы  түсіп

қалып, қазақ тілінде тақ түрінде айтылады немесе араб тілінде бахт – бақ. Апокопа сөз соңындағы

дыбыстардың қысқартылып ықшамдалуы дегенді білдіреді: минута –минөт, газета – газет, цифра –

цифр, шабдалы – шабдал (парсы), кеңсе – концелярия, шыт – ситец. С.Татубаев «Қазақ сөйлеуі мен

əніндегі редукция, протеза, апакопа» атты мақаласында қазақ тіліндегі –ады, -еді формасымен келетін

етістіктердің  соңғы  дауысты  дыбысының  ықшамдалуына  тоқталады:  барады  –  барад,  тұрады  –

тұрад.

Тілдің  тарихи  даму  барысында  əр  түрлі  екі  фонеманың  бір  фонеманың  бойына  сіңісіп,  ұласып

кетуі конвергенция деп аталады: баш – бас, құш (к.т.т.) – құс(қ.т.), йыл – жыл.

2. Дыбыс пен оның таңбасы, сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сəйкес келе бермейді.

Бұлардың арасындағы осы сəйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дəл беру

үшін лингвистикада арнайы жазу транскрипция қолданылады.

Əдетте,  транскрипция  екі  түрі  жиі  пайданалынады:  фонетикалық  жəне  фонематикалық.

Фонетикалық транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллофондары да ескерілді. Мұның алғашқы

дыбысты  айтылуына  жуықтайды,  екіншісінде  дəл  беруді  мақсат  етеді.  Біздің  жазуымыз,  негізінен,

фонемалық жазу.

Ат,  ет,от,  өт  сияқты  сөздердің  жазылуы  фонемалық  транскрипцияға  сəйкес  келеді.  Қазіргі

практикалық жазуымызда қолданылып жүрген ə, о, ө, ұ, ү, й, л, м, ң, р, т əріптері ғана фонетикалық

транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады.

Мəселен, өлең, өнер деген сөздерде е дыбысты да, фонеманы да бейнелемейді, ол  тек əріп.

Түрлі  ерекшеліктерді  көрсету  үшін  фонетикалық  транскрипцияда  айрықша  диакритикалық

белгілер  қолданылады.  Мыс.:  «:»  –  созылыңқы,  «<»  –  ашық;  «>»  –  қысаң  –  ащы,  басшы  дегендерді



аш:ы, баш:ы деп жазу керек болады.

Транслитерация  –  қайсыбір  тілдегі  текстерді  не  сөздерді  басқа  графикалық  жүйе  арқылы  жазу.

Халықаралық  стандарт  ұйымы  (ХСҰ)  –  IS0  (International  Standart  Organisation)  транслитерация

үлгілерін жасайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет