Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ала, ал), үшіншіден, фонеманың сөздегі тəртібі  жағынан (тас, сат, қас, сақ) ажыратылып отырады.


Қазақ тілінде дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің мағынаға тигізер əсері жоқ: сал жəне сəл, сан

жəне  сəн  дегенде  мағынаға  ұйтқы  болып  тұрғандары  –  дауыстылар.  Қазақ  тілінде  дауыссыздардың

жуан-жіңішкелігі  дауысты  дыбыстарға  байланысты.  Дауыссыз  дыбыстардың  жуан-жіңішкелігі  –  бір

фонеманың  реңктері.  Сөз  ішінде  кездесетін  бір  фонеманың  түрліше  реңкі  мағына  жəне  форма

ажыратушылық  қызметі  жоқ.  Бір  дыбыстың  айтылуындағы  ауытқу,  реңк  тіл  білімінде  аллафон

делінеді.

Москва  фонологиялық  мектебі  (МФМ)  "Щерба  мектебінен"  (Ленинград  фонологиялық  мектебі

(ЛФМ))  қолданған  терминдерімен  ғана  емес,  ұстанған  принциптерімен,  əдіс-тəсілдерімен,  ғылыми

айналымға енгізген ұғымдарымен де өзгеше. Ғалым М.Жүсіпұлы еңбегінде екі мектеп теорияларының

өзара  айырым-белгілерін  ашып  көрсетеді.  Мəселен,  МФМ  теориясында  фонеманың  позициялық

түрлері үш дыбыстан (инвариант, вариация, вариант), ЛФМ-да екі дыбыстан құралған: звукотип жəне

оттенок.  МФМ-ның  "вариация",  "вариант"  терминдері  ЛФМ-ның  "оттенок"  ұғымына  біріктірілген.

МФМ-ның  "инвариант"  аталымы  мен  ЛФМ-ның  "звукотип"  атауы  бір  ұғымды  білдіреді.  (Бұлар  –

негізгі екі принцип. Бұдан басқа да ажыратылатын бірнеше принциптері бар). Сингармофонологиялық

теорияның  негізін  қалаушылардың  бірі  М.Жүсіпұлы  оның  басты  ұғымдарына  түсінік  беріп,  мəнін

ашады:  "инвариант  (сингармоинвариант)  –  бір  фонеманың  ғана  құрамына  енетін,  əлді  позицияда

кездесетін, басқа дыбыстарға ұқсамайтын, сөз мағынасын өзгертетін дыбыс (фонеманың позициялық

түрі);  вариация  (сингармовариация)  –  бір  фонеманың  құрамына  кіретін,  əлді  (максималды  айыру)

позицияда  кездесетін,  сөз  мағынасын  өзгертетін,  дыбыстармен  байланысу  мүмкіншіліктері  мен

максималды  тəуелді  (əлсіз)  позицияда  кездесетін  дыбыс  (фонеманың  позициялық  түрі);  вариант

(сингармовариант)  –  бірнеше  фонеманың  құрамына  енетін,  əлсіз  (минималды  айыру)  позицияда

кездесетін,  сөздің  мағынасын  өзгертетін  қабілетінен  айырылған  (бірақ  толық  емес)  дыбыс

(фонеманың  позициялық  түрі)".  Бұл  түсініктер  фонеманы  дыбыстар  қорынан  тұратынын  көрсетеді.

Бір  фонеманың  құрамында  дыбыс  саны  біреу  ғана  емес,  одан  да  көп  болады.  Жəне  олар  сөйлеу

үрдісінде бір-біріне ұқсамауы да мүмкін. Ғалым қазақ тіліндегі дауыссыз /н/ сингармофонемасы он екі

сингармодыбыстан құралатынын айтады: [н], [н'], [н





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет