Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты


ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата26.04.2022
өлшемі1.65 Mb.
#32298
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.

Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.

Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі:

1. Дауыстың қатысына қарай дауыссыздар 3-ке бөлінеді:

а) үнділер: р, л, й, м, н, ң, у

ə) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з

б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч

Үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң

дауыссыз тек салдырдан жасалады да, дауыс қатыспайды.

2. Дауыссыздар айтылу жолына қарай 3-ке бөлінеді:



а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: б, п, д, т, г, қ, к, ц, ч, м, н, ң

б) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, һ, л, й, у

в) Діріл дауыссыздар: р.

Шұғыл  фонемаларды  айтқанда,  дыбыстау  мүшелерінің  өзара  біріне-бірі  жабысып  (имплозия),

сонан соң, іле-шала бірден кілт ажырап кетуінен (эксплозия) фонациялық ауа лық етіп шұғыл үзіліп

шығады. Осындай фонемаларды шұғыл (үзілмелі) немесе жабысыңқы фонемалар деп аталады. Ызың

фонемаларды айтқанда, дыбыстау мүшелердің жуысуынан фонациялық ауа шұғыл шықпайды, сүзіліп,

ызыңдап шығады. Ауаның бұлай шығуынан болған фонемаларды ызың (сүзілмелі) немесе жуысыңқы

фонемалар деп аталады.

3. Жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар төмендегіше топтастырылады:

 

Айтылу


орнына

қарай


     Ғалымдар

 

Қ.Жұб



а-нов

Н.Сау-


ранбаев

І.Кеңес-


баев

Ғ.Əбу


ханов

С.Иса-


ев

К.Аханов Ш.Бектұров

М.Серғали

Ə.Жүніс-


беков

С.Мыр-


забеков

Ерін/


билабиаль

п, б


п, б, м п, б, м,

(у)


п, б, м,

у

п, б, м,



у

п, б, м


п, б, м, (у) п, б, м, у п, б, м,

у

тіс пен ерін/



лабиаль-

денталь


 

ф, в


ф, в

ф, в


ф, в

ф, в


ф, в

 

ф, в



Тіс/

денталь


т, д, с,

з,

ш, ж



 

т, с, з, д,

ц

т, с, з,


д, ц, щ

т, с, з, д,

ц, ж

т, с, з, д,



н, л

т, с, з, д, ц

 

 

тіл ұшы/



альвеоляр

 

 



н, л, ч н, л, ч

 

ч, ш, р, ж



н, л, ч

 

 



тіл алды/

палаталь


 

н, р, л,ч,

ш, ж, й,

т, с, д, з

р, ж, ш,

й

р, ж,



ш, й

р, ж, ш,


щ, й, н,

л, ч


 

р, ж, ш, й,щ д, ж, з, л,

н, р, с, т,

ш

т, д, с, з,



ш, ж, ц,

ч, н, л, р

тіл ортасы/

препалаталь

 

к, г


к, г

к, г


к, г

й

к, г



г-ғ, к-қ, й,

ң

й



тіл арты/

веляр


 

қ, ғ, х, һ қ, ғ, х, ң қ, ғ, х,

ң

қ, ғ, х, ң қ, ғ, х, ң,



к, г

қ, ғ, х, ң

 

қ, ғ, х,


ң, к, г

көмей/


фарингаль

қ, ғ, к,


г

 

һ



һ

һ

һ



һ

 

һ



 

6-дəріс. Буын (силлабизм). Дауыс ырғағы (интонация)

1. Буын, оның түрі, сандық құрамы

2. Буынға дұрыс бөлудің қағидалары

3. Буынның ығысуы мен жылысуы

1.  Буын  теориясы  –  фонетика  саласының  басты  мəселелерінің  бірі.  Буын  дыбыстардың  басын

біріктіріп тұратын ең кішкентай фонологиялық единица болумен қатар, онда мағына болмайды. Бұл

бір  буынды  болып  келетін  толық  мағыналы  сөзге  қатысты  емес.  Солай  бола  тұрса  да,  буын  сөздің

құрамында  келіп  сөз  ажыратушы  жəне  мағына  ажыратушы  қызмет  атқарады.  Сөздің  лексикалық

мағынасы  мен  буынға  бөлудің  арасында  байланыс  жоқ.  Сондай-ақ,  сөздің  морфемалық  бөлінісі

буынның бөлінуімен сай келмейді. Мысалы: а-на, ə-ке, ант + ы = ан-ты, бұлт + ы = бұл-ты т. б.

Буын  экспирация  арқылы  (өкпедегі  ауаны  сыртқа  шығару  арқылы)  жасалады.  Буын  жасаушы

басты элемент – дауысты дыбыс. Сондықтан дауысты дыбыс жеке тұрып та дауыссыздармен бірігіп

келіп  те  буын  құрай  алады.  Əр  буында  бірден  артық  дауысты  фонема  болмағандықтан,  сөз  ішінде

неше дауысты фонема болса, сонша буын болады.

Демек,  буын  дегеніміз  фонациялық  ауаның  қарқынымен  кілт  үзіліп  шыққан  бір  немесе  бірнеше

дыбыс тобы. Тіліміздегі байырғы сөздер не жуан, не жіңішке буынды болып келеді. Байырғы сөздер,

сондай-ақ буындар да қос дауыссыздан, бас буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстың құрамы жағынан мынадай болып келеді:

1.  Бір  дыбысты:  дауысты  дыбыс  қана  жеке  тұрып  өздігімен  буын  бола  алатындықтан,  буынның

бұл түрі жалаң дауыстыдан тұрады: а-ла, е-лек, ұ-ран, і-лім т.б.;

2. Екі дыбысты буын: ат, ер, ін, ба-ла т.б.;

3. Үш дыбысты буын: көз, бал, ант, ұлт т.б.;

4. Төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт т.б.;

Орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады. 5. Бес дыбысты:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет