Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана Айшуақ хан Байдуанова Лязат Амангелдиевна



Pdf көрінісі
Дата22.02.2017
өлшемі1,13 Mb.
#4686

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана

Айшуақ хан

Байдуанова Лязат Амангелдиевна

Қазақ хандығына - 550 жыл

Айшуақ хан

Айшуақ хан 

Әбілқайыр ханның

баласы

Дүниеге келуі: 1720 жыл

Қайтыс болуы: 1810 жыл

Лауазымы: Кіші жүз ханы, 1797 – 1805 жж. 

билеген

Ұлдары:   

Жантөре Айшуақ ұлы (1759 – 02.11.1809)   

Шерғазы Айшуақ ұлы (т.ж.б. – 29.08.1845) 

Баймұхамед Айшуақ ұлы (Баймағамбет) 

(1790 – 30.3.1847)

Сүйікәлі (1798 – 1864) және тағы басқалары

Айшуақтың әкесі: Әбілқайыр хан

Дүниеге келуі:

1693 жыл

Қайтыс болуы:

1748 жыл

Лауазымы: Кіші 

жүз ханы, 1718-

1748

жылдары

билеген

   

 

Айшуақтың шешесі: Бопай ханым

Бопай (Бәтима) ханым 



Әбілхайыр ханның зайыбы, 

ел басқару ісіне араласқан 

қайраткер, мәмілегер.

Адай руының қызы

Дүниеге келуі:

шамамен 1690 жыл 

Қайтыс болуы:   

30.05.1780 жыл

Ұлдары: Нұралы, Ералы, 

Қожахмет, Айшуақ, Әділ. 

Қызы: Зылиха 

Айшуақ

ағасы 

Нұралы ханның

тұсында 

Жетіруға

билік жүргізген 

сұлтан. 

Жетіру

-

қазақ халқын құраған



тайпалар бірлестігінің бірі.

Шежіре бойынша,

Кіші жүз

құрамына енеді.

7 рудан тұрады: 

Жағалбайлы



Кердері

,

Керейіт



Табын



Тама



Телеу



Рамадан



ЖЕТІРУ

Айшуақ

1748-

1749 жылдары қазақ 

шонжарларының төрт баласымен бірге (

інісі 

Қожахметті алмастырып

) Жаманқалада 

(Орскіде) аманатта болды. 

Аманат: Кепілге берілген адам. Аманатты сақтау 

үлкен адамгершілікке жатады. «Аманат» рулар мен 

жүздер арасындағы ауызша келісім - шарт болып, 

үлкен сенімділікті  де көрсетеді. «Аманат» 

достықты, бірлікті, келісімге келуді білдіреді. Сол 

уақытта жауласып жүрген ел арасында келісімге 

келіп, татуласудың белгісі ретінде бала берісіп, 

бала алысқан. «Аманатқа қиянат қылма» деген 

халық мәтелі де осыны аңғартады.


Қожахмет (т.ж.б. – 1750) –

сұлтан

,

Әбілқайыр  

ханның

ортаншы ұлы. 

Әбілқайыр хан

1731 

жылы Ресейге бодан болу туралы



ант бергеннен кейін, өзінің сүйікті ұлдарының бірі

Қожахметті

патша өкіметіне аманатқа берген. Ол 

аманатта 10 жылға жуық болған. 

Қожахметті

Ресей


өкіметі Орынбор өлкесінен алдыртып, Қазанға, кейін-

нен Санкт-Петербургке жіберген. 

Әбілқайырдың

өз 


ұлы 

Қожахметті

аманаттан қайтарып алудағы Ресей 

әкімдерімен тартысты, императрицалар Анна Иоановна

ның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына 

мойынсұнбады. 

Әбілқайырдың

тынбай талап етуі 

арқасында Ресей өкіметі 1747 жылы 



Қожахметті 

Айшуақпен

айырбастауға келісті. 



Қожахмет

әкесіне 


қайтарылғанымен, көп кешікпей дүние салды.

Анна Иоановна 

Елизавета Петровна 

Ресей императрицалары 

Ор қаласының туы                  Ор қаласының елтаңбасы

Ор қаласы

Ор, Жаманқала, Орск – Ресейдің Орынбор

облысындағы қала.

Ор өзенінің Жайық өзеніне 

құятын жерінде орналасқан. 

Қаланың аты Ор 

өзеніне байланысты қойылған. 1735 жылы 15 

тамызда сенаттың обер-секретары И.К. 

Кириллов бастаған экспедиция әскери бекініс 

ретінде сала бастады. 1865жылы Қала 

мәртебесіне ие болды. Ор бастапқыда патша 

үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық

саясатының тірек пункті рөлін атқарды. 

Көшпелілерге қарсы озбырлық, әділетсіз 

әрекеттердің ұясы болғандықтан, қазақтар Орды 

“Жаманқала”

деп те атаған.



Ор өзені – Жайық алабындағы өзен. 

Ақтөбе 


облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен

ағады. Ұзындығы 314 км



Ор өзені 

Мұғалжар 

тауының солтүстік-батысындағы бұлақтардан 

басталып (

Шилі, Терісбұтақ

т.б.), 


Орск қаласы 

тұсында (Ресей) Жайыққа сол жағынан құяды.



Айшуақтың

Апақ және Жантөре 

деген балалары



Сырым батыр

бастаған қозғалысқа белсене қатысты. 

Осыған байланысты 

1785


жылы атаман Донсков 

Айшуақты

тұтқынға алып, екі 

жылдай қамауда ұстаған.


Датұлы Сырым (1712 – 1802)

Сырым Датұлы 

Ресей патшасының отарлау



саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары

көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, 

әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің 

Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Сырым 

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің 

барысында өзін 

шебер

дипломат


әскери


қолбасшы

әрі 


көрнекті ұйымдастырушы 

ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің 

жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын 

асырған еді. Асқан ақылдылығы мен

тапқырлығы  үшін бала кезінде-ақ «Бала би» 

атанған болатын. 



Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке 

өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар 

батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын.

Өз замандастарының арасында ат құлағында 

ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін.

XIX ғасырдың

екінші жартысында өмір 

сүрген ағылшын журналисі

Д.Ч. Бульжер

былай деп жазды: «Сырым батыр — жігерлі, 

терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, 

айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың 

сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған 

табынған десе де болады». 


1783-

1797 жылдары Кіші жүзде Сырым Датұлының 

басшылығымен болған халық-азаттық көтеріліс –

бұл феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы 

бағытталған қозғалыс. 

Көтеріліcшілердің мақсаты – ғасырлар бойы

қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына

келтірусұлтандардың, ханның және олардың

төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу 

болды. Жайық бойындағы жақсы жерлерге 

жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына 

өзеннен өтуге тыйым салып, шұрайлы жайылым 

мен мал өрісінен айырып, адамдарына зорлық-

зомбылық жасады. Кіші жүздің ханы 

Нұралының да халыққа тізесі батты. Оның қол 

астындағылары елді алым-салықпен қинады. 

Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, 

жаппай көтерілуге әкеп соқты.


Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым

көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына

шыдамаған би, старшын және батырлар болды. 

1785 жылы Майор Назаровтың отрядына Сырымға

көмекке келе жатқан 

Айшуақтың баласы Апақ

бастаған сарбаздар қарсылық көрсетеді, осы шайқаста



Апақтың өзі де ерлікпен қаза табады. 

Назаровтың

отряды Табын руының ауылдарына шабуыл жасаған

кезде 


Айшуақтың екінші баласы Жантөрені соққыға

жығып, балалары көтеріліске белсенді қатысқаны үшін



Айшуақ сұлтанды тұтқындап, 2000-дай жылқысын қоса

айдап кетеді. 



Осыдан Айшуақ 1787 жылға дейін

түрмеде отырады. 

Кейін Сырым батыр және Ералы

сұлтандардың араласуымен тұтқыннан босатылады. 


1797 жылы 8 тамызда Кіші жүзде хан кеңесі 

құрылды. 

Ол кеңестің басшылығына 



Айшуақ 

сұлтан, 

кеңес мүшелігіне алты старшын және 

патша әкімшілігінің өкілі мүфтий М.Хұсайынов 

кірді. Кеңестің жұмысына, негізінен патша 

үкіметінің өкілі мүфтий М.Хұсайынов ықпал 

еткенімен,



Айшуақ 

Орынбор әкімшілігі мен Сырым 

батырдың арасын бітістіру, ел ішіндегі тыныштық 

орнату бағытында елеулі жұмыстар атқарған. Бұл

кеңестің құрылуы сұлтандар мен ірі патриархалдық

феодалдар шонжарлардың мүдделеріне толық сай 

келіп халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай 

жасады. 


Айшуақ хан 

болып сайланғаннан кейін



Сырым 

Датұлы Кіші жүз аумағын тастап шығып, Хиуа 

хандығына көшеді. 



Кетуінің басты себептері: 

оның қозғалысының жеңіліске ұшырауы және 

Есім ханның өлімінен соң қоғам тарапынан 

бұрынғы қолдаудың болмауы. Соңғы жағдай 

Сырым Датұлын іс жүзінде тығырыққа тіреді, 

өйткені Есім ханның туыстары оның өшін алуға 

ант еткен болатын. 1797 жылы Қаратайдың

қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа 

хандығына өтіп кетеді. Сол жақта Сырымды 

1802 жылы қазақ сұлтандарының итаршылары у 

беріп өлтіреді.


Хандық басқаруды шайқалтуға әбден

машықтанған патша үкіметі 78 жастағы



Әбілқайыр ханның ұлы Айшуақ

сұлтанды 1797 жылы қазанда

Орынборда таққа отырғызады. 

Жас кезінде атақ-абыройы асқақтап,

даңқы шартарапқа тараған 

Айшуақ

сұлтан 

хан тағына отырған кезде



«құлағы естімейтін, көзі өте нашар

көретін, әбден қартайған» адам еді.

Орыс зерттеуші Л.Мейердің жазуы бойынша, қазақтар-

дың басым бөлігі өздерінің билеушісі ретінде жігерлі де,

қайратты 

Қаратай сұлтанды 

қалаған. Бірақ 

Қаратай

сұлтанның 



кандидатурасы Орынбор әкімшілігіне

ұнамайды. Өйткені, оның жігерлілігі мен қайраттылығы,

дербестігі мен еркіншілдігі Ресейдің ұзақ жылдар бойы

Кіші жүз  аумағында жүргізген саясатын жоққа шығара-

тын. Сол себепті де, 

Қаратай сұлтанның 

кандидатурасы-

нан Орынбор әкімшілігі бас тарта отырып, себебін қазақ

халқының хандық билікті мұралану жолымен байланыс-

тырады. Олардың негіздеуі бойынша 

Қаратай сұлтан 

1771


жылы қолға түскен қалмақ қызынан туған. О. 

Игельстром “Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың 



тәуелсіз, күшті басқарушысына айналып, Россиядан 

бөлініп кетуі мүмкін екендігінен кауіптенді” деп 

жазады.


Осип Андреевич ИгельстромОтто барон

(1737 – 1812) –

патшалық Ресейдің қазақ халқын

отарлау әкімшілігінің өкілі, генерал-губернатор.

Генерал-поручик, барон, кейін жаяу әскер

генералы болған.



Негізгі қызметі Орынбор өлкесін және

Кіші жүз


қазақтарын басқаруды реформалау ісімен тығыз

байланысты болған. 



О.А.Игельстром 

Сырым Датов

бастаған

ұлт-азаттық қозғалысты

басып-жаншушылар-

дың бірі. 

Оның қазақ өлкесін басқаруының алғашқы

кезеңінен-ақ 



Кіші жүз билеушісі

Нұралы ханмен

арадағы қатынасы шиеленіскен болатын. Ол 



Нұралы

ханның 

халық алдында беделін түсіруге тырысып

бақты, Екатерина Ивановнаның қолдауына арқа сүйеп,

Кіші жүздегі хан тұқымымен күрес жүргізді. Кейін



Нұралы ханның 

билік басынан кетуіне де, Уфаға жер

аударылуына да Игельстром себепші болған. 

Казак

әскерлерін

Айшуақ ханға

қарсы пайдаланған. 

19 ғасырдың басында Игельстром саяси аренадан кетті.



Қаратай хан

Қаратай Нұралыұлы (1772-8.7.1826) - сұлтан, Кіші

жүздің байұлы руының билеушісі. Әбілқайырдың 

немересі, Нұралы ханның баласы. 

Жасынан Кіші 

жүздегі тарихи оқиғаларға белсене араласқан. 

1797


жылы тамызда 

Айшуақпен

хандыққа таласқан.

Бірақ патша үкіметі 

Қаратайдың

беделінен 

қауіптеніп, нәтижесінде

Айшуақ, кейін оның 

баласы 


Жантөре хан сайланады. Есім хан

өлгеннен 

кейін төңірегіне топтасқан би-сұлтандардың 

қолдауымен 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың 

басында 

Қаратай

хандық билікті қолға алуды, 

қазақтың Ресей ықпалынан шығуын көздеген 

әрекеттер жасады. 



Қаратай Есім ханды өлтіргені үшін Сырым 

Датовпен өштесті, Кіші жүзде Бөкейдің хан 

болуын жақтады. Оны жетірудың беделді 

билері қолдады. 



Айшуақпен және оның 

төңірегіне топтасқан Әбілқайыр үрім -

бұтағымен күрес жүргізді. 

1806


жылы 

Жантөренің 

хан сайлануын құптамады. Сол 

жылы оны қолдаған рулар

Қаратайды 

губернатордың келісімінсіз хан көтерді.

1809

жылы 2 қарашада 



Қаратай және Орман 

сұлтан

бас болған топ бейқам жатқан 



Жантөре

ауылын шауып, оны өлтірді. 



Қаратай қозғалысына

қарсы жазалау тобы

шықты. 1816-1817 жылдары келісөздер

нәтижесінде қарсылықты тоқтатып, Кіші

жүздегі қақтығыстарды реттеу, толқуларды басу 

ісінде Ресей үкіметіне қызмет етті, қаталдығы-

мен көзге түсті. 1824 жылы тамызда Орынбор

губернаторы П. Г. Эссен оны Кіші жүздің Батыс

бөлігінің әкімі етіп тағайындады. Бұл жылдары, 

әсіресе, 1825 жылы күзде Жоламан Тіленшіұлы

бастаған табын руының көтерілісін басуға

тікелей ат салысты. Сол қимылдары үшін Ресей

үкіметі тарапынан алтын медальмен

марапатталған

.


Сөйтіп, патша үкіметі ел жақсыларының тілегін

ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп 

жыл тұрған, кейінгі кызметінде де сенімдерін 

ақтаған


Айшуақты хан көтереді. 

Әскери 


губернатор жоспары бойынша хан мен Хан 

Кеңесі бір жерде тұрақтауы тиіс болған. Ресей 

жағының бұл негіздеуін 

Айшуақ сұлтан 

басқарып отырған Хан кеңесі амалсыздан 

мақұлдауға мәжбүр болады. Ал Орынбор 

әкімшілігі қазақтың салты бойынша билікке 



Әбілқайыр хан 

әулетіндегі ең жасы үлкен

адамды ұсынады.


Бір жағынан 

Айшуақтың 

кандидатурасы 

қазақтың хан таңдау дәстүріне сай келсе де, 

оның жасының келуі мен денсаулығының 

нашарлығы қазақтар арасынан оған қарсы 

топтың пайда болуына алып келді. Соған 

қарамастан Ресей өз талабын Хан кеңесіне

мойындатқызып, аймақта толық қожайынның 

кім екендігін дәлелдеп береді. Ал Хан кеңесі 

болса амалсыздан бұны қабылдауға мәжбүр 

болады. 

Сөйтіп,


Айшуақты хан тағына 

отырғызу арқылы Ресей Кіші жүз тағына хан 

әулеті ішінен өзі таңдаған, өзі қалаған адамды 

отырғыза алатындығын тағы да көрсетеді. 



Айшуақ хан Кіші жүзді басқарған жылдарда

әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың

шиеленісіп, рулар арасындағы тартыс күшейіп,

түсінбестік жағдайлар қалыптасады. 

Әбден жасы келіп, өз билігінің дәрменсіздігін

сезіп, хандық міндетін атқаруға шамасы 

келмегеннен кейін 1805 жылы 17 ақпанда 



Айшуақ 

хан 

біржолата хандық биліктен бас тартады. 



Айшуақ ханның билігі 8 жылға созылды, Кіші

жүздің жетіру бірлестігі де 1805 жылға дейін

созылады. 

Айшуақ 1810 жылы 91 жасында қайтыс болады.

Айшуақ  ханның  мөрі

Айшуақ ханның балалары туралы 

тоқталып кетсек:

Айшуақ ханның 16 ұлының ішінен 

тек 

Жантөре мен Серғазы (Шерғазы) 

ғана Кіші жүздің хан тағына отырып

бірінен кейін бірі 1809-1824 жылдар

аралығында билік құрды. 

Қалғандары сұлтан атанып, 

Кіші жүз қазақтарының тайпалары мен

руларына билік жүргізді.


Жантөре Айшуақұлы (1759 - 02.11.1809) —

мемлекет қайраткері,

дипломат

,

Кіші жүз

ханы (1805 -1809).

Әбілқайыр ханның

немересі. 

Ресейдің қазақ жеріне ықпалын тежеу 

саясатын ұстанды. 

Шерғазы Айшуақұлы (т.ж.б. - 29.8.

1845

) —

Кіші жүз

ханы

(1812 - 1824).

Әбілқайыр

ханның

немересі. 

Айлакер, дипломаттық 

қабілетімен ерекшеленген. 

Баймұхамед Айшуақов (Баймағамбет) (

1790

-

30.3.

1847

) —

сұлтан, генарал-майор. 

Әбілқайыр ханның

немересі. 


Исатай Тайманұлы                 Махамбет Өтемісұлы

Қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, 

отаршылдыққа қарсы

Исатай Тайманов

бастаған 

көтерілісті (1836-1837 жж.) ұйымдастырушылардың 

бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы 



Махамбет 

Өтемісұлының

100-


ден аса өлеңдері патшаның 

жергілікті билеуші өкілдері – хан-сұлтандарға қарсы 

жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. 


Баймағамбет сұлтанға айтқаны 

өлеңінен үзінді

Хан баласы ақ сүйек,

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас.

Хан баласы ақсүйек -

Бәйеке сұлтан сен болып,

Сендей нар қоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем!



18-

ғаcыpдың екінші жаpтысында өмір сүргeн 

бұрынғы ақын-жыраулapдың дәстүрін жалғаc-

тырyшылaрдың бірі – суырыпсалма ақын –



Абыл Тілеyұлының Баймaғамбеткe айтқаны:

Бопайдан тyған әкең Айшуақ хан,

Табаның таймай тұр-ау мінген тaқтан.

Дәлірeк дажал сынды дәрeжeңді,

Деп жүрсің Құдай қорып, қыдыр баққан...

Ер өлді дeп eтек бұлап жылaйтұғын

Бaйеке-ау, қай ісің бар елгe жаққан?!

Ақын сұлтанның ісін жaқтырмaй, бар жайды

бетіне баcады.


Баймағамбет сұлтанның үш әйелінен 7 ұл, 

7 қызы болған. Ұлдарының барлығы Орынбор

әскери училищесінің Азия бөлімшесін бітіріп,

жергілікті әкімшілікте әскери қызметтер 

атқарған.

Солардың ішінде үлкен ұлы



Мұхамеджан

Баймұхамедов 

генерал-майор дәрежесіне 

дейін көтерілген.


Айшуақ ханның тағы бір ұлы 

Сүйікәлі сұлтан (Сығалы)

ХІХ ғасырдың басында Кіші жүзде 

қалыптасқан саяси жағдайға байланысты, 

Айшуақ ханның ұлы Сүйікәлі сұлтан

Ресей императоры І Александрдың сыйға 

тартқан грамотасының негізінде 

Әмударияның төменгі сағасында мекен 

еткен қарақалпақтарды басқарды.

Айшуақ – Сүйікәлі – Асфендиар –

Сейітжапар (Жапар) – Санжар   


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.

Қазақстан: ұлттық энциклопедия. 10 



томдық /бас ред. Б.Аяған. - Алматы: Қазақ 

энциклопедиясы, 2007.

2. Қазақстан тарихы: энциклопедиялық 

анықтамалық /бас сарапшылар: Б. Аяған,  

М. Қойгелдиев. - Алматы: Аруна, 2007. –

768 б.


Интернет торабынан алынған ақпараттар:

1. 

http://kaz.osh-18kz.ru/ 

18-

ғаcыpдың екінші жаpтсында 

өмір сүргeн ақын-Абыл Тілеyұлы (қаралған күні 

24.08.2015)

2. 

http://www.madenimura.kz/

Дәуір және дара тұлға 

(қаралған күні 24.08.2015) 

3.

http://www.tarih-begalinka.kz/

Қазақстан тарихы-мектеп 

оқушыларына (қаралған күні 25.08.2015)

4. 

http://uskz.org/

Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы 

(қаралған күні.25.08.2015)

5. http://historyline.kz/

Лента истории - Тарихтың таспасы 

(қаралған күні 24.08.2015)

6. 

http://alash-orda.kz/

Сүйікәлі және Асфендияр сұлтандар 

(қаралған күні 25.08.2015)

7. https://kk.wikipedia.org

Уикипедия (қаралған күні 

25.08.2015)

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Document Outline

  • Слайд номер 1
  • Слайд номер 2
  • Слайд номер 3
  • Айшуақтың әкесі: Әбілқайыр хан
  • Айшуақтың шешесі: Бопай ханым
  • Слайд номер 6
  • ЖЕТІРУ
  • Слайд номер 8
  • Слайд номер 9
  • Слайд номер 10
  • Слайд номер 11
  • Слайд номер 12
  • Слайд номер 13
  • Слайд номер 14
  • Слайд номер 15
  • Слайд номер 16
  • Слайд номер 17
  • Слайд номер 18
  • Слайд номер 19
  • Слайд номер 20
  • Слайд номер 21
  • Слайд номер 22
  • Слайд номер 23
  • Слайд номер 24
  • Слайд номер 25
  • Слайд номер 26
  • Слайд номер 27
  • Слайд номер 28
  • Слайд номер 29
  • Слайд номер 30
  • Слайд номер 31
  • Слайд номер 32
  • Слайд номер 33
  • Слайд номер 34
  • Слайд номер 35
  • Слайд номер 36
  • Слайд номер 37
  • Баймағамбет сұлтанға айтқаны өлеңінен үзінді
  • Слайд номер 39
  • Слайд номер 40
  • Слайд номер 41
  • Слайд номер 42
  • Слайд номер 43
  • Слайд номер 44


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет