Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



Дата18.05.2022
өлшемі16,23 Kb.
#34860

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі

«Бейбітшілікті қорғау» мерекелік іс- шара

Шымкент-2022


Мақсаты:  Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлқықтың беки түсуіне ықпал ету, адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Іс-шараның барысы
1-жүргізуші: Қ.Р-ның мемлекттік Гимні орындалсын.

2-жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, білім алушылар! Сіздерді келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн - ұлы күн әр адам үшін өте маңызды күн. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасытарыңызға бақыт, бірлік, береке тілейміз.
1-жүргізуші: «Болашақ» жоғары коледжінің құрылтайшысы экономика –ғылымының докторы профессор Қуашбай Саттар ағайға сөз кезегін береміз.

КОЛЛДЕЖ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТІН АТҚАРУШЫ Жилхайдарова Перизат Дархановнаға сөз кезегін береміз.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Сурашова Айнаш Серікқызы сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші: 
Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы- ЕА 9-20 тобының білім алушысы Жүнисбай Зейнеп
орындауындағы ән «Жақсы адамдарым» қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: 
Сен неткен Отан - анам ғажап едің!
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным – Қазақ елім! дей келе МДҚБ 11г-19 тобының білім алушыларының «Катюша» биін тамашалайық.
2-жүргізуші: 
Жеңіс күні, Отан жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы, -дей отырып осы мерекеге арнап біздің ШТ 9-21 тобының білім алушыларының өлең жолдарына кезек береміз.
1-жүргізуші: 
«Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген.
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренген» дей келе ШТББ 9г-19тобының еңіс күніне арналған көрінісін ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: 
Жақсы биде өнеге, сегіз қырлы бір сырлы өнерді үйрен бір-бірлеп, биде биле талпынып, дей келе ББҚБ 11-21 тобының білім алушыларын «Смулянка» биімен қарсы алыңыздар
1-жүргізуші : Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер
Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер. Ән: «Жеңіс күні»
2-жүргізуші: 
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқтай келе
«Жалпы білім беру» кафедрасының «Бейбітшілікті қорғау» - атты апталығын қорытындылауға «Жалпы білім беру» кафедрасының меңгерушісі Токсанбаева Гулжаухар Бейсенбековнаға сөз кезегін береміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет