Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата29.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

 
Әдебиеттер
1.
 
Бандаревский  В.Б.  Воспитания  интереса  к  знаниям  и  потребности  к 
самообразования. – М.: Педагогика, 1985. – 346 с. 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
99 
2.
 
Бабанский  Ю.К.  Избранные  педагогические  труды.  –  М.:  Педагогика, 
1989. - 560 с.  
3.
 
Шукина  Г.И.  и  др.  Актуальные  вопросов  формирования  интереса  в 
обучении. – М.: Педагогика, 1984. – 161 с. 
4.
 
Махмутов  М.Н.  Теория  и  практика  проблемного  обучения.  –  Казань: 
1972. – 311 с. 
5.
 
 Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышление к обучении. – М.: 
Педагогика,  1972. – 152 с. 
6.
 
Қараев Ж.А.  Мектепте  оқытудың  педагогикалық жүйесін  жетілдірудің 
әдіснамалық негіздері. // Бастауыш мектеп. – 1996. – №7.  
7.
 
Беспалько  В.П.  Педагогика  и  прогрессивные  технологии  обучения.  – 
М.: Педагогика, 1995. – 174 с. 
8.
 
Кобдикова  Ж.У.,  Қуанбаева  Б.О.  Саралап  деңгейлеп  оқыту 
педагогикалық технологиясын  оқу-тәрбие  үрдісіне  пайдалану шарттары  // Білім 
берудегі менеджмент. – 2003. – №3. – Б. 41-42. 
9.
 
Монахов  В.М.  Введение  педагогическую  технологию  и  методологию 
проектирования. Информатика 9-11. – Москва-Новокузнецк, 1996. – 150 с. 
Куанбаева Б.У., Сырбаева Ш.Ж. 
Роль формирования учебной мотивации при усовершенствовании педагогической 
системы 
В  статье  говорится  о  роли  формирования  учебной  мотивации  при  использовании 
педагогической технологии уровневого дифференцированного обучения. 
Ключевые слова: учебный мотив, познавательная деятельность, проблемное обучение
педагогическая технология, мониторинг. 
 
Kuanbaeva B.U., Syrbaeva Sh.Zh. 
Role of formation of educational motivation at improvement of pedagogical system 
In  article  are  described  about  a  role  of  formation  of  educational  motivation  when  using 
pedagogical technology of the-level differentiated training. 
Keywords: educational motive, cognitive activity, problem training, pedagogical technology, 
monitoring. 
 
 
ӘОЖ: 372.5.02 
 
Құрманалина Ш.Х. – педагогика ғылымдарының докторы,  
профессор, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 
Тілепбергенова Д.М. – М.Өтемісов атындағы  БҚМУ магистранты 
Е-mail: dametken_tlep@mail.ru 
 
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПРОГРАММАЛАУ 
ПӘНІНЕН ЭӘЖ­НІ ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ 
 
Аннотация. Бұл мақалада модульдік оқыту технологиясының маңыздылығы ашылып, 
оның электрондық­әдістемелік жүйеде қолдану ерекшеліктері айтылады.  
Кілт  сөздер:  модульдік  технология,  алгоритм,  программалау,  ЭӘЖ,  танымдық 
қызығушылық, жаңа технология. 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында    оқыту  формасын, 
әдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқаулық  қағидасы  бекітілген,  бұл 
білім  мекемелерінің  мұғалімдеріне,  педагогтардың  өзіне  оңтайлы  нұсқаны 
қолдануға,  педагогикалық  үрдісті  кез  келген  үлгімен,  тіпті  авторлық  үлгімен 
құруға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  уақыттағы  оқу­тәрбие  үрдісінің  ерекшелігі 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
100 
баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  тиімді, 
ұтымды қолға алуы [6]. 
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оқыту мазмұнының түбегейлі 
өзгеруі,  оның  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  енуі  бүкіл  оқу-әдістемелік 
жүйеге,мұғалімдер  алдына  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Осыған  орай  білім 
берудегі озық, жаңа технологияларды меңгермейінше маман болу мүмкін емес. 
Білім  беру  жүйесі  –  әрбір  мемлекеттің  даму  болашағын  анықтайтын, 
әлемдік  өркениетке  жетудің  негізгі  бағдарын  көрсететін  біртұтас  құрылым. 
Қазіргі  таңдағы  егеменді  еліміздің  болашағы  дарынды,  білімді,  ізденімпаз 
жастарға  байланысты.  Қоғамдағы  түбегейлі  өзгерістер  білім  беру  жүйесінің 
алдына  жаңа  адамды  қалыптастыру,  дамыту  мақсаттарын  қойып  отыр. 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту,  ой  -  пікірінің  дербестігі  мен  еркіндігін 
кеңейту,  олардың  өз  бетімен  білім  алуға  деген  ынтасын  арттыру,  оны  өз 
тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін 
қалыптастыру  және  дамыту  болып  табылады  [5,  4  б.].  Педагогикалық  үрдістің 
тиімділігінің  артуына  мүмкіндік  беретін  білім  беру  мен  тәрбие  бірлігін  сақтай 
отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның 
ерекшелігін  ескере  отырып,  білімділігіне  сәйкес  бағдар  беретін,  танымдық 
ізденімпаздығын  дамытудағы  оқытудың  прогрессивтік  қадамының  бірі  – 
модульдік оқыту. 
Бұл  технологияны  қолдану  білімді  демократияландыруға,  ізгілендіруге, 
оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді. Оқыту технологиясының бұл нұсқасының 
бір ерекшелігі – білімді меңгеру емес, оқушының өз бетінше меңгеруге ұмтылуы. 
Жалпы бұл технологияның тұжырымдамасын американдық зерттеуші Дж. 
Рассель  жасады.  Ал  ТМД  елдерінде  П.Юцявичене,  М.А.  Чошанов, 
П.И.Третьяков,  т.б.  ғалымдар  қарастырған.  Өз  еліміздің  оқу  орындарында  осы 
технологияны зерттеп жүрген М.М. Жанпейісова [2, 56 б.]. Оның модульді оқыту 
технологиясында  модуль,  схема,  кесте  және  тағы  басқа  бейнелер  арқылы 
әңгімеленіп, түсіндіріледі. 
Н.Нечаев  «оқыту  іс­әрекетіндегі  мәселені  шешуді  қарастыру  барысында 
нәтижесін  көру  жұмыстың  іс­әрекет  әдістеріне  байланысты  екеніне  тоқталып 
келіп,  модульдік  оқытудың  мақсаты  тәжірибелік,  дамытушылық  және  ойлауды 
қалыптастыратын іс­әрекет әдістері»,−деп түйіндейді. 
Тәжірибелі педагогтер Ш.Амонашвили, Л.Рубинштейн тәжірибелерінен әр 
оқушының  қабылдауы  әр түрлі  болатыны  белгілі.  Ендеше  бұл  технология  жеке 
тұлғаның  ерекшелігіне  байланысты  оқыту  үрдісіндегі  әдістерді  пайдалануды 
көздейді.  Осы  технологияның  әдістерін  Л.  Йоваиша  былайша  қарастырады: 
ақпараттық  оқыту  әдісі,  операциялық  оқыту  әдісі,  ізденімпаздық  оқыту  әдісі, 
өздігінше оқу әдісі. 
Модульдік технология бойынша оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін  дамыту,  оқу  материалдарын  өңдеудің 
жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Ал оның өзегі – оқу модулі. 
С.И. Ожеговтың пайымдауынша, «модуль дегеніміз белгілі бір тақырып ішіндегі 
бөліктердің  өзара  топтастырылған  жүйесі»  [1,  65  б.].  Оқу  модулі  үш  негізгі 
құрылымданған  бөлікке  бөлінеді:  кіріспе,  сөйлесу  және  қорытынды.  Кіріспе 
бөлімде 
оқытушы 
оқу 
модулінің 
жалпы 
құрылымымен, 
оның 
мақсат­міндеттерімен  таныстырып  алады.  Ал  оқушылардың  оқу  материалын 
қайта  жаңғырту  кезеңін,  білім,  білік  және  дағдыларды  бірнеше  рет  қайта 
қолдануы  сабақтың  сөйлесу  бөлімінде  болады.  Бұл  бөлім  аудиторияны  үш 
немесе  алты  адамнан  тұратын  шағын  топтарға  бөлу  арқылы  өтеді.  Сөйлесу 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
101 
бөлімінде оқытудың белсенді және ойын секілді формаларын кеңінен тиімді етіп 
қолдануға  болады.  Оқу  модулінің  қорытынды  бөлімі  бақылау  жұмыстарына 
арналады. Қорытынды бөлімде сөйлесу бөлімінде алған білімін, біліктерін және 
дағдыларын  ешкімнің  көмегінсіз  көрсетуі  керек  болады.  Бақылау  жұмысы 
ретінде  тестілік  жүйелерді,  сынақ,  зертханалық  жұмыстарды,  эксперименттік 
жұмыстарды жатқызуға болады. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, 
бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  бойынша  берілген  мұғалімнің 
нұсқауларынан  және  оқушының  іс-әрекетінің  мақсатты  бағдарламасынан 
тұрады. 
Модульдік  оқытудың  негізгі  идеясы  –  жаңғырту.  Жаңғыртудың  негізгі 
мазмұны мынадан көрінеді: 
1.
 
оқытудың жалпы мақсатын қою; 
2.
 
жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 
3.
 
оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау
4.
 
оқу әрекеттерінің жиынтығы.  
Біз,  өз  зерттеу  жұмысымызда  осы  модульдік  технологияны  пайдаландық.  
Біз  осы  технологияны  басшылыққа  ала  отырып,  колледждің  оқу 
бағдарламасында  берілген  тақырыптарды  логикалық  бір  жүйеге  келтіріп, 
модульдерге  бөлдік.  Бұл  технология  бойынша  жасақталынып  отырған 
әдістемелік жүйемізді бірнеше маңызды компоненттерге бөлеміз:  

 
мазмұндық  компонентінде  программалау  пәні  бойынша  ақпараттық 
оқыту ортасы ретінде алынып, әрбір меңгерілетін тақырып иерархиялық ақпарат 
етіп  беріледі.  Мазмұндық  компонент  электрондық­әдістемелік  жүйенің 
құрамындағы  модульдерді  айналып  тұратын  инвариантты  ядро  ретінде 
қарастырылады. Модульде білімді жүйелік деңгейде бекітетін және мемлекеттік 
құжаттармен  нақтыланатын  (білім  беру  стандарты,  оқу  бағдарламасы,  оқу 
жоспары,  оқу-әдістемелік  кешен)  мазмұн  ұсынылады.  Әрине,  программалауды 
оқытуға  болашақ  мамандарды  дайындауда  әдістемелік  курстың  мазмұнын 
ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
жағдайында 
дұрыс 
бағытта 
құрылымдап  және  алгоритмдеп  алуымыз  керек.  Әдістемелік  дайындық  өз 
құрамына  педагогикалық-  психологиялық,  пәндік,  әдістемелік  білімді  кіріктіруі 
керек.  Мұндай  тұрғы  электрондық­әдістемелік  жүйедегі  әдістеме  курсының 
педагогикамен және психологиямен, программалаумен байланысын көрсетеді; 

 
мақсаттық 
компонентінде 
жасалынып 
отырған 
электрон-
дық­әдістемелік 
жүйенің 
мақсаттық 
компонентінің 
теориялық 
негізі 
программалау  пәнінің  әрбір  бөлімін  түсінуге,  оның  мақсаты  мен  тапсырмасын 
ашады.  Электрондық­әдістемелік  жүйенің  мақсаттық  компонентін  жасақтау 
оның  практикалық  жүзеге  асырудың  ғылыми  негізделген  жолдарын  іздестіру, 
мақсат  категорияларын  зерттеуінен  көрінеді.  Электрондық­әдістемелік  жүйенің 
бұл  компоненті  психология  мен  педагогикада  үлкен  рөл  атқарады.  Біздің 
ойымызша, осындай модульдерді жасақтау мұғалім мен оқушыға сабақтың типі 
мен  сипаттамасын  анықтауға,    сабақты  техникалық  құралдармен,  әдістемелік 
құралдармен,  жабдықтармен  қамтамасыз  етуге,  теориялық  оқу  мен 
педагогикалық практиканы байланыстыруға септігін тигізеді; 

 
операциялық  компонент  арнайы  педагогикалық  колледждің  оқыту 
үрдісіне  пайдаланылып  жүрген  оқу  бағдарламасына  негізделіп  отыр.    Осы  оқу 
бағдарламасына  сәйкес  болашақ  мұғалім  практикада  педагогикалық  ғылым 
жетістіктерін  қолдана  білуі  керек,  программалау  бойынша  оқыту,  дамыту, 
тәрбиелеу  функцияларын  жүзеге  асырып,  жобалай  білуі  керек,  оқу  үрдісін 
жоспарлауды  және  оған  оқу  тәрбиелік  түзетулер  енгізуді  білуі  керек, 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
102 
программалау  бойынша  берілген  түрлі  тапсырмаларды  құрастыруды  меңгеруі 
керек.  Яғни,  электрондық­әдістемелік  жүйенің  операциялық  компоненті 
құрамына  білім  алушылардың  белгілі  пәндердің  өзара  байланысын  оқыту 
әдістері арқылы таныстырады. Бұл компонентте тапсырмалар түрлері берілген:  
1
1. негізгі түсініктер, білік және дағдыны қалыптастыру үшін;  
2. қатысушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін;  
3. танымдық қызығушылықтарды арттыру үшін;  
4. қатысушылардың танымдық іс­әрекетін басқаруға;  
5. оқытудың нәтижелік көрсеткіштерін көрсетуге [1, 68 б.]. 
Бұл  компоненттер  модульмен  тығыз  байланысты.  Электрондық­әдістемелік 
жүйедегі модульдер негізінен жүйелік, құрылымдық, тұлғалық-бағытталған тұрғыларда 
болады  және  ашық  сипатта  болады  [4,  15  б.].  Ал,  жалпы  осы  технологиямен 
программалау  пәнінен  электрондық­әдістемелік  жүйені  жасауда  біз  оқу  ақпаратының 
логикалық  құрылымын  көрсету  үшін  графтар  әдісін  қолдандық.  Бұл  әдіс  тақырып 
аралық,  тақырып  ішіндегі  байланыстарды,  әрбір  жаңа  түсінік  арасындағы  негізгі 
логикалық  байланысты көрсетеді. 
Осыдан келіп, біз төмендегіше модульдерді ұсынамыз:  
1) төрт пәндік облыс білімін біріктіретін кіріктірілген модуль: 
- педагогика; 
- психология; 
- программалау тілдері, орталары; 
- программалауды оқыту әдістемелері; 
2) «Программалау» пәні деп аталатын негізгі төрт модульдеріміз.  
«Программалау» пәні бойынша өз алдына:  
1- модуль  “Алгоритм. Алгоритмдеу”; 
2- модуль  “Программалау тілдері”; 
3- модуль  “Программалау орталары”; 
4- модуль  “Бақылау нәтижесі” модульдерге жіктеліп отыр. 
“Алгоритм.  Алгоритмдеу”  деп  аталатын  бірінші  модульде  алгоритм 
ұғымы,  алгоритм  түрлері,  алгоритм  қасиеттері  және  тарау  бойынша  есептер 
шешу болып топталады.  
«Программалау тілдері» деп аталатын екінші модульде Basic, Turbo Pascal, 
C+ программалық тілдері туралы оқытылады.  
Ал,  үшінші  модуліміз    «  Программалау  орталары  »  деп  аталады  және 
Delphi және Visual Basic программалау орталары туралы ақпарат беріледі. 
Төртінші    модуліміз  «Бақылау  нәтижесі  »  деп  аталады.
   
Тaпсырмaлaр 
жүйeсі  әрбір  тaқырыптың  соңындa  іскe  қосылуы  кeрeк.  Ол  студeнткe  осы 
тaқырыптaр бойыншa сұрaқтaр мeн тaпсырмaлaр бeрeді. Бұл студeнтті іздeнугe, 
оқу  мaтeриaлдaрын мұқият  қaйтaлaуғa мәжбүр  eтeді.  Қaйтaлaу  aрқылы  студeнт 
aлғaн білімін толықтырып отырaды [3, 22 б.]. 
Жалпылай  айтқанда,  электрондық­әдістемелік  жүйе  өзгермеуші  ядродан 
(модульден)  және  түрлі  сырт  қабықтан  (гипермәтін,  интерактивті  тапсырмалар, 
тестілер) тұрады. Модульде мемлекеттік құжаттармен (білім беру стандарты, оқу 
бағдарламасы)  белгіленген,  жүйелік  деңгейде  білімдерді  меңгеруді  қамтамасыз 
ететін  мазмұны  бар.  Гипермәтін  және  интерактивті  тапсырмалар  бастапқы 
программалық құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың программалау 
пәні бойынша оқулықтарының мазмұнымен, түрлі теориялық тұжырымдамалары 
бар ғылыми мақалалармен, программалаудан беретін оқытшыларға арналған оқу 
құралдары,  дидактикалық  тапсырмалар  мен  компьютерлік  бағдарламалармен  
қамтылу  арқасында  ядро  идеяларын  меңгеруді  қамтамасыз  етеді.  Модульдің 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
103 
мазмұнына  байланысты  идеяда  үлкен  немесе  кіші  үлес  салмағы  болуы  мүмкін. 
Тест  тапсырмалары  модульдің  мазмұнына  сәйкес  құрастырылған.  Мазмұнды 
таңдау және әдістемелік курстың құрылымы – күрделі мәселе, өйткені болашақ 
мұғалімдердің  әдістемелік  даярлығы  пән,  психологиялық-педагогикалық  және 
әдістемелік  білімдердің  бірігуімен  байланысты.  Сондықтан,  ЭӘЖ  моделінде 
программалық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік біртұтас жүйеде 
әр  түрлі  білімдердің  бірігуін  қамтамасыз  ететін  байланыстарға  көп  назар 
аударылған. 
ЭӘЖ-де  «Программалау  негіздері», 
«Психология» 
және 
«Педагогикасы»  курстардың  мазмұны  енгізілген.  Бұл  курстардың  әр  қайсысы 
жоғарыда сипатталған ЭӘЖ-дің моделіне сәйкес мақсаттық, мазмұндық, жылдам 
және бағалы-нәтижелі компоненттер бойынша құрастырылған. 
Осыдын  келіп  біз  электрондық  әдістемелік  жүйенің  мынадай  шарттардан 
тұратынын  және  ол  білім  беру-  әдістемелік  субьектілерінен  тұрса,  оның 
ақпараттық- оқыту ортасы функционалдық қызмет атқаратындығын көрсетеміз:  
- оқу ақпаратын модульдеу;  
- ақпараттық- оқыту аймағын құрастыру;  
- өзара байланысты қашықтын оқытуды жобалау;  
- оқытудың автоматтандырылған мониторингісін өткізу;  
Программалауды оқуға болашақ мұғалімнің дайындығы үш компоненттен 
көрінеді: 

 
мотивациялық: оқытудағы программалау мүмкіндіктерін түсіну; 

 
бағалық: арнайы білім көлемінің қажетті үлесі; 

 
жүйелік: білік пен дағдының қажетті үлесі. 
Сондықтан,  болашақ  мұғалімнің  программалау  бойынша  нақтыланған 
кәсіби дайындығын арттыру үрдісінде оның психологиялық-педагогикалық және 
пәндік дайындығына жүйелік талаптар кеңейеді. Бұл кезде маман: 

 
оқушыларды  оқыту  кезінде  программалау  орталарының  заманауи 
тұжырымдамалары мен мүмкіндіктерін біледі. 

 
программалау 
орталары, 
тілдері 
туралы 
жалпы 
әдістерді 
қалыптастыруды, пән бойынша оқу әрекетін ұйымдастыруды меңгереді. 

 
программалау 
материалдарын 
тексеру 
мен 
өзін-өзі 
тексеруді 
ұйымдастыру үшін программалау орталарын пайдалануды білу. 

 
дамыта  оқыту  жүйесінде  программалауды  пайдалану  әдістері  мен 
тәсілдерін меңгереді. 

 
білім алушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру жүйесін меңгереді. 

 
ақпараттық орта жағдайында жекелік топтық әрекетті үйлестіре біледі. 
Ал  М.М.  Жанпейісова  бойынша модульдік  технологиямен  жұмыс кезінде 
оқытушы міндеттері былайша болады:  

 
оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; 

 
топта  берілген  блок  бойынша  жалпы  оқыту  модулінің  мазмұнымен 
таныстыру; 

 
оқытушының  материалды  қысқаша  түсіндіруі,  оқушыларға  оқу 
материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; 

 
оқушылардың  әрбір  сабақта  іс­әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық 
қарым­қатынас негізінде оқушының танымдық іс­әрекетін ұйымдастыру; 

 
жалпы  тарауды  немесе  тақырыпты  бірнеше  рет  қайталату  негізінде  оқу 
материалын  меңгерту,  барлық  тақырып  бойынша  тест  тапсырмаларын  өткізуге 
мән береді.  
Модуль  құрамы:  ə рекеттің  мақсаттық  жоспары,  ақпарат  қоры, 
дидактикалық  мақсатқа  жетудің  ə дістемелік  көрсетпелері.  Бұл  технологияға 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
104 
орай  оқу  мазмұны  өз  алдына  белгілі  жинақы  құрамға  келтірілген  ақпараттық 
блок күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, ə дістері 
мен  олардың  игерілу  деңгейін  де  көрсететін  дидактикалық  мақсатқа  сə йкес 
меңгеріледі. Модульдік оқытуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл 
оқушыға  оқу  ə рекеттеріне  кірісумен  өз  мүмкіндіктерін  сезінуге,    білім  игеру 
деңгейін  өзі  анықтауына,  өз  білімдері  мен  ептіліктеріндегі  кемшіліктерді 
байқауына жə рдемдеседі [2, 97 б]. 
Модульдік  оқытудың  басқа  жүйелерден  өзіндік  айырмашылығы:  ең 
алдымен,  оқушы  өзінің  жеке  интеллектін  саналы  түрде  дамыта  отырып,  оқу 
мазмұнын  жіктеп  меңгереді,  ал  мұғалім  тек  ұйымдастырушы,  координатор 
(үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады. Модульді оқытудың 
көптеген  идеялары  бағдарламалап  оқытудан  алынған.  Ол  дәстүрлі  оқытудың  
жоғары  дәрежеде  ұйымдастырылған  баламалы  түрі.  Сабақ  үрдісіне  модульді 
біртіндеп  енгізген  дұрыс.  Жоғары  сыныптарда  модульді  оқытуды  дәрістік 
әдіспен  ұштастырған  өте тиімді. Модульге оқушылардың  оқу  –  таным  әрекетін 
ұйымдастырудың  барлық  әдістері  мен  түрлерін  пайдалануға  болады.  Мысалы, 
жеке,  жұптасып,  топтасып  жұмыс  істеу,  оқытудың  қай  жүйесінде  де  модульді 
пайдаланып, оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.  
Модульді  сабақты  әзірлеу  үшін    оның  дидактикалық  мақсаттарын 
анықтап,  модулдер  (ақпараттар  блоктарынан  тұратын)  жиынтығынан  тұратын 
модульді бағдарламаны құрастыру керек. Сызбанұсқа түрінде берсек: 
 
 
 
 
 
 
 
            
Оқу элементтерін құру үшін жеке 
дидактикалық мақсат 
 
Модульдік  оқыту  технологиясының  берері  көп.  Менің  ойымның  түйіні: 
қазіргі  кезеңде  мұғалімге  білімді,  білікті,  шығармашыл  болған  жарасымды.  Ал, 
ұстаздың  әр  сабағы  –  оның  ізденісінің,  еңбегінің  айнасы.  Уақыт  талабын 
ескерсек,  оқытудың  жаңа  технологиялары  түрлерін  меңгеру  және  оны  ендіруге 
әрбір мұғалім жауапты. Өйткені, қолданылып жүрген қай технологияны алсақ та, 
дүниежүзілік  білім  деңгейінде  қалыптасқан  азамат,  тұлға  тәрбиелеуге 
бағытталған. Ойымның соңын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің 
ертеңі  –  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  –  ұстаздың 
қолында» деген сөзімен аяқтағым келеді. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Курманалина  Ш.Х.  Методология  и  технология  cоздания  электронной 
методичеcкой  cиcтемы  в  уcловиях  информатизации  образования.  –  Алматы, 
Алем.  – 2002. – 308 с. 
2.
 
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002. – 
162 б. 
Кешенді дидактикалық мақсат 
Кіріктірілген (модульдерді құрастыру үшін) 
дидактикалық мақсат 

                                                                                                           
                                                                 
 
                                                                     Хабаршы 
№1- 2015ж.
 
 
105 
3.
 
Сағымбаева  А.Е.  Информатиканы  оқыту  барысында  оқушылардың 
білімін бақылау әдістері: пед. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2004. – 23 б. 
4.
 
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 
жолдары. // Ғылыми-практикалық жинақ. – Алматы, 2008. 
5.
 
 Байғанова  А.М.  Колледждің  ақпараттық  білім  ортасы  жағдайында 
оқушыларға  информатиканы  оқыту  әлістемесін  жетілдіру:  пед.  ғыл.  канд.  дис. 
автореф. – Алматы, 2008. – 27 б. 
6.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет