Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата03.03.2017
өлшемі8,79 Mb.
#5574
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
ƏОЖ  581.1   
 
ЖЫЛЫЖАЙДА « КУРАЖ » - ҚИЯР СОРТЫН ӨСІРУДІҢ 
АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мейіртан Т. 
(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) 
 
 
 
Тірек сөздер: жылыжай құрылысы, тұрақты магнит, технология 
Қазақ  елі  шаруашылықтың  қай  түрін  болса  да,  жете  түсініп,  толық  пайдалана 
білген.  Алғашқы  қауымдық  кезеңдерден  бастап-ақ,  аңшылықтан-малшылық, 
терімшіліктен-егіншілік,  пайда  болды.  Ғылыми  үрдіс  жандана  келе,  бұл 
шаруашылықтар  ауқымдай  түсті.  Биология  ғылымының  салаларында  өндірістік 
кеншарлар  қанат  жайып,  елге  оңтайлы  қажет  туғызды.  Атап  айтар  болсақ,  мал 
шаруашылығы,  құс  шаруашылығы,  аң  шаруашылығы,  омарта  шаруашылығы,  балық 
шаруашылығы,  өсімдік  шаруашылығы  жəне  т.б  көпшілігі  дамыды.  Бұлардың 
барлығына  биология,  селекция,  генетика,  биометрия,  ботаника  ғылымдары  ауқымды 
үлес қосып, көрнекті көрініс тапты. 
Жаңа  заман  талабына  сай,  елімізде  тек  пайдасы  мол,  шығыны  аз  жұмыстардың 
жолы  қарастырылып,  ғылыми  аппарат  жұмыс  атқара  бастады.  Жаңа  заманның  
иновациялық  жаңалықтарынан  біздің  білім  ордамыз  да  құр  қалып  жатқан  жоқ.  
Поликарбонаттан  жасалған  100  шаршы  шақырым  ауданды  қамтыған  жылыжай  Тараз 
Мемлекеттік  Педагогикалық  Институтында  да  бой  көтеріп,  ғылым  мен  қоғамға  өз 
пайдасын тигізуде. 
Эксперименттік  мақсатта  салынған  бұл  жылыжай  ғылымның  сұранысына  сай 
барлық жағдайлар мен қамтылған. Жылыжайда сыртқы ортаның əр түрлі факторларына 
төтеп беру процесі өте жоғары дəрежеде. Бүгінгі таңда біз «Кураж» деп аталатын қияр 
сортын ектік. Жылыжайда тек қияр ғана емес басқа да  көкөніс дəм берушілер (укроп) 
де, өсірілуде.  
Қиярлардың  əр  қайсында  тамшылатып  суару  режимі  бекітілген.  Суарудың  бұл 
түрі  өте  пайдалы  əрі  үнемді.  Бұл  əдіс  жылыжайды  толық  қамтамасыз  етуде. 
Тамшылатып  суарудың  тағы  бір  ерекше  тұсы-өсімдіктің  топырағын  қатып  қалудан, 
кеуіп кетуден сақтап, бір қалыпты ылғалдылықты сақтап  тұрады.  
 
Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы 
ХХІ  ғасырдағы  өсімдік  шаруашылығы  бойынша  болжам,  дамыған  елдер 
толығымен  жылыжайға  көшуде  екендігін  көрсетті.  Қазіргі  таңда  жұмыс  істейтін 
жылыжайлардың  ауданы  Ресейде  2000  га,  Польшада  6000  га,  Турцияда  41000  га, 
Голландияда 10000 га, Қытайда 1500000 га, Қазақстанда бар болғаны 58,6 га. 
Жылыжай  өндірісінен  ауа  райы  мен  климат  жағдайларына  қарамай  ашық 
жерлерге  қарағанда  өте  жоғары  өнім  алуда.  Қазіргі  жылыжай  ғимараттары  жабық 
экологиялық  жүйе  ретінде,  жарық  өткізгіш  материалдармен  жабылып,  жасанды 
климатта ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін, аз көлемді механизацияланған жəне 
автоматтандырылған технологиялық пакеттермен қамтамасыз етілген. 
Қазақстанда  жеке  шаруа  қожалықтары  жабық  жерде  ауылшаруашылық 
дақылдарын  өсіруге  қызығушылық  танытқанымен,  жылыжай  құрылысының 
қымбаттылығы  жəне  білікті  мамандардың  жоқтығы  оны  қолдануға  толық  мүмкіндік 

 
129
бермеуде.  Сонымен  қатар  қандай  жылыжай  конструкциясын  таңдауға  болатындығы 
туралы ақпараттың жоқтығы да, бұл саланың дамуын тежеуде. 
Жылыжай  комплексін  Қазақстанда  дамытуға  ат  салысып  келе  жатқан  ірі 
компаниялар  Голландия,  Израйль,  Россия,  Турция,  Қытай  жəне  Оңтүстік  Корея 
елдерінің мамандандырылған фирма мен компаниялары. 
Израйль  мемлекетінен  осы  саланы  дамытуға  зор  үлес  қосып  жүрген  үздік 
фирмалары  Нетафим,  AZRUM,  Даган,  AGS  technology  Россиядан  ООО  АгроСовГаз, 
Рессей  Голландия  біріккен  фирмасы  Венло  –  Проектен  Холдинг,  Интек,  ООО 
«Гринкомплекс»,  ООО  СпецСтройМонтаж,  Турциядан  ОЗТОПРАК,  Қытайдан« 
NEGEV», Кореядан ВК graenhouses. 
Осы  фирмалардың  ішінде  Израйль  мен  Россия  елдерінің  фирмаларының  аттары 
біздің  елде  белгілі  болғанымен  басқа  шетелдік  фирмалар  осы  бағытта  əлем 
рыноктарына енді шыға бастады. 
Жылыжайды  таңдау  кезінде  бір  қатар  параметрлерді  ескеру  қажет  атап  айтсақ: 
жылыжайдың пайдалану ауданы –бұл параметр бойынша олар екі типке бөлінеді 
Фермерлік жылыжайлар  ауданы 500м

-қа дейінгілер. 
Өндірістік жылыжайлар  ауданы 600м
2
 -тан жоғары.  
Осы екі типті жылыжайды дамытуда мына компаниялар əлем рыногында жемісті 
жұмыс істеуде;  
1.  ООО  АгроСовГаз  –компаниясы  ауданы  60-тан  600   -ге  дейін    жылыжай 
салуға маманданған.  
2. «Интек» компаниясы жылыжай ауданы 12150м
2
 салуға маманданған.  
3. ООО ГринКомплекс,  NEGEVауданы 600м
2
 -қа дейін, 
4. ВК graenhouses  ауданы 500м
2
 -қа дейін салуға маманданған. [2,3] 
«Кураж»  қиярын  өсіру  агротехникасы.  Қияр  көшетін  өсіру  үшін  жылыжайда 
əртүрлі  субстраттар  қолданылады.  Құнарлы  топырақты  12-15  см  қалындықта 
толтырып, топырақты  қосып оның тереңдігін 20-24 см-ге дейін  жеткізеді. Көшеттерді  
топырақ  температурасын 18-20
0
С- қа дейін жеткенде бір- бірінен 40-50 см- аралықта 
отырғызады. 
3-ші  жапырақ  шыға  салысымен,  соның  астынан  оны  күрмеп  байлап  шпагатты 
жоғары көлденең сымға байлау керек. Қиярдың сабағы өскен сайын оны шпагат жіппен 
орап,  өсіп  шыққан  мұртшаларды  жұлып  отыру  керек.  Сабақ  өскен  сайын  50  см-  ден 
кейін  барлық  жапырақтар  мен  бүйір  өскіндермен  гүлдерді  жұлып  отыру  керек,  бұл 
негізгі өнім беретін сабақ бөлігін жақсы жарықтандыру үшін қажет. Неғұрлым жарық 
көп  түссе,  соғұрлым  алынатын  өнім  көбейеді.  Негізгі  сабақта  5-8  –ге  дейін  салынған 
қиярды қалдырып ең  жоғарғы   сымға жеткен кезде, оны төмен қарай бұрып, сабақта 
шыққан  1-4  жапырақтарды  жұлып  тастау  керек.  Төмен  қарай  бұрылған  негізгі 
сабақтағы  4-і  жапырақтан  кейін,  олардың  ұштарын  шырпиды,  ал  бүйір  өскіндерін  əр 
40-50  см  сайын  жерге  1  м  қалғанша  шырпып  отырады.  Сонымен  қатар  2-ші  ретті 
өскіндерді  2-3  жапырақтан  кейін  шырпу  қажет.  10  күн  сайын    қияр  дақылын  үстеп 
қоректендіріп  отыру  қажет,  яғни  10  л  суға  1  л  коровяк  пен  10  г  мочевинаны 
араластырып беріп отыру қажет. 
Өнімді  жинай  бастағанда,  олардың  түсіне  жəне  формасына  назар  аудару  қажет. 
Топырақта  азот  жетіспесе  өнімнің  түсі  ашық-  жасыл,  жоғарғы  жағы-  гүл  болған  жері 
қысқарып,  үшкірленеді.  Калий-  жетіспеген  жағдайда  сабақ  жағы  қысылып,  жоғарғы 
жағы шар формалы болып үлкейіп кетеді. 
Өнімдердің 4-6 жапырақтары шығысымен  негізгі сабақтан бүйір өскіндер пайда 
бола  бастайды.  Бірінші  өнімді  астыңғы  жақтарынан,  аптасына  2  рет  жинап,    жаппай 
өнім  бере  бастағанда  2-3  күнде  бір  рет  жинауға  болады.    Қиярды  жинаған  кезде  түп 

 
130
жағынан  кішкене  ғана  сабақ  (хвостик)  қалдырып  кесіп  алу  керек,  бұл    қиярдың  тез 
солып қалмауына ықпал етеді. 
Жылыжайда қиярдың тұқымын жерге отырғызған соң оның ең басты жауы- суық. 
Одан  кейін  күн  жылына  бастаған  кезде  жоғары  температура  да  өте  қауіпті.  Сонымен 
қатар қияр өніміне мынандай факторлар елеулі əсер етеді: 
1. Өте жиі себілген өскін- өйткені мұндай жағдайда қоректік элементтер жетіспесе 
аурудың таралуына мүмкіндік туады. Қияр сортына байланысты 1 
- ауданға 2 ден 4 
ке дейін өсімдік егуге болады. 
2.  Дұрыс  желдетпеу  (сквозняк)  -  қияр  дақылының  өсіп  –  дамуына  абсолютті  
қарама-  қарсы  кері  əсер  етеді.  Жылыжайдың  терезелері  мен  есіктерін  оның  ішіндегі  
температура 30ºС- дан асқан кезде ғана тек бір жағынан ғана, кезекпе- кезек ашу керек. 
Температураның күрт өзгеруін болдырмау қажет. 
3.  Артық  көлемде  суғару.  Қияр  артық  суғарудан  ауыра  бастайды,  өйткені 
тамырдың  дамуына  оттегі  жетіспейді.  Суару  нормасы  1 
-  1-2  шелек  су  (10-20  л). 
Өсімдік  гүлдей  бастағанда,  суару  нормасын  кемітіп,  одан  кейін  қайтадан  нормаға 
сəйкес қайтадан суару қажет. 
4.  Жылыжайдағы  өсетін  қияр  дақылдарын  міндетті  түрде    қырқып  сиретіп, 
формировка жасап тұру қажет. 
5.  Мезгілімен  өнімді  жинамау.  Өз  уақытымен  терілмеген  қияр  өнімі,  жаңадан 
пайда  болатын  жемістерді  кешеуілдетеді.  Ретсіз,  сирек  өз  уақытында  жинамау  өнімді 
жəне  оның  сапасын  кемітеді.  Қияр  дақылы  өнімді  толық  бере  бастағанда  1-2  күнде 
өнімді жинап тұру қажет. 
Қияр - кəді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас біржаздық дақыл.  Гректердің 
"аугурос", "огурец" аорос піспеген пісіп жетілмеген деген мағына береді.  
Кураж  F
1
 
  -  сорты-  ерте  пісетін  (43-47  күнде)  партенокарпикалық  будан  түйінді 
түрде  гүлдейді,  əрбір  түйінде  15-ке  дейін  жеміс  болады.  Өсіру  жағдайына  өте 
бейімделгіш  бір сабақта 30- ға дейін жеміс салады. Ұзындығы 12-14  см, жиі бұдырлы, 
ақ тікенекті, өте дəмді сорт. Бұл қияр сортын универсалды түрде пайдалануға болады, 
яғни оны тұздап та, салат жасап жеуге де болады. Өте өнімді, бірқатар қияр ауруларына 
төзімді сорт.[4] 
 
Тұрақты магнит өрісімен өңделген судың 
«Кураж» қияр сортының өнімділігіне əсері 
 
Су-  сұйық  та,  қатты  да,  əрі  газ  күйіндегі  де  түрінде  жəне  көптеген  мөлшерде 
кездесетін жер бетіндегі бірден-бір зат. Су өне бойы қозғалыста болады. Судың сұйық 
зат ретінде негізгі биологиялық ерекшелігі оның еріткіш қасиетінің болуы. Су- белгілі 
бір ортада жəне сол өсімдіктегі тіршілік үшін аса маңызды физиологиялық процестерге 
тікелей  қатысады.  Су  ерітінділеріндегі  өсімдіктердің  топырақтан  қоректенуінің, 
заттардың  жанасуының  негізі  болып  табылады.  Су  –  физика,  химия,  биология  жəне 
басқа да ғылым салаларының зерттеу объектісі. 
Суды  тұрақты  магнитпен  өңдеу  арқылы  ауыл  шаруашылық  дақылдарының 
өнімділігін арттыруға болады. 
Суды магниттеу үшін тұрақты магнит пайдаланылды.  
Тұрақты  магниттер  немесе  қарапайым  магниттер  деп  магниттелуін  ұзақ  уақыт 
сақтайтын  денелерді  айтады.  Мұндай  денелерге  табиғи  магниттік  теміртас  жатады. 
Магниттің қасиеттері бойынша бір біріне ұқсамайтын солтүстік (N) жəне оңтүстік (S) 
деп аталатын екі полюсі бар.  
ТарМПИ жылыжайында біз аталған тұрақты магнитті суару құбырына орнаттық. 
Жылыжайда  тəжірибе  барысында  тұрақты  магнитті  сумен  суару  (М),  тамшылатып 

 
131
суару  (Т),  дəстүрлі  арықпен  суару  (А)  жүйелерінің  қияр  өсімдігіне  қандай  дəрежеде 
əсер ететініне бақылау жүргіздік. (5-сурет) 
 
Жоғары көміртекті (0,90-1,10%) қоспаланған болаттар (Fe-Cr, Fe-Cr-W, Fe-Al, Fe-
Cr-Co,  жəне  т.б  жүйе  негізінде)  тұрақты  магнит  жасауға  қолданылады.  Алюминий 
өсімдіктерге  қажет,  олардың  зат  алмасуында  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Темірдің 
жетіспеуінен  өсімдіктерде  фотосинтез  қарқындылығы  бəсеңдейді.    Сонымен  қоса, 
темірді пайдалануы нашарланған өсімдіктің көзге оңай түсетін тұрақты белгісінің бірі- 
хлороз(сарғаю) ауруы болып есептеледі. Осы аурудың қияр өсімдігінде кездесетін көп 
түрлері  темірдің  жетіспеуіне  байланысты.  Кобальттың  тыныс  алу  мен  фотосинтез 
ферменттерінің  ырықты  бөлігіне  енетіндігі  байқалған.  Осы  қоспаланған  болаттар 
(тұрақты  магниттің  құрамы)  су  арқылы  қияр  өсімдігінің  өнімділігіне    едəуір  көлемде 
əсер  еткенін  тəжірибе  барысында  көз  жеткіздік.  Тұрақты  магнит  өрісімен  өңделген 
судың  тұрақты  ерекшіліктері  анықталып,  жылыжайдағы  көкөністердің  өнімділігіне 
əсері байқалды. 
 
 






1-  Жалпы су құбыры 
2-  Су 
құбырына 
орнатылған  тұрақты 
магнит 
3-  Əр  қияр  өсімдігінің 
қатарларына 
жеке 
жеке  орнатылған  су 
құбыры 
 
Сурет 5. ТарМПИ жылыжайында тұрақты магниттің су құбырына орнатылғын сызба 
нұсқасы 
4-ші жəне 5-ші кестеде беріліп отырған көрсеткіштер ТарМПИ-дің жылыжайында 
тəжірибелік бақылау жүргізген уақытта алынған. Үшінші бір ғана қатарды тек тұрақты 
магниттелген  сумен  тамшылатып  суару,  төртінші  қатарды  тек  тамшылатып  суару,  он 
алтыншы  қатарды  арықпен  суару  жүйесі  пайдаланылды.  Бақылау  жүргізген  кезеңде 
алғашқы  айлар  да  тұрақты  магниттелген  сумен  суару  əдісін  пайдалану  өзіндік 
нəтижелерін  бере  бастады.  2-3  аптадай  уақыт  өткен  соң,  тұрақты  магниттелген  сумен 
суару айтарлықтай айырмашылық көрсеткенін 4-кестеден байқауымызға болады. 
 
4 кесте. Фенологиялық бақылау нəтижелері. 
 
Бақылау 
күндері 
Қатар № 
Орташа биіктігі, 
см 
Жапырақ ауданы, 
м
2
 
30.09 
3 қатар, магниттелген сумен суару 
 
4 қатар,тамшылатып суару 
 
16 қатар, арықпен суару 
18,38 
 
21,08 
 
18,33 
1,5680
 
 
1,5721 
 
1,2423 
8.10 
3қатар,  магниттелген сумен суару 
 
4 қатар, тамшылатып суару 
 
16 қатар, арықпен суару 
43,30 
 
51,69 
 
41,66 
4,200 
 
 
4,3845
 
 
3,3210  

 
132
17.10 
3 қатар, магниттелген сумен суару 
 
4 қатар, тамшылатып суару 
 
16 қатар, арықпен суару 
92,84 
 
101,23 
 
91,2 
5,8968 
 
5,7888 
 
4,5784 
24.10 
3қатар, магниттелген сумен суару 
 
4 қатар, тамшылатып суару 
 
16 қатар, арықпен суару 
121,37 
 
129,76 
 
102,41 
7,6506 
 
7,4358 
 
4,9022 
26.11 
3 қатар, магниттелген сумен суару 
 
4 қатар, тамшылатып суару 
 
16 қатар, арықпен суару 
271,03 
 
253,71 
 
242,50 
14,7648 
 
14,4556 
 
10,7554 
 
Кесте 5. Тəжірибелік жылыжайда  алынған өнімнің маркетингтік бағасы. 
 
№ Қатар 
Түп 
саны 
Орташа 
өнімділгі, кг 
Бағасы,  теңге 
200 
300 
400 
500 
3  қатар,  магниттелген  сумен 
суару 
13 
156 кг 
31200 
46800 
62400 
78000 
4 қатар, тамшылатып суару 
13 
130 кг 
26000 
39000 
52000 
65000 
16 қатар, арықпен суару 
13 
91 кг 
18200 
27300 
36400 
45500 
 
Тұқымдағы  биофизикалық  жəне  химиялық  өзгерістердің  нəтижесінде 
магниттелген  сумен  суарғаннан  кейін  өсімдіктің  өсуі  жылдамдап,  өнімнің  құрлымы 
жақсарып, түсімі жоғарылады. Сонымен қатар бұл Кураж сортының  белгілі ауруларға, 
атап  айтқанда:  жалған  ақ  ұнтақ    пен  ақ  ұнтаққа,  сары  теңбілге,  вирустық  қияр 
мозайкасына, бактериозына магнитпен суарғаннан кейін төзімділігі артты. 
Осы  жүргізілген  тəжірибелердің  нəтижелері  бойынша  қияр  дақылдарының 
тұқымын  сепкеннен  кейін,  тұрақты    магниттік  өріспен  өңделген  сумен  суарғанда, 
өскіннің  ерте  шығуы,  сабағының  толық  жəне  ұзын  болуы,  өнімнің  артуы  жылыжайда 
магниттік суды кеңінен қолданылуды қажет етеді. 
 
Қорытынды 
1.Жылыжайда  қиярды  өсіру  технологиясын  зерттеу,    оларға  күтім  жасау  жəне 
шаруашылыққа көкөніс дақылдарының тигізетін əсерін анықтау, зиянкестері мен ауру 
қоздырғыштарына қарсы шаралар қолдану туралы  мəселелер ғылыми жұмысымда кең 
көлемде  қамтылды.  Бүгінгі  күні  көпшілікті  толғандырып  жүрген  жылыжай 
кешендерінің құрылысы мен қолданылу аясы зерттеліп, тақырыпқа байланысты нақты 
дəлелдемелер жазылды. 
2.  Елімізде  жылыжай  кешендерін  салу  толық  аяқталды  деп  айта  алмаймыз. 
Алайда,  соңғы  кездері  қиярларды  жылыжайда  өсіріп,  өнім  алу  кең  тарауда.  Бұл 
технологияда  жасанды  субстратпен  қатар  жасанды  жарық  қолданылады,  сондықтан 
көкөністі өндіру ауа райы жағдайына тəуелді болмайды. Бұл озық техологияны көкөніс 
фабрикасы  деп  атайды.  Алдағы  күндерде,  бізде  аталмыш  технологиялық 
қондырғыларды  пайдаланып,  жұмыс  жасаймыз.  Себебі,  ТарМПИ  жылыжайы  қазірдің 
өзінде барлық талаптарды орындап, қарқынды жұмыс атқаруда.    
Сонымен  қорытындылай  келе  суды  тұрақты  магниттік  өріспен  өңдеу  арқылы 
жылыжайда  өсірілетін  қиярдың    өнімділігін  арттыруда  биологиялық  зерттеу  өз 
нəтижесін көрсетті. 

 
133
Əдебиет: 
1.  Есали А. Жылыжай салуға неге құлқымыз жоқ? // Ақжол. 2007ж. 
2.  Құлжанов А.  Қазіргі уақытта жылыжайлардың  маңыздылығы. //Жаршы 2002/8 
3.  Дүйсенбаев М. Инновациялық  негіздегі  жылыжай //Ақ жол 21 мамыр 2011ж №84, 2 б. 
4.  http:// www.sadoved.com. 
 
 
 
УДК: 581.1 
 
ИЗУЧЕНИЕ ВРЕДИТЕЛЕЙ И БОЛЕЗНЕЙ ХЛОПЧАТНИКА 
В МАКТАРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ 
 
Мусаева А.Т. 
(Таразский государственный педагогический институт) 
 
 
 
Хлопчатник  –  уникальная  прядильная  культура.  Он  относится  к  семейству 
Malvaceae L., роду Gossypium L. Хлопчатник возделывается в тропиках, субтропиках и 
в  умеренной  климатической  зоне  земного  шара.  Хлопок  является  незаменимым 
материалом,  использующейся  как  промышленности,  медицине,  так  и  в  
сельскохозяйственной культуре. 
Самыми высокоурожайными по производству хлопкового волокна странами мира 
являются  США,  Египет,  Израиль,  Австралия,  Узбекистан  (10–12  Ц./га  хлопкового 
волокна).  Низкие  урожаи  хлопкового  волокна  получают  в  странах  Азии,  Африки, 
Океании,  Европы,  Южной  Америки  (3–6  Ц./га).  Наиболее  крупным  экспортером 
хлопкового  волокна  является  Узбекистан  (44  %  от  общего  объема  импорта).  Далее 
следуют Казахстан (16 %), Таджикистан (14 %), Киргизия (13 %), Азербайджан (9 %), 
Туркменистан (3 %). 
Хлопководство 
- основная сельскохозяйственная отрасль в Южно-Казахстанской 
области,  которая на сей день является самым крупным производителем хлопчатника в 
Республике 
Казахстан. 
Основные 
районы 
хлопководства: 
Мактаральский, 
Шардаринский,  Туркестанский  и  Сарыагашский  район.  В  частности  это 
Мактаральский, на долю которого приходится около 90% производства хлопчатника.  
Если верить подсчетам то, за последние двадцать два года максимальный урожай 
сырца собрали в 1999 году. Тогда средняя урожайность по району составила 27,8 Ц./га. 
В следующем году она пошла на убыль и составила уже 26 Ц./га, и так с каждым годом 
все ниже и ниже. В 2012 году собрали 15,9 Ц./га.  
Так, за период с 2000 по 2013гг производство хлопка резко упало. Общий объем 
урожая соответственно по годам за этот период составлял от 313 до 383 тыс. тонн. 
Основные  причины  создавшегося  положения  кроются  в  повреждение 
хлопчатника  теми  или  иными  вредителями,  которые  поедают,  начиная  с  семян  и 
всходов  растения,  вплоть  до  его  плодовых  органов,  вследствие  чего  он  заболевает 
различными  вредоносными  заболеваниями.  Из-за  больших  потерь  урожая,  что  в 
дальнейшем привело к  банкротству земельных угодий, большинство крестьян, в целях 
выйти из данной проблемы решили уменьшить посевы хлопка, и увеличить бахчевые и 
овощные культуры.   
Все это может привести к дефициту хлопчатника, а вследствие чего повысится и 
уровень цен не только на хлопок, но и продукции в состав который он входит.  

 
134
В  связи  с  возрастанием  численности  населения  на  Земном  шаре,  возрастает  и 
потребность  в  продукции  хлопка,  в  особенности  волокна,  его  развитие  в  дальнейшем 
весьма  важно  для  нашей  страны.  Эта  потребность  заставляет  ученых  на  всех 
континентах распространения хлопчатника, в том числе нашей республики проводить 
научные исследования по разработке путей получения высоких урожаев хлопка-сырца.  
 Основной  целью  нашего  исследования  является  увеличение  эффективности 
произрастания хлопка посредством борьбы с его вредителями и заболеваниями.  
На  основании  результатов  исследований  в  условиях  Мактаральского  района,  
нами  были  научно-обоснованы  и  установлены  оптимальные  методы  борьбы  с 
вредителями,  являющихся  возбудителями  различных  заболеваний  на  хлопке,  полное 
истребление способствует существенному повышению урожайности хлопка-сырца.  
Практическая  значимость  работы  заключается  в  том,  что  внедрение  в 
производство  разработанных  оптимальных  вариантов  изученных  в  ходе  исследования  
обеспечивает  получение  наивысшего  уровня  урожайности  с  одного  гектара.  Выводы, 
методики,    и  обследования,  применяемые  в  данной  работе,  могут  быть  широко 
использованы в производственных условиях для получения максимального количества 
урожая.  
В целом, наше исследование состояло из нескольких этапов. 
На  первом  этапе  нашего  исследования,  чтобы  полностью  охватить 
предоставленный нами материал, мы указали общую характеристику хлопчатника, его 
биологическое  и  ботаническое  описание,  значение  в  промышленности  и  сельском 
хозяйстве.  
Хлопчатник
 — ценная прядильная культура. Из хлопчатника можно получить до 
75 видов продукции. Волокно его идет для выработки разнообразных тканей — ситца, 
батиста,  маркизета,  трикотажа,  а  также  для  производства  ниток,  корда,  целлулоида, 
фотопленки,  ценных  сортов  бумаги.  В  смеси  с  химическими  волокнами  или  шерстью 
хлопковое волокно используется для изготовления различных тканей [5]. 
Линтер  (подпушек)  идет  для  изготовления  ватина,  искусственного  фетра, 
целлюлозы,  пластмассы,  фотопленки,  лака.  Из  1  т  хлопка-сырца  получают:  волокна 
330—360 кг, семян 550—580 кг, линтера 30—40 кг. 
В  семенах  хлопчатника  содержится  20—25  %  масла,  применяемого  в  пищевой, 
консервной  и  парфюмерной  промышленности,  для  приготовления  маргарина, 
глицерина,  олифы,  машинных  масел.  Из  госсипола,  получаемого  при  очистке  масла, 
получают  лекарственные  препараты,  красители,  жаростойкие  лаки.  Из  100  кг  семян 
можно  получить  до  19—20  кг  масла  и  до  42  кг  жмыха.  Жмых  содержит  35—40  % 
белка,  но  использовать  на  корм  животным  его  нужно  осторожно  из-за  содержания 
глюкозида  —  госсипола.  Хлопковая  шелуха,  отделяемая  от  ядра,  идет  для  получения 
технического  спирта,  картона,  пластмассы,  лигнина.  Сухие  стебли  (гузапая)  после 
уборки  хлопчатника  используются  на  топливо.  Измельченные  стебли,  створки 
коробочек после обработки используются на корм скоту.  
На  втором этапе  мы провели  экспериментальную  работу,  основательно изучив 
классификацию  вредителей  хлопчатника,  выяснили,  что  на  хлопчатнике  обитают  и 
размножаются  более  200  видов  разнообразных  организмов  –  насекомые,  клещи, 
беспозвоночные животные, несколько десятков видов микроорганизмов, вызывающих 
различные  заболевания  растений,  а  так  же  более  50  видов  насекомых  –  хищников  и 
паразитов,  уничтожающих  вредителей.  Главнейшими  вредителями  хлопчатника 
являются  следующие  виды:  обыкновенный  (хлопковый)  паутинный  клещ,  табачный 
трипс,  тли  (акациевая,  бахчевая,  большая  хлопковая),  озимая  совка,  хлопковая  совка, 
карадрина.  Повреждения  хлопчатника  теми  или  иными  вредителями  наблюдается  в 
течение всего вегетационного периода – от всходов до полного созревания. В первый 

 
135
период  развития  растений  вредители  повреждают  прорастающие  семена  и  всходы,  с 
момента образования двух – трех настоящих листьев и до конца вегетации – стебли и 
листья,  начиная  с  фазы  бутонизации  –  так  же  и  плодовые  органы.    В  зависимости  от 
строения  ротового  аппарата  вредители,  питаясь,  высасывают  соки  из  растений 
(сосущие  вредители)  или  же  грызут  корни,  стебли,  листья  т  плодовые  органы 
(грызущие вредители).    
Результаты  проведенного  исследования  позволяют  нам  сделать  следующий 
вывод:    рассмотрев  классификацию  болезней  и  вредителей  хлопчатника,  описав  все 
существующие  в  них  виды,  дав  им  общую  характеристику,  в  которой  не  только 
описываются  его  морфологические  особенности,  но  говорится  о  его  степени 
вредоносности и последствиях после его распространения на хлопчатнике, мы выявили 
экономический  порог  вредоносности  численности  вредителей  хлопчатника,  меры    и 
систему борьбы с ними: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет