Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата03.03.2017
өлшемі8,79 Mb.
#5574
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

Геометрическая задача.Дан треугольник со сторонами 
. Найдите 
опущенную высоту на сторону 4. 
Решение.  Немного  труднее  использовать  формулу  Герона  для  решения  данного  типа 
задач,  когда  стороны  треугольника  выражаются  иррациональным  числом.  Но  легко 
можно  составить  иррациональное  уравнение 
,  где    - 
высота опущенная на сторону 4. Данное уравнение относится ко (2) виду. Определяем 
коэффициенты  (5)  А
,
  .  Оба  числа  положительные  ,  значит 

Отв.3 
II.Пусть уравнение имеет  вид 

 
75
                           (7) 
Введем следующее обозначение 
                                            (8) 
 
Знак «+» или «-» в системе (8) берется соответственно в зависимости знака «+» или «-» 
в уравнении (7). Из системы (8)  получим: 
 
 
отсюда, 
 
т.е. 
 
где,    определяется формулой  
                                    (9) 
Отсюда, можно сделать следующий вывод: 
Вывод1. Для решения уравнения  
      (10) 
1)  Определяем число   по формуле (9) 
2)  Составляем систему уравнении  
                                            (11) 
Если  в  системе  (11)  хотя  бы  одно  из  чисел  в  правой  стороне  отрицательное,  то 
уравнение (10) не имеет решения.  
Если  системе  (11)  оба  числа  в  правой  стороне  не  отрицательные,  то  для  решения 
уравнения (10) достаточно решить одно уравнение в системе (11). 
Вывод2. Для решения уравнения  
      (12) 
1)  Определяем число   по формуле (9) 
2)  Составляем систему уравнении  

 
76
                                            (13) 
Если  в  системе  (13)  хотя  бы  одно  из  чисел  в  правой  стороне  отрицательное,  то 
уравнение (12) не имеет решения.  
Если системе (13) оба числа в правой стороне не отрицательные, то для решения 
уравнения (12) достаточно решить одно уравнение в системе (13). 
Пример3.([1], стр.287) Решить уравнение
 
Решение. 
Сопоставляя 
с 
(10), 
определяем: 
.  Находим 
.  Составляем 
систему (11)  
 
Оба числа в правой стороне положительные, тогда исходное уравнение имеет два корня 
1) 
 . 
2) 

Отв.{4;11}. 
Замечание. Уравнении вида  
,        (14) 
Используя равенство (9),(11) можно получить формулу: 
 
Соблюдая условие вывода I, можно проще получить  корень уравнения вида (14). 
Пример4. 
([1], 
стр.302,9.17)Решить 
уравнение. 
 
Решение. 
. Из (9) получим 
 , далее  
 
Система  имеет  решения  при  знаке  «+».  Из  уравнения 
 
получим:

 
Пример 5.([2], стр.132) Решите уравнение
 

 
77
Решение. 
Сопоставляя 
с 
(10), 
определяем: 
.  Из  (9)
.  Составляем 
систему  
 
При  знаке  «-»  правая  сторона  второго  уравнения  отрицательное  число.  Поэтому 
исходное уравнение имеет решение при знаке «+». Второе уравнение проще. Выбирая 
его, получим  
 
Отв. {
}. 
Пример 6.([2], стр.132) Решить уравнение
 
Решение. Из (9) получим 
. Составляем систему  
 
Которая имеет решение при нижнем знаке,  получим 
 или 

Отв. {2}. 
Эффективность 
изложенного 
способа 
осуществляется, 
если 
корни 
иррационального  уравнения  является  иррациональным  числом,  что  создает  трудность 
проверки правильности полученного корня(пример5).  
При  использовании  метода  или  способа  решения  уравнения  не  должно  быть 
сомнения о полученном корне уравнении, т.е. появлении посторонних корней. 
 
 
 
Литература: 
1.  И.Г.Болтянский,  Ю.В.Сидоров,  М.И.Шабунин.  «Лекции  и  задачи  по  элементарной 
математике»,М., «Наука», 1974г. 
2.  И.П.Рустюмова,  С.Т.Рустюмова.  «Пособие  для  подготовки  к  единому  национальному 
тестирование(ЕНТ) по математике», Алматы, 2009г. 
 
 
 
 
 
 
ƏӨЖ 911.2:572. 613.11) 
 

 
78
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ШӨЛГЕ АЙНАЛУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Жакуда Г., Сергеева А.М. 
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.) 
 
 
 
Қазіргі  замандағы  шиеленіскен  мəселенің  бірі  жердің  жойылу  немесе  шөлдену 
мəселесі  болып  табылады.  Конвенцияда  қабылданған  терминологияға  сəйкес, 
«шөлдену»  -  жердің  жойылуы,  жартылай  құрғақ  жəне  құрғақ  аудандардың  əртүрлі 
факторлары,  оның  ішіндеклимат  өзгеруі  мен  адам  əрекеті  əсерінен  туындайды. 
Шөлдену,  шөлді  аймақтардағы  өсімдік  биоөнімділігінің  циклдық  ауытқуымен 
ерекшеленеді  («шөлдің  кеңейуі  мен  тарылуы»),  бұған  климаттық  ауытқуларға 
байланысты  жер  серігінен  алынған  мəліметтер  дəлел  болады.  Шөлденудің  басты 
экономикалық  зардаптары  өнімділіктің  төмендеуі,  ауыл  шаруашылық  мəдениетінің 
дамуы,  мал  шаруашылық  өнімділігінің  қысқаруы,  ауыл  шаруашылығындағы  экспорт 
патенциалының төмендеуі, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіптің даму кідірісі, салықтың ауыл 
шаруашылығына салынатын салық түсімінің кідіруі [1]. 
Облыс аумағының солтүстіктен оңтүстікке жəне шығыстан батысқа қарай кеңінен 
созылып  жатуы,  бедерінің  жазықтығы,  литологиялық  -  геологиялық  құрылымының 
бірдей  еместігі  жəне  жерасты  сулары  жатуы  жағдайларының  түрлішелігі  Ақтөбе 
облысы  аумағы  топырақ  жамылғысының  сипатын  қалыптастырды.  Облыс  топырақ 
жамылғысының  айтарлықтай  ерекшеліктерінің  бірі  олардың  механикалық  құрамының 
қарапайымдылығы,  ол  топырақтың  физикалық-химиялық  қасиеттерін  белгілейді  жəне 
өзіндік  табиғи  өсімдіктердің  жақсы  өсуіне  жағдай  жасайды.  Аймақтық  топырақ 
өкілдерімен  қатар  жаралымдардың  ерекше  жағдайына  байланысты  –  интра  аймақтық 
топырақ  түрлері  кеңінен  таралған,  олардың  ішінде  сортаң,  ақ  сортаң,  шабындық  - 
батпақ жəне аллювий топырақ анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі. 
Ақтөбе  облысы  Республикада  орманы  аз  өңір.  Мемлекеттік  орман  қоры  жерінің 
алқабы  199,5  мың  гектар,  оның  ішінде  орман  алқабы  –  90,7  мың  гектар.  Өндіріс 
орындары  облыстың  топырағының  ластануына  күшті  əсер  етіп  отыр.  Топырақтың 
ластануы негізінен өнеркəсіп кəсіпорындары орналасқан радиуста қалыптасуда. Облыс 
жерін  негізгі  ластаушылар  болып  мұнай-газ  өндіру  кəсіпорындары,  темір  жолдың 
өндірістік бөлімшелері жəне тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері жиналған ауылдық 
елді  мекендер  болып  табылады.  Мұнай  жəне  мұнай  өнімдерімен  жерді 
ластаушылардың  негізгі  үлесі  мұнай  мен  газ  өндіруші  ірі  компанияларға  тиесілі.  Бұл 
компаниялар мұнай скважиналарын мерзімінде техникалық қызметтен өткізбегендіктен 
мұнай  өнімдері  қалдықтарының  қалуына  жəне  қарасты  жер  аумағына  залал  келтіруге 
себепкер болып отыр. Мысалы, мұнай мен газ өндіруші Мұғалжар  ауданы аумағында 
мынадай  факторлар  əсер  етуде:  «Жаңажол»  ірі  мұнай  кен  орындарын  пайдалану,  бұл 
кеніш  аумағында  топырақ  жəне  өсімдік  жамылғыларына  өндірістік  интенсивтендіру 
жəне  кешенді  дамыту  есебінен  күшейтіліп  отырған  техногендік  процестер  кері  əсер 
етуде.  Соның  кесірінен  мұнай  өнімдерімен  жəне  басқа  зиянды  заттармен  ластанған 
алқаптар ұлғаюда. Бұл ауданға антропогендік əсер етуде мынадай да факторлар ықпал 
етуде  немесе  ықпал  етті:  көмірсутегі  шикізатын  іздеу,  зерттеу,  құрамында  алтын  бар 
рудаларды  өндіретін  рудниктер  жұмысы,  фосфориттер  өндіру,  бір  кездегі  «Ембі-5» 
сынақ  айлағы,  ауыл  шаруашылығын  ұқыпсыз  жүргізу.  Мұның  бəрі  аудан  аумағын 
шөлейтке айналдыру процесін күшейтті.  
Қазіргі  кезде  ауданның  көптеген  алқаптары  иесіз  қалып,  арам  шөп  басып  кетті. 
Пайдаланылмай  жатқан  жерге  көп  жылдық  шөптер  өсірілмейді.  Облыстың  басқа 

 
79
аудандарында да осындай жағдайлар орын алған. Елді мекендер айналасында жиналып 
жататын өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар да жер қыртысына кері əсерін тигізуде. 
Облыста жыл сайын 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар, 3,5 мың 
тонна  мазутты  топырақ,  9,7  мың  тонна  аршылған  жыныстар,  84,6  мың  тонна  ППС 
үйінділер, 4,4 мың тонна бұрғылау қоқысы, 10 мың тонна күкіртті натрий шламы, 171 
мың тонна монохроматты өндіріс шлагы, 4 мың тоннадан астам құрылыс қалдықтары 
жиналады. 2006 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 10,492 мың гектар жер бүлінген 
деп тіркелді.оның көп бөлігі бұрынғы «Шилісай» ААҚ - 1127 гектар, Кемпірсай - 1000 
гектар, секілді кəсіпорындарға тіркелген. Облыста миллиондаған тонна өндірістік жəне 
тұрмыстық қалдықтар оның ішінде, 7,8 миллион тонна монохроматты шлам жиналып 
қалған. 
Көптеген  кəсіпорындарда  жерді  өңдеу  жөнінде  нақты  шаралар  алынбайды, 
көптеген аумақтар өндірістік қалдықтарға толған. Темір жол бойындағы нысандардың 
жерлері де қолайсыз жəне экологиялық ауыр  жағдайда, оларға қарасты жерлер мұнай 
өнімдерімен  қатты  ластанғаны  байқалады,  ал  мазутты  топырақтан  тазарту  уақытында 
жəне  толық  көлемде  жүргізілмейді.  Кəсіптік  жұмыстар  интенсивті  жүргізілген 
жерлердің ластану себептері бар. Мұнай гравитациялық күштің қысымымен жерге тіке 
верикальды  кетеді  жəне  жер  бетіндегі  жəне  капилярлық  күштердің  əсерімен  кең 
жайылады.  Бұл  облыс  ландшафттарының  геохимиялық  балансын  бұзады.  Мұғалжар 
ауданының батыс бөлігінде де топырақ жəне өсімдік қыртыстарында шамалы ластану, 
бұзылу  орын  алған.  «Актюбнигри»  ААҚ  жүргізген  мұнай  кеніштері  қоймаларын 
тексеру  қорытындылары  бұрғылау  ерітінділері  өте  тұзды  болғандықтан,  бұрғыланған 
жерлердің  топырақтары  мен  жерасты  сулары  тұзды  екенін  көрсетті.  Тұзды  ағын  су 
вертикальды  да,  горизонтальды  да  жүреді.  Тұздалған  алқап  тек  бір  ғана  бұрғылау 
скважинасы  4,5  га  алады.  Топырақтың  тұздалу  процесі  өте  баяу  жүреді,  сондықтан 
бұрғыланған жер тек 10 жылдан кейін ғана қалпына келеді.  
Өсімдікті  жердің  негізгі  бөлігі  ежелден  жайылым  ретінде  пайдаланылып  келеді. 
Жайылымның өте көп күш түсуінен өсімдік синантропикаға ұшырауда, бұл флораның 
кедейленіп,  бір  ізділіктен  кетеді.  Мал  жаюдың,  шөп  шабудың,  егіншіліктің 
бақыланбауы,  елді  мекендердің  дұрыс  күтілмеуі,  көлік,  пироген  желілерінің  дамуы 
секілді көптеген факторлар əсерінен өсімдік топырағы мен экологиялық жүйеде азып-
тозу жүреді, соның нəтижесінде өсімдік əлемінде тұрақсыз атропогендік модификация 
қалыптасады, оның құрылымы қарапайымданады, биологиялық ерекшелігі төмендейді, 
өнімділік  кеміп,  экологиялық  жүйенің  ресурстық  маңызы  жойылады.  Топырақ  жəне 
өсімдік  қатпарының  бұзылуының  анағұрлым  жоғары  дəрежесінің  негізгі  алатын  орны 
елді  мекендердің  маңында,  көмірсутек  шикізатын  зерттеу  жəне  өндіру  орындарында 
байқалады. Жекелеген жерлерде эрозия жəне дефляция ошағы орын алады, топырақтың 
генетикалық профилінің жəне оның су-физикалық қасиетінің бұзылуы байқалады. 
Орал  маңы  үстірті  ауданында  жердің  35  пайыздан  астамы  жыртылған.  Мұнда 
бағылатын  мал  бақыланбайды,  өнеркəсіп  нысандары  бар.  Қазіргі  кезде  көптеген 
жыртылған  жерлер  иесіз  қалған,  тыңайтуды  қажет  етеді.  Кейбір  жерлерде  доминатты 
құрамы  өзгерді,  флоралық  жəне  фитоорталықтық  əркелкілігі  жоғалғаны  тіркелді. 
Торғай үстірті ауданында доминаттық құрам алмасуы, шөп-шаламның өсуі белең алып, 
ауыл  шаруашылығы  жерлерін:  жер  жырту,  шөп  шабу,  жайылым,  қыстақ  жəне 
басқаларды бақылаусыз пайдалану себеббінен ресурстық əлеует жоғалады. 
Мұғалжар  ауданының  жекелеген  аумақтарында  жолдардың  көп  тоғысуы  жəне 
олардың  төңірегінде  жиналған  тораптар  алқаптардың  көп  бөлігін  алады.  Көптеген 
алқаптарда  мал  жайылуда,  бұл  өсімдік  жамылғыларын  жойып,  өзгертуге  апарып 
соқтыруда.  
Солтүстік  Арал  маңы  жəне  солтүстік  Үстірт  ауданының  аумағы  шөл  дала  десе 
болады,  мұнда  мал  бағып,  өсіру  дамыған.  Малды  жөн-жосықсыз,  жүйесіз  жаюдың 

 
80
нəтижесінде  жайылымның  20  пайызынан  астамы  жарақсыз  болып  қалды,  ал  төрттен 
бірі  эрозияның  əр  түрімен  зақымданған.  Аталған  барлық  факторлардың  ақары  облыс 
жерін шөл далаға айналдыруды жеделдетуде. 
 
 
 
1 сурет. Мұғалжардағы өрт салдары. 
 
Өртке  қарсы  күрес  жүргізілмейтін  немесе  мерзімінде  жəне  толық  көлемде 
жүргізілмейтін аудандарда зор көлемді аумақтар өртке шалдығуда (сурет 1). 
Облыстың көптеген аумағында болатын науқандық өрттерге аса көңіл бөлу керек, 
өйткені өрттің салдары экологиялық жүйенің, əсіресе өсімдік жəне жануарлар əлемінің 
толық  жойылуына  апара  жатыр.  Мəселен,  қосымша  жыртылатын  алаң  ерекше  бағалы 
учаскені  өрт  шалудан  сақтайды,  осылайша  экологиялық  жүйенің  қозғаусыз  қалуын 
сақтайды. 
Ақтөбе  облысының  12  əкімшілік  ауданының  бесеуі  Арал  теңізінің  тартылу 
процестеріне  жəне  көмірсутектерін  өндіру  нəтижесіндегі  экологиялық  дағдарыс  алды 
жағдайына  байланысты  экологиялық  апатты  аймаққа  кіреді.  Арал  теңізі  апатты 
аймағына Шалқар ауданы, ал экологиялық дағдарыс алды жағдайы аймағына Байғанин, 
Ырғыз,  Темір,  Мұғалжар  аудандарының  аумақтары  жатады.  Өнеркəсіптік  жəне  ауыл 
шаруашылығы  қызметтерінің  бақыланбауы,  Арал  теңізінің  құрғауы  нəтижесі  облыс 
жерінің шөлге айналуына апаруда. Көшкін құмдарды тоқтату мəселесі де өткір күйінде 
қалып отыр. Көшкін құмдар да өсімдік əлеміне кері əсерін тигізеді. 
Тартылып  бара  жатқан  Арал  табиғи  экологиялық  жағдайды  күрт  өзгертті,  өзінің 
əсері бойынша басты сипатқа ие болды. Оның жер қыртыстарына əсері мынадай: 
•  Арал  теңізі  орнынан  ауа  арқылы  ұшатын  тұздың  жердің  үстіңгі  қабатын 
тұздауы; 
•  аумақтардың  шөлге  айналуына  жəне  түсетін  ылғалға  қарағанда  булану 
процесінің  күрт  өсуіне  байланысты  геохимиялық  процестердің  өзгеруі,  бұл 
жер-топырақ суларының капиллярлық токтарыныңы күрт өсуіне, жер-топырақ 
қабаттарының тұздалуына апарады; 
•  топырақтың  су  ерітіндісі  сілтісінің  өзгеруі,  яғни  топырақ  ерітіндісіндегі 
гидролиттік сілті тұзы мөлшерінің өзгеруі – өзіне сіңірген натрийді құрайтын 
топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; 
•  гидролитикалық  сілті  тұзының  топырақты  қоспасындағы  белгіленген 
топырақтың  су  қоспасының  сілтісі  мөлшерінің  өзгеруі,  бұл  құрамында 
сіңірілген натриі бар топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; 

 
81
•  теңіз  түбінен  шығатын  тұз  құрамды  натрийдің  болуынан  сілтінің  көбеюі, 
тұзды  топырақты  жер  қабатыныңнатриймен  тұздалу  деңгейінің  көтерілуінің 
салдарынан болады. 
Өсімдік  жамылғыларының  басым  көпшілігінің  төмендеуіне  соқтыратын  жəне 
келіп  жатқан  ылғалдың  көлемі  шұғыл  арада  азайып  кетуіне  байланысты  Арал  теңізі 
бассейніндегі  шөлейттену  аумағының  ұлғайа  беретіндігін  ескеріп,  органикалық 
қалдықтардың  минералдану  үрдісінде  өзгерістер  болатынын  айғақ.  Топырақтың 
физикалық-химиялық  құрамындағы  барлық  өзгерістер  өсімдіктер  қауымдастығының 
жəй-күйі мен құрамына жəне осыған орай мал азығының өнімдеріне де кері əсер етеді. 
Шалқар, Байғанин аудандарындағы шөлейттенуге қарсы күрес аясында көшпелі құмды 
тоқтату  мақсатында  сексеуіл  отырғызылуда.  2004-2005  жылдары  осы  мақсатқа 
облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге қаржы бөлінді. 
Ақтөбе  облысының  12  əкімшілік  ауданының  бесеуі  Арал  теңізінің  тартылу 
процестеріне  жəне  көмірсутектерін  өндіру  нəтижесіндегі  экологиялық  дағдарыс  алды 
жағдайына  байланысты  экологиялық  апатты  аймаққа  кіреді.  Арал  теңізі  апатты 
аймағына Шалқар ауданы, ал экологиялық дағдарыс алды жағдайы аймағына Байғанин, 
Ырғыз,  Темір,  Мұғалжар  аудандарының  аумақтары  жатады.  Өнеркəсіптік  жəне  ауыл 
шаруашылығы  қызметтерінің  бақыланбауы,  Арал  теңізінің  құрғауы  нəтижесі  облыс 
жерінің шөлге айналуына апаруда. Көшкін құмдарды тоқтату мəселесі де өткір күйінде 
қалып отыр. Көшкін құмдар да өсімдік əлеміне кері əсерін тигізеді [2]. 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 сурет. Ақтөбе облысының жер дегредациясының элементтері. 

 
82
Өсімдік  жамылғыларының  басым  көпшілігінің  төмендеуіне  соқтыратын  жəне 
келіп  жатқан  ылғалдың  көлемі  шұғыл  арада  азайып  кетуіне  байланысты  Арал  теңізі 
бассейніндегі  шөлейттену  аумағының  ұлғайа  беретіндігін  ескеріп,  органикалық 
қалдықтардың  минералдану  үрдісінде  өзгерістер  болатынын  айғақ.  Топырақтың 
физикалық-химиялық  құрамындағы  барлық  өзгерістер  өсімдіктер  қауымдастығының 
жəй-күйі мен құрамына жəне осыған орай мал азығының өнімдеріне де кері əсер етеді. 
Шалқар, Байғанин аудандарындағы шөлейттенуге қарсы күрес аясында көшпелі құмды 
тоқтату  мақсатында  сексеуіл  отырғызылуда.  2004-2005  жылдары  осы  мақсатқа 
облыстық бюджеттен 12,5 млн. теңге қаржы бөлінді [2, 3].  
Тартылып  бара  жатқан  Арал  табиғи  экологиялық  жағдайды  күрт  өзгертті,  өзінің 
əсері бойынша басты сипатқа ие болды. Оның жер қыртыстарына əсері мынадай [4]:  
• Арал  теңізі  орнынан  ауа  арқылы  ұшатын  тұздың  жердің  үстіңгі  қабатын 
тұздауы; 
• аумақтардың  шөлге  айналуына  жəне  түсетін  ылғалға  қарағанда  булану 
процесінің  күрт  өсуіне  байланысты  геохимиялық  процестердің  өзгеруі,  бұл  жер-
топырақ  суларының  капиллярлық  токтарыныңы  күрт  өсуіне,  жер-топырақ 
қабаттарының тұздалуына апарады; 
• топырақтың  су  ерітіндісі  сілтісінің  өзгеруі,  яғни  топырақ  ерітіндісіндегі 
гидролиттік  сілті  тұзы  мөлшерінің  өзгеруі  –  өзіне  сіңірген  натрийді  құрайтын 
топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; 
• гидролитикалық  сілті  тұзының  топырақты  қоспасындағы  белгіленген 
топырақтың су қоспасының сілтісі мөлшерінің өзгеруі, бұл құрамында сіңірілген натриі 
бар топырақтың алмасу реакциясының нəтижесі; 
• теңіз түбінен шығатын тұз құрамды натрийдің болуынан сілтінің көбеюі, тұзды 
топырақты  жер  қабатыныңнатриймен  тұздалу  деңгейінің  көтерілуінің  салдарынан 
болады. 
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Об  использовании  законодательства  Республики  Казахстан,  регулирующего  отношения  в 
области  охраны  природы  /  к  парламентским  слушаниям.  –  Актюбинское  областное 
территориальное управление охраны окружающей среды. – Актобе: 2006. – 21 с. 
2.  Отчет по экологическому районированию территории Актюбинской области и входящих в нее 
эколого-географических районов. –Актобе: АктюбНИГРИ, 2004. – 56 с. 
3.  Назарчук  М.К.,  Сергеева  А.М.,  Абдулина  А.М.  Ақтөбе  облысының  географиясы.  –  Ақтөбе: 
«Принт – А», 2012. – 318 б. 
4.  Программа по борьбе с опустыниванием в Республике Казахстан на 2005-2015 гг. утверждена 
Постановлением Правительства Республики Казахстан от 24.01.2005 г. № 49. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
83
ƏӨЖ 59 Қ 45 
 
БАҚАНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ ЖƏНЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Жампоз А.З. 
(Тараз мемлекеттік педагогикалық институты) 
 
 
 
Бақаның  терісінде  ерекше  зат  табылған.  Ол  тередегі  ашық  жараның  тез 
жазылуына  сонымен  қатар  теріге  енген  бөгде  заттардың,  бактерияның,  микробтардың  
жойылуына  əсер  еткен.  Улы  ағзаларда  өздерінің  уын  шығаратын  арнайы  мүшелері 
болады.  Мысалға,  жыландарда  ол  –  тісі.  Бақаның  уы  өте  күрделі  қосылыс.  Негізгі 
бақаның  уы  оның  терісінде  сұйық  түрінде  кездеседі  жəне  ағзаға  бірден  сіңімді  түрде 
өтеді. 
Улы  бездері  физиологиялық  активті  заттардан  молекулалардан,  пептидтерден, 
аминдерден  жəне  биоактивтілігі  жоғары  заттардан  тұрады.  Құрамына  биологиялық 
активті  заттар  кіреді:  брадицин  -  қанайналымды  жақсартады,  церулин-  бұлшықеттің 
жиырылу қызметіне қатысады, бомбезин - жəндіктердің дене температурасын түсіреді 
жəне  бір  қалыпқа  келтіреді.  Буфотин  -  жүйке  жүйесіне  əсер  етеді.  Удың  əсер  ету 
механизмі көптеген антибиотиктерге қарағанда 5 есе қүшті [4]. 
Бүгінде  ғалымдар  бақалардан    əлі  де  əр  түрлі  компоненттерді  табуда.  Удың 
құрамын  ашып  оны  зерттеген  американдық  химик  жəне  биохимик  Б.Виткоп  болды. 
Марта  Лэтам  өзінің  Колумбияда  өткен  саяхатын  еске  ала  отырып  доктар  Витковтың 
сөзімен байланыстырады. «Бақаның уынан жақсы дəрі-дəрмек алуымызға болады, оған 
еш  кедергі  жоқ.  Тек  соның  еменің  қасиетін  аша  білсек  болғаны,  біраз  түрі  жүректің 
жұмысының реттелуіне қолданылуда, бұлар өте қызықты қосылыстар жəне де ерекше 
назар  аударып  қарауды  талап  ететі  деген».    Уды  зерттеудегі  ең  бірінші  қиындық  ол 
түрлерінің аздығында. 100 бақаның түрінен 275 мг шикі экстракты алып содан 1 мг таза 
уды бөліп алатын болған.    Лэтам  мыңға  жуық  кокой  бақасынын  түрін  жинап  алған 
бірақ  Вашингтонға  жеткенше  біраз  бақалардың  түрлері  өліп  қалған.  Ал  денесіндегі 
улары  бұзылып  кеткен.  Содан  Витковпен  Лэтам  бірлесіп  арнайы  зертхана  ашып  сол 
жерде бақаларды қолдан өсіретін болған. Жəне тағы бір қиындық ол у тұрақсыз болды 
жəне  оның  құрамы  тез  бұзылып  көп  жағдайда  жарамсыз  болып  қалды.  Құрамынан 
ерекше  төрт  компонент  бөлініп  алынды:  батрахотоксин,  гомобатрахотоксин, 
псевдобатрахотоксин  и  батрахотоксин  А.  Соның  ішіндегі  ең  тұрақтысы  ол 
батрахотоксин  А  болды.  Ол  кристалды  түрде  физикалық  əдістер  бойынша  алынып 
отырды.  Бұл  у  стероидтық  құрылымды  құрады  жəне    эфир  батрахотоксина  А  с  2,4  - 
диметилпиррол  –  З  -  карбондық  қышқылдан  тұрды.  Прегнин  стероидының  туындысы 
болып  табылады.  Көптеген  зертеулер  бойынша  бақаның  уының  құрамындағы  жақсы 
зерттелгені  ол  адреналин-гормоны.  Бақаның  уының  құрамында  5-7  %  адреналиннен 
тұрады.  Ол  жануарлар  мен  адамдарда  қан  қысымының  көтерілуіне  жəне  жүрек 
қағысының жиілуіне əкеп соқтырған. Бір мезгіл де бақаның уынан  құрылысы бойынша 
адреналинге жақын  қосылыстар табылды. 
Оларды  буфотенин  (латын  тілінен  аударғанда  –  “буфо”-  бақа).  Буфотининдер 
алколоитарға  жатады  тіпті  олар  галлюцинацияны  шақырады.  Қалыптасқан  құрылымы 
тіпті  біздің  ағзамызда-триптамин,  серотонин  кездеседі.  Cонда  да  бақаның  уының 
құрамындағы маңызды əсер етуші қосылыстар адреналин мен буфотенин емес, мүлдем 
басқа топтың қосындысы болып шықты. Ол да жүректің жұмысын реттеуге қатысатын - 
буфадиенолид, құрылысы  жағынан  жүректің гликозидіне  ұқсас.  Ол  өсімдіктен  бөлініп 

 
84
алынған  жəне  де  жүрек  ауруы  мен  күресу  үшін  қолданылады.  Бақаның  уының 
құрамындағы  буфадиенолиды  өсімдіктердің  гликозидтері  тек  қана  химиялық  құрамы 
жағынан ғана емес, сонымен қатар улығымен де ерекшелінеді. Қазіргі таңда толығырақ 
зерттеулер  бойынша  удың  құрамынан  тағы  да  ерекше  қосылыс  бөлініп  алынды  ол  - 
буфотоксин  эфир  стероида  буфогенина    дипептидтік  субериларгиннен  тұрады.  Удың 
құрамында сонымен қоса фосфолипаза кіреді. 
 
Буфотоксин 
Брутто формуласы: C40H60  N4O10 
Молекулалық массасы:756,93 
 
 
 
        
 
 
Негізі химиялық құрамы бойынша ол негізі екі компоненттен тұрады бірі аминдер 
екеншісі стероидтар. 
Бомбезин-келесі  химиялық  қосылыс.  Ол  опиоидтық  пептид  дерморфиндер,  
бақаның терісінен бөлініп алынған жəне өзінің активтілігімен ерекшелінеді. 
Буфотенин  -  бақаның  уынан  белсенді  индолалар  алынды  -  буфотенин  жəне 
буфотенидин.  Оны  ең  алғаш  Г.А.Булбук  1975  жылы  анықтады.  Бұлардың  құрамының 
күштілігі сонша кішкене мөлшерінің өзі жүйке жүйеінің ауруларына ұшыратады.Оның 
əсер ету механизмі галлюцинацияны тудыратын диэтиламида лизергиндік қышқылмен 
(ЛСД) бірдей. 1-2 мг буфотинді сау адамға еңгізгенде оларда бастың айналуы, жүректің 
айнуы  байқалған.  8-9  мг  мөлшерде  қолданғанда  адам  есінен  адасып,  көз  алдында 
тұрған затты ажырата алмайтындай жағдайға жеткен. Ал одан да көп мөлшерде қолдану 
адамды өлімге дейін жеткізген.   Буфотенин  көп  мөлшерде    Bufo  alvaris  деген  удың 
құрамынан табылған. Сонымен қоса буфотенин оңтүстікамерикадағы ерекше өсімдіктің 
тұқымынан да табылған. Ол өсімдік - Mimosacee piptadenja [6]. 
Колумбиялық бақаның терісінен ерекше алколоид - гистрионикотоксин, табылған. 
Ол  бұлшықеттердің  жиырылуына  əсер  еткен.  Келесі  бір  алколоид  ол  -  гефиротоксин 
бірыңғай  салалы  бұлшық  еттің  жұмысын  тежеген.    Пумилиотоксин  алколоиды  -  А,  В 
жəне  С  кальции  иондарының  ағзаға  өтуін  жақсартады.  Панамалық  бақаның  терісінен 
цетекитоксин  сұйықтығы  табылды  ол  артериалдың  қан  қысымының  түсуіне 
көмектеседі.  
Бақаның аналығында удың мөлшері 16 мг құрайтыны анықталған. Ал аталығында 
27  мг  болады.  Бақа  өзінің  уын  30  жыл  өтсе  де  сақтай  алатынын  Талызин  1935  жылы 
анықтаған  болатын.  Эксперименттік  тəжірибелер  мынаны  анықтады  бақаның  уының 
1:1000000 г/мг бөлігі жүректің тоқтауына алып келеді. Захаров В.И. Анықтады, 1:4000 
осындай мөлшері гельминттерді 30 минуттың ішінде өлтіре алады. Тағы бір тəжірибеде 
бақаның  уының  1-2  мг  мөлшерін  сау  адамға  енгізгенде  ол  адамда  жүрек  айнып,  қан 
қысымының жоғарылауы байқалған. Осы тəжірибені адамға бір сағаттың ішінде 3 рет 

 
85
20 минут сайын қайталап істеген адам тіл қатпай қайтыс болып кеткен. Тропикалық улы 
бақаның терісінен сахароза алынған. Бірінше рет бұдан бұрын сахароза тек өсімдіктен 
табылса  енді  жануар  ағзасынан,  соның  ішінде  бірнеше  бақаның  терісінен  тапқан. 
Герпетолог Валери Кларк Ирландиядағы Королевы университетінің доктор-профессоры 
жəне  олардың  ұжымы  мадагаскардың  улы  бақасынан  мантелла  туысынан  химиялық 
анализ жасау барысында тапты. Бақадағы тəтті ағзадан өздігінен пайда болған жоқ ол 
сыртқы  ортадан  пайда болған.  Əрине  бақалар  кəмпитпен  қоректенбейді  ғой.  Олардың 
асқазандарынан  600  түрлі  ингредиенттер  табылды.  Жəндіктер  сахарозаны 
өсімдіктерден алады, ал бақа сол жəндіктерді жеу арқылы өздеріне сахарозаны алады да 
сытқа терісі арқылы бөліп шығарады. Неге олай екені əлі белгісіз. 1962 жылы листолоз 
бақасынан  уды  таза  күйінде  ғалымдар  бөліп алды.  Ол  өте  күшті  кардиоулылыққа  ие  . 
Ол  экстрасистоланы,  жүректің  жұмысының  ауырлауын  шақырады.  Листолоздың 
терісінде  екі  миллиграмдай  удың  мөлшері  бар.  Ол  батрохотоксин  деп  аталады.  Ол 
курардың  уынан  да  өте  күшті.  Олардың  улары  терісіндегі  сұйықтығында  орналасады. 
Əрбір  сұйықтықтарында  0,07    удың  мөлшері  кездеседі.  Бөлек  улы  сұйықтықтар, 
денесінің жоғары жақтарында орналасады. Улары бақаларды жануарлар тістеген кезде 
рефлекторлық  күйде  сырқа  шығарады.  Ол  сыртқа  жағымсыз  дəммен  жəне  де  ащты 
дəммен  ерекшеленеді.  Бақаларда  паротид  деп  аталатын  кедергі  бар,  одан  у  бірнеше 
қашықтыққа жете алады, яғни бақалар өздерінің уын бірнеше қашықтыққа дейін шаша 
алады. Соның ішінде жасыл бақа өзінің уын бір метр қашықтыққа дейін шаша алады. 
Бақаның  уымен  уланған  адамдарда  тек  əр  түрлі  белгілермен  ерекшеленеді.  Ал 
жануарларда ол түрлі əсер етеді [3]. 
Бақа уынан улану адамда тек қана көздің сілемейлі қабатының тітіркенуіне жəне 
коньюктивитке  алып  келеді.  Ал  жануарларда  баскаша  əсер  етеді:  кеміргіштермен  
қоянтұқымдастарда  қанайналу  жүйесінің  жұмысын  тежейді,  тыныс  алуы  қиындайды. 
Жүрек  жұмысы  нашарлайды.  Иттерде  бақа  уы  жүрек  қан  тамырларының  тарылуына, 
тахикардияны, аритмияны, өкпенің қабынуына алып келеді. Талмасы ұстап, тіпті өлімге 
алып  келеді.  Ал  басқа  бақаларда  у  артқы  аяқтарының  жұмысын  тежейді.  Жəне  сал 
ауруына алып соқтырады. Бақаның  уы зияны мен қоса  уының аз мөлшері пайдалы да 
болып  келеді.  Тыныс  алуды  қалыпқа  келтіреді,  жəне  жүрек  жұмысынын  жақсартады. 
Сəуле  ауруына  да  пайдасы  зор.  Жануарлар  ағзасындағы  бактерияларды  өлтіріп, 
олардың  өмірін  ұзартады.  Осымен  байланысты  Жапония  мен  Үндістанда  дəрілік 
құрылымдар  дайындалуда.    Кейбір  Rana  туысының  өкілдері  осы  ауруға  шипасы  бар 
болып  табылады.  Бақаны  Плинияда,  Диогенада  тағам  ретінде  де,  диеталық  күйде  де  
қолданады.  Олардың  етін  тағам  ретінде  де  əсіресе  қолын  пайдаланады.  Олардың 
құнарлығы  тауық  етінен  кейін  екінші  орында  болып  табылған.  Ол  өте  жеңіл  əрі  өте 
сіңімді  тағам  ретінде  қолданады.  Бұлардың  мейрамханадағы  бағасы  сиыр  еті  мен 
балықтан 3-4 есе қымбат. Жəне сұранысқа өте күшті ие [4]. 
Жоғарыда  біз  бақаның  уының  құрамын  айтып  кеттік.  Енді  оның  əсер  ету 
механизміне тоқталсақ. Барлық зат улы да пайдалыда бола алады, тек мөлшер ғана одан 
дəрі де у да жасай алады. Сондықтан не нəрсе болмасын оның  мөлшерін білуіміз керек. 
Уақыт  өте  келе  енді  бақаның  уының  пайдасын  ғалымдар  тексере  бастады  жəне  оны 
медицинада ерекше түрде қолдана бастады. 1888 жылы Европада итальяндық ғалым С. 
Стдерини  өзінің  бір  науқасқа  көз  ауруына  қарсы  ота  жасау  барысында,  бақаның  уын 
науқас адамды ұйықтату үшін жəне де көз айналасын жансыздандыру үшін қолданған. 
Əрине  басында  бұл  тəжірибеге  ешкімнің  де  сене  қоймағаны  рас.  Бірақ  отаның  сəтті 
өтуінен кейін, бұл жағдай ерекше аталып өтті. Əсіресе орыс фармакологі Н.П. Кравкова 
ерекше  қызығушылықпен  зерттей  бастады.  Жануарларға  жасаған  тəжірибеден  кейін 
ғалымдар  бақаның  уының  шыныменде  əсері  бар  екенін  біліп,  оны  жан-жақты  зерттей 
бастады. Бұл жолда тұңғыш орыс Нобел сыйлығының иегері академик И.П.Павловтың 

 
86
да алар орны ерекше. Əрине бақаның уы медицинаға бірден келе салған жоқ, ғалымдар 
алдымен оның химиялық құрамын зерттеді. Оның уы адреналин - гормоннан тұрды. Ол 
адам жəне жануарда қан қысымының көтерілуіне алып келді. 1904 жылы Н.П.Кравков 
жасыл жəне сұр бақаның уын итке қолданды сол кезде иттің жүрегі тез əрі қатты соға 
бастаған.  Кейіннен  1967  жылы  американдық  кардиолог    К.К.Чен  бұл  тəжірибені  ары 
қарай жалғастырды. Ол бақалардың уын  борсықты улы жылан шаққан кезде қолданған. 
Сонда борсық 2-3 сағатқа шейін белгісіз бір күйде жатқан. 2-3 сағаттан соң қайта уды 
қолданған кезде борсық жазылып кеткен. 
Бақаның  уын  зерттеу  кардиохирургияның  жəне  реанимотологияның  белсенді 
дамуымен  тығыз  байланысты.  Дəрігерлерге  дер  кезінде  əсер  ететін  дəрілер  қажет 
болды.  Жапония,  Англияның,  АҚШ-тың  біраз  зерттеушілері  бақаның  уының 
құрамынан буфадиенолидті жеке бөліп алғысы келді. Себебі, бұл сұйықтықтың маңызы 
зор. Бұлардың жүрек гликозидтерінен еш айырмашылығы жоқ. Олар өте улы, сонымен 
қатар  оларды  алып  қолдану  өте  қиын  болатын.  Осыған  қарамастан  Төменгі  қалалық 
мемлекеттік  жоғарғы  оқу  орнының  “физиология  жəне  биохимия”  кафедрасының 
оқытушылары  бақаның  уының  құрамын  зерттей  бастады.  Бұл  жерде  зоотоксиндер 
жақсы  зерттеледі  [1].  Яғни  жануарлардың  əр  түрлі  уларын  зерттеумен  айналысады. 
Зерттей  келе  олар  удың  құрамындағы  заттарды  бөлмей,  керісінше  толық  химиялық 
құрамын,  компоненттерін  сақтап  қолдануды  ұсынады.  Сол  кезде  олардың  ағзаға  əсер 
етеді дейді. 
Бақаның  уы  аз  мөлшерде  бақалардың  ғана  жүрегінің  жұмысын  жақсартпайды, 
сонымен қоса жылықанды жануарлардың да солардың ішінде мысық пен атжалманның 
да  жүрек  жұмысына  да  қатысады.  Олардың    тағамдарына  уды  қосқан  кезде  олардың 
жүрек соғысы 15-60 минуттың ішінде өте қатты соққан. Минутына 90 рет соққан. Яғни 
инонтропты əсерді көрсеткен. Ал уды аз мөлшерде қолданған кезде хронотропты əсерді 
яғни  жүрек  соғысының  өте  баяу  соққанын  байқаған.  Минутына  50-  40  рет  соққан. 
Сонда  удың  мөлшерін  бақылап  отырып  жүректің  ритмін  сақтап  отырған.  Сонда  у 
кардиостимулятор болып табылады. 
Миокардтың  жұмысының  жылдамдығын  арттырған  систолалық  əсерді,  ал 
жұмысының  баяулаған  сəтте  диастолалық  əсерді  көрсеткен.  Ғалымдар  жүректің 
инонтропты  əсерін  буфадиенолидтердің  жүргізетіні  дəлелденді.  Бірақ  бұлардың  бəрі 
қалай  əсер  етеді:  катехоламиндермен  салыстырғанда  ол  жүректің  мембраналық  бета- 
адренорецепторына  əсер  етпейді.  Қарама-қарсы  əрекеті  кардиомиоциттердің  азаюына 
алып  келеді.  Мүмкін,  буфадиенолидтер  клеткадан  АТФ  энергиясына  жұмсалатын 
натрийді  Na-K-АТФ  аза  ферменттін  жойып  жібереді.  Оны  анықтау  үшін  бақаның 
терісін қолданған. Соның көмегімен буфадиенолидтер натрий иондарының активтілігін 
төмендеткен. Ал  Na-K-АТФ азаның көмегімен жасушадағы кальциді сақтап қалған. 
Уды сұйықтықтың құрамына еңгізген кезде жүректің қағысы баяулаған. Ал басқа 
ағзаларға еш əсері тимеген. Сонда бақаның уының осылайша жүрекке əсер етуіне қарай 
оны  жүректің  активті  дəрісіне  –  кардиотоникке  жатқызуға  болады.  Na-K-АТФ  аза 
ферменттінің  активтілігінің  жойылуы  оның  орнын  Na-Ca  басуы  ішкі  ағзалардағы 
кальциидің  мөлшерінің  артуына  алып  келді.  Сонымен  қоса  миокадтың  жұмысының 
жақсаруына əсер ететін ол адреналин мен буфотенин. Егерде иттің жүрегі коронарлық 
артерия  жүректің  əлсіздігі  болса,  онда  оған  гликозид  коргликонның  əсерінен  гөрі 
бақаның  уы  тез  əсер  еткен.  Бақаның  уынан  кейін  3-7  минут  ішінде  жүректің  соғысы 
қалпына  келген.  Ал  адреналинді  қолданған  кезде  10-15  минуттан  кейін  ғана  қалпына 
келген. 
Ғалымдар  осылайша  бақа  уының  жүрекке  əсерін  зерттеп.  Енді  олар  өздері 
буфотин деп аталатын жүректің жұмысын жақсарту үшін дəрі жасап шығарды. Ол дəрі 
Фармакологиялық комитеттің МЗ РФ рұқсатымен шығарылған. Бір аурухананың жедес 

 
87
жəрдемінде  жүрек  ауруымен  ауырған  46  науқасқа  буфотин  қолданған.  Сол  кезде 
науқастардың  жүрек  соғысы  қалыпқа  келіп,  қан  қысымы  төмендеген.  Ал  келесі  бір 
жедел жəрдемдегі науқасқа көп мөлшерде катехоламин қолданған. Бірақ науқастан еш 
нəтиже  шықпаған.  Ольтер  университетінің  зерттеушілері    тропикалық  ормандарда 
тіршілік ететін бақалардың уынан гипертонияғағ тіпті ісік ауруына да қарсы жаңа дəрі 
ойлап шығарды.  
Профессор  Крис  Шав  тропикалық  бақалардың  уынан  пептид  деп 
аталатын молекулалар табылған. Олар қанның ұюына əсері бар. Гиганттық мексикалық 
листолоз бақасының уының пептидінің 50 % ы қан қысымын төмендеткен. Кішкентай 
африкалық  бақаның  уы  ДНҚ  инженериясында  қолдануда.  Австарлиядағы  жасыл 
бақаның уының құрамынан сырқы ортаның қауыпті жағдайларынан қорғану үшін яғни 
иммунитетті  көтеру  мақсатында  ерекше  сұйықтық  алынды.  Белфастың  Королевтік 
университетінле  ғалымдар  бақаның  терісінен  ақуызды  тапты  ол  инсультқа,  диабетке, 
ісік  ауруына  пайдалы.  Жəне  трансплантация  кезінде  де  қолданған.  Профессор  Chris 
Shaw  Фармации  мектебінде  Бақадан  екі  ақуыздың  түрін  тапты  одан  70  түрлі  ауруды 
емдеуге болатынын айтты. Ол аурудан əлемде миллиард адам жапа шегіп келеді. Ақуыз 
тау  бақасынан  табылған.  Ол  ағзадағы  өсіп  келе  жатқан  ісікті  қайтарады  жəне  қан 
қысымымен ауырған адамға пайдалы. Оны арнайы шөппен қосып, жыланның терісімен 
бақадан алынған ақуызды қабылдау арқылы 12 адамның ісігін 50 % ға қайтарған. Бұл 
препаратты  жасау  үшін  АҚШ  та  формацевтерге  жылына  4-5  доллардан  бөлініп 
отырады.  Осыған  байланысты  зерттеушілер  2011  жылдың  6-шы  шілдесінде  Лонданда 
ерекше  алғыс  хатқа  ие  болды.  Француздық  дəрігер  Амбрауз  Паре  1575  жылы  уланған 
адамға  ол  бақаның  еті  мен  Тулзуда  өсетін  шалфей  өсімдігін  қайнатып  беретін  болған 
[3]. 
Ал  Аргентинада  тіс  ауруына  бақаның  терісін  алып  қоятын  болған.  Тіс  лезде 
жазылып кеткен. Қытайда «Чан- Су» ал Жапонияда «Сен-Со» деп аталатын бақа уы тіс 
ауырғанда  жəне  ішек  ауруларында  қолданған.  Ал  Гуцульшинде  адам  қайғысыздық 
ауруына ұшырағанда оған жасыл кумка бақасынын тірідей суға салып ішкізген. Осыны 
үш  күн  үзбей  жасаған.  Бойковщинде  бақамен  аяқтарын  сүртетін  болған  ешқашан 
ауырмасын  деп.  Вьетнамдағы  шығыс  медицинасында  дистрофии  кезінде  балаларға 
бақаның етін таблетка күйінде беретін болған. 
Таблетканың  аты  “Com  Cae”  деп  аталады.  Бақаның  етін  қытайдың  дəрігерлері 
астма  кезінде  пайдалануды  ұсынады.  Қытайда  бақаның  уынан  жалалған  дəрі  «мапин» 
жапондық  дəріханаларда  1951  жылы  сатылымға  рұқсат  алған.  Ол  түрлі  ауруларға  ем 
ретінде  Шығыс  елдерінде  көптеп  қолданады.  1965  жылы  жапондық  ғалымдар 
водянканы  емдеуге  бақаның  уын  қолданған.  Ол  үшін  бақаны  қайнатып,  сорпасын 
ішкізген.  Ғалымдар  бақаның  уынан  100  жаңа  антибиотиктарды  тапты.  Ұлыбритания 
жəне американдық ғалымдар бақаның аналығынан жаңа молекуланы тапты. Ол бастағы 
ісік  ауруына  пайдалы.  Ол  «Амфинейс»  (amphinase)  -  солтүстік  леопаттық  бақадан 
бөлініп  алынған  жаңа  молекула.  Ол  бастағы  ісікті  ішіне  кіріп  өлтіреді.  Осындай 
молекулалар  түрлі  онкологиялық  аурулардың  алдын  алуда.  Əрине  ол  дефицит,  себебі 
оны таза күйінде бөліп алу өте қиын. Батыс Америкадағы ерекше бақаның терісіндегі 
сұйықтық  сусамыр  ауруына  шипа.  Оның  құрамынан  инсулиннің  тұрақтылығын 
сақтайтын зат табылған. Сонымен қатар парадокстік бақа да Батыс Америкада тіршілік 
етеді, ұзындығы 25 см. Британдық оқымыстылар олардың уының құрамынан псеудин-2 
деп  аталатын  пептидті  тапты.  Ол  жасы  40  тан  асқан  еркектерде  болатын  ауруға  жəне 
сусамырдың  алдын  алуға  көмектеседі  дейді  Яссер  Абдель-Вахаб.  Бык  деп  аталатын 
бақа  үлкен  бақалардың  бірі  болып  табылады.  Ұзындығы  26  см  құрайды.  Солтүстік 
Америкада  бұлар  лабороториялық  жануарлар  болып  табылады.  1953  жылы  оларды 
зерттеу барысында 1000 түрін өлтірген. Оларды əр түрлі жолмен ұстап жейтін болған. 
 

 
88
Еттері  Америкада  бағасы  жоқ  делекатез.  Əлі  күнге  дейін  АҚШ  та  оларды 
дастарханға қойып, тағам ретінде пайдаланады. Бақаның  уының құрамындағы активті 
қосылыстар:брадицин  қан  айналымды  жақсартады,  церулин  бұлшықеттің  жұмысын 
жақсартады,  бомбезин  температураны  түсіреді  жəне  буфотенин  жүйке  жүйесіне  əсер 
етеді [5]. 
Баспамен (ангина) кім ауырса оның қандай ауру екенін түсінеді. Егер ол асқынып 
кеткен  жағдайда  ревматизм,  пневмония,  жүрек  жəне  бүйрек  ауруларына  ұшыратады. 
Егерде  ол  хронический  болса  өте  қауыпты.  Халық  медицинасында  баспаны 
антибиотикке  қарағанда  табиғи  жолмен  емдеуді  ұсынады.  Соның  бірі  өзен  бақасымен 
емдеу.  Бұл  біреуге  күлкілі,  біреуге  біртүрлі  көрінуі  мүмкін.  Бірақ  өз  кезеңінде  осы 
жайлы  профессор  Виктор  Востоков  айтып  кеткен.  Тіпті  бақаларды  асқынып  кеткен 
түрінде де қолданған [2]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет