Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата22.12.2016
өлшемі1,09 Mb.
#184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Унгарсынова Ф. Памятники легендарным сыновьям казахского народа.  
    
Казахстанская правда. 01.07.2000. 
2. Кайрат Саки. Юрта на пирамиде, или о Бейбарсе со слов средневековых   
    
летописцев. Источник:  www.arba.ru. 
3. 
Абу-ль-Аббас аль-Макризи. Книга поучений и назидания // Салах-ад-Дин и  
    
мамлюки в Египте. М., 1966. 
4. 
Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом. М., 1966. 
5. Рыжков К.В. Бейбарс І аз-Захир Рукн ад-дин // Все монархи мира.  
6. Мусульманский Восток VII-XV вв. М., 2004. 
 
 
 
  
 

 
24 
Қожа Ахмет Йассауи – ұлы орта азиялық ақын-сопы 
және дін уағыздаушы   
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университеті  
«Қазақстан тарихы» кафедрасының  
аға оқытушысы, ф.ғ.к.   
Нұғман Б.Г. 
  
 
 
Қожа  Ахмет  Яссауи  –  сопылық  түрік  тармағының  қадірлі  басшысы, 
ойшылы,  ақын.  Оның  «Диуани  хикмет»  («Даналық  кітабы»  -  көбінесе 
«Хикметтер»  атауымен  қысқартылып  қолданылады)  шығармасы  сақталған. 
Биографиялық деректері үзінді түрінде.  Нақты қайтыс болған мерзімі белгілі – 
1166 жылы. Ахметтің әкесі Ибрахим Сайрамда атақты шейх болды.   
Қожа  Ахмет  Яссауи  1103  ж.  Испиджабта  (қазіргі  Сайрамда)  туған.   
Алғашқы  білімді  өзінің  әкесі  шейх  Ибрахимнан  алған.  Одан  әрі  білім  мен 
тәрбиені  оған  ханафит  мазхабынан  белгілі  ғалым  Баха  ад-Дин  Испиджаби 
берді.  Осыдан  кейін  Отырарға  атақты  Арыстан  бабқа  барады,  ол  сол  кездері 
жергілікті  мубайлықтардың  басшысы  болды.  Қожа  Ахмет  Яссауи  одан 
тұрмыстық  және  рухани  даналықты  асқан  ұқыптылықпен  қабылдады.  Ұстазы 
қайтыс  болғаннан  кейін  бүкіл  әлем  мұсылмандары  ислам  күмбезі  деп  атаған 
Бұқараға жол тартады. Ол мұнда, сол кездері өздерін Алланың рухымен бірігуді 
іздеуге бел буған мистиктердің белгілі мектебін басқарған  атақты шейх Қожа 
Жүсіп  Хамадани  тұлғасынан  лайықты  ұстазын  табады.  Бұған  шейх-сопылар 
оларды шақырды.   
Ахметтің тұлға ретінде рухани қалыптасуына және оның генеологиясына 
қатысты  аңыздардың  түрлі  нұсқалары  бар.  Сопылық  сияқты  ислам 
бағытындағы идеялар мен символдар әлемінің өзіндік бейнесі бар екенін атап 
өту керек.  Олардың біріне сәйкес Мұхаммед пайғамбар қайтыс болар алдында, 
халықты жинап алып, мынадай сұрақ қойды: «Кім өзіне  менің аманатымның 
(таспиқ)  символын  алып,  менің  ісімді  жалғастырады?».  Ұзақ  өмір  сүрген 
Арыстан баб шығады. 500 жыо өткеннен кейін далада Арыстан Бабқа 11 жасар 
ұл  бала  кездеседі  де,  ешбір  алғысөзсіз:  «Ақсақал,  алла  жарылқасын,  менің 
аманатымды беріңізші» дейді. Бұл бала – Ахмет Яссауи еді.     
Қожа  Ахмет  Яссауи    XII  ғасырдың  басында  өзінің  алғашқы  шәкірттерін 
түрік әлемінің түрлі қиырларына жібереді. Қызынан туған өзінің жиенін  Ахмет 
Сопы  –  Қайалыққа,  Хәкім  ата  Сүлеймен  Бақырғаниды  Үргенші  қаласына 
жібереді. Ахмет Яссауидің сыбайластары мен шәкірттері: Хәкім ата (582/1183 
ж. қайтыс болған) және Саид Ата (615/1218 ж қайтыс болды) өз шейхтарының 
рухани  әдісін  Сырдария  мен  Жайық  бассейндеріне,  Хорезмде  және  тіпті 
Шығыс Түркістанға  таратты. Яссауи ілімінің таралу процесі Орталық Азияның 
далалық аудандарын исламдандырумен қолма-қол  жүрді. Қожа Ахмет Яссауи 
өмір сүрген кезде оның шәкірттерінің арасында 12 мың таңдаулы және 99 мың 
қарапайым  халықтан  шыққандар  болды.  Оның  Яссы  қаласында  40  ханаках-

 
25 
чилляханы  («шіркеу»,  сопылық  үшкіруге  оқытатын  40  күндізгі  курстардан 
өтуге  арналған  арнайы  оқу  орны)  болды,  онда  түрік  әлемінің  әр  түкпірінен 
келген көптеген зерттеушілер оқыды.      
Сопылық  исламда  жаңа  мистика-аскетикалық  ағын  болды.  Орталық 
Азияда  сопылық    IX-X  ғғ.  кең  таралған,  бұл  ордендерге  рәсімделген  жеке 
сопылық мағынадағы мектептер құрумен көрінді, олардың басында араб тілдес 
елдерде – шейхтар, иран тілдестерде - шейхтар мен пирлар, ал түркі тілдестерде 
шейхтар, пирлар, ишандар, баба, ата деп аталатын тәлімгерлер тұрды.  Орталық 
Азияда анағұрлым кең таралған ордендер - накшбандийа, йассавийа, кубравийа    
Осыған  орай  мубайлықтар,  исмайылдықтар,  караматтардың  діни 
бағыттары шафиттік, ханафиттік мазхаба және т.б. ғалымдарымен бір мезгілде 
өмір сүрді.   
Қожа  Ахмет  Яссауи  барлық  өмірін,  барлық  күш-жігерін  көптеген  діни 
ағымдардың аясында рухани бірлік құруға арнады. Ол тек діни қайраткер ғана 
емес,  сондай-ақ  тамаша  ақын,  философ  болды,  қоршаған  ортаның  барлық 
жағын  шынайы  түрде  жайлап  байқады.  Оны  бәрі:  қауымдық  өмір  де, 
билеушілер  тағдыры  да,  халықтың  өзінің  тағдыры  да  толғандырды.  Ақылды 
адам бола тұрып, ол өмірді барлық тұрғыдан түсінді: сыртқы – ойшыл ретінде, 
ішкі  –  табиғаттың  жоғары  рухымен  байланысы  бар  рухани  тұлға  ретінде 
түсінді.    
Қожа  Ахмет  Яссауидің  шығармалары  –  өлеңдер,  жинақтар,  рисальдар 
жергілікті тұрғындар арасында  кеңінен белгілі болды. Ол тек рухани тәлімгер 
ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ  дана  мемлекеттік  қайраткер  ретінде  де  қатысты. 
өзінің  рухани  уағыздарында,  өлеңдері  мен  трактаттарында,  халыққа  өзінің 
ашық  сөзін  айта  алатынын  сезген  кезде  қазірге  қажеттілікке  үн  қатты.  Қожа 
Ахмет Яссауи басқа нанымдағы адамдарға төзімді болуға шақырады:   
Сүндет емес кәпір болса, берме азар, 
Көңілі қатты, діл азардан Құдай безер. 
Ондай құлға Алланың азабы даяр, 
  
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне. 
Аңызға  сәйкес  Яссауи  Тәңірге  қызмет  ету  үшін    қауымдық  қарбаластан 
кетуге  мәжбүр  болады.  Ол  Яссы  қаласының  жер  асты  кельясына,  мешіттің 
жанына  қоныстанады,  онда  қалған  өмірін  өткізеді.  1166/67  ж.  Қожа  Ахмет 
Яссауи  қайтыс  болады және  ұлы  киелі  адам  ретінде  Яссы  қаласында ол  үшін 
жабдықталған  кесенеде  жерленеді,  ол  соңында  мұсылмандардың  жаппай 
қажылықтары мен табынатын орнына айналды.    
Қожа  Ахмет  Яссауи  құрған  бата  беру  мектебі  білімге  шөлдегендердің 
тартылыс орталығы болды. Оның беделінің арқасында Түркістан Қазақстанның 
ең маңызды орта ғасырлық ағарту орталығы болды.     
Шейх  қайтыс  болғаннан  кейін,  ол  құрған  Яссауиа  рухани  сопылық 
орталығы  белсенді  қызметін  жалғастырды,  ал  зират  маңында  пайда  болған 
мемориал кешен барлық Орталық Азияда  әйгілі табынатын жердің бірі болды.   
Әдеттегідей  мұсылман  Шығысында  болды,  жаппай  табыну  орны  белсенді 
сауда, қолөнер және рухани өмір орны болды.   

 
26 
Оның  «Диуани  хикмет»  еңбегі  –  діни  сопылық  әдебиет  ескерткіші  ғана 
емес,  олар  көне  түркі  тілдес  ескерткіштердің  бірі  болып  табылады  және 
көптеген түркітанушылардың пікірінше қарахандық әдебиет дәстүріне жатады.   
Олардың өлеңдерінің бастауы түрік көшпенділерінің шамандық өлеңдерінде де 
болады.  Оның  өлеңдерінің  тілінде  қыпшақ  элементтері  бар.  Атақты  «Диуани 
Хикмет»  -  түркі  тілдес  халықтардың  ортақ  мұрасы,  олар  ауыздан  ауызға, 
ұрпақтан ұрпаққа таралды, халықты адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке және 
шыдамдылыққа шақырды.   
Осы  шығармада  Яссауи  тарикатының  негізгі  ережелері  жалпыланған.   
Хикметтерді  ислам  уағыздады  және  халық  арасында  мұсылмандықтың 
нығаюына ықпал етті. Түркі тілдес халықтардың арасында «Диуани хикметті» 
«Құраны  түркі»  деп  атады,  себебі  нақ  солар  Құранды  Қожа  Ахмет  Яссауи 
«Хикметтері» арқылы қабылдады, сондықтан түріктер оны  - «Хазірет Сұлтан» 

«Қасиетті Сұлтан», ал Түркістанды екінші Мекке деп атады.   
 
 
"Бісміллә" деп баян еттім хикмет айтып, 
  
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне. 
  
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып
  
Мен "дәптер сәни" сөзін аштым, міне. 
 
  
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап, 
  
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап. 
  
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, 
  
Діні қатты халайықтан қаштым, міне. 
 
  
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл, 
  
Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл. 
  
Махшар күні құзырына жақын болғыл, 
  
Менменсінген халайықтан қаштым, міне. 
 
  
Ғашық есігін Мәулім ашты, маған сыйлы, 
  
Топырақ қылып әзір бол деп мойнымды иді. 
  
Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді, 
  
Найза алып, жүрек, бауырым тестім, міне. 
  
Осылайша  Яссауи  –  Алланы  исламда  мистикалық  танудың  «түркі» 
жолдарының  (тарикат)  негізін  салушы.  Оның  барлық  тіршіліктің  тұтас  мәні 
туралы,  жақындық  және  тіпті  Құдайды  өз  санасымен  тану  процесінің  тепе-
теңдігі  туралы,  пайымдау,  Құдаймен  қарым-қатынас,  бірігу  жолдарында  жеке 
рухани  тәжірибе  қажеттігі  туралы  идеяларының  маңыздылығын  мойындай 
отырып,  зерттеушілер  осы  идеялардың  халықтық  дүние  танымдарына 
бейімделуін  атайды.  Бірақ  барлық  айтылғандардан  басқа,  Яссауи  қарапайым 
халыққа  түсінікті  және  жақын  көркем  сөздердің  үлкен  шебері  ретінде  араб-
парсы-түркі  тілдік  өзара  әсер  етісу  процесіне  қатысу  тұрғысынан  рухани 
мәдениет  тарихына  енді.  Яссауи  шығармалары  –  барлық  түркі  халықтарының 

 
27 
жалпы  рухани  игілігі.  Әлі  күнге  дейін  түріктер  «Хикметтер»  мәтінін 
аудармасыз  түптұсқада  оқи  алады.  «Хикметтер»  өздері  құрған  қауымды 
біріктірудің  идеологиялық  негізі  болды.  «Хикметтерден»  алынған  үзінділер 
Яссауи зікірі (сопылық үшкіру) кезінде ән боп айтылды, олар жиі белсенді дене 
қимылдарымен  және  қатысушылардың  экстатикалық  тәртібімен  (асма)  қатар 
жүрді.  Зікір  тақырыбы  Ахмет  Яссауидың  хикмет-ғибраттарында  да  маңызды 
болып тұрады.         
Зікір (араб тілінен аударғанда  - «еске алу») — Алла атынан тұратын намыз 
сөздерін көп рет айтумен шектелетін исламдық рухани практика.  Зікір исламда 
көбінесе  сопылықтың  медатациялық  практикасы  ретінде  дамыды.  Сопылар 
зікірді  «барлық  мистикалық  жолдар  негізделген  бағана»  деп  атайды.    Зікірді 
айтқан кезде орындаушы ерекше ырғақты қозғалыстар жасау, белгілі бір намаз 
қалпын (жалса) қабылдауы  және өзінің демін бақылауы қажет. Зікірді көбінесе 
фикраға,  сол  арқылы  өзі  туралы  және  Құдай  туралы  «үнсіз»  ойлану  немесе 
медитацияға қарама-қарсы қояды.   
Зікірді келесі түрлерге бөледі: жаҺри (жали) зикр – тілмен айтып еске алу; 
хафи  зикр  –  іштей  оймен  еске  алу.  Еске  алуды  немесе  жалғыз,  немесе  сопы 
қауымы  өкілдерінің  жалпы  жиналысында  жасауға  болатын  [мәжіліс  әз-зікір]. 
Кейбір бауырластар (мысалы, шадилийа, халватийа, даркава сияқты және т.б.) 
оңашаланған  зікірдің,  яғни  мистикалық  «жолдың»  аяғына  жақындағандардың 
басымдығын  атап  айтты,  оны  олар  «[Құдайдың]  қалаулылар  зікірі»  (зикр  әл-
хавасс)  деп  атады.    Басқалары  (мысалы,  Алжит  мен  Тунисте  рахманийа) 
оңашаланған  еске  алу  «қаупін»  нұсқады  және  оны  ұжымдық  зікірмен 
үйлестіруге кеңес берді, ол тақуалардың үлкен «жиналыстары» (хадра) кезінде 
де, сондай-ақ шағын «үйірмелерінде» де (халка) жөнеле алады. Ұжымдық зікір 
ережелері кейбір бауырластықтарда оларға қатысушыларға белгілі бір қалыпты 
және  дем  алуын  бақылауды  ұйғарады.  Мұндай  «еске  алулар»  өзінше 
литургияны еске түсіреді, ол бауырластықтың негізін салушы өсиет еткен құран 
аяттарын немесе намаздарды айтудан басталады. Мұндай бастама хизба немесе 
вирда деп аталады.    
Зікір  сөзі  Құраннан  алынған,  онда  ол,  жеке  алғанда,    келесі  өлеңдерде 
кездеседі:  «Сен  Құдайыңды  ұмытып  қалсаң,  еске  түсір  [узкур]  »  (18:24)  және 
«О, Құдайға сенгендер! Алланы [узкур] жиі еске түсіру арқылы еске алыңдар» 
[зикран касиран] (33:41).  
Халладж,  Мұхамедтің  Құдайдың  тағына  (мирадж)  «түнде  шығуын» 
сипаттай отырып, «зікір бағы» арқылы баратын Құдай жолы, шын мәнінде өз 
тағдыры  туралы  және  Құдай  (фикр)  туралы  «ойлау  жолдарымен»  мәні  бірдей 
дейді.    
Осылайша, Яссауи сопылығының бірінші ерекшелігі  - халықтығы немесе 
түркі  тілдес  халықтарға  үндеуі.  Бұдан  оның  екінші  ерекшелігі–  түркі  тілінде 
тарату  шығады.  Яссауи    алғаш  рет  ислам  әлемінде  түркі  тілін  зікір  салуға 
пайдаланады,  дегенмен  исламның  басты  ережелері,  бұрынғыдай  араб  тілінде 
жеткізіледі. Жеке алғанда, Яссауи туған халқына ана тілінде айту үшін өзінің 
«Хикметттерін»  жазады.  Өз  кезегінде  нақ  осы  жағдай  Түркістан  ареалында 
яссауилықтың  атағын  қамтамасыз  етті.  Түрік  әдеби  тілі  және  философиялық 

 
28 
терминология  Яссауиден  (және  Жүсіп  Баласағұн)  басталады.  Оның  үстіне, 
Яссауи  тілінің  аналитикасында  шеттен  алуға  ғана  емес,  сондай-ақ  жеке  түрік 
лексемаларын когнитивті байытуға да көңіл бөлді.  Мысалы, қарапайым сөзбен 
айтқанда «ата» мағынасындағы «ата»  сөзі енді рухани тәлімгер, шейх дегенді 
білдіре  бастады.  Сонымен  Сүлеймен  Бақырғани  халық  арасында  «Хәкім  ата» 
ретінде белгілі. Егер Қорқытты аңыздарда жай ғана Қорқыт деп емес, Қорқыт 
ата  деп  атаса,  біз  соңғысында  тек  данышпан  немесе  музыкантты  ғана  емес, 
белгілі бір сопылық мағынаның басшы деп білеміз.   
 
Бұл шындықтан онша алыс емес деп ойлаймын, себебі Яссауи орденінің 
үшінші  ерекшелігі  өз  үшкірулерінде  музыканы  кеңінен  пайдалану  болды.   
Хусам-ад-дин  Сығнақи  «Рисалада»,  «шейх  Ахмет  Яссауи  жүз  жетпіс  маңдай 
алды  және  нағыз  ұстаздар  қызметінде  болды  және  олардан  иджаз  немесе  өз 
бетінше уағыздауға рұқсат алды. Сол дереккөзіне сәйкес ол олардың (яғни осы 
ұстарздардың)  жарлықтарының  иесі  болды  және  олардың  әрқайсы  оған  өз 
хиркаларын кигізді – сопылық мектептердегі сабақтастық символы. Ол олардан 
«зикр-и-джахр»    (қатты  зикр),  «самаў и ракс»  -  салттық билердегі  музыкалық 
үшкіруді қабылдады».   
 
Яссауи мектебінің келесі ерекшелігі – еркектермен бірдей діни әрекеттер 
жасаған  әйелдердің  үшкіруге  қатысуы.  Бұл  ортодоксальдық  орталарда 
жағымсыз  реакция  тудырды,  бірақ  Яссауи  бірлескен  зікірдің  қабылдарлық 
екенін дәлелдеді.   
 
Теориялық негіздерге келетін болсақ, Яссауилік жетілу жолы негізгі төрт 
кезеңнен  тұрды:  1)  шариғат,  2)  тарикат  (жеке  жол),  3)  хақиқат  (Жолдың 
соңында  Ақиқатқа  жету)  және  4)  маўрифат,  яғни  Болмысты  толық  және 
абсолютті білу және құдайшыл әлемнің құпияларын ашу,  Құдайды жоғалу.   
Яссауиде  Жолды  жүріп  өту  басқа  өңірлердің  сопылық  тарикаттарының 
ішіндегі  ең  күрделісінің  бірі  болды.  Мысалы,  ескерілген  төрт  кезеңнің 
әрқайсысы  тағы да он  жеке  «тұрақтарға»  -  мақамға бөлінді.    Осы  тұрақтарды 
игеру  төтенше  қиын  іс  болды.  Қожа  Ахмет  өз  шейхтарына,  егер  олар  жетпіс 
ғылымды  білмесе,  жетпіс  тұрақтан  өтпесе,  олар  пұттан  жоғары  тұрмайтынын 
ескертті.   
Сопы  «әулиелерін»  (турба)  жерлеу  қажылық  нысандары болады,  олардан 
тірі  шейхтардағыдай  «жақсылық»  сұрайды,  қорғаныш  және  ем  іздейді.  Ахмет 
Яссауи  мен  Арыстан  Баб  табыттары  қажылықтың  (пилгримаж;  зийарат)  бір 
желісімен байланысқан.   
Сопылықтың  маңызды  ерекшелігі  әулиелер  ғибадаты  болып  табылады.   
Бабалар  ғибадаты  баяғыдан  түріктер  менталитетінің  маңызды  құрамды  бөлігі 
болып  табылды.  Түрік  мифтерінде  бабалар  бейіттері  қасиетті,  табыну  орны 
болып  табылады.  Мұндай  орындарды  Құдайдың  өзі  барлық  бақытсыздықтан 
жасырған деп саналған. Даладағы көштер ескі бейіттердің басына түнеуді жөн 
көрген,  солардың  жанында  өз  сөздерінің  шындығына  және  сенімділігіне  ант 
берді.  Жерленген  жердің  жанында  намыз  оқу  маңызды  қазақ  салттарының 
қатарына  жатады.  Бейіттің  жанынан  ағаш  өссе,  ол  қайтыс  болған  адамның 
киелігінің  куәсі  болған.  Сыйынатын  қазақтар  осы  ағаштың  бұтақтарына 
маталардың жолақтарын байлап, Алланы еске алып, одан өз тілектерін орындау 

 
29 
туралы  немесе  аурудан  құтқару  туралы  сұрайды.  Сондықтан  Яссауи 
бауырластар орталығы әдетте барлық Орталық Азия бойынша таралған атақты 
Яссауи  шейхтары  молаларының  маңайына,  жеке  алғанда  Қыпшақ  даласында, 
Қазақстанның оңтүстік аумақтарында: Түркістан мен Шымкентте орналасқан.   
Шейх  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  құрған  рухани  сопылық  орталығы 
белсенді  қызметін  жалғастырды,  моланың  жанында  пайда  болған  мемориал 
кешен барлық Орталық Азияда  әйгілі табынатын жердің бірі болды. Қасиетті 
жерлердің қызметшілері, Қожа Ахмет Яссауидың кесенесіне үш рет (нұсқасы: 
жеті  рет)  бару  (зийарат)  әлсіз  адамдар  үшін  Меккеге  баратын  үлкен 
қажылықпен  теңеледі.  Әдеттегідей  мұсылман  Шығысында  жаппай  табыну 
орны белсенді сауда, қолөнер және рухани өмір орны болды.   
     
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
Кодар  А.  Концепты  Степного  Знания  //  Қазақ  өркениеті  –    Казахская 
цивилизация. – 2001. –  №1. – С.69. 
2. 
Қасқабасов С. Қазақтың халық утопиясы // Жұлдыз. –  1990. –  №6.  – С. 184-
192.  
3. 
Каракузова  Ж.К.,  Хасанов  М.Ш.  Космос  казахской  культуры.  –  Алматы: 
Евразия, 1993. – С. 15. 
4. 
Сегизбаев  О.А.  Казахская  философия    XV  –  начала  XX  века.  –  Алматы: 
Казахстан, 1996. – С. 64. 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
30 
Мұхаммед Хайдар Дулати – белгілі тарихшы, 
әдебиеттанушы және мемлекет қайраткері   
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының аға оқытушысы 
Ошанов Н.З. 
 
 
 
Дулатидің  толық  аты  Мырза  Мұхаммед  Хайдар  бон  Мұхаммед  Құсайын 
Дуғлат Көреген. Дулати 1499 жылы Ташкентте туған. Қазақ халқының көрнекті 
ұлы қазақтың ежелгі Дулат тайпасының өкілі болып табылады. Өз заманының 
тамаша  тарихшысы  және  саяси  қайраткері  болды.  Жоғары  білім  мен  Евразия 
халықтарының  тарихы  мен  мәдениеті  туралы  ұланғайыр  білімінің  куәсі  оның 
атақты және керемет еңбегі «Тарихи-и Рашиди» болып табылады.  
Бұл  еңбегінде  ол  ұрпақтары  үшін  –  XIV  ғасырдың  екінші  жартысы  мен 
XVI  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Моғолстан  мен  Қашқар  тарихын 
сипаттайтын  баға  жетпес  мәліметтер  қалдырды.  Осы  еңбегін  XVI-XX 
ғасырдағы авторлар түрік және оған көрші халықтар орналасқан кең аймақтың 
тарихының  алғашқы    деректері  ретінде  кеңінен  пайдаланды.  Ол  өзектілігін 
біздің  заманымызда  да  жоғалтқан  жоқ.  Дулатидың осы  басты  еңбегі  көптеген 
тілдерге аударылды.   
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдардағы 
көрнекті қайраткерлердің арасынан құрметті орын алды. 1999 жылы ЮНЕСКО 
эгидосымен оның 500 жылдығына арналған арнайы конференция өткізілді.     
 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  ата-бабасы  Моғолстан  мемлекетіне  енген 
оңтүстік-шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Шығыс Түркістанның көрнекті 
саяси  қайраткерлері  болған.  Олар  ұлысбектердің,  тархандардың  орындарында 
отырды  және  өздерінің  мұралық  иеліктері  –  Маңғылай-Сүбені  басқарды.  
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  үлкен  атасы  Мұхаммед  Хайдар  мырза  1480  ж. 
дейін Қашқарияны биледі. Оның әкесі Мұхаммед Құсайын XV ғасырдың басы 
мен XVI ғасырдың аяғында Моғолстанның шығыс бөлігінің билеушісі Сұлтан 
Махмұд ханның нөкерлерінің бірі болды.  Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы - 
Хуб Нигар ханым Жүніс ханның қызы болатын, ол өзі - анасы жағынан Саид 
хан  сұлтанның  және  Үндістанды  билеген  Ұлы  Моғолдар  әулетінің  негізін 
қалаушы Захир ад-Дін Мұхаммед Бабурдың немере ағасы.   
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  балалық  шағы  Орта  Азиядағы  Темір 
әулетінің, Мұхамед Шайбанидің өзбек көшпенділерінің қысымымен құлдырай 
бастаған кезіне сәйкес келеді.   
Хайдар мырза өзінің негізгі білімін Жаркентте алады, онда үздік медреседе 
оны үздік педагогтар мен ғалымдар оқытады. Құран және қадистермен қатар ол 
географияны,  жаратылыстануды,  математиканы,  тарихты,  философияны, 
логиканы, әдебиетті, тілдерді оқиды. Күн сайын әскери өнер сабақтарын алады. 
Оның оқуы мен тәртібін Саид ханның өзі қадағалайды. Тарих пен географияға, 

 
31 
әдебиетке, жылнамаларды зерделеуге көп көңіл бөледі. Осының бәрін «Зафар-
наме»  авторы,  библиограф  Әмір  Темір  I  Параф  ад-Дина  Али  Иаздидің 
шығармаларынан  сарқып  алуға  болады  екен,  сондай-ақ  Иакут  аль-Хамауи  ар-
Румидің, Рашид ад-Діннің, Ұлықбектің, Бабурдың және т.б. еңбектерін оқиды.    
Саид хан Хайдар мырзаның талантын жоғары бағалайды, оны ұлындай жақсы 
көреді, оған өзінің кіші қызын әйелдікке беріп, гурхан (ханның күйеу баласы) 
етеді,  осылай  достығын  туыстық  байланыспен  нығайтады.  Хайдар  мырзаның 
еңбектерінде  Саид  ханның  жасаған  барлық  жорықтары  мен  әрекеттері 
бейнеленген, ол осы оқиғалардың тікелей қатысушысы болған.    
1512  ж.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қашқарияда  Саид  хан  сұлтанның 
сарайында  болған  кезде  сарайдағы  көрнекті  әскери  және  басқа  лауазымдарда 
болады.  Бабурдың  айтуынша,  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  энциклопедиялық 
білімдері болған, Қазақстан, Орта Азия, Моғолстан тарихын жақсы білген.    
1541-1546 
жж. Кашмирде ол «Тарих-и Рашидиді» жазады, онда ол моғол 
хандарының  сарайларында  сақталған  ұрпақтан-ұрпаққа  таралып  келе  жатқан 
дулаттардың өткен өмірі туралы әңгімелерге, моғолдардың аңыздарына, құпия 
құжаттарға  және  көргендердің  куәлігі  мен  өзінің  бақылауларына  сүйенеді. 
Автор  өткендегі  -  Жувейни,  Жамал  Карши,  Рашид  ад-Дин  Али  Йазди, 
Әбдіразақ  Самақанди  сияқты    белгілі  ғалымдардың  тарихи  шығармаларын 
пайдаланады.  Осының  бәрі  берілген  шығарманы  мұрағаттық  деректерге 
негізделген тарихи анықтама ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.  
 
«Тарих-и Рашидида» Қазақ хандығының қалыптасуы, Жетісу мен Шығыс 
Дешті  Қыпшақтағы  ізінше  болған  оқиғалар,  Моғолстанның  шабуылдары, 
феодалдық  соғыстар,  сыртқы  жауға  қарсы  күресте  қазақтар,  қырғыздар  мен 
өзбектер  арасындағы  достық  одағын  нығайту  туралы  көп  мәліметтер  бар. 
Еңбекте  Оңтүстік  және  Шығыс  Қазақстанның    XV-XVI  ғғ.  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайы,  қалалық  және  егін  шаруашылығы  мәдениеті, 
Жетісудың  тарихи  географиясы,  Орта  ғасырлық  Қазақстан  туралы  көптеген 
құнды деректер бар. 
 
«Тарих-и  Рашидида»  Қазақстанның:  Сайрам,  Түркістан,  Йанги  (Тараз), 
Баласағұн, Шу, Сырдария, Іле, Ертіс, Көкше теңіз (Балқаш), Қаратал және т.б. 
сияқты  қалалары  мен  өзендерінің  атаулары  мен  кейбір  сипаттамалары  ғана 
беріліп  қойған  жоқ,  сондай-ақ  осы  өлкелерде  туған  ғалымдар  мен  белгілі 
тұлғалардың есімдері де аталады.   
  
«Тарих-и  Рашидидің»  ерекше  белгісі  –  шыншылдық  болып  табылады.  
Автор  өзінің  алдына  -  өздері  көрген  шындықты,  ол  өзі  қатысқан  оқиғаларды 
немесе  өткеннен  орын  алған  ақиқатқа  жүгінетін  тарихи  фактілерді  бейнелеу 
мақсатын қойған. Мұхаммед Хайдар Дулати сандаған түркі тілдес этностар өз 
бетінше:  қазақ,  қырғыз,  өзбек,  қарақалпақ  ұлттары  болып  рәсімделе  бастаған 
кезеңде  өмір  сүрген.  Сондықтан  сарай  шиеленістері,  өзара  қақтығыстық 
қайшылықтар мен соғыстар, билік пен жер үшін күрес, Дешті Қыпшақтармен 
қарым-қатынас туралы толық түрде әңгімелейді, ол «өзбектер» мен «қазақтар» 
этносының пайда болуы сияқты тақырыпқа да жүгінеді.    
  
Хайдар  мырза  Кабулда  өмір  сүрген  кезінде  Бабурдың  Шайбанидтерге 
қарсы қауіпті әскери жорықтарына қатысты. Көзімен көрген ұрыс шайқастары 

 
32 
мен сынақтар Хайдар мырзаның жақсы шыңдалып, тұлға болып қалыптасуына  
нағыз  сабақ  болды.  Ұрыс  шайқастары  кезінде  оның  ұстаздары  мен 
қамқоршыларының  бірі  Саид  ханның  өзі  болды.  1514  жылы  ол  Хайдар 
мырзамен  бірге  өзінің  маңындағыларды  шақырып  алып,  Қашқарияға  жол 
тартады,  Әбу  Бәкірді  тақтан  түсіріп,  Қашқар  хандығын  -  жаңа  мемлекетті 
құрады.  Хандар  ордасы  тұрған  Қашқарияда,  Жаркентте  көптеген  мешіттер, 
медресе, сарайлар, керуенсарайлар болды.  Мұнда өз шығармаларын шығарып, 
адамдарды  сауаттылыққа  үйретуші  ғалымдар  мен    ақындар  жан-жақтан  келіп 
жатты.  Кашмир  Хайдар  мырзаға  өте  ұнады.  Сондықтан  ол    «Тарих-и 
Рашидида»  Кашмирге    сегіз  тарауын  арнайды.  Өлке  астанасы  Сринагар 
қаласын,  оның  көп  қабатты  үйлерін,  салтанатты  аркаларын,  жергілікті 
шеберлердің  өнерін,  небір  бұйымдардың  ғажайып  әдемілігін  сипаттайды. 
Мұнда кашмирліктердің исламды қабылдау тарихы өте толық мазмұндалған.  
   
Үнді  тарихшылары  Хайдар  мырза  билеген  кезде  Кашмирдің 
құлпырғандығын айтады. Рухани дүниелер мен мәдениеттің дамуына зор көңіл 
бөлінді.  «Тарих-и  Рашидимен»  жұмыс  жасау  барысында  автор  көптеген 
деректер,  мысалы    Ата  Мәлік  Ала  ад-Дін  Мұхаммед  Джувайнидің  «Тарих-и 
джахангушай»  («Әлемді  жаулап  алу  тарихы»),  Орта  Азия,  Ауғанстан  мен 
Жетісу тарихы сипатталған Жамал Карши еңбектерін пайдаланды.  
 
Осындай  ойлы,  байқағыш  тарихшының,  соғыста  да,  басқаруда  да 
тәжірибелі,  ұзақ  уақыт  бойы  Бабурдың  үйімен  тығыз  байланысты  болған  
адамның  өмірі мен қызметі үнді тарихшыларының белгілі бір қызығушылығын 
тудырды.  
 
Оның 
дипломатиялық 
қабілеттермен 
ұштасқан 
тұлғасының 
тартымдылығы  -  оған  Хумаюн  императорының  аласапыран  кездерінде  өз 
иелігінің  тәуелсіздігін  сақтап  қалуға  ғана  емес,  Тибеттегі  жаңа  жеңістер 
есебінен  оны  кеңейтуге  де  мүмкіндік  берді.  Мемлекеттік-әкімшілік істері  мен 
әскери  әрекеттер  оған  әдеби  қызметтерімен  параллель  айналысуға  кедергі 
болған жоқ: нақ сол кашмир кезеңіне оның «Тарих-и Рашиди» тарихи еңбегімен 
көп жылдық айналысуы жатады.   
Мұхаммед  Хайдар  Дулатиге  1529-30  ж.  Бадахшанда  болған  кездерінде 
түрік тілінде жазылған «Джахан-наме» өлеңдік трактаты жатады. Оған поэзия 
да  бөтен  емес  болатын:  түрік  және  парсы  тілдерінде  бірдей  еркін  жазды, 
поэтикалық псемдонимі  «Айяз» болды.   
 
Мұхаммед Хайдар Дулати 1551ж. жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оның 
моласы Сринагарда Мазар-и салатинде тұр.    
  XVI-
XVII ғғ. өзінде классика болып саналған «Тарих-и Рашиди» кеңінен 
таралды, көп рет қайта жазылып, қайта оқылды, бұл бес ғасыр бойы оған деген 
өшпес  қызығушылықтың  куәсі.  Осы  данышпандық  туындының  баға  жетпес 
көшірмелері  Англия,  Франция,  Германия,  Ресей,  Үндістан,  Пәкістан,  Иран, 
Өзбекістан,  Тәжікстан,  Шығыс  Түркістанның  жылнама  сақтағыштарында 
жатыр.      Орта  ғасырлық  зерттеушілер  өздерінің  еңбектерінде,  Шығыстың 
жұмбақ  елдері:  Кашмир,  Шығыс  Түркістан,  тибет  туралы  әңгіме  болғанда 
«Тарих-и Рашидиға» сілтеме жасайды.   

 
33 
XIX  ғасырдағы  ғалымдардың  ішінен  бірінші  болып  Ш.Уәлиханов  осы 
еңбекке  жүгінді.  Ғылым  Академиясы  мұрағатында  «Тарих-и  Рашиди» 
жылнамасымен  танысқан  соң,  осы  туындының  үзіндісіне  шағын  аударма 
жасады.  Ағылшын  шығыс  танушысы  Денисон  Росс  «Тарих-и  Рашидиді» 
ағылшын  тіліне  аударып,  Лондонда  басып  шығарды.  Бірінші  басылым  1895 
жылға  жатады,  ал  екіншісі  –  1898  ж.  Батыс  еуропа  ғалымдары  -  Х.Беверидж, 
В.Беллью,  Дж.Бриггс,  Дж.Даусон,  Х.Джеррит,  Е.Д.Росс,  Ф.Х.Скрайн,  Р.Шоу, 
Э.Эллиот, В.Эрскайн және басқалары Үнді тарихын зерделеп, Еуропада кеңінен 
таралған жоғарыда аталған еңбекке бірнеше рет жүгінді.   
1996 жылы «Тарих-и Рашиди» В.М.Такстонның парсы мәтінімен АҚШ-та 
басылып шықты.  «Тарих-и Рашиди»  толық түрде орыс тіліне аударылып, 1996 
жылы  Ташкентте  басылып  шықты,  ал  1999  жылы  қазақстандық  «Санат» 
баспасы оны бес рет қайта басып шығарды.   
        
Әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ  мен  Тараз  университеті  осы  көрнекті 
ғалымның  өмірі  мен    шығармашылығына  арналған  бірнеше  халықаралық 
конференциялар өткізді. Кейінірек Тараз мемлекеттік университетіне оның аты 
берілді.  Қазақстанда  Әл-Фарабидің  1100  жылдық  мерейтойынан  кейін  атап 
өтілген  маңызды  мерекелердің  бірі  1999  ж.  Хайдар  Дулати  мырзаның  500 
жылдығы болды.   
Осы  көрнекті  қолбасшының,  мемлекет  қайраткерінің,  орта  ғасырлық 
талантты  тарихшының  өмірі  мен  қызметі  аз  зерделенген  және  өзінің 
зерттеушілерін  күтуде.  Хайдар  мырза  туралы  шығыс  тілдерінде  көптеген 
мәліметтер  бар,  олардың  көпшілігі  әлі  күнге  дейін  жарияланбаған.  Хайдар 
мырзаның  шығармашылық  мұрасы  бүкіл  әлемдік  мойындауға  және  жоғары 
бағаға ие болды. Оның Орта Азия елдерінің ғылымын, мәдениеті мен әдебиетін  
дамытуға  қосқан  үлесін  қайта  бағалау  күрделі.  Әлемнің  көптеген  елдерінің 
ғалымдарына, қазақтың тарихи ғылымының бастауын М.Х.Дулатидің «Тарих-и 
Рашиди» атты классикалық еңбегісіз көз алдына елестету қиын.    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет