Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата22.12.2016
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. Аяган Б. Летописцы средневекового Казахстана   //Экспресс К. 2005.-19 авг.-  
    
С.9. 
2. Достанбаев Т. Великий историк Отечества: К 2000-летию Тараза //Каз.  
    
правда.-2002.  13 сентября. 
3. Достанбаев  Т. Возвращение Дулати в Тараз   //Жамбыл-Тараз.-2000, 29  
    
сентября. 
4. Изучение  памятников истории и культуры Жамбылской области //Тараз- 
    
Хабар-2000.-2004.- 21 мая.- С.2. 
5. Қазыбек, М. «Тарихи-и Рашидидiң» тарихи-танымдық сипаты   //Қазақ  
    
батырлары.-2006.-№ 3. 
6. Ситько, Н.   Мухамеду  Хайдару  Дулати  - 500 лет   //Наука Казахстана.- 
    1999.-N21-22.1-
30 ноября. 
 
 

 
34 
Қадырғали Жалайыр – танымал тарихшы, мемлекет 
қайраткері 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік 
 
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Мақалақов Т.Ж. 
  
 
Қадырғали  Жалайыр  (1530-1605/1607) –  алғашқы  қазақ  жазушысы  және 
ғалымы.  Қазақтың  Орта  жүзінің  «жалайыр»  руынан  шыққан.  Қадырғали 
Жалайырдың  ата-бабасы    Қарахандықтар  мемлекеті  кезінен  бастап  үздіксіз
 
  
хан нояндары (князь), уәзірлері (кеңесшілері) немесе батырлары болған. Оның 
атасының  аты  -  Темшік  батыр,  ал  әкесі  –  Қосынбек  болған.  Қадырғалидың 
атасы  атақты  батыр  болған,  ол  немересіне  жауынгерлік  өнердің  негіздерін 
үйреткен. Ал оның әкесі Қосынбек өз заманының ең білімді деген адамы болды. 
Осылайша,  Қадырғали  Жалайыр  өзінің  ата-бабаларының  ең  үздік  қасиеттерін 
қабылдаған.  Өзінің  қарқынды  өмір  жолдарының  ішінде  ол  жоғары  текті 
ұрпақтарды  (хан  балаларын)  тәрбиелеуден  бастап,  билік  сарайындағы  хан 
кеңесшісіне дейінгі түрлі лауазымдарды атқарады.   
Білімді,  өзіне  лайық  ұстамдылықтағы  адам  кез  келген  қоғам  мен  кез 
келген елде құрмет пен сыйды жеңіп алады. Осы ақиқатты өзінің жеке басының 
үлгісі ретінде қазақтың ұлы ғалымы, әрі саяси қайраткері Қадырғали Жалайыр 
дәлелдеді. Өмір жолдарында оған мекен-жайын бірнеше рет  ауыстыруға тура 
келді.    
Оның ауылын қалмақтар шауып кеткеннен кейін, Шығай ханның ұлы мен 
Тәуекел  ханның  ағасы  –  Оңдан  сұлтан  жау  қолынан  қаза  табады,  Қадырғали 
Жалайыр  өзімен  бірге  Оңдан  сұлтанның  13  жасар  баласы  Ораз-Мұхаммедті 
алып,  Сібір  ханы  Күшімге  тиісті  аймақтарда  туысқандарымен  көшіп  жүреді.   
Күшімнің  сарайында,  өзінің  үздік  қасиеттерін  байқата  жүріп,  ол  аға  би 
(кеңесші)  болып  сайланды. Қадырғали  Жалайыр  өзінің  «Өлеңдер  жинағында» 
былай  деп  жазады:  «Менің  ата-бабам  Ораз-Мұхаммед  сұлтанның  ата-
бабаларына қызмет етеді. Мен өзім Ораз-Мұхаммедтің әкесіне қызмет еттім, ал 
соңында  үнемі  Ораз-Мұхаммедтің  қасында  болдым».  Өмір  бойы  ол  өзінің 
парызына  адал  болды,  өзінің  тақсыры,  әрі  шәкірті  Ораз-Мұхаммед  сұлтанды 
бірде-бір рет тастап кеткен емес.   
Қадырғали  Жалайыр  туған  (қазақ)  тілін  ғана  емес,  араб  және  парсы 
тілдерін де жақсы білді, шығыс классикалық әдебиеті, ғылымы мен мәдениеті 
саласында  терең  танымы  болды.  Қадырғали  Жалайыр  білімнің  тереңдігі 
бойынша  Орта  Азияның  Бабур,  Бенан  Сенан  және  Сэцен  сияқты  ұлы 
ойшылдарымен  бір  деңгейде  тұр.  Жоғарыда  атап  өткендей,  Қадырғали 
Жалайырдың  оқымыстылығы  мен  данышпандығын  қажетті  түрде  бағалай 
отырып,    Күшім  хан  оны  өзінің  кеңесшісі  етіп  сайлайды.    Алайда  сонымен 

 
35 
қатар  Қадырғали  Жалайыр  Сібір  князі  Сейдектің  (Сейдахмет)  де  кеңесші  биі 
болады.    
Соңында  Қадырғали  Жалайыр  Күшім  ханға  қарсы  шығып,  Ораз-
Мұхаммедпен бірге Сейдахметпен жақындасады, соның салдарынан соңғысы-
ның  беделі  мен  дәрежесі  айтарлықтай  биік  деңгейге  көтерілді.  Сібір 
хандығының  көптеген  князьдары  мен  билері  осыдан  кейін  Сейдахметтің 
жағына  көшеді.  Ресей  жылнамаларында  осы  факт  бойынша  ақпараттар 
сақталған, онда да Сібір хандығы билік құрған соңғы жылдар туралы мәлімет-
тер  бар.  Берілген  мәліметтерге  толық  тоқталған  жөн,  себебі  осы  мәліметтер 
Қадырғали  Жалайыр  мен  жас  сұлтан  Ораз-Мұхамедтің  одан  арғы  тағдырына 
әсер еткен.      
 
Сібір  хандығы  1588  жылы  тіршілігін  тоқтатты.  Бұл  орыстың  «Сібірді 
жаулап алу» жылнамасында осы оқиға былай сипатталады: «Летом 709 (1588) 
году случилось князю Сейдяку (последний хан Сибири - Сеидахмед) с салтаном 
Казачьей Орды (Ораз-Мухаммедом) и с мурзой Карачею (Кадыргали Жалаири) 
и  с  500  человеками  татар  на  берегу  реки  Иртыш  забавляться  ястребиной 
охотою... И понеже сие происходило в виду от города, то письменный голова 
Чулков тотчас о том увидал и послал к князю, чтобы его с товарищами просить 
к себе на обед, причем о мирных договорах советовать можно будет». 
  
Кейде сібірдің соңғы ханы ретінде Күшімді атайды, бірақ бұл олай емес. 
Күшім Іскер (Сібір хандығының астанасы) тағындағы соңғы Шыңғыс тұқымы, 
ал  соңғы  ханы  Сейдахмет  болған.  Ұзақ  уақыт  Төмен  (Тюмен)  хандығын 
тайбұғы руы биледі. 1400 жылдардың ортасында Шыңғысханның ұрпағы Ибақ 
тайбұғы Мараны өлтіріп, тақты алады.  Алайда Мараның немересі – Мұхаммед 
Ибақты  өлтіріп,  өзіне  хан  лауазымын  қайтарып  алады.    Уақыттың  өтуімен 
тарих  доңғалағы  қайтадан  артқа  шегінеді.  Тайбұғының  Едігерін  Шыңғыс 
тұқымы  Күшім  өлтіреді,  ал  Едігердің  Сейдахмет  атты  ұлы  Күшімнің 
қылышынан қорқып Орта Азияға жасырынады. Жуық арада, Ермактың кішкене 
кемелері  Іскерге  келген  кезде  Күшімге  Сібір  тағын  тастап  кетуге  тура  келді. 
Вагай  суларында    атаман  қайтыс  болғаннан  кейін,  Іскерге  Тайбұғы  руының 
соңғы  өкілі    -  Сейдахмет  өзінің  нөкерлерімен  кіріп,  өзін  ұлы  хан  деп 
жариялады.    
Алайда Сейдахметке  ұзақ билеу жазбады: Тобыл сағасында барған сайын 
жаңа  кішкене  кемелер  пайда  бола  бастады,  таң  атқаннан  кешке  дейін 
балталардың  шабысы  естіліп  тұрды.  Бұл  -  Тобылдың  соғылып  жатқаны 
болатын.  Хан, жанында, оның  вотчинасынан  бірнеше  қадам  жерде қарсыласы 
жаңа қала соғып жатқанына Іскер қабырғаларынан қаһармен көз тастап жүрді. 
Тобыл  1587  жылдың  жазы  ішінде  соғылып  бітті.  Ештеңеге  қарамастан    хан 
орыстармен  жанжалдасудан  қашып  жүрді,  оның  ойынша,  олар  «ағаштан»  от 
лақтыра алады (оқ атар қаруларды қолдану). Көп ойланғаннан кейін Сейдахмет 
қазақ  ханы  Тәуекелмен  одақ  болуды  шешеді.  1588  ж.  жазда  одақтастарының 
өкілдері  –  Тәуекелдің  туысы  16  жасар  Ораз-Мұхаммед    пен  Қадырғали 
Жалайыр  - Іскерге келеді.  
Жылнамалардың хабарлауынша, қаршыға аулау кезінде соңғылары Чулков 
әскербасының сөйлесуге шақыруын қабылдағылары келмеді, алайда жас сұлтан 

 
36 
Тобылға сапарға шығуға көндіреді. Қонақтарды Данила Чулковтың өзі көңілді 
қарсы алады. Жуық арада Тобыл бекінісіне парламентарийларды не үшін алдап 
әкелген сәті туады. Кесені жиегіне дейін толтырып, әскербасы мұсылмандарға 
«ақ патшаның» (яғни Ресей патшасы) құдіреті үшін ішіп қоюды ұсынады.   «Но 
понеже  Сейдяк  и  его  товарищи  ту  чашу  выпить  отговаривались,  то  оное 
принято за явное доказательство, что, конечно, у них намерение худое. Между 
тем,  по  Чулкову  приказу,  все  русские  войско  в  городе  вооружилось  и,  по 
данному от него знаку, знатнейшие гости взяты под караул, а рядовые, которые 
у  них  были  в  провожатых,  -  все  побиты»  («Покорение  Сибири»).  Қонақтар 
тұтқындалды.  Сол күні  Чулков  тобы  Іскерді  басып  кірді. «С  того  времени  ни 
татары,  ни  русские  долее  в  городе  Сибири  не  жили»,  -  деп  жазылады 
жылнамада.  Тайбұғы  Сейдахмет  құрмет  тұтқынында  Ярославлдан  батысқа 
таман  Бежицкий  Верх  уезінен  жер  иелігін  алады.  Сібірдің  соңғы  ханы 
Сейдахметтің билігі осылай аяқталады.    
Осылайша,  1588  ж.  сібір  әскер  басы  Д.Чулков  Қадырғали  Жалайырды,  
Ораз-Мұхаммед  пен  Сейдахметті  тұтқынға  алдап  түсіріп,  оларды  үй-тұрмыс 
шаруашылығымен және отбасымен бірге Мәскеуге «аманат» ретінде жібереді.   
Шамамен 1598 ж. дейін Қадырғали Жалайыр Мәскеуде патша сарайында өмір 
сүрді.  1590-1591  жж.  шведтерге  қарсы  соғысқа  қатысқаны  және  ұрыс 
барысында батырлық танытқаны үшін орыс патшасы Федор Иванович 1592 ж. 
Ораз-Мұхаммед  сұлтанға  бұрынғы  Қасым  хандығының  құрамына  енген  Ока 
өзенінің  жағасынан  жер  бөліп  береді.  1600  ж.  орыс  патшасы  Борис  Годунов  
Ораз-Мұхаммедті  Қасым  хандығының  ханы  етіп  сайлайды.  Қадырғали 
Жалайыр  оның төрт уәзірінің (кеңесшісінің) бірі болып сайланады.   
Өзінің  Қадырғали  Жалайырға  арналған  мақаласында  Калиль  Вахитов 
барлық  осы  оқиғаларды  қысқаша  сипаттайды.  Ол  былай  деп  жазады:  «Алғаш 
рет  Қадырғали  бек  Сібірге  Күшіммен  бірге  келеді.  Қараша  (бас  уәзір) 
лауазымымен  бірге  қазіргі  Тобыл  ауданының  аймағынан  жер  иелігі  сыйға 
тартылған  болатын.    Ермак  Күшімді  қуып  шыққаннан  кейін  Қараша  далаға 
қашуға  мәжбүр  болды.  1588  ж.  жазда  ол  қайтадан  Сібірге,  бұл  жолы  қазақ 
ханының  елшісі  ретінде  келеді.  Тұтқындалған  кезінде  тартып  алынған  хат 
сақталған.  Онда  былай  делінген:  «Обладатель  сей  высочайшей  грамоты  - 
Главный  эмир  Среднего  жуза  Кадыргали-бек  из  племени  жалаиров.  Он 
уполномочен  вступить  в  сношения  и  вести  переговоры  с  беком  племени 
сибиров Сейтеком, а также с Кучум-ханом из дома Сибана (Шейбана. – Авт), а 
также с русскими беками в Чимги-Туре. Повелитель правоверных Тауекель-хан 
приложил свою печать».  
Сібір  тұтқындарын  Мәскеуге  жібереді.  «Сібірді  жаулап  алуда»  бұл 
жөнінде  былай  хабарлайды:  «Таких  знатных  пленников  в  Тобольске  долго  у 
себя  держать  опасно  было.  Того  ради  Чулков  еще  тою  же  осенью,  а  именно 
сентября  10  дня  709  (1588)  году,  их  в  Москву  к  Его  Царскому  Величеству 
отправил,  где  они  по  их  природе  честно  были  приняты  и  пожалованы 
вотчинами».  Кейіннен  Қараша  Ораз-Мұхаммедке  қызмет етеді, оның  табысты 
түрде қызметінің өсуіне көмектеседі. Қадырғали бек соңғы жылдарын кітаппен 
өткізеді.  Оның  жеке  шығармалары,  ережеге  сай  (как  правило),  ол  «Барс  хан» 

 
37 
деп  атайтын  Борис  Годуновты  қолдау  сөздерінен  басталады.  Қадырғали 
еңбектері  үш  жүз  жылдан  астам  уақыт  мұрағаттарда  жатты  да,  мамандардың 
тек таңдаулы топтарына ғана қол жеткізерлік болды. Өкінішке орай, әлі күнге 
дейін  олар  орыс  тіліне  аударылмаған.  Қараша  –  Қадырғали  Жалайыр  1607 
жылы жеке иелігінде Рязанщинада қайтыс болады».  
     
Қадырғали  Жалайыр  бөтен  елде  жүріп  түгелдей  ғылыми  еңбектермен 
айналысқан.  Қасым  хандығы  сарайында  1600  ж.  жаза  бастаған  өзінің  атақты 
жылнама  кітабы  «Жами  ат-тауарихты»  (Жылнамалар  жинағы)  Қадырғали 
Жалайыр екі жылдан кейін 1602 жылы аяқтайды. Жылнамада 157 бет бар және 
ол қытай қағазында ерекше ұқыптылықпен жазылған. Шығыс ойшылдарының 
орныққан  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  ғалым  өзінің  еңбегін  орыс  патшасы 
Борис Годуновқа арнайды. Алғашқы екі тарауында ол Бориа Годуновты Ресей 
мемлекетінің басшысы ретінде оған оң көзқараспен мінездеме береді де, оның 
басқаруын сипаттайды.  Автор өзінің жылнамаларында, қазақ даласынан орын 
тепкен  шығыс  елдері  мен  қалаларына  көз  жүгірте  отырып,  түрік  рулары  мен 
тайпаларына  тарихи  анықтамалар  мен  түсініктемелер  береді.  Қарахандықтар 
дәуіріне тоқтала келе, автор сондай-ақ Қазақстан аймағын  IX-XI ғғ. мекендеген 
Оғыздар  туралы  өз  пікірін  айтады.  Рашид-ад-Диннің  парсы  тілінде  жазылған 
«Жами  ат-тауарих»  жылнамалық  кітабына  сүйене  отырып,  ғалым  Шыңғыс 
әулеті мен оның өзі туралы көптеген тарихи фактілер келтіреді.  Еңбекте қазақ 
хандарының  өмір  тіршілігі,  қазақ  даласы,  қалалары  және  т.б.  туралы  құнды 
материалдар  бар,  құнды  деп  қазақ  халқының  тұрмысы  мен  шаруашылық 
қызметі туралы мәліметтерді атайды.     
     
Кітаптың  XIII-ХVI  ғғ.  қазақ  жерінде  болған  тарихи  оқиғаларға  арналған, 
Шыңғысханның жаулап алу жорықтары туралы тарауы ерекше қызығушылық 
тудырады. Сондай-ақ бұл тарау XVI ғ. бастап қазақ хандықтарының ішкі және 
сыртқы  жағдайы,  қазақ  тайпаларының  білім  алуы,  қазақ  хандығында 
халықаралық  және  қоғамдық-саяси    жағдайлар,  патриархалдық-феодалдық 
қарым-қатынастардың  қалыптасуы,  сұлтандар,  тектер,  хафиздер  және  басқа 
әлеуметтік топтар туралы құнды материалдармен толықтырылған. Жылнамада 
Қазақстанның  ежелгі  және  орта  ғасырлық  тарихы  жөнінде  көптеген  құнды 
мәліметтер бар. Автор ежелгі қазақ тілін жеткілікті түрде білген.  
 
Қадырғали  Жалайырдың  жылнамасы    -  ежелгі  қазақ  тілінде  жазылған 
тұңғыш  тарихи  туынды.  Ғалымдар  Қадырғали  Жалайыр  еңбегінің  ғылыми 
құндылығын  бағалай  отырып,  оны  Орта  Азия  мен  Монғолияның  көптеген 
көрнекті тарихшыларымен бір қатарға қояды. Қадырғали Жалайырдың ғылыми 
еңбегін  Қазан  университетіндегі  орыстың  даңқты  шығыстанушы  ғалымдары 
мен профессорлары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, академик В.В.Вельяминов-
Зернов жоғары бағалады. Көрнекті қазақ ағартушысы Ш.Уәлиханов Қадырғали 
Жалайыр  еңбектерімен  таныс  болды  және  өз  еңбектерінде  олар  қалдырған 
мәліметтерді пайдаланды. Нақ Ш.Уәлиханов Қадырғали Жалайырды қазақтың 
тұңғыш жазушысы деп атады.    
      
Қадырғали  Жалайырдың  «Жами  ат  –  тауарих»  кітабы  халық  арасында 
қазіргі кезге дейін белгілі және қолданылып келе жатқан халық мақалдары мен 
мәтелдерін  қолдана  отырып,  қазақ-шағатай  аралас  тілде  жазылған.  1992  ж. 

 
38 
алғаш  рет,  Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігінің  бірінші  жылын  тойлаған  кезде 
Қадырғали Жалайырдың «Жами ат–тауарих» кітабы филология ғылымдарының 
докторы  Р.Сыздықова  мен  тарих  ғылымдарының  докторы  М.Қойгелдиевтің 
редакциялауымен  қазақ  тілінде  басылып  шығарылды.  Ал  1998  жылы 
«Шежірелер  жинағы»  кітабы  толық  көлемде  Мұхтар  Мағауиннің 
редакциялауымен  жарық  көрді.  Жалайырдың  «Жылнамалар  жинағы»  кітабы 
бойынша  ғылыми  монография  жазған  академик  Рабиға  Сыздықова  оны  қазақ 
жазба әдебиеті сөзінің негізін қалаушы деп санайды. Көрнекті қазақ ғалымдары 
Әлкей Марғұлан мен Қаныш Сәтпаев оның есімін Орта Азия мен Монғолияның 
белгілі  тарихшыларының  есімімен  бір  қатарға  қойды  және  оның  ғылымға 
қосқан  үлесін  жоғары  бағалады.  Ұлы  қазақ  ғалымы  Қадырғали  Жалайырдың 
есімі  қазақ  халқының  тарихы  мен  әдебиетінде  мәңгі  қалады.  Талдықорған 
қаласында  ұлы  ғалымға  оның  сіңірген  еңбегінің  құрметі  ретінде  ғаламат 
ескерткіш орнатылды.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
Абдакимов А. История Казахстана. - Астана, 1999. 
2. Вахитов К. Затерянная исторя Сибири. Казань. 2004. 
3. Козыбаев М.К. Казахи. Историко-этнографическое исследование - Алматы,  
    1995. 
4. Кузембайулы А., Еркин Абил История Республики Казахстан. - Алматы,1999. 
5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. –  
    
Алма-Ата, 1992. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
39 
Қазақ хандығының дамуындағы Қасым ханның, Тәуке 
ханның және Абылай ханның тарихи ролі  
 
 
Қарағанды мемлекеттік 
 
техникалық университетінің 
 
«Қазақстан тарихы» 
 
кафедрасының доценті, т.ғ.к.   
Дәниярова А.Е. 
 
  
Қазақ  хандығының  құрылуы  XIV  –  XV  ғғ.  Қазақстан  аумағында  ішкі 
әлеуметтік-экономикалық  және  этносаяси  процестердің  заңды  нәтижелері 
болып табылды.     
  
XV ғ. ортасына қарай  біртұтас тұрақты мемлекет қажет екендігі нақты 
түрде  шыңына  жетті,  ол  Қазақстанның  қалыптасқан  елдігінің  этникалық 
аймағы мен тұрғындарының шаруашылық қызметінің ортақтығын қамтамасыз 
еткен болар еді.     
XIV  – 
XV  ғғ.  жергілікті  халық  мемлекеттілігінің  дамуы  Қазақстанның 
оңтүстігінде  қалаларды,  шаруашылықты  және  егін  шаруашылығын  біртіндеп 
қалпына  келтіру  негізінде,  аймақта  билік  құрған  Шыңғыс  хан  тұқымының 
қамқорлығымен  болса  да,  жергілікті  этникалық  негізде  феодалдық  қарым-
қатынастың  дамуы  жағдайында  жүрді.  Көптеген  тайпаларды  зорлықпен 
біріктірген монғол ұлыстарынан айырмасы - анағұрлым айқынырақ этникалық 
базаға негізделген мемлекеттілік орнады.   
Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің 
құрылуы  этникалық-біртекті  феодалдық  мемлекеттердің  кейінгі  генезисі  үшін 
олардың - қазақ, ноғай, өзбек, ұйғыр елдігіне біршама тығыз бірігуіне жағдай 
жасады.    
Қазақ  хандығының  пайда  болуы  Шығыс  Дешті-Қыпшақ,  Жетісу  және 
Түркістанның  (Оңтүстік  Қазақстан)  кең  байтақ  аумағында  әлеуметтік-
экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.  
XIV  - 
XV  ғғ.  көшпелі  мал  шаруашылығы,  тұрғылықты  егін  шаруашылығы, 
қалалық  және  сауда-кәсіптік  бағыттағы  шаруашылық  сияқты  аралас 
экономикасы  бар  салалардың  табиғи  шоғырлануы  негізінде  біртұтас 
экономикалық  аймақ  құру  аймақтың  барлық  жерін  бір  саяси  құрылымға 
біріктіру жағдайын тудырды.   
Көшпенді және тұрғылықты халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-
саяси  байланыстарын  нығайту  қазақ  рулары  мен  тайпаларының  этникалық 
бірігуіне,  елдіктің  құрылуының  аяқталуына  ықпал  етті.  Осы  жағдайлар  шын 
мәнінде  қазақ  мемлекеттілігін  құрудың  нақты  себептері  мен  шарттары  болып 
табылды.    
Қазақ  халқының  жіктік  бытыраңқылығын,  саяси  бірікпеушілігін  түрлі 
мемлекеттік  бірлестіктерде  игеру  Жәнібек  пен  Керей  (Гирей)  есімдерімен 
байланысты.  Олардың  әулеттік  мүдделері,  басқа  Шыңғыс  тұқымымен  дала 
билігі  үшін  шайқасы,  текті  ақсүйектерден,  сондай-ақ  қатардағы  еңбекші-

 
40 
малшылардан,  егіншілерден  шыққан  болса  да,  халықтың  әлеуметтік 
топтарының  мүдделеріне  сәйкес  келді.  Олар  халықтың  тәуелсіз  мемлекет 
құруға талпынысын нақты түрде бейнеледі.   
Керей мен Жәнібектің ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен-Бұғыны билеп 
алу мақсатында қоныс аудару кезі Хижра бойынша 864 ж. немесе 1459 (1460) 
ж. сәйкес келеді.    
Өзбек  Ұлысында  бөліну  неден  туды?  Керей  мен  Жәнібектің  қоныс 
аударған  кезі,  көшпенді  өзбектер  басшысы  Әбілқайырға  мемлекетті 
қалмақтардың ойранынан қалпына келтіруге тура келген жылдарға сай келеді.     
Бұл  тәртіп  салық  төлеуге  және  ондаған  міндеткерлік  алуға  тиісті 
қарапайым  көшпенділерге  үлкен  ауыртпалық  болып  түсті.  Осының  бәрі 
құзырындағы азаматтардың негізгі бөлігінің күрт наразылығын тудырды және 
соңғы нәтижесі көптеген мал шаруашылығы қауымының көрші жерлерге қоныс 
аудару  есебінен    мемлекет  халқының  азаюы  болды.  Осындай,  Өзбек  Ұлысы 
ханының  саясатына  наразы  адамдардан  тұратын  қоғамның  басында  Орыс  хан 
ұрпақтары – Керей мен Жәнібек тұрды.    
Одан  әрі  оқиға  барысы  көрсеткендей,  Керей  сұлтан  мен  Жәнібек 
сұлтанның  Моғолстан  шегіне  кетуі,  Өзбек  Ұлысында  соңында  билікті  тартып 
алуды ойластыратын өзінше стратегиялық шегіну болды.   
Есен-Бұғы  Моғолстанның  батыс  бөлігін,  Есен-Бұғы  мен  оның  ағасы 
Жүніс иеліктері арасындағы Шу алқабында Қозы-Басы облысына икта ретінде 
берді.  Жүніс ағасын Темір тұқымы Әбу-Саид қолдады.   
 
1462 ж. Есен-Бұғы қайтыс болады және оның орнына Жүніс хан бекіді, 
ол  өзінің  қызын  Жәнібектің  ұлына  беріп,  Кереймен  және  Жәнібекпен  қарым-
қатынасын  нығайтты.  Керей  мен  Жәнібектің  жақтаушылары  ретінде  «өзбек-
қазақтар»  немесе  тек  «қазақтар»  есімі  бекітілді.  Орыс  хан  ұрпақтары  мен 
Моғолстан шағатайлықтары арасындағы дәстүрлі одақтың басы.     
Орталық  және  Оңтүстік  Қазақстан  халқының  сансыз  ағылып  келуіне, 
сонымен қатар кейбір жергілікті рулар мен тайпаларды қолдауына байланысты 
Керей  мен  Жәнібек  өз  қамқоршысының  -  моғол  ханының  қалауын 
орындаушылар ретінде ұзаққа бармады.    
Мұхамед Хайдар Дулатидің айқындауы бойынша, «қазақ сұлтандарының 
билек  құра  бастауы  Хижраның  870  жылынан  басталды»  [15],  бұл  1465/1466 
жылдарға сәйкес келеді. Батыс Моғолстан аумағында Шу-Іле алқыбында және 
шектес  аудандарда  Жәнібек  пен  Керей  тәуелсіз  қазақ  хандығының  негізін 
құрды.   
Қоныс  аудару  XV  ғ.  50-жылдарының  ортасынан  бастап  60-жылдардың 
соңына  дейін  бір  жарым  он  жылдық  ішінде  жалғасты.  Қоныс  аудару  процесі 
1468  ж.  Әбілқайыр қайтыс  болып,  оның  мемлекеті  күйрегеннен  кейін  күшейе 
түсті. Жәнібек пен Керей, Моғолстан аумағы шектерінде өз мемлекетін құрып, 
айтарлықтай әскери күшке ие болып, Жетісуда берік тыл жасап, Дешпі-Қыпшақ 
билігі  үшін,  қазақтар  қоныстанған  барлық  аумақтарды  біріктіру  үшін 
Әбілқайыр ұрпақтарымен шайқасқа кірісті.    

 
41 
Қазақ  хандығын  құру  сипаты  бойынша  күрделі  және  уақыты  бойынша 
ұзақ  көп  аспектілі  процесс  болды,  онда  саяси  процестер  этникалық, 
экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестермен бір мезгілде дамыды.   
Жаңа хандықтың құрылуы қарастырылып отырған дәуір үшін қарапайым 
формула  бойынша  жүрді,  соған  сәйкес  ғасырдың  ортасында  мемлекеттер  сол 
немесе  басқа  әулетпен  бірге  пайда  болып,  ыдырады.  Керей  жасының 
үлкендігіне  қарай    бірінші  хан  болып  сайланды  (1465  –  1472  ж.ж.).  Жәнібек 
1472  – 
1480 жж. биледі, ол қайтыс болғаннан кейін Керейдің ұлы - Бұрындық 
сұлтан хан болды  (1480 - 1511 жж.). 
XVI ғасырдың басында қазақ иеленушілерінің сыртқы саясатының негізгі 
желісі  Сырдария  маңындағы  қалаларды  игеру  болды,  олардың  Қазақ 
хандығының  батыс  және  оңтүстік-шығыс  шеттеріндегі  көршілерімен  қарым-
қатынастары осы арқылы анықталды.   
Қазақ  хандығының  Билеуші  басшы  топтары  Орта  Азияның  көрші 
облыстарында саяси оқиғалардың орбитасына барған сайын көбірек тартылды. 
Шайбанилықтармен,  енді  Мауреннахр  билеушілерімен  күресті  жалғастырады. 
Мұхаммед  Шайбаниге  және  оның  мұрагерлеріне  өздері  жаулап  алған 
темірліктер мемлекетін, Орта Азияда Шайбанилықтар мемлекеті үшін, осының 
алдында ұзамай Шайбанидің өзі көшпелі өзбектерімен темірліктер үшін қандай 
қауіпті  болса,  осындай  қауіп  тудыратын  өздерінің  солтүстік  тумаластарынан 
қорғауға тура келді.      
Егер 
бұрын 
жошылықтардың 
екі 
тармағы 
мен 
олардың 
жақтаушыларының  қақтығыстары  Өзбек  Ұлысында  алауыздық  тудырса,  ал 
қазір  бұл  жік-жікке  бөлінген  тумаластар  арасындағы  шайқасқа  айналды, 
олардың  әрқайсысы  белгілі  бір  аумақта  тұрды  және  белгілі  бір  мемлекет 
құрамына  енді.  Осылайша,  XVI  ғасырдың  басынан  бастап  Орыс  хан  мен 
Әбілқайыр  хан  ұрпақтары  арасындағы  өзара  қарым-қатынаста  жаңа  кезең 
басталады  –  сахарада  біріншілік  орын  үшін  күрестің  әулеттік  әдісіне  саяси-
экономикалық әдіс қосылды, олар осы күреске бітіспес сипат береді.    
Шайбанилықтар  Қазақ  хандығының  күшеюіне  және  Сырдария  маңында 
қазақ билеушілерінің билігін бекітуге жол бермеуге тырысты.   
Сырдария  маңы  және  Қаратау  аудандары  батыс  Жетісуда  қазақ 
хандарының  иеліктеріне  жақын  болды.  Сырдария  маңы  қалалары  сахара 
аудандары  тұрғындары  үшін  сауда-экономикалық  байланыстардың  маңызды 
орталықтары  болды.  Олар  Қазақстан  аумағында  бұдан  бұрынғы  мемлекеттік 
құрылымның  әкімшілік-саяси  орталықтары  болып  табылды.  Сырдарияның 
төменгі  және  ортаншы  ағысындағы  жерлер  қазақтың  көшпенді  тайпаларына 
құнды қыстық жайылым ретінде қажет болды.   
  
XV  ғасырдың  аяғына  қарай  Қазақ  хандығының  құрамына  Созақ, 
Сығанақ,  Сауран  қалалары  енді.    Сырдария  маңы  оазистері  бөлігінің  Қазақ 
хандығына  қосылуы  елдерді  тұтастай  біріктіру  бойынша  қазақ  хандарының 
жетістік көзі болып табылды.   
Қазақстанның 
ұлттық 
құқығының 
қалыптасу 
тарихы 
қазақ 
мемлекеттігінің  –  Қазақ  хандығының  пайда  болу  кезеңіне  байланысты.  Осы 
уақытта  қазақ  қоғамындағы  қатынас  «адат»  қарапайым  құқық  нормалары 

 
42 
арқылы  реттелді.    Құқықтық  (санкцияланған)  дәстүр  –  құқықтың  анағұрлым 
көне  түрлерінің  бірі.  Құқықтық  дәстүр  –  тәртіп  ережесі,  ол  көп  рет 
қайталануына  қарай  әдетке  айналады,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріледі  және 
мемлекеттік  мәжбүрлеу  күшімен  қорғалады.  Тарихта,  рулық  құрылыс 
дәстүрлері өзгеріп, біртіндеп санкцияланған дәстүрлерге көтерілген   көптеген 
оқиғалар  белгілі.  Рулық  құрылыс  кезінде  ең  көп  таралған  дәстүрлер  «талио» 
принципі болды. «Талиона» принципі (talio, talioni латын тілінен) күшіне қарай 
қылмысқа  тең  жаза  дегенді  білдіреді.  Қылмыстық  жауапкершіліктің  осы 
принципі  әрбір  ерте  кластық  қоғамда  болған,  сонда  жаза  келтірілген  залалға 
тура  сәйкес  келетін  (қанға  –  қан,  жанға  -  жан).  Біртіндеп  осы  дәстүрлер 
айыппұлға  ауысты,  ал  айыппұл  қоғамның  топтарға  жіктелу  шамасына  қарай 
дифференциалданған  сипат  алды.  Белгілі  болғандай,  қазақ  қоғамында 
дәстүрлер құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етті.    
 
«Адат»  1206  ж.  Шыңғысхан  Онон  өзенінің  жанында  қабылдаған 
монғолдардың  «Ясы»  кодификацияланған  қарапайым  құқығының  кейбір 
нормаларын  қабылдаған  [7].  «Ясы»  –  әскери,  азаматтық,  әкімшілік  сияқты 
жағымды  заңдардың,  оларды  орындамағаны  үшін  жазалар  бекітілетін, 
жиынтығы болып табылады.   
Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе 1511 – 1518 (1523) жж. 
билеген  Қасым  ханның  тұсында  ең  жоғары  қуатқа  жетті.  Нақты  түрде  ол 
Бұрындық кезінде де билей бастады.   
Жәнібектің  ұлы  Қасым  1445  ж.  шамасында  туған.  Ол  әдет-ғұрпын 
құрметтеген нағыз дала перзенті ретінде үлкендерге бағынып, Бұрындыққа бас 
иетін.  Ол  туралы  атақты  сұлтандар  мен  даңқты  бахадүрлердің  бірі  және 
Бұрындық ханның атты әскерінің жол басшысы ретінде айтты. XVI ғ. басына 
қарай  Қасым  сұлтанның  билігі  нығайды,  Қасым  хандықтағы  нақты  билік  пен 
инициатива өзінің қолында екенін көргенмен, көреген саясаткер ретінде ол сақ 
болды, төзімділікпен күте білді.    
 
1510  ж.  Мұхаммед  Шайбани  Қасымның  әскерлерінен  Сығанақ  түбінде 
тас-талқан  соққыға  жығылды.  Қираған  және  шашыраңқы  өзбектердің 
қалғандары    Самарқандқа  қашты.  Осы  жылдың  аяғында  Мұхаммед  Шайбани 
Иран шахымен шайқаста Мерв түбінде Қорасанда қаза табады.   
Хандықтың  екі  беделді  адамының  бақталастығы  қуатты  сұлтанның 
жеңісімен  және  өз  беделін  жоғалтқан  ханды  қудалаумен  аяқталды.  1511 
жылдың  күзінен  бұрын  Бұрындық  хан  маңайындағылардың  тобымен 
Мауреннахрға кетті. Хандықтағы жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшеді, 
олардың ішінде бірінші болып Қасым таққа отырды.     
Касым  хан,  замандастары  Бинаи,  Ибн-Рузбихан,  Бабур,    Мұхаммед 
Хайдардың  айтулары  ойынша  жылқыларды  жақсы  көрген,  олардың  білгірі 
болған,  әскери  талантымен,  жеке  батылдығымен  ерекшеленген.  Олардың 
айтқандары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттері бар, еліктеуге тұрарлық 
адам бейнесі құрылады.     
Хан  заманының  ұлттық  құқық  эволюциясы  Қасым  хан  есімімен 
байланысты.  Халық  аңызында,  Қасым  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»  заң 
ережелерінің  бірінші  жинағын  жасаған,  бұл  метафоралық  мәнде  тура,  басты 

 
43 
жолы дегенді білдіреді [16, 48-б.]. Нақ өзі қазақтарды бір хандыққа біріктіріп, 
оны  нығайта  алды.  «Тарих-и  Рашиди»-да:  «Қасым  хан  барлық  Дешті-
Қыпшақты,  өз  билігіне  қаратты,  Жошы  ханнан  кейін  ешкім  бұлай  істей 
алмаған.  Мысалы,  оның  әскер  саны  мың-мыңдаған  (миллион)  адамнан  асып 
кетті.  Ақыр соңында, 924 (1518) жылдан кейін ол мәңгілікке кетті» [15, 324-
бет].  Қасым  хан  қазақ  аумағының  ұлан  байтақ  даласына  өзінің  үстемдігін 
бекітті,  Жетісудағы  билігін  нығайтты,  батыста  оның  билігінің  астына  Ноғай 
ордасы  рулары  мен  тайпаларының  топтары  қоныс  аударды.  Хандық 
шекаралары  батыста  Жайық  өзені  бойымен,  оңтүстікте,  Сайрам  уалаятымен 
қоса,  Сырдарияға  дейін  кеңейді,  солтүстік  пен  солтүстік-шығыста  Ұлытаудан 
және  Балқаш  көлінен  ары  алысқа  созылып  жатты.  Алғаш  рет  монғолдар 
жеңісінен кейін Қазақстан аумағында барлық рулар мен тайпалар, оның ішінде 
Жетісу бір мемлекетке бірікті.   
Оның  тұсында  Қазақ  мемлекеті  туралы  батыс  елдер  де  хабардар болды.  
Қазақ  хандығының  Мәскеу  мемлекетімен  елшілік  байланыстары  басталды.    
Австрия  дипломаты  Сигизмунд  Герберштейн  қазақ  елшілерімен  кездескеннен 
кейін  Мәскеу  сарайының  жанында  Қазақ  хандығы  туралы  өз  жазбаларын 
қалдырды.   
Қазақ  хандығы  Қасым  хан  тұсында  айтарлықтай  нығаюына  қарамастан, 
орталықтандырылған  мемлекет  бола  алмады.  Бұл  1518  –  1523  жж.  ол  қайтыс 
болғаннан  кейін  байқалды,  сұлтандар  мен  басқа  феодалдардың  сепаратизмі 
көріне  бастады,  араздық  басталды,  басқа  билеушілеріне  қарсы  моғол  және 
өзбек хандарының одағы құрылды.    
Қасымның ұлы Хақназар хан, оның әкесінің тұсында ұланғайыр аумақты 
құраған қазақтардың жерге деген құқығын қалпына келтіруге тырысты (1538 – 
1580 жж.).  
Қасымның  саясатын  «Есім  ханның  ескі  жолы»  заңдар  жинағын  жасаған 
Ер Есім хан (1598 – 1628 жж.) жалғастырды.   
  
XVII  ғ.  бірінші  жартысында  Жәңгір  қазақ  ханы  болды.  Оның  тұсында 
ойраттардың  (жоңғарлардың)  қазақ  жеріне  шабуылы  жиіледі.  Жоңғар 
хандығының  құрылуына  байланысты  (1635  ж.)  олардың  Ертіс  маңы  мен 
Жетісуда қазақ жерлерін басып алу қаупі арта түсті. Жәңгір басқарған жылдар    
1629 – 
1652 жж. қамтиды. Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Тәуке хан мемлекет 
қуатын қалпына келтіреді.   
Кез  келген  мемлекеттің  қоғамдық  құрылысын  зерделу  үшін  социумда 
қалыптасқан  қарым-қатынастарды  бекітетін  жазбаша  заң  естеліктері  ерекше 
мәнге  ие  болады.  Хандық  кезеңдегі  қазақ  құқығы  тарихында  (XV  –  XIX  ғғ.) 
бізге жеткен тек бір заң естелігі - «Жеті Жарғы» ғана белгілі. Қазақ аңыздарына 
сілтеу  жасасақ,  «Жеті  Жарғыны»  шығарған  Әз  Тәуке  хан  (1680  –  1715/1718 
жж.). Қасым, Хақназар, Есім және Тәуке хандар, бір мақсатқа – Қазақ хандығы 
аумағын бір орталықтандырылған мемлекетке біріктіруге ұмтылды.   
 
Атақты  Есім  ханның  немересі,  Жәңгір  ханның  ұлы,  әрі  мұрагері  Тәуке  
35 жылға жуық қазақ қоғамының басында тұрды, оның басқарған дәуірі қазақ 
халқы  тарихының  «алтын  ғасыры»  ретінде  аймақтағы  көшпелі  халықтың 
тарихи  естелігінде  мәңгілік  орын  алды.  Грек  авторлары  спартандық  қоғам 

 
44 
институттары  мен  мемлекеттік  құрылымдарды  (герусиялар,  апеллалары, 
спартиаттар арасында жер бөлу және т.б.) құрушы деп есептейтін, аты аңызға 
айналған  спартандық  заң  шығарушы  Ликург  сияқты  (б.э.д.  IX  –  VIII  ғғ.)  – 
А.И.Левшин  Тәукенің  «қазақ  ордаларының  Ликургі»  деп  атады.  «При  имени 
сем  сердце  всякого  киргиз-казаха,  несколько  возвыщающегося  духом  над 
толпами  буйных  соотечественников  своих,  наполняется  благоговением  и 
признательностью,  -   А.И.  Левшин  атап  өтеді,  -  это  Ликург,  это  дракон  орд 
казачьих.  Он  успокоил  их  после  гибельных  междоусобиц,  он  остановил 
кровопролития,  продолжавшиеся  несколько  лет  от  распрей  одних  племен  с 
другими, он убедил всех умом и справедливостью повиноваться себе… и дал 
всем вообще законы, по которым судил их» [14]. 
Әз  тәукенің  жеке  мөріне  сәйкес,  оның  толық  аты  -  Тәуекел-Мұхамед 
батыр  хан.  «Жеті  Жарғыны»  құрастырудың  екі  нұсқасы  бар.  Біріншісі 
бойынша, Тәуке үш жүздің  өкіл-билерін (ұлы жүзден  - Төле би, орта жүзден -  
Қазыбек  би,  кіші  жүзден    -  Айтеке  би)  жинап,  олармен  отырып  қазақтар 
арасында  жиі  болатын  талас-тартыстарды  талқылап,  кейбір  заң  ережелерін 
құрастырған.  Екінші  нұсқаның  мәні,  Тәуке  Күлтөбе  шатқалына  жеті  биді 
жинаған  және  осы  билер  Қасым  мен  Есім  хандардың  ескі  дәстүрлерін  жаңа 
«Жеті Жарғы» дәстүрлеріне біріктірді дегеннен тұрады [12]. 
Ғылыми  әдебиетте  бұл  заң  құжаты  «Тәуке  ханның  жинағы»  немесе 
«Тәуке ханның заңдары» деп аталады. «Жеті Жарғыны» құрастырудың негізгі 
мақсаты,  жоңғарлардан  төнетін  сыртқы  қауіпке  тойтарыс  беру  үшін  барлық 
сыртқы  ресурстарды  шоғырландыру  үшін  шайқалған  қоғамдық  құрылысты 
заңды  түрде  ретке  келтіруге  тырысу  болып  табылды.  Ішкі  саяси  жағдайды 
тұрақтандыру  да  феодалдық  басшылардың  экономикалық  мүдделерін  саяси 
ұйымдастыру  қажеттілігінен  туындады.  Ішкі  саясатта  Тәуке  хан  қазақ қоғамы 
өмірінде бірқатар ірі және саяси мәселелерді шешуге талпыныс жасады. Ол хан 
билігінің  беделін  көтеру,  ақсүйектер  сепаратизмін  жеңу,  халықты 
шоғырландыру  үшін  бірқатар  шаралар  қабылдады.  Мемлекеттік  билікті 
нығайту үшін сотта мемлекет ролін арттыру қажет болды.   
Тәуке ханның заңдары бізге толық көлемде жеткен жоқ.  «Жеті Жарғы» 
замандастарға екі редакциямен белгілі, олар мәтінінің өзгеруімен, санының әр 
түрлілігімен  және мақалалардың жазылу  тәртібімен ерекшеленеді.  Алғаш рет, 
жинақтың  он  бір  көрінісі  1804  жылы  «жаппас  руының  старшинасы»  Көбек 
Шүкірәлиевтің аузынан жазылып алынды. 1820 жылы Г. Спасский осы құжатты 
«Сибирьский  вестник»  газетінде  жариялады,  оның  редакторы  өзі  болатын.    
Қазақтардың  тарихы  мен  заңды  дәстүрлерін  зерттеушілерге  өз  мәліметтерін 
А.И.Левшиннің  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордалары  мен  даласын 
сипаттау»  шығармасынан  сарқып  алуына  болады,  оның  үшінші  бөлімінде 
(«Жинақтардың»  анағұрлым  толық  нұсқасы)  мақалалардың  34  көрінісі 
келтіріледі  [14].  А.И.  Левшиннің  жазбасы  «Жеті  Жарғының»  алғашқы  кездегі 
түрі болып табылмайды. Ол «Жинақтарды» құрастырғаннан бастап жүз жылдан 
аса уақыт өткеннен кейін жазды, бұның, әрине алғашқы дереккөз дәлдігіне әсер 
етпеуі  мүмкін  емес.  Ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша  таралу  кезінде  «Жинақтар» 
белгілі  бір  өзгерістерге  ұшырады.  1879  ж.  зерттеуші  Ф.И.  Леонтович,  бірінші 

 
45 
редакцияны  -  он  бірге,  екіншісін  бұған  дейін  Г.  Спасский  мен  А.  Левшиннің 
жарияланымдарында болмаған отыз төрт мақалаға бөлуді ұсынды.    
Санкт-Петербургтың шығыстану институтының ірі ғалымдары  
С.Г.  Кляшторный  мен  Т.И.  Сұлтановтың  пікірі  бойынша:  Тәуке  ханның 
«Жинақтар  талдауы»  келесі  мәселелермен қиындатылған.  Біріншіден, ол бізге 
тұтастай  емес,  тек  үздік-создық  жазба-әңгімелерінен  белгілі.  Екіншіден  бізге 
жеткен  мәтіндер  тілдік  транспозиция  нәтижесі  болып  табылады:  «Жеті 
Жарғының» қазір белгілі нұсқалары, осы заңдар жинағы авторларының тілінде 
емес, орыс тілінде бекітілген. Бұның өзінің теріс жақтары болады: дереккөзінің 
әлеуметтік,  құқықтық  және  басқа  терминологиясы  қазақ  қоғамында    XVII  ғ.  
кездесетін ұғымдарды анық бейнелемейді» [12, с. 317].  
«Жеті  Жарғыны»  құрастыру  уақыты  XVII  ғасырдың  70-жылдарына 
жатуы  мүмкін.  Бұл  Қазақ  хандығы  тарихында  қиын  кезең  болды.  Саяси 
құрылымның  өзгеруі  қазақ  қоғамын  ұйымдастыруды  қайта  жүргізу  және 
құқықтық негіздің бұлтартпас қажеттілігін тудырды. Бұл жұмыс бүкіл XVII ғ. 
бойы жүргізілді және Тәуке ханның тұсында «Жеті Жарғы» заңдары жинағында 
өзінің бекінісін тапты.    
 
Тәуке ханға уақытша ішкі араздықтарды игеруге, жүздерде тыныштықты 
қалпына  келтіруге,  сол  арқылы  қазақ  рулары  көштерін  сырттай  басып  алу 
қаупін жоюға қол жеткізді. Алайда билікке таласу және сұлтандар сепаратизмі 
жуық маңда бірлікті бұзды, бұны бірден көрші елдер пайдаланды.  
Ш.Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз (қазақ) 
халқының  өмірінде  жан  түршігерлік  уақыт  болды.  Жоңғарлар,  Волга 
қалмақтары Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын 
талқандады,  малдарын  айдап  әкетті  және  қырғыздарды  тұтастай 
отбасыларымен  тұтқынға  әкетті.  Суық  қыс,  жұт  пен  аштық,  тәңірдің 
жазасындай, олардың ауыртпалығын арттыра түсті» [4]. 
Тәукеге екі шепте – Сырдария маңы қалалары үшін Аштархандықтармен 
және  оңтүстік-шығыста  жоңғарлармен  соғыс  жүргізуге  тура  келді.  1681  ж. 
жоңғар Қалдан-Бошоқты хан көптеген қалаларды талқандап, Сайрамды қоршап 
алды. 1684 ж. Сайрам алынды, оның үстіне жоңғарлар өз елінің түкпіріне озат 
қолөнершілер мен шеберлердің біразын көшірді. 1687 ж. жоңғарлар қазақтарға 
қарсы  жаңа  әскери  жорық  жасады,  біршама  көштерді  талқандап,  Түркістанды 
қоршауға  алды,  бірақ  оны  ала  алмады.  Келесі  жылы  қазақтар  Тәуке  ханның 
басшылығымен қарсы шабуыл жасады және ойраттарға қатты тойтарыс берілді.    
Алайда  1698  ж.  өзінде-ақ  Жоңғария  билігіне  Цеван-Рабдан  келісімен 
басымдық  толығымен  жоңғарлар  жағына  көшеді.  Қалмақ-қазақ  әскерлері 
бірінен кейін бірі жүрді. Олардың ішінде анағұрлым маңыздылары 1711 – 1712, 
1714,  1717 - 
1718, 1723, 1725 жылдары орын алды [12, 311-бет].     
Қазақ  хандығында  өзара  ала  ауыздық  тоқтамады.  Ішкі  саясат 
қатынастарын нығайту үшін осы заң ережелері қабылданды.   
Жинақтар әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормаларынан тұрды, 
экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік  қоғам  өмірінің  түрлі  жақтарына  тоқталды.   
Салықтар,  дін,  патриархалдық  отбасында  регламенттелген  тәртіптер  туралы 

 
46 
ережелер  болды.  Құжат  «Жеті  Жарғы»  деп  аталады,  себебі  қоғам  қызметінің 
жеті саласы қамтылған.    
 
«Жеті Жарғыға»  келесі негізгі бөлімдер енеді:   
1.  Жер  дауы,  онда  жайылымдар  мен  суаттар  жайында  талас-тартыс 
шешімдері келісілді.     
2.  Отбасы-некелесу  заңы,  онда  некеге  тұру  және  оны  бұзу  тәртібі, 
жұбайлардың  құқықтары  мен  міндеттері,  отбасы  мүшелерінің  мүліктік 
құқықтары бекітілді.   
3.  Әскери  заң,  әскери  міндеттерін  атқару,  бөлімшелер  құру  мен  әскери 
басшылар сайлауды регламенттейді. 
4. Сот процесі туралы ереже, сот талқылау тәртібін келістіреді.    
5. Кісі өлтіруден басқа түрлі қылмыс түрлері үшін жаза бекітеді.   
6.  Құн  туралы  заң,  кісі  өлтіргені  және  ауыр  дене  жарақаты  үшін  жаза 
бекітеді.   
7.  Жесiр  дауы,  жесірлер  мен  жетімдердің  мүліктік  және  жеке  басы 
құқықтарын, сонымен қатар оларға қатысты қауым мен қайтыс болған адамның 
туыстарының міндеттерін регламенттейді [8]. 
 
«Жетi  Жарғыдан» басқа  құқық  көзі  ретінде  «Қасым кодексі»  де  әсіресе 
халықаралық  құқық  саласында  пайдаланылып  жүрді.    Егер  жауапкер  соттан 
жалтарған  болса,  онда  қуынушының  барымта  жасауға  құқығы  болды  (малды 
зорлықпен  айдап  әкету).  Жеке  меншік  құқығы  –  қазақ  хандығының  негізгі 
инстиуты.  Жайылымдар  мен  егістіктер  руға,  қауымға  тиісті  болды,  мал 
отбасылық  меншікте  болды.  Әсіресе  қысқы  жайылымдар  мен  суарылатын 
егіндіктер қатаң шектелді.  
Міндетті құқық институттарына сату-сатып алу, заем, найма, сақтау және 
көшпен  тасымалдау  келісім-шарттары  енді.  Қазақ  құқығында  жылу, 
жұртшылық, асар және т.б. сияқты өзінше міндетті құқық институттары болды 
[14]. 
«Жетi  Жарғыда»  бірінші  орынды  «қанға  –  қан,  жанға-  жанға»  құн  заңы 
алады.  «Хан  нақ  сұлтандар,  қауым  басшылары,  ру  билеушілері  сияқты 
адамдарды күзде бір жерге далада халық істері туралы талқылау үшін жинайды. 
Бірде бір қырғыз халықтық жиналысқа қарумен келмесе, қарусыз оның дауыс 
беруге  құқығы  жоқ  болды,  кішілер  оған  орын  бермеуге  де  болады;  барлық 
буынның,  рудың  және  бөлімшенің  жеке  таңбасы  болуы  керек.  Таңбалар, 
барлық малдар мен мүліктерге, қайсы кімге тиісті екенін айыру үшін салынды 
[14, с. 367, 370].    
 
Заң 
мақалалары 
патриархалдық 
қарым-қатынастардың 
артықшылықтарының куәсі, жеке алғанда, қаруы болған кезде ғана дауыс беру 
құқығы  болатын  еркектің  өз  Отанының  қарулы  қорғаушысы  ретінде  басым 
статусы  атап  өтіледі.  Феодалдық  тәртіптер  бастапқы  болып  қалды.  Жинақтар 
нормалары  адамның  әлеуметтік  тиістілігін  анықтады.  Жеке  мақала  арқылы 
құлдардың құқықсыздығы нұсқалады: «Иеленушілерде құлдарының  өмірі және 
өліміне  шексіз  құқықтары  бар.  Құлдың  мырзасына  арызы  ешбір  жерде 
қабылданбайды» [14, с. 163]. 

 
47 
Тәуке  хан  жасаған  «Жеті  Жарғы»  жазылған  құқық  болған  жоқ,  ауызша 
мақалдар мен нақыл сөздер жинағы болды, оларды әрбір төреші би, старшина 
мен қазақ руларының, бөлімшелері мен ауылдарының ақсақалы білуге міндетті 
болды.  Билер  сотты  басқарды  және  нақты  түрде  заң  ережелерін  кәсіби 
сақтаушылар «қоғамдық тобын» құрады.    
Сот  ісі  кәдімгі  құқыққа  –  адат  пен  мұсылман  құқығына  –  шариғатқа 
негізделді. Ерекше күрделі істерді билер съезі қарастырды. Орнатылған дәстүр 
бойынша төреші-билердің  байлық  - жауапкерден өндірілетін  мүліктің оннан 
бір  бөлігін  алу  құқығы  болды.  Билердің  ішінде  анағұрлым  ықпалдылары  хан 
жанындағы  кеңес  құрамына  енді,  ол  Тәуке  хан  кезінен  бері  тұрақты  билік 
органы болған.    
  
Кәдімгі  құқық  нормалары,  оның  ішінде  «Жеті  Жарғы»  хандардың, 
сұлтандар  мен  әсіресе  төреші-билердің  сот  қызметі  барысында  үнемі 
толықтырылып,  өзгеріске  түсіп  отырды,  оларыдң  ішінде  анағұрлым 
беделділерінің  шешімі  міндетті  прецедент  болды.  Төреші-билердің  құқықтық 
шығармашылық  қызметі  түрлерінің  бірі,  бірнеше  билердің  белгілі  бір  сот 
істерін  қарастырған  кезде  нақты  қандай  қарапайым  құқық  нормаларын 
басшылыққа  алу  туралы  ережелері  болды.  Осынадй  ережелер  құқық  көздері 
болып табылды.   
Сот  прецеденттері  мен  ережелері  арқылы  қазақ  билері  қарапайым 
құқыққа  (мұсылман  дін  басыларының  ықпалымен)  ислам  талаптарынан 
жалтарғаны  үшін  қатаң  жазалайтын  шариғаттың  кейбір  нормаларын  енгізді.    
Мұхаммед  пайғамдар  ізбасарлары  исламның  бес  негізгі  парызын  орындады: 
Мекке  жаққа  қарап,  бес  рет  намаз  оқу;  қажылыққа  бару  (қасиетті  жерлерге 
қажыға  бару);  қасиетті  рамазан  айында  ауыз  бекіту;  нанымға  ғибадат  ету; 
міндетті  түрде  қайырымдылық  жасау.  Мұсылман  құқығы  –  шариғат  заңдары 
қазақтардың қарапайым құқығымен қатар ерекше мән алып келеді.    
Жинақты құрастыру кезінде үш жүз өкілдері қатысқан жағдайды ескере 
отырып,  нағыз  заң  құжаты  барлық  мелекетте  қызмет  етті  деген  қорытындыға 
келуге  болады.  Көрнекті  қазақ  ғалымы  Е.Б.  Бекмаханов:  «Қазақтардың 
қарапайым  құқықтарына  жаңа  элементтер  енгізе  отырып,  Тәуке  сот  билігінің 
барлық  көлемін  өз  уысында  ұстады.  Тұңғыш  рет  Тәуке  заңы,  сот  құқығы 
мемлекеттік 
билекке 
жататыны 
туралы 
бекітті. 
Осы 
арқылы 
орталықтандырылған  мемлекетті  нығайтуға  мүдделі  емес  қатардағы  билердің, 
сұлтандардың  іріткі  салушы  тенденцияларына  айтарлықтай  соққы берілгенін» 
атап өтті [3].   
Тәуке билік қатынастар жүйесіне тұңғыш рет айтарлықтай өзгеріс енгізді.   
Тәуке  түрлі  топтамалар  арасында  тепе-теңдік  орнатуға  тырысып,  би 
кеңестеріне  қосымша,  жеке  алғанда,  мемлекеттік  және  саяси  маңызды 
шешімдерді  қабылдады;  дипломатиялық  және  бітімге  келу  бастамаларын 
жүзеге  асыру  билік  өкілеттігін  берді.  Қорыта  келгенде,  би  кеңестері  әскери, 
саяси  және  идеологиялық  қызметтер  атқарды.  Би  кеңестерінің  отырыстары 
ұдайы  болатын  болады  және  белгіленген  жерде  Күлтөбе  өтетін.  Би  кеңестері, 
билік қатынастар жүйесінде тікелей және кері байланыстарды жүзеге асыратын 
маңызды мемлекеттік органға айналды. Осылайша, қарапайым халық арасында 

 
48 
биліктің  беделі  барынша  артты,  бұл  елдегі  саяси  жағдайды  динамикалық 
дамытуға мүмкіндік берді.    
Тәуке хан тайпалық және рулық қатынастарды ретке келтіре алғандардың 
алғашқысы  болды.  Басты  принцип  ретінде  консенсус  жарияланды,  бұл  латын 
тілінен аударғанда ынтымақтық, талас тудыратын сұрақтар бойынша келіссөзге 
қатысатындар келетін жалпы келісім дегенді білдіреді.   
Қазақ қоғамында отбасылық-некелесу қатынастары ерекшеліктерінің бірі 
әмеңгерлік  –  қайтыс  болған  адамның  әйелі  күйеуінің  інісіне  берілетін  салт 
болып  табылды.  Жеті  атаға  дейін  туысқандар  арасында  некелесуге  тиым 
салынды.  Әрбір  ересек  ұл  әкесінің  мүлігінің  бір  бөлігін  иеленуге  құқықты 
болды. Ұлдары  белгілі бір жасқа келген кезде өз бетінше шаруашылық (отау) 
бөлінетін.  Әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  барлық  шаруашылығы  кіші 
ұлына (шаңырақ иесі) қалатын.   
Қазақ  қоғамында  XV  -  XVII  ғғ.  азаматтық  және  қылмыстық  құқық 
арасында  шектеу  болған  жоқ.  Қылмыс  деген  ұғым  жаман  іс,  күнә  ұғымымен 
бірігіп кеткен. Қылмыстық құқықта кек алу заңы – қанды кек болды. Көптеген 
жағдайларда  қанды  кек  құнмен  алмастырылды.  Кейбір  қылмыстар  үшін 
айыппұлдар салынды.   
 
«Жеті  Жарғыға»  сәйкес,  қылмыстық  жауапкершілік  әдетте  тікелей 
кінәліге  ғана  қатысты  болды,  сонымен  қатар  қауымның  ұжымдық 
жауапкершілік  принципі  кеңінен  таралды.  Сонымен,  егер  жауапкер  сотқа 
келмесе немесе тиісті құнды төлемеген болса, онда айыппұл барлық қауымнан 
алынатын  болған.  Мұндай  жағдайда  жауапкерге  не  істеу  керектігін  қауым 
мүшелерінің өз қалауларына қалдырған. Қазақтарды бас бостандығынан айыру 
сияқты  жазалау  шаралары  болмаған,  түрмелер  де  болған  емес.  Тұтастай 
зерттеушілер  қазақ  қылмыстық  құқығының  адамгершілік  жолында  болғанын 
атап  өтеді.  Тек  ерекше  жағдайларда  ғана  өлім  жазасы  қолданылған.  Мұндай 
ерекшеліктер  зорлау,  бөтен  біреудің  әйелін  ұрлау,  әйелінің  күйеуін  өлтіруі, 
заңсыз  тұрып  жатқан  баланы  әйелдің  өлтіруі,  әйелдің  зинақорлығы,  қарғыс 
болып  табылады.  Үкімді  орындауға  арналған  ешқандай  арнайы  органдар 
болмаған. Бұл құқық қуынушыға берілді. Өлім жазасы дарға асу немесе таспен 
атқылау  түрінде  қолданылды.  Құн  көлемі  қылмыскер  мен  жәбірленушінің 
әлеуметтік  жағдайына  байланысты  болды.  Сонымен  қарапайым  еркекті 
өлтіргені  үшін  өлтіруші  оның  туысқандарына  -  1000  қой,  ал  әйел  үшін  –  500 
қой,  сұлтанды  немесе  қажыны  өлтіргені  үшін  құн  жеті  қарапайым  адамнан 
алғандай  төленді.  Құлдың  құны  аңшы  бүркіттің  немесе  аң  аулаушы  иттердің 
құнына тең болды. Басқа да жазалар қолданылды: христиандықты қабылдағаны 
үшін  мүліктерін  тәркілеу;  екіқабат  әйелдің  күйеуін  өлтіргені  үшін  қудалау; 
көпшілік алдында ұятқа қалдырғаны – ата-анасын балағаттағаны үшін [7, 338-
б.]. 
«Жеті  Жарғы»  сипатын  анықтаған  маңызды  сәт  қарапайым  құқық 
нормаларын,  ақсүйектердің  мүдделеріне  сәйкес  келгендерін  заңдастырып, 
феодалдық қазақ қоғамының жаңа талаптарына лайықтауға, ескірген және оған 
жақпайтын  нормалардың  орнына  жаңа  және  анағұрлым  қолайлысын  жасауға 
тырысу болды.   

 
49 
Тәуке  хан  1718  ж.  қайтыс  болды.  Тәуке  ханмен,  әкімшілік,  қылмыстық, 
азаматтық  құқық  нормаларынан  тұратын  және  қоғам  өмірінің  барлық  жағын 
дерлік  қамтитын  «Жеті  Жарғы»  заңдары  жинағының  құрылуын 
байланыстырады. «Жеті Жарғы» қазақ қоғамында ұзақ уақыт бойы қоғамдық-
саяси  қатынастарды  құқықтық  реттеудің  негізгі  актісі  болып  табылды.  Тәуке 
хан қазақтардың қарапайым құқығының негізін салушы болып саналады, себебі 
нақ соның тұсында қазақ қоғамының заңдық жүйесін түкпілікті ресімдеу жүрді.    
Қазақ  мемлекеттілігінің  дана  саясатын  беріктендіруді  Абылай  хан 
жүргізді  (1711  -  1781  жж.).  Абылай  хан  –  осы  дәуірдің  саяси  жарқын 
тұлғаларының  бірі.  Қазақ  мемлекеттілігінің  өркендеуі  және  сыртқы  қауіппен 
күрестегі жетістіктер соның есімімен байланысты.   
         
Абылай  хан  (сондай-ақ  Аблай,  Әбілмансұр)  атақты  хандардың  бірі, 
Көркем Уәли сұлтанның ұлы, қанішер Абылай ханның немересі, Барак ханның 
ұрпағы  (9-буында).  Шын  аты  –  Әбілмансұр.  Абылай  деп  өзінің  әскери  ұраны 
«Абылай»  бойынша,  шексіз  батылдығы  мен  ұрыстағы  тегеурінділігі  үшін 
«Қанішер Абылай» атанған атасы қанішер Абылай ханның құрметіне аталған.   
Абылай  13  жасында  Жоңғария  ханы  Цеван  Рабданның  шапқыншылығы 
кезінде  әкесінен  айрылады.  Орта  жүз  Самарқандқа  қоныс  аударуға  мәжбүр 
болады. Жас кезінде-ақ Абылай дана атанған және ең шытырман жағдайлардан 
құтылып шығатын керемет қабілеті үшін «Аруақ» деген атақ алған.   
 
1739 жылы, Симеке хан қайтыс болғаннан кейін келесі хан - Әбілмәмбет, 
оның  әскери  басшысы    Абылай  болады.  Басқару  жылдары  –  1771  -  1781  жж. 
Абылай соңғы қазақ ханы болды, оның беделі қазақ жерінің барлық түкпірінде 
толассыз  болды.  Өзінің  дипломатиялық  қызметінде  бір  мақсатты  –  ежелгі 
аумақтарды қазақ руларының иелігіне қайтаруды көздеді.   
 
Абылай  хан  халық  есінде  тәуелсіз  қазақ  мемлекеттілігінің  символы 
ретінде  қалды,  ол  қазақтардың  басқарушысы  ретінде  бөтен  жердің  монархы 
болып  тағайындалған  жоқ,  құрылтайда  өз  дәрежесінде  –  халық  жиналысында 
сайланды, онда қазақ қоғамының барлық сословиесі көрінді.   
Қасым хан, Тәуке хан мен Абылай хан –Қазақ хандығының ұлт тарихына 
баға  жетпес  үлес  қосқан  көрнекті  мемлекеттік  қайраткерлері.  Қазақ 
мемлекеттілігінің  нығаюы,  Қазақ  хандығының  сыртқы  саяси  ұстанымын 
орталық  азия  аймағында  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  бекіту    олардың 
есімдерімен  байланысты.  Халық  арасында  бүгінгі  күнге  дейін  оларға, 
қазақтарды  біріктіре,  мемлекетті  қаупсіздендіре  және  заң  мен  тәртіптің 
басымдығын  бекіте  алған  мемлекеттік  қайраткерлер  ретінде  ерекше  құрмет 
сақталған.   
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет