Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата22.12.2016
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дулатов  Міржақып      -  ақын,  жазушы,    публицист,  ағартушы-педагог, 
Бөкейханов  және  Байтұрсыновпен  бірге,  ХХ  ғ.  қазақтардың  ұлттық  сана-
сезімінің жаңару кезеңін білдірді.   
Ол  1885  жылы  25  қарашада  Қостанай  облысының  Сарықопа  ауылында 
туған. Өзінің балалық шағының қысқа суреттемесінде ол былай жазады: «Орта 
Азияның  тумасымын,  руым  Арғын,  туа  сала  2  жастан  бастап  –  анамнан,  12 
жаста  әкемнен  айрылдым.  Мен  8  жасқа  толғанда,  әкем  мені  ауыл  молласына, 
өте  надан  адамға    оқуға  берді.  Мен  онда  қанша  уақыт  оқығаным  есімде  жоқ, 
бірақ  араб  құрандарын  жаттаудан  басқа  ештеме  үйренбегенімді  ғана  білемін»   
[4]
.  Сосын  ол  ауыл  мектебінде  орыс  және  қазақ  тілдерінде  екі  жыл,  тағы  екі 
жыл  орыс-қазақ  училищесінде  оқиды  және  ауыл  мектебі  мұғалімінің  атағын 
алады.   Алғашқы өлең тәжірибесі қазақ газеті «Серкенің» алғашқы номерінде 
Петербургте басылады (барлығы екі номері шығады).    
Алғашқы «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы 1909 жылы шықты, елге таралды 
және  1911  жылы  қайтадан  басылып  шықты.  Кітаптың  тақырыбы  ХХ  ғ. 
басындағы  зиялы  қауымның  сол  буынының  халқына  манифест,  ұран  болып 
қызмет етті, оның жетекші рухтандырушыларының бірі шынында да Міржақып 
Дулатов  болып  саналады.  1911  жылы  «Оян,  қазақ»  жинағы  баспа  істері 
жөніндегі бас басқарма тәркілеуге алды.   Смағұл Садуақасов «Жас Қазақстан» 
(1928  ж.)  кітабының  алғысөзінде:  «Осы  жүз  жылдықтың  басында  Абайдың 
алғашқы ісбасарлары пайда бола бастады. Оларға қазіргі өмір сүріп жатқан  

 
85 
А.  Байтұрсыновты,  М.  Дулатовты,  М.  Жұмабаевты  атауға  болады.  «Бақытсыз 
Жамал»  атты  бірінші  романы  қазақ  тілінде    1910  жылы  жарық  көрді.  Оның 
авторы - жоғарыда аталған М. Дулатов. Роман езілген, зат ретінде қалың малға 
сатылатын    қазақ  әйелінің  өмірін  сипаттайды  және  авторға  керемет  атақ  бере 
отырып, үлкен жетістікке жетті» [4]. 
        
1914  жылы  түркітанушы  В.В.  Гордлевскийдің  бастамасы  бойынша  қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  ретінде  Абай  мен  Міржақып  есімдері 
«А.И.Веселовский  құрметіне  Шығыс  жинағына»  енді.    Дулатов  өлеңдерінің  
екінші жинағы «Азамат» атауымен   1913 жылы Орынборда басылып шығады. 
Онда  орыс  ақындарының  бірнеше  аудармалары  басылған  еді.  Оған  эпиграф 
ретінде кітап сыртына шығарылған бірнеше жолдар болды:   
 «
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
 
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш 
 
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі — 
 
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! 
 
М.Дулатов,  қоғамдық-саяси  басылымның  ролін  атқарған  және  1918 
жылдың  қазанына  дейін  болған  «Қазақ»  газетіне  көп  көңіл  бөлді.  
А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына очерк арнайды (1922 ж). 1911 
жылы  Міржақып  бірінші  қазақ  журналында  белсенді  қызмет  атқарды,  онда 
оның  әңгімелері  мен  өлеңдері  жарық  көрді.  1915  жылы  «Терме»  атты  жалпы 
атаумен  өлеңдер  жинағы  шығады.  М.  Дулатов  революциядан  кейін  түрлі 
редакцияларда жұмыс істейді, жазуын жалғастырады, қазақ халқының тарихы 
жөнінде еңбекті ойластырады. 1928 жылы ол тұтқындалады, екі жыл түрмеде 
отырады,  сосын  Соловецк  лагеріне  жөнелтілді,  онда  1935  жылы  5  қазанда 
қайтыс болды.   
Шәкәрім  Құдайбердіұлы  –  қазақ  ақыны,  жазушысы,  аудармашы, 
композитор, тарихшы және философ. Абайдың рухани мұрагері және шәкірті, 
ойшыл философ, тарихшы ғалым, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 
шілдеде Семей уезі Шыңғыс болысы (Семей облысы Абай ауданы) Кен бұлақта 
Құбайбердінің  әкесі  –  Абайдың  ағасы  Құнанбай  билеген  Тобықты  руында 
дүниеге келген.  Шәкәрімнің анасы - Алдабергеннің қызы Төлебике, қаракесек 
руынан.  Шәкәрім  шығармалары  оның  өмірлік  жолы  және  шығармашылық 
қызметі туралы мәліметтер мен дәлелдерді сақтайды.    
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді оны ауыл молласына оқуға береді, одан ол 
араб және парсы жазуын үйренеді. Шәкәрімнің  балалық шағы, ересектік және 
жасөспірім  шағы,  7  жасында  жетім  қалғанына  қарамастан,  қамсыз,  жеткілікті 
және  молшылықта,  құдіретті  Құнанбай  атасының  қомқорлығының  астында 
өтті. "Мен пақыр өз әкем өлген соң ұлық атамыз хажы марқұмның тәрбиесінде 
қалсам да, бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғанда хажы марқұм мені 
"жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау қылып, ойыма не келсе, 
соны істеп ғылымсыз өстім" – деп Шәкәрім еске алады.   
Атасының  қамқорлығындағы  Шәкәрімнің  шын  мәніндегі  тәлімгері 
Абайдың  өзі  болады.  Шәкәрімнің  жасөспірім  шағы  сөз  өнері,  ғылым  мен 
білімді  қадір  тұтатын  атмосферада  өтті.  Қажы  Құнанбайдың  ауылы,  ақиқат, 
білім  іздеуді,  басқаша  айтқанда,  барлық    жаңашылдықты    жоғары  қоюмен 

 
86 
атақты  болды.  Шәкәрім  Абай  мектебінің  шынайы  шәкірті  болды,  онда 
шешендік  шеберлікті,  кез  келген  шығармашылықты  және  музыкаға 
құмарлықты құдіреттей санаған.    
 
Шәкәрім  14-15  жасында  Абайдың  ықпалымен  өлең  шығара  бастайды. 
Оның  философиялық  ойлау  тақырыбы  -  табиғат  пен  этика,  жақсылық  пен 
зұлымдық.    "Менің  жас  кездегі  өлеңдерімді  жастар  ерекше  құрметтеді.  Бірақ 
мен өз халқымның мұқтаждығын білмедім, сондықтан да сол тұста керекті сөзді 
айта  алмадым»  деп  еске  алады.    Бірақ  сол  кездері  Құдайбердіұлы  толығымен 
жазушылық  қызметке  кірісе  алмады.  Ол  20  жасқа  толар-толмастан,  өз 
халқының мол үлеске қол жеткізуіне көмектесу үшін саясатпен айналасуға бел 
буды,  ол  дала  өмірінде  бейбітшілік  пен  береке  орнауы  үшін  рулар  арасында, 
қоғамның  түрлі  таптары  арасында  өзара  қарым-қатынасты  жолға  қоюға 
тырысты.    Сайлауларда  Шәкәрім  өз  кандидатурасын  ұсынды  және  болыстық 
билікке сайланды.    
Ол үшін өзіндік мектеп талас-тартыстармен және дау-шарлармен танысу 
болды.  Көптеген шағымдар қоршаған ортада көп әділетсіздік ретінде ашылды.    
Ол басқару жүйесіне енді, онда қазақ халқына үстемдік жасауға және құқығын 
шектеуге  негізделген  патша  үкіметінің  отарлау  саясаты  басты  орын  алды.   
Кейін,  сол  оңайлыққа  түспеген  күрес  жылдарын  еске  алып,  үлкен  өкінішпен 
жазады:   
«Жиырма мен қырық арасы - 
                                           
Жас өмiрдiң сарасы, 
                                           
Бос өткенiн қарашы 
                                          
Жүрекке төгiп қанды iрiң». 
 
Шәкәрім шамамен 1998 жылы, қырық жастан асқаннан кейін, толығымен 
және үзілді-кесілді шығармашылыққа берілді. Белгілі бір жүйе бойынша батыс 
және шығыс әдебиетін зерделей бастады. Осы тұста ол Хафиз, Физули, Навои 
сияқты  ақындар  мен  ойшылдардың  мұрасымен,  сонымен  қатар  Байрон, 
Пушкин, Толстойдың шығармаларымен танысты. Оның қызығушылық аясына 
әдебиет,  тарих,  философия,  музыка,  риторика,  жаратылыс  ғылымдары, 
география  –  бәрі  енді.  Шәкәрім  өз  бетінше  араб,  парсы,  түрік,  орыс  тілдерін 
игерді.  Ғылым  мен  білімге  толығымен  берілген  ол  халықпен  жақын  танысу 
үшін, саяхатқа шығады. 1903 ж. Императорлық орыс географиялық қоғамының 
Батыс-Сібір бөлімшесі Семей бөлім ішілік мүшесі болып қабылданды.   
 
XX  ғ.  басы  Шәкәрімнің  шығармашылық  қызметінің  өрлеу  кезеңімен 
белгілі  болды.  1906  жылы  ол  Меккеге,  Мысырға,  Стамбулға  барды,  өзі  алған 
кітаптарды  Семейге  поштамен  жібере  отырып,  кітапханаларда  жұмыс  істеді.   
Оның  өмірінің  соңғы  кезеңі  1905-1907  жж.  революциясына,  Столыпын 
реакциясына,  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа,  Қазақстанда  1916  жылғы  ұлт-
азаттық қозғалысқа, ақпан және қазан революциясы, азаматтық соғыспен, кеңес 
үкіметінің  орнауымен,  коллективтендірумен  сәйкес  келді.  Шәкәрім  Ресей  мен 
Қазақстан арасында болған көптеген маңызды оқиғалар мен өзгерістердің куәсі 
болды.  Ол  "Алаш"  ұлт-азаттық  қозғалысына  қатысты.  Қазақстанда  кеңес 
үкіметінің  орнауы,  1920-1921  жылы  1930-1931  ашаршылық  жылдары,  1928 

 
87 
жылы  жаппай  тәркілеу  –  осының  бәрі  ақынның  көзқарасына  үлкен  әсер  етті. 
Сол уақыттың шындығы туралы ақын былай жазады:     
 
Сыртымнан қарап сын берiп,  
«Бай», «жуан» десе, шын көрiп,  
Сырласа алмай жиренiп,  
Қашады тағы жаңа жас.  
«Алжыды», - деп ел де айтты,  
«Дiн бұзды», - деп молда айтты,  
«Ескiшiл», - деп ол да айтты,  
Жалғыз қалдым жалаңаш.  
Бәрiң кеттiң, мен қалдым,  
Неңдi жұттым, неңдi алдым,  
Басыңа пәле не салдым,  
Жолдасым - қағаз, қарындаш.  
  
1912-
1922 жылдары Шәкәрім Кеңқоныс мекенінде тұрды, өзін ғылым мен 
шығармашылыққа түгелдей арнады. 1922 жылы ол Шақпан мекенінде мүлдем 
жалғыз  тұрды.  1931  жылы  2  қазанда  Шәкәрім  кінәсіз  сотталды  және  құпия 
түрде атылды. Ұлы талант, үлкен ғалым көп жылдар бойы ұмыт қалды.   
Құдайбердіұлының  көзі  тірісінде  оның  «Қазақтар  айнасы»  сияқты 
кітаптары, "Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-Кебек" поэмалары басылып шықты.   
Жеке  өлеңдері,  мақалалары,  эссесі  1913-1924  жылдары  "Абай",  "Айқап", 
"Шолпан"  журналдарында,  "Қазақ"  газетінде  жарияланды.  Хафизден  "Абай" 
және "Шолпан"  аудармаларын және Физулидің "Ләйлі мен Мәжнүнін" басып 
шығарды.  Пушкиннің  "Дубровский"  және  "Метель"  поэтикалық  аудармасы 
1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналында жарияланды.  
Бұрынғы  КСРО  прокуратурасы  1958  жылғы  29  желтоқсан  шешімі 
бойынша  қылмыс  құрамының  болмауына  байланысты  Шәкәрімді  ақтап 
шығарғанына  қарамастан,  «буржуазиялық  ұлтшылдықпен»  және  басқа 
қисынсыз  күнәлармен  айыпталған  ақынның  шығармашылығына  тиым  салды.  
Бірақ  халық  бұрынғыша  ақынның  шығармаларын  есте  сақтады.    Қазақ  зиялы 
қауымы  Құдайбердіұлы  шығармашылығына  ресми  көзқарасты  қайта 
қарастыруды  талап  етті.  Тек  1986  жылдан  бастап  Шәкәрім  поэзиясының 
халыққа  қайтарылуы  мүмкін  болды.  Оның  1918  жылы  Семейде  алаштықтар 
съезін  өткізу  жөнінде  қызметі,  мақалалары,  философиялық  эсселері,  өлеңдері 
мен поэмалары, очерктері және т.б. жария болды. Ақын, әрі композитор Ахат 
Құдайбердіұлының  (1900-1984)  жазбасы  бойынша,  Абайдың  рухани 
мұрагерінің  дүниетанымында  музыканың  алар  орнына  шырақ  қоя  аламыз.   
Абай  исламдығына  бұрынғыша  өте  айыпты  нәрседей,  оның  үстіне  Шәкірім 
іліміне  тұтас  мистикалық  діншілдік  ретінде  көзқарасына  қарамастан,  Абай-
Шәкәрім  сабақтастығына  объективті  қарау  қажеттігі  туады.  Шәкәрімнің 
назарын Шығысқа аударған, оның тарихи орындармен, ғалымдармен танысуы, 
кітапханаларға  баруы  үшін  оның  Меккеге,  Мәдинаға,  Мысырға,  Стамбулға 
саяхат шығындарын төлеген нақ Абай Құнанбаевтың өзі болды.  Онда Шәкәрім 

 
88 
құнды  кітаптар  алды  және  ноталар  жазбаларының  шығыс  жүйесін  меңгерді. 
Шәкәрім "Жастық", "Сегiз аяқ", "Ажалсыз әскер" өлеңдерін, жас ақын алдына 
музыкалық  өлең  қатарына  үйлестіру  үшін  түрлі  өлең  өлшемдерін  іздестіру 
мәселесін қойған композитор Абаймен авторлас болып шығарған. Шәкәрімнің 
музыкаға  қайта  салынған  өлеңдерінде,  өз  уақытында  И.Кант:  «Мен  қайдан 
келдім? Не істеуім керек? Неге сенуім керек?» деген сұрақтарын еске салатын 
принциптік  дүниетанымдық  сұрақтары  өз  бейнесін  тапты.  Шәкәрім  Абай 
ізбасары ретінде, қазақ халқының жүрегінен тарихи жаралған поэтикалық және 
музыкалық  стихияны  терең  қабылдады,  оларда  қалыптасқан  діншілдік  пен 
ұғым қабаттарын ол өзінің философиялық дүние қабылдаудың негізін салушы 
принциптерде жүзеге асырды.      
  
Н.Ә.  Назарбаев  атап  өткендей,  Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздікті 
алуы  және  демократиялау  процестерін  жандандыруы  мұрағат  құжаттарының 
құпиясын  ашуға  және  «бүгінгі  таңда  жаңа  заманғы  қазақ  зиялы  қауымының  
ұрпақтары  лайықты  бағасын  беруге  тиіс,  сол  аты  шулы  есімдердің 
парасаттылық  және  азаматтық  сабақтарын»  зерттеуді  қол  жетерлік  етуге 
мүмкіндік берді.   
 
Әдебиет тізімі: 
 
1.
 
История Казахстана: белые пятна. Алма-Ата, 1991. 
2.
 
История Казахстана в 5-ти т. Алматы, 1996. 
3.
 
Козыбаев М.К. История и современность. Алма-Ата, 1991. 
4.
 
Асфендияров  С.,  Кунте  П.  Прошлое  Казахстана  в  источниках  и  в 
материалах.  Т. 1.  Алма-Ата, 1935. Алматы, 1998. 
5.
 
Назарбаева Н.А. На пороге ХХІ века. Алматы, 1996. 
6.
 
«Казахи»,  девяти  томный  популярный  справочник,  том  II,  «Исторические 
личности». – А., 1998. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
89 
Қ. Аманжолов – жаңашыл ақын, қазақ поэзиясында 
лириканың негізін салушы   
 
 
 
К.С. Тілеуғабылова,  
Қарағанды мемлекеттік 
 
техникалық университеті  
«Қазақстан тарихы» кафедрасының  
аға оқытушысы   
 
 
Қасым  Рақымжанұлы  Аманжолов  30-жылдардың  басында  әдебиет 
саласына  енді.  Ол  1911  жылы  Қарағанды  облысы  Қарқаралы  ауданында 
дүниеге келген, ата-анасынан ерте айрылады да, интернатта тәрбиеленеді.  1927 
ж.  бастап  1930  жылға  дейін  мал  дәрігерлік  техникумда  оқиды.  1932  жылы   
журналистика  саласында  –  «Лениншіл  жас»  республикалық  жастар  газеті 
редакциясында  жұмыс  істейді.  Ұлы  Отан  соғысы  басталғаннан  бастап  1946 
жылға дейін ақын Кеңес Армиясы қатарында шайқасты. Әскерден қайтқаннан 
кейін  біраз  уақыт  «Әдебиет  және   өнер»  журналының  поэзия  бөлімін 
басқарады.   
Қ.Аманжолов  алғашқы  өлеңдерін  жиырма  жасында  жасөспірім  кезінде 
жариялайды.  1938  жылы  оның,  ақынның  замандастары  –  коммунизмнің  жас 
құрылысшыларының  өмірі  мен  еңбегі  туралы  әңгімелейтін  «Өмір  сыры» 
өлеңдер  жинағы  -  бірінші  кітабы  басылып  шығады.  Осы  жылы  Ленин 
комсомолының 
жиырма 
жылдығына 
арналған 
әдеби 
конкурста 
Қ.Аманжоловтың  «Құпия  қыз»  поэмасы  екініші  сыйлықпен  атап  өтілді. 
Сонымен  қатар  ол  Пушкин,  Лермонтов,  Маяковскийдің  шығармаларын; 
кейінірек Шевченко мен Некрасов шығармаларын аударады. Аудара жүріп, ол 
орыс поэзиясы классиктерінен көптеген нәрселерді үйренеді. 
Қ.Аманжоловтың  осы  кезеңдегі,  социализм  құрылысына,  кеңес 
адамдарының  ойлары  мен  сезімдеріне  арналған  өлеңдері  ой  тереңдігімен, 
поэтикалық  шеберлігімен  ерекшеленеді.  Енді  оның  лирикалық  шығармалары 
сөзшеңдіктен  арылады,  олардың  негізінде  нақты  ойлар  мен  сезімдер  жатыр. 
Поэзияда,  егер  оған  жарқын  бейнелерге  оранған  жоғары  идеялар  сіңбеген, 
ойлармен рухтанбаған, сезімге қанықпаған болса, көпшіліктің үгіттеушісі және 
тәрбиешісі  бола  алмайды.  Қ. Аманжолов   поэзияның  осы  ерекшеліктерін 
тамаша  түсінді  және  көркем  сөздің  күшімен  оқырмандар  санасына  әсер  етуге 
талпынды.    
Қ.  Аманжолов   біздің  халқымыздың  табыстарын  ғана  емес,  социалистік 
құрылыстағы кеңес адамдарына кедергі болған кемшіліктерді де соққыға алды. 
«Бидайдың»  арызы  өлеңінде  Калинин  атындағы  колхозда  орын  алған 
кемшіліктерді сынайды, қамсыз басшыларды соққыға алады. 
30-
жылдары   Аманжолов   кеңес жастары, олардың  адамгершілік бейнесі 
туралы,  достық  және  махаббат  туралы  көп  жазды.  Жастар  туралы 
шығармаларында  ақын  оларға  бірде  қуанышты  және  бақыт  сезімдерімен 

 
90 
(Колхоздан келген қыз) жазады, бірде жас буынның өз Отанына шексіз берілуі 
туралы (Алма бағында, Отан үшін жан пида және т.б.) баяндайды. 
Қ.Аманжоловтың  «Дауыл»  атты  екінші  өлеңдер  кітабы  1941  жылы 
шығады,  оған  көбінесе  соғыс  жылдарындағы  өлеңдері  мен  «Біздің  дастан» 
поэмасы енеді. Ақын В.Маяковскийдің «Бар дауыспен» поэмасын қазақ тіліне 
аударды. 
Қ.Аманжоловтың  көзі  тірісінде  көпшілігіміз  оны  көбінесе  азаматтық 
тебіреністегі ақын, ақын-публицист деп санадық. Бірақ Қ.Аманжоловтың толық 
шығармалар  жинағы  жарық  көрген  кезде,  көп  қырлы,  өзінің  шығармашылық 
ізденістерімен өте қызықты ақынды көрдік. Осындай жаңа қырын түсіну оңай - 
мұнда  оның  кейбір  сатиралық  және  лирикалық  өлеңдері  алғаш  рет  басылды. 
Алғаш рет болатын себебі – социалистік өнер туралы жұпыны ұғым, сындағы 
көркемдік  талғамның  нашарлығы,  қазақ  әдебиетінде  орын  алған  түпнұсқалы, 
өзіндік  дүниеге  новорапповтық  бүйірден  шабуылдар  жасау,  жалғыз 
Қ.Аманжоловқа  қана  оқырман  досының  алдында  өзінің  жүректен  шыққан 
ойларын ашуға кедергі жасап қойған жоқ. 
«Ләйлі  мен  Мәжнүн»,  «Фархад  пен  Шырын»,  «Ромео  мен  Джульетта», 
«Қозы  Көрпеш  пен  Баян  сұлу»  поэмаларын,  Татьянаның  Онегинге  хатын 
толғаныспен  және  сүйіспеншілікпен  оқитын  біздің  халқымыз,  бақытты  кеңес 
уақытында  өмір  сүретін  жас  буынның  еңбек  қажырын  да,  сонымен  қатар 
сәулелі  махаббатын  да  жырлайтын  өлеңдер  мен  поэмалар  шығарылуына 
қызығушылық  танытты.  Қ.Аманжоловтың  тамаша  лирикалық  өлеңдері 
оқырмандардың осы заңды талаптарына жауабы болды. Адамгершілік тазалық, 
махаббатқа  адалдық,  сезімдердің  тереңдігі  –  оның  лирикалық  кейіпкерлерінің 
тұрақты  қасиеттері  міне,  осындай.  Осындай  поэзия  оқырманның  жағымды 
сезімдерін тудырады, оны эмоциялық тәрбиелеуге қызмет етеді. Шыншыл ақын 
Қ.Аманжолов солдаттың сезімін: қайғысын, сағынышын, қуанышын жан-жақты 
суреттей  білді.  Сонымен,  мысалы,  сағынышпен  толғандырар  әуені  оның 
көптеген майдандағы өлеңдері арқылы айтылады. Мұнда ешқандай өрескелдік 
жоқ.  Өмір  мен  өлім  арасында  жатқан  адам  туған  үйін,  өз  отбасын,  сүйікті 
әйелін,  анасын  сағынбауы  мүмкін  емес.  А.Сурковтың,  К.Симоновтың 
майдандағы  бір  қатар  өлеңдерінің  тақырыбы  солдаттың  туған  жеріне,  сүйікті 
қызына және достарына деген сағынышы болып табылады. 
Бірақ кейбір майдандағы өлеңдерінде Аманжолов осы сезімді арттырады, 
оны пессимизмге дерлік жеткізеді.   
Соғыс  күндері  әр халық  өзінің  ерлік дәстүрлерін  және  ұлттық  намысын 
жоғары  көтергені  белгілі.  Бірақ  біздің  елімізде  халықтардың  ұлттық 
мақтанышы  баяғыда-ақ  интернационалдық  болған.  Алайда  Аманжолов  соғыс 
жылдары  осы  шындықты  онша  айқын  түсінбеген.  Бұған  көзімізді  жұмып 
қарауға болмайды. 
1943  жылы  Аманжолов,  Қиыр  Шығыстан  Батысқа  өтіп  бара  жатып, 
«Сарыарқа»  өлеңін  (Арал-Ертіс  су  бөлігі,  ауыспалы  мағынада  –  Қазақ  жері) 
жазды. Мұнда әңгіме дала табиғатының сұлулығы туралы, бірақ өлең келесі таң 
қаларлық  жолдармен  аяқталады,  сіздердің  көздеріңізді  жеткізу  үшін  төменде 
келтірілген: 

 
91 
Сарыарқа, сағындырдың, атамекен,  
Сар дала, анам едiң, құшағың кең.  
Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтiп,  
Артта – сен, алда – майдан, қайтсем екен?! –
 
           
Соғыс  жылдары  көптеген  патриоттық  өлеңдерден  басқа  Қ.Аманжолов, 
майданда  қаза  тапқан  қазақ  ақыны  Абдолла  Жұмағалиевтің  жарқын  бейнесін 
жандандыратын «Ақынның өлімі» поэмасын шығарады.   
Қ.  Аманжоловтың  соғыстан  кейінгі  жылдардағы  өлеңдері  өзекті, 
оперативті,  замандастарымыздың  толық  еңбегі  мен  өміріне,  олардың 
бейбітшілік  үшін  күресіне  арналған.  Сонымен  қатар  ол  балаларға  арналған 
нәзік, тартымды өлеңдер жазады.   
Осы  соғыстан  кейінгі  жылдары  ол  кеңестік  мемлекет  табыстарын, 
Коммунистік  партияның,  құдіретті  кеңес  халқының  ұлылығын  жырлайтын 
үлкен  ойлар  мен  сезімдердің  шығармаларын  жазады.  Осы  жылдардағы 
шығармаларда Коммунистік партияның ұлы көсемдерінің де, қарапайым кеңес 
адамдарының  да колориттік бейнелері сомдалған. Осы күрделі мәселені шешу 
кезінде  ақын  поэзияның  барлық  құралдарын  –  жүректен  шыққан  лирикадан 
бастап  азаматтық,  мінбелік  интонацияға  дейін  қолданады.  Нақ  осындай 
қорытпа  Аманжоловқа  үлкен  эмоциялық  қызба  шығармалар  шығаруға 
көмектесті. 
Қ.  Аманжолов  жан-жақты  дарынды  адам  болған.  Ол,  мысалы,  өз 
мәтіндеріне  бірнеше  әуендер  шығарды.  Қазір  оның  өз  сөздеріне  жазған 
«Қайдасың,  қайда  дариға,  сол  қыз»  өлеңі  өте  атақты.  Үлкен  мәнерлілік,  жаңа 
түрлер  іздеуде  ақын  қазақ  өлеңіне  он  буынды  жол  енгізгенін  атап  өтпеуге 
болмайды,  оны  біз  қазір  түпнұсқалық  шығармашылықта  да,  аудармада  да 
пайдаланамыз.  Дәл  осылай  ол  алғаш  рет  сегіз  және  тоғыз  буын  жолды 
кезектестіріп қолданды, бұл сөйлеу интонациясын беру үшін өте қолайлы. 
Қ.  Аманжолов  өлеңдер  ғана  емес,  фельетондар  да,  бір  актілі  сатиралық 
өлеңдер  де  жазды.  Олар  да  автордың  үлкен  және  жан-жақты  таланты,  тіл 
байлығы мен дәлдігі туралы куәландырады. Оның әдеби-сыни мақалаларында 
өнердің ерекшелігін өзінше, шебер түсіну байқалады. Ақын аударма саласында 
да жемісті еңбек етті. 
Оның  көптеген  аударма  жұмыстарын  аударма  өнерінің  үлгілері  деп 
санауға болады. Қ.Аманжолов түпнұсқаны оның астарымен терең түсіне, оның 
идеялық  сапасын,  көркемдік  ерекшеліктерін,  ойлары  мен  тілінің  өзіндігін 
шеберлікпен  сақтай  отырып,  бір  мезгілде  қазақ  тілінің  ішкі  заңдарына  адал 
болды. Нақ сондықтан бірқатар өлеңдері мен Шевченко, Лермонтов, Пушкин, 
Твардовский  поэмаларының  аудармалары  оқырмандар  арасында  кең 
танымалдыққа ие болды. 
Қазақ  халқының  үздік  ақындарының  бірінің,  осы  кітапта  толық 
берілмеген  зор  мұрасының  мағынасы  мен  сипаты  осындай.  Қ.Аманжоловтың 
әдеби мұрасы әлі өзінің зерттелуін күтуде. Осы мұраны қолына алған әдебиет 
танушы  да,  оның  алдында  үлкен,  толғантарлық  және  жемісті  еңбек  күтіп 
тұрғанына сенімді бола алады. 

 
92 
1940  жылы  жазылған  «Орамал»  романсында  ақын  махаббаттың 
сұлулығын және тұрақтылығын сипаттайды. Майданға бара жатқан жауынгерге 
естелікке  орамал  сыйлайды.  Мұндай  жағдайда  ешқандай  жаңа  және  көңіл 
аударарлықтай  ештеме  жоқ  сияқты.  Оның  үстіне  түрлі  бояудағы  орамалды 
кімдер  жырламады!  Бірақ  Қ.Аманжолов  осы  қарапайым  сыйлық  туралы  айта 
отырып,  өзінше  лирикалық,  сүйкімді,  достық  парызына  адал,  махаббатқа 
тұрақты  қыз  бейнесін  жасай  алды.  Қ.Аманжоловтың  шығармашылық 
биографиясында  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  ерекше  орын  алады.  Соғыс 
кезінде  ақын  біршама  уақыт  Қиыр  Шығыста  қызмет  етеді,  сосын  майданға 
аттанады. Оның ең құдіретті өлеңдері сол қаһарлы күндері жазылған. Олардың 
арасында екі өлеңі - «Байқал» және «Орал» шеберлікпен ерекше көрінеді. 
«Байқал» — бұл үлкен лиро-эпостық хикая. 
«Торғын тұман жамылып,  
Байқал жатты көсіліп: 
Таң сәріден сабылып 
Жәрмеңкеге жосылып 
Кернейлеткен көп өзен 
Жатты құйып тұс-тұстан 
Ерте оянған Таң жеңгең 
Тұрды қарап шығыстан. 
Ой тастап бір Байқалға 
Ғашық болған Таң сұлу, 
Айнала асқар тауларға 
Қойды қадап алтын ту». 
Қасым Аманжолов 1955 жылы шығармашылық күшінің толысқан кезінде 
қайтыс болды. Ол өзінің туған халқына, туған әдебиетіне асыл мұра – жарқын 
және  шабытты  поэзия  қалдырды.  Ақынның  көз  жұмуы  қазақ  кеңес  әдебиеті 
үшін  орны  толмас  қаза  болды.  «Қазақ  әдебиеті»  газеті  былай  жазды:  «Қазақ 
кеңес әдебиеті өзінің ең үздік ақындарының бірінен айрылды. Коммунист ақын 
Қ.Аманжолов,  өзінің  алғашқы  өлеңінен  бастап,  соңғы  –  өлер  алдындағымен 
аяқтай  отырып  –  өзінің  кеңестік  Отанын  жырлады,  Коммунистік  партия 
идеяларына шексіз берілген болатын». 
Оқырмандар  қауымы,  ақын  естелігіне  құрмет  көрсетіп,  оның 
шығармаларын сүйіспеншілікпен оқып, өзінің шығармашылығымен қазақ кеңес 
әдебиетінің  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  Қ.Аманжолов  бейнесінде  біздің 
әдебиетіміздің ірі талантты ақыны болғанын түсінеді. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет